мыңжылдық дамуының нағыз мәні (квинтессенция) деп бағалаған
дұрыс болар еді.
Алайда Паскальға қайта оралайық. Ол ғылыми шындыққа ғана
емес, оны басқаларға қалай жеткізу керектігіне де үлкен көңіл бөлген.
Бұл жерде шынайылық пен қарапайымдылық болуға тиіс, адамдардың
сезімдерін қозғай отырып, адамға жеткен ойларды түсінуге келтіретін
әртүрлі бейнелер мен суреттер пайдаланылуы керек. Ал бұл XVII
ғасырда айтылған! «Ақыл-парасат» ғасырында Паскаль адам жүрегінің
ерекше билігін (прерогатив) және оның түйсіктерінің дәлдігін
дәлелдеумен болды. Шындықтың экзистенциалдық түсіндірілуіне
Паскальдың «шындыққа сүйіспеншілік жеткізеді» деген сенімі сәйкес
149
келеді. Адамның ұлылығы оның ақыл-парасатында жатқанмен,
«жүректің де ақыл-ой білмейтін өз заңдары бар». «Ақыл даналығы»
және «жүрек даналығы» деген бар. Экзистенциалистердің өз филосо-
фиялары бастауларын соларға тірейтіні тегін болмаса керек. Кейіннен
Гете: «Ұлы ақылдың алдында басымды иемін, ұлы жүректің алдын-
да тізе бүгемін», – деген-ді. Бүгінгі күні, XXI ғасырдың басында өмір
сүріп, оқытудың батыстық технологияларын көзсіз көшіре отырып,
тәрбеленушімен жүрек байланысын орнатып, құрметпен қарап,
сонымен бірге талап қоя білетін әңгіме-сұхбаттарда болашақ маман
тұлғасын қалыптастыра алатын оқытушының тәлімгер ретіндегі рөлін
біз аяқасты еттік. Компьютердің жүрегі жоқ, тек қалыпқа келтірілген
бағдарламасы ғана бар екені белгілі.
Паскальды адам мәселесі ерекше толғандыратын. Ол: «Адамның
қадір-қасиеті мен ұлылығы оның ойында, сол оны Ғаламнан жоғары
көтеріп, танымға оятады», – деп жазды. Адам шындықтың болмашы
бір бөлшегін ғана біле қойсын, соның өзінде-ақ ұлылық бар, өйткені
жануарлар мүлде ештеңе білмейді емес пе. Оның жоғарғы мақсаты да
осында. Табиғатының жануарлар табиғатына ұқсап кеткеніне налиды,
яғни бұрын оған тән болған биік табиғаттың құлағаны деп түсінеді.
Бұл жерде, шамасы, сол уақытта орын алған бастапқы капиталдың
жинақталуының теріс ықпалына налу көрініс берсе керек.
Паскальдың ғылымның өркендеуіне ғана емес, сонымен қатар
барлық келесі философия мен мәдениетке де зор ықпалы бол-
ды. Л.Н.Толстой оны «адамзаттың оқытушыларына» жатқызып,
«шындықты ғасырлардың басынан асырып көре білген философ-
пайғамдар» санады.
Параграфты ойшылдың атақты: «Адам – табиғаттағы ең бір
әлсіз собық қана, бірақ ол собық ойлай алады. Ұлылығымыз біз
есте сақтай алмайтын кеңістікте немесе уақытта емес, осы ойлай
алатындығымызда», – деген қанатты сөзімен аяқтайық.
Сөйтіп, біз XVII ғасырдың ұлы философтары мен ғылым
қайраткерлерінің шығармашылығын айтып өттік. Ал енді алдымызда
XVIII ғасырдың жаңаеуропалық философиясы мен ғылымына саяхат
жасау күтіп тұр.
150
5-тарау. ағаРту ДәуіРінің ФилОсОФиЯсы және
ғылымы
5.1. кейіннен ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр
философиясының ерекшеліктері
XVIII ғасырда Еуропа топырағында «ағарту» деген атқа ие болған
зияткерлік (интеллектуалдық) қозғалыс пайда болды. Алғаш рет
«Ағарту» деген термин Вольтердің, Гердердің және басқаларының
еңбектерінде кездескенмен, Канттың «Ағарту деген не?» депи аталатын
мақаласынан кейін орнықты. Оның идеялары көпшілік зерттеушілер
үшін ол кезеңді «Жаңа дәуірдің философиясы мен ғылымы» деген жал-
пы түсінікке енгізуге негіздеме берген XVII ғасырдың философиялық
және ғылыми мұраларының тікелей жалғасы болғанмен, алайда Ағарту
XVII ғасырдың дәстүрлерін айтарлықтай нақтылы етті. Оның үстіне,
философиялық ойдың қызықты ерекшеліктері анықталды: ағылшын
ойшылдары Бэкон мен Локк есімдерінен шығатын философия Фран-
цияда талантты ізбасарларын, атап айтқанда, Дидро мен Гольбахты
тапты, ал француз Декарттың идеялары неміс Иммануил Кантқа ша-
быт берді.
Неміс философиясындағы Ағартудың бастамасы Лейбниц ілімін
жүйеге келтірген атақты Христиан Вольфпен (1679-1754) тығыз байла-
нысты. Неміс философтары ғана емес, орыс философтары, мысалы, Ло-
моносов та алғаш рет Германияда мәдениет философиясының негізгі
салаларын қамтитын жүйе әзірлеген Вольфтан көп нәрсе үйренген.
Сол уақытта Шотландияның ұлы философы және экономисі Адам
Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерт-
теулер» (1776) деп аталатын еңбегі жарық көрді. Онда экономикалық
ойдың жүзжылдық дамуын қорытындылау көрініс тапты. Ғалым құн
теориясын және табыстарды бөлу, капитал және оның жинақталуы,
Батыс Еуропаның экономикалық тарихы, экономикалық саясатқа
көзқарас және мемлекеттің қаржысы мәселелерін терең және жан-
жақты қарастырды. Бұл еңбек бүкіл ойшыл Еуропаның санасын астан-
кестең етті.
Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жетістіктері елеулі
рөл атқарды, физика мен химия ары қарай дамыды, органикалық
табиғатты зерттеу алға жылжыды. Математика саласында ашылған
жаңалықтардың үлкен маңызы болды, өйткені орын алып жатқан
үдерістерді олардың нақты сандық мәндерінде түсінуге мүмкіндік берді.
151
Жанды табиғат дамуының тұтастық тұжырымдамасын құрған
француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарктің (1744-1829) ілімі
даму идеясын шындықты танып білу теориясы мен әдісі ретінде
алдыңғы орынға шығарды. Ол неміс ғалымы Г.Р.Тревирануспен бір
мезгілде «биология» терминін енгізді.
Сөйтіп, Ағарту дәуіріндегі философия қарқын алып келе жатқан
ғылыми және көркем ойдың парасатты аясында дамыды.
Неміс классикалық әдебиетінің негізін қалаушы және ағартушылық
реализм қағидаларын жақтап күрескен Готхольд Эфраим Лессингтің
(1729-1780); неміс философы, сыншы, эстетик Иоган Готфрид Гердердің
(1744-1803); философияшыл романтик немістер: мәдениет философы,
сыншы, тіл маманы және жазушы Фридрих Шлегель (1772-1829) мен
протестанттық теолог және философ, Платон еңбектерін неміс тіліне
аударған аудармашы Фридрих Шлейермахердің (1768-1834) неміс
философиялық мәдениетінің өркендеуіндегі ерекше рөлін айтпауға
болмайды. Ағайынды Александр (1769-1859) және Вильгельм (1767-
1835) Гумбольдтар да (алғашқысы – жаратылыстанушы, географ,
екіншісі – филолог, философ, дипломат) бұл салада айтарлықтай еңбек
сіңірді.
Неміс гуманистік мәдениетінің шарықтауын көрсеткен Иоганн
Вольфганг Гете (1749-1832) мен Иоганн Фридрих Шиллер (1769-
1805) сияқты философиялық ойдың, көркем эстетика мен поэзия
алыптарының ғажап туындылары болды. Егер біріншісі, бәріне қоса,
жаратылыс зерттеуші болса, ал екіншісі әділетті қоғамдық құрылысқа
қол жеткізу тәсілі іспетті «эститикалық тәрбие» теориясын құрушы
болды.
Ағарту дәуірі – адамзаттың әлемдік тарихындағы қажетті және
аса маңызды саты болып табылады. Оның негізгі міндеті – ғылым
мен мәдениеттің дамуы негізінде қоғамның өмір сүруінің бар-
лық жақтарын жаңарту, ғылымның озық жетістіктерін бұқара
халықтың кең топтарының санасына енгізу және сол арқылы оларды
надандық пен қараңғылықтан азат ету. Сол уақытта адамның ақыл-
парасатының шығармашылық күш-қуатына деген сенім пайда бол-
ды. Ағартушылардың «Sapere aude!» – «Даналыққа ұмтыл!», яғни
«Өз ақылыңмен өмір сүр» деген ұраны – нақ сол адам ақылына сенім
дегенді білдіреді. Бізге алдымызда адамзаттың бақытты болашағы –
қоршаған дүние мен өздерін талант-дарындары арқылы өзгерте оты-
рып, кез келген тәуелділіктен азат адамдар құратын жарқын болашақ
күтіп тұрғандай болады.
152
Өз заманында марксизм Ағартудың кейінгі буржуазиялық
революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете
отырып, оны өте жоғары бағалаған.
XX ғасырдағы неміс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно
«Ағарту диалектикасы» деп аталатын кітаптарында ағартушыларды
ақылдың әрекет шеңберін кеңейту, адамдарды қорқыныш пен
надандықтан азат ету және оларды өз тағдырларының шынайы
қожайындарына айналдыру қажеттігіне үндеуді атап көрсетті. Олар
ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.
Ағартудың тағы бір ерекшелігі мынада: бұл жерде орасан үлкен
сызбанұсқалар немесе тұжырымдар жасаудан гөрі, басты назар
зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау-
дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап
көрейік:
1. Ақыл-парасат үстемдік құратын білімдар адамзаттың жарқын
болашағына деген сенім.
2. Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.
3. Ғылым мен техниканың өркендеуіне кең жол ашу қажеттігі,
Ағарту бағдарламасын жасауға ұмтылу, ғылым мен техниканың
болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.
4. Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.
5. Философияны дәлелденбейтін абстрактілік-метафизикалық
жүйелерден азат ету.
6. Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау
арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.
Сөйтіп, Ағартудың басты ерекшелігі – феодализмге қарсы
бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның
жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен
ағартушылар Ф.Бэкон сызып берген, әлеуметтік прогресті ғылыми
прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта
қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.
5.2. XVIII ғасырдағы ағылшын ағартушылары және олардың
негізгі философиялық идеялары
Ерте философиялық Ағартудың жарқын өкілдерінің бірі – Джон
толанд (1670-1722). Өзінің «Левиттер тайпасы» деген тырнақалды
кітабында-ақ (1691) Толанд дін қызметшілерін адам денесін ірітіп-
153
шірітетін қатерлі ісік ретінде сипаттаған. Бірақ оның антиклерикалдық
бағыттағы «Құпиясы жоқ христиандық» (1696) атты жұмысы ерек-
ше толқу тудырды. Аталған кітапты өртеу туралы үкім шығарылып,
түрмеге түсуден қорыққан Толанд қашуға мәжбүр болды. Алайда оның
есімі кең таныла бастады.
Толандтың «Серенге хаттар» (1704) атты басты философиялық
шығармасының негізін философиялық әңгімелері, ал содан кейін
Пруссия королевасы София-Шарлоттамен жазысқан хаттары құраған.
Аталған шығармасында Толанд қозғалыс пен материяның біртұтастығы
туралы ілімді ары қарай дамыта түседі. Ол: «...қозғалыс та, тартылыс
сияқты, материяға тән, ал материя қозғалыссыз, өлі және әрекетсіз
кесек балшық емес және сондай бола алмайды, басқаша айтқанда,
мүлдем тыныштық күйінде қала алмайды. Егер қозғалыс материяның
маңызды қасиеті болса, онда ол оның анықтамасы үшін де маңызды
болуға тиіс қой». Тіпті осы бір қысқа үзіндіден-ақ Толандтың Спиноза
мен Ньютонмен пікірталасқа түскенін аңғару қиын емес.
Әлем туралы ілімінде ол материяның Құдай жаратқаннан кейінгі
өз заңдылықтары негізінде дамитын дербес болмысын мойындай оты-
рып, деистік көзқарастарды ұстанды.
Егер бұның алдындағы философияда материя, негізінен, тіпті
қозғалуға қабілеті жоқ жансыз кесек сияқты қаралып келсе (Дж.Локк),
енді Д.Толанд мүлдем жаңа қағида енгізеді: материалдық әлемді
жаратқан соң, Құдай табиғат заттарына ішкі күш (ағылшынша –
moving force) берді, сол арқылы оның қозғалысы мен дамуы сыртқы
әсерден емес, ішкі күштер әсерімен іске асады. Д.Толандтың бұл
ережесі кейіннен материализмнің дамуында үлкен рөл атқарды.
Адамның ойлау қабілетін алып қарасақ, ол – адам миы қызметінің
нәтижесі. Идеяларды адам тәнінен бөліп қарауға болмайды. Адамның
ойлау қабілетінің табиғи сипатын негіздеу үшін, Толанд барлық
табиғатты тірі, яғни жаны бар (гилозоизм) деп қарайды, өйткені,
ойшылдың пікірінше, бұл Әлемді жаратқан Құдай оның жаны да, рухы
да болады.
Д.Толанд философия тарихында христиан дінінің мистикалық
жақтарын мүлде қабылдамайтын сыншы ретінде танылды. Оның
пікірінше, Әлем туралы кез келген ілім ақыл-парасат тұрғысынан
түсінікті, ал адамдардың іс-әрекеттері және қоғам нақты мүмкін
болуға тиіс. Ақыл тезінен өтпегеннің барлығы да теріске шығарылуға
тиіс, өйткені ары қарай ол мүмкін бола алмайды.
154
Оның ойынша, бастапқы христиандық дін жақсы дін болған.
Алайда белгілі бір уақыт өте келе, шіркеу қызметшілері әртүрлі әдет-
ғұрыптар мен салт-жораларды ойлап тауып, оның мәнін бұрмалай бас-
тады.
Діни мәселелерде деист бола отырып, Толанд табиғи пантеизм идея-
ларын насихаттады. Аса жарқын шығармаларының бірі – «пантеисти-
кон» кітабында ол: «Барлығы – бірбүтіннен, ал бірбүтін барлығынан
пайда болды. Солай болған соң, Ғалам ұзындығы бойынша шексіз,
тұтастай алғанда, қозғалыссыз және мәңгі өмір сүру және болашақта
мәңгі болу мағынасында – бір мезгілде бұлжымас және қажетті», – деп
жазды.
Оның бұл идеялардың еуропалық философияның дамуына үлкен
ықпалы болды.
«Адам еркіндігінің» қызықты тұжырымдамасын антони кол-
линз (1676-1729) ұсынды. «адам еркіндігі туралы философиялық
зерттеулер» деген басты еңбегінде Құдайдың бастапқы рухани себебі
мен рөлін тани отырып, ол әлемнің жаратылуына өзінің көзқарасын
деизм тұрғысынан баяндап қана қойған жоқ, сонымен қатар Адамның
тіршілік қарекетіндегі қажеттіліктің рөлін асыра көрсетіп, оның
еркіндігіне қарсы шықты. Оның басында пайда болатын идеялардың
барлығы – сыртқы материалдық денелер мен күштердің ықпал етуінің
нәтижесі. Біз олардан азат емеспіз. Шындыққа жету де біз зерттеп
жатқан сыртқы дүние нысандарының табиғатына байланысты. Іс-
әрекетке келсек, онда пайда болған кез келген сыртқы тосқауыл бір
сәтте оны тоқтата алады. Тіпті біздің ұмтылыстарымыз бен қалау-
ниеттеріміз де табиғат қажеттілігіне тәуелді: біз оларды сырттан та-
бамыз.
Адам еркіндігіне бөгет болатын сыртқы факторларға қарамастан,
бәрібір де «басқа түр» бар. Адам өзіне ұнайтынды таңдай алады
және соған қол жеткізу үшін әрекет етеді. Адам Әлем, ондағы өзінің
орны туралы әбден еркін ойлай алады. Бірақ, ақыр соңында, біздің
барлық ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз заттардың нақты табиғатымен
шектеледі.
Әйтсе де ең бір тамаша нәрсе – ол адамның азат, еркін ойы, өйткені
соның нәтижесінде заттардың шындығы ашылады. Еркін ой, бірінші
кезекте, діни қағидаларды сынау үшін қажет, өйткені әлі күнге дейін
қатып қалған діни қағидаттар төңірегіндегі айтыс-тартыстар тоқтар
емес. Мысалы, Құдай – дене ме, дене емес пе? Ол адамға ұқсай ма,
ұқсамай ма? Ол, мүмкін, ашулана немесе қуана алатын шығар? Ол
қатыгез бе, әлде мейірімді ме?
155
Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері
Құранды, үшіншілері Авестаны және басқаларын айтады. Христиан
Құдайының үштігін (Әке, Ұл, Қасиетті рух) қалай түсінуге болады?
Өлімнен кейінгі өмір, жұмақ пен тозақ, бастапқы күнә дегендер не?
Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар
емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары-
лу ауадай қажет.
А.Коллинз адамдарды төзімділікке (толеранттыққа) шақыра оты-
рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама-
қайшылықтарға бола әлемдік тарихта қаншама қан төгілді!» – деп
қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой-
лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?
Деизмнің келесі бір жарқын жақтаушысы болған философ, жара-
тылыстанушы, химик Джозеф пристли (1733-1804) еді. Ол оттегін
ашты, хлорлы сутегі мен аммиакты тапты, фотосинтезді сипаттады
және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның
негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға
үлкен үлес қосты.
«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында
Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді.
Пристли материя деп ұзындығы, тартылыс және кері тебу күші бар
түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын
күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін
тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.
адамның табиғатында бір-біріне қарсы тұратын тәуелсіз жақтар
жоқ – ол толығымен материалдық дене болып табылады. Жүйке
жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын
еді. Осы ойларының өздері-ақ Пристлидің орнықты материалист
болғанын дәлелдейді.
әлеуметтік-саяси көзқарастарында ол саяси және азаматтық
бостандықтардың жақтаушысы ретінде әрекет етеді. Олардың өзара
байланыстарын көрсете отырып, ол саяси бостандықтарға басымдық
береді. Саяси бостандық болмаған жерде халық өзінің азаматтық
құқықтарын қорғай алмайды.
Мемлекет мәселесін қараған кезде Пристли оның пайда болуының
келісім-шарттық теориясын ұстанады. Өздерінің өмірге деген
құқықтарын, еркіндігі мен меншігін қорғау үшін, адамдар мемлекет
құруға келіседі. Өзін демократияның жақтаушысы ретінде көрсете
156
отырып: «Бірақ егер шарт бұзылатын болса, онда халықтың одан бас
тартуға және жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», – деп санайды ойшыл.
Ағылшындық Ағартудың сипаттамасы осы дәуір ойшылдарының
адамгершілік ізденістері мен ойларынсыз толық болмас еді. Бұл іске
философ, эстетик және моралист Энтони Шефтсбери (1671-1713) өз
үлесін қосты. Ол адамгершілік құндылықтарын адамның бастапқы
ізгі табиғатынан шығара отырып, әлемде үстемдік етуші үйлесімділік
және бастауы Құдай болып табылатын адам туралы ілімді дамытты.
Бұл жерде оның көзқарастары Т.Гоббс пен Дж.Локк көзқарастарына
тікелей қарама-қайшы келеді. Ойшылдың пікірі бойынша, ізгілік
пайда іздеу, марапат немесе жаза алу жолында пайда бола алмай-
ды. Ізгілік өзін-өзі тудырады, өйткені ол адамға орындалған борыш,
бақыт сезімін әкеледі. Ізгілікті адам өзі жататын топтың немесе тұтас
қоғамның игілігі үшін барлық күш-жігерін салады.
Ізгілік адамның ішкі табиғатынан шығатын болғандықтан, ол
Құдайға деген сенімге тікелей байланысты емес. Әлемдік тарих көп
жағдайда діннің қоғамның моральдық санасына теріс ықпал ететінін
көрсетеді. Құдайдан үміт күтетін немесе оның алдында қорқатын,
ізгілік жолымен жүретін адамның моральдық ұстанымдары шын-
жырмен байланған арыстанның құлықтылығын, мойынсұнуын еске
түсіреді.
Алайда бұл Шефтсбери Құдайды мойындамады дегенді білдірмесе
керек. Құдай – бұл әлемнің сұлулығы мен үйлесімділігінің бастауы.
Ол осы тамаша, ұлы және ретке келтірілген Әлемді жаратты. Олай бол-
са, адамның рухани өміріндегі көкорай шалғындар мен әсем бақтар да
Әлемнің осы сұлулығына сай болуға тиіс.
Ағылшын жазушысы бернард мандевиль (1670-1733), керісінше,
тікелей қарама-қарсы ұстанымдарға сүйенеді. «Аралар туралы хи-
кая» атты сатирасында ол араның ұясында байлық пен кедейшілік,
сауық-сайран мен ауыр еңбек қатар жүріп жатқанын әңгімелейді.
Бұл жерде бәрі де сатылады. Алдау, көреалмаушылық, тәкаппарлық,
тойымсыздық және басқа да күнәлар барлық жерде кең тараған,
барлығы да байлыққа жетуге ұмтылады. Нәтижесінде, ара ұясында
ала-құла өмір құлаш жайған.
Бірақ бір ғажап күнде барлық аралар ізгілікті өмір жолына түсуге
бел байлайды. Сол мезетте-ақ араның ұясында таңғаларлық нәрселер
бола бастайды: байлық пен сауық-сайран жоғалып, көп ұзамай тіршілік
тоқтайды.
157
Сол арқылы Б.Мандевиль бір мезгілде бай да, кедей де болудың
мүмкін еместігін көрсетеді. Бұның негізгі себебі адамның жойыл-
майтын өзімшілдігіне тікелей байланысты оның бастапқы зұлым
табиғатында жатыр. Бұл туралы басқалар да (Н.Макиавелли, Т.Гоббс)
айтқан. Бірақ олардан айырмашылығы – Б.Мандевильдің ойынша,
адамның теріс қасиеттері қоғамға кедергі келтірмейді, керісінше,
оны күшейтеді. Кейіннен Гегель де жамандықтың әлемдік тарихтың
қозғаушы серіппесі болып табылатыны туралы айтқан.
Б.Мандевильдің пікірінше, мораль – қоғамды, ал адамгершілік
құндылықтар әлем тарихындағы ұлы тұлғаларды тудырушы болып
табылады, өйткені нақ солар адамдарды өз құмарлықтарын шектеуге,
қоғамдық мүдделерді өз мүдделерінен жоғары қоюға үйретеді. Қоғам
үшін жамандықтан әлдебір пайда көруден гөрі, оның жолына тосқауыл
қою, оның әрекеттерін шектеу маңызды болуға тиіс.
Б. Мандевильдің идеялары моральдың бірқатар мәселелерін жаңаша
қойды және қоғамның өнегелі өміріне жасалатын кейінгі зерттеулерге
оң әсерін тигізді.
субъективті идеалист Дж.беркли (1681-1753) өзінің философия-
сын: барлық тіршілік етушілер жалқы, дара заттардан тұрады, ал
жалпы – жалқылықтың жалпыланған, қорытындыланған мәні деген
ұстанымнан бастайды. Сөз жалпы идеяны емес, көптеген нақты бар
заттарды білдіреді. Осы ұстанымдарға сүйеніп, Беркли философияның
көпшілік ұғымдарының, мысалы, «материя» дегеннің қажетсіздігі ту-
ралы айтады. Дүниеде көптеген заттар: ағаштар, Ай, әйнек, машина
және т.с.с. бар. Бірақ ешкім ешқашанда материя дегенді көрген жоқ, ол
тек философтардың бітіп болмайтын айтыс-тартыстарын тудырады.
Беркли жасаған екінші бір қадам – оның адам таным барысын-
да өзінің сезім-түйсіктерінің әртүрлі қырларын ғана біле алады де-
ген мәлімдемесі болды. Шие деген не? Ол – әлдебір қызыл-қоңыр,
қышқыл да тәтті, домалақ, шырынды және тағы басқа қасиеттері
бар жеміс. Сол қасиеттерін алып тастаңызшы, одан не қалады?
Шын мәнінде, ештеңе де қалмайды. Көріп отырғанымыздай, Беркли
зерттелетін заттардың қасиеттерін өзіміздің сезімдерімізбен, қалай
сезінетінімізбен теңестіреді. Оның танымал болған: «тіршілік ету –
Достарыңызбен бөлісу: |