Жылына 4 рет шығады



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата06.03.2017
өлшемі4,19 Mb.
#8044
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56

 
Әдебиеттер
1.
 
Гальперин И.Г. Текст как объект лингвистического исследования. – М.: Наука, 1981. – 183 с. 
2.
 
Тураева З.Я. Лингвистика текста. – М.: Просвещение, 1986. – 107 с.   
3.
 
Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми теориялық негіздері. – Алматы, 1999. 
4.
 
Мәрекбаева Ә. Әңгімелеу мәтіннің тілдік-стилистикалық сипаты. – Алматы, 2008. – 24 б. 
5.
 
Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 111 б. 
6.
 
Мұсаев А. Әдебиет иірімдері. – Ақтөбе, Принт А баспаханасы, 2011.  
7.
 
Тарази Әкім. Асу асу. (хикаялар). – Алматы: «Жазушы», 1970. – 200 б. 
8.
 
Мағауин М. Қияндағы қыстау. – Алматы: «Жалын», 1977. – 226 б. 
9.
 
Жұмаділов Қ. Тозақ оты. Хикаяттар. Әңгімелер. – Алматы: «Қазығұрт», 2010.  
 
Мусаев А.М. 
Вопросы дискурса в казахской прозе 
В статье рассматриваются художественные особенности дискурса современной казахской прозы и 
особенность    применения  данного  понятия  в  казахской  прозе.  Методы  поэтики  дискурса  в 
художественной  системе  рассмотрены  посредством  анализа  произведении  М.  Магауина,  А.  Тарази,  К. 
Жумадилова. 
Ключевые  слова:  диалог,  знак  и  намек,  насмешка,  чрезмерная  исполнительность  и  навык, 
сновидение, текст, сарказм, фактор, профессиональное мастерство. 
 
Musaev A.M. 
Problems of discourse in the Kazakh proze 
The article discusses the artistic features of the discourse of the modern Kazakh prose and the peculiarity 
of the application of this concept in the Kazakh prose.Methods poetics of discourse to the art system discussed 
through analysis of the work of M. Magauin, A. Tarazi, K. Zhumadilov. 
Кеуwords:  dialogue,  sign  and  hint,  mockery,  excessive  diligence  and  habit,  dream,  the  text,  sarcasm, 
factor, professional skills. 
 
 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
181 
ӘОЖ: 81-255.2  
 
Мәдібай Қ.Қ. – филология ғылымдарының докторы, профессор
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е-mail:_esoltanaeava@mail.ru__Керімбекова_Б.Д.'>Е-mail: 
muza@mail.ru
 
Солтанаева Е.М. – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
(Аламаты қ., Қазақстан), Е-mail: 
esoltanaeava@mail.ru
 
Керімбекова Б.Д. – филология ғылымдарының кандидаты,  
қауымдастырылған профессор, С.Демирел атындағы университет 
(Аламаты қ., Қазақстан), Е-mail: 
kapi-51@mail.ru
 
 
БАСПА ІСІНДЕГІ ТАҚЫРЫПТЫҚ СЕРИЯЛАРДЫҢ АУДАРМА ТАРИХЫНДАҒЫ 
МАҢЫЗЫ 
 
Аннотация.  ХХ  ғасырдың  cоңғы  ширегінде  қазақ  тіліндегі  көркем  аударма  кітаптары 
Алматыдағы  «Жазушы»,  «Жалын»  баспаларынан,  1999  жылдан  бастап  Астанадағы  «Аударма» 
баспасынан  жарық  көре  бастады.  Мақалада  осы  баспалардан  түрлі  тақырыптар  бойынша  серияланып 
шыққан  көркем аударма кітаптары қарастырылады. В.Распутиннің «Матёрамен қоштасу» шығармасына 
талдау жасалынады. Аудармашы қолданған тәсілдер, аударма стилі мен жазушы стилінің ерекшеліктері, 
прозадағы  ырғақ  т.б.  әдебиеттанушылық  ұғымдарға  көңіл  бөлінген.  Түпнұсқа  мәтін  мен  аударма 
мәтіннің эмоционалды-эстетикалық әсері салыстыра сараланады. 
Кілт  сөздер:  түпнұсқа,  аударма,  жазушы  стилі,  аудармашы  стилі,  типологиялық  алғышарттар, 
аударма сериялар, мәдениетаралық коммуникация. 
 
ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  қазақ  тіліндегі  көркем  аударма  кітаптары  Алматыдағы  
«Жазушы»,  «Жалын»  баспаларынан,  1999  жылдан  бастап  Астанадағы  «Аударма»  баспасынан 
жарық  көре  бастады.  Кеңестік  кезеңде  баспалар  аударма  әдебиетті  жоспарлап,  тақырыптары 
бойынша  сериялап  шығаруды  қолға  алған.  Мәселен  «Жазушы»  баспасының  «Әлем  әдебиеті», 
«Бауырлас  жырлар»,  «Шетел  прозасы»,  «Революцияға  дейінгі  орыс  классикасы»,  «Орыс  совет 
классикасы»,  «Достық  кітапханасы»  атты  сериялары  толығымен  аударма  кітаптардан  тұрса, 
«Жалын»  баспасының  «Достық  аясында»,  «СССР  –  халықтар  туысқандығы»,  «Өнегелі  өмір», 
«Фантастика.  Хикая.  Саяхат»,  «Жаһан»,  «Жасөспірімдер  кітапханасы»  атты  сериялары  арқылы 
жарық  көрген  кітаптардың  ішіндегі  қомақты  бөлігі  аударма  кітаптар.  Әр  сериямен  жарияланатын 
кітаптар  саны  жүзге  жуық  етіп  жоспарланған.  Осы  сериялардың  ішінде  хронологиялық  шекарасы 
кең, әрі саны жағынан көлемді, 10 мыңдаған тиражбен тараған «Достық кітапханасы» сериясы. 
«Достық кітапханасы» сериясы «Жазушы» баспасынан 1975-1990 жылдар аралығында шығып 
отырды. Жалпы саны 150 том етіліп жоспарланған. Алайда 1990 жылға дейін серияның 131 кітабы 
ғана жарыққа шығып үлгерген. 
Серияда  жарық  көрген  кітаптардың  дені  орыс  тілінің  делдалдығы  арқылы    аударылған. 
Тікелей  аударма  да  жоқ  емес.  Дегенмен,  олардың  саны  аз,  мысалы  қырғыз  тілінен  Т. 
Қасымбековтың  «Сынған  қылыш»  атты  тарихи  романын  І.  Жақанов,  өзбек  тілінен  С.Ахмадтың 
«Көкжиек»  романын,  П.  Қадыровтың  «Жұлдызды  түндер»  романын  Н.  Келімбетов,  А.  Қадыридің 
«Мешіттегі  бүйі»  романын  өзбек  тілінен  А.  Байжанова,  башқұрт  тілінен  З.  Биішеваның 
«Зәбірленгендер»  романын  З.  Сақиев,  татар  тілінен  И.  Салаховтың  «Емендер  тамыр  жайғанда», 
«Көкшетау  даласында»  роман,  повестерін  Ә.  Сексенбаева,  Ө.  Оспанов,  түркімен  тілінен  Б. 
Сейтақовтың «Ақын» атты романын Х.Ахмедиев аударды. 
Түркі  тектес  халықтар  әдебиетінің  үлгілерінен  тікелей  аударма  жасалған.  Бұған  көптеген 
жазушыларымыздың  сол  халықтардың  жер-суымен,  тұрмыс-салтымен,  күнделікті  қарекет-
тірлігімен,  әдебиет,  мәдениетімен  жақсы  таныстығы,  сол  елдің  қаламгерлері,  аудармашыларымен 
байланысы  әсер  етуде.  Мұны  Көбей  Сейдехановтың,  Әбен  Сатыбалдиевтің  өзбек  жазушылары 
Насыр Фазылов, Адыл Якубовтармен, Немат Келімбетовтың Пірімқұл Қадыровпен шығармашылық 
байланыстарынан, баспасөз беттерінде жарық көрген эпистолярлық мирасынан айқын көреміз. 
«Достық  кітапханасы»  сериясымен  шыққан  кітаптардың  кейбіріне  талдау  жасап,  қазақ 
әдебиетін байытуға өзіндік үлес қосқан олжалы аудармалар мен аса сәтті шықпаған аудармалардағы 
олқылықтарды  саралап  көрсеткен  аудармашы  Ә.Жұмабаев  «Достық  кітапханасы»  деп  аталатын 
мақаласында түркі тектес халықтар әдебиетінен жасалған аудармалардың өте сәтті шығып, тіпті төл 
әдебиетіміздегідей мүдірмей оқылатынын мысалдармен дәлелдейді 

1


Аударма  тарихындағы  өз  орны  бар  осынау  үлкен  серия  жайлы  1979  жылы  Ш.Елеукенов 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
182 
«Достық  дастаны»  атты  көлемді  зерттеу  мақаласында  қазақ  тіліне  аударылған  романдар  мен 
повестердің  өзіндік  ерекшеліктерін  идеялық-көркемдік  тұрғыдан  талдау  арқылы  көп  ұлтты  кеңес 
әдебиетіне  тән  ортақ  заңдылықтарын  көрсетуге  ұмтылады.  Литван  жазушысы  И.Авижюстің 
«Шайқалған шаңырақ» романынан интернационализмнің қайнар көздерін іздей отырып, оны қазақ 
жазушысы  І.  Есенберлиннің  «Қатерлі  өткел»  романымен  салыстырады.  Екі  шығармаға  тән 
ұқсастықты айқындайды. Екі шығармадағы бас кейіпкерлердің халқын бақытқа бастар жолды іздеуі, 
адасуы  секілді  ортақ  сарындарды  көрсетіп,  өнер  адамдары  болып  табылатын  бас  кейіпкерлер 
Гедминдас  пен  Бүркіт  образдарын  салыстырады.  Мұндай  ұқсастықтар  өмір  шындығынан  өрбіген 
құбылыс  деп  табылып,  ұлттық  және  интернационалдық  сипаттардың  диалектикасы  осы 
жазушылардың дүниетанымының табиғатынан туындайды деп түйеді зерттеуші. 
Осы  сериямен  шыққан  түркімен,  тәжік,  украин,  манси,  молдован,  белорус,  армян,  грузин, 
өзбек,  эстон,  латыш  жазушысыларының  шығармаларын  талдай  отырып  ұлттық  характердің  даму 
сипатын  ашып,  әдебиеттердің  өзара  байыту  диалектикасы  мәселелеріне  барады.  Ш.Елеукенов 
бірнеше  әдебиеттерді  салыстыра  зерттеу  арқылы  типологиялық  ұқсастықтар  мен  өзгешеліктерін 
айқындаудың үлгісін көрсетті 

2


«Достық  кітапханасы»  сериясымен  жарық  көрген  131  кітаптың  барлығы  да  Кеңес  Одағы 
құрамында болған барлық ұлттардың кеңестік кезеңдегі әдебиетін қамтиды.  
«Достық  кітапханасы»  сериясымен  орыс  әдебиетінің  елуге  тарта  үлгілері  аударылып  жарық 
көрген.  Назарға  орыс  әдебиетінің  кеңестік  кезеңіне  дәлірек  айтсақ,  ХХ  ғасырдың  екінші 
жартысындағы кезеңі алынған. Бұл қатарда А. Адамович, В. Астафьев, С. Баруздин, Ю. Бондарев, 
В.  Карпов,  А.  Ким,  В.  Белов,  В.  Распутин,  К.  Симонов,  Ю.  Казаков,  В.  Шукшин,  Ф.  Абрамов,  Г. 
Бакланов, С. Воронин, Б. Василевский, В. Афонин, А. Курчаткин, Э. Русаков, Д. Гранин, Е. Носов, 
Г. Семенов, В. Тельпугов, В. Маканин, А. Ананьев секілді танымал есімдер бар. 
Есімі  аталған  авторларды  қазақша  сөйлетуге  ұмтылған  аудармашылар  қатарында 
Қ.Шаңғытбаев,  Ж.  Ысмағұлов,  Н.  Шәкенов,  М.  Қаназов,  Ә.  Жұмабаев,  Ф.  Оңғарсынова, 
Ж.Бектепов,  Б.  Нүсіпбекова,  Н.  Төлеупов,  Қ.  Ахметбеков,  И.  Хасенов,  Е.  Әбдірахманов, 
К.Шалабаев, Е. Әбілмәжінов, Т. Тоқбергенов З. Асабаев, Б. Спанов, Е. Мырзахметов, С.Қилыбаев, 
К. Панзабеков, Б. Қошым Ноғай, Т. Медетбек, Т. Әбдірахманқызы,  Ж.Әскербекқызы, Ә. Ахметов, 
К.  Сегізбаев,  Ғ.  Оспанов,  А.  Сатаев,  І.  Жарылғапов,  Қ.Жармағанбетов,  З.  Әбдешев,  С.  Ақтаев,  К. 
Юсупов,  Н.  Сыздықов,  Ұ.  Есдәулет,  М.Сәрсекеев,  Т.  Тілеуханов,  Ғ.  Ахмедов,  А.  Сейдімбеков,  А. 
Бекбосынов,  Т.  Әсемқұлов  секілді  бір  емес,  бірнеше  шығармаларды  сәтті  аударуымен  танылған 
аудармашылар  бар.  Байқап  отырғанымыздай  бұл  кезеңдегі  аудармаға  өзіндік  қолтаңбасымен 
танылған ақындар мен жазушылар, журналистер мен майталман ғалымдарға дейін қатысқан. 
«Достық  кітапханасы  сериясымен»  шыққан  кітаптарда  ауылдық,  соғыс,  тарихи,  ғылыми, 
сатиралық,  фантастикалық  секілді  тақырыптардың  барлығы  қамтылғандығынан  көреміз.  Қазақ 
тіліне  ауылдық  проза  өкілдерінен  В.  Астафьевтің  «Ұрлық.  Жанаргүл»  повестері,  В.  Распутиннің 
«Соңғы  мерзім»,  «Матерамен  қоштасу»,  «Өрт»  повестері,  Ф.Абрамовтың  «Екі  қыс  және  үш  жаз», 
«Франтик»  шығармалары,  Б.  Можаевтың  «Тірі»  повесі,  И.  Васильевтің  «Орыс  жері»  повесі,  В. 
Беловтың    «Үйреншікті  шаруа»  повесі,  В.Шукшиннің  «Кісілік  келбеті»  т.б.  шығармалары 
аударылды, соғыс тақырыбына арналған А.Ананьевтің «Тойтарыс» романы, И. Баклановтың «Соғыс 
біткен  соң»  шығармасы,  Е.Носовтың  «Жеңістің  қызыл  шарабы»,  «Алыстағы  станциядан  түсемін» 
шығармалары,  Ю.Бондаревтің  «Жағалау»,  «Таңдау»  романдары,  К.  Симоновтың  «Тірілер  мен 
өлілер»  романы,  В.Карповтың  «Тірідей  ұсталсын»  романы,  В.Кожевниковтың  «Ерекше  бөлімше», 
«Петр  Рябинкин»,  Б.  Васильевтің  «Тамылжыған  таң»  повесі  мен  әңгімелері  В.Богомоловтың 
«Ақиқат сәті» шығармасы, А. Адамовичтің «Хатынь қасіреті» секілді өз кезеңінде үлкен қоғамдық 
резонанс тудырған кітаптар қазақ тіліне аударылды. Тарихи тақырыпта жазылған шығармалардан Д. 
Балашовтың  «Уақыт  желі»,  фантастикалық  шығармалардан  А.  Беляевтің  «Тулайды  теңіз»,  В. 
Михановскийдің «Шексіздікке шеру» атты фантастикалық романы қазақ тіліне аударылған. 
Осы  кезеңдегі  орыс  әдебиетінің  қазақ  тіліне  аударылу  деңгейін  бақылау  мақсатында  орыс 
әдебиетінен  қазақ  тіліне  кезеңдік  сипаты  жағынан  синхронды  аударылған  шығармалардың  бірі 
«Достық  кітапханасы»  сериясынан  жарық  көрген  В.  Распутиннің  «Матёрамен  қоштасу» 
шығармасын  талдап  көрелік 

3

.  Аударған  Ә.  Жұмабаев.  Ә.Жұмабаевтың  М.  Горький,  К. 
Паустовский,  А.  Грин,  М.  Шатров,  М.  Рид,  А.  Дюма,  Д.Лондон,  Ж.  Сименоннан  жасаған  
аудармашылық  еңбегі,  шеберлік  жолындағы  ізденісі  біршама  сараланғанымен,  В.  Распутиннен 
жасаған «Матёрамен қоштасу» шығармасының аудармасы зерттеушілер назарына ілікпеген. 
В.  Распутиннің  «Матёрамен  қоштасу»  шығармасын  аудармашының  таңдап  алуы  тегіннен-
тегін  емес.  Себебі  аудармашылық  еңбектің  негізгі  қызметі  отандық  әдебиетті  өзге  ұлттық  әдеби 
процеспен  байланыстырып,  екі  немесе  одан  да  көп  дамушы  әдеби  жүйелердегі  көркем 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
183 
құндылықтардың ішкі өлшемдерін таразылау болып табылғандықтан, ол генетикалық байланыстар 
саласында  әдебиетаралық  қарым-қатынастың  ең  мәнді  бір  көрінісі  деп  есептеледі.  Олай  болса 
аудару  үшін  шығарманың  таңдалып  алынуының  өзі  типологиялық  алғышарттар  мәселесінен 
туындайтыны дау тудырмайды. Оның үстіне көптеген аудармашылардың, әсіресе, шығармашылық 
ойлау  деңгейі  жоғары  аудармашылардың  таңдау  шарты  қабылдаушы  әдебиеттің  сұраныстарына 
байланысты,  оның  өзге  ұлттық  әдеби  құбылысты,  образды,  шығарманы  өз  бойына  сіңіріп  ала 
білуіне  байланысты  болатындығын,  оның  көркемдік  ерекшеліктеріне  жауап  бере  алу  қабілетіне 
байланысты  екендігін  аударма  практикасының  тарихынан  белгілі.  Распутиннің  «Матёрамен 
қоштасу»  шығармасы  қабылдаушы  әдебиет  үшін,  яғни  қазақ  әдебиеті  контексінде  оның  дамуына 
пара-пар,  параллель  екендігі,  оның  жемісті  тенденцияларына  сәйкес  екендігі  идея,  проблематика, 
сарын, образдар типологиясымен айқындалады.  
Ә. Жұмабаев, В. Распутиннің бір ғана «Матёрамен қоштасу» повесін ғана емес, оның «Өрт» 
атты  повесін,  «Байкал,  Байкал»,  «Рудольфио»  атты  әңгімелерін  аударып,  жазушының 
шығармашылығы туралы «Арлы талант» атты мақаласын жазады. Автор бұл мақалада В.Распутинді 
орыс әдебиетінің ауылдық прозасының  ірі өкілдері В. Шукшин мен Ф.Абрамов, В. Астафьев пен В. 
Белов тәрізді кесек тұлғаларының ізбасары екендігін көрсетіп, дегенмен, ешкімге ұқсамайтын жазу 
мәнерін,  халық  шығармашылығынан  сусындаған  бейнелі  де  бедерлі  тілімен  нағыз  халықтық 
жарқын характерлерді сомдай алғандығын жазады. 
В.  Распутин  шығармашылығына  тән  ең  үлкен  ерекшелік  –  ол  көбіне  өмірдің  жайбарақат 
табиғи  ағысын  бұзып,  оған  бір  қауіп-қатер  төніп,  апат,  ажал  келіп  қалған  кезін  бейнелейді. 
«Шекаралық жағдаяттағы» адам болмысы, оның іс-әрекеті әлдеқайда күрделеніп, өзгеріске түсетіні 
бар. Жазушыны дәл осы сәттегі қауымның, жеке адамның психологиялық ахуалы қызықтырады. 
«Матёрамен  қоштасу»  повесінде  алғашқы  шығармаларынан  келе  жатқан  желі  үзілмейді. 
Керісінше,  күшейіп,  енді  апат  бүкіл  бір  ауылдың,  бір  қауым  елдің  басына  төнеді.  Осы 
шығармасымен жазушы  өзінің  қарапайым  табиғи  қалпында  тіршілік  етіп  жатқан  тұтас  бір аралды 
адамзаттың  жарқын  болашағы  үшін  деген  желеумен  қуатты  электр  станциясы  салынады  деп  суға 
батыру  шешіліп  қойған.  Адамның  өз  қолымен  табиғатқа  жүргізбек  болған  билігі,  ақыры  өзін 
құртуға бағытталатынын жазушы жаны аши отырып суреттейді. 
Шығарма Сібір жеріндегі  өзгерістер  жайлы. Осы бір қатал  да  ғажайып  өлкенің  өзгерістерін 
жазушы өлкені бағындыруға немесе өзгертуге келген бөтен адамның көзімен емес, сол өлкеде туып-
өскен,  шын  көңілден  жақсы  көретін,  оны  тек құрылыс алаңы  ғана  деп  түсінбей,  өзінің  ата-бабасы 
тұрған киелі  мекен,  балалары, немерелері  тұратын отан  деп  түсінетін  байырғы  сібірліктің  көзімен 
қарап  жазады.  Сол  мекенді  халықтың  ата  дәстүрімен,  салт-санасымен  ажырамас  бірлікте 
қарастырады, сол халықтың игі қасиеттері су астында қалып бара жатқанына, туған жерімен бірге 
кетіп бара жатқанына қынжылады, аяныш білдіреді. Дана қарттар Дарья, Катерина, Сима кемпірлер 
образы,  Богодул  шал  бейнесімен  халықтың  бойына  жиған  рухани  мұрасы  бірге  кетіп  бара 
жатқандығын, ұрпақтар сабақтастығының үзіліп бара жатқанын көрсетеді. 
«Осынау  өзендерді  бөгеп,  қолдан  теңіз  жасап,  ормандарды  отап,  жерді  жыртып,  ата-бабалар 
моласын қопарып-қаздырып жатқан жұрт адамгершілік қадір-қасиетінен айырылып бара жатқан жоқ па? 
Алып құрылыстар салу үшін ескінің көзін міндетті түрде жою керек пе? Ағат ісімізбен келер ұрпақты 
жатбауыр, мейірімсіз етіп алмаймыз ба?» деген ойлар мәтін астарынан сезіліп тұрады. Осындай күрделі 
философиялық  түйінді  қазақ  тіліндегі  аудармасында  берілуіне,  аудармашының  мәтін  поэтикасын 
тудыруда, автор стилін берудегі шеберлігіне талдау жасап көрелік. 
М. Әуезов 1952 жылы И.Т. Тургеневтің «Дворян ұясы» романының өзі жасаған аудармасын 
жариялаумен  байланысты  жазған  кіріспе  мақаласында:  «Мен  шамам  келгенше,  ең  алдымен, 
романды  дәл  аударуға  тырыстым.  Тек  дәл  аудару  ғана  үлкен  жазушының  тіл,  стиль,  сөйлем 
ерекшеліктерін бере алатын болады, бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем аудару 
деп  түсінемін.  Сондықтан  қанша  ұзын  болса  да,  романның  өзіндегі  сөйлемі  үзіліп,  бөлшектеніп, 
бірнеше  сөйлем  болып  берілмейді.  Соның  орайына  орысша  текстің  өзінде  болған  тыныс 
белгілерінің  (пунктуацияның)  көбі  қазақша  текстінде  де  мол  қолданылады.  Сөйтіп,  Тургеневтің 
сөйлемдері  қазақшасында  да  өзінің  ұзынды,  қысқалы  көлемімен  дәл  беріледі»  -  делінген.  Ә. 
Жұмабаев аудармасын зер салып қарап отырып, аудармада автордың өзіндік ерекшеліктерін жеткізу 
үшін  сөйлемді  бөлшектемей,  тұтас  аудару  керек  деген  М.  Әуезов  принципін  ұстанғанын  көреміз. 
Түпнұсқадағы:  «Только  Богодул  небоявшийся  ни  черта,  ни  дьявола,  как  нарочно  лез  к  конторе,  и 
смотрел на приезжих пристально и недовольно, а они, чувствовалось, хоть и потешались над ним, 
но  и  побаивались:  не  человек  -  леший,  мало  ли  что  такому  в  голову  взбредет»,  аудармада:  «Тек 
шайтаннан  да,  жын-перілерден  де  тайсалмайтын  Богодул  ғана  кеңсеге  әдейілегендей  кимелеп, 
сырттан  келгендерге  жақтырмай,  шаншыла  қарап  тұрып  алады,  ал  олар  мұны  мазақтап,  тәлкек 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
184 
еткенімен,  именетіні  сезіледі,  адам  емес  –  албасты  ғой,  мұндайдың  ойына  не,  келіп  не  кетпейді 
дейсің» 

3

.  Немесе  түпнұсқада:  «Вот  так  же,  может  статься  и  перед  ее  смертью  позволят:  ладно, 
поживи еще до завтра – и что же в этот день делать, на что его потратить?» деген құрмалас сөйлем 
аудармада  сол  күйі:  «Бәлкім,  ажал  алдында  да  тап  осылай  мұрсат  беріп:  жарайды,  ертеңге  дейін 
жүре тұр дейтін шығар – сонда өзі не істейді, бос уақытын қандай іске бағыштайды?» деп беріледі. 
Осылайша  Ә.  Жұмабаев  ана  тілінің  заңдылығына  қарсы  келмейтіндей,  авторлық  жазудың 
пунктуациялық тәсілдеріне дейін дәл аударады. Сондай-ақ «День да ночь – сутки прочь», «Күн мен 
түн  өтеді  –  тәулік  те  кетеді»  секілді  келте  қайырылған  сөйлемдердің  өзін  асқан  шеберлікпен 
ырғағын,  сақтай  отырып  аударады.  «Жер  үлкендерден  бізге  қалған  аманат,  оны  өзімізден 
кейінгілерге аман-есен тапсыруымыз керек» - деген әжесінің пікірімен келіспеген немересі «Адам – 
жердің  патшасы»  дейді.  Сонда  қарт  ана  «поцарюет,  поцарюет,  и  загорюет»  деп  бір  ауыз  сөзбен 
жауап  қатады.  Мұны  «патшалығын  құрар-ау,  кейін  қайғырып  жылар-ау»  -  деп  аудармада  сөйлем 
мазмұнын дәл беруімен қатар, ұйқасын да келтіреді. 
Аудармашы өз еңбегінде эквивалентті аударманың түрлі тәсілдерін қолданады. Мәселен, «Остров 
растянулся на пять с лишним верст, и не узенькой лентой, а утюгом, - было где разместиться и пашне, и 
лесу,  и  болотцу  с  лягушкой...»  деген  сөйлем  аудармада:  «Арал  бес  шақырымнан  астам  жерге  ащы 
ішектей жіп-жіңішке болып шұбатылмай, өтек тәрізденіп талпиып жатыр – мұнда егістікке де, орман-
тоғайға  да  бақа-шаянды  саздаққа  да  жететін  жер  бар...»  деп  аударады.  Аралды  сипаттауда  автор 
қолданған  «не  узенькой  лентой»  дегенді  аудармашы  «ащы  ішектей  жіп-жіңішке  болып  шұбатылмай» 
деп береді. Әрине, аудармашы «жіп-жіңішке лентадай емес» деп пайдалануына да болар еді. Алайда ол 
орыс  сөздерінен  қашып,  мәтінді  өзге  тілдің  сөздерімен  шұбарламайды.  Аудармашы  қолданғандай 
тәсілді орыстың белгілі аударматанушысы В.Комиссаров «мағыналық эквивалент» деп таниды. Себебі 
бұл әрекет түпнұсқадағы хабардың мазмұнын жеткізу мақсатынан, яғни коммуникацияның референттік 
қызметінен туындап отыр. Сондай-ақ аудармашы әрекетінен қазақ оқырманына эстетикалық әсер етуді 
көздегенін көруге болады. 
Мысалдарға  жіті  қарасақ,  Ә.  Жұмабаевтың  аудармадағы  өз  стилі  де  танылады.  Аудармашы 
қос  сөздерді  өте  көп  пайдаланатынын  көреміз.  Мәселен  орыс  тіліндегі  көпше  түрде  айтылған 
сөздерді  беруге  қазақ  тіліндегі  қос  сөздерді  жиі  қолданады:  постройки  –  үй-жайлар,  весь    двор  – 
бүкіл қора-жай,  старухи – кемпір-сампыр, вести – хабар-ошар, поднимающие пыли – шаң-тозаңын 
бұрқырата,  с  детьми  –  бала-шағасымен  т.б.  Мағынасын  күшейту  мақсатында  пайдаланады:  очень 
легко дегенді оп-оңай-ақ,  совсем один – жападан-жалғыз, до того крупные – сондай ірі-ірі т.б. 
Занеможет-әл-дәрмені  жетпеу,  ткала  из  тряпичных  дранок  –  жүн-жұрқадан  алаша  тоқып, 
наступала кругом благодать, покой и мир – рахат-шарапатқа бөленіп, тыныштық-тыным орнайды, когда 
затихал  ветерок  -  самал-себез  саябырлағанда,  поохала  –  аһылап-үһілеп,  пропал  бесследно-із-түссіз 
жоғалып кетті, неизвестно еще, удастся ли самой поставить самовар - өзі де самауырды қояр-қоймасы 
беймәлім  деген  мысалдардан  қос  сөздердің  сан-түрлі  үстеме  мағынасында  жұмсалып  тұрғандығы 
көрінеді.  Аудармашының  қос  сөздерді  көп  қолданудағы  басты  мақсаты  –  аударманың  оқырманға 
түсініктілігін  арттыру.  Шамасы,  жоғарыда  келтірілген  М.  Әуезов  пікіріне  белгілі  сыншы  М. 
Қаратаевтың:  «аудармашы  түпнұсқаға  сөзбе-сөз  ұқсатамын  деп,  кітаптың  оқушыға  түсініктілігін 
ауырлатып  алған»,  -  деген  қарсы  пікірмен  де  Ә.  Жұмабаев  таныс  болса  керек.  Аудармашы  қазақ 
тіліндегі қос сөздердің сөйлем ішінде атқаратын қызметін жақсы білетіндіктен, өте орынды пайдаланған. 
Аудармашы  мәтіндегі  диалогтарды  аударуда  да  мейлінше  түпнұсқа  негізін  сақтауға 
тырысады. Түпнұсқада: 

 
Что бабушка скоро и ты эвакуируешься? 

 
Куируюсь, куируюсь, - даже без вздоха, спокойно, послушно отвечала она.   
Аудармада: 

 
Қалай, әже, ұзамай эвакуацияланасың ба? 

 
Сияланамын, сияланамын, - деп әжесі жайымен байсалды жауап  
қатады,  тіпті  күрсінбейді  де»  -  деп  аудармашы  автордың  қарт  кейіпкеріне  беріп  отырған 
жанама мінездеуін сол қалпында жеткізеді. 
В.  Распутин  шығармашылығын  зерттеген  орыс  сыншыларының  көбі  жазушы  тілінің 
күрделігін,  оның  орыс  тілінің  диалектілерін  көп  қолданғанын  айтады.  «Кое-где    перенасыщена 
«местными реченьями». Приходится лезть в специальный словарь, чтобы узнать, что такое «релка» 
- дейді Ю. Селезнева 

4


Диалектілерге  бай,  өзге  ұлттық  оқырман  түгіл  орыс  оқырманына  біраз  қиындықтар 
тудыратын  бұл  шығарманы  аударуда  тәржімашы  біршама  еңбектенгені  көрінеді.  Аудармашы 
«обвальный  дождь  затихал»  деген  тіркесті  «шелектеп  құйған  жауын  саябырлап»  деп  дұрыс 
аударады.  Сондай-ақ  запарник  деген  есім  сөзді  мағынасын  айқындап  «шай  шығаруға  арналған 

 
                                                                 
 
 
Хабаршы 
№2- 2015 ж. 
   
 
 
185 
ыдыс» деп береді, немесе «набрядшие ноги» деген тіркесті «домбығып ісіп кеткен» деп, «вяклый» 
сөзін «әлсіз» деп аударады. Бұлардың барлығы да диалектілер сөздігіндегі түсіндірмесімен пара-пар 
аударылған.  Көркем  аудармада  аудармашы  алдына  қойылатын  (Г.Гачечиладзе,  К.  Чуковский,  В. 
Комиссаров): бейнеленіп отырған өмір шындығы дәл берілуі, түпнұсқа негізі сақталуы, ана тіліне, 
оның  заңдылықтарына  нұқсан  келтірілмеуі  керек  деген  үш  шарт  бар.    Бұл  тұрғыдан  келгенде  Ә. 
Жұмабаев  осы  шарттың  барлығын  да  орындай  алған.  Оның  қазақ  тіліндегі  аудармалары  қазақ 
аударма тарихында құнды дүние ретінде қалатыны сөзсіз. 
Қорыта айтқанда, баспа ісіндегі қолға алынған әрбір аударма сериясы өз мақсатына жеткенін 
тарих  көрсетті.  Бүгінгі  күні  мәдениетаралық  коммуникацияның  басты  көзі  ретінде  баспа  ісінде 
аударма серияларды жаңғырту ісі қолға алынуы керек. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет