Р. А. Мукашева -Қостанай: 2016


-тапсырма. Мәтінді негізге алып, өз ойыңызды айтыңыз.  Рөлдік  ойын



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#8175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-тапсырма. Мәтінді негізге алып, өз ойыңызды айтыңыз. 
Рөлдік  ойын:  Психолог  пен  интернетке  тәуелді  адамның  туысы 
арасындағы жағдаятты көрсетіңіз. 
 
 
Жұптық  жұмыс:  Мына  сұрақтар  бойынша  басқа 
студентпен  диалог  құрастырып,  ойларыңызды  айтыңыз. 
Сұрақтарға дәлелді жауаптар келтіріңіз.  
Ғылым және технология саласы бойынша қандай жаңалықтарды білесіз? 
Нанотехнология жетістіктерін ғалымдарымыз қалай игеруде? 
Қазақстанда нанотехнологияның араласатын салалары қандай? 
Наноғылымның қоғам үшін пайдасы қандай? 
Жаһандану  заманындағы  наноғылымы  мен  оның  технологиясының    өрісі 
туралы не айта аласыз? 
 
4-тапсырма.  Биотехнологияның  бір  саласы  саналатын  генетикалық 
инженерия  ғылымының  біздің  елімізде  дамуы  туралы  ойыңызды  ортаға 
салыңыз. Оның оң және теріс жақтарын атаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.  
 
Топтық  жұмыс:Гендік  инженерияның  зияны  жоқ  па?  Әлемдегі  7 
миллионнан  астам  ғалымның  тек  мыңға  жуығы  ғана  ГМӨ-ге  қарсы  екен. 
Сіз ше?  
 
5-тапсырма. Гендік модификацияланған тағамдардан қауіптену қажет пе? 
Сұраққа жауап бере отырып, мына ойды жалғастырыңыз.
 
 
    Қазіргі  кезеңдегі  өндірістік  технологияның  дамуы  нәтижесінде  азық-
түлік  тағамдарын  дәмдендіру,  сақталу  мерзімін  ұзарту  мақсатында  түрлі 
тағамдық  қоспаларды  пайдалану  азық-түлік  өнімдерінің  табиғи  құрамына 
айтарлықтай  өзгерістер  келтіруде.  Кейбір  өндіріс  орындары  өнім  көлемін 
ұлғайту үшін де тағамдық қоспаларды пайдаланудың түрлі технологиялық 
әдіс-тәсілдерін қолдануда...... 
 
Тапсырма: Кестені толтырыңыз: 
 
Не? 
Кімге?         Неге?  Қандай?    Қалай? 
Не 
істейді? 
Компьютер 
адам               
ағза 
қарапайым 
әсер етеді 
 
 
 
 

 
52 
 
6-тапсырма. Мына пайымдаулармен келісесіз бе/ келіспейсіз бе? 
Дәлелдер келтіріңіз.
 
Қазақтың байлығы техниканың тілін білетін мамандардың аздығынан 
игерілмей жатыр. 
Әлемдегі дамыған елдердің даму тетігіне көз салсақ, олар техника мен 
инновацияға баса назар аударады. Біз ше? 
Отандық техниктен шетелдік маман артық. Неге? 
 
7-тапсырма.  Роботты  техника  мен  мехатрониканың  болашақтағы 
мүмкіндіктері  туралы  не  айта  аласыз?  Бұл  технологиялардың  әр  сала 
бойынша мүмкіндіктері мен жетістіктерін көрсетіңіз. 
 
 
 
Кестені толтырыңыз: 
 
А
 
В
 
Экология
 
 
Медицина
 
 
Экономика
 
 
Ауыл шаруашылығы
 
 
Білім беру  
 
Өнеркәсіп  
 
 
 
11-тақырып.
 
Қазақстандағы білім беру жүйесі. 
 
  Оқылым 
Өз бетінше оқу. 
Көз жүгіртіп шығу. 
 
Төменде білім беру жүйесі жайында мәтіндер берілген. Мәтіндерді оқымас 
бұрын: 

 
53 
*
Мәтінде талқылануы мүмкін үш мәселені жазыңыз. 
*
1-мәтінге көз жүгіртіп шығыңыз. Бұл жағдайда әр абзацтың бірінші және 
соңғы сөйлемдерін оқыңыз. (2 минут)  
*
Отандық  білім беру жүйесін талқылаңыз. Мысалы, ...... 
 
 Мәтін 1. 
1.Білім  беру  —  тиісті  оқу  орны  арқылы  ғылыми  мағлұмат  беріп, 
адамның  танымын,  білімін,  дағдысын,  дүниеге  көзқарасын  жетілдіру 
процесі.  Білім  беру  «Қазақстан  –  2030»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясының 
маңызды  басымдықтарының  бірі  болып  танылды.  Қазақстандағы  білім 
беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа 
әлеуметтік-экономикалық  ортаға  бейімдеу  болып  табылады.  Қазақстан 
Президенті  республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 
енгізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  осы 
мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. 
2.Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері  —  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіпке  үйретуге 
бағытталған  біліммен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Білім  беру  оқыту 
мен  өз  бетінше  іздену  негізінде  жүзеге  асырылады.  Оқу-ағарту  жұмысы 
Қазақстанда ерте заманнан басталған. 
3.Жалпы 
және 
кәсіби 
орта 
мектептерді 
бітірген 
жастар 
университеттерде, 
институттарда, 
академияларда 
және 
соларға 
теңестірілген  оқу  орындарында  білім  алады.Жоғары  оқу  орнынан  кейін 
азаматтар 
аспирантураларда, 
докторантураларда 
оқып, 
ғылым 
кандидаттары  мен  докторлары  дәрежелерін,  доцент  пен  профессор 
атақтарын алуға мүмкіндіктері бар. 
4.Кез келген елдегі жоғары білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен 
қатар,  дүниежүзілік  ортақ  стандарттарға  сай  келуі  тиіс.  Осыған 
байланысты  Қазақстан  Республикасында  да  білім  беру  жүйесін  әлемдік 
стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары 
жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген жоғары 
білім мойындалады.  
5.Елімізде  жоғары  білім  берудің  бес  жылдық,  жеті  жылдық 
(медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдық бакалавриат және екі жылдық 
магистратуралық  оқу  мерзімі  енгізілді.  Бакалавр  дәрежесіндегі  жоғары 
білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек 
ете  алатын  болса,  жекелеген  ғылым  салаларын  тереңдетіп  оқытатын 
магистратураны  бітірушілер  аспирантураның  екінші  жылына  қабылдану 
мүмкіндігіне  ие  болады.  Алайда,  бұрынғы  кеңестік  жүйе  кезеңінде 
қалыптасқан жоғары білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып 
қалды.  Мысалы,  магистратура  мен  докторантура  аралығындағы 

 
54 
аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік  жоғары білім жүйесінен 
айырмашылықтары бар.  
6.Қазіргі  уақытта  қазақстандық    жоғары  білім  беру  жүйесі  қарқынды 
дамып 
келеді. 
Болон 
процесі 
мен 
халықаралық 
Лиссабон 
ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға 
деуге тұрады. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне 
енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен 
бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана 
қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді 
білім  беру  кеңістігіндегі  ұстанымымызды  нығайтуға  да  мүмкіндік  береді. 
Еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне 
жақындауға да қадам жасалады. 
 
1-тапсырма. 
1- абзацтағы ойды анықтаңыз. 
Мәтінде берілген анықтаманы тауып,  астын сызыңыз 
1-інші  және    6-абзацтар  мәтіннің  қандай  бөліктері  болады?  Себептерін 
түсіндіріңіз.  
Түсіндіру мақсатында қолданылған сөйлемдердің астын сызыңыз 
Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.   
 
 Мәтін 2. 
 
Қазір  әлемдік  білім  беру  кеңістігі  жеке-дара  қалуды  қаламайды. 
Сондықтан  да  болар,  әлемдегі  46  мемлекет  Болон  процесіне  бірігіп  отыр. 
жоғары  білім  беру  жүйесі  әр  елдің  өз  ерекшелігіне  байланысты  жолға 
қойылған. Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бойын-
ша оқыту кең қанат жайған. 
Англияның  жоғары  білім  беру  жүйесіне,  негізінен,  университеттер 
енеді.  Инженер  кадрлары  университет  құрамына  енетін  колледждерде, 
техникалық  факультеттерде  және  дербес  институттар  мен  колледждерде 
даярланады.  Бразилия  университеттерінде  оқу  мерзімі  5  жыл,  дипломдық 
жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік 
сынақтан өткен соң ғана  маман болады. Жапонияда жоғары білім беру ісі 
университеттер  мен  салалық  институттар  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа 
ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады
.  
 
       Австралияда  жоғары  сапалы  мемлекеттік  білім  бағдарламалары, 
сондай-ақ  белгілі  бір  кезең  мерзімінде  оқу  ақысының  деңгейінің 
тұрақтылығы заңмен қатаң белгіленген. Австралияда  38 мемлекеттік және 
2  жеке  меншік  университет  бар.  Австралияда  алған  білім  сапасы  бүкіл 
әлемде  танылады.  Жыл  сайын  бұл  елге  білім  алуға  340  мың  шетелдік 
студенттер  келеді.  Оқу  жылы  2  семестрден  тұрады  және  наурыздан 

 
55 
қарашаға дейін созылады.Кейбір университеттер желтоқсан мен ақпан айы 
аралығында 
қосымша 
жазғы 
3-семестр  ұйымдастырады.    Әр 
университеттің өзінің жеке кредиттік оқыту жүйесі бар. Австралия 
лық жоғары оқу орындарында 7 балдық бағалау жүйесі енгізілген: 7 балл – 
өте  жақсы,  6  балл,  5  балл  –жақсы,  4  балл–  қанағаттанарлық,  3  балл,  1-2 
балл– қанағаттанарлықсыз. Австралиялық жоғары білім жүйесі көпсатылы. 
Оның негізін 3 жылдық бакалавриат бағдарламасы құрайды. Бітірушілерге 
белгілі бір сала бойынша бакалавр дәрежесі тағайындалады және әлемнің 
барлық мемлекеттерінде танылатын тиісті құжат беріледі. Келесі саты  – 2 
немесе  1  жылдық  магистратура,  содан  кейін  3  жылдық  докторлық 
бағдарлама. 
Бұл 
бағдарламаны 
бітіргеннен 
кейін 
философия 
ғылымдарының  докторы  атағы  беріледі.  Академиялық  атақтардың  ең 
жоғарғы шыңы – профессор атағы.   
         Малайзияда  білім  беру  үкіметтің  басымды  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады және Білім Министрлігінің қарауында. жоғары білім мемлекеттік 
және  жеке  меншік  білім  беру  орындарында  жүзеге  асырылады. 
Мемлекеттік  жоғары  білім  колледж  және  политехникалық  университтер 
деңгейінде беріледі. Үш жылдық оқу жүйесі ағылшын тілінде жүргізіледі. 
Бітірушілер    екі  жылдан  кейін  сертификат  немесе  үш  жыл  оқып,  диплом 
алады.  Бағалау  жүйесі  британдық  жоғары  оқу  орындарындағыдай.  Орта 
мектепті  бітірген  талапкерлер  1  жыл  «фаундейшн»  дайындық  курсынан 
өту  керек.  Оқуға  қарашадан  мамыр  айына  дейінгі  мерзімде  қабылдайды. 
Орта  мектептік  білім  беру  жүйесіндегі  айырмашылықтарға  байланысты 
қазақстандық орта білім туралы аттестат Малайзияда танылмайды. Себебі 
Малайзияда  12-жылдық  орта  білім.  Қазақстандық  студенттер  бұл  елдің 
жоғары  оқу  орындарына    тек  отандық  университтердің  1-2  курстарынан 
кейін қабылданады. 
        Мысалы,  АҚШ-та  орта  мектептен  кейінгі  білімді  жалғастыратын  кез 
келген  оқу  орындары  «колледж»,  «мектеп»,  «институт»  немесе,  тіпті, 
«университет» деп аталады. Университеттер мен колледждер халықаралық 
танымалдық және білім берудің жоғары рейтингілері бойынша 3 деңгейге 
бөлінеді. Жоғары білім үш кезеңнен тұрады. Инженерлік факультеттерде 1-
кезеңде  бакалавр,  2-кезеңде  академиялық  дәреже  –  ғылым  магистрі  атағы 
беріледі.  3-кезеңде  ең  жоғарғы  доктор  атағын  алады.  Оқу  кезеңі  2 
семестрге бөлінген, оқу жыл әдетте тамыз-қыркүйек айларында басталып, 
мамыр-маусым  айларында  аяқталады.  АҚШ-тың  көптеген  жоғары  оқу 
орындарында әріптік бағалау жүйесі қабылданған. Бұл мемлекеттің жоғары 
оқу  орындарына  түсетін  талапкер  ағылшын  тілін  жетік  білу  керек. 
Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқитын студенттер міндетті түрде TOEFL 
емтиханын тапсырады.  
Талқылау.   
2-тапсырма. Ойлау, зерттеу, талқылау. 

 
56 
а)  Отандық  білім  беру  жүйесі  мен 
Батыстық 
білім 
беру 
жүйесінің 
ұқсастығын  айтыңыз,  айырмашылығын 
талқылаңыз.  Яғни,  әрине,  бір  сөзбен 
айтқанда, 
керісінше, 
біршама, 
соншалық, 
айтарлықтай
 
сөздерін 
қолданыңыз. 
ә)  Олардың  әлсіз  жақтары  мен  артықшылықтарын  атаңыз.  Ойыңызды 
дәлелдеңіз.  
 
3-тапсырма.  Өз көзқарасын дәлелдеу.  
Отандық жоғары білім беру жүйесі туралы пікіріңіз қандай? 
Қандай идеялар қосасыз?  
Кестені толтырып, өз ойыңызды дәлелдеңіз.    
 
Артықшылықтары  
Кемшіліктері  
Қызық  
идеялар  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-тапсырма. 
Мына 
пікірлермен 
келіспейтіндігіңіздің, 
оны 
қолдайтындығыңыздың себебін 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз. 

Елімізде жоғары білім берудің сапасы басқа мемлекеттерден жоғары.  

Жаңа бітірген студент кәсіби даяр кадр.   

Қазақстандық білім беру жүйесі өзгеруі тиіс. 
 
 
Топтық  жұмыс.  Топпен  жұмыс  жасаңыз  да,  өз  түсіндіруіңізді 
салыстырыңыз. 
Өз  көзқарасыңыздың  дұрыстығына  тыңдаушының  көзін  жеткізу  үшін 
түсіндіру, дәлелдер,  мысалдар келтіріңіз.  
*
Бағалау және емтихан тапсыру жүйесі.  
*
Олар сізге маңызды ма, маңызды емес пе? 
 
Талқылау.  Екеуара  талқылаңыз.  Өз  ойыңызды  немен  дәлелдей 
аласыз? 
Білімді адам бақытты ма? 
Сіз өзіңізді бақыттымын деп ойлайсыз ба?
 
 
5-тапсырма.  Сұраққа  10  жауап  дайындаңыз.  Оларды  дауыстап  оқып, 
өзгелердің жауаптарымен салыстырыңыз. Өз ойыңызды дәлелдеңіз. 
 
ҚАЖЕТТІ СӨЗ ОРАМДАРЫ 
Мүмкін солай да шығар, алайда ....  
Басқа тұрғыдан алып қарағанда   
Менің бұл туралы ойым
 
басқаша 
Мен мынадай шешімге келдім .... 
Барлық  пікірлерді  салыстыра
 
келе 
.. 
Мен ........ айтқанын
 
қолдаймын. 
 
 

 
57 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жазылым 
Эссе жоспарлау 
Түсіндіру 
 
6-тапсырма. Талқылау.Сұрақтарға жауап беріңіз: 
Эссе деген не?  
Бір  нәрсені  түсіндіру  үшін  қандай  тәсілді  қолданасыз?  (Мысалы,  сәбиді 
қалай тамақтандыру керектігін түсіндіріңіз) 
Түсіндірудің  қандай  түрін  (мысалы,  қысқаша  сипаттау,  тірек 
сөздермен айту, сызба, т.б.) қолданасыз? 
 
8-тапсырма.  Берілгендердің  ішінен  «эссе»  ұғымына  қатысты 
анықтаманы табыңыз. 
а) философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси 
және  тағы  басқа  саладағы  ғылыми  емес,  автордың  жеке  көзқарасын 
білдіретін прозалық мәтін. 
ә)    жалпы  (бір)  тақырып  төңірегіндегі  біріккен,  сабақтастық  пен 
тұтастық тән,  
ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. 
б)  өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі 
оқиғалар  
жайында  көзбен  көріп,  куәгер  болған  адамдардың  сол  өткенді  еске 
түсіріп, өз  
атынан баяндап беруі. 
в) өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз 
ойын 
 жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша  
тәжірибелік жұмыстың бір түрі. 
 
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан-жақты 
ашу, таныту.  
2)  объективті;  негізгі  мақсаты  –  белгілі  бір  ғылыми  тақырып  бойынша 
автордың көзқарасын ашу, таныту.  
 
Білім мен байлықтың қайсысы артық? 

 
58 
9-тапсырма.  Эссе  қалай  жазылады?  Эссе  жазу  кезеңдерінің  дұрыс  ретін 
көрсетіңіз. 
Жаныңыздағы 
студенттің 
жауабымен 
салыстырып, 
дұрыс/бұрысын түсіндіріңіз.  
 
1.Мысал (факт)  
2. Аргумент   
3. Байланыстырушы сөйлемдер 
4. Түсіндіру 
 
10-тапсырма.  Эссе  мен  шығарманың  айырмашылығы  неде?  Екеуара 
талқылап, ойларыңызды ортаға салыңыздар (2 минут).  
 
Мына кестені толтырыңыз 
Шығарма  
Эссе  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Есте сақтаңыз! 
Сұрақты түсініп, оған беретін жауабыңызды жоспарлау – эссенің бірінші 
сатысы. 
Екінші стратегия - көптеген басқа да эсселердің құрылымымен танысу. 
 
11-тапсырма.  Мына  қасиеттерді  кімнен  кездестіре  аламыз:
Эссеист 
(Э)
/
Шығарма жазушы (Ш)

Болған оқиғаларды өз атынан баяндайды 
Ойлау деңгейі жоғары  
Ақиқаттан алшақ кетпейді 
Батыл болжамдар айтады 
Өткір ұсыныстар келтіреді 
Нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді 
Өз ойын әдеби тіл қалыбында жеткізеді 
Аз сөзбен көп мағынаны қамтиды 
 
12-тапсырма. Берілген ойды жалғастырыңыз. 
Мемлекетіміздің үлкен бір қозғаушы күші  – білім саласы екендігі баршаға 
мәлім.  Осы  білім  саласының  атқарар  жауапкершілігі  де  қазіргі  таңда  өте 
зор.  Әсіресе  соңғы  жылдары  мемлекетіміз  осы  білімнің  әлемдік  деңгейде 
болуын айрықша талап етіп, қатты назар салып отыр.  Еліміздің дамуы мен 
өркендеуіне,  алдыңғы  қатарлы  өркениетті  елдер  қатарына  жетуіне  үлкен 
бір дем береміз десек, ...........  
 

 
59 
Осы  саладан  білетініңізді  жинақтап,  ой  түйіңіз  де,  жоспарын 
құрыңыз. 
 
13-тапсырма.  Өз жинаған біліміңізбен түсіндірме эссе жазыңыз.  
Жоғарыдағы  мәтінге  сүйене  отырып,  отандық  білім  беру  жүйесі  туралы 
эссе  (немесе  эссе  жанрындағы  шығарма)  жазыңыз.  Эссенің  тақырыптары 
былай болуы мүмкін:  
« ................... туралы»  
«Менің  ................. деген көзқарасым» 
 «................ туралы ойлар»  
«Мен қалай ................... »  
«Менің сүйікті ................. »  
«.................. қазіргі заманға сай ма?» 
«............... менің өмірімдегі орны», т.с.с. 
 
12-тақырып. Өнегелі ғұмыр. Тарихи тұлғалар. Қазақ халқының тұңғыш 
ғалымы- Шоқан Уәлиханов.  
 
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы- Шоқан Уәлиханов. 
 
Тірек сөздермен жұмыс 
     Ағартушы,ғұлама ғалым, шығыстанушы, мұра,құнды еңбектер,қажырлы 
саяхатшы,  көрнекті,үлгі  –өнеге,  озық,  жарқын  өмірі,  зиялы  қауым, 
сарқылмас  көзі,  тумысынан  сезімтал,  даналық,  тұрмыс-салтты  бейнелеу, 
озық дәстүрлер, ата-бабаларының мекені, жарқырай береді. 
 
Ойтүрткі 
 1. Оның өмірі қандай болған? ( жұлдыздай аққан, қысқа болған) 
 2   Шоқан Уәлиханов Қазақстанның қай жерінде туған?  
 3.      Шоқан  қандай  адам  болған?  (Шоқан  өте  жарқын  оқымысты,  білімді 
адам болған) 
 4.      Ақсүйектер  деп  кімдерді  атаған?  (  Ақсүйектер  деп  сұлтандарды 
атаған және олар Шыңғысханның ұрпағы болып саналған.) 
 5.      Шоқан Ресейге  нені  түсіндірді?  (даланың  не екенін, оның халқы  кім 
екенін бірінші болып түсіндірді) 
 6.      Шоқан  Уәлиханов  не  деп  айтқан?  («Алдыменен  өз  халқымызды, 
сосын  Сібірді,  сосын  Ресейді,содан  кейін  барлық  адамзат  баласын 
сүйемін»- деген. 
 
      Тыңдаймыз.Сөйлейміз
 
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп,    адамдар өліп жатады. 
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, іс қалады, 
 сөз қалады. 

 
60 
 Цветы увядают, звёзды гаснут, люди умирают. 
 
 Только у человека есть одна особенность- после него остаётся след ,дело, 
слово. 
 
1-тапсырма -эпиграфты түсініп, аудару. 
2-тапсырма -сұрақтарға жауап беру. 
1)      Қандай адамдардан із , іс, сөз қалады? 
2)      Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? 
3)      Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе? 
 
    
 Оқылым 
Қазақ халқының тұңғыш ғалымы- Шоқан Уәлиханов. 
 
         Шоқан  Уәлиханов  –  ұлы  ағартушы  –  демократ,  қазақтың  ғұлама 
ғалымы, 
шығыстанушы, 
тарихшы, 
этнограф,  фольклорист  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  қазақ  мәдениеті 
мен  әдебиетінің  тарихында  ерекше  орын  алады.  Аса  дарынды  қазақ 
халқының  ғалымы  және  ағартушының  өмірі  мен  қызметі  ерекше  таң 
қалдырады.  Өзінің  қысқа  өмірінің  ішінде  ғылым  саласында  орасан  зор 
табыстары  сол  кездегі  өзінің  орыс  достары  мен  жолдастарын,  орыс 
ғалымдарын 
таң 
қалдырды 
Шоқан  алғашқы  білімді  ауыл  мектебінен  алды,  онда  арабша  жазуға  және 
оқи  білуге  үйренді.  Аз  өмірінде  Уәлиханов  Орталық  Азия  халықтарының 
тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына 
арналған  көптеген  құнды  еңбектер  қалдырған.  Уәлихановтан  қалған 
мұраның  бір  бөлігін  бейнелеу  өнері  саласындағы  еңбектері  құрайды.  Ол 
негізінен  портрет,  пейзаж  және  халықтың  тұрмыс-салтын  бейнелеу 
жанрымен 
айналысқан. 
Одан 
150-ге 
тарта 
сурет 
қалған. 
Оның  Қашқарияға  саяхаты  қажырлы  саяхатшы  және  көрнекті  ғалым 
ретінде  оның  атын  шығарды.Сол  елдің  саяси  құрылысы,  табиғаты, 
халқының  кәсібі,  әдет-ғұрпы  жайында  қыруар  ғылыми  материалдар 
жинады. 
Шоқан  қазақтар  арасында  орыс  білімін,  оның  ғылымы  мен  өнерін 
таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы 
білімдер»  ұясы  болатындай  мектеп  түрлерін  ұйымдастыруды  талап 
етті. Қоғамдық  құбылыстарды  ол  ағартушылық  тұрғыдан  түсіндірді.  Өз 
халқын 
Еуропа 
мәдениетінен 
үйренуге 
прогреске 
шақырды. 
Шоқан  арнайы  педагогикалық  еңбектер  жазбаса  да,  оның  қоғамдық  және 
ғылыми  еңбектері  ағартушылық  сипатта  болды.  Ол  білімі  мен  мәдениеті 
озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен 
үйренуге 
шақырды. 
Шоқан  балалық  шағын  әуелі  Құсмұрында,  содан  кейін  ата-бабаларының 
мекені болған Сырымбетте өткізді. Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне 

 
61 
әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі 
білім  мен  халық  даналығының  сарқылмас  көзі  болды.  Ол  Шоқанға 
қазақтың  ежелгі  аңыздары  мен  хикаяларын  қызықты  етіп  әңгімелеп,  күні 
кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық 
дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарын  бойына  сіңірген  әжесінің  жарқын 
бейнесін  Шоқан  өмірінің  соңына  дейін  ұмытпай  есте  сақтады. 
Шоқан  Уәлиханов  ерте  жастан  қазақтың  халық  поэзиясына  қатты 
құмартып,  оның  классикалық  үлгілерін  жазып  алып,  ата-анасына  оқып 
беріп  жүрді.  Бала  кездің  өзінде-ақ  ол  «Қозы  Көрпеш  -  Баян  сұлу»  және 
«Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды 
ұстазы  Н.  Ф.  Костылецкийге  табыс  етті.Оның  отбасында  жиі  қонақ 
болатын  қазақ  әншілері  мен  жыршылары  Шоқанның  халық  поэзиясына 
деген 
қызығушылығын 
оятуға 
көп 
әсер 
етті. 
Шоқан 
шығыстың 
басқа 
да 
халықтарының 
поэзиясымен 
шұғылданды.Шоқанның  ғылымға  қызығушылығын  қалыптастыруда 
әкесінің  алдыңғы  қатарлы  орыс  зиялы  қауым  өкілдерімен  байланыста 
болуы 
көп 
әсер 
етті. 
Оның  қысқа  да  жарқын  өмірі,  жан-жақты  зерттеушілік  қызметі, 
философия,  этнография,  тарих,  экономика,  құқық,  география,  ауыз 
әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері 
қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет