Анализ данной таблицы показывает, что в кардоне Никонова концентрация
меди превышает значение ПДК в 1,73 раза. По остальным тяжелым металлам в
пробах почвы из разных кардонов превышений ПДК не наблюдается.
ЛИТЕРАТУРА:
1.
Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. –
Алматы: «Алматыкітап», 2006.- 284 б.
2.
Грановский Э.И., Неменко Б.А. Современные методы определения
тяжелых металлов и их применение для биологического мониторинга
(аналитический обзор). Алма-Ата: КазНИИНТИ, 1990.- 97 с.
3.
ГОСТ 17.4.402-84 Охрана природы. Почвы. Методы отбора и
подготовки проб для химического, бактериологического, гельминтологического
анализа.
4.
Кенжебеков А.К., Андасбаев Е.С., Есенгабылов И.Ж., Умирбекова
Ж.Т., Джанкулдукова А.Ж. Химия окружающей среды: Учебное пособие.-
Талдыкорган: ЖГУ им. И.Жансугурова, 2013
5.
Андасбаев Е.С., Кенжебеков А.К., Умирбекова Ж.Т., Джанкулдукова
А.Ж. Физико-химические методы анализа компонентов природной среды: учебно-
методическое пособие – Талдыкорган: ЖГУ имени Жансугурова, 2013.
ӘОӘ 612.825.8
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛИСТІК-
ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАСЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАС
Н.Н. Смаил, медицина ғылымдарының докторы, профессор
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Мақала денсаулық пен ауру құбылыстарының материалистік-диалектикалық
арақатынасы турасындағы көзқарасты сипаттайды, аурудың сыртқы және ішкі
себептерінен, даму механизмдерінен, клиникалық белгілері мен салдарларынан
мағлұмат береді.
Статья посвящена диалектико-материалистическому представлению
соотношения здоровья и болезни, внешних и внутренних причин, процессов
развития, клинических проявлений и исходов болезни.
The article is sanctified to presentation of correlation of health and illness, external and
internal reasons, processes of development, clinical displays and ends of illness
.
Кілт сөздер: денсаулық, ауру, сырқат, себеп-салдар, бейімделгіштік,
тітіркендіргіш, морфологиялық-функциялық деңгейлер, реактивтілік, конституция,
дерттік реакция, дерттік процес, дерттік күй, аурудың ағымы, аурудың ақыры.
114
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Дене тәрбиесімен, әсіресе спортпен шұғылдану барысында пайда болатын
аурулардан сақтандыруды оңтайлы жүргізудің бірден-бір маңызды шарттарының бірі,
ауру деп аталатын ерекше құбылыстың себеп-салдарын, туу жағдайларын, табиғатын,
мазмұнын түсіну. Ауруды түсіну үшін денсаулық деп аталатын екінші бір ерекше
құбылыстың мазмұнын түсіну керек. Денсаулық та, ауру да табиғи және өте күрделі
құбылыс екеніне күмән жоқ. Медицина ғылымында осы екеуінің түрлі анықтамалары
белгілі. Олардың көбісі денсаулықтың да, аурудың да бір жағын сипаттайды. Мысалы,
денсаулықты организм мүшелері мен жүйелері функцияларының немесе қызметінің
сыртқы орта факторларымен теңгерімде болуы дейді. Басқа сөзбен айтқанда, денсаулық
дегеніміз организмнің ішкі ортасымен, сыртқы орта факторлары арасындағы
теңгерімділік немесе гомеостаз. Кенноның ілімі бойынша бұл организм ішкі ортасының
тұрақтылығы.
Жалпы биологиялық тұрғыдан денсаулық организмнің сыртқы орта факторларына
жоғары бейімделгіштігін көрсетеді де, денсаулықтың басты белгісі болып саналады.
Мысалы, денсаулығы жақсы спортшы организімі ауыр да, қарқынды да жүктемелерді,
зор жүйкелік-жансезімдік ширығулардынемесе зорлануды физиологиялық қалыптан
шықпай-ақ атқара береді. Бұл денсаулықтың физиологиялық процес екенін көрсетеді.
Әрбір жеке адамның денсаулығы, екінші бір адам денсаулығына ұқсамайды, демек
денсаулықтың нұсқасы әр адамда әртүрлі болады. Олардың сыртқы орта факторларына
реакциясы да жекеше келеді.
Организм саулығының сыртқы орта факторлары әсерлеріне бейімделгіштігі, оның
өзін-өзі реттей алатын қасиеті бар, күрделі тірі жүйе екеніне байланысты. Биология
ғылымы организмнің «өзін-өзі реттей алатын күрделі жүйе» екенін ежелден дәлелдеген.
Жүйелілік қасиет жасуша деңгейінен басталып, тін, мүше, организм деңгейіне дейін
көтеріледі. Айтылған морфологиялық-функциялық деңгейлердің өзіндік бейімделу
механизмдері бар. Мысалы, жасушалар, тіндер, мүшелер, жүйелер өз деңгейлерінде
тынымсыз өзгеріп тұратын сыртқы ортаның факторларына оңтайлы жұмыс тәртібімен
бейімделеді.
Денсаулықтың да, аурудың да көрсеткіштері шартты. Организмнің көптеген
физиологиялық функциясының тербелістері ауқымды болып келеді. Физиологиялық
функциялар тербелістерінің ауқымы жеке организмнің ерекшеліктеріне, адамның
конституциясына,
машықтық
дәрежесіне,
жасына,
жынысына,
организмнің
реактивтілігіне және басқа да табиғи қасиеттеріне байланысты. Сондықтан дәл осы
немесе басқа бір функционалдық өзгеріс бір адамға дерттік, ал екінші бір адамға
физиологиялық болып келеді. Мысалы, артериялық қан қысымының 100 мм дейін төмен
болуы бір адам жүрек-қантамырларының жүйкелік-эндокриндік реттеуші механизмі
бұзылыстарына байланысты болса, төзімділік жаттығуларына жақсы жаттыққан спортшы
үшін артериялық қан қысымның осындай мөлшері физиологиялық немесе қалыпты. Бұл
жағдай спортшының жүйкелік-эндокриндық механизмінде бұзылыстары жоқ екенін
көрсетеді.
Ауру - организмнің ерекше жаңа сапалық күйі болып саналады. Аурудың сапалық
ерекшелігі едәуір дәрежеде организмдегі дертті процестің жүріп жатқан немесе
шоғырланған жеріне байланысты. Мысалы, артерия қантамырларындағы
атеросклероздық процестен туатын өзгерістер қай мүше қантамырлары дертке
ұшырағанына байланысты, ауру алуан түрлі болып келеді. Мысалы, атеросклероздық
түйін жүректің коронарлық қантамырларына орналасса, стенокардия ауруы немесе
миокард инфаркты, ал ми қантамырларына орналасса, ми инсульті пайда болады.
Адам ауруды елемей жүруінен қазаға ұрынады. Мұндай жағдай спортшылар
арасында жиі кездеседі, себебі организмдерінің қорғаушы-бейімделтуші және өтеуші
механизмдері жетік болады. Сырқаты бар болуына қарамастан, спортшы өзін-өзі жақсы
115
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
сезінеді, сондықтан спорттық жаттығуларын тоқтатпайды. Ал мұндай жағдай өмірге
қауіпті келеді.
Организм сау күйден сырқаттық немесе ауру күйге өтпелі немесе сырқат алды күй
арқылы ауысады. Егерде организмге өте күшті тітіргендіргіш әсер етсе, әдеттегі
тітіргендіргіштерге бейімделе алатын қасиетінен айырылса, физиологиялық емес немесе
дерттік өзгерістер туады. Бұл аурудың басталғанынан хабар береді. Аурудың көп
анықтамаларының қатарындағы бірден-бір түсініктісі мынадай: ауру зақымдаушы
факторлар әсерлерінен организмнің қалыпты тіршілігінің бұзылғаны, қоршаған орта
өзгерістеріне бейімделуінің шектелгені, еңбек ету қабілеттілігінің төмендегені.
Сырқат организмде арнайы да, арнайы емес те өзгерістер пайда болады. Арнайы
өзгерістер сырқатты қоздырушы фактор табиғатына сәйкес келеді. Мысалы, микробтар
негізінен арнайы өзгерістерді туғызады. Иондағыш радиация, химиялық канцерогендер
жасушалар мен тіндерде гендік және хромосомдық өзгерістер туғызады да,
тұқымқуалаушылық ауруларға әкеледі. Ал ми қыртысы мен қыртыс астының
морфологиялық-функциялық
бұзылыстары
жансезімдік
ауруларды
туғызады,
алгипофиздің алдыңғы бөлімі мен бүйрек үсті безінің қоршаған орта стресс-
факторларына беретін стандартты реакциялары арнайы емес өзгерістерді туғызады. Бір
аурудың құрамында арнайы да, арнайы емес те өзгерістер өзара қабаттасып жатады, тек
аурудың дамуы барысында механизмдерінде арнайы да, арнайы емес те өзгерістерінің
меншікті үлесі мен мазмұны әрқалай болып келеді.
Ауру жасушалар, ұлпалар мен мүшелердегі сандық өзгерістердің сапалық
өзгерістерге айналуы деп түсіндіріледі. Дертті процесті туғызатын залалды
тітіркендіргіштер организм жасушаларын зақымдап қана қоймай, жүйке жүйесінің
қабылдағыштарына әсер етуі арқылы арнайы да, арнайы емес те қорғаныс
реакцияларыменбілінеді. Дегенмен бір ауру құрамында жүріп жатқан дерттік те,
бейімділік-қорғаныстық реакцияларды ажыратып алу оңай емес.
Ауру - диалектикалық құбылыс. Дәлірек айтқанда, ауырған немесе сырқат
организмде, бір жағынан, талқандалу, бұзылу процестері жүріп жатса, екінші жағынан,
жаңару, бұрынғы қалыпқа келтіру механимздері іске қосылып, қайта құрылу процестері
жүріп жатады. Олардың біріншісі пайдалы болса, ал екіншісі зиянды болып саналады.
Пайдалы, жағымды процестер қолдауды, күшейтуді талап етсе, жағымсыз процестер
басуды, жоюды талап етеді.
Ауру клиникалық белгілермен немесе симптомдармен білінеді. Мүше тініндегі
пайда болған бүлінулер немесе зақымдар аурудың басталуына және дамуына себеп
болып келеді.Дегенмен зақымдардың клиникалық симптомдары білінбейінше, ауру бар
деп диагноз қойып, атауға негіз жоқ. Зақымдардың қандай болмасын тіндер мен
мүшелерде шоғырланғанына қарамастан, ауру тұтас организмнің азаптануы деп
саналады.
Ауру дерттік реакциялардан, дерттік процестерден және дерттік күйлерден
тұрады. Бұларды ажыратабілудің маңызы зор. Дерттік реакцияларға кез-келген
тітіркендіргішке организмнің беретін қысқа мерзімді әрекеттері жатады. Дерттік
реакциялар салдарынан сырқат адамның еңбекке жарамдылығы кемімейді. Мысалы,
жағымсыз күйзелістен артериялық қысым қысқа мерзімге көтеріледі. Қысқа мерзім өткен
соң көтерілген қысым төмен түсіп, қалпына келеді. Осындай қысқа мерзімді реакция
адамның еңбек қабілеттілігін төмендетпейді.
Дерттік процестер деп бірнеше дерттік реакциялардан тұратын кешенді айтады.
Кешен құрамындағы жеке реакциялар ара қатынастарының салдарынан құрылымдық-
функционалдық өзгерістер туады да, толыққанды аурудың дерттік бірлігі қалыптасады.
Дерттік процестер де адамның еңбекке қабілеттілігін елеулі төмендетпейді. Мысалы, тері
астына жиналған май шоғырлары, тері бетіндегі сүйелдер дертті процестерге жатады.
116
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Қандай болмасын аурудың негізінде жататын организмде типтік дерттік процестер
де дамиды. Олар қабыну, қызба, стаз, тромбоз, эмболия, инфаркт. Типтік дерттік
процестердің табиғаты дерттік және қорғаныстық-бейімділік реакциялар кешені, түрлі
аурулар құрамына кіреді.
Дерттік күй деп баяу дамитын дерттік процестерді және олардың салдарын
айтады. Мысалы, аяқ-қолдар отасынан кейін қалған тұқыл, жарақаттан соң қалған
соқырлық, маймақтық және басқа кемістіктер – дерттік күйлер.
Аурулардың ағымы төрт кезеңнентұрады: жасырын, продромальды, толық даму,
аурудың ақыры. Себепші фактор әсері тиген кезден бастап, аурудың алғашқы
симптомдары білінгенге дейінгі уақытты жасырын кезеңі дейді. Бұл кезең бірнеше
секундқа, минутқа, аптаға, айға созылуы мүмкін. Мысалы, жұқпалы аурулардың
жасырын кезеңін инкубациялық деп атайды.
Продромальды кезең ауру адам көңіл-күйіннің төмендеуімен, денесінің дел-сал
болуымен, қызуының көтерілуімен, қалтыраумен, басының ауыруымен және тағы басқа
жағымсыз белгілерменанықталады. Осы кезеңде дәл осы ауруға тән белгі байқалмайды.
Дәл осы ауруға тән белгілер ауру толық дамыған кезде білінеді. Симптомдар кешенін
синдром деп атайды.
Ауру шапшаң немесе баяу дамуы және аяқталуы мүмкін. Аурудың шапшаң
дамуын және аяқталуын кризис, ал баяу дамуын және аяқталуын лизис деп атайды.
Симптомдары жоғалған кезеңді аурудың ақыры дейді. Аурудың ақыры салдармен
аяқталады,салдары үш түрлі болуы мүмкін: құлан-таза немесе түбегейлі жазылу,
түбегейлі жазылмау, өлім. Түбегейлі жазылған аурудың симптомдары болмайды. Кейбір
жағдайда ауру симптомдарының жоғалуы түбегейлі жазылғанның көрсеткіші болмауы
мүмкін,сондықтан дәрігерлер мұндай жағдайды есінен шығармауы керек. Мысалы,
ауырып тұрғаннан кейін спортшы организімінің функционалдық жағдайын қалыпқа
келтіру үшін машықтандырушы жүктемелер қарқынын бара-бара көтеру қажет. Кері
жағдайда ауру қайталануы мүмкін.
Түбегейлі жазылмаған аурулардан салдар қалады. Мысалы, өкпесінің қабынуынан
кейін толық жазылмаған адамда дерттік салдар немесе плеврит қалады. Плеврит сияқты
салдарлар біршама уақыт сақталып барып жойылады, ал кейбір жағдайда асқынады.
Плеврит, буын жарақатының салдары, эндокардтың қабыну салдары жүрек
қақпақшаларының кемістігіне әкеледі де, тұрақты дертті күйді қалыптастырады.
Аурудың ең жағымсыз салдары өлім. Кенеттен немесе созылған өлімді айырады.
Созылған өлімнің кезеңдеріне жанталас, клиникалық және биологиялық өлім жатады.
Жанталас адам организмі тіршілігін қамтамасыз етуші қызметтерінің бұзылуы себебінен
туады. Жанталасқан адамның алдымен есі мұнарланады, сандырақтайды, жүрегі
әлсірейді, тынысы ырғақсызданады, денесі салқындайды, рефлекстері жоғалады.
Клиникалық өлім қанайналым мен тыныстың тоқтауымен, рефлекстердің жоғалуымен
сипатталады. Дегенмен кейбір ұлпалардың әрекетке қабілеттілігі 5-6 минутқа дейін
сақталады. Тірілту әрекетін жасап, жүрек пен тынысты қалыпқа келтірсе, адам тіріледі.
Ал оттек тапшылығына шыдамайтын ми қыртысының нейрондары шапшаң өледі. Қайта
тірілген адамның өзі мұндай жағдайда мүгедек болып қалуы мүмкін. Биологиялық өлім
тіндер мен мүшелердің қайтымсыз өзгерістерімен сипатталады.
Аурудың әдетті ағымы асқынудан немесе қайталанудан өзгереді. Дәл осы ауруға
тән бұзылыстарға тосын себептер қосылса, ауру асқынады. Тубейгейлі жазылмаған
аурудың біршама уақыттан соң қайталанғанын рецидив дейді (мысалы, дизентерия﴿. Ал
түбегейлі жазылып кеткен ауру қайталана өршісе, оны екінші рет ауыру дейді. Мысалы,
өкпесі қабынып барып жазылған адам қайта ауырса, оның екінші рет ауырғаны болады.
Аурудың ағымы шапшаң, шапшаңрақ және баяу болуы мүмкін. Шапшаң ағымды
немесе жіті аурулар бірнеше күнде дамиды. Шапшаңырақ аурулар деп апта бойы
дамитын ауруларды айтады. Созылмалы немесе баяу дамушы ауруларға жылдар, тіпті
117
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
өмір бойына созылған аурулар жатады.Мұндай аурулардың сауығып кеткен кезеңдерін
аурудың ремиссиясы дейді де, ал аурудың қайтадан қозып кеткен кезеңдерін аурудың
қайталануы дейді.
Айтылғандарды тұжырымдай келе, организм деп аталатын биологиялық күрделі
жүйе тіршілік процесі барысында басынан екі түрлі елеулі құбылыстарды кешіреді: бірі
саулық аталса, екіншісі сырқаттық деп аталады. Саулық - қалыптылық, ал сырқаттық -
қалыпсыздық бейнесі болып келеді. Саулық физиологиялық, сырқат немесе ауру дерттік
процестер. Денсаулық организмнің қоршаған ортаға бейімділігін, адамның қызметтік
қабілеттігін қамтамасыз етсе, ауру, сырқат организімнің бейімділік қасиетін, енбекке
қабілеттілігін төмендетеді. Саулықты қалыптастырушы механизмдер, дерттік
механизмдермен диалектикалық арақатынастар орнатып, динамикалық болып білінеді.
Адам организімінің тұтас болуы - саулық пен дерттік күйлерді басынан кешіруі, жоғары
жүйке жүйесі әрекетіне тәуелді және жануарлардың осы сыяқты күйелерінен
ерекшеленеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Мустафина Т.К. Спорттық медицина.- Алматы, 1997
2.
Дубровский В.И. Спортивная медицина. - М.: Гуманит. изд. центр
ВЛАДОС, 2002
3.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого,
Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002
4.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под
ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.
5.
Нұрмұхамбетулы Ә. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007
6.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е
изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004
7.
Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.:
Медгиз. - 1962
8.
Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и
теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986
9.
Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.:
Медицина, 1995
10.
Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии//Вестник КазГМУ,
1999. - № 5, с.114 - 117.
ӘОЖ:811.512.122ˈ 373.22:58
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ӨСІМДІКТІҢ КҮРДЕЛІ АТАУЛАРЫН
МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ ТОПТАУ
Сүлейменова Г.С., магистр, аға оқытушы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Бұл мақалада күрделі сөздер барлық сөз табынан орын алатыны,
аналитикалық тәсіл көне замандардан келе жатқаны айтылады. Соның ішінде
біріккен сөздерді қарастырып, Қазақстан аумағындағы күрделі өсімдік атауларын
мағынасына қарай топтастырылды.
В данной статье рассматриваются сложные слова встречающиеся во всех
частях речи и возникновения аналитических форм с древних времен.С ложные
118
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
слова,в частности составные названия растений Казахстана сгруппированы по
семантическому признаку.
The article states that the compound words found in all parts of speech and of the origin of
analytical forms since ancient times. This article explains complex words, mainly compound names
of plants of Kazakhstan,aggregated by semantic sign.
Кілт сөздер: күрделі сөздер, синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл,
белскенді сыңарлар, лексикалық бірлік
Аналитикалык тәсіл арқылы екі я онан да көп сөзден кұралып, бір
лексикалық мағына беретін сөздер күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, бойжеткен,
елтаңба, әнүран, әнтаспа, өуежай, жазбапікір (отзыв), жылыжай (теплица), қонақүй
(гостиница), ауыз ашар, шағын кәсіп, аш-жалаңаш, бау-бакща, бизнес-жоспар,
бизнес-орталық, ғалым-хатшы, Қазақгелеком, АҚ (акционерлік қоғам) т.б. Күрделі
сөздер қанша сөзден құралса да, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін
аткарады. Көпшілік жағдайда олар екі сөзден трады, яғни күрделі сөздің құрамында
екі сыңар болады. Алайда екіден көп сөзден де құрала береді. Мысалы, Екібастүз,
Кемпірөлген, Ащысай сияқты мысалдар-оның құрамы үш, төрт сөзден қүралуы да
бар екеніне дәлел.
Қазақ тілінде күрделі сөздер кең орын алады. Күрделі сөздер барлық сөз
таптарында бар. Мысалы, Ас үй, әуе серігі (стюардесса), жол сілтеуші
(регулировщик), кұрбан айт, нағашы жұрт деген күрделі сөздер - зат есім. Түлкі
тымақты, қыр мұрынды, қара мұртты, ащы судай, ессіз адамдай - күрделі сын
есімдер; жеті-сегіз, жүз алпыс жеті, мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз - күрделі сан
есімдер; кейбір, бірнеше, әлдебір, әлдеқалай - күрделі есімдіктер; алып кел, барып
көр, алып бер, Кіріп шық, келіп кет - күрделі етістіктер; таңертең, жаздыгүні, биыл,
бүгін, зорға-зорға - күрделі үстеулер; жалт-жұлт, адыраң-адыраң - еліктеуіш
сөздер;
әйткенмен, сол себепті, не болмаса, сүйтсе де - күрделі шылаулар; бәрекелді (барака
аллаһу) - одағай.
Күрделі сөздердің барлық сөз табынан орын алуы оның тілге кең
таралғанының көрсеткіші ретінде қаралу керек, яғни тіліміз күрделі сөздерге өте бай.
Бұл-жалғыз қазақ тілінің ерекшелігі емес, дүние жүзі тілдеріне тән жалпы құбылыс.
Рас, күрделі сөздің қолданылуы әр тілде бірдей деп қарауға болмайды. Ол туралы
ғалым А.А.Пашковский былай дейді: «Күрделі сөздер түрлі тілдердің лексикалық
системасынан орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді бірікгіру қосымша тәсіл болып,
оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің периферия бөлімінен орын алады. Келесі
бір тілдерде ол өте кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы тілдерге
жапон тілі жатады. Лексикадан алатын сөздің типіне қарап, оны күрделі сөздің тілі
деуге болады» Ф.А.Ганиев күрделі сөз неміс, ағьлшын, жапон және хинди, славян
тілдерінде көп қолданылады деп санайды. Түркі тілдерінің ғалымдары, оның ішінде
казақ тілінің ғалымдары да, түркі тілдерін де күрделі сөзге бай тілдер деп таниды.
Бұл - осы тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілінің көне замандардан бастап,
күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқанының нәтижесі. Түркі тілдерінің ең көне
жазба ескерткіштері саналатын орхон жазбаларында кісі аттары мен жер-су
атауларында күрделі сөздер жиі кездеседі, ол дәстүр қазір де сақталған. Мысалы,
Әубәкір, Бөкейхан, Жантөре, Жанмырза, Қызылорда, Таддықорган, Ақмола, Ақгөбе,
Ащысай т.б.
Бұл дәстүр басқа сөздерге де кең тарап, аналитикалық тәсіл арқылы басқа
атаулар да жасалған, сондықтан ол қазір барлық сөз таптарының сөздерінен мол
орын алып отыр.
Қазақ тілінде күрделі сөздердің сыңарларын байланыстыратын басқа
тілдердегідей (орыс тілі) арнайы қосымша жоқ. Күрделі сөздердің ішкі сыңарлары
119
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
бір-бірімен орын, мағына арқылы байланысады. Мысалы, алпыс бес, жүз елу екі,
қызыл ала, Алатау, Қаратау деген күрделі сөздердің құрамындағы сыңарларды
байланыстырған қосымша жоқ.
Тілдердің көбінде күрделі сөздер мәселесінде түрлі көзқарас, даулы
мәселелер өте көп. Олардың көбі күрделі сөздердің тілдерде танылу-танылмауына
байланысты. Бұл мәселенің түп негізі күрделі сөздердің емлесінен туып жатады.
Бірсыпыра тілдерде күрделі сөздердің сыңарларын бірге жазылу дәстүрі бар. Ондай
тілдерде дау-шар аз, бірақ күрделі сөздер тілге үнемі қосылып отырады. Міне,
мұндай күрделі сөздердің танылуы, жазылуы қалыптасқанша, алалық туып отырады.
Ағылшын тілі - жазу мәселесінде де өте консервативті тіл екені белгілі, соның өзінде
ғалым О.Д.Мешков: «Ағылшын тіліндегі мерзімді баспасөзбен таныс адам онда
күрделі сөздердін бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүргенін біледі» деп жазады .
Ал жазуы бір ғасырда бірнеше рет өзгерген тіл білімі кеш дамыған түркі
тілдерінде күрделі сөз мәселесі шешілді деп айту мүмкін емес, күрделі сөз
мөселесінде пікір алалығы өте күшті, оның ішінде қазақ тілі де бар. Бұл жағдай
күрделі сөз мәселесіне ерекше назар аударуды
керек етеді. Сондықтан күрделі
сөздердің белгілерін білу кажет.
Күрделі сөздердің сыңарлары қалай болса солай, кез келген сөзден жасала
бермейді, оның өзіндік зандылықтары бар. Біріншіден, күрделі сөздің құрамындағы
сыңарлар мағыналық қатысы бар сөздерден құралады. Екіншіден, күрделі сөздердің
сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Күрделі сөздің мағынасын жасайтын
оның сыңары толық мағыналы дербес сөздер болуы керек. Бүл мәселе дүние жүзі
тілдерінің басым көпшілігінде танылған, тек түркі тілдерінің кейбірінде ғана бірлі-
жарым жеке
пікірлер кездеседі. Бірақ жалпы тіл білімі көлемінде күрделі сөздер
толық лексикалық дербес сөзден жасалады деп саналады.
Тіл білімінде күрделі сөздердің түп төркіні сөз тіркесі саналады. Тілде
кейбір сөз тіркестері бірте-бірте мағыналық дамуға ұшырап, құрамындағы
сыңарларының мағынасы жымдасып, кірігіп бір мағынаға көшкен. Олардың
сыңарлары өзінің алғашқы мағынасынан алыстап, өзінің дербестігінен айрылған,
сыңарлардын, мағынасының бір-бірімен кірігуінің нәтижесінде олар біртұтас сөзге
айналып, белгілі бір ұғымды білдіретін күрделі сөз болып қалыптасқан. Сондықтан
күрделі сөздің мағынасы берілу үшін, күрделі сөздің құрамы, құрамындағы
сыңарлардың орын тәртібі ол қалыптасқан кездегі қалып сақталуы қажет.
Күрделі сөз өзінің сыңарларының мағынасының біртұтас мағынаға кірігіп,
бір сөзге көшуінен бастап, бір сөз болып танылатындықтан, ол тілдегі басқа сөздер
сияқгы дайын тұрған лексемалар болып саналады да, сөйлемге сол дайын тұрған
қалпында кіреді. Демек, күрделі сөздер сөйлемге дайын тұрған қалпында алынатын
лексикалық бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады,
сөйлемнің бір мүшесі болады, бір сұраққа жауап береді.
Біріккен сөздердің бір тобы сыңарларының өте ықшамдалуы арқылы
жасалған. Мысалы, биыл (бүл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай
етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады.
Кіріккен сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық
сақтамай, немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына
жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас
сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел (алып+кел), өпер (алып+бер), әкет (альт+кет),
биыл (бүл+жыл), бүгін (бүл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), кдрлығаш
(қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу
(бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (түра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі
(ендігіден+әрі), ашудас (ашу+тас), сөйтіп (срлай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме
(бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+кднат) т.б.
120
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған,
бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс қана
сақталып, сөздің құрамындағы
дыбыстары өте ыкщамдалғандары
Қазақ жері де табиғаттың осы ұшан теңіз байлығына мол.
Тілде пайда болып жатқан күрделі сөздердің қазақ тіл білімінде алатын орны
ерекше.Күрделі сөздердің қалыптасу ерекшелігіне қарай бірнеше түрлері
бар.Тіліміздегі сөзжасам жүйесінде синтетикалық тәсілдерден кейін,негізінен,
аналитикалық тәсілімен жасалатын сөздер кең орын алады. Біз сол аналитикалық
тәсілмен жасалған өсімдік атауларына арнайы тоқталмақпыз. Ғасырлар бойы
қолданып келген, халық тілінде әбден қалыптасқан өсімдік атауларын былай
топтастыруға болады.
І.а)Төрт мал атауларының және олардың қосалқы атауларының күрделі
өсімдік атауларын жасауға қатысы
Ат: атқонақ, айқұлақ, атқұтыртқан, т.б.
Айғыр: айғырқияқ
Бие: биебау, биеемшек, биеқарын т.б
Жылқы: жылқышөп т.б.
2.Қой: қой бүлдірген, қойжелек, қойкемірген, қой қарақат, қойоты, т.б.
3.Ешкі: ешкі бұршақ, ешкі қоңырау, ешкімия,
ешкісабақ, ешкі сасыр, ешкішөп, ешкітал, ешкіқұйрық т.б.
Теке: текесақал,т.б.
4.Түйе:түйе жапырақ, түйеқарын, түйетабан, түйетікен, түйеқарын,
түйеқұйрық
Нар:Нарқайсар
5.Сиыр:сиыр бұршақ, сиыр бүлдірген, сиыр қарақат, сиырқұйрық,
сиырсілекей т.б.
ә) Сонымен бірге төрт түлік төлдеріне байланысты күрделі өсімдік атаулары
бар
1.Бота: ботакөз,ботақұлақ, ботатабан т.б.
2.Бұзау:бұзаубас.
Өгіз:өгізкөз, өгізтіл, өгізөлең, т.б.
Тана:танакөз
3.Қозы: қозыгүл, қозықұлақ, қозықұйрық, т.б.
Тоқты:тоқты шайыр,т.б
Лақ:лағоты
3.
тайтұяқ т.б.
Құлын: құлынембес
Құлан:құланқұйрық
ІІ.Күрделі өсімдік атауларының жасалуында жабайы аңдар атауларының да
атқарар қызметі өте күшті, мысалы:
1.Аю: аю бадам, аю балдырған, аю бүлдірген, аю жүн, аю құлақ, аюоты,
аютабан т.б.
2.Арыстан:арыстанауыз, арыстан табаны,т.б.
3.Борсық: борсықжүн
4.Бөрі: бөріаяқ,бөрі бұршақ,бөріжидек, бөрі жөке, бөрікөз, бөріқарақат,
бөріқұлақ, т.б.
Қасқыр:қасқыржем, қасқыржидек, қасқырмасақ, қасқыртабан т.б.
Тарлан:тарланқияқ
5.Бұғы:бұғы қынасы, бұғы мүгі т.б
6.Бұлан: бұланмүйіз
121
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
7.Елік: елікшөп, елікбалдырған т.б.
8.Киік: киікоты, киікшөп т.б.
9.Бөкен: бөкен
10.Құлан:құланқұйрық
11.Құндыз: құндызгүл, құндызшөп
12.Құралай: құралайгүл
13.Марал: маралоты, маралтамыр, маралқурай т.б.
14.Қоян: қоян беде, қоянжын, қоянқұйрық, қоянжүн, қояноты, қоянсүйек,
қоянтамақ, қоянтобық, қоян жоңышқа, қоян жүзген
15.Доңыз; доңызоты, доңызсырт, доңыз қоға, доңыз түк
16.Түлкі:түлкіжем, түлкіқұйрық, түлкімасақ
17.Суыр: суыроты
ІІІ. а)Күрделі өсімдік атауларының жабайы құс атауларымен келуі.
1.Аққу:аққугүл, аққуоты
2.Бөдене:бөденешөп
3.Бұлдырақ: бұлдырықот, бұлдырықшөп.
4.Құс:құсаяқ
5.Көккек. көкекоты, көкекшөп
6.Ләйлек:л әйлекшөп
7.Торғай: торғайжем, торғайбас, торғайоты
8.Тырна:тырнашөп
9.Үкі: үкікөз
ә)Сонымен бірге үй құстарының аттарымен келетін күрднлі өсімдік
атауларына мысал келтірейік.
1.Қаз: қазтабан, қазтамақ, қазоты т.б.
3.Тауық. тауықбас, тауықкөз т.б.
4.Үйрек.үйректұмсық
ІY.Күрделі өсімдік атауларының үй жануарларының аттарымен келуі:
1.Есек:есекмия, есекжем, есекшөп т.б.
2.Ит: итбүлдірген, итемген, итжидек, иттікен, итмия, иткәсік, итшу, ит бадам,
т.б.
Құмай: құмайшөп
3.Мысық: мысықоты, мысыққұйрық, мысықтабан
Y.Тілімізде күрделі өсімдік атауларын жасауда бақа-шаян, құрт-
құмырсқалардың аттары да үлкен қызмет атқарады.
Бақа: бақажапырақ, бақаоты, бақаауыз т.б.
Балық: балықкөз, балықоты, т.б.
Бүрге: бүргедән, бүргешөп, т.б.
Жылан: жылантамыр, жылантіл, жыланшөп, жыланбас, жыланкөз,
Кене: кенедәрі, кенедән.
Көбелек: көбелекгүл
Кірпі: кірпібас.
Қандала: қандалашөп.
Құрт: құртшөп.
Тышқан: тышқанқұйрық.
Шаян: шаянмойын, шаянмойнақ, шаянот.
Шыбын: шыбынбас, шыбынжұрт, шыбынқырғыш, шыбынот, шыбынжек
Шіркей: шіркейот.
1.а) Сондай-ақ күрделі өсімдік атауларының жасалуына адамға қатысты
сөздер, жынысы, жасы да ұйытқы болады.
Адам: адамтамыр, адамшөп.
122
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Баба: бабажапырақ.
Бала: балажапырақ.
Өгей: өгейшөп, өгейшек.
Ер адамға байланысты аталатын күрделі өсімдік атауларына біра мысал
келтірейік:
Ер:ербасы, ерқұны.
Еркек: еркекбуын, еркекшөп, еркекқамыс, т.б.
Мырза: мырза сораң.
Құл: құлқайыр.
Балуан: балуаншөп.
б) Әйел адамға байланысты аталатын күрделі өсімдік атаулары да жоқ емес.
Қыз: қызбалтыр, қызжүзім, қызқарағай, қызтаңдай, қызшөп.
Келіншек: келіншекшөп.
Кемпір: кемпіршөп.
1. Адамның дене мүшелері, анатомиялық атаулар да күрделі өсімдік
атауларының жасалуына үлкен әсер етеді.
Бармақ: бармақтамыр.
Саусақ: саусақгүл.
Тырнақ: тырнақгүл
Ерін: ерінгүл.
Тіс: тісдәрі, тісжеміс, тісшөп.
Тіл: тілқияр, тілқияқ
Қолтық: қолтықгүл, қолтықсабақ.
Бауыр: бауыршөп, бауырмүк, бауырқұрт.
Бүйрек: бүйрекшай, бүйрекбет.
Бүйір: бүйіргүл.
Жүрек: жүрекжапырақ, жүрекшөп.
Өт: өтқұлақ.
VIII. Әр түрлі діни ұғымдарға сөздермен байланысты күрделі өсімдік
атаулары бірен – саран болса да кездеседі. Мысалы: әулиеғаш, перітіс, жындышөп,
иманжапырақ, шайтанкелмес, шайтанқұлақ, шайтантемекі, молдаяқ, тәуіпдәрі.
IX. Күрделі өсімдік атауларының мезгілге қатысты сөздер арқылы, сол мезгілде
өсетін, гүлдейтін кезіне байланысты жасалуы: мысалға
Аяз: аязоты, аязшөп
Қыс: қысшөп
Көктем: көктемшөп
Мамыр: мамыргүл
Наурыз: наурызгүл, наурызшешек
Күндіз: күндізгүл т.б.
Түн: түнсұлу, түнсұлугүл
Ымырт: ымыртгүл
X. Күрделі өсімдік атауларының әр түрлі мекендік атауларға өсетін жеріне
байланысты аталуы: Балшық: балшықшөп
Батпақ: батпақ аққанаты, батпақ балдырған, батпақгүл, батпақшөп т.б.
123
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Бұлақ: бұлақшөп
Беткей: беткейшөп.
Дөң: дөңбет
Жайлау: жайлаугүл
Жартас: жартасшөп
Жер: жержастық, жерқосақ, жерсабақ, жерсабын, жерсағыз, жер тары,
жертүйнек
Құм: құм ебелек, құмот, құмшөп, құмберіш т.б.
Қыр: қыржапырақ,
Орман: орманот.
Өзен: өзенқұлақ т.б.
Сай: сайсабақ сайсағыз т.б.
Сор: сортікен, сортаңшөп, сораң, т.б.
Су: сужапырақ, сужұлдыз, сукөрік, су сорғалдақ, суқабақ, сусімір, т.б.
Тау: таугүл, таусағыз, таушешек, тауқурай, т.б.
Тас: тастағаш, тасбүлдірген, тасжарған, тастөбе, тас қабақ, тас қоңырбас, тас
бұйырғын, тасжапырақ, тасқараң, таспажапырақ, т.б.
Шөл: шөлмасақ, шөлқияқ, т.б.
XI. Күрделі өсімдік атауларының бірінші сыңарлары әр түрлі түске
байланысты болып айтылуы тілде өнімді қызмет атқарады.
Ақ: ақжелек, ақбас, ақгүл, ақжапырақ, ақжелкен, ақжелкек, аққанат, аққой,
аққурай, ақмамық, аққылтан, ақтамақ, ақ таспа, ақтікен, ақшуақ, ақшұнақ, ақшонақ,
ақ айрауық, ақ баттауық, ақ жүзген, ақ қонақ, ақ сора.
Ақбас беде, ақбас жоңышқа, ақбас щырмауық, ақбасқурай, ақнабат,
ақсырттан, ақшытай, т.б.
Ала: ала бота, ала қоғыр , алатікен, т.б.
Боз: бозбұға, бозкілем, боз қонақ, бозтікен, бозшағыл, бозшалғын, боз
арша,боз бедеге, боз изен, боз көде, бозқылтық, бозғыл көде, т.б.
Жирен: жиренқұлақ
Көк: көкбиік, көк тал, көк мысыққұйрық, көк терек, көкбас беде, көкбасшөп,
көкгүл , т.б. (Біздің қазақ халқы “көк” түсін жасыл түс мағынасында да тілімізде
қолданған. Осы қолданыста “жасыл” түс мағынасында айтылаған.)
Күлгін: күлгінбас, күдгінгүл, т.б.
Күрең: күреңот, күреңшөп, күрең тал, т.б.
Қара: қарабарақ, карабүлдірген, қаражеміс, қаражидек, қараккенен, қара
құмық, қараматау, қара от, қаратамыр, қара ажырақ, қара алма, қара андыз, қара
арша, қара бұрыш, қара бидай, қара қоғыр, қара жусан, қара меңдуана, қара өрік,
қара самырсын, қара сексеуіл, қарашора, қаратұяқ, қарасаған, қара сұлы, қара тал,
қара терек, қара ырғай, т.б.
Қоңыр: қоңырбас, қоңыр балдыр, т.б.
Қуаң: қуаңдәрі
Қызыл: қызылбояу, қызылқат, қызылтаңдай, қызылқұйрық, қызыл
қоянжын, қызыл мия, қызыл сораң, қызыл тал, қызыл тұзшөп, қызл арша, қызыл
бұрыш, қызыл жоңышқа, қызыл жүзген, қызыл жыңғыл, қызыл қайың, т.б.
124
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Қырмызы: қырмызыгүл.
Сары: сарыгүл, сарысадақ, сарысазан, сарысояу, сарытікен, сарытұңғиық.
Достарыңызбен бөлісу: |