Рыскалиев С.Н.
Готовность будущего специалиста физической культуры и спорта к педагогическому творчеству:
некоторые методологические и практические подходы
В статье раскрываются основные компоненты, специфика, содержание и результаты
теоретического анализа и опытно-экспериментальной работы по формированию готовности будущего
специалиста к педагогическому творчеству с методологическими и экспериментальными подходами.
В качестве результатов исследования выступают: переосмысление студентами ценностей и
смыслов собственной педагогической деятельности; изменение образовательной позиции будущих
специалистов; рефлексивное осмысление задач творческой педагогической деятельности и будущих
профессиональных позиций.
Ключевые слова: преподаватель-тренер физической культуры и спорта, готовность к
педагогическому творчеству , рефлексия ,рефлексивное взаимодействие.
Ryskaliyev S.
Readiness of future specialist of physical culture and sport to pedagogical work: some methodologicaland
practical approaches
In this article the basic components, the specificity, the maintenance, and the results of the theoretical analysis
and skilled-experimental work dealing with the formation of future specialist preparedness to pedagogical creativity
are revealed by the means of the reflective experience. The maintenance of the pedagogical experiment, including
creative innovative methods and the reflective interaction forms, and also principles and possible pedagogical barriers
of their realization, can be useful in higher education system of physical training and sports specialists preparation. As
a result the following positions are considered: the students rethinking of values and senses of their own pedagogical
activity; the reconsideration of the future specialists educational position; the reflective thinking of the creative
pedagogical activity problems and the future professional positions.
Keywords: physical training and sports teacher-trainer , a preparedness to pedagogical creativity , a
reflection , a reflective experience , a reflective interaction
Хабаршы
№2- 2015 ж.
149
ӘОЖ: 798
Жұмагалиева Г.Е. – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының ғылым магистрі,
аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
(Орал қ., Қазақстан), E-mail: gulz1982@mail.ru
МУЗЫКАНЫҢ МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ АТҚАРАТЫН ОРНЫ
Аннотация. Қазақ халқының өзіндік дәстүрлі музыкалық төл мәдениеті ғасырлар бойы дамып
қалыптасты. Ауыздан-ауызға таралып сақталған музыка мәдениеті халқымыздың қоғамдық және рухани
өмірінде, тұрмыс тіршілігінде ерекше мәнге ие болды. Мәдени- тынығу мекемелеріндегі бұқаралық
мерекелерде өнердің өзге түрлерін пайдалануда музыканың алар орны ерекше.
Кілт сөздер: мәдени-тынығу жұмысы, ұйымдастыру, мереке, бос уақыт, музыка
Қазақ халқының өзіндік дәстүрлі музыкалық төл мәдениеті ғасырлар бойы дамып
қалыптасты. Ауыздан-ауызға таралып сақталған музыка мәдениеті халқымыздың қоғамдық және
рухани өмірінде, тұрмыс тіршілігінде ерекше мәнге ие болды.Халықтың сан салалы өмірімен
тіршілігі тынысы музыкада өзіндік көркемдік бейнесін тапты. Қазақ ауылдарындағы салт-дәстүр
мен әдет-ғұрып, эпикалық жырлар мен тарихи оқиғалар, ғибрат сөздер ән мен күй арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа тарады.
Қазіргі кезде ұрпақ алдына қойылып отырған ең басты талап рухани бай, жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Халықтық шығармашылық ұлттың рухани мәдениетінің
деңгейін, ұлтаралық қатынастар құралы ретінде тәрбиенің негізгі, оның жасаушысымен
тыңдаушының өзіндік ойын ынталандыру болып табылады. Қоғамның әлеуметтік-мәдени
өзгерістеріне байланысты дәстүрлі өнер кейде өркендеп кейде, құлдырау барысында өзіндік
тәрбиелік- жаңартушылық мүмкіндіктерін өзгертіп отырады.
Музыка мәдениетінің тарихи қайнар көзіне деген құштарлығы бірте-бірте пайда болады.
Ұрпақтар мен жұмыс үстінде музыкалық танымның тереңдеуіне орай тарихи-музыкалық ақпарат
көлемін де ұлғайтып отыруға болады.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Қиын кезде мәдениет пен өнер әрдайым
көмекке келген. Ол халықтың рухын нығайтып,болашаққа деген, әлеуметтік сенімді
шыңдаған.Мұндай көмек халық бүтіндігін ауыз біршілігін, ынтымағын сақтауда, жас ұрпақты ерлік,
батырлық, адамгершілік рухында тәрбиелеу мүмкіндіктері мол».
Қазір технология талаптары білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау ісі болып
отыр.Ұрпақтың өзін-өзі тануға өмірден тануға, өмірден өз орнын таба білуге баулу мәселелерін де
музыканың атқаратын орны ерекше.
Өнер, оның ішінде музыка, тек көңіл көтеріп, сауық, сайран құру үшін ғана қажет нәрсе деп
қарау дұрыс емес. Музыканың тәрбиелік мәні бар екені жөнінде көптеген философтар мен
ғалымдар,саясатшылар мен музыканттар әрқашан-да айтып келген.
Этно мәдениетті, халық шығармашылығын, соның ішінде, музыка өнерінің тарихын
зерттеуде ең алдымен Әбу- Насыр әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Юсуф Хожиб, Әбу Әли Ибн-Сина,
Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Әлкей Марғұлан және тағы басқа
ғалымдардың еңбектері ауыз айтарлықтай құндылық болып табылады. Шынында да көркемдік және
идеялық дәрежесі өте жоғары музыкалық шығарма адамның ой-санасын түйюге баурап, оның өзіне
біржола бағындырып, жетелеп әкетеді.Музыка тыңдағанда адам оның мазмұнына сай ойлар түйеді,
сөйтіп нақтылы бір идеяға ден қояды.Музыка жеке адамның түйсігіне ғана емес, сонымен қоса
бүкіл қоғамдық сана-сезімге ықпал ету арқылы сол қоғамның өзінде тәрбиелей алады.
Бұқаралық мәдени- тынығу іс- шараларының күрделісі- мереке. Мереке- көп қырлы қоғамдық
құбылыс, ол әдетте адам мен қоғам өмірін бейнелейді. Шын мәнінде мереке және мерекелеуді адам
мен адамзаттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік-мәдени аса маңызды жетістік десек те
болады.Мереке айтарлықтай дәрежеде әлем мәдениетінде жинақталған барлық бағалы дүниені
сарапқа салады [6].
Мереке халықтың мәдени бағалылығы мен жетістіктерін көрсете отырып, адамның рухани
өміріне ықпал ететін тиімді құрал екенін әлдеқашан дәлелденген.
Мереке -өз дәуірінің айнасы. Мерекенің мәніне қарап, қоғамдық экономикалық формацияның
саяси, тарихы және рухани өмірін, мақсатын, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін айна қатесіз
анықтауға, бағалауға болады.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
150
Әрбір халықтың өмірінде мереке той-думан ерекше орын алады. Мұның аса маңызды
әлеуметтік ерекшелігі сонда, адамдар тарихы субьект есебінде мерекеге қатысу арқылы өз
мүмкіндігін ашып, шығармашылықпен бейнелеп береді. Мерекенің бұл жалпы халықтық
принципінен адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесін бойына жиғандығын, ең бағалы дегені
ұрпақтан-ұрпаққа ұласатындығын байқаймыз.
Мереке әкелетін әлеуметтік байланыстан безу, қуаныштан құралақан қалу дегеніңіз
адамдарды өзгеден оқшаулап ғана қоймай, осы заманғы мәдениетке дағдарыс әкеліп, тіпті адамзат
өмірін жұтандатып, нұқсан келтірер еді.Мерекенің түр-түрі көп: аймақтық, жергілікті, ұлттық,
мемлекеттік,діни, халықаралық болып аталады.
Мерекенің мәнін адамдар шығармашылықтың өзіндік бояуы деп түсінетін болсақ, оның түрі
мен мазмұнын ұжымдық құбылыс деп атауға орынды.Шын мәнінде, ол көптің қолдануымен,
қатысуымен өтетін сауық –сайран, тамаша [3].
Сан ғасырлар бойы дамыған қазақтың музыкалық- поэтикалық фольклоры жазбаша емес
халық шығармашылығының негізгі формасы.Мұның өзін еліміздегі көркем өнерпаздар
шығармашылығының бастапқы сатысы болды деуге болады.Оның көркемдік эстетикалық сипатына
тән төлтумалық қасиеті соңғы он жылда бірнеше еңбектердің зерттеу нысаны болды.Қазақтың
дәстүрлі эпосы,лиро эпосы,халық әндері,ертегілер, айтыс,сонымен қатар қазіргі қазақ
фольклорының арнаулы еңбектер жазылды.Бұл еңбектердің қазақ халқының дәстүрлі
фольклорының түрлік жанрлық көп қырлы табиғатының құрылымы,стильдік және мазмұндық
сипаттары қарастырылған.Қазақтар арасында әрқашан да ауызша әншілік- поэтикалық
шығармашылық ерекше таралған.
Қазақ мақал мәтелдерінде халық әндері қымбатты қазынаға бағаланады.Мәселен, «Хас
шебердің қолы алтын,хас әншінің сөзі алтын».Ал,халық даналығы «Қыз- ауыл гүлі,ән- көңілдің
ажары»дейді.Халық әншілері тамаша әрі һас орындаушылық шеберліктерге ие болды.Әншілік-
поэтикалық фольклорға ғұрыптық емес және ғұрыптық- тұрмыстық,еңбек, шаруашылық
өлеңдер,өсиеттік өлеңдер,қиял- өлеңдер,сатиралық және юморлық өлеңдер,дастандар,термелер
жатады.Сонымен қатар той- думанда музыканың алатын ролі ерекше.Әсіресе,тұрмыс- салт
лирикасының маңызы зор.Тұрмыс салт- лирикасы бұл адамның сезімін,көңіл күйін білдіретін және
де түрлі салт -сана,әдет- ғұрып және дәстүрмен байланысты лирикалық өлең.Тұрмыс- салт өлеңдері
сонау көне заманнан келеді.Қазақ халық поэзиясында оған тойбастар,жар жар, беташар, бесік
жыры,қоштасу жатады.Бұл тұрмыс- салт өлеңдері мәдени -тынығу жұмысын ұйымдастырудаұрпақ
тәрбилеуде әсері мол.
Тойбастар - әр алуан қуанышты оқиғаларға байланысты мерекелік дастарқан отырыстарын
ашуға арналған өлең(келін түсіру, құрметті адамдардың мерейтойы т.б.)
Тойтарқар мерекені тәмамдайтын өлең.Бірақ та ол әрқашан орындала береді.Халық
пщэзиясында өлең жанрының бұл түрі аз тараған.
Жар-жар - үйделу тойы,неке қиылар күні қыздар мен жігіттер кезектесе орындайтын тұрмыс
салт жыры.
Беташар қазақ халық поэзиясында ежелден белгілі тұрмыс-салт жыры.Ол әншілік-
поэтикалық қолма қол суырып салма түрінде болып келеді.Ақын жаңа түскен келінді күйеуінің
туған-туысқандарын келісті әзіл шыны аралас тұрғыда сипаттай отырып таныстырады.
Бесік жыры өмірге жаңа келген сәбидің бесігін тербетіп айтылатын халық өлеңі.Бұл өлең
көнеде пайда болғанымен,қазіргі кезеңде де айтылады.Қазақ бесік жырының әр шумағы мынадай
жолдармен басталады:
Әлди,әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Батыр болар ма екенсің,
Шебер болар ма екенсің,
Шешең болар ма екеңсің.
Әрбір дәстүрлі бесік жырында баланың болашағына жақсы ізгі тілектер тіленеді.Бұл
тұрмыстық салт лирикасы отбасылық мерекелерде мәні зор.Сондықтан музыкасыз,тұрмыс- салт
өлеңдерісіз отбасылық мерекелер өтпейді [5].
Мереке-тіл, сана секілді тек адамға тән.Адамдар арасындағы рухани байланыс бар жерде
мейрам болады. Ол өз кезегінде бұл байланысты бекітіп,нығайта түсіп, жалпыхалықтық, әлеуметтік
–мәдени сапаны паш етеді.Бүкіл тарих көшінде осылай болып келді.Халықтың әлеуметтік- мәдени
өмірінде мереке жалпыға бірдей және тұрақты құбылыс саналады.
Мерекенің аса маңызды өзіне тән сипаты мынандай:
оның сонау көне заманнан күні бүгінге дейін эстафета ретінде берілуі;
Хабаршы
№2- 2015 ж.
151
мерекенің өмірдің заңды ритмикалық құбылыспен байланысы:табиғат,мифологиялық уақыт,
тарих көші, яғни мерекенің тұрақтылығы және мазмұны мен түрінің ішкі өзгерісі;
тойды өз игілігі деп түсінетін топтың, қоғамдастықтың айтқанындай, мерекенің ұжымдық
сипаты;
Мерекенің мәден бағалылығы, сақтап, қорғап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі, оның өнердің
түрлі жанрында өлең, би, драма, поэзия арқылы берілуі.
Мереке дамыған мәдениеттің елеулі бөлігі болып табылады. Шынайы қоғамдық жағдайда
образ жасай отырып, мереке өз дәуірі мен қоғамы мәдениетінің барлық элементтерін (өнерді,
символды, әдет-ғұрыпты, салт- жырларын, рәсімді, халықтың қолөнер бұйымдарын, ойындарды,
заттарды, белгілері ) пайдаланады.
Мәдени- тынығу мекемелеріндегі бұқаралық мерекелерде өнердің өзге түрлерін пайдалануда
музыканың алар орнын ерекше.Кез- келген театрландырылған қойылымды музыкасыз көзге
елестету мүмкін емес.Мәдени- көпшілік жұмыстарда музыкалық фон болады,сондай-ақ іс-шараға
қатысушылардың қажетті көңіл күйін орнықтырады.Барлығымыз білетіндей музыканың
сүймелденуінсіз ешбір мәдени шаралар толықтай өтпейді. Әр тақырыпқа сай музыкалық жанр
түрлерінің қолданылады.
Музыканы сценарист пен режиссер концерттерде,кештерде, мерекелерде,митингтер мен
рәсімдерде пайдаланады.Музыка үлкен мереке,қойылым немесе ойын- сауық үшін арнайы жазылуы
мүмкін,бірақ көбіне қойылым сценариінің музыкалық драматургиясы түрлі композиторлардың
танымал әндерінен тұрады.
Мерекелік іс- шараның идеясына жауап беретін және әрекеттің ажырамас бөлігіне айналатын
қандай да бір музыканы таңдап алу оңай көрінуі мүмкін.Бірақ іс- жүзінде бұл сценарист пен
режиссерден эпизодтарды шеберлікпен құрастыруды,сондай ақ арнайы музыкалық білімді,музыкалық
эрудицияны қажет ететін күрделі міндет.Кейде тақырып бойынша өте сәтті таңдалған музыканың өзі
мерекелік қойылымның ырғағын созып жібередіде, соңында әрекетті тежейді.
Бұқаралық мерекелер мен қойылымдар элементі ретінде музыканы пайдалануда әлі де
ашылмаған қорлар көп.Сонымен қатар театрландырылған қойылымда осы іс- шара үшін арнайы
жазылған әндер мен өзге де музыкалық шығармаларды пайдалану қажет.Мысалы,қандай да бір
эпизод үшін әуесқой авторлар жазған әндер әрбір іс- шарада пайдаланып жүрген атақты
композиторлардың танымал шығармасынан гөрі іс- шараға қатысып отырған аудитория үшін
анағұрлым түсініктірек және жақын болуы мүмкін.Сценарийлік режиссерлік түпкі ойда әнді
шынайы әрекет пен бейнелік шешімге орай дәл енгізген жағдайда,ол театрландырылған қойылымға
қатысушыларға күшті эмоционалдық ықпал етуі мүмкін.Осындай арнайы жазылған музыка жайлы
өз кезегінде КСРО композиторларының III сьезінде ресейлік композитор Т.Н.Хренников былай
деген болатын: «Бұл жерде біздің мерекелер,халықтық қойылымдар,көшелер мен алаңдарға
арналған әндер жайлы сөз болып отыр... біздің мерекелер менсалтанаттарда халықтың ойы мен
сезімін көркемдік жинақтаушы ретінде берілетін музыка жайлы ойланатын кез жеткен сияқты» [7].
Музыка түрлерін қолдануда әлі де пайдаланылмаған қорлар жетерлік.Сонымен
қатар,бұқаралық қойылымдарда опералардан үзінділер,опералық ариялар мен ансамбльдер сирек
қолданылады.Ал опера шарттылығының басымдығымен, музыкалық драматургиясының
сыйымдылығымен,сюжетінің көп қырлылығымен театрландырылған бұқаралық қойылымға өте
жақын.Сондықтан өтіп жатқан әркетке жақын шынайы жағдайда орындалған опералық сахналар
мерекелік іс- шараның эмоционалдық ықпалын күшейтеді.
Театрландырылған қойылымның кіріспесінде және соңында берілген музыка мен ән үлкен
маңызға ие.Музыкалық шығармалар режиссер мен сценариске әрекетке тақырып пен ырғақ беруге
көмектеседі.Әсіресе,бұл бұқаралық іс- шарада қатысушыларды алдағы әрекетке тартатын бастауда
(экспозиция) маңызды.
Мәдени-тынығу бағдарламаларының толықтай жақсы өтілуі музыкаға байланысты. Барлық
музыкалық жанрлар мәдени-тынығу шараларында қолданылып отырылуын және олардың мәдени-
демалыс бағдарламаларында өзіндік қасиеттерін ескеру керек. Себебі, мәдени-тынығу
бағдарламаларында музыкалық жанрларды қолдануда мән берілмейді, концерттік бағдарламалар
жеңіл-желпі өткізіліп жатады. Көптеген кемшіліктер сахнада айқын көрініп жатады.
Кейбір мәдени шараларға жиылған жұрттың қарасы құнарсыз топыраққа себілген дән сияқты,
әр жерден бір шошайып даладағы шөптің сиқынан аумайды. Мұндайда көбіне көп кемшілікті
бүгінгі нарық заманынан, күн көрістің қиындап кеткендігінен іздеп «жұрт өнерді түсінбейді» деп
беталады көпке күл шашып, кінәні осы салғырттықтың басты себепшісі-концерт
ұйымдастырушыларға емес, оны тамашалайтын тыңдарман қауымға оп-оңай аудара салатын,
сырғыта салатын әдетке бой үйретіп алдық.
Зал толмай қалған концерттің бәріне тиіс
Хабаршы
№2- 2015 ж.
152
үзілді-кесілді бұлай бағалай беру әділеттікке де, туралыққа да жатпайды. Бұл келеңсіз оқиғалардың
алдын алып отыру керек.
Мәдени -тынығу жұмысында концерттік бағдарламаларда музыкалық жанрлар бір сарынмен
тақырыпқа сай бір бағытпен ұйымдастырылып қолданылып жатады. Ал мәдени-тынығу
жұмысындағы концерттік кештерге әр түрлі топтағы адамдар қауымы келеді. Мысалы: жастарға
керегі баяу орындалатын, тыңдаушының ішкі сезімдеріне әсер ететін әсем әуен емес, дыбысы қатты,
ырғағы қуатты гитара, саксофон, түрлі ұрмалы музыкалық аспаптары, эстрадалық ансамбльдер.
Орта жастан асқандар шулы музыканы ұнатпаса қарт-қариялар ондай жерде отыра да алмайды.
Музыканы тыңдау арқылы адам қалайда өзі бүтін бір әлеммен байланысып тұрғандай
сезінеді, оның жүрегі алдыңғы қатарлы замандастарының ырғағымен бірігіп, бір уақытта соғып
тұратынын біледі.
Музыка адамдарды біріктіріп және әрбір адамға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, ол
адамның сезімі мен ойын қалыптастырады.Қазіргі таңда жас ерекшелігіне байланысты, олардың
бойындағы таланттарды ашатын түрлі жанрдағы сайыстар,байқаулар, фестивальдер, музыкалық
бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Мысалы, жалғасын тауып ұйымдастырылып келе жатқан
кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған «Әнші балапан», «Айгөлек» жастарға арналған «Азия
дауысы», «Супер стар», «Екі жұлдыз», «Қазақстан даусы», «Х-фактор» теле жоба
телебағдарламалары өткізіліп, жылдан-жылға дамып өз дәстүрлерін сақтауда. Ал біздің Батыс
Қазақстан облысымызда балаларға арналған «Балдаурен», жастарға арналған «Дала дарындары»,
Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» ән фестивалі, «Дельфейлік ойындар» байқауы, М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінде
аймақтық «Жас дарын» байқауы жыл сайын дәстүрлі бағытта ұйымдастырылып келеді. Осы
музыкалық байқаулардың, сайыстардың, фестивалдердің жастардың өмірінде алатын орны ерекше.
Себебі, қазіргі таңда жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін байқау, табу
байқаулардың, фестивальдердің өткізілуіне байланысты. Сондықтан жас таланттарды табу
мақсатында ежелден ата-бабамыз айтып келе жатқан лирикалық әндерді,танымал эстрадалық,
өзіміздің дәстүрлі музыкалық аспаптарымызға байланысты байқаулар мен фестивальдерді қазіргі
таңда жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру қажет.
Қосымша 1
М. Өтемісов атындағы БҚМУ 80 жылдығына арналған мерекелік
концерттің сценарийі
Өтетін уақыты: 23.11.2012 сағ. 16.00
Өтетін орны: «Нұр Отан» акт.залы
Жүргізушілер:
1-й вед (каз) – Ершат Ғайсағалиев
2 й вед (рус)– Жанайдар Сапарғали
3 -й вед (англ) – Алия Ерболат
4 -й вед (каз) – Акбөбек Қайыржанова
Праздничный концерт начинается с выступления ХОРА
1. Студенческий гимн «Гаудеамус», выступает сводный хор ЗКГУ, руководитель ст.препод.
каф. «Музыкальное образование» Умирзакова Л.К., концертмейстер Кузнецова Н.В.
2. Т.Шәмелов, Ғ. Сейтақ «Менің университетім» выступает сводный хор ЗКГУ,
руководитель ст.препод. каф. «Музыкальное образование» Умирзакова Л.К., концертмейстер
Кузнецова Н.В.
Рабочие сцены выносят 4 стойки микрофона
Фанфары
Выход ведущих
1-й вед (каз): Армысыздар ардақты ағайын және бүгінгі мерекеміздің қадірменді
меймандары!
2-й вед (рус): Добрый вечер, уважаемые преподаватели, студенты и гости нашего праздника!
3-й вед (англ): Ladies and gentlemen!We are glad to see you!
4-й вед (каз): Сіздерді Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің мерейлі мерекесінде көргенімізге өте қуаныштымыз!
2-й вед (рус): Сегодня старейшему ВУЗу Республики Казахстан исполняется 80 лет!
3-й вед (англ: M.Utemisov WKSU is 80 years old today!
Хабаршы
№2- 2015 ж.
153
Фон
1-й вед (каз):
Иеленіп ер Махамбет есімін,
Сен басында тұрсың білім көшінің.
Тағаланған тұяқтары тұлпарлар,
Озып келсін бәйгелерден көсіліп.
3-й вед (англ): It`s another year!
I congratulate you, WKSU!
What a beautiful day!
It will light the way!
You`ll find the adventure ahead!
Let everything be sweet!
It is your birthday!
This is your BEST day!
2-й вед (рус):
80 лет – круглая в жизни дата,
Наш торжественный юбилей.
Значит, многое в жизни взято,
Еще больше отдано ей!
Продолжение следует, еще не финал,
Мы снова в пути
Юбилей – лишь мгновенье!
А сколько их еще впереди!
4-й вед (каз):
Инемен құдық қазған таңғаларлық,
Тарихта ізің жатыр таңбаланып.
Білімнің кәусарынан қанып ішкен
Талайдың бақ жұлдызы жанғаны анық.
Біз өстік, сен де есейдің енді, міне!
Ізгілік нұрын шашып жеттің бүгін
Нық басып, сексеніңнің де сеңгіріне.
Фон
2-й вед (рус): Мы поздравляем наш родной alma-mater! Коллективу ЗКГУ желаем здоровья,
новых научных достижений, творческих побед и успеха!
3-й вед (англ): We appreciate and love our university!we are very proud to call this place our
Alma mater!
1-й вед (каз): Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - Ақ Жайық өңіріндегі байырғы,
тарихы тереңде жатқан, өр рухты батыр әрі шешен Махамбет Өтемісов атын иеленген батыс
аймақтағы жоғары сапалы білімнің ордасы. Университетім - мерейтойың құтты болсын! Біз
өзіңмен шаттанып, өзіңмен мақтанамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |