Р. А. Мукашева -Қостанай: 2016


-тақырып.  Қазақстан  Республикасының  Ел  басқару  жүйесі



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#8175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-тақырып. 
Қазақстан  Республикасының  Ел  басқару  жүйесі. 
Президент. Парламент. Үкімет 
 
№1 Оқылым.  
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 
 
Президент 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті-  мемлекеттің  басшысы, 
мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын 
айқындайтын,  ел  ішінде  және  халықаралық  қатынастарда  Қазақстанның 
атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 
2.
 
Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, 
Конституцияның  мызғымастығының,  адам  және  азамат  құқықтары  мен 
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. 
3.
 
Республика  Президенті  мемлекеттік  биліктің  барлық  тармағының 
келісіп  жұмыс  істеуін  және  өкімет  органдарының  халық  алдындағы 
жауапкершілігін қамтамсыз етеді. 
4.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті:  «Қазақстан  халқына  адал 
қызмет  етуге,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен  заңдарын 
қатаң  сақтауға,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  кепілдік 
беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі 

 
13 
міндетін  адал  атқаруға  салтанатты  түрде  ант  етемін»,  -деп  халыққа  ант 
берген сәттен бастап қызметіне кіріседі (ҚР Конституциясы 40-42 баптар). 
 
Жазылым.  
2-тапсырма. Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып,сөйлемді 
толықтырыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп 
жазыңыз.  
    Қажетті сөз тіркестері: 
   Қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге, 
адал атқаруға, ант етемін. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына..., Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
мен 
заңдарын..., 
азаматтардың 
құқықтары 
мен 
бостандықтарына..., 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  өзіме  жүктелген  мәртебелі  міндетін  салтанатты  түрде...»,- 
деп халыққа ант берген сәттен бастап.... 
 
3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құраңыз. 
Қолбасшы,  ұлттық,  дүниежүзілік,  құрметті,  нышан,  ғылым,  халықаралық, 
ел, саясат. 
 
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана 
отырып,сөйлем құраңыз. 
     Төраға,  мемлекеттік,  ассамблея,  қызмет,  қауымдастық,  жоғары,  азамат 
құқықтары, мәртебелі, ант беру, достық. 
 
5-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес тіркестіріп 
жазыңыз. 
 
Әлем                                                ұйымы 
     Мадақтау                                         назары 
     Елдің                                                лидер 
     Әлемдік                                           объектісі 
     Шанхай ынтымақтастық                басшысы 
 
№2 Оқылым 
Парламент 
     Парламент-Қазақстан  Республикасының  заң  шығару  қызметін  жүзеге 
асыратын  Республиканың  ең  жоғары  өкілді  органы.  Парламенттің 
өкілеттілігі  оның  бірінші  сесиясы  ашылған  сәттен  басталып,  жаңадан 
сайланған  Парламенттің  бірінші  сессиясы  жұмысқа  кіріскен  кезден 
аяқталады. Парламенттің өкілеттілігі Конституцияда көзделген реттер мен 

 
14 
тәртіп  бойынша  мерзімінен  бұрын  тоқталуы  мүмкін.  Парламенттің 
ұйымдастырылуы  мен  қызметі,  оның  депутаттарының  құқықтық  жағдайы 
конституциялық заңмен белгіленеді. 
       Парламент  тұрақты  негізде  жұмыс  істейтін  екі  Палатадан  Сенаттан 
және  Мәжілістен  тұрады.  Сенат  конституциялық  заңда  белгіленген 
тәртіппен  әр  облыстан,  республикалық  маңызы  бар  қаладан  және 
Қазақстан  Республикасының  астанасынан  екі  адамнан  өкілдік  ететін 
депутаттардан  құралады.  Сенатта  қоғамның  ұлттық-мәдени  және  өзге  де 
елеулі  мүдделерінің  берілуін  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  ескеріліп, 
Сенаттың  он  бес  депутатын  Республика  Президенті  тағайындайды. 
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті 
депутаттан  тұрады.  Парламент  депутаты  бір  мезгілде  екі  палатаға  бірдей 
мүше  бола  алмайды.  Сенат  депутаттарының  өкілеттік  мерзімі-алты  жыл, 
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі-5 жыл. 
 
 
Жазылым 
1-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерінің  ішінен  мәтін  мазмұнында 
кездесетінін белгілеңіз. 
Заң шығару қызметі                              азаматтық құқық 
Қаржы министрлігі                               реттер мен тәртіп бойынша 
мемлекеттік қызметшілер                    мерзімінен бұрын                
қайта даярлау                                        біліктілігін жетілдіру 
ең жоғары өкілді органы                      депутаттардың құқықтық жағдайы  
Парламенттің өкілеттілігі                    гендерлік саясат 
бірінші сессия                                       заңмен белгіленеді 
жаңадан сайлану                                   тұрақты негізде 
Конституцияда көзделген                    екі адамнан 
депутаттардан тұрады                           он бес депутат 
жүз жеті депутат                                    бір мезгілде 
алты аудан                                              екі палатаға  
партия мүшелігіне қабылданды           мүше бола алмайды 
тоқсан сегіз мың мемлекеттік қызметші  
 
 2-тапсырма. Лексикалық қорды меңгеріңіз, берілген жаңа сөздер мен 
сөз тіркестерін оқып танысыңыз. 
      Парламент,  Сенат,  Мәжіліс,  депутат,  қалаулы,  сенім,  мәртебе,  өкілді, 
өкілеттілігі,  сайлау,  сайлану  сайланымы,  мерзім,  тұрақты,  мүше, 
тағайындау, дұрыс беру, кезекті, өткізіледі. 
     
3-тапсырма. 
Екі 
бағанда 
берілген 
сөздерден 
мағыналық 
үйлесімділігіне қарай сөз тіркесін құрыңыз.  
қазақстандық                         мемлекеттілік 
маңызды                                 кәсіби парламенті 
тұңғыш                                   ірі оқиға 

 
15 
жаңа                                        иеленген 
ең бір                                      парламентаризм 
мәртебе                                  өкілді орган 
жоғары                                   кезең           
 
4-тапсырма. Берліген жоспарға сүйеніп, мәтін құрастырыңыз. 
1. 1994-1995 жылдардағы қазақстандық саяси жүйе қалыптасу барысы. 
2. Кәсіби Парламент 
3. Ә.Кекілбаев пікірі 
4. ҚР Парламенті мәртебесінің Конституцияда нақтылануы.   
 
№3 Оқылым 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
    Үкімет  Қазақстан  Республикасының  атқарушы  билігін  жүзеге  асырады, 
атқарушы  органдардың  жүйесін  басқарады  және  олардың  қызетіне 
басшылық  жасайды.  Үкімет  басшысын  кандидатура  Парламент 
депутаттарының  жалпы  санының  көпшілігінің  мақұлдауымен  Президент 
тағайындайды. Үкіметтің жеке құрамын Премьер –Министрдің ұсынуымен 
Президент тағайындайды.                       
      Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрылымы мен құрамы: 
      Премьер  –Министр  Президенттің  қарауына  Үкіметтің  құрылымын 
ұсынады.  Үкімет  құрылымы  мынадай:  Премьер  –Министр,  Премьер  –
Министрдің орынбасарлары және министрліктердің басшылары. 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің негізгі өкілеттіктері: 
        -мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  саясатының,  оның  қорғаныс 
қабілетінің,  қауіпсіздігінің  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  етудің  негізгі 
бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады
       -  Парламентке  (Мәжіліске)  республикалық  бюджетті  және  оның 
атқарылуы  туралы  есепті  ұсынады,  бюджеттің  атқарылуын  қамтамасыз 
етеді; 
       - Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 
       - Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және 
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 
       -  Үкімет  құрамына  кірмейтін  орталық  атқарушы  органдардың 
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің  өкілеттігін тоқтатуы: 
Үкімет  жаңадан  сайланған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
алдында  өз  өкілеттігін  доғарады.  Қазақстан  Республикасының  Премьер  –
Министрі  жаңадан  сайланған  Парламент  Мәжілісінің  алдында  Үкіметке 
сенім  туралы  мәселе  қояды.  Мәжіліс  сенім  білдірген  жағдайда  егер 
Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін 
атқаруды  жалғастыра  береді.  Парламент  Мәжілісі  немесе  Парламент 
Үкіметке  сенімсіздік  білдірген  жағдайда  Үкімет  орнынан  түсетіні  туралы 

 
16 
Республика  Президенті  мәлімдейді.  Орнынан  түсуді  қабылдау  немесе 
қабылдамау  туралы  мәселені  Республиканың  Президенті  он  күн  мерзімде 
қарайды.  Орнынан  түсуді  қабылдау  Үкіметтің  не  оның  тиісті  мүшесінің 
өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер –Министрдің орнынан түсуін 
қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 
    Үкіметтің  немесе  оның  мүшесінің  орнынан  түсуі  қабылданбаған 
жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. 
 
 
Жазылым 
 1-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрыңыз. 
   Үкімет, ұсыну, жергілікті, ар-намыс, тұтас, нәтиже, дағдарыс, тұрақтану, 
билік,  өкілетті,  жарлық,  үздік,  іріктеу,  қисынды,  тиімді,  жоспарлау, 
дербестік, мүдделі, ықпал. 
 
2-тапсырма.Мәтіннің  бірінші  абзацын  оқып,  осындағы  негізгі  ойды 
білдіріп тұрған сөйлемді табыңыз. 
 
3-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздерді теріп жазыңыз. Орыс тіліне 
аударыңыз. 
 
4-тапсырма.Айтылған ойды жалғастырыңыз
1) Үкімет үйі.... 
Үкімет үйінің ғимараты..... 
Үкімет үйінің ғимаратында болдық..... 
Үкімет үйінің ғимаратында жиналыста болдық..... 
Үкімет үйінің ғимаратында өткен аптады жиналыста болдық..... 
2)................... 
...................................... 
................................................. 
............................................................ 
........................................................................... 
 
3-тақырып. Қазақстанның экономикасы, сыртқы және ішкі саудасы. 
 
1-тапсырма.  Берілген  сөздік  қормен  танып,  орысша  баламасын 
табыңыз. 
Сөздік қор:  
1.
 
Әлемдік кеңістік –   
2.
 
Мықты енген ел –  
3.
 
Оның егемендігін  –  
4.
 
Танып отыр –  
5.
 
Жүйе құрушы ретінде –  
6.
 
Ұйымдарға мүше болды-  
7.
 
БҰҰ – Бірлескен Ұлттар Ұйымы –  

 
17 
8.
 
НАТО Ынтымақтастық Кеңесі –  
9.
 
Дүниежүзілік Банк –  
10.
 
 Халықаралық валюта қоры – 
11.
 
 Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 
12.
 
 Дипломатиялық қатынастар –  
13.
 
 Елшіліктер мен дипломатиялық миссиялар –  
14.
 
 Ядролық қарусыздандыру –  
15.
 
 Қырып жоятын қаруларды таратпай –  
16.
 
 Бастамашы болып табылады –  
17.
 
 Сыртқы саясаты –  
18.
 
 Жан - жақты байланыстарды дамыту –  
19.
 
 Интеграциялық процестерді  тереңдетуге бағытталған –  
20.
 
 Еуразиялық мемлекет болғандықтан – 
21.
 
 Байланыстырушы рөлін атқарады –  
22.
 
 Барлық көрші мемлекеттермен тұрақты –  
23.
 
 Достық қарым-қатынастар жүйесін орнатты –  
24.
 
 Сыртқы саясатын ұстай отырып –  
25.
 
 Бейбітшілік пен қауіпсіздікті бекіте білді –  
 
 
Жазылым 
 
2-тапсырма.  Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 
1.
 
Сегодня Казахстан,  вошедший  в мировое   пространство,  является  
сильной  державой.  2.  С  его    независимостью  знакомы  12  стран.3.  В 
качестве  организатора  международной  системы  Казахстан  стал  членом 
следующих  организаций:  ООН,    Мировой  фонд  валюты,  Мировой  банк, 
Европейский  банк    восстановления  и  развития,  Организация 
экономического 
содружества 
и 
др. 
3. 
Казахстан 
установил 
дипломатические отношения с мировыми сообществами. 4. В нашей стране 
работает 
свыше 
50 
иностранных 
посольств 
и 
представители 
международных 
организаций. 
5. 
Посольство 
Казахстана 
и 
дипломатические миссии были организованы в 40 странах. 6.Наша страна  
играет  связывающую  роль  между  Азией  и  Европой.  7.  С  принятием 
независимости  Казахстан  со  всеми  соседними  государствами  стабилен  и 
устанавливает  систему  дружественных  отношений.  8.Сохраняя  внешнюю 
политику  на  мировой    арене,  Казахстан  сумел  утвердить  мир  и 
содружество. 
 
Ойтүрткі.
 
3-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1.
 
Бүгін Қазақстан қандай ел ? 
......................................................................... 
2.
 
Оның егемендігін неше ел танып отыр ? 

 
18 
     ....................................................................... 
3.
 
Қандай ұйымдардың мүшесі болды ? 
.................................................................... 
4.
 
Еліміз кіммен дипломатиялық қатынасты орнатты ? 
     ............................................................................................. 
5.
 
Казақстанда  неше шетел елшіліктері жұмыс жасайды ? 
..................................................................................................... 
6.
 
Қазақстанның  елшіліктері  мен  дипломатиялық  миссиялары  неше 
елде құрылған ? 
    ........................................................................................................................ 
7.
 
Біздің еліміз ненің ұйымдастырушысы болды ? 
........................................................................................................................... 
8.
 
Сыртқы саясаты неге бағытталған ? 
.......................................................................................................................... 
9.
 
Азия және Еуропа арасында қандай рөл (роль)  атқарады ? 
 
10.
 
Сыртқы саясатын ұстай отырып, нені бекіте білді ? 
............................................................................................................... 
 
    Оқылым. Мәтінді оқыңыз. 
  
Қазақстанның экономикасы, сыртқы және ішкі саудасы 
           Бүгінде  Қазақстан  әлемдік  кеңістікке  мықты  енген  ел,  оның 
егемендігін әлемнің 120 елі танып отыр. Бұл ел негізгі халықаралық жүйе 
құрушы  барлық  ұйымдарға  БҰҰ-ға,  ЕҚЫҰ-ға,  Ислам  Конференциясы 
ұйымына, Дүниежүзілік Банкке, Халықаралық валюта қорына, Еуропаның 
Қайта  құру  және  Даму  Банкіне,  Экономикалық  ынтымақтастық  ұйымына 
және басқа да халықаралық құрылымдарға мүше болды. 
          Дүниежүзілік 
қоғамдастық 
мүшелерінің 
көпшілігімен 
дипломатиялық  қатынастар  орнатты  және  өзара  тиімді  ынтымақтастық 
қалыптастырды.  Қазақстанда  тіркелген  50-ден  астам  шет  ел  елшіліктері 
мен  халықаралық  ұйымдардың  өкілдері  жұмыс  істейді.  Қазақстанның 
елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары 40 елде құрылған. 
Қазақстан  жаһандық  бастамаларды,  ең  алдымен  ядролық  қарусыздандыру 
және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау жөніндегі бастамашы әрі 
тілекші болып табылады. 
Қазақстанның  сыртқы  саясаты  Батыс  пен  Шығыс  арасындағы  жан-жақты 
байланыстарды  дамытуға,  интеграциялық  процестерді  тереңдетуге 
бағытталған. 
         Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған саясат демократиялық 
сипатта болғандықтан, елімізде көппартиялық жүйе қалыптасқан болатын. 
Елдегі билік етуші үкіметтің саясатын бақылап отыру үшін халық бірнеше 
оппозициялық  саяси  партияларды  құруы  тиіс.  Бүгінде  елімізде  билік 

 
19 
тізгінін  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  басқарып  отырған  «Нұр  Отан» 
халықтық-демократиялық  партиясы  ұстап  отыр.  Сонымен  қатар  елімізде 
«Ақжол»,  «Руханият»,  «Қазақстанның  коммунистік  париясы»  ,  т.б.  ірілі-
ұсақты 
оппозициялық 
саяси 
партиялар 
да 
бар. 
         Тәуелсіздік  алған  жылдарынан  бастап  Қазақстан  барлық  көрші 
мемлекеттермен  тұрақты  тату  көршілік  және  достық  қарым-қатынастар 
жүйесін орнатты. 
Қазақстан  салиқалы  сыртқы  саясат  ұстай  отырып,  әлемдік  аренада 
бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  жолындағы  дәйекті  жұмысы  үшін  тану  мен 
құрметтеуге  лайықты  мемлекет  ретінде  өз  іргесін  бекіте  білді.  
      Тәуелсіздік  алғаннан  бері  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып  кіруге 
республикаға  жол  ашылды.  1997  жылдың  басына  қарай  Қазақстан  60-тан 
астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО  – 
ірі  халықаралық  ұйым.  Ол  –  Білім,  Ғылым  және  Мәдениет,  "Адам  және 
биосфера”,  "Адам  табиғи  ортада”  т.б.  бағдарламалар  негізінде  жұмыс 
жасайды. 
              «Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың 
жаңа  белесіне  шықтық.  Мемлекет  басшысы  ұсынған  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  қоғам  дамуының  жаңа  белесіндегі  ел  болашағының 
дүниетанымдық  жаңа  моделін  жобалау,  басты  құндылықтар  мен  бағ-
дарларды айқындау болып табылады. 
          Елбасымыз  Жолдауында  экономиканы  дағдарыстан  кейінгі  дамуға 
әзірлеу қажет екендігін, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды 
дамыту  есебінен  экономиканық  тұрақты  өсуіне  қол  жеткізу  керек  екенін, 
адам  капиталының  қабілеттілігін  арттыру  үшін  болашаққа  белсенді 
инвестициялау  қажетін,  қазақстандықтарды  сапалы  әлеуметтік  және 
тұрғын  үй-коммуналдық  қызметтерімен  қамтамасыз  ету  қажетін, 
ұлтаралық  келісімді  нығайту,  ұлттық  қауіпсіздікті  арттыру,  халықаралық 
қарым-қатынасты  одан  әрі  дамыту  керек  екенін  айтып  өткен  еді. 
Экономиканы  әртараптандыру,  сауатты  сауда  саясатын  жүргізу, 
экономикаға  инвестициялар  тарту,  кәсіпкерлікті  дамыту,  отандық 
тауарларды  әлемдік  нарыққа  шығару  –    ел  экономикасын  дамытуға 
бағытталған. 
           Қазақстан  Республикасы    әлемнің  145  мемлекетімен  сыртқы    сауда 
байланыстарын  орнатқан.  Әлемнің  122  мемлекетімен  экспорттық,  115 
мемлекетімен импорттық тауар алмасу жасайды. Қазіргі кезде Республика  
экономикасында  15  мың  кәсіпорын  жұмыс  істейді.  Қазақстан  көптеген 
әртүрлі отандық өнімдер шығарады. Елімізде жылдан-жылға жұмыссыздық 
саны азаюда. Экономикамыз дамып, алға басуда. 
 
 
 
 
 
 

 
20 
 
4-тақырып. Іскер адам.  
 
Ойтүрткі                 
Іскер адам қандай болады?           
Сізге «Іскер басшының  келбеті» - дегенде қандай ой келеді? 
       
Жаңа сөздермен танысып, аударыңыз. 
                Іскер адам -  ...............................................     
                әрбір минут қымбат - ...................................... 
                іскер басшы  - ...............................................     
                дұрыс жоспарлау -  ....................................... 
        дұрыс пайдалану - .......................................  
        өз кәсібін -    .................................................. 
        ұтымды пайдалану - ......................................  
        еңбек қарым-қатынасы - .............................. 
        басшы адамның қоғамдағы ролі -................ 
        айырықша мән -  ........................................ 
        ұжым - ...................................................... 
        білікті -  ........................................................ 
        кәсіби біліктілігі -  .......................................... 
        ұйымдастыру қабілеті - ...............................  
        басшы - ........................................................... 
        жантанушы - ................................................   
        ұйымдастырушы - ......................................... 
        таңдай қағу (таң қалу) - ................................  
        келбет - .............................................. 
        бедел - ................................................        
        сезімтал - ........................................... 

 
21 
 
    №1 Оқылым. Мәтінді оқыңыз. 
  
Іскер адам 
        Іскер  адам  өзінің  сырт  көрінісімен:  қимыл-қозғалысы,  жүріс-тұрысы, 
киім  киісі,  дауыс  ырғағы,  шешендігі,  бірнеше  тілді  білетіндігі, 
адамгершілігі,  байсалдылығы,  батылдығы,  бейімделгіштігі,  еркіндігі, 
заманауи  техниканы  меңгергендігі,  сонымен  қатар  тәртіпті  және  жоспар 
құра білетіндігімен ерекшеленеді. 
       Іскер  адамның  қимыл-қозғалысы,  жүріс-тұрысы  сенімді,  салмақты 
болады.  Сасқалақтап,  бір  отырып,  бір  тұрып  жүгіріп  жүрген  жан  біреуге 
ұнай қоюы екіталай. 
Дресс код - іскер адамдардың басты белгілерінің бірі. Сондықтан көптеген 
белгілі фирмалар қызметкерлерінің дресс код сақтағанын талап етеді. Іскер 
костюмнің  жүн,  мақта  сияқты  бір  тегіс  табиғи  матадан  тігілгені  дұрыс. 
Әйел  адамдардың  табиғи  жібектен  тігілген  блуза,  көйлек  киюлеріне 
басшылары  көбінесе  қарсы  бола  бермейді.  Ал  зығыр  мата  қыртыстанып 
қала береді. 
         Соңғы сәндегі әшекей бұйымдардың барлығы бірдей, әсіресе жылтыр, 
көлемділері  дресс  кодқа  келе  бермейді.  Тіпті  екінің  бірінің  қолы  жете 
бермейтін  гауһарды  да  тек  кешкі  шараларға  тағу  қажет  деп  есептеледі. 
Іскер костюммен үйлесетіндер: інжу, янтарь тасынан жасалған әшекейлер, 
алтын, күміс, сондай-ақ қол сағаты. 
          Іскер  адам  дауыс  ырғағына,  шешен  сөйлей  білуге  мән  беру  керек. 
Көбіне құлаққа жағымды қоңыр даусы бар, байыппен сөйлейтін жан өзіне 
еріксіз  назар  аудартады.  Кәсіби  терминдер,  қанатты  сөздер  мен  мақал-
мәтелдерді қойын дәптерге жазып жүрген дұрыс. 
         Іскер  адам  шетелдіктермен  де  жиі  қарым-қатынас  жасайтындықтан 
бірнеше  тіл  білсе,  өзі  де  қиналмайды,  жалақысы  да  соған  сәйкес  болады. 
Адамгершілік,  байсалдылық,  батылдық,  бейімделгіштік,  еркіндік, 
тәртіптілік – іскер адамға қажет жақсы қасиеттер. Егер аталмыш қасиеттер 
адам бойында болмаса, ерте ме, кеш пе, басшылар да, әріптес компаниялар 
да сырыңызға қанық болады. Күнде өзгеріп жатқан заманауи технологияны 
дер кезінде меңгеріп отыру қажет. 
        Іскер  адамның  күн  тәртібі  белгілі  бір  жоспарға  бағынады.  Бұл 
жоспарда  барлығы:  іскерлік  кездесулер,  тамақ  ішу,  жолға  кететін  уақыт, 
т.б. түгел көрсетіледі. 
Соңғы  кеңес  –  іскери  адам өз білімін: кәсіби  және  рухани  жағынан үнемі 
көтеріп отырғаны жөн. Ал өз елін, жерін сүйген патриот болуды әрбір жан 
кеңессіз де білетін шығар деген ойдамыз.
  
 
 
 
 

 
22 
    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет