Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

ӘОК 426.81.1 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА 
ОТЫРЫП, БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Турганова М.М., Саттибаева М.С., Нусупбеков Н.Қ.  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы, 
m_turganova@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  инновациялық  технологияларды  қолдана  отырып  оқыту  - 
таным  әрекетін  ұйымдастырудың  ұтымды  формасының  зерделеу  жұмыстары 
ашылған. 
Мақсаты–оқу 
үрдісінің 
өнімділігін 
арттыру.  
Инновациялық 
технологияны  қолдану:  оқып  үйрену,  меңгеру,  өмірге  ендіру,  дамыту  кезеңдері 
арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу 
әрекетіне  жетелеп,  олардың  оқуға  деген  ынтасын  оятады.  Мақалада  оқушының 
ойлау  қабілетін  арттыру  үшін  қолайлы  деп  санайтын  инновациялық 
технологияларды қолдану  әдістері туралы айтылады. 
В  этой  статье  представлены  выгодные  формы  самопознания-  используя 
новые  инновационные  технологии.  Цель  –  преобразить  процесс  обучения. 
Применение  инновационных  технологий  достигается  путем:  обучения,  изучения, 
внедрения в жизненный процесс. Инновационное обучение способствует не только 
углублению  знаний  но,  истимулируетк  получению  новых  знаний,    пробуждает 
интерес ученика. В статье говорится о развитии способности у ученика, мыслить, 
путем использования новых инновационных технологий. 
This  article  presents  using  innovation  technologies  is  the  best  form  of  organization.  The 
aim-  to  make  better    qualities    of    education.  Using  of   innovation  technologies:  learning, 
mastering, using. Innovation technologies make deeper knowledge,  help pupil to study better  and 

     
 
 
64 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
wake  his  interesting  to  knowledge.  The  work  shows  the  methods  of  innovation  technologies  for 
developing habits of thinking. 
Кілт сөздер

инновация, ғылым, қызығушылық, жаңа технология, өндіріс. 
 
ХХ1 ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-
жақты  дамуының  бірден-бір  жолы  ғылымды  әр  қырынан  меңгеру  қажет  болып 
отырғаны  белгілі.  Елбасымыз  Қазақстан  халқына  «Бәсекеге  қабілетті  халық  үшін», 
«бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін 
аса маңызды құралдың бірі» - деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа 
Жолдауы  білім  беру  ісінде  де  жыл  сайын  өзгерістер  енгізіп  отыр.  «Жаңа 
технологиялық  құзірет»  бағдарлай  білу  өз  бетінше  білім  беруде  стратегиялық 
міндеттерін  табысты  шешуге  мүмкіндік  береді:  таңдай  білу,  талдай  білу,  өзгерте 
білу,  сақтай  білу,  жеткізе  білу,  жүзеге  асыра  білу»,  -деп  атап  көрсеткен.  Осыны 
жүзеге  асыруда  жаңа  формацияның  педагогы  қажет.  Мұғалімдердің  жаңа  ұрпағы, 
білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары 
болуы тиіс. 
Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  кезеңінде  жоғары  оқу 
орындарының  оқу  үдерісінің  тиімділігі  заманауи  педагогикалық  технологияларды 
ұтымды  қолдана  білуге  тікелей  қатысты.  Сол  себепті  ақпараттық-компьютерлік 
технологиялар  құралдарын  педагогикалық  іс-әрекетте  кеңінен  қолдана  білу, 
іскерліктерінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  оқу  орындары  мамандарының  кәсіби 
дайындығына  қойылатын  талаптар  қатарына  енеді.  Бүгінгі  ақпараттық  қоғамның 
материалдық  технологиялық  қоры  компьютерлік  техникалар  мен  компьютерлік 
желілер,  ақпараттық  технологиялар  мен  телекоммуникациялық  байланыстарға 
негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр. 
 Осы  орайда,  оқу  үдерісінде  ақпараттық  технологиялар  мен  бағдарламалық 
құралдарды  қолдану,  оны  оқыту  үдерісінде  пайдалану  өзекті  мәселе  болып 
табылады. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін 
ұйымдастырудың  ұтымды  формасы.  Мақсаты–оқу  үрдісінің  өнімділігін  арттыру.  
Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту 
кезеңдері арқылы іске асады. 
Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа 
технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.. Инновациялық оқыту білімді 
тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын 
оятады. Баяндамада оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын 
инновациялық технологияларды қолдану  әдістері туралы айтылады [1]. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 
Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі-мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің 
шығармашылығындағы  ерекше  тұс-оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне 
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр 
мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін  ,  барлық  шәкіртін  ,  мектебін  шексіз 
сүйетін  адам.Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  –  педагогикалық 
құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани 
дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.Жаңа  формация  мұғалімі  табысы, 
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 
талаптар :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби 
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Сондықтан  да  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны 
дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын 
жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы 

     
 
 
65 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
қажет.  Өйткені  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру 
жаңа  педагогикалық  технологияны  ендіруді   міндеттейді.  Білім  беру  саласы 
қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс 
тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды  меңгеру.  Қазіргі  таңда  оқытушылар  инновациялық  және 
интерактивтік  әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана  отырып  сабақтың  сапалы 
әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Аталған  құзыреттілік қасиеттерді  тұлға  бойына  дарытуда  педагог  қауымның 
арнайы  әлеуметтік  білім  беру  құзыреттіліктерінің  жан-жақты  болуы  талап 
етіледі.Егер  педагог  өзінің  кәсіби  өсу  жобасын  дұрыс  жолға  қоя  отырып,  өзінің 
кәсіптік  қызметіне  нақты  берілу  арқылы  тұлғаның  алған  білімін  өмірде  қолдана 
білетіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына  алатын  жағдайда  болғанда  ғана  студент 
құзыреттілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  табады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тұлғаға 
бағытталған  білімдер  жүйесі  білім  стандартына  сай  тұлғаның  жан-  жақты  дамуына 
негізделген,  алған  білімін  өмірдің  қандай  бір  жағдаяттарына  қолдана  алатындай 
дәрежеде  ұсыну  педагогтің  құзыреттілігіне  байланысты  болады.  «Инновация» 
ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар    берген. 
Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді 
немесе   "инновация"  —  бұл  нақты  қойылған  мақсатқа  жетуде  ойға  алынған  жаңа 
нәтиже.  Нақты  мақсатқа  қандай  әдіс-тәсілдердің  көмегімен  жетуге  болады?  Оқу 
мақсатының  жүйесінде  берілген  мақсаттың  негізгі  категорияларын  пайдалана 
отырып,  педагог  өз  еңбектерінің  нәтижесі  туралы  ақпарат  алуға  мүмкіндік  алады. 
Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті [2] 
«Технология»  -  ұғымы  соңғы  кездері  ең  көп  қолданылатын  ұғымдардың 
біріне  айналды.  Технология  ұғымының  оқытудың  технологиясы,  педагогикалық 
технология,  білім  беру  технологиясы,  тәрбие  технологиясы,  қарым-қатынас 
технологиясы,  даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, 
топтық  оқыту  технологиясы  сияқты  психологиялық-педагогикалық  ұғымдармен 
байланысы саналуан.  
Педагогикалық  технологияларға  барлық  елдер  ғалымдары  қызығушылық 
танытуда.  Шетел  зерттеушілері  педагогикалық  технологияны  психология, 
әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, 
аудиовизуалды  білім  беру  және  кибернетика  элементтерінен  тұратын  пәнаралық 
конгломерат ретінде қарастырады. Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту 
үрдісін  түгелдей  қолдану  және  бағалау,  сол  сияқты,  білімді  адамдар  мен  техника 
ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету үшін 
оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.[3] 
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі 
орынды алады. Оқытудын технологиясын —  қолданбалы дидактика десе де болады. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  оқытудың  технологиясы  -  оқыту  іс  -  әрекетінін  әдіс-тәсілдері 
мен  құралдарын  ұйымдастыру  және  қолдану  теориясы.  Қазіргі  білім  беру 
саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты 
маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  тұлғаның  интеллектуалдық, 
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  процесін  тиімді 
ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қазіргі  педагогика  жаңалықтарын  пән  ерекшелігіне 
қарай  қолдана  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден  -  бір  жолы.  Осы  жолда 
педагогикалық  технология  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты  жолдарын 
көрсетеді.  Оқытудың  жаңа  технологиясы  іс-әрекеттің  жоспарланған  нәтижесіне 
жетудің  шартты  тәсілі  ретінде  қарастырылатын  жаңа  әдістердің  жиынтығынан 
тұрады.  

     
 
 
66 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада: 
-  білім  алушы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы  аз  уақыт  ішінде  қабылдау 
дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы; 
-  білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы; 
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым  - қатынасында жауапкершіліктің 
міндеттілігі. 
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге 
асырудың  тұтастық  қызметі.  Кез  келген  жаңа  әдіс  жекелік,  сондай-ақ  уақытша 
жоспарға  жатады.  Бұл  яғни,  бір  мұғалім  үшін  табылған  жаңа  әдіс,  жаңалық  басқа 
мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. 
Инновация  мәселелерімен  айналысып  жүрген  бірқатар  ғалымдардың 
еңбектерін,  жазған  анықтамаларын  қарастырып,  талдай  келе  біз  бұл  ұғымның  түп-
төркінін  белгілі  уақыт  арасында  жаңашыл  идеяны  қайта  қарау,  жаңалау  деп 
айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар 
жаңа  бағытта  ұсынылса,  мұның  өзі  инновациялы  деп  аталған.  Инновация  білім 
деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде 
оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін  қарастырады. Мемлекеттік 
білім  стаңдарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық 
технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Ал  жаңа  педагогикалық  технологияның  түрі, 
қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып 
белгілі бір жүйеге түспеген  дүние [4]. 
Қазіргі  оқу  орындары  мен  педагогикалық  ұжымдар  ұсынылып  отырған  көп 
нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет 
етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта  білім  берудің  әр  түрлі  нұсқадағы  мазмұны, 
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар 
бар.  
Сондықтан  әртүрлі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың 
жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың 
маңызы  зор.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны 
меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық 
және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін  
арттыруға  өз  үлесін  қосады. 
Жаңа  технологияны  қолдану   оқып  үйрену,  меңгеру,  өмірге  ендіру,  дамыту 
кезеңдері  арқылы  іске  асады.  Жаңа  технологиялардың  педагогикалық  негізгі 
қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау;  оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың 
танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту;  баланың  өз  бетімен  әрекеттену 
әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 
әр  оқушыны  оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай  оқыту;  барлық 
оқушылардың  дамуы  үшін  жүйелі  жұмыс  істеу;  оқу  үрдісін  оқушының  сезінуі. 
Бүгінгі  таңда  білім  берудің  ұлттық  жүйесі  өте  маңызды,  қарқынды  өзгерістердің 
сатысында  тұр.  Қазіргі  кезде    қоғам  дарынды,  қабілетті  адамдарды  қажет  етеді. 
Сондықтан  да  қазіргі  уақытта  мамандық  атаулының  барлығы  дерлік  бейімділікті, 
ептілікті,  ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, 
қызу  белсенділікті  талап  етеді.  Үздіксіз  жаңалық  енгізу  білім  беру  мекемелерінің, 
соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы 
болып  отыр.  Инновацияның  өмірге  енуі  мектептің  өзінің  жұмыс  істеуіне  себепші 
болатын ішкі жағдайларға байланысты. 

     
 
 
67 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Білім  беру  мекемесінің  алға  қойған  мақсатына  жетуі  үшін,  басқаруға  ықпал 
жасайтын  (мұғалімдер,  мектеп  оқушылары)  және  өзінің  басқарушы  ішкі  жүйесі 
(әкімшілік,  педагогикалық  ұжым)  біртұтас  жүйе  болғандықтан,  инновацияға  үнемі 
орын  табылады.  Ал  жаңа  өзгеріс  нәтижесі  білім  беру  мекемелері  үздіксіз  өзгеретін 
және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы 
маңызды  орын  үнемі  қозғалыс  пен  дамуда  болатын  педагогикалық  және  балалар 
ұжымының  қажеттілігіне  беріледі.  Инновацияның  қажеттілігі  сыртқы  себептермен 
де  анықталады,  мынадай  бірқатар  себептерге  байланысты:  адамдардың 
мұқтаждылығын  қамтамасыз  ету  қажеттілігі,  мектеп  оқушыларының  білімге, 
дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы  жеке түлғаның 
дамуы.  Технологияны,  ұйымдастыруды  үнемі  жаңғырту  жағдайында  ұстап  тұрып 
қана  мектеп  өз  бағытын  нығайта  алады.  Жаңалық  енгізу  кез  келген  білім  беру 
мекемесінің  дамуы  мен  жоғары  жетістікке  жетуінің  негізгі  факторы  болып 
табылады.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  қызметін  көрсетуде  бәсеке  күшейіп  отыр, 
тұтынушылардың  дайындық  деңгейіне  деген  талаптары  өсуде.  Осындай  кезеңде  өз 
өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, 
оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.[5] 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – Қазақстан мектебі, №4, 2006. 
2.
 
Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004 
3.
 
Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – Қазақстан мектебі, №4, 
2008 
4.
 
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 
5.
 
Көшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  көтеруде 
пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
68 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            
ЕСТЕСТВОЗНАНИЯ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
69 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
ӘОҚ 581.1 (075.8) 
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН  БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ 
ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 
Аужанова Назгуль Бектурсуновна академиялық профессор 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы, 
nasqul@mail.ru
 
 
Бұл мақалада қазіргі заман талабына сай этнопедагогикаға элементтерін биология 
пәнін  оқыту  үрдісінде  пайдалану  жолдарын  зерделеу  жұмыстары  ашылған.  Осы 
жұмыстар  барысында  оқушылардың  дүниетанымын  дамытудың  жолдары  көрсетілді 
және тақырып бойынша ұсынылатын әдебиет тізімi беріледі. 
В  этой  статье  представлены  результаты  исследования  о  возможности  обучения 
биологии  на  основе  использования  элементов  этнопедагогики.  Кроме  того  дан 
рекомендательный список литературы по изучаемому вопросу. 
This article presents the results of a study on the possibility of learning biology through the 
use of elements of pedagogy, given a list of references to literature. 
Кілт сөздер: этнопедагогика, оқу үрдісі, тәрбие, өлең, шығармашылық. 
 
Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мол  өмір  тәжірибесі, 
танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-мәтел, 
өлең  жырлары,  ұлттық  ойындары  ерекше  тәрбиелік  мәні    бар,  баға  жетпес  қазына 
болып табылады. 
Оқушыларды    биология  ғылымының  заңдарымен,  қоршаған  ортада  жүріп 
жатқан  биологиялық  құбылыстармен    таныстыруда,  оны  көруге,  сезінуге,  түсінуге 
халықтық педагогика элементтерін  пайдаланудың маңызы зор.  
Этнопедагогикалық  зерттеулердiң  Кеңестiк  дәуiрдегi  маңызы  мен  мәнi, 
қажеттiлiгi  мен  көкейкестiлiгi  жөнiнде  және  оны  ғылыми  педагогиканың  құрамдас 
бөлiгi  деп  қараудың  керектiгi  туралы  педагог-ғалымдар:  И.Т.Огородников, 
В.М.Коротов,  А.Г.Гордина,  М.Ф.Шебаевалар  да  кезiнде  келелi  пiкiрлер  айтқан  едi. 
Этнопедагогика  ғылымы  орыс,  батыс  елдерiнде  XVII-XVIII  ғасырлардан  бастап 
қолға  алынған  болса,  қазақ  этнопедагогикасының  зерттелу  жайы,  ғылым  ретiнде 
қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз [1, 2].  
Қазақ  этнопедагогикасының  туу  кезеңi  (ХIХ  ғ.  2-жартысы),  оның  Қазақ 
этнопедагогикасының 
қалыптасу 
кезеңi 
(1920-1930 
жж.) 
және 
Қазақ 
этнопедагогикасының дамуының үшінші кезеңi (1970-1995).  
Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери, 
А.Левшин,  А.Янушкевич,  Н.Г.Потанин,  Н.Л.Зеланд,  В.В.Радлов  т.б.  және  қазақтың 
зиялы  ақын-оқымыстылары:  С.Торайғыров,  А.Байтұрсынов,    Ш.Құдайбердиев, 
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов,  Н.Құлжанова,  М.Әуезов,  
С.Сейфуллин,  М.Ғабдуллин,  Б.Момышұлы,  Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев, 
Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  Ә.Табылдиев,  С.Ұзақбаева,    М.Балтабаев,  И.Бөлеев, 
З.Ахметова,  М.Құрсабаев,  М.Смайылова,  М.Оразаев,  К.Қожахметова  т.б.  атауға 
болады [3, 4].  
Төменде  келтірілген  кестеде  (1  кесте)  биология  пәні  және  этнопедагогиканың 
байланыстары көрсетілді.  
 
 
 

     
 
 
70 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
1 Кесте 
 
Тақырып  бойынша  жүргізілген  педагогикалық  тәжірибелік  зерттеу 
жұмыстарында 
мектептерде 
халық 
тағылымдары 
негізінде 
оқушының 
дүниетанымын  дамытудың  жәй-күйі  зерттеліп,  мына  міндеттерді  шешуге 
бағытталған іс-шаралар жүргізілді: 
а)  Оқушылардың  эксперемент  кезіндегі  халық  тағылымдарын  меңгергенінің 
бастапқы және соңғы деңгейі көрсетілді.  
б)  Мектеп  тәжірибесінде  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың 
олқылықтары мен себептері нақты анықталды. 
Жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешу  барысында  өз  тәжірибемізге  сай 
сыныптан  тыс  шаралар,  өткізілген  жұмыстар  негізінде  оқушыларға  сауалнамалар 
қою,  пікірлесу,  танымдық  сын  сайыстар  өткізу,  бағдарламалар,  әдістемелік 
құралдарды  талдау,  т.  б.  жұмыс  түрлері  арқылы  жүзеге  асырылды.  Зерттеу 
жұмысында  байқалғандай  бүгінгі  қолданыста  жүрген  оқу  бағдарламалары  мен 
оқулықтарда халық тағылымдары негізінде оқушылардың дүниетанымын дамытуға 
онша  көп  көңіл  бөлінбеген.  Тек  соңғы  жылдары  ғана  біршама  зерттеу  жұмыстары 
жүргізіліп  жүргендігі  байқалады.  Осы  бағытта  өткізілген  сыныптан  тыс  жұмыстар 
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда жүргізілген шаралар көрініс берді.  
Тек 
эксперимент 
жүргізілген 
сыныптарда 
нәтиже 
көрсеткіштері 
төмендегідей: сауалнама жүргізген уақытта оқушылардың 19% пайызы ғана ұлттық 
дүниетаным туралы білсе, «Атадан қалған асыл сөз», 

 деп аталатын сыныптан тыс 
шарада оқушылар бойында өзіне деген сенімділік пен қатар ұтқыр ой-пайымдаулар 
жасауға  дағдыланды.  Сынып  оқушылары  сапа  көрсеткіш  тұрғысынан  алғанда  10-
оқушысы толыққа жуық дағдыланды. Яғни  бұл көрсеткіш сыныптың 38% пайызына 
жетті. Сонымен бірге өткізілген «Ас – адамның арқауы», атты шарасында сыныптың 
20-оқушысы  ұлттық  дүниетаным  туралы  толық  меңгеріп  шықты  оны  анықтау 
қиынға  соқпайды,  оқушылардың  рухани  жан-дүниесі  молайып,  өзін,  өзгені 
құрметтеуге,  санаса  білуге  деген  ұмтылыстары  байқалды.  Осы  аталған  шарада 
оқушылардың сапасы 77% пайызға көтерілді. Осындай шаралар сынып оқушылары 
арасында  көрсеткіштердің  көтерілгенін  көрсетіп  отырды.  Бұл  нәтиже  төмендегі  1 
диаграммада келтірілді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет