Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

ӘОЖ 372.851 
 
ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 
 
Таурбекова А.С.,  
           І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ 
Жұманбаева Н.С. 
№32 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі  Семей қ. 
taurbekova71@ mail. ru 
 
В данной статье рассматриваются причины появления неуспевающих 
школьников. И методы работы с ними. 
This article discusses reasons for the appearance underachievers pupils. And 
methods of work with them
Мақалада үлгермеуші оқушылардың себептері қарастырылған. Және 
олармен жұмыс істеу әдістері талқыланған. 
Кілт сөздер: оқушы, мұғалім, үлгермеуші, қабілет, дара ерекшеліктер, 
бағалау. 
 
ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  әдістерін,  технологияларын 
тандауда  көп  нұсқалық  қағидасы  бекітілген.  Бұл  білім  беру  мекемелері 
мұғалімдеріне,  педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  оқушының 
дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын таңдап алуға мүмкіндік береді.Білім беру 
саласындағы  әрбір  мұғалімнің  алдында  қабілеті  әр  түрлі  деңгейдегі  бала  отырады. 
Олардың  арасында  үлгерімі  төмен,  қабілеттілігі  жоғары  да  оқушылар  анықталады. 
Олармен  жұмыс  жүргізуде  қандай  жолдарды  таңдау  тиімді  болар  еді  деген  сауал 
әрбір мұғалімді толғандырары сөзсіз[1]. 
 Педагогикалық  жағынан  назардан  тыс  қалған  балалармен  жұмыс  орындау 
нашар  оқитындармен  салыстырғанда  әлдеқайда  тиімді  болып  табылады.  Нашар 
оқитын  оқушылар  оқу-тәрбие  үрдісінде  көбірек  біліктілікті  қажет  етеді.  Бірақ 
балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынан 
назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. 
Үлгерімі  төмен  оқушылармен  жұмыс  жүргізу  жолдары  жаңа  оқу  жылы 
басталмай  тұрып  жұмыс  жоспары  мен  оны  жүргізудің  әдіс-тәсілдері  бірлестік 
отырысында  талқыланып  белгіленіп  алады  үлгерімі  төмен  оқушылармен  жұмыс 
жүргізу  үшін  алдымен  олар  арнайы  зерттеледі.  Оқушыны  зерттеуде  мына 
мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу-тәрбие 
үрдісінде отбасының ықпалы. Қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.  
Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы 
туралы  медициналық  анықтамалар  мен  ұсыныстар.  Сабаққа  қатысуы  мен  бірыңғай 
талапты  орындауы.  Дара  ерекшеліктері.  Ойлау  қабілетінің  деңгейі.  Зейіні  мен  есте 

     
 
 
58 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
сақтауы.  Ерік  жігері.  Табандылығы.  Қызығушылығы.  Жеке  пәндер  бойынша 
үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері. Осы мәселелер анықталғаннан кейін 
баланың  жеке  пәндер  бойынша  білімі  мен  дағдыларын  есепке  ала  отырып,  ондағы 
негізгі олқылықтар анықталады. 
Ата-анасымен  тығыз  байланыс  жасау.Үйдегі  күн  режимін  белгілеп,  оны 
орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру қажет. 
Оқушының  ұжыммен  байланысын  нығайту  мақсатында  арнайы  әңгімелер, 
тәрбие  сағатын  өткізу,  мінез-құлқының  жақсы  жақтарын  жетілдіру  сабақта 
жұмыстар  жүргізу  белсенділігін  жетілдіру  оқуға  ынталы,  алғыр  балалардың 
жолдастық көмегін ұйымдастыру. 
Баланың  кабілетін,  зейінін,  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ойын 
элементтерін  пайдалану,  оқушының  оған  белсенділігін  арттыру.  Сабақты 
дидактикалық  материалдарды  техникалық  құралдарды  мейлінше  молынан 
пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану. 
Есте  сақтауын  дамыту  мақсатында  шағын  да  тілге  жеңіл  материалдарды 
мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке 
жұмыстарда  “Оңайдан  қиынға,  жеңілден  күрделіге”  принципін  басшылыққа  алып 
қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде 
байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б. 
Жұмыс  барысында  үлгерімі  төмен  оқушылардың  жеке  пәндер  бойынша 
біліміндегі  олқылықтар  анықталып  жүргізілетін  жұмыстар  соларға  орай  нақты 
белгіленеді,  олардың  нәтижелері  жазылып  отырады.  Үлгерімі  төмен  оқушыларға 
өткен  материал  мен  өтілетін  материал  арасындағы  сабақтастықты  білдіруге  баса 
назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы 
меңгеруі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Оның  алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдану 
дағдыларын дамыту. 
Сондықтан  тәжірибе  көрсеткендей  зерттеу  жұмыстарын  үнемі  және  ғылыми 
тұрғыда  жүргізіп  жеке  жұмыстарды  біртіндеп  күрделендіріп  отыру  қажет.  Оқудың 
белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай жұмыстар 
барысында едәуір жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеді. 
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз 
байланысты.  Мұның  табысты  болуы  сабақтың  калай  өткенін  мұғалімнің  үйге 
тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса 
оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген тапсырманы үш 
топқа бөлуге болады. Олар: ауызша (оқушының материалын оқып үйренуі, өлеңдер, 
ережелер  жаттау),  жазбаша  (жазбаша  жаттығуды,  есеп  шығаруды,  шығарма  т.б.), 
оқу-практикалық тапсырмалар, (тәжірибелер, бақылаулар т.б.). 
Оқу жұмысын мұғалімнің дұрыс ұйымдастырарда да сыныпта бірнеше артта 
қалатын  және  үлгермейтін  оқушылар  болады.  Бұл  құбылыс  сан  алуан  себептерден 
туады.  Кейде  мұғалім  оқушының  ерекшелігін  ескерумен,  онымен  өзінің  жұмысын 
онша дұрыс кұра алмағандықтан да туады. 
Кейбір  оқушылар  қандай  да  бір  пәннің  қиыншылығын  үнемі  дұрыс  бағалай 
білмейді. Сондықтан да артта қалады. 
Ата-аналар 
тарапынан 
олардың 
оқуына, 
мінез-құлқына 
бақылау 
болмағандықтан  оқушылардың  үлгермеуі  мүмкін.  Артта  қалу  үлгермеу  оқушыға 
қатты  әсер  етеді.  Ол  өз  күшіне  сенуден  қалады,  оқуды  жиі  тастап  кетеді.  Артта 
қалуды  жою  құралдарының  бірі  -  қосымша  сабақ.  Оқушылармен  бұл  жұмысты 
бастамас  бұрын  артта  қалудың  себебі  мен  сипатын    анықтау  керек.    Егер  оқушы 
ауырып    артта  қалса,    бірақ  жақсы  үлгеретін  болса,  мұғалімнің  басшылығымен 
істелетін  өзіндік  жұмыс,  ұштастырылуы  керек.  Егер  оқушы  жалқауланса  оны  тым 

     
 
 
59 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
қамқорлыкқа  ала  бермей,  мұғалімнің  жолдастарының  ата-аналардың  бастауымен 
оны жұмыс істеуге көндіру керек. 
Жеке  жұмыс  -  артта  қалу  басталысымен  мұғалім  оқушыға  көмек  көрсетуі 
керек. 
Істелетін  жұмыстар  ерікті  де  міндетті  сипатта  болуы  керек.  Әсіресе  нашар 
оқушыларға көмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек. 
Мұғалімнің  басшылығымен  қосымша  сабақ  беруді  көп  пайдалануға 
болмайды.  Әсіресе  сыныпты  түгел  қалдыру  зиян.  Өйткені  жұмыс  нәтижесі 
болмайды.  Сабақта  үлгермеушілікті  туғызатын  елеулі  себептердің  бірі  -  оқу 
жұмысын  жүйелі  және  жоспарлы  түрде  жүргізу  шеберлігі  мен  дағдысының 
жоқтығынан  болады.  Мұғалім  міндеті  -  әрбір  оқушыны  оқи  білуге  үйрету.  Әсіресе 
оқу  жұмысындағы  талаптың  зейін  жинақылығы  ойланып  оқуға  әдеттілік  және  өз 
бетімен  кітап  оқи  білу,  үйге  берілген  тапсырмаларды  дәйектілікпен  орындау  т.б. 
қасиеттерге тәрбиеленген жөн. 
Сондықтан да оқу жұмысы барысында оқушылардың жалпы дамуына ықпал 
жасауына бірігіп күш-жігер жасау, соған қол жеткізу қажет. 
Үлгермеушілік  сабақ  барысында  қалыптасады  және  оның  алдын  алуға, 
күресуге  болады.  Нашар  бағаға  әкеп  соқтыратын  оқушы  үлгермеушінің  себептері 
оқу-тәрбие  жұмысын  дұрыс  ұйымдастырмауда,  мектепішілік  бақылаудың  мерзімді 
жүрмеуінде,  санитарлық-гигиеналық  нормалардың  бұзылуында  жатыр.  Бұлардың 
ішіндегі негізгілері мыналар: 
         -  жекелеген  мұғалімдердің  сабақтарының  сапасыздығы  жаңа  материалды 
тиісінше  түсіндіре  алмауы,  бекіту  жұмыстың  әлсіз  жүруі  оқушы  білімін  есепке 
алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі: 
        -  үй  тапсырмасын  орындау  жұмысын  дұрыс  ойластырмау  және 
тыңғылықты тексерудің болмауы. 
        - мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, 
танымдық қызығуын дамыта алмау. 
        -  мектепте  үлгермеушіліктің  алдын-алу  жөнінде  жүйелі  жұмыстың 
болмауы,  мектеп  әкімшілігі  мен  сынып  жетекшілерінің,  әлеуметтік  ортақ  жұмыс 
жүргізілмеуі; 
       -  тәрбие  жұмысындағы  оң  қылықтар,  оқушылардың  сабақтағы  нашар 
тәртібі,  өз  міндеттерін  саналы  түрде  түсінбеуі,  мектеп  әкімшілігі  тарапынан  тәртіп 
бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы; 
        - бағалаудағы біржақтылық; 
        - оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастық болмауы; 
        - сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т.б.[2] 
Үлгермеуші  оқушыларды  түрге  бөлгенде  кейбір  зерттеушілер  оқушылардың 
тұлғалық  құрылымына  және  оқу  оқуының  сипатына  негіздеген.  Осындай  жолмен 
П.П.Блонский  оқушылардың  жалпы  типологиясын  құрып,  үлгермеушілердің 
түрлерін  бөліп  көрсеткен.  Бұл,  біріншіден,  олар  «жаманжқмыскер»  деп  атақан  тқр 
(тип). Ондай оқушыларға келесі қасиеттер тән: 
1.    Тапсырмаларды  зейін  қоймай  қабылдайды,  көбінесе  оларды  түсінбейді, 
бірақ мұғалімге сұрақ қоймайды, түсіндіруін сұрамайды; 
2.    Белсенділікпен  жұмыс  істемейді  (жұмыстың  келесі  түріне  ауысу  үшін   
үнемі ынталандыруды қажет етеді; 
3.    Өзінің сәтсіздіктері мен қиындықтарын ескермейді
4.    Мақсатын  айқындай  алмайды,  өз  жұмысын  жоспарлап,  ұйымдастыра 
алмайды; 
5.    Өте сылбырлық пен жұмыс істейді; 
6.    Жұмыс нәтижесіне дұрыс қарамауы. 

     
 
 
60 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Келесі  тип  патологиялық  деп  аталған  –  эмоционалдық  тип,  оқуда 
сәтсіздіктері  жиі  болатын  оқушылар,  олар  айналасындағылардың  өзіне  тән 
қатынаста  болғанын  қалайды.  Олар  жұмыс  істеу  алдында  «істей  алмаймын»  деп 
айтып,  басқалардың  қолдауын  қалайды,  сәтсіздіктер  мен  қиындықтарды  ауыр 
көтереді [3]. 
Көптеген  жылдар  бойы  үлгірмеушіліктік  мәселелерін  Н.А.  Минчинская 
басқарған  ғалымдар  тобы  зертеп  келген.  Олар  оқушылардың  психологиялық 
ерекшеліктерінің негізіне  «үйретілу» түсінігін алған, яғни оқу іс-әрекетінің әдістері 
мен  оқуды  меңгеруіне  байланысты  оқушының  алғырлығы  [4].  Олар үлгерімі  төмен 
оқушыларды  үйрете  отырып  және  олардың  ойлау  деңгейін  зерттей  отырып,  олар 
дедуктивтік  ой  қорытындыларын  жасай  алмайды,  оларға  көптеген  қасиеттері 
бойынша (әсіресе, ортақ қасиеттері бірнешеу болса) ұғымдарды жалпылау қиындық 
туғызады  деген  қорытындыға  келген.  Ондай  оқушылардың  абстракциялау  және 
жалпылау  деңгейі  әдетте  өте  төмен  болатындығын  дәлелдеген.  Үлгермеуші 
оқушылардың  сөздік-логикалы  ойлау  қызметі  көрнекі  іс-әрекеттік  түрінен  әлде 
қайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырымдамаларын түсінбеуінен немесе 
ережелерді  құр  білгенмен  тапсырмаларды  орындай  алмауынан  білінеді. 
Кейбіреулеріне  тіпті,  көрнекі  құралдар  бөгет  болады,  себебі  оларды  ол 
көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады. 
Көрсетілген  психикалық  процестерінің  ерекшелігі  оқушылардың  өздерін 
ұйымдастыра  алмауынан,  өз  еркімен  зейінін  басқара  алмауынан  және  зейінін 
шоғырландырғысы  келмейтіндігімен  тығыз  байланысты.  Олар  көбінесе  ой 
жұмысынан  қаша  отыра,  оларды  белсенді  ойлаудан  құтқаратын,  «айналып  өтетін» 
жол  іздейді.  Осының  себебінен  ойлау  жүйесіне  жүйелі  интеллекуталдық  жүктеме 
түспеуінен  ойлау  деңгейі  бірте-бірте  төмендейді.  Осы  кезді  байқап,  дер  кезінде 
көмек  көрсетілмесе  оқытылуы  төмен  деңгейдегі  бала  бірте-бірте  сыныптастарынан 
артта  қала  бастайды.  Оған  деген  сыныптастарының  көзқарастары  да  өзгереді, 
мұғалімдерінің  таптаурын  (стереотиптік)  пікірлері  қалыптасады,  ең  бастысы  өзіне 
деген сенімділігі жоғалады да, өзін төмен бағалаушылар қатарына қосылады. 
Оқуда  жетістікке  жетпеуі  және  сыныппен  бірігіп  жұмыс  істей  алмауы  олар 
үшін  моральдық  конфликтің  көзі  болып  табылмайды,  себебі  өздерінің  артта 
қалушылықтарын,  жекеленген  пәндерден  басқалармен  бір  деңгейде  игере 
алмаушылықтарын  танымдық  мүмкіндіктерінің  шектелуі  негізінде  екендігін  дұрыс 
түсінеді.  Моральдық  конфликтінің  болмауы  оқушы  позициясының  қалыптасуына 
және моральдық оң бағыттың қалыптасуына жағдай жасайды, себебі сәтсіздіктердің 
себептерін  түсіну  кемшіліктерде  жою  үшін  жақсы  стимул  болып  табылады.  Осы 
типтегі  оқушылар,  сондықтан  да  ата-аналар  мен  жолдастарының  көмегін  жақсы 
қабылдайды. 
Мектеп  жасындағы    балалардың    бәріне  тән    кемістік  -  үлгермеушілік.  Ал 
оның  басты  себебі:  бастауыш    сыныптарда    анық    байқалатын  психикалық 
әрекеттердің      кейбір    түрлерінің  тежелуі  немесе  уақытша    қалыптаспауы.  Бұл 
ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі.  
Психикалық  дамуы  тежелген  оқушылардың  сөздік  қорын  дамыту  кезіндегі 
логопедиялық  сабақтарда    халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  қолданса,  олардың 
сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері  әсерін тигізеді. Стандартты оқыту 
бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  сұрыптап  орын-орнымен  қолдана  алсақ,  басқа  тілден  аударып 
немесе  материал  жоқ  деген  себептерге  соқтықпай  сабағымызды  нәтижелі  өткізуге 
болады.  Психикалық  дамуы  тежелген  оқушылардың  таным  процестерінің,  жас 
ерекшеліктерін,  сөйлеу  деңгейін  ескере  отырып,  халық  ауыз  әдебиетінің  ішінен: 

     
 
 
61 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  ертегілер,  аңыз-әңгімелер,  шешендік 
сөздер қолдануға болады. 
Білім  негізі  -  бастауыш  сыныпта  қаланатыны  жұртшылыққа  белгілі  жағдай. 
Оқушының  бұл  сыныптарда  алған  білімінің  тиянақты  да  сапалы  болуы  -  жоғарғы 
сыныпқа  барғанда  жақсы  оқуының  кепілі  болатындығын  ешкім  жасыра  алмайды. 
Оған  біздің  жыл  сайын  төрт  жыл  оқытып,  қолымыздан  шығарып  жүрген  жас 
түлектеріміздің  білім  жүйесі  айғақ  болады.  Сондықтан  да  бастауыш  сыныптарда 
сабақ  беру  жүйесін  жетілдіруге  халық  ағарту  органдары  көп  көңіл  бөліп  келеді. 
Жаңа  бағдарламаға  көшкен  оқушылар  ізденгіш,  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  икемді, 
ішкі  сезімге  бай,    ақыл-ойы  өткір  болып  тәрбиеленуде.  Әрине,  бұл  -  мұғалімдер 
жұртшылығының  еңбегі.  Мектеп  жұмысының  алға  басуы,  оқушылардың  алған 
білімнің  тиянақты,  сапалы  болуы,  мұғалімдердің  күнделікті  дайындығы  мен  оның 
педагогикалық  шеберлігіне,  ізденгіштігіне  жеке  басының  білімі  мен  ерекшелігіне 
байланысты. 
Орыстың  тамаша  демократы  В.Г.Белинский  тәрбиешіні,  мұғалімді  бекерге 
бағбанмен салыстырмаған[5]. 
Бастауыш  сынып  оқушыларын  жоғары  сыныпқа  барғанда  сабақты  нашар 
оқитыны және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі келесілерді қамтуы мүмкін: 
 Біріншісі - бастауыш сыныптарда оқыту жұмыстарының дер кезінде жүйелі, 
тиянақты,  сапалы  өтілмеуінен,  екіншісі  -  мұғалімдердің  тәжірибесіздігі  мен 
әдістемені  жете  меңгермейтіні,  шеберлігінің  жоқтығы,  күнделікті  өмірдің 
жаңалықтарынан бейхабарлығы, өз жұмысына немқұрайды қарайтындығы. 
Осындай  жағдайлардан  барып  оқушылар  өткен  сабақты  толық  түсіне 
алмайды.  Өйткені  сабақ  қызықсыз,  тартымсыз  болғандықтан,  бала  ынта  қойып 
тыңдамайды.  Сондықтан  үй  жұмысы  да  орындалмайды.  Бала  өткен  материалға 
түсінбегендіктен, жаңа сабақты да түсіне алмайды. Себебі бір сабақ екінші сабақпен 
байланысты. Сабақ үлгермеушілік біртіндеп келіп осындайдан шығады. 
Кейде сабақ қызықты, өз дәрежесінде өтіп жатыр делік. Осындай жағдайда да 
кейбір оқушылар көңілімен тыңдамай, басқа жұмыспен айналысып отырып, сабақты 
түсінбей  қалады.  Мұғалім  де  ол  оқушыны  аңғармай  қалады,  бұл  да  сабақ 
үлгермеушілікке апарып соғады. Сондықтан мұғалім сабақ өткізгенде де сақ болуы 
керек.  Әр  баланың  тек  сабақ  емес,  сабақтан  тыс  уақытта  да  психологиясына, 
біліміне,  қабылдау  кабілетіне,  үй  жағдайына  көңіл  бөлінсін.  Оның  қай  сабақтан 
үлгермейтіні есепке алынып, кезінде көмек берілсін.  Бұлар - үлгертудің жолы. 
Осындайлардың  салдарынан  өте  жақсы  оқушы  жақсыға,  жақсысы  ортаға, 
орташасы  нашар  оқитын  болады.  Олардың  қызығушылығы  жойылады  да, 
үлгермеушілер  көбейе  бастайды.  Оқушының  сабақ  үлгермеуінің  тағы  бір  себебі: 
мұғалім  олардан  кезінде  сұрамайды.  Күдер  үзіп,  көңілі  қалған  бала  сабақ  оқуды 
қояды. Бүл - мұғалімнің қатесі. 
Үлгермеушілік  ата-аналармен жүйелі  қарым-қатынас жасамауданда  шығады. 
Баланың  үйінде  жағдайы  болмаса,  сабақты  оқуға  да  ынтасы  болмайды.  Оқушының 
сабаққа  келмеуі  немесе  жиі-жиі  кешігуі  кезінде  анықталмаса  да  залал.  ІV  сыныпқа 
барғаннан  кейін  ІІІ  сыныпта  үлгірген  оқушының  да  үлгермеуі  мүмкін.  Ол  -  жыл 
басынан  пән  мұғалімдерімен  сынып  жетекшісінің  жыл  бұрын  бекітілуінен.  Оның 
үстіне  мұғалімдердің  жиі  ауысып,  сабақ  кестесінің  тұрақты  болмауы  да  себеп 
болады. 
Әрбір  мұғалім  өз  алдындағы  талаптарды  жете  түсініп,  қолынан  келетін 
жұмысты  дұрыс  ұйымдастырып,  қажымай-талмай  көп  ізденіп,  еңбек  етсе,  сөзсіз, 
ойдағыдай орындалады. Бұған қазір барлық жағдай бар. Ең бастысы - әрбір жеке пән 
мұғалімінің сол пәннен терең білімі болуы қажет. Екінші  - сол білімді оқушыларға 
саналы  түрде  жеткізе  білу.  Оның  жолдары  мен  әдіс,  тәсілдері  көп.  Мысалы,  өз 

     
 
 
62 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тәжірибемде  ең  алдымен  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығуы  мен  ынта,  назарын 
арттырамын.  Ол  үшін  талғамнан  өткен  көрнекіліктер  мен  техникалык  құралдарды, 
таратылып  берілетін  үлестірмелерді,  тіпті,  сұралатьн  оқушыларымен  қалай 
қорытатынымды да күні бұрын белгілеймін. 
Үлгермеушілікті  тудыратын  факторлардың  бірі  -  мұғалімнің  оқушы  білімін 
тексерудің  және  бағалаудың  әр  түрлі  әдістерін  орынды  пайдалана  білмеуінде. 
Күнделікті  сабақ  барысында  3-4  оқушыдан  ғана  сұрап,  сол  бағалардың  негізінде 
тоқсандық  қорытынды  шығару  оқушы  білімінің  дәрежесін  толық  көрсетпейді. 
Оқушылардың  ауызша  жауаптары  мен  жазбаша  жұмыстары  үшін  күнделікті 
бағалардың негізінде тоқсандық баға қойылады. 
Баға  қойғанда  оқушылардың  жазбаша  жұмыстарының  сауаттылық  дәрежесі 
еске  алынуы  тиіс.  Оқушылардың  ауызша  жауаптарын  бағалауда  мына  негіздерге 
сүйенеміз: 
1) Оқушы    білімінің    толықтығы,     яғни    оқып    жүрген  сыныбының 
бағдарламалық материалын толық меңгеруі. 
2)   Оқушының білім сапасы: 
а)    оқушы    анықтамалар    мен    ережелерді    жете  түсіне    ме,    оны   мысалдар 
келтіріп,  дәлелдеп  айтып  бере  ала  ма?  Жауаптарында  қандай  қателер  жіберді, 
олардың сипаты қандай, қателерін оқушы өздігінен түзей ала ма? 
 ә) оқушының  алған    білімін   практикада  дұрыс  қолдана  білуі,   берілген 
тапсырманы өздігінен толық орындай алуы. 
3) Оқушы оқу материалын стильдік жағынан жатық тілмен толық айтып бере 
алуы  қажет.  Баланы  оқыту,  білім  беру,  бағалау  үлкен  тәрбиелік  міндетті  де  
қамтитыны    белгілі.  Сабақтың    тәрбиелік    сапасына    жету    алуан  түрлі  жолдармен 
іске  асады.    Солардың  бірі  -  сұралған  оқушының  білім  дәрежесін  әділ  бағалау, 
қойылған бағаны жариялау. 
Біздің  ойымызша,  әр  бағанын  сұралған  балаға  ғана  емес,  бүкіл  сынып 
оқушыларына қатысы бар. 
Бағаны жариялау сапасы белгілі тақырып немесе бөлім материалдарын түгел 
меңгеруге сынып оқушыларын толық ұмтылдыратындай болсын. Ол үшін оқушыға 
қойылған баға жай айтыла салмай, жариялана түсіндірілуі қажет. Бұл әдіс бойынша 
екі  түрлі  мақсат  жүзеге  асады.  Біріншіден,  қойылған  бағаның  әділдігі  дәлелденеді, 
екіншіден  мұғалімнің  ескертпесі  бойынша  оқушы  олқы  білетін  материалдарын 
келешекте қайталап жете білуіне нақты тапсырма алғандай жауапкершілік сезінеді. 
Сынып жетекшісінің аса маңызды міндетті оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімін 
күшейтуге қамқорлық жасау болып табылады. 
Осы  мақсатпен  сынып  жетекшісі  оқушылардың  сабақ  үлгеріміне  үнемі 
бақылау  жасап  отырады.  Ол  сынып  журналдарын  үнемі  қарап,  осы  сыныпта  сабақ 
беретін  мұғалімдермен  әңгімелеседі,  олардың  сабағына  қатысып  қойылатын 
талаптардың  бірегей  болуына,  үйге  берілетін  тапсырмаларының  біркелкі  берілуін 
қамтамасыз  етеді,  оқушыларға  тапсырмалардың  шамадан  тыс  берілмеуін 
қадағалайды. 
Балалардың  үлгерімі  туралы  ата-аналарды  дер  кезінде  хабардар  етіп  отыру 
мақсатымен  сынып  жетекшісі  әдетте  оқушының  сол  аптада  алған  бағалары  оның 
күнделігіне  қойылғаны,  қойылмағанын  аптасына  бір  рет  сынып  журналы  бойынша 
тексереді,  егер  кейбір  баға  қойылмаған  болса,  оны  күнделікке  сынып  жетекшісінің 
өзі  қойып  отырады.  Сынып  жетекшісі  оқушының  бақылау  жұмысынан  алған 
бағасын да күнделікке жазады. 
Ойлаймын,  айтамын,  жазамын,  қатыстыра  отырып  оқу  еңбегін  ойлы  етуге 
мүмкіндік  береді,  және  сонымен  бірге  кері  бағытын  қамтамасыз  етеді.  Мұғалім 
оқушы  білім  беру  жүйесін  қадағалап  артта  қалушылықты  дер  кезінде  байқауына 

     
 
 
63 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
білім  мен  іскерлікті  меңгеруде  ілгері  басушылықты  былайша  айтқанда  ойдағыдай 
оқуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Бағдарламалық түрлі тақырып бойынша 
барлық сабақ тірек карточкалары бір жағдайда қателесуін дер кезінде сақтандыруға 
енді бір жағдайда жіберілген қателермен жұмыс істеуге, үшінші бір жағдайда алдын-
ала жинақталған қайталау жасауға көмектеседі. 
Қорыта келе, бастауыш оқушыларының оқу-тәрбие жұмысын жүргізу сапалы 
білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы тиіс. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалык 
және  рөлдік  ойында  қолдануға  болады.  Көп  назарды  балалардың  сөйлеу  қабілетін 
дамытуға,  олардың  сөздік  қорын  белсенді  байытуға  назар  аудару  керек.  Сабақ 
үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту 
олардың  оқу  үрдісінде  оқу  пәнін  толық  меңгеруге  мүмкіндік  жасайды.  Балалардын 
артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, 
ынта-жігерді қажет етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы. А.1997. 
2.
 
Мурачковский Н.И. Психологические причины неуспеваемости. Типы 
неуспевающих школьников М. 1988г. 
3.
 
Блонский П.П. Возрастная и педагогическая психология. Москва, 1994 
4.
 
Менчинская Н.А. Проблемы обучения, воспитания и психического 
развития ребенка М.1993. 
5.
 
Белинский В.Г. «О воспитаний детей» М.1986. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет