Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет26/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56

 
Литература
1.  Государственная  программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на  2011-2020 
годы - www.edu.gov.kz. 
2.  Современные  способы  активизации  обучения:  Учеб.  пособие  для  студ.  высш.  учеб. 
заведений / Под ред. Т.С. Паниной. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 285 с.   
3.  Трайнев  В.А.,  Трайнев  И.В.  Системы  и  методы  стратегии  повышения  качества 
педагогического образования: Обобщение и практика. – 2-е изд. – М., 2008. – 230 с. 
4.  Бобрышева  И.В.  Профессионализм  современного  учителя  с  позиции  разных  моделей 
педагогической деятельности // Инновации в образовании. – 2009. – №2. – С. 11-17. 
5. Мынбаева А.К., Садвокасова З.М. Инновационные методы обучения. – Алматы, 2012. – 341 с. 
 
Ажиева А.С. 
Интерактивті оқыту моделі - педагогиқалық қызметтің сапалы негізі 
Мақалада  оқытудың  педагогиқалық  қызметтің  сапалы  негізі  ретінде  интерактивті  модель 
қарастырылған. 
Кілт сөздер:  Оқытудың интерактивті модель, педагогиқалық қызметтің сапалы, оқыту әдістері. 
 
Azhieva A.S. 
Interactive teaching model as the basis of effective pedagogical activity 
This article discusses the Interactive teaching model as the basis of effective pedagogical activity. 
Keywords: interactive teaching model, effective of pedagogical activity, methods of studying. 
 
 
 
 
 
 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
161 
ӘОЖ: 81'42 
 
Жұмашева К.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы 
(Орал қ., Қазақстан), Е-mail: kama0186
@mail.ru
 
 
ҒЫЛЫМИ МӘТІНДЕ АҚПАРАТТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ  
КОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕРІ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  тіл  біліміндегі  когнитивті  лингвистика  бағыты,  оның  ішінде    ғылыми 
мәтінде ақпараттарды орналастырудың когнитивті негіздері қарастырылады. Мақала ғылыми мәтін бөліктерін 
когнитивті тұрғыдан бөліктерге бөлуде «фигура», «фон» категорияларының рөлін зерделеуге арналған. 
Кілт сөздер: когнитивті лингвистика, фигура, фон, термин, гештальтпсихология, адресат, дискурс, 
ақпарат, ақпаратты өңдеу. 
 
Қазіргі  тіл  біліміндегі  когнитивті-дискурсивті  бағыттың  дамуына  байланысты  мәтіндік 
ақпаратты  бөлудің  прагмастилистикалық  негіздеріне  ғана  емес,  сонымен  қатар  коммуникативті 
жағдаят  субъектілері  мен  олардың  мақсаты,  жалпы  білімі  өзара  қарым-қатынасқа  түсетін  дискурс 
талаптарына жауап беретін мәтінді байланыстырудың когнитивті негіздеріне де арналған зерттеулер 
қызығушылық туғызып келеді.  
Мәтіндегі  ақпараттарды  бөлудің  негізінде  адамның  ақпаратты  өңдеуі  мен  білімді  игеруіне 
байланысты жан-жақты ментальды әрекеттер жатыр. Қабылданған мәтіндік мәліметтерді когнитивті 
өңдеу  үрдісінде  адресат  мәтінді  құрылымдық  (мәтінді  бөліктерге  бөледі),  функционалдық  (мәтін 
бөліктері  арасында  өзара  қарым-қатынас  орнатады)  және  динамикалық  (мәтіннің  ерекшеленген 
бөлігін оның белгілі бір даму деңгейінде анықтайды)
 
талдау жасайды. 
Мәтін  бөлігінің  ерекшеленуі  қабылдау  каналының  шектеулі  өткізу  мүмкіндігімен  байланысты 
мәтіннің  бөлек  бір  бөлігінің
 
интуитивті  ұғынылатын  әр
 
түрлілігіне,
 
оқырманның  эмоционалдық 
жағдайы  және  оның  тақырыпқа  қызығушылық  деңгейіне  байланысты.  Бұндай  жағдайда  мәтін 
ерекшеленген  және  фондық
 
бөліктердің  құрылымдық  өзара  әрекет  етуі  ретінде  қарастырылады. 
Ерекшелеу ақпаратты ұйымдастырудың когнитивті негіздерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары 
«ерекшеленген» ақпарат мәселесі жалпытеориялық тұрғыда тереңірек зерттеу объектісіне айналды. 
Ақпаратты  «ерекшеленген»  және  «фондық»  деп  бөлу  дихотомиялықтан  гөрі,  градуальдық 
табиғатқа  жақын  [1,  26  б.].  Бұл  жағдайда  ақпарат  «аз  немесе  көбірек  айқын,  ерекшеленген»  және 
«салыстырмалы  түрдегі  екінші  дәрежедегі  (аз  немесе  көп)»  бағытта  коцептуалданады.  Р.  Томлин 
«ерекшеленген және фондық» деп бөлу бинарлы концепт ретінде қарауға келмейтіндігін көрсетеді. 
Аталған  жіктеу  пропозициялардың  біреуі  басқа  пропозициялармен  салыстырғанда  ақпараттық 
мағынасы немесе дискурс тақырыбы үшін маңыздылығы бойынша бағалануы мүмкін континуумда 
жүзеге  асады.  Мәтіндегі  ақпараттың  табиғи  ерекшелігін  қалыптастыруда  түрлі  фигуралар  мен 
фондар қызмет атқарады.  
Мәтіндегі  «ерекшеленген  –  фондық»  категориясы  «фигура  –  фон»  перцептуальды  жіктеуінің 
лингвистикалық  аналогы  болып  табылады.  Мәтінді  талдауда  ақпаратты  қабылдау  мен  өңдеуге 
адресаттың  физикалық,  психикалық  мүмкіндіктері  жағынан  жинақталатын  шектеулер  қатарын  есепке 
алу  қажет.  Олар  қабылдау  каналының  шектеулі  өткізу  мүмкіндігімен,  зейіннің  талғамдылығымен, 
адресаттың  эмоционалдық,  оның  тақырыпқа  қызығушылық  деңгейімен  байланысты.  Біздің  ақпаратты 
өңдеуді  өткізу  қабілетіміз  қабылдау  каналының  өткізу  қабілеттілігімен  шектеулі  және  оның  негізі 
қабылдаудың фигура-фондық ұйымдастырылуында  жатыр. 
Әлем  адамдарға  олардың  перцептивтік  және  когнитивті  мүмкіндігі  қамтуға  қарағанда 
әлеқайда көбірек сезімдерді алуына мүмкіндік береді. Біздің таным механизмдеріміздің шектеулілігі 
бейімделу  және  ыңғайлану  сипатына  ие.    Адамдар  ақпараттар  легіне  көміліп  қалмас  үшін  таңдап 
әрекет жасайды: зейіндерін кейбір белгілерге ғана аударып, басқаларды абстракциялайды. Біз назар 
аударған белгілер ғана ары қарай өңдеуге түседі.  
Аталған  мәтіндік  ақпаратты  қабылдаудағы  зейінді  жіктеудің  әртүрлілігінен  өз  кезегінде 
қабылдауды  ұйымдастырудың  әдісі  ретінде  қызмет  ететін  «фигура  -  фон»  жіктелімі  қалыптасады. 
Қандай  да  бір белгілер  үнемі ескерілмеуі  қажет,  олай  болмаған жағдайда  нәтижеге  нұқсан  келеді. 
Осы  аталған  ескерілмейтін  белгілер  «фон»  және  «басқа  белгілер»  деп  аталатын  құрылымды 
құрайды. Бұл белгілердің бір бөлігі фонға перцептивтік тәжірибеден түседі (бұл жартылай белсенді 
ақпарат), оперативті есте сақталады, келесісі ұзақ сақталатын естен шығарылып алынады. Кеңістікті 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
162 
фигура  мен  фонға  бөліп  қарастыру  когнитивті  лингвистикаға  гештальтпсихологиядан  келді.  Оны 
лингвистикалық  айналымға  енгізген  американ  лингвисі  Л.  Тэлми  және  ұзақ  уақыт  Калифорния 
университеті  мен  Орегон  штаты  университеті  базасында  қалыптасты.  Тілдік  материалға  аталған 
модельді қолданудың эвристикалық мүмкіндіктерін Т. Гивон, Р. Томлин, Ч. Осгуд, С. Делансей, С. 
Уоллес, П.Хоппер, С. Томпсон сияқты ғалымдар зерттеді. Бұл жіктелімде келесі мәселер маңызды 
болып есептеледі: 
-
 
Фигура  мен  фон  жөнінде  сөз  болғанда  біріншіден  ес  мәселелерімен,  екіншіден  зейін 
мәселелерімен байланысты адами қабылдауды ұйымдастыру негізге алынады. 
-
 
Гештальтпсихологияда  «фигура  мен  фоннан  тұратын  көріністі  кеңістік  ретінде 
ұйымдастыру біздің қабылдауымыздың маңызды бөлігі болып табылады» деген пікір бар. Фигура – 
қызығушылық тақырыбы, фон – фигураны айқындайтын негіз.  
-
 
Фигура мен фон терминдері мәтін бөліктерін топтастыру қағидатын қолдану арқылы өнімді 
аналогияны жасауға мүмкіндік береді. Сыртқы көрінісі мен ішкі мазмұны жағынан ұқсас бөліктер 
қабылдауда  бір  тұтастық  ретінде  топтастырылады.  Қабылдау  көрінісі  үнемі  өзгеріп  отырады. 
Оларда  жаңа  белгілер  пайда  болады.  Нәтижесінде  белгілі  бір  нышандар  қабылдау  үрдісінде 
айрықша диспозицияға ие болады [2, 27 б.]. 
Фигура  мен  фон  түрлі  перцептуальды  қасиетке  ие.  Фигураға  заттық,  шектеулік, 
симметриялық,  мәнділік,  жиілік,  дискреттілік,  анықтылық,  тұйықтық  қасиеттер  тән.  Ал  фон  үшін 
қосындылық,  жатықтылық,  құбылмалылық  тән.  Фигура  фоннан  көрінбейтін  сана  негізінде 
ажыратылады  (ерекшелену  ақпаратты  мәтінде  орналастырудың  когнитивті  негізі  ретінде 
танылғанда), бірақ адам бір нәрсені фигура ретінде бөліп алуы мүмкін (мұндай когнитивті-дәлелді 
ерекшелеу 
мәтіндік 
ақпараттарды 
орналастырудың 
комммуникативті-прагматикалық, 
прагмастилистикалық  негіздеріне  жатады).    Т.  Рейнхарт  мәтіндегі  «ерекшеленген-фондық» 
категорияны  «фигура-фон»  перцептуальды  жіктелімінің  лингвистикалық  аналогы  ретінде  қарай 
отырып, фондық ақпаратқа «фигураға кіретін» барлық ұғымдарды жатқызады. Хабарлау мәніндегі 
мәтінде  түсіндіру,  сипаттау,  талқылау  және  т.б.  фрагменттер Рейнхарт  интерпретациясы бойынша 
хабарлаудың  негізгі  желісі  жүретін  және  дамитын  ақпарат  легін  құрайды.  Ғылыми  мәтіннің 
ақпараттық  қанықтығы  ең  алдымен,  оның  терминологиялық  қанықтығына  тікелей  байланысты. 
Әдетте  бұл  ғылыми  мәтіннің  стратификалық  деңгейімен  салыстырылады.  Бұл  деңгей  кәсіби 
коммуникация  қатысушыларына  тән  болады.  Терминологиялық  қанықтық  «ғалымдар  ғалымдар 
үшін жазатын» монографиялық ғылыми мәтіндерде кездеседі. Келесі деңгей «ғалымдар оқушылар, 
білім  алушылар  үшін  жазатын»  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында  кездеседі.  Оқулықтардың 
түсіндіруші  функциясы  мәтінде  дефинициялардың,  анықтамалардың,  терминологиялық  емес 
лексика  үлесінің  артуына  әкеледі.  Келесі  деңгей  «ғалымдар  қазметкерлер  үшін  жазатын» 
нұсқаулықтар,  кәсіби  құжаттамалар  мәтіндеріне  тән.  Мұндай  мәтіндерде  терминдер  саны  азайып, 
номенклатуралық бірліктердің, кәсіби сөздердің саны көбейеді [3, 108 б.]. 
Ғылыми  білімнің  таралуы  ғылыми-танымал  мәтіндердің  тууына  себеп  болады.  Мұндай 
мәтіндерде  коммуникация  субъектісі  ғалымдар  мен  БАҚ  қызметкелері  болып  танылады.  Мұнда 
мәтіндік стратегиялар ғылыми білімнің танылу процесін оңтайландырады, мәтіннің ішкі ұйымдасу 
жүйесін  күрделендіре  отырып,  ғылымилыққа  қатынасы  тұрғысынан  туынды,  қосалқы  мәтіндерді 
қалыптастыруға  шарт  жасайды  [4,  53  б.].  Аталған  мәтіндерде  детерминдендіру  үрдісі  жүреді, 
белгінің қаңқасы өзгеріссіз қалып, мазмұны өзгереді. 
Түрлі  деңгейдегі  ғылыми  мәтіндерде  терминологиялық  лексика  мен  терминологиялық  емес 
лексиканың  түрлі  арақатынасы  байқалады.  Терминологиялық  емес  бірліктер  терминдерді  мәтін 
кеңістігіне  енгізуді  қамтамасыз  етеді  және  коммуникацияда  терминдер  атқара  алмайтын  басқа  да 
қызметтерді  атқарады  (шындыққа  негізделген,  аксиологиялық).  Терминологиялық  емес  лексика 
терминдермен бірге қызмет атқара отырып, белгілі бір ғылым концептосферасы әсерінен басқа өңге 
ие болады, яғни терминденеді. 
Кейінгі  кезде  ғылыми-көпшілік  әдебиет  стилі  қоғамда  кейіннен  пайдаланыла  бастады.  Бұл 
стильдің  пайда  болуы  ғылым  мен  техниканың  дамуымен  тығыз  байланысты.  Ғылыми-көпшілік 
әдебиет  стилінде  қолданылу  үшін  салалық  кәсіби  ғылым  тіліндегі  терминологиялық  бірліктер 
жалпы халықтық қолданымға түсуі керек. Жалпы халықтық қолданымға түскен кезде олардың тар 
салалық  кәсіби  тілдегі  мағынасы  өзгеріске  ұшырайды.  Ғылыми  тілдің  синтаксисі  де  өзгеріске 
ұшырайды.  Енді  терминологиялық  бірлік  ұлттық  әдеби  тілдің  синтаксистік  ережелеріне 
бағындырылады.  Енді  бұл  терминологиялық  бірлік  тар  салалық  ғылым  тілінің  бірлігі  болудан 
қалады.  Бірақ,  өзінің  бұрынғы  мағынасында  сол  салада  қолданыла  беретіні  де  түсінікті.  Алайда, 
ендігі  жерде  бұл  екеуінің  арасына  теңдік  белгісін  қоюға  болмайды.  Ғылым  тілі  бойынша  кейінгі 
кезеңдерде  жүргізілген  зерттеулердің  негізінде  қалыптасқан  жаңаша  көзқарасты  қолдайтын 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
163 
ғалымдар  оны  жеке  функционалдық  тіл  ретінде  қабылдағанды  жөн  көреді.  Терминология 
саласының  белгілі  маманы  А.В.  Суперанская  өзінің  «Әдеби  тіл  және  терминологиялық  лексика» 
атты  зерттеуінде  осы  мәселені  жан-жақты  талдайды.  Атап  айтқанда,  ғалым  терминологиялық 
лексика  әдеби  тілдің  құрамына  кіреді  деген  пікірдің  қаншалықты  ақиқаттығына  көз  жеткізу  үшін 
бірнеше  қарама-қарсылықты  салыстырма  жасайды.  Бірінші  қарама-қарсылық:  «жалпы  лексика  – 
арнаулы  лексика».  Жалпы  лексика  сөздің  жалпылама  қолданымда  болуын  білдіреді.  Яғни,  бұл 
сөздің жалпылама  қабылданған  ұғымының  болуын, оның  мағынасын  түсіндіріп  жатпай-ақ  барлық 
мәнмәтіндерге  қосуға  мүмкіндік  беретін  ұғынылымының  болуын  білдіреді.  Ал  арнаулы  лексика 
тобына кіретін сөзді қолданарда оның мағынасын түсіндіру қажет болады. Себебі, сыртқы формасы 
жағынан  жалпы  лексикалық  бірлікпен  бірдей  тұлғада  болғанмен,  арнаулы  ғылыми  мәтінде  ол 
өзгеше мағынаны иеленеді. Мысалы, су, айналыс, мүлік жалпы лексикада күнделікті қолданымдағы 
сұйықтықты,  айналу  процесін,  заттың  жалпы  атауын  білдіретін  болса,  олардың  арнайлы  салалық 
лексикадағы  мағынасы  өзгеше.  Химиктер  үшін  су  –  «сутек  пен  оттектің  химиялық  қоспасы», 
экономистер үшін айналыс – «сатып алу және сату арқылы еңбек өнімін, ақшаны, басқа да меншік 
объектілерін  айырбастаудың  тауарлы  өндіріске  тән  нысаны»,  заңгерлер  үшін  мүлік  –  «меншік 
құқығының  материалдық нысаны».  Телефон  сөзінің  жалпылама  қолданымдағы  мағынасы  -  белгілі 
бір қашықтықта сөйлесуге арналған аппарат. Ғылыми тілде ол: 1) электрлік тербелістерді дыбыстық 
тербелістерге  айналдыратын  құрал;  2)  дыбысты  қашықтыққа  беру  үшін  қолданылатын  электрлік 
аппараттар  жүйесі.  Келтірілген  мысалдардан  арнаулы  мағынаның  кейде  жалпы  мағынадан 
айтарлықтай алыстап кететіні байқалады.  
Екінші қарама-қарсылық: «әдеби тіл – арнайы мақсатта қолданылатын тіл». Арнайы мақсатта 
қолданылатын  тілде  терминологиялық жүйелер мен терминологиялық бірліктердің  сипаттамалары 
жасалады,  терминологиялық  сөздіктер  мен  стандарттар  түзіледі.  Жанрдың  ерекшелігі  арнайы 
мақсатта қолданылатын тілге ерекше шектеулер қояды. Мысалы терминологиялық стандарттардағы 
дефиницияларда  үтір  болмайды.  Бұл  әдеби  мәтіндерге  жат  құбылыс.  Арнайы  мақсатта 
қолданылатын  тілдегі  сөздердің  әрқайсысы  бір-бір  ұғымға  байлаулы  болғандықтан,  тақырыптық 
өрісте  қатаң  тәртіппен  бөлініп,  әрқайсысы  өз  орнына  ғана  орналастырылатындықтан,  мұнда 
синонимияға  жол  жоқ.  Экскаватор  шөміші,  әдеби  тілдегі  шөміш  не  ожау  емес.  Арнаулы  лексика 
мәтінінде кездесетін синонимия арнаулы мағынаның бұрынғы атауының ауыстырылып отырғанын, 
оған сай келетін жаңа термин ретінде қолданылып отырғанын немесе бұл ұғымның тұтас еместігін, 
оның одан әрі бөліктерге бөлшектенетінін байқатады. Арнайы мақсатта қолданылатын тіл – жұтаң 
тіл.  Оған метафоралардың,  стилистикалық  синонимдердің, көркем  әдеби  образдардың қажеті жоқ. 
Алайда, жаңа ұғымдарды атау процесінде жалпы лексикадағы образды сөздер де қолданылады.  
Үшінші  қарама-қарсылық:  «әдеби  тілде  термин  –  арнайы  мақсатта  қолданылатын  тілде 
бейтермин». Термин әдеби мәтін тілінде өзінің арнаулы терминологиялық мағынасында қолданыла 
алмайды.  Әрине,  егер  жазушы  сондай  мақсатты  көздеп  қолданбаса.  Ал  арнайы  мақсатта 
қолданылатын  тілде  бейтермин  сөздердің  ұшырасуы  -  әдеттегі  құбылыс.  Олар  коммуникативтік 
қызмет  атқарады.  Қандай  арнаулы  мәтін  болса  да,  ұғымдардың  кеңістік  пен  уақыттағы 
қатынастарын  көрсетуге  арналатындықтан,  құрамына  жалпы  лексикадағы  көп  мағыналы  сөздерді 
алмай  отыра  алмайды.  Әрбір  арнаулы  кәсіби  мәтінде  кең  мағыналы  көмекші  сөздердің  өзіне  тән 
жиынтығы  болады.  Олардың  саны  шектеулі,  мағынасы  арнаулы  мақсатқа  бағдарланған  болады. 
Мысалы, жасуша дем алады, процесс жүріп жатыр, организмдегі темірді қалпына келтіру. Ғылыми 
еңбектердің  тілі  –  іскери  қарым-қатынаста  жалпыға  түсінікті  болу  үшін  белгілі  бір  дәрежеде 
нормаланған  тіл.  Алайда,  ғылыми  еңбектердің  тілі  кәсіби  қарапайым  сөздер  мен  кәсіби  аргодан 
айқын  ажыратылмайды.  Ал  әдеби  тіл  болса,  жергілікті  диалектілерден,  кәсіби  социолектілерден 
айқын ажыратылады. Әдеби тілде әдетте жергілікті сөздердің жалпылама қабылданған баламалары 
болады.  Ал  терминді  түсіну  үшін,  оларды  мағынасы  ішінара  сәйкес  келетін  лексикалық 
баламалармен  ауыстыру  жеткіліксіз.  Тиісті  білім  саласындағы  ұғымдар  жүйесін  меңгеру  қажет. 
Төртінші  қарама-қарсылық:  «сөзқолданымды  реттеу  –  терминологиялық  жүйелерді  құру». 
Сөзқолданымды  реттеу  ісімен  тіл  мәдениеті  саласында  жұмыс  жасайтын  мамандар  айналысады. 
Терминологиялық  жүйелерді  құру  ісімен  айналысатын  –  терминологтар.  Сөзқолданымды  реттеу 
кезінде  дұрыс  және  бұрыс  қолданым  мысалдары  жинақталып,  нормадан  ауытқу  жағдайлары 
анықталады.  Ақпарат  көзінің,  нақты  шығармалардың  беделі  ескеріле  отырып,  басым  бағдарлар 
айқындалады.  Терминологиялық  жүйелерді  құру  ісінде  нақты  ғылым  саласындағы  терминделетін 
ұғымдар айқындалып, олардың арасындағы тек-түрлік иерархиялық қатынастар жүйесі белгіленеді. 
Ұғымдарды  білдіретін  сөздердің  лексикалық  мүмкіндіктері  ескеріліп,  ұғымдық  байланыстары мен 
сөзжасамдық  мүмкіндіктері  мол  сөздер  алынады.  Сөзқолданымды  реттеу  де,  терминологиялық 
жүйелерді құру да сөздердің стихиялы түрде дамуына қарсы, саналы түрде бағытталған процестер. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
164 
Алайда, олар бір-бірінен принциптік тұрғыда өзгеше негіздерде жасалады. Тілшілер сөзқолданымды 
әдеби  тілдің  нормасын,  оның  даму  бағыттарын  ескере  отырып  реттейді.  Ғылым  саласының 
мамандары терминологиялық жүйелерді құру ісін логика және тіл мамандарын қатыстыра отырып 
жүзеге асырады. 
Бесінші  қарама-қарсылық:  «термин  -  бейтермин».  Аталған шендестіру  әртүрлі  жағдайларда, 
әралуан мақсаттарға сай жүзеге асырылады. Мысалы логика мамандары өз еңбектерінде термин деп 
дәл дефинициясы бар кезкелген сөзді атайды. Бейтермин – дәл сол сөз, бірақ дефинициясы жоқ сөз. 
Ғылым  мен  техниканың  арнаулы  метатілдерінде  терминдер  мен  номенклатуралық  атаулардың 
арасы ажыратылуы мүмкін. Ол кезде термин ретінде ғылыми ұғым атауы, ал номен ретінде ғылыми 
таным  процесіне  қатысы бар  заттардың  атаулары  алынады.  Екеуінің  арасында  айқын шегара жоқ. 
Бір  сөз  ғылымның  бір  саласында  термин  болса,  екіншісінде  –  номен  болуы  мүмкін.  Осыған 
байланысты  олардың  ұғымдары  да,  жүйедегі  орындары  да  ауысады.  Ал  жалпы  лексика  құрамына 
қайта өткен кезде арнаулы сөздердің бейтерминденуі орын алады. Дәл дефинициялары жойылады. 
Салыстыру  үшін  инфаркт,  валидол,  пенициллин  сөздерінің  медицинадағы,  фармакологиядағы, 
биохимиядағы,  теоретикалық  физикадағы  мағыналары  мен  жалпы  лексикадағы  мәндерін  алып 
қарастыруға  болады.  Терминдер  –  жеке-жеке  түрлі  сөздер  емес.  Олар  өздері  атаушы  ұғымдармен 
тығыз байланысты. Формасы жағынан бірдей сөз, әртүрлі терминологиялық жүйелерге ену арқылы 
түрлі  мағынадағы дәл  сол  бір сөз  болудан  қалады.  Олар  –  екі  түрлі  омонимдер.  Бір-бірімен  шығу 
тегі жағынан және терминологиялық қолданымы жағынан байланысты омонимдер болып шығады.  
Осылайша, ғалым бес түрлі қарама-қарсылық келтіре отырып, ғылым тілінің әдеби тілдің құрамына 
кірмейтіндігін,  екеуінің  де  жалпыхалықтық,  ұлттық  тілдің  құрамында  қарастырылатынын 
дәлелдейді.  Сонымен,  термин  өзінің  сыртқы  формасы  жағынан  сөз  түрінде  болғанымен,  ұлттық 
тілдің  грамматикалық  қағидаларына  сөз  тәрізді  бағынғанмен,  ұғымдық  жақтан  жалпы  лексикалық 
сөзден  ерекшеленеді.  Шындығында,  терминология  ұлттық  тіл  лексикасының  дербес  бөлігін 
құрайды. Әрбір ғылым саласының өзіне тән терминологиялық жүйесі мен ерекше терминдері бар. 
Ол  терминдердің  мағыналары  сол  ғылым  саласында  ғана  актуалданады.  Демек,  ғылыми 
терминологияның  әдеби  тілге  тәуелсіздігін  дәлелдеп  жатудың  өзі  артық  нәрсе.  Сонымен  бірге, 
ғылым  мен  техниканың  жекелеген  салаларындағы  ұғымдардың  сөздермен  аталатындығы,  ал 
сөздердің  лексикалық  бірліктер  екендігі  де  аян.  Олай  болса,  терминологиялық  бірліктерді  тілден 
тыс  жасанды  таңбалар  жүйесіне  жатқызу  да  жөн  болмайды.  Терминологиялық  бірліктер  арнаулы 
кәсіби  лексиканың  құрамына  енеді  және  оның  басым  бөлігін  құрайды.  Асылы,  ұлттық  тіл 
лексикасын  жүйелердің  жүйесі  ретінде,  яғни  көптеген  шағын  жүйелерден  құралатын  үлкен  жүйе 
ретінде  қарастыруға  болады.  Сонымен  қатар,  терминология  мамандары  тілдегі  бүкіл  сөздік  құрамды 
жалпылама  қолданыстағы  лексика  мен  арнаулы  кәсіби  лексикаға  бөліп  қарастыруды  жөн  санайды. 
Салалық  кәсіби  тіл  құрамындағы  арнаулы  кәсіби  лексиканың  семантикалық  жағы  тек  сол  кәсіппен 
шұғылданатын мамандарға ғана түсінікті болмақ [5, 76 б.]. 
Ғылыми  дискурс  мәселесіне  ғалым  Уәли  Нұргелді  «Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық 
негіздері» тақырыбында қорғаған докторлық диссеертациясында толығырақ тоқталған. 
Көптеген  сөз  күнделікті  тұрмыста  кәдімгі  лексикалық  мағынасында  жұмсалса,  ғылыми 
қарым-қатынаста (ғылыми дискурста) арнайы ұғымды білдіру жаратылыстану, табиғат ғылымы мен 
қоғамдық ғылым салаларында мамандандырылған лексемалардың саны жүздеп, мыңдап саналады. 
Жаңа  пайда  болған  білімді  атау  үшін  тұрмыста  танылған  ұғымды  білдіретін  сөз  ғылыми 
дискурста  ғылымда  танылған  ұғымды  білдіретін  арнайы  қызмет  атқарады.  Сөйтіп,  қазақ  тілінің 
негізінде  ғылым  тілі  қалыптасып,  жұмыс  істей  бастады,  ал  тілдік  бірліктердің  (лексика, 
фразеология,  сөзжасамдық  бірліктердің)  ғылыми  дискурста  мамандануы  ғылыми  стильдің  пайда 
болуында негізгі факторлардың бірі болды. 
Ғылым  тілі  ағылшын,  неміс,  орыс  тіл  білімінде  “арнайы  мақсаттағы  тіл”  деп  те  аталады. 
Белгілі  бір  ғылыми  дискурста  терминдер  қандай  да  бір  ғылыми  ұғымды  ғана  білдіріп  қоймай, 
сонымен  бірге  маманданғандықты  білдіретін  ақпаратқа  ие  тілдік  бірлік  болып  табылады,  сөйтіп 
белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет 
атқарады. 
Ұлттық  тілдің  функционалдық  саласы  болып  табылатын  ғылым  тілінің  негізгі  арқауы  – 
термин.  Басқаша  айтқанда  термин  ғылымдағы  “орталық”  ұғым,  түпқазық  ұғым.  Қазіргі  кезде 
мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы, салалық 
ғылымдар  тілінде  формула,  сызба,  символ,  схема,  сурет  т.б.  бейвербалды  таңбалардың  қатары 
көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар 
өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты 
кәсібицентристік бағыт деп атауға болады. 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
165 
Арнаулы  кәсіби  тіл  –  көпфункционалды  сипаттағы  тіл.  Ал  арнаулы  тіл  кемел  әдеби  тілдің 
функционалдық бір түрі. Оның а) ақиқатты бейнелеу; ә) білімді сақтау (эпистемалық); б) жаңа білім 
алу (когнитивтік); в) арнаулы ақпарат беру (коммуникативтік) қызметі бар. 
Арнаулы  кәсіби  тілдің  лексика-семантикалық  ядросы  терминдер  болып  табылады,  ал  оған 
жақын  қабатта  дайын  құрылымдар  (стандарттар);  шеткері  қабатта  индивидуалды-авторлық 
ерекшеліктерді байқататын тілдік бірліктер болады. Индивидуалды-авторлық ерекшеліктер арқылы 
маман  кәсіпке  байланысты  категория,  ұғым,  арнаулы  реалийлерді  сөз  қолданыста  дәл  айқын  етіп 
бере алмайды. 
Кәсіби  тілде  стильдік  нышаны  бар  сөздер  (эмоционалды,  экспресоид  сөздер)  мүлде 
кездеспейді  деуге  болмайды.  Эмоционалды  бағалауыш  сөздердің  қолданылу  мүмкіндігі  шектеулі. 
Олар  деңгейі  жоғары,  көлемі  тым  үлкен,  сирек  кездесетін,  ұшырасатын  жайтты,  аса  ірі,  тым 
ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр, құнды, құнсыз, тұрақты, тұрақсыз, 
мүмкін,  мүмкін  емес,  жеткілікті,  жеткіліксіз  т.б.  тәрізді  субъективті  бағалауыштар.  Бұлар 
арнаулы емес, жалпылама лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер деп 
аталады.  Бұлардың  қайсыбірі  белгілі  бір  кәсіптік  салада  терминдік  мағынада  да  қолданылуы 
мүмкін. 
Ғылыми  дискурс  негізінен  қарым-қатынастың  жазба  түрінде  жүзеге  асады,  ал  ғылым-білім 
саласындағы  жаңалықтар  негізінен  алдымен,  ғылыми  мақалаларда  жарияланады.  Қазіргі  кезде 
ғылыми  дискурстың  ауызша  түрі  жиналыстардың  ғылыми  конференция,  семинар,  дөңгелек  үстел, 
симпозиум  тәрізді  түрлерін  өтуімен  байланысты  бұрынғыдан  гөрі  жанданып,  ғылымдағы  ауызша 
сөздің  рөлі  арта  түсті.  Ғылыми  мәтіннің  лексика-фразеологиялық  жүйесі  терминдер,  ғылыми 
атаулардан, бейтарап лексикалық бірліктерден тұрады. Жалпылама тілдегі бейтарап, көпмағыналы 
лексикалық  бірліктер  дара  мәнде  қолданылады.  Мұндай  бірмәнділікке  түптеп  келгенде, 
есептейміз,  есептеймін,  болып  табылады,  бірінен  саналады,  санаймыз,  нәтижеге  қол  жеткізуге 
болады т.б. тәрізді штамптардың қолданылуын жатқызуға болады. Бұларды реципиент бір нәрсенің 
“санын”,  “есебін”,  “болжамын”,  “табылғанын”  көрсету  мағынасында  емес,  белгілі  бір  нәрсе 
жайында тұжырымға, қорытындыға келу деген мағынада түсінеді. Осымен байланысты рецепиент 
ғылым саласында болмаса да, мәтіннің ғылыми сөзге жататынын ажырата алады. 
Ғылыми  мәтінде  сөз  желісі  логикалық  жүйеге  бағынады,  өзара  бірімен  бірі  байланысты 
арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның 
өзі  ғылыми  дискурстың  мамандандырылған  ақпарат  беру//қабылдау  жағынан  өзге  де 
коммуникацияның  түрінен  (көркем  дискурс,  публицистикалық  дискурстан)  ерекше  екенін 
көрсетеді. 
Терминдер  ерекше  когнитивті-ақпараттық  құрылымға  ие  бола  отырып,  фигураның,  ақпарат 
квантының  қызметін  атқарса,  терминологиялық  емес  лексика  ғылым  қалыптастыратын  терминдер 
әрекет ететін «фон» қызметін атқарады [6, 28 б.].  Ғылыми фонның тілдік тұрғыда жүзеге асуында 
терминологиялық емес лексика терминдену жолымен терминдерді кәсіби коммуникацияға енгізуді 
қамтамасыз етеді. 
Қорыта 
келгенде, 
когнитивті-коммуникативті 
әдіс 
терминтануда, 
ғылым 
тілін 
интерпретациялауда  адамның  шындықты  концептуалдандыру,  қабылдау  үрдісін  теориялық  игеру, 
ақпаратты  тілдік  құралдар  арқылы  өңдеу  мен  беру  құралы  ретінде  жаңа  бағыттың  дамуына 
мүмкіндік туғызады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет