ӘОЖ 376
АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЖАЗБАША БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Г.Т. Азанбекова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы
Бұл мақалада зиятында ауытқуы бар бaлaлардың жазбаша байланыстырып
сөйлеуін дамыту және оны ұйымдастырудың түрлері, оқушылардың белсенділігін
арттырумен саналылықты жүзеге асыру үшін, балаларды өз ойының барысын
байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған
табиғаттағы өзгерістерді бақылай отырып, жазбаша жұмыстарды орындауға
үйретудің маңызы қарастырылған.
В статье рассматриваются особенности развития письменной связной речи
детей с нарушениями интеллекта и виды ее организации. Наблюдая за
окружающим миром и изменениями в природе, слушая собеседника, учащиеся
учатся излагать свою мысль и выполнять письменные работы, что способствует
повышению их учебной активности.
The article studies the peculiarities of developing written connected speech of
children with intellectual disabilities and types of its organization. Observing the world
and changes in nature, listening to conversations, students learn to express their thoughts
and do written work, thereby increasing their learning activity.
Кілт сөздер: зиятында ауытқуы бар бaлaлар, жазбаша байланыстырып
сөйлеу
Жазбаша тіл – байланыстырып сөйлеудің бір формасы болып табылады.
Жазбаша тіл бұл дайындалған, тексеруге, түзетуге және жетілдіруге болатын тіл.
Жазбаша тіл графика, монологтан тыс – тікелей қарым – қатынас жағдайында
қолданылуы мүмкін. Жазбаша тілде интонация, мимика, ым – ишара, сияқты
қосымша құралдар қолданылмайды.
Зиятында ауытқуы бар бaлaлардың жазбаша байланыстырып сөйлеуін
дамыту, ауызша сөйлеуді қалыптастыруға қарағанда өте күрделі процесс болып
табылады. Арнайы мектеп мұғалімі бұл сұрақтарды шешу барысында көптеген
қиындықтармен кездеседі, бір қиыншылық – жазбаша тілдің спецификасымен
байланысты болса, басқалары балалардың – даму ерекшеліктеріне байланысты.
Жазбаша тіл – ауызша тіл сияқты маңызды қарым – қатынас құралы болып
табылады.Оны дамыту ауызша тілге сүйену арқылы жүзеге асады. Л.С.Выготский
жазбаша сөйлеу формасының ерекшеліктерін белгілей отырып – бұл формада
ауызша тілмен салыстырғанда аса абстрактілі болып табылады деген. Жазбаша
сөйлеу сонымен бірге саналығымен және регламенттігімен ерекшеленеді. Бұл
сөйлеудің формасы балаларда мектепте оқыту процесінде дамытылады[1,2].
35
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Зиятында ауытқуы бар бaлaлардың логикалық ойлаудың жеткіліксіздігі,
жаңаны баяу темппен меңгеруі, тілдің даму ерекшеліктері жазбаша байланыстырып
сөйлеуін қалыптастыруды күрделендіреді.Сонымен бірге ішкі сөйлеудің де бұзылуы
әңгімені ойша жоспарлауға, «өзі жайлы» сөйлем құрастыруға кедергі келтіреді.
Жазбаша сөйлеу процесінде қажет міндеттердің аспектілігі (мазмұнын ойластыру,
керек сөздерді іріктеу, мазмұндаманың бірізділігін іріктеу, сөйлемді дұрыс
құрастыру, оларды бір бүтінге біріктіру, сөзді орфографиялық дұрыс жазу)зиятында
ауытқуы бар бaлaлармен жұмыста тағы басқа да қиындықтар туғызады. Бұл
қиыншылықтар өзін – өзі бақылау дағдыларының, дамуының жеткіліксіздігінен
тереңдейді, оқушыларға ойша лексика – грамматикалық, орфографиялық және
стилистикалық қателерді тексеруге кедергі келтіреді. Көптеген әдіскерлердің
зерттеулері көрсеткендей (М.Ф.Гнездилов, Л.С.Вовин, \Е.А.Гордиенко, З.Н.
Смирнов) жазбаша байланыстырып сөйлеумен жұмыс тілдік дамуы жағынан да, ой
қызметін жүзеге асыруда да алға жылжытады[3].
Сонымен бірге жазбаша байланыстырып сөйлеу, мөлшері бойынша оны
қалыптастыру, ауызша сөйлеуден бай болады. Арнайы мектепте жазбаша
байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған жұмыс 2 сыныптан басталады.
Оқушылар құрылған сөйлемдерді суреттің астына қолжазба түрінде жазады,
мұғалімнің сұрағына жазбаша беруге үйренеді. Сонымен бірге оның жауаптары және
сұрақтар сынып жоғарлаған сайын күрделеніп отырады. Сұрақтарға жауап беру
дағдыларын қалыптастыру келесі ретте ұсынылады:
а) заттың қарайып атауын талап ететін сұрақтарға жауап (бұл не?)
б) жеке фактіні толық және қысқаша сипаттауды талап ететін сұрақтарға жауап
(не істеу керек? Қандай?)
в) біріктіруді талап ететін сұрақтарға жауап (мына екі зат формасы бойынша
қандай?)
г) екі, үш одан да көп сөйлемдерден тұратын байланыстырып сөйлеуді талап
ететін сұрақтарға жауап (қайда болдыңдар?)
3-4 сынып оқушылары мұғалім өзі толық құрып алған жоспар бойынша
мазмұндама жазады,ұжым мен орындалады.
Бағдарламаға сәйкес жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамытуға арнайы
сабаққа уақыт, жалпы сабақтардың санынан бөлінеді. Шығармашылық жұмыс 1
сағат көлемінде өз бетінше жазылатын шығарма мен мазмұндаманың саны әр оқу
жылына 8-10 сағатқа дейін барады. Бірақ шығармашылық тапсырманы орындауға
жаттығулар саны аз жеткіліксіз болғандықтан мазмұндама мен шығарманы
грамматика және дұрыс жазу сабақтарында да жаздыру қажет.
Е.А. Гордиенконы зерттеулері көрсеткендей жоспар көлем бойынша үлкен
емес бірақ нақты және эмоционалды құрылған болуы керек.Сөздік фразеологиялық
жұмыс уақытында жоспардың әр пунктіне қарсы сөздерді жазып алуға болады.
Зиятында ауытқуы бар бaлaлар дайын сөздік материалды нашар қолданады. Е.А.
Гордиенко тағы жоспардың барлық пункті бойынша оқушылар толық ауызша әңгіме
құрастыра алмайтындығын көрсетті[4].
Біріншіден кез келген әңгіме, тіпті жақсы оқитын оқушының әңгімесі
жеткіліксіз болады.
Екіншіден – әңгіменің мазмұнымен ұжыммен талқыланған, ал бір материалды
қайталай беруді оқушыларды шаршатады, сабаққа қызығушылығын төмендетеді.
Үшіншіден
ауызша
әңгімелеу,
жазбаша
сөйлеудің
алдында
жүреді.Оқушылардың шығармалары мен мазмұндамаларына бірыңғай сипаттама
береді.Сонымен бірге ауызша әңгімелеу кейбір сөздің қателерін ескертуге
балалардың сөзінде дайындалған сөздік материалды белгілеуге көмектеседі.
36
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Жазбаша байланыстырып сөйлеудің спецификалық түрі іс қағаздары болып
табылады. Іс қағаздарының тілі деп – әр түрлі ресми құжаттардың, қатынас
қағаздарының, сенім хат, куәлік хат, ресми немесе ресми емес хаттардың т.б. тілін
айтады. Іс қағаздарының тілінде өзіне тән стильдік , лексикалық ерекшеліктер
қолдану аясы болады.
Іс қағаздарының екі түрі болады: 1. Арнайы қатынас қағаздары, құжаттарың
жазбалар немесе жеке адамдар арасында қолданылады.Өтініш ,анықтама, сенім хат,
куәлік хат, қол хат, ант, өмірбаян, хаттама, шарт, мінездеме, хабарландыру,
телеграмма, жұмыс жоспары, баяндама, анкета т.б.
2. Кітап оқу мен оқу сабағымен өздігімен білім алумен байланысты:
конспектілеу, тезис, аннотация (түсініктеме) жасау, рецензия(пікір алу).
Бұлар қазақ тілі сабақтарында тікелей жанаспаса да практикада жиі
кездесетіндіктен олардың үргілері қазақ тілі кабинеттерінде жазылып, ілініп қояды.
Сабақ үстінде кейде олардың қалай жазылуымен таныстырып, отыру қажет.
Мысалы: 1. Хабарландыру зат есімді оқытқанда мекен, мезгіл пысықтауыштарына
байланысты мысал ретінде беріледі.2. Сенім хат – сан есімді оқытқанда. 3.
Телеграмма – жай сөйлемді оқытқанда. 4. Өтініш – жай және құрмалас. 5. Хаттама -
құрмалас сөйлемді оқытқанда жаздырылады.
Іс – қағаздармен жұмыс жасау оқушылардың жазбаша сөйлеуін кеңейтіп қана
қоймай, оларды өмірге дайындаудың өзіндік бір формасы болып табылады. Арнайы
мектептің 4 сыныбына бастап іс қағаздарын құруға үйрету қарастырылған.Әдетте
бұл жұмыс – керекті іс – қағаздарын толтыру қажеттігімен байланысты. Мысалы,
мектепте жаңа жыл мерекесі туралы хабарландыру дайындау, телеграмма жазу т.б.
Психологтардың анықтауынша бастауыш сынып оқушыларының қиял
дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаға кездесуге құштарлығы өзін ертегі
кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым
болады.олардың бұл ерекшеліктерін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың зор
маңызы бар. Қиял екі түрлі: белсенді және енжар, ал белсенді қиялдың өзі қайта
жасау, шығармашылық болып екіге бөлінеді.Шығарма,мазмұндама жұмыстары
белсенді қиялдың екі түрінде дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер,
диафильмдер көру арқылы алуан түрлі оқиғаларды көз алдына елестету – қайта
жасау қиялының көрініс болса, бала қиялының бетіне шындыққа бұрып іс –
әрекетіне өз ойынан шығарғанын өздігінен тапқандарын қосып дамытуға,
толықтыруға, үйрету шығармашылық қиялдың дамуына әсер етеді.
Бастауыш мектептерде оқшылардың мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету
жұмыстарында да басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның
практикамен байланыстылығы, көрнекілік, саналық, түсініктілік, оқушылардың
белсенділігін арттыру және жүйелік принципі ескерілерді. Бұл жұмыстарда
оқушылардың белсенділігін арттырумен саналылықты жүзеге асыру үшін балаларды
өз ойының барысын байқауға біреудің айтқанын тыңдай білуге айналадағы өздерін
қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге заттармен құбылыстарды
салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге
үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Шығарма, мазмұндама жазу кезінде оқушылар негізде мыналарға әдеттенеді,
дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді парталардың үстіне дұрыс қою,
әріптерді дұрыс жазу, лексикалық (сөздерді дұрыс қолдану), морфологиялық және
синтаксистік мәтінді алдын – ала синтездеу ойлау операцияларын дұрыс қолдана
білу,
жазғандарын
тексере
білу,
және
қателерін
түзете
білу
т.б.
дағдылар.Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының мақсатының өз зиятында
ауытқуы бар бaлaлардың ойлау қабілетін жан жақты дамыту болғандықтан осы
жұмысты іске асыру кейбір процестер тұрақтанып қалыптасады.
37
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Психикалық – педагогикалық және методикалық әдебиеттердегі пікірлерді
жинақтап келе оқушылар мынандай педагогикалық машықтарға үйренуге тиіс:
1.
Мазмұндама да оқылған мәтінді меңгеріп, сол түсінгендерін өз сөздерімен
жазуға дағдыланады.
2.
Шығармада ұсынылған материалды түсініп, оның идеялық мазмұнын ұғу.
3.
Шығарма жазу үшін материал жинау, яғни материал жинау барысында
бақылаудың кейбір тәсілдерін үйрену.Мысалы, «Үй қалай салынды?» тақырыбы
бойынша материал жинау барысында балалардың ата – аналарынан сұрауы,
кейбіреулері кітап оқу арқылы бақылаулары мүмкін.
4.
Жинақтаған материалдарын жүйелеуге бастауыш сынып оқушылары алғашқы
кезде мазмұндама жазу арқылы үйренеді. Өйткені материалды жүйелеу, оны бөлімге
бөлу, ат қою және керісінше, әр бөлімде әңгімеде айтылатын ой жүйесіне сай
салыстыру зиятында ауытқуы бар бaлaларға оңайға түспейді.Бұл үшін олар алдымен
дайын мәтіннің жүйесін меңгереді, яғни қандай да болмасын, мәтіннің белгілі - бір
жүйемен құрастырылатынын ұғады.Содан кейін бірте - бірте өздері көрген
білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да, әуелі оны жүйелеп алуға әдеттенеді.
Егер оқшы бұған үйренбесе, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, білетін
нәрселерін айтып бере алмай, ештеңе жаза алмайды.
5. Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті жеткізіп, айту білу мұны шығарма
немесе мазмұндама жазғанда тілдік норманы сақтап, әдеби тілдің нормаларын
пайдалана білу.
6.
Оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, түзету, жетілдіре түсу. Жазған
әңгімені белгілі бір тұлғада баяндай білу.
Зиятында ауытқуы бар бaлaлардың психологиялық ерекшеліктеріне сай
көрсетілген педагогикалық талаптарды басшылыққа алып оларды шығарма мен
мазмұндама жазуда үйретуде лингвистикалық негіздерге сүйенуге болады.
Шығарма жазуға үйрету, тілді дамыту, мазмұндама, шығарма жазу
жұмыстары арқылы іске асады. Мазмұндама мен шығарма балалардың ойлау
қабілетін түсінігін, ой – өрісін, жазу мәдениетін дамытуға бағытталған. Оқушылар
оқығанын ауызша баяндағанды бір тақырып төңірегінде сөйлеп қоймай, келешекте
шығарма жазатындай етіп ойластыру керек. Арнайы мектепте бастауыш
сыныптарда, шығарма, мазмұндама жұмыстарының көлемі көбіне шағын болады.
Солай болғанымен де бағдарлама бойынша байланыстырып сөйлеуге, шығарма мен
мазмұндама жазуға уақыт бөлінген. Балалар оқыған шығармаларын қарапайым
талдау жасауымен, оны айтқанда шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру үшін
материал іріктеп алу, олардың іс – әрекетіне баға беру, мәтіннен қанатты сөздерді
теріп алу сияқты дағдыларды да меңгереді. Оқушылардың айналасындағы өмір
туралы ұғымым мен түсінігін дұрыс қалыптастыру – оқу сабақтарының аса
маңызды міндеті.Бұл міндет балаларды нақтылы заттармен ,адам өміріне және
табиғат тіршілігіне байланысты фактілермен әр түрлі құбылыстармен үздіксіз және
белгілі бір мақсатпен таныстырып отыру арқылы жүзеге асырылады.
Шығарма дегеніміз – белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы баяндау.
Шығармаларды мынандай топтарға жіктеуге болады:
1.
Оқушылардың оқыған, яғни тыңдаған әңгімелеріне байланысты;
2.
Экскурсия бойынша;
3.
Өнер саласына (сурет, кино т.б.) байланысты;
4.
Оқушылардың өз іс – әрекеттеріне байланысты.
Оқушылардың оқыған немесе естіген әңгімелеріне байланысты шығарма
жұмысы кезінде сөйлемді дұрыс құру дағдысы үшін оларды үйде немесе сыныпта
жазған шығармалары, үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп,
үйретудің пайдасы зор. Мұндағы ұтымды мәселенің бір ұшы бала өзін қоршаған
38
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ортаға, айналаға сын көзбен қарап жақсы мен жаманды, еңбекқорлықпен
жалқаулықты, кішіпейілділік пен дөрекілікті байқайды. Балаларды сөйлеткенде
олардың сөйлемдері қысқа, әрі түсінікті, жүйелі құрылуына назар аударып, айтып
отырған әңгімелеріне үйренген жаңа сөздеріне кірістіре сөйлеуін қадағалап, кейін
осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануға болатынын оқушыларға ескертіп
отыру қажет. Ол үшін жетекші сұрақтар қоюға болады.
Оқушылардың оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша
шығарма жазуды ұйымдастыру.
а) оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай отырып, өз
сөздерімен еркін шығарма жазады;
б) оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелердің үлгісіне еліктеп өздері ойдан
шығарып жазады.
Дұрыс
ұйымдастырса екеуінің де пайдасы мол. Бұл оқушының
шығармашылық қиялын дамытады, оның тілін ұстартып, ойын жүйелі баяндауға
төселдіреді. Жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер, табиғатқа және
өндіріс орындарына оқушылардың экскурсия жасауына байланысты алған
мағлұматтар мен жиналған материалдарын қорытуды – экскурсияға байланысты
шығарма деп топтастырылады. Өйткені бала даладағы (егістік, шаруашылық т.б.)
еңбекті, табиғаттағы өзгерістерді экскурсияға шығу арқылы немесе айналаға жеті
қарап, зер сала отыру арқылы бақылайды. Ақыл – ойы кем 5- сынып оқушылары
бақылау арқылы жинаған материалдарын, көрген білгендерін өз беттерімен бірден
жазып кете алмайды.
Арнайы мектепте 5 сыныпта шығарма жазуға мұғалім басшылық жасап
жоспары мен мақсатын толық құра білуге үйретеді. Бұл сыныпта жүргізілетін
шығарма 4-сыныптағы шығармадан күрделірек, яғни өмір тәжірибесіне сай, табиғат
сырларына, адам еңбектеріне арналған тақырыптар енеді. Сонымен бірге шығарма
тақырыптарына сюжетті, суреттер, диафильмдер, оқу киноларын пайдалануға
болады және шығарма жаздырарда сол тақырыптарға байланысты көрнекі
құралдарына үзбей пайдалану қажет.
Оқушылардың білімін, сыныптың деңгейін оқушылардың ойлау шеберлігін
ескере отырып, мынандай жоспарларды топтастыра отырып құруға болады:
1.
Тақырыпты анықтау, жұмыстың мақсатын белгілеу;
2.
Мұғалім құрған жоспармен таныстыру немесе барлығы бірге жоспар құру;
3.
Жоспардың әр бөлігінің мазмұнын ашуға байланысты оқушы құрған
сөйлемдерді тыңдау.
Енді 5 сыныптан алынған шығармалардың кейбіріне тоқталсақ.
Шығарманың тақырыбы «Өзенге саяхат».
Бұл тақырыпқа байланысты сұраулар мен қысқа әңгіме жүргізіп, қиын сөздер
тақтаға жазылады.
Сұрақтар:
1.
Жексенбі күні қайда бардыңдар?
2.
Ауылдан шыға нелерді көрдіңдер?
3.
Өзен жағалауында нелер өсіп тұр?
Бұл шығармаға оқушылар өздері жоспар жазады. Мысалы:
1.
Сынып болып мектепке жиналу.
2.
Өзенге саяхатқа шығу, өсімдік әлеміне назар аудару.
3.
Дария жағалауындағы көріністер туралы әңгімелесу.
4.
Мұғалімнің қорытынды сөзі мен аулға қайту.
«Қырмандағы қызу еңбек» тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:
1.Қырманнан нелерді көрдік?
2. Жанымызға келген ағай не айтты?
39
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
3.Қырманға қандай көліктер келіп жатыр?
4. Бізге кімдер алғым айтты?
Мұғалім оқу жылының басында күнтізбелік жоспарға бағдарлама берілген
шығарма сағатын енгізіп, шығарма тақырыбын қалай ашу жолын ойластырады.
Мәселен 5 сыныпта шығарма тақырыптарын тұрған жерімізге байланысты
ойластырып ашу.
1.Өзенге саяхат.
2.Қырмандағы қызық еңбек.
3. Менің әкем – құрылысшы.
4. Біздің ауыл.
5. Табиғат аясында т.б. жазылған шығарма түрлерін, оны жүргізудің басты әдіс
– амалдарын тұрақтандыру қажет.
Оқушылардың бәрінің бірдей шығарма жазуға қабілеттері бола бермейді.
Солай бола тұрса да, шығарманы әр оқушының қабілетіне қарай жаздыру және бірте
– бірте күрделеніп зияты зақымдалған балалардың жазбаша байланыстырып
сөйлеуін дамытуға ықпалын тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Выготский Л.С. история развития высших психических функций//
Собр.сочи.: В 6-ти т. Т.. – М. 1982.
2. Выготский Л.С. Мышление и речь / Собрание сочинений – М.: Педагогика,
1982. – Т.. –б.361 б..
3. Воронкова В.В., Петрова В.Г. К вопросу о дифференциаций учащихся
вспомагательной школы при обучени русскому языку. (Психологический анализ
дифференцированного подхода при обучени ) Под ред. В.Г.Петровой- Москва, 1986
г;
4. Аксенова А.К Методика обучения русскому языку в кррекционной школе.-
Москва 2002 г;
УДК 373.1.02:372.8:514
ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ НА ОСНОВЕ
ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ТЕХНОЛОГИИ НЕЙРО-ЛИНГВИСТИЧЕСКОГО
ПРОГРАММИРОВАНИЯ
Гаврилова Екатерина Николаевна, маг.п.н., преподаватель
Сеитова Сабыркуль Макашевна, д.п.н., профессор
Кожашева Гульнар Оналбаевна, к.п.н., акад. профессор
Жетысуский государственный университет имени И.Жансугурова,
г.Талдыкорган
ketrin_301290@mail.ru
Бұл мақалада оқушылармен өзара түсіністікті қалыптастыратың, оқытуда
жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін нейро-лингвистикалық программалау
технологиясы туралы айтылған. Оқытушыларға тән түйсікті қалыптастыратың
тәсіл сипаттау үшін "визуал", "аудиал", "кинестетик" терминдер пайдаланылады.
Нейро-лингвистикалық программалау технологиясы негізіндебілім сапасын
көтеретін оқушылардың ақпаратты қабылдау мен өндеу тәсілдері зерттелді.
40
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
В данной статье рассматривается технология нейро-лингвистического
программирования, которая позволяет выявить сенсорные предпочтения
обучающихся, установить взаимопонимание с обучаемым и добиться лучших
результатов в обучении. Для описания способов познания, свойственных
обучаемым, используются такие термины, как «визуал», «аудиал», «кинестетик».
Проведено исследование способов восприятия и переработки информации
обучающихся на основе технологии нейро-лингвистического программирования что
позволяет повысить качество образования.
In this article the technology of neuro - linguistic programming which allows to reveal
touch preferences trained is considered, to establish mutual understanding with the trainee and to
achieve the best results in training. For the description of the ways of knowledge peculiar to the
trainee, such terms as "visual", "audial", "kinesthetic". Research of ways perception and the
processing of information which are trained on the basis of technology neuro - linguistic
programming is conducted that allows to increase quality of education.
Ключевые слова: нейро-лингвистическое программирование, образовательный
конвейер аудиал, визуал, кинестетик, учебный процесс.
На
сегодняшний
день
одним
из
показателей
развитости
и
конкурентоспособности любой страны является наличие высокообразованных и
компетентных
специалистов
в
различных
областях
человеческой
жизнедеятельности, которые должны решать современные вопросы национальной
безопасности, экономики, политики, здравоохранения и образования. В связи с этим
остро стоит вопрос о подготовке таких специалистов, которые не только бы владели
общими и специальными знаниями, умениями и навыками своей профессиональной
деятельности, но и обладали отличительными способностями к точным и
естественным наукам, в критическом и творческом, вербальном и невербальном
мышлении. Для того чтобы создать таких специалистов, нам необходимо
совершенствовать имеющиеся методики и технологии.
Изменение социокультурных условий, нарастание объема информации в
образовательном процессе ощутимо сказывается на качестве образования.
Существующая школьная практика обучения во многом представляет собой
механический перенос учителем жестких стратегий обучения в соответствии с
предметной методикой без учета особенностей восприятия и познания информации.
Известно, что эффективность обучения далеко не одинакова у разных людей. Любая
методика преподавания - это набор ритуалов и стереотипов, которые успешно
действуют в одних группах обучаемых и неуспешно - в других. Методика нейро-
лингвистического программирования (далее НЛП) позволяет преподавателям
выявить сенсорные предпочтения обучающихся, установить прочную связь, то есть
взаимопонимание с обучаемым и добиться лучших результатов в обучении.
Под нейро - лингвистическим программированием понимается взаимосвязь
между мозгом, языком и психологией, которая применена с успехом во многих
областях: построение эффективных коммуникаций, решение задач, создание
искусственного интеллекта, образование и др.
За гpомоздким cловоcочетанием «нейpолингвиcтичеcкое программирование»
скрываются три пpоcтые идеи:
Достарыңызбен бөлісу: |