Р. А. Мукашева -Қостанай: 2016



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#8175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жазылым
 
    1-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
     -Сіздің ойыңызша, іскер адам қандай болу керек? 
     - ..................................................................................... . 
     -Біздің қоғамымызда әйел адамның ролі қандай? 
-
 
...............................................................................................  .
 
-Іскер адам болуға кімдер ұмтылады? 
-
 
...................................................................................................  . 
-Сіз іскер адам болсаңыз, қандай болар едіңіз? 
-
 
..................................................................................................  . 
-Іскер адам болу барлық адамның қолынан келе ме? 
-
 
.....................................................................................................  . 
-Іскер адам болу үшін белгілі бір салада жұмыс істеу керек пе? 
-
 
...............................................................................................................  . 
-Іскер адамның келбеті дегенді қалай түсінесіз? 
-
 
...............................................................................................................    
-Сұхбатыңызға рақмет! Сәттілік тілеймін! 
 
  № 2 Оқылым 
 
 Берілген мәтінді жоғарыда берілген мәтінмен салыстыра әңгімелеңіз. 
 
    Қазіргі  заманның  іскер  адамы  болу  үшін  әрбір  минут  қымбат.  Жұмыс 
күнін  дұрыс  жоспарлай  білген  адамның  ісі  алға  басып,  табысы  көбейеді, 
бұндай адам бос уақытын да дұрыс пайдалана алады. Өз  жұмысын жақсы 
көретін және  қоғамға пайда келтіретін адам уақытты ұтымды пайдалануға 
тырысады. 
       Қазіргі  кездегі  қызметте  әйел  адамның  қоғамдық  роліне  үлкен  көңіл 
бөлініп  отыр.  Тек  қана  әйелдер  жұмыс  істейтін  ұжымдар  да,  іскер  әйел 
басқаратын  мекемелер,  фирмалар,  мемлекеттік  органдар  да  бар.  Білімі, 
іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті жағынан  ер адамдармен 
бірдей көрінетін әйелдер аз емес.  
      Басшы  әйел  ең  алдымен  жантанушы,  содан  кейін  ұйымдастырушы 
болуға  тиіс.  Өз  қарамағындағы  адамдардың  мінезін,  іскерлік  қабілетін, 
көңіл-күйін  бірден     байқайтын басшы  әйел  адамдармен  тіл  табысып,  істі 
алға жүргізе алады. 
       Әйел  адамның  басшылық  беделін  көтеретін  –  оның  кәсіби  біліктілігі. 
Дегенмен,  кәсіби  біліктілігі,  білімі,  іскерлігі  жоғары  болып,  оған  сырт 
келбеті,  жүріс-тұрысы,  мәдениеті,  киімі  келіспесе,  онда    әйел  басшының 
қарамағындағы адамдардың  сеніміне кіруі  қиын болады. 
 

 
23 
Жазылым 
 
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің синонимін табыңыз.            
         ісі де өнеді, табысы да - 
         кәсібін шын сүйетін - 
         пайдалы іс тындыру- 
         жаңа еңбек қарым-қатынастарында- 
         айырықша мән берілуде-  
         бірыңғай әйелдер - 
         ер адамдардан кем түспейтін - 
         өз басқаруындағы - 
         өзгеге айтқызбай-ақ өзі сезімталдықпен- 
         адамдарды ұжымдастырып - 
         ілгері жүргізе алады - 
        фактор – 
        сөз жоқ - 
        ең алдымен - 
        таңдай қақтырып - 
         ұжым мүшелерінің –  
 
         3-тапсырма.  Берілген    етістіктерді  ауыспалы  осы  шақта 
қолданыңыз. 
             Жоспарлау,  пайдалану,  тырысу,  мән  берілу,  жұмыс  істеу,  жүргізе 
алу. 
         
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. 
          Керекті сөздер:     
табысты кәсіпкердің, тұрақты табысы, лауазымына 
лайықты, қарым-қатынас құруға
 
          
Іскер адамның этикеті ................. маңызды бөлігі. Қазір іскер адам  – 
ол  ең  алдымен  ..........                        бар,  әр түрлі  қоғамдармен байланысы бар, 
табысты,  белсенді,  өзіне  сенімді,  өз  .........  адам.  Этикет  пен  имидж  іскер 
адамға  өз  серіктестерімен  табысты  .........  мүмкіншілік  береді. 
  
5-тақырып.
 Шағын және орта бизнес 
 
 Оқылым.
 
 
Шағын және орта бизнес 
        Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы:  қалыптасқан  елдің  жаңа  саяси  бағыты»  жолдауында  шағын 
және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі кемшіліктерге әділдікпен назар 
аударды. 

 
24 
       Мемлекет  басшысы  Үкіметке  заңнаманың  ұсақ,  шағын,  орта  және  ірі 
бизнестің  нақты  айыруға  қатысты  бөлігіне  өзгерістер  енгізуге  тапсырма 
берді. 
        «Атамекен»  Одағы»  ҚҰЭП  ШҚО  бойынша  филиалына  кәсіпкерлер 
субъектілерін шағын, орта және ірі бизнеске бөлудің қазіргі қолданыстағы 
критерияларының  мүлдем  жетілмегендігіне  қатысты  өз  проблемаларымен 
жиі шағымдарын білдіреді. 
        Шағын  және  орта  бизнес  үшін  заң  бойынша  корпоративтік  салық 
бойынша аванстық төлемдер алынып тасталған. Ірі бизнестегілердей емес, 
олар  үшін  ҚР  Әкімшілік  кодексі  бойынша  әкімшілік  айыппұлдар  көлемі 
әлдеқайда  төмендетіліп  белгіленген.  Лицензиялау,  жер  учаскелеріне 
құқықты рәсімдеу және т.б. бойынша барынша аз мерзімдер айқындалған. 
       Бұл  мүлдем  дұрыс  шешімдер,  алайда  шағын,  орта  және  ірі  бизнеске 
жатқызудағы  тым  төмендетілген  критерийлер  қазақстандық  бизнестің 
шағыннан – ортаға, ортадан ірі бизнеске өсуі үшін тиімсіз болмақ. Себебі 
жеңілдіктерден  қағылады.  Бизнес  өкілдері  өзінің  ірі  бизнесін  шағын 
бизнеске  бөлшектеп,  заңдық  артықшылықтарды  пайдаланған  әлдеқайда 
пайдалырақ секілді. Әйтсе де қазіргі ірі бизнес деп жүргеніміздің көпшілігі 
халықаралық стандарттар бойынша шағын бизнес болып табылады. 
       Отандық заңнамамыз бойынша жылдық айналымы 350 еселенген ТЕК 
(2  млн.еуродан  сәл  асатын  көлемде)  кәсіпорын  ірі  бизнеске  жатады  және 
мәртебесі  бойынша  Қазмырыш,  Қазмұнай  кәсіпорындары  мен  өзге  де  ірі 
өндірістік алпауыттармен теңестірілген. 
Салыстырар  болсақ:  Германияда  шағын  бизнес  субъектілеріне  жылдық 
айналымы 7 млн. еуродан асатын ұйымдар жатқызылады; 
Португалияда шағын бизнес субъектілерінің жылдық айналымы 12,3 млн. 
еуроға дейін құрайды
АҚШ-та  шағын  бизнес  субъектілері  үшін  критерий  жылдық  айналым  20 
млн.  АҚШ  доллары  болып  белгіленген  (ЕО  елдері  бойынша  орташа 
алғанда  шағын  кәсіпорындарға  тауарайналымы  40  млн.  евроға  дейін 
немесе баланстық құны 27 млн евроға дейін құрайтын ұйымдар жатады). 
Қазақстанның  Кеден  одағы  бойынша  серіктесі  болып  табылатын  Ресей 
Федерациясы да назар аударуға тұрарлық. 
Көрші  елде  шағын,  орта  және  ірі  бизнеске  жатқызу  үшін  жұмысшылар 
саны мен жылдық айналым көлемі критерийлері белгіленген. 
          Бұнымен қоса, Ресей Федерациясында жұмысшылар саны 15 адамнан 
аспайтын  және  жылдық  айналымы  60  млн.  рубльге  (шамамен  300  млн. 
теңге)  дейін  болса  ұсақ  кәсіпорындарға  жатады.  Шағын  кәсіпорындарға 
жұмысшылар  саны  100  адамды  құрайтын  және  400  млн.  рубльге  дейін 
айналымы  бар  ұйымдар  жатады  (шамамен  2-млрд.  теңге);  250  адам 
жұмысшылары бар және жылдық айналымы 1 млрд. рубль (шамамен 5000 
млрд. теңге) орта кәсіпорындар болып саналады. 
          Ал  ірі  бизнес  деп  жұмысшылар  саны  250  адамнан  асатын  және 
жылдық айналымы 1 млрд. рубльден жоғары ұйымдар танылады. 

 
25 
Қазақстанның  Ресеймен  Кедендік  Одақтас  екендігін  және  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістік  құру  ниетін  ескерсек,  кәсіпкерлер  үшін  бірдей 
жағдайлар  жасау  үшін  біздің  ойымызша  ұсыған  ұқсас  критерийлерді 
қолданған пайдалы болмақ

  
 
Жазылым 
1-тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз. 
ұрпақ                             емтихан 
ізбасар                           мұғалім 
шәкірт                           орнын білу 
жалғастыру                  оқушы 
ұстаз                             буын 
босату                           ісін жалғастырушы 
лауазым                        қызмет 
сынақ                            дамыту 
 
2-тапсырма.  Сөздің  лайықты  тіркесін  тауып,  түсіндірмелі  салалас 
сөйлем құраңыз. 
ізбасарға                     даярлау 
ғылымның                  өсіру 
шәкірт                        талап қою 
жас ғалымды             беру 
орнын ісін                  дамыту 
талапқа сай                ашу 
ұстазының                 өткізу 
жаңалық                    құралдар 
сынақтан                   атын шығару 
жұмыспен                 шұғылдану 
 
 
3-тапсырма.Берілген сөз тіркестерімен жағдаят құрыңыз. 
Мұрындық болу, қанатымен су тасыған қарлығаштай, құрақ ұшу. 
 
4-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. 
«Болашақта сіздің өз кәсібіңіз болса, жаңа ісіңізді қалай дөңгелетіп әкетер 
едіңіз?» 
 
 
 
 

 
26 
 
6-тақырып. Жеке кәсіпкерлік. 
     
 Оқылым.
 
 
Жеке кәсіпкерлік 
          Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның 
қатысуынсыз  жеке  кәсіпкерлікпен  айналысатын  жеке  тұлға.  Жеке 
кәсіпкерліктің  түрлеріне  дербес  кәсіпкерлік  және  біріккен  кәсіпкерлік 
жатады.  
         Дербес  кәсіпкерлік иелігіндегі  мүлікке  құқы  бар  бір  азаматпен 
жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары 
бар. 
         
Біріккен  кәсіпкерлік жалпылық  иелігіндегі  мүлік  құқықтарына  ие 
бірнеше  азаматтың  бірлесуінен  құрылады,  сонымен  қатар  мүлікті  бірігіп 
пайдалану  мен  бірігіп  билеу  құқына  ие  азаматтар.  Жеке  кәсіпкерлік 
мүліктік 
жауапкершілік 
негізінде 
құрылады.  
          Жеке  кәсіпкер  заңды  тұлғаға  қарағанда  салықты  аз  мөлшерде 
төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына 
төлем 
төлеп 
тұруы 
тиіс.  
Салық  мөлшері  кәсіпкер  жұмыс  істейтін  салық  режимімен  анықталады. 
Патент  негізінде  құрылған  қызметте  кәсіпкер  кірісі  3  проценттік  табысқа 
негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке 
дейін 
оның 
сомасына 
байланысты 
бөлінеді. 
           Жеке  кәсіпкердің  бухгалтерлік  есебі  патент  пен  жеңілдік 
декларациясын  қолданатын  болса,  заңды  тұлғаның  бухгалтерлік  есебінен 
жеңіл  болып  келеді.  Патентпен  жұмыс  кезінде  ол  мүлде  болмайды.  Бұл 
артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ 
өзі  жүргізуіне  мүмкіндік  береді.  Жеңілдік  декларациясын  қолдану  заңды 
тұлғаға  да  болады,  бірақ  көп  жағдайда  бухгалтер  жалдауды  қажет  етеді. 
Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола 
алмайды.  
           Жеке 
кәсіпкер 
ретінде 
тіркелуге 
шығын 
өте 
аз. 
Мемлекеттік  тіркеуден  кейін  жеке  кәсіпкер  ретінде  мөр  мен  белгінің 
дайындалуына төлеуіңіз керек, егер оны қажетсіз деп санасаңыз 1000 теңге 
төлейсіз.  Егер  сіз  банкке  есеп  аштырамын  десеңіз  банктік  карточкаларға 
қол  қою  үшін  жасалатын  нотариалды  қызмет  үшін  де  ақы  төлейсіз  (87 
теңге,  4  карточкаға  дейін),  сонымен  қатар  егер  сіз  барған  банкте  ақылы 
болса, есеп аштырғаныңыз үшін де төлейсіз. 
  
Жазылым. 

 
27 
1-тапсырма.  Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерімен  қолданып,  «жеке 
кәсіпкерлік» тақырыбына шағын мәтін құрыңыз. 
          Өкілетті,  қалыптасу,  белсенді,  әкімшілік,  көшбасшы,  жоспар,өзара 
түсіністік,  ел  болашағы,  Президенттің  Жарлығымен,  сәтті  келісім, 
қамтамасыз ету, бастама, жүзеге асырылу. 
2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдермен жағдаят құрыңыз. 
1.Төзім мен еңбек – бәрін де жеңбек. 
2. Еңбегімен танылсын Ердің алып тұлғасы. 
3. Икеміңе қарай еңбек ет 
3-тапсырма. Берілген етістіктермен осы шақта сөйлем құрыңыз. 
          Зерттеу, шұғылдану, арнау, бағалау, қорғау, қабілетті болу, негіздеу, 
іздену, дамыту, жоспарлау, байыту, өз үлесін қосу. 
4-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерінің  синонимін  тауып,  сөйлем 
құрыңыз. 
          Құштар болу, еңбектерімен танысу, өмірін бір нәрсені білуге жұмсау, 
иелігіндегі мүлік, қызмет ету, бірігіп пайдалану, төлем төлеу. 
 №2 Оқылым.
 
 
Жеке кәсіпкер қызметінің тоқтауы 
          Жеке  кәсіпкердің  қызметі  ерікті  түрде  немесе  күшпен  тоқтатылуы 
мүмкін.  Жеке  кәсіпкер  қызметі  ерікті  түрде  жеке  кәсіпкердің  өзі 
қабылдаған шешімі негізінде, кез келген уақытта жеке кәсіпкердің, барлық 
қатысушылармен 
біріге 
отырып, 
біріккен 
кәсіпкерлік 
алдында 
тоқтатылады. Егер қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берген болса, 
егер  басқа  жағдай  өзара  келісім  барысында  қарастырылмаса  жеке 
кәсіпкерлікті  тоқтату  туралы  шешім  қабылданған  болып  есептеледі. 
Жеке  кәсіпкерліктің  күшпен  тоқтауы  соттың  шешімімен  төмендегідей 
жағдайда жүзеге асырылады: 
1.
 
банкрот болу; 
2.
 
жеке кәсіпкердің тіркелуі кезінде қалпына келтірілмейтін сипаттағы 
заңнаманың бұзылғанын білдіретін өрескел қателер кеткенде жарамсыз деп 
табылуы; 

 
28 
3.
 
егер  қызмет  лицензиялануға  тиісті  болса,  немес  заңнамалық 
актілермен қызметіне тыйым салынса, қызметін лицензиясыз бастаса; 
4.
 
қызметін бірнеше рет  күнтізбелік  жыл ағымында немесе  заңнаманы 
өрескел бұзу арқылы жүзеге асырса; 
5.
 
заңнамалық актілермен қаралған басқа да жағдайларда. 
Жеке  кәсіпкер  қызметін  тоқтату  бақылау  және  қадағалау  функцияларын 
атқаратын мемлекеттік органның өтініші бойынша сот арқылы жасалады

5-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз. 
6-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. 
7-тақырып. Адам және табиғат егіз. Экологиялық мәдениет. Қорықтар 
мен ұлттық парктер. 
Талқылау 
Қоршаған орта туралы не білесіз? Өз ойыңызға байланысты сөздерді 
жазыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жұптық жұмыс. Пікір алмасу, талқылау. 
Қазіргі таңда әлемде қандай экологиялық проблемалар тұр? 
Біздің еліміздегі  проблемалар қандай? 
Өз ортаңдағы (үй, бөлме, аула, ...) экология қандай болу керек? 
Оларды экологиялық таза ұстау үшін өз тарапыңыздан қандай іс әрекеттер 
жасайсыз? 
Экологиялық этика нені талап етеді? 
 
  
Жазылым. 
1-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдерді аяқтаңыз. 
 _______
заттарды  көшеге,  балалар  ойнайтын  алаңға  тастауға  болмайды.
 
Табиғи  ортаның  шектен  тыс  _______________    күрделі  экологиялық 
проблемаларды тудырады.
 
ҚОРШАҒАН
 
ОРТА
 

 
29 
Ғылыми-техникалық  жетістіктер  адам  баласына _____________      төндіруі 
мүмкін. 
Бүгінгі  күні  Арал  тағдыры  бүкіләлемдік  экологиялық  _____________ 
болып отыр. 
Апаттан __________ шеккен аймақтарға көмек көрсету жалпыхалықтық іс 
болып табылады. 
 
Керекті сөздер: қауіп, ахуал, ластануы, зардап, зиян 
 
2-тапсырма.  Бұл  пайымдауларға  келісу/келіспейтініңізді  айтыңыз.  Нақты 
себептерін келтіріңіз. 
 
Оқылым 1 
Түсініп оқу. 
Тақырыпты анықтау/іздеп оқу 
 
           Бүгінгі 
таңда  жаһандық  проблема 
болып  отырған  экологиялық  мәселелер 
табиғаттың  даму  заңдылығын  ескерме-
гендіктен,  оның  тепе-теңдігінің  бұзылуынан 
пайда  болды.  Ғылыми-техникалық  жетістік 
ғылымның  кейбір  саласында  адам  баласына 
қауіп  төндіруде.  Адам  әрекетінен  туындап 
отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”,  
жер  бетінде  климаттың  жылынуы  тіршілік 
дүниесіне зардабын тигізуде. 
          Қоршаған  орта  болмысының  өзгеруі, 
ғаламшардағы  ірі  өркениетті  елдердің  өздері 
мойындап 
отырғанындай, 
табиғат 
байлықтарын 
тиімсіз 
пайдаланудан, 
табиғаттың даму, қалыптасу  
заңдылығын  ескермеуден  туындап  отырғаны 
даусыз.  
          Ғылыми-техникалық прогрестің күрт 
дамуы  барысында  ірі  өндірістік  қалаларда 
автокөліктердің  санының  өсуінен,  атмосфера 
және  озон  қабаттарына  улы  газдардың  мол 
бөлінуінен,  ірі  елді  мекендерде  таза  ауыз  су 
тапшылығынан  адамның  денсаулығына  залал  келуде.  Қазіргі  кездегі 
қоршаған  ортаның  радиациялық,  химиялық,  биологиялық  ластануы 
әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. 
      Пайдалы  қазбалар  қорының  ғылыми  негізсіз  пайдаланылуы,  жер 
бетіндегі  өсімдіктер  әлемі  мен  жануарлар  дүниесінің  жұтаңдануы  және 
табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды 

 
30 
тудырды.  Кейбір  өндіріс  орындарынан  бөлінген  зиянды  қалдықтардың 
шектен  тыс  көбеюі  қоршаған  орта  жағдайының  нашарлауына,  адам 
денсаулығының  бұзылуына  апарып  соғуда. 
Осының  барлығы  қоршаған  ортаны  қорғау 
мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлуді  және  оны 
қалпына 
келтіру 
жұмыстарымен 
айналысуды,  сондай-ақ  оның  ресурстарын 
тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан 
жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, 
өндірістік  қалдықтар  мен  ақаба  суларды 
тазартудан 
өткізу, 
топырақтың 
құнарлылығын 
сақтау 
және 
топырақ 
эрозиясына  жол  бермеу  жұмыстарын 
қарқынды  жүргізуді  өмірлік  маңызы  бар 
талап ретінде алға тартуда. 
             Табиғат  дамуының  заңдылықтарын 
білмеу,  кейде  оларды  есепке  алмау  бос  шығынға,  адамдардың  өмір  сүру 
жағдайының  және  табиғи  ортаның  нашарлауына  алып  келді.  Мұндай 
жағдай  Арал  теңізінің  тағдырына  тән.  Қазір  теңіз  деңгейінің  күрт 
төмендеуі  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінің  жұтаңдануын,  т.б. 
экологиялық проблемаларды тудырып отыр. 
             Еліміздегі  Арал  апаты  жаһандық  сипат  алып,  оның  зиянды  әсері 
қазірдің  өзінде  көптеген  мемлекеттерде  байқалуда.  Сондықтан  АҚШ, 
Жапония,  т.б.  мемлекеттер  Аралды  құтқаруға  байланысты  шараларға 
қатысуға  келісімдерін  беріп  отыр.                          Қазіргі  кезде  Арал  теңізін 
құтқарудың  жаңа  жоспарлары  жасалып,  ғалымдардың  ұсыныстары 
талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). 
            Келтірілген  мысалдар  адамзаттың  табиғатқа  жауапсыз  қарауға 
болмайтындығын  дәлелдейтін,  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  кезінде 
өз  іс-әрекетінің  салдарына  көңіл  бөліп,  әрдайым  дұрыс  жолды  таңдау 
қажеттілігін  көрсетеді.  Дүние  жүзінде  адамның  іс-әрекетінен  болатын 
экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, 
аң  аулағанда  немесе  егіс  алқабын  тазартқанда  табиғатқа  белгілі  бір 
мөлшерде  зиян  келтіріледі.  Адамның  бұл  әрекеті  аз  мөлшерде 
болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. 
Яғни,  табиғаттың  тепе-теңдігі  сақталғандықтан,  өзгеріс  көп  елене 
қоймайды. 
            Ал  мал  шаруашылығы  мен  жайылымдыққа  пайдаланылатын 
жерлердің  жыртылуы,  ормандардың  кесіліп,  өртелуі,  каналдар  мен 
жолдардың ойластырылмай салынуы сол жерлердегі өсімдіктер әлемі мен 
жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді.  
           ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  қоғам  мен  табиғаттың  өзара 
қарым-қатынасының жаңа бір саласы – алып өндіріс орындары көптеп бой 
көтере  бастады.  Зауыттар  мен  фабрикалардың  еселеп  өсуі  барған  сайын 
шикізат  түрлерінің  мол  пайдаланылуына,  энергия  шығынының  өсуіне, 
ҚАЖЕТТІ СӨЗ 
ОРАМДАРЫ 
Ғалымдардың 
айтуынша ..... 
....... деп айта 
алмаймын, бірақ ... 
Мұндай жағдай жиі 
кездеседі. 
Мәселеге бұл тұрғыдан 
келсек,... 
Сол сияқты тағы да 
...... 
Бірден  ...... деп айту 
қиын. 
 

 
31 
қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғылыми-техникалық 
прогрестің  табиғатқа  тигізетін  кері  әсері  дауыл,  су  тасқыны,  жанартаулар 
атқылауы,  жер сілкіністері сияқты  апатты  құбылыстардың зардаптарымен 
теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи 
ортаның  қалыптасқан  заңдылығын  бұзып,  биосферадағы  энергия  мен 
табиғи зат алмасуға теріс әсер етті. 
 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 

 
Мәтінді оқығанда қандай ой келді? 

 
Мәтіндегі барлық пікірлермен келісесіз бе, келіспейсіз бе? Дәлелдер 
келтіріңіз. 

 
Мәтіннің негізгі ойын 10 сөзбен айтыңыз.  

 
Мәтінде айтылған жайттарды сіз нақты өмірде кездестіресіз бе? 

 
Тақырыбын анықтаңыз.  

 
Арал теңізінің экологиясы жайлы не айта аласыз?  
 
Талқылау 

 
Табиғат адам организміне  қаншалықты пайдалы/ зиянды? 

 
Табиғатты пайдалануда шек болу керек пе? 

 
Экологиялық жағдайдың нашарлау себептері не? 
 
3-тапсырма.  Мына ойға қандай пікір қосасыз? Келісесіз бе/ 
келіспейсіз бе? 
          Дәрігерлердің  пікірінше,  ХХІ  ғасырда  ең  көп  таралған  аурулардың 
ішінде  аллергия  бірінші  орынға  шығуы  мүмкін.  Өйткені  бүгінде  онымен 
Жер шарындағы 2 миллионнан астам адам зардап шегеді. Көп ретте стресс, 
экологиялық  ахуал,  дұрыс  тамақтанбау  аталған  дерттің  пайда  болуына 
жағдай туғызады.  
 
 
 №2 Оқылым  
Көз жүгіртіп оқу  
Іштей оқу 
 
     Адам  ағзасының  қалыпты  дамуында,  денінің  сау,  санасының  сергек 
болуында  табиғи  және  таза  тамақ  өнімдерінің  рөлі  аса  жоғары 
болатындығы  белгілі.  Алайда,  қазіргі  заманда  әртүрлі  техногендік 
әсерлерден,  қоршаған  ортаның  ластануы  салдарынан  әлемде  малдың 
қауіпті  жұқпалы  аурулары  пайда  болуымен  қатар,  адам  ағзасы  үшін  аса 
қауіпті  химиялық  зиянды  элементтер  (мыс,  қорғасын,  сынап,  мырыш 
қатарлы  улы  металдар,  радионуклидтер,  пестицидтер  мен  антибиотиктер 

 
32 
т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал 
өнімдері  арқылы  адам  ағзасына  еніп,  әрқилы  аурулардың  туындауына 
себепкер болуда. («Егемен Қазақстан» газеті) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет