Р. А. Мукашева -Қостанай: 2016



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#8175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 
Мәтін қандай ой салды? 
Таза тамақ  дегенді қалай түсінесіз? 
Қазақтың  ұлттық  тағамдарының  пайдалы  емдік 
қасиеттері туралы  не білесіз?   Адам денсаулығына тағы не пайдалы? 
 
5-тапсырма. Мына пікірлерге келісу/келіспеушіліктеріңізді 
Иә
(√)не 
Жоқ
(
X)деп белгілеңіз: 
Қазіргі заманда табиғаттан таза өнім алу мүмкін емес. 
Экологиялық жағдайлар адамның тез қартаюына әсер етеді. 
Табиғат өнімдері ешқашан таусылмайтын байлық. 
Табиғат байлығын қорғау тек заң жүзінде ғана сақталады. 
Қазақстан туризмі 7 жылдан кейін брэндке айналады. 
 
Жұптық  жұмыс:  Келесі  студентпен  таза  ауадағы  спорт  жайлы  өзара 
сөйлесіңіз. 
 
Топтық  жұмыс:  Мына  мәселелерді  топпен  талқылап,  өз  ойларыңызды 
ұсыныңыз. 
Елімізде туризмді дамытудың мүмкіндіктері қаншалықты? 
Туристерді Қазақстанға тартудың қандай жолдарын ұсынасыз? 
Отандық туризмнің болашағы қандай? 
 
6-тапсырма.  Елімізде  туризмнің  дамуының  мүмкіндіктері  мен  кедергілер 
тізімін жасаңыз. 
 
МҮМКІНДІКТЕР КЕДЕРГІЛЕР
 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
_________________________                                
____________________________ 
 
7-тапсырма.  Туризм  дамуының  экологиялық  жағдайларға  теріс  және  оң 
әсерлерін атаңыз. 
 

 
33 
 №2 Оқылым  
 
Экологиялық мәдениет 
      Экологиялық 
мәдениет 
менің 
түсінігім 
бойынша 
біздің 
денсаулығымыздың  және  тазалығымыздың  кепілі.  Тұрып  жатқан 
қаламыздың  таза  әрі  әдемі  болғанын  бәріміз  қалаймыз.  Бірақ,  өкінішке 
орай  қала  тұрғындарының  әрекетінен,  "қаламызды  таза  ұстайық"  деген 
бос  сөздері  көп  айтылып  жатады.  "Тазалық  жинаған  жерде  емес, 
шашпаған  жерде  болады"  дегендей  қаламызда  апта  сайын  сенбілік 
өткізіліп  тұрса  да,  артынша  қоқыстардың  қайта  шашылып  жатқанын 
көреміз.  Қоршаған  ортаның  ластануының  барлығына  адамдардың 
мәдениеті  мен  сана  сезімінің  төмендігі  басты  себепші  болып  отыр. 
Турасын айтқанда адамзаттың жауапсыздығы, салғырттығы. 
      Тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына 
қатысты. Кейбір тұрғындар барлығын мемлекеттік органдар жасауға тиіс 
деген пікірді қалыптастыра отырып, балаларына да сондай тәрбие береді. 
Әр  азаматты  тазалыққа  тәрбиелеу  отбасынан  басталуы  тиіс.  Өздері 
тазалайды  деген  пікірден  аулақ  болып,  қолынан  келетін  шаруаны 
тындыра салса, бұл тәрбиелеп отырған ұл-қыздарына да үлгі болады. Әр 
тұрғын  өзінің  тұратын  үй-жайының  айналасын  таза  ұстап,  артық 
қалдықтарды  шашпай,  ұқыпты  болсақ,  қаламыздың  таза  әрі  көрікті 
мекенге айналуына кішкене болса да үлес қосар едік. 
     Тазалық  сақтамау  түрлі  сырқаттарға  әкеледі.  Қаншама  микроб  ауа 
арқылы  денсаулыққа  зиян  келтіреді.  Мәселен  туберкулез  ауруымен 
ауырған  адам  түкірсе,  оның  таяқшалары  ауада  бірнеше  сағатқа  дейін 
сақталады.  Бұның  өзі  мәдениетсіздікке  жатады.  Адамдар  кейде  өздері 
жамап-жасқап алатын сан түрлі сырқаттың 
дауасын Табиғат-Ана тауып, жан жарасына дәруін беріп жатады. Ал енді 
ойлап  көрейікші  біз  қоршаған  ортамызды  қорлап,  қоқыстарды  лақтырып 
жатсақ та, табиғат біздің түрлі ауру-сырқаттарымызды емдейтін шипалы, 
емді  шөптерін  ұсынып  жатады.  Бұл  біздің  тарапымыздан  табиғатқа 
жасаған үлкен қорлық деп есептеймін. 
Адам-  табиғаттың  төл  перзенті.  "Табиғатсыз  адамзаттың  күні  жоқ,  оны 
айтатын  табиғаттың  тілі  жоқ  "  деп  бекер  айтылмаған.  Табиғаттың 
жанайқайын  естімегенімізбен,  көзбен  бәріміз  көріп  отырмыз.  Мұндай 
жағдайларға  сөзбен  шаралар  қолданып  жатырмыз  дегендерімен  іс-
әрекеттерінен ешнәрсе көре алмаймыз. 
   Қорытындылай  келе  өз  денсаулығымыз  мықты  болсын  десек,  қоршаған 
ортаның  тазалығына  аса  мән  беріп,  назар  аударайық.  Жүректерінде 
табиғатқа деген мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту әрбір азаматтың 
борышы.  Суын  ішіп,  ауасын  жұтып,  топырағын  басып  жүрген  туған 
қаламызды аялап, қадірлеуді білсек жеткілікті.  
 

 
34 
Қазақстанның қорықтары 
        
       Мәтінді оқып аударыңыз. 
       Елімізде  өсімдіктері  мен  жануарлары  әр  алуан,  арнайы  қорғалатын 
тұтас  табиғи  аймақтар  –  қорықтар  ұйымдастырылған.  Сондықтан  да 
қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Қорықтар — 
биосфера  эталоны.  Мұндағы  орман-тоғай,  жай  алған  жайылым  мен 
шабындық,  аң-құс,  айдын  шалқар  көлдер,  ағыны  қатты  өзендер 
мүмкіңдігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман 
болмасын,  қорықтарды  ұйымдастыру  күн  тәртібінен  ешқашан  да  түскен 
емес.  Өйткені  биосфера  байлықтарын  қорғау,  онда  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын сондай-ақ биосфера компоненттерін қорғау және үгіт-насихат 
экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте 
маңызды  роль  атқаратыны  белгілі.  Осыған  орай  қорықтар  ұйымдастыру 
бөлініп  Қазақстанның  шөл-шөлейтті  аймақтарында  үйір-үйірімен 
жайылып  жүретін,  бірақ  кейіннен  мүлде  азайып  кеткен  құландарды 
қорғап  қалуда  қорықтардың,  әсіресе  Бадхыз  қорығының  рөлі  орасан  зор 
болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығында айтар үлес қосты.                                                              
      
Бай  өлкені  шын  мәнінде  табиғи  байлықтың  қайнар  көзі  деп 
ғалымдар  бекерден-бекер  айтпаған  болар.  Бірақ,  бұл
 
інжу-маржандар 
қанша  болғанымен,  ол  сарқылмайтын  дүние  емес  екені  кейінгі  кезде 
өзінен-өзі  өне  беретін  зат  емес.  Сондықтан  да  оны  пайдаланумен  бірге, 
ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.  
 
Т
апсырма. Мәтінмен жұмыс істеңіз. 
1. Мәтіндегі қарамен белгіленген сөздері орыс тіліне аударыңыз. 
2. Мәтіннің    мазмұнын айтып беріңіз. 
3. Мәтінге байланысты сұрақтар  қойыңыз. 
4. Қорықтар туралы білетін қосымша мәліметтеріңізді ортаға салыңыз. 
 
Тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді орын тәртібі арқылы 
қойыңыз. 
 
   
Бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар 
бекерден-бекер  айтпаған  болар.  Бірақ,  бұл  інжу-маржандар  қанша 
болғанымен,  ол  сарқылмайтын  дүние  емес  екені  кейінгі  кезде  өзінен-өзі 
өне  беретін  зат  емес.        Сондықтан  да  оны  пайдаланумен  бірге,  ұқыпты 
түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлык мүмкіндік керек.  
Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсті. Барса-келмес аралы 
жойылып  кеткеннен  кейін  ондағы  құландарды  арнаулы  ұшақтармен 
Алтынемел  ұлттық  биосфера  паркіне,  Іле  өзел  жағасына  әкелінді.  Міне, 
осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде. 
 
Тапсырма.  «Қызыл  кітап»  жөнінде  шағын  мәлімет  ала  отырып,  өз 
ойыңызды ортаға салыңыз.  

 
35 
 
«Қызыл кітапқа» белгілі  түрді  енгізу үшін  ғалымдар әр жануардың 
не өсімдіктің  5 санатын  анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда 
ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар мынадай: 
І  санат  –  жойылып  бара  жатқандар.  Бұлар  туралы  соңғы  50  жылда  
ешқандай  деректер  жоқ.  Мысалы,  қызыл  қасқыр,  қара  күзен,  қабылан, 
қызылқұм арқары, құдыр, т.б. 
ІІ  санат  –  саны  азайып    бара  жатқандар  (жақын  арада  жойылып  кетуі 
мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б. 
ІІІ санат – сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек 
кездесетіндер).  Мысалы,  қар  барысы,  сілеусін,  жарғанат,  бұлдырық,  қара 
тұрпан, қара ләйлек, т.б. 
ІV  санат  –  белгісіздер  (толық  зерттелмеген  түрлер).  Мысалы,  шұбар 
кесіртке, қара шұбар жылан,т.б. 
V  санат  –  қалпына  келгендер  (қорғау  жұмыстары  нәтижесінде  қайта 
көбейген  түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б. 
 
Тапсырма. Берілген  құрмалас  сөйлемдерді жай сөйлемге 
айналдырыңыз. 
 
    
Адам  баласы  жануарлар  мен  өсімдіктер  туралы  мәліметтерді, 
ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға 
келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Қорық 
фаунасы 
сүтқоректілердің 
42 
түрін, 
құстардың 
238 
түрін, 
жорғалаушылардың  9  түрін,  қосмекенділердің  2  түрін,  балықтардың  екі 
түрін  және  омыртқасыз  жәндіктердің  мыңдаған  түрін  қамтиды.
 
Қазіргі 
кезде  Науырзым  қорығының  үстіңгі  қабаты  жасы  және  құрамы  әртүрлі 
геологиялық  шөгінділер  жабылған,  содан  жоғарғы  әртүрлі  жануарлар 
әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады. 
 
Қазақстандағы ұлттық парктер 
 
Қазақстанда  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парк  көп  емес,  саусақпен 
санарлық.  Соның  ішінде  ең  үлкені  – Катонқарағай ұлттық  паркі.  Ол  2001 
жылдың  17-ші  шілдесінде  Үкімет  қаулысымен  құрылған.  Ұлттық  парктің 
аумағы  Алтай  –  Саян  экоаймағының  Қазақстандағы  жобаланған  бөлігінің 
құрамына  енеді.  Ұлттық  парктің  жалпы  ауданы  643477  гектар.  Ұлттық 
паркке бай табиғат байлықтары, бірегей ландшафт кіреді, орманды даладан 
тайгаға  дейін,  биік  таулы  аймақтың  альпі  шалғындықтары,  мұздықтар 
жинақталған.  Парк  аумағының  34  пайызын  орманды  алқап  алып  жатыр. 
Қылқан  жапырақты  ағаштар  –шырша,  қарағай,  балқарағай,  самырсын  бұл 
өлкенің 
байлығы. 
Ұлттық  табиғи  паркті  бірінші  күннен  бастап  Ерен  Жұмағұлов  басқарады. 
Ұзақ  жылдар  ұстаз,  сосын  орманшылықты  басқарған,  аңшы,  балықшы, 

 
36 
табиғаттың  тылсымынан  сыр  тартқан  азамат  ұлттық  парктің  ыстық-
суығына 
төзіп 
келеді. 
Ұлттық  парк  құрылғанша  орманның  сирек  кездесетін  балқарағайы  мен 
самырсыны,  шыршасы,  Сібір  шыршасы  ұстағанның  уысында,  тістегеннің 
тісінде кетті. Адамдар да тағы ғой, бұзауға қазық үшін теректі тамырымен, 
мал  айдау  үшін  қарақатты  түбімен  жұлып,  аяусыз  күйретті.  Бір  кездері 
осынау  ғажайып  өлкеде  құстың  260  түрі  болса,  қазір  азайды.  Ұшатын 
тиінді естігеніңіз бар ма? Өзіне қауіп төнген кезде терісі ашылып 40 метрге 
дейін  секіріп  ұшады.  Қазір  ол  азайып  барады.  Қара  дегелек,  балық 
аулайтын  скапа,  күдір,  қар  барысына  да  аялы  алақан  керек.  Парк 
аумағының  фаунасы  мен  флорасы  өте  бай.  Осында  жоғары  сатылы 
өсімдіктердің бір мыңнан астам түрі бар, оның 30 шақтысы Қызыл кітапқа 
енген.  Қызғылт  радиола,  марал  түбірі,  Алтай  рауғашы,  Алтай  қасқыр 
жидегі,  ірі  гүлді  шолпан  кебіс  –  ел  мақтанышы.  Ендеше  аң  мен  құсты, 
орманды  қорғағаннан  абыройлы  іс  жоқ,  –  деп  Ерен  ағынан  жарылды. 
Ұлттық  табиғи  паркте  сегіз  орманшылық  бар.  Мұнда  үш  жүзден  астам 
адам  еңбек  етеді.  Қажетті  техника  жеткілікті.  Бірақ  проблемалар  аз  емес
Ең бастысы, орманшылардың жалақысы татымсыз, ал питомникте күндіз-
түні бел жазбай еңбек ететін қыз-келіншектер он мың теңге көлемінде ғана 
жалақы  алады.  “Өзіміз  ізденіп,  қаржы  табудың  жолдарын  қарастырып 
жатырмыз. Биыл он миллион теңгенің пайдасын таптық. Мекеме жанынан 
ағаштан бұйымдар жасай бастадық. Онда аңшылар үшін қажетті құралдар 
—  орындық,  үстел,  бал  құятын  ыдыстардың  түр-түрі  шығады. 
Орманшылар  ағаш  өсіріп,  келешек  ұрпақ  үшін  тер  төгіп  жатыр. 
Жүріңіздер, 
сонда 
баралық” 
– 
деп 
Ерен 
жол 
бастады. 
Тұқым бағы деп қалай сәтті қойылған. Шынында да жер жәннатына кіріп 
кеткендей болдық. Тұқым бағының директоры Ерікбек Жайсаңбаев осында 
отыз жыл бойы еңбек етіп келеді екен. Бақтың мақсаты  – ағаш егу. Дәнді 
үгітіп,  осы  жерде  мәпелеп  өсіреді.  Қыстың  көзі  қырауда  оны  қымтап 
жабады. Бір жылда Сібір шыршасы небәрі он сантиметр өседі. Қазір тұқым 
бағында бес жүз мыңнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Үш-төрт жылдан 
соң  оны  далаға  егеді.  Маша  Тұрғанбаева  деген  бригадир,  басқа  да  қыз-
келіншектер  Белқарағай  ауылынан  келіп  тұқым  бағының  арам  шөбін 
жұлады, 
күтіп, 
мәпелейді. 
Ұлттың  паркте  соңғы  кезде  қабандар  бой  көрсетіпті.  Адамдардың  жылы 
қабағын  аң  мен  құс  та  сезеді.  Қара  аю,  қар  барысы,  Орталық  Азия  тас 
сусары,  Алтай  арқары,  басқа  да  аңдар  біртіндеп  көбейіп  келеді.  Оларды 
аулауға  тыйым  салынған.  Еліміздегі  тіршілігі  белгісіз  Иконников 
жарқанатының ғылыми және экологиялық маңызы зор. Ол да қазір назарда. 
Жабайы 
марал 
да 
көбейе 
түсті. 
Ұлттық  табиғи  парк  қызметкерлері  ізденісте.  Ерен  құрдасымыздың 
бастамасымен  “Табиғат  жаршысы”  деген  ақпараттық  газет  ай  сайын 

 
37 
тұрақты  шығып  тұрады.  Аудандағы  бірнеше  мектептің  түлектері  табиғат 
жанашырлары.  Олар  өздері  атқарып  жатқан  істерді  газетте  жариялап 
тұрады.  Өткен  жылы  Өрел  мектебінің  бір  топ  түлегі  Санкт-Петербург 
қаласынан  “Алтын  бүршік”  алқасы  мен  5  мың  долларды  жеңіп  алыпты. 
Қазір ұлттық парктің ұйымдастыруымен 17 эко-туристік мектепішілік клуб 
және төрт мектеп орманшылығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын 
ұлттық  парк  негізінде  халықаралық  туристік  “Мұзтау”  фестивалі 
ұйымдастырылып тұрады. 
Қазақстанның ұлттық парктері 
     Мемлекеттiк  ұлттық  табиғи  парк —  ерекше  экологиялық,  ғылыми, 
тарихи-мәдени  және  рекреациялық  құндылығы  бар  мемлекеттiк  табиғи-
қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық 
және  ландшафтық  саналуандығын  сақтауға,  оларды  табиғат  қорғау, 
экологиялық-ағартушылық,  ғылыми,  туристiк  және  рекреациялық 
мақсаттарда  пайдалануға  арналған  табиғат  қорғау  және  ғылыми  мекеме 
мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. 
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған. 
 
Ұлттық парктер тізімі 

Сурет 
Атауы 
Құрылғ
ан 
жылы 
Көле
мі, га 
Орналасқан 
жерi 
1 
 
Баянауыл 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
1985 
68 453 
Павлодар 
облысы
 
2 
 
Іле 
Алатауы 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
1996 
199 
703 
Алматы 
облысы
 

 
38 
3 
 
«Алтынеме
л» 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
1996 
161 
153 
Алматы 
облысы
 
4 
 
«Көкшетау
» 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
1996 
182 
076 
Ақмола 
облысы
 және 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысы
 
5 
 
Қарқаралы 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
1998 
112 
120 
Қарағанды 
облысы
 
6 
 
«Бурабай» 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
2000 
129 
935 
Ақмола 
облысы
 
7 
 
Катонқарағ
ай 
мемлекетті
к ұлттық 
табиғи 
паркі
 
2001 
643 
477 
Шығыс 
Қазақстан 
облысы
 

 
39 
8 
 
Шарын 
мемлекеттік 
ұлттық табиғи 
паркі
 
2004 
127 050 
Алматы облысы
 
9 
 
Сайрам
-
Өгем 
мемлекеттік 
ұлттық табиғи 
паркі
 
2006 
149 053 
Оңтүстік 
Қазақстан облысы
 
1
0 
 
«Көлсай 
көлдері» 
мемлекеттік 
ұлттық табиғи 
паркі
 
2007 
161 045 
Алматы облысы
 
1
1 
 
Жоңғар 
Алатауы 
мемлекеттік 
ұлттық табиғи 
паркі
 
2010 
356 022 
Алматы облысы
 
1
2 
 
«Бұйратау» 
мемлекеттік 
ұлттық табиғи 
паркі
 
2011 
88 968 
Ақмола 
облысы
 
және
 
Қар
ағанды облысы
 
 
 
8-тақырып.Білім. Оқу орындары. Университет-білім ордасы.  
 
Тыңдаймыз оқимыз.  
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс
  
Іргетасы  қаланды,  мәртебе,  мұғалімдер  институты,  жетекші,  ғылыми, 
әдістемелік,мәдени, солтүстік өңір, академиялық еркіндік, ауқым, бәсекеге 

 
40 
қабілетті,  білім  беру  технологиялары,мерзімдік  басылым,  жабдықталған, 
кредиттік жүйе, алдыңғы қатарлы, аймақтық, мақтанышы. 
 
  
  Оқылым 
 
Университет – білім ордасы 
         Мен 
Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университетінде  оқимын.  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 
мемлекеттік  университетінің  іргетасы  1939  жылы  қаланды.  Сол  кезде 
университет 
«Мұғалімдер  институты»  деп  аталған.  Ең  алғаш 
математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы 
университет  мәртебесін  1993  жылы  алған.  Ахмет  Байтұрсынов  есімі  1996 
жылы берілді. 
        Ахмет  байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  универстеті  – 
Қазақстан  Республикасының  солтүстік  өңірінің  білім  беретін  жетекші, 
ғылыми, әдістемелік және мәдени орталығы.  
   Біздің  университет  еліміздің  академиялық  еркіндігі  бар  ЖОО-ның 
тізіміне кіреді, білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындық жүргізеді, 
пән  таңдаудың  кең  ауқымы  мен  оқытудың  қолайлы  үлгісі  бар.  Сонымен 
қатар,    бәсекеге  қабілетті  мамандарды  ойдағыдай  дайындау  үшін  жаңа 
мультимедиялық  және  интернет-технологияларды  пайдалану  арқылы 
қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады. 
       Жаңа  талаптармен  жабдықталған  «Білім  орталығы»  ақпараттық-білім  
беру  орталығы  университетіміздің  мақтанышы.  Мұнда  студенттер  мен 
оқытушылар  үшін  қажеттің  бәрі:  оқу  және  ғылыми  әдебиеттің,  мерзімдік 
басылымның  бай  қоры,  тамаша  материалдық-техникалық  база,  осы 
заманғы  компьютерлік  және  оргтехника,  интернет-зал,  әдеби  қонақжай 
бөлме, жұмыс істеу үшін жеке кабиналар бар.  
        Жыл  сайын  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  базасында  Ресей 
мен  алыс  шетелдердің  қатысуымен  шамамен  5  халықаралық  және 
республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  өткізіледі.  Әр  жылда 
университет  оқытушылары  екі-үш  докторлық  және  жиырмаға  жуық 
кандидаттық диссертация қорғайды.  
      Университетте  7  факультет  бар,  9000-ға  жуық  студент  оқиды. 
Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 
50  минуттан  өткізіледі.  Университетте  37  кафедра  бар,  160-тан    астам 
ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары 
мен  профессорлар  дәріс,  семинар  сабақтарын  жүргізеді.  Университет  35-
тен    астам  мамандық  дайындайды.    Ахмет  Байтұрсынов  атындағы 
Қостанай  мемлекеттік  университеті  –      Қазақстанның  солтүстігіндегі 
алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттердің бірі.   
 
 

 
41 
 
Сөйлесеміз 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
 
2-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз. 
    Сіз қайда оқисыз?   Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік     
университетінің  іргетасы  қашан  қаланды?  Сол  кезде  университет  қалай 
аталған?      Ең  алғаш  қандай  факультеттер  ашылған?      Оқу  ордасы 
университет  мәртебесін  қай  жылы  алған?    Ахмет  Байтұрсынов  есімі  қай 
жылы  берілді?  Университетте  неше  факультет  бар  және  қанша  студент 
оқиды?  Университетте  сабақ  қандай  оқу  жүйесі  бойынша  өткізіледі? 
Университетте  неше  кафедра  бар  және  кімдер  дәріс,  семинар  сабақтарын   
жүргізеді?  Университет  қанша  мамандық  дайындайды  Ахмет  Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті  Қазақстан бойынша  қандай 
орын алады? 
 
 
Жазылым 
 
3-тапсырма. Берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз. 
     Наш  университет  –  один  из  ведущих  университетов  Казахстана.  2000 
году нашему университету присоединили сельскохозяственный институт. С 
2004  года  студентов  стали  обучать  по  системе  кредитной  технологии. 
Многие  преподаватели,  кандидаты,  профессора  являются  выпусниками 
этого  заведения.  Возле  нашего  университета  находится  парк,  французкий 
культурный центр, медицинский колледж, областной и городской акимат.  
  
4-тапсырма. «Біздің университет» тақырыбына эссе жазыңыз. 
 
9-тақырып. Мамандық. Менің болашақ мамандығым 
 
1-тапсырма. Тірек сөздермен жұмыс. 
        Хатшы,  бағдарламашы,  есепші,  аудармашы,  сәулетші,  ұшқыш, 
тергеуші, кәсіпкер, іскер, мүсінші, қаржыгер, бағдарламашы, құрылысшы, 
шаштараз. 
 
Ойтүрткі.
                     
  
-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп? 
............................................................................................................................ 
-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім? 
-......................................................................................................................... 
-Сіздің  мамандығыңыз қай салаға жатады? 

 
42 
-........................................................................................................................... 
-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз? 
-........................................................................................................................... 
-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар? 
-........................................................................................................................... 
-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз? 
-........................................................................................................................... 
-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу 
керек? 
-........................................................................................................................... 
-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде және тағы қайда жұмыс 
істеуге болады? 
-........................................................................................................................... 
-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек? 
-........................................................................................................................... 
-Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек? 
-............................................................................................................................ 
-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге? 
-........................................................................................................................... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет