ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47

мыс ұғымынан емес, өмірге қанық болмыстың өзінен басталуға тиіс 

қой. Бұл жағдайда біз заңды түрде барлық философиялық санаттарды 



дарадан,  жалқыдан  шығаруға  тиіспіз,  өйткені  кез  келген  нақты  бол-

мыс – ол қазір, осы жерде немесе ана жерде бар, өмір сүретін әлдене. 

Егер болмыс жалқы, бірегей заттардан тұрса, онда ойлау жалпыны ту-

дырады. Ойлардың осындай желісі, дау жоқ, тартымдырақ болмақ, 

өйткені өмірдің өзінен, бардан шығады.

Адамның  қоршаған  әлемді  танып  білуі  үдерісін  қарастыра  келе, 

Л.Фейербах агностицизмді

1

 қатаң сынға алады. Адамның сезінуі бізді 



Табиғаттан  алшақтатпайды,  керісінше,  бізді  онымен  байланыстыра-

ды. Бұл жерде ол Інжілдің (Евангелие – ізгі жаңалық) діни ұғымдарын 

пайдаланады. Сезінулер бізге әлем туралы ізгі жаңалықтарды әкеледі.

Фейербах  қозғалысты  материяның  өмір  сүру  тәсілі  деп  санайды, 

ал ол кеңістіксіз және уақытсыз мүмкін болмайды. Табиғаттың себебі 

оның  өзінде.  Оны  ешкім  тудырған  жоқ,  ол  мәңгі  өмір  сүріп  келеді. 

Табиғат  ойлай  алмайды,  бірақ  адамды  тудырып,  ол  өз-өзін  сезінуге 

дейін  көтеріледі.  Адам  ғана  қоршаған  әлемді  өзгерте  отырып,  оған 

өзінің санасын телиді.

Олай  болса,  рух  –  тірі  адамның,  оның  өмірлік  ақыл-ой 

белсенділігінің   туындысы,  ал  ми  оның  тәніне  жатады.  Сондықтан 

«адамды  Құдай  жаратқан»  деген  миф:  Оған  өзінің  барлық  мән-

мағыналы  күшін  беріп,  «Құдайды  адамның  өзі  жаратқан»  деген 

ғылыми негізделген оймен ауыстырылуға тиіс. Ары қарай Л.Фейербах 

жоғарыда  аталған  тезисін  дәлелдеу  үшін,  өзінің  барлық  күш-жігерін 

сарп етті.

1

 Агностицизм –  нақты дүниені  және оның заңдылықтарын танып білу мүмкіндігін жоққа 



шығаратын идеалистік философиялық ілім.

206

Адамдардың Құдіретті Құдайға деген сенімінің терең бастаулары, 

ойшылдың  пікірінше,  адам  жанының  құпия  сандықтарында  жатыр. 

Олардың  ішіндегі  ең  бастысы  –  табиғаттың  белгісіз  дүлей,  алапат 



күші  алдындағы  үрей,  сондай-ақ  соларға  тәуелділік.  «Құдайларды 

үрей  тудырған».  Сол  құдіретті  үрейдің  өзін  кім  тудырды?  Ойшыл 

жасаған  қорытынды:  ол  –  адамдардың  бақытқа  жету  жолындағы 



үздіксіз  талпынысы.  Құдіретті  немесе  мейірімді  Құдайлар  адам 

құмарлықтарының  тұңғиығынан  және  оның  қажеттіліктерінің 

шатасып-бытысқан ортасынан пайда болады. Сонымен, адамның сан-

сыз  қажеттіліктері  және  соларды  қанағаттандыру  үшін  тынымсыз 

әрекеттенуі – пайда болатын діннің арғы тегі болып табылады.

 «Адамның надандығы түбі жоқ тұңғиық болса, қиялы да шексіз». 

Надандықтың  кесірінен  түп-тамырынан  ажырап  қалған  Табиғат 

адамның  таусылмайтын  шексіз  қиялымен  біріккенде,  құдіретті 

Құдайларды тудырады.

Сондай-ақ  Фейербах  діннің  психологиялық  тамырларын  терең 

ашып көрсетеді. Бұл – адамның ажалсыздыққа ұмтылысы және соның 

нәтижесінде жанның өлмейтініне, «басқа тамаша аспан әлемінің» бар 

екеніне сену. Адам өмірінің соңы, шарасыздық, шектеулі өмір сүретіні 

және  келешектегі  өлімнен  қашып  құтылудың  мүмкін  еместігі  тура-

лы  біледі,  ал  бұл  оны  терең  күйзелістерге  түсіріп,  діннен  сая  іздеуге 

итермелейді. 

Дінді ұғыну, ойшылдың пікірінше, «адамның Құдай туралы ойлай-

тынын»  түсінген  кезде  мүмкін  болады,  ал  бұл  –  «адамның  өзін  жете 

түсінгені». Демек, дін – тек қана адамға тән ерекше құбылыс.

Фейербах  діннің  тарихи  қалыптасқан  екі  формасына  талдау  жа-

сайды.  Алғашқысы  –  ол  Табиғаттың  мистикалық  күштері  (пұтқа 

табынушылық).  Екіншісі  –  адамды  «бейнелеп  және  өзіне  ұқсатып» 

жаратқан Құдай идеясы.

Бұл тұрғыда құдіретті және шексіз Құдай мәні – дербес өмір сүреді-

міс  деп  көрсетілетін  адамның  рухани  мәнінен  басқа  ештеңе  де  емес. 

Ойшыл  христиандықты  бейшара  күйге  түскен  адамдардың  күш-

жігерлерін  осы  дүниедегі  зұлымдықты  жоюға  бағыттаудың  орнына, 

оларды  мүсіркеп,  ана  дүниеде  жұмақ  болатынына  уәде  беретіні  үшін 

жазғырады.  «Мен  Құдайды  жоққа  шығарамын,  сол  арқылы  адам-

ды  терістеуді  терістеймін»,  –  дейді  Фейербах  Гегель  терминология-

сын  пайдалана  отырып.  Өйткені  «о  дүниені»  теріске  шығару  –  «бұл 

дүниені»  растау  дегенді  білдіреді.  жарқын  болашақ  –  ол  сенімнің 



мәселесі емес, адамның парызы мен міндеттерінің мәселесі.

207

адам  мәселесі  –  Фейербах  философиясындағы  басты  сұрақ. 

Сондықтан  да  ол  «философиялық  антропология»  деп  ата-

лады.  Ойшыл  Адамды  оны  тудырған  Табиғатпен  тығыз,  яғни 

психофизиологиялық  байланыста  қарастырады.  Адамды  көбінесе  рух 

ретінде  қарастыратын  алдыңғы  неміс  философтарының  көзқарастары 

оны қанағаттандырмайды. Ол адам тән ретінде – материалдық, ал ой-

лайтын  тіршілік  иесі  ретінде  –  рухани  деп  мәлімдейді.  Ол  кезде  ой-

шыл адамның табиғаттық-биологиялық жақтарына көп көңіл бөледі. 

«МЕН» – ол тек тірі тіршілік иесі ғана емес, оның денесі және ойлай 

алатын  басы  бар,  –  белгілі  бір  кеңістік  пен  уақыт  шектерінде  өмір 

сүретін тірі тәнді адам.

Адамның  маңызды  сипаттамасы  деп  Фейербах  оның  сезімділігін 

санайды.  Болмыс  пен  ойлаудың  гегельдік  теңбе-теңдігіне  ол  болмыс 

пен  сезімділіктің  теңбе-теңдігін  қарсы  қояды.  Біздің  санамыздан  тыс 

өмір сүретін материалдық әлемді ол «сезімдік болмыс» деп атайды. Ол 

табиғаттың  «өз  бетінше»  өмір  сүретін  денелері  мен  құбылыстарына 

оншалықты  назар  аудара  қоймайды,  оның  назары  адамның 

сезімдеріне  әсер  ететін,  тиісінше,  солармен  байланысты  денелер  мен 

құбылыстарға  бағытталған.  Адамның  денелілігін  (денесі  болуын)  ол 

сезімділік арқылы түсінеді. Адамға тән түйсіктер мен сезімдер – оның 

денелілігінің дәлелі. Нәтижесінде, ол «МЕН» – ол сезімді тіршілік иесі, 

олай болса, адамның денелілігі толығымен оның мәндік анықтамасына 

кіруге  тиіс.  Егер  Табиғат  өзінің  меншікті  болмысынан  өзін  ажырата 

алмаса, онда адам – өзін ерекшелей алатын тіршілік иесі болып табы-

лады.

Адамды  осылай  түсінуден  қандай  гносеологиялық  (танымдық) 



қорытынды  жасауға  болады?  Фейербах  бойынша,  қоршаған  дүниені 

танып білу заттарды сезу, қабылдау және пайымдап қарау арқылы іске 

асады.  Адамның  басқадай  мүмкіндігі,  тіпті,  жоқ.  Демек,  тірі  пайым 

арқылы  анықталатын  және  бағытталатын  ойлау  ғана  шынайы  бо-

лып  табылады.  Егер  біздің  ойлау  қабілетіміз  сезімдік  пайымдаудан 

алыс  кетсе,  онда  ол  өз  шектерінен  асуға  бата  алмай,  шындықтан  да 

алшақтайды.

Ойшылдың  пікірінше,  адамның  сезімділігінің  ең  бір  тамаша 

қыры – сүйіспеншілік болып табылады. «сүйіспеншілік жоқ жерде 

шындық  та  жоқ»,  «сүйіспеншілік  –  біздерге  тәуелді  болмай  өмір 

сүретін  заттардың  онтологиялық  дәлелі».  Философтың  бұл  ойын 

субъективтік-идеалистік  мағынада  түсінуге  болмайды.  Бұл  жерде  ол 

адам өзі мұқтаж заттарға, өзі үшін өмірлік маңызы бар құбылыстарға 


208

енжар  қарай  алмайды  деген  ойды  жеткізбек  болған.  Адам  оларды 

жақсы көреді, игеруге, иеленуге талпынады және осы сәтте олардың 

тәуелсіз, объективті өмір сүретінін айқын сезінеді. Егер ол сүйетін, 

өзіне қажет заттарына қол жеткізе алмаса, бұл оны мұңаюға, күйзелуге 

жеткізеді.  Бұл  да  ол  заттардың  тәуелсіз  өмір  сүретінін  көрсетеді, 

өйткені дәл қазір олар жоқ.

Өз  заманының  қоғамын  философиялық  көзқарас  тұрғысынан 

қарастыра  келе,  Фейербах  христиан  дінін  қатаң  сынға  алады.  Адам-

дарды  «мұратқа  сай  басқа  өмірге»  бағыттай  отырып,  дін  осы 

дүниедегі жамандықты жоюға кедергі келтіреді, адамдардың өмір сүру 

жағдайларын жақсартуға деген талпыныстарын тежейді.

Алайда  қоғам  үшін  дін  керек.  Оның  дәлелі,  Фейербахтың  ойын-

ша,  –  дәуірлер  мен  діндердің  өзара  байланысы.  Тарихта  жаңа  дәуір 

басталғанда,  діни  көзқарастар  да  өзгереді.  Олай  болса,  болашақта 

христиандықты  да  адамгершілік  қағидаларын  уағыздайтын  дін 

алмастыруға  тиіс.  адамды  сүйетін  дін  осындай  болуы  керек.  Ой-

шыл  «адам  адамға  –  Құдай»  тезисін  алға  тартады.  Діннің  мәнін 

Фейербах  адам  мәнінен  шығарады  (бұл  К.Маркстің  дінді  сынға  алу-

ына негіз болды). «Теология – бұл антропология», – деп жазды ойшыл 

«Христиандықтың мәнінде».

Фейербах  үшін  дін  –  адам  мәнін  шеттету  формасы,  яғни  шын 

мәнінде адамға тиесілі белгі-қасиеттердің Құдайға телінуі.

Нақ осы көзқарас тұрғысынан ол: «Кімде-кім Гегель философиясы-

нан  бас  тартпаса,  ол  дін  ілімінен  де  бас  тартпайды»,  –  деп,  Гегельді 

сынға  алады.  Бірақ  Гегель  идеализмін  білген  соң,  Фейербах  оның 

ілімінің мықты жақтарын пайдаланбады, тіпті оның бүкіл философия-

сын тәрк етті деуге болады.

Философияның  негізі,  Фейербахтың  пікірінше,  адам  болуға  тиіс, 

өйткені ол – табиғи «текті» тіршілік иесі.

Әлемді  материалистік  тұрғыдан  қарай  отырып,  дегенмен  ол 



қоғамның өзінің материалистік түсіндірілуіне дейін көтеріле алған 

жоқ. «Байланыс, өзара байланыс» дегенді білдіретін «religare» сөзінің 

шығу тегін зерттей келе, Фейербах: «Қоғамдағы адами қатынастар діни 

сипат алуға тиіс, әйтпесе адамдар өздерінің адамшылығын жоғалтады, 

өйткені  бұндай  жағдайда  олар  өздерінің  өзімшіл  биологиялық 

табиғатынан шыға алмай қалады», – деген ойға келеді. Дінсіз болу – 

адам  үшін  өзі  туралы  ғана  ойлау  дегенді  білдіреді,  ал  ол  кезде 



Құдайға сену – ол өзгелер туралы ойлау болып шығады. Сонымен, 

209

дін  адамзат  үшін  қажет,  сондықтан  «сүйіспеншілік  діні»  де  сондай 

болуға тиіс.

Фейербах қана сүйіспеншілік мәселесін философия деңгейіне көтерді 

деуге, әрине, болмайды. Ерте замандарда-ақ Кон-Фу-Цзы адамдардың 

өзара қарым-қатынастарының негізінде жатуға тиіс «жень» (махаббат) 

қағидасын алға тартқан, ал Эмпедокл тіпті «махаббатты» әлем, дүние 

негіздемесіне «жау» етіп көрсеткен. «Әркім де «платондық махаббат» 

деп аталатын сүйіспеншілік туралы біледі. Барлық ортағасырлық фи-

лософия Августин, Яссауи және басқаларының атынан Құдайды сүюге 

шақырады.

Олай  болса,  бұл  туралы  Фейербах  жаңалық  болатын  не  айт-



ты?  Оның  ойы  бойынша,  әйел  мен  еркек  арасындағы,  олардың  бір-

біріне  табиғи  жыныстық  сезімдерінен  туған  сүйіспеншілік  –  жаңа 



сүйіспеншілік  дінінің  негізінде  жатуға  тиіс.  Адам  табиғаттық-

биологиялық  тіршілік  иесі  болғандықтан,  түйсіктері  мен  сезімдері 

оны  алдамайды,  сондықтан  адамдар  арасында  олардың  өзара 

сүйіспеншілігінен өзге, қандай да бір маңызды ештеңе жоқ. Олай болса, 

адам «о дүниедегі жұмақтың» орнына, өзінің барлық мәнді күштерін 

жердегі сезімдік махаббатқа бағыттауға тиіс. Бір-бірін сүйетін «Мен» 

және «Сен», шын мәнінде, адамның шынайы бақыты болып табылады.

Адамның  әртүрлі  қажеттіліктері  және  адамдардың  оларды 

қанағаттандыру жолындағы талпыныстары адамдарды қоғамға бірігуге 

жеткізеді.  Егер  адамдар  Құдайға  сенудің  орнына  бір-бірлеріне  сенсе 

және  адамға  Құдайға  қарағандай  қараса,  сонда  жыныстық  тектеріне 

қарамастан,  олар  ізетті  және  пайда  ойламайтын  болады,  сондай-ақ 

коммунизмге тура жол ашылады.

Фейербахтың ілімі марксизмнің қалыстасуына үлкен ықпал етті.



6.6. марксизм: «иә» және «қарсы»

XX ғасырда тұтас әлеуметтік-саяси идеология іспетті марксизммен 

кезіндегі  Кеңес  Одағының  ғана  емес,  Шығыс  Еуропаның,  Азияның, 

Латын  Америкасының  да  көптеген  елдерінің  тағдыры  тығыз  байла- 

ныста болды.

Бірақ  бұрынғы  Кеңес  Одағы  өзінде  алғаш  рет  коммунистік  қоғам 

құрудың  батыл  да  қасіретті  және  сәтсіздікпен  аяқталған  әрекетіне 

барған  бірден-бір  басты  мемлекет  еді.  Миллиондаған  адамдар  сол 

идеяның  құрбанына  айналғанмен,  оның  нәтижесі  –  елдің  күйреуі 

және  қирауы  болып  шықты.  Егер  бұрындары  кеңестік  қана  емес,  со-



210

нымен  қатар  көптеген  шетелдік  ғалымдар  марксизмді  адамзаттың 

2,5 мыңжылдық дамуындағы философиялық ойдың биік шыңы деп 

бағаласа, енді «бұрынғы марксистердің» көпшілігі оны бастан-аяқ жа-

мандап, кенеттен шын берілген антимарксистер болып шыға келді.

Алайда Әлемді тура мағынасында төңкеріп тастаған ілімді ұмытуға, 

әсте,  бола  ма?  Бұл  жерде  салмақты  және,  ең  бастысы,  тиянақты 

көзқарас қажет.

Сонымен, марксизмнің негізін салушылар – XIX ғасырдың ұлы ой-

шылдары  карл  маркс  (1818-1883)  пен  Фридрих  Энгельс  (1820-1895) 

болды.

Бұл ілімнің пайда болуының тарихи алғышарттары еуропалық мем-



лекеттер капитализмнің қарқынды дамуы кезеңін бастан кешіп жатқан 

XIX  ғасырдың  ортасындағы  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және 

ғылыми жаратылыстану факторларының жиынтығы болып табылады. 

Ол кезде капиталистік қатынастардың жедел дамуы жүріп жатқан, еңбек 

пен капиталдың қарама-қайшылығы үлкен дәрежеде ашыла бастаған-

ды.  Қайта  өндіру  дағдарысы  мыңдаған  жұмысшыларды  фабрикалар 

мен  зауыттардың  қақпасының  сыртына  лақтырып  тастауға  жеткізіп, 

жұмыссыздық  өсті,  ал  ол  жалдамалы  жұмысшылардың  әлеуметтік 

жағдайын  күрт  төмендетіп  жіберді.  Буржуазиялық  идеологтардың 

«Еркіндік,  теңдік  және  бауырластық»  деген  ұраны  өзінің  бұрынғы 

тартымдылығын  жоғалтып,  зиялы  топтар  ортасында  түңілу  орын 

алды. Осының бәрі ойшылдардың буржуазиялық тұжырымдамалардан 

шегініп, революциялық демократия жолын қабылдауына себеп болды. 

Еуропа елдерін шарпып өткен 1848 жылғы революциялар терең таптық 

қайшылықтарды  жалаңаштап,  Маркс  пен  Энгельстің  революциялық-

демократиялық бағдарын нығайтты. Тарихи үдерісті жаңаша ойласты-

ру қажеттігі айқын көрінді.

Марксизм  философиясы  сонымен  қатар  өз  заманының  ғылыми 

жаратылыстану  жетістіктерінің  ықпалымен  де  қалыптасты.  XIX 

ғасырдың  ортасына  қарай  ғылым  елеулі  жетістіктерге  қол  жеткізді, 

соның нәтижесінде материалистік диалектика қағидаларын теориялық 

негіздеуге  мүмкіндік  туды.  Сол  уақыттың  саны  көп  ғылыми 

жетістіктерінің ішінен неміс биологтары – т.Шван мен м.Шлейденнің 

жануарлар  мен  өсімдіктер  организмдерінің  жасушалы  құрылысы 

бойынша  ашқан  жаңалықтарын  ерекше  атап  өткен  жөн,  өйткені  бұл 

олардың  ішкі  туыстығының  өмірді  эволюция  (даму)  тұрғысында 

түсінуге  жол  ашқанын  көрсетеді.  Диалектикалық-материалистік 

көзқарастардың  қалыптасуына  сол  заманғы  қоғамға  жарылған  бом-


211

бадай  ерекше  күшті  әсер  еткен  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теория-



сы  болды.  Физика  саласында  неміс  оқымыстылары  Р.Майер  мен 

Г.Гельмгольцтің  және  ағылшын  физигі  Дж.Джоульдің  энергияны 



сақтау  және  айналдыру  заңын  негіздеуі  материализм  қағидаларын 

нығайта түсті.

Маркстік  философия  адамзаттың  философиялық  ойларының  ең 

жақсы  жетістіктерін:  ертедегі  грек  ойшылдарының  ілімдерін,  Қайта 

өрлеу дәуірі мен Ағарту дәуірі идеяларын, әсіресе неміс ойшылдары – 

Лессинг, Гердер, Гейне және басқаларының идеяларын бойына сіңірген. 

Марксизм  философиясының  қалыптасуында  Канттың,  Гегельдің, 

Фихтенің, Фейербахтың да идеялары үлкен рөл атқарды.

Марксизмнің  неміс  классикалық  философиясымен  тығыз  бай-

ланысы  Маркстің  шығармашылық  өмірбаянында  ерекше  айқын 

көрінеді.  Берлин  университетінің  студенті  болып  жүрген  кезінде-

ақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен 

Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде 

Маркс  неміс  классикалық  философиясының  көптеген  қағидаларын 

құптайтын.  Басқа  гегельшілер  сияқты,  ол  да  философияны  рухани, 

яғни  қоғамға  даналық  пен  парасат  енгізуге,  сол  арқылы  қоғамдық-

тарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссен-

ция) деп санайды.

Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі 

және  редакторы  ретінде  енуі  нақты  өмірмен  жақынырақ  танысуына 

мүмкіндік  берді.  Бұл  оның  гегельдік  философияның  бастапқы  идея-

ларынан  теріс  айналуына  себеп  болды.  1843-1844  жж.  Маркс  Фейер-

бах  ұстанымы  жағына  шықты.  Ол  кезде  Маркске  адам  бойындағы 

сезім  бастауларын  қалпына  келтіруді,  адамның  табиғат  берген  да-

рындарын  толық  іске  асыруын,  адамның  табиғатқа  және  адамның 

адамға  адамгершілік  көзқарасымен  қарауын  жақтайтын  Фейербах 

материализмінің  адамгершілік  ұстанымы  көбірек  ұнайтын.  Фейербах 

болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп, 

оны «коммунизм» (лат. – communis – жалпыға ортақ) деп атаған.

Маркс  –  экономика  ғылымының  көрнекті  теоретигі.  Оны  ол  Фей-

ербах  гуманизмі  және  сынға  қатысты  әлеуметтік  талдаумен  біріктіру 

жолымен  құрған.  Оның  аса  нанымды  көрінісі  –  «1844  жылдың 

экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табы-

лады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шет-



тету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді 

жою идеясы.



212

Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды?

Бәрінен  бұрын  Маркс  шеттетілген  еңбектің  мәнін,  яғни  еріксіз 

еңбектің  ешқандай  пенделік  те,  моральдық  та  қанағаттанушылық 

бермейтінін  көрсетті,  өйткені  ол  –  өзің  үшін  емес,  қожайының  үшін 

еңбектену. Ондай еңбектің нәтижелері оны істеген адамға тиесілі емес, 

ол жетістіктер оған жат. Жұмысшы үшін еңбек – тек өмір сүру құралы, 

бірақ өмірдің өзі емес.

Жұмысшының  жұмыс  істеймін  немесе  істемеймін  дейтін  таңдауы 

жоқ.  Ол  өмір  сүру  үшін  жұмыс  істеуге  тиіс.  Бірақ  бұл  еңбекке 

қажеттіліктен  келетін  қанағаттану  емес,  ол  –  басқа  мұқтаждықтарды 

қанағаттандыратын  құрал  ғана.  Сондықтан  адам  өзінің  өмірде  іске 

асырғысы  келетін  мақсаттарын  еңбектен  емес,  одан  тыс  нәрселерден 

іздейді.  Көбінесе  бұл  хайуандық  мұқтаждықтар:  тамақ,  су  ішу, 

тұрғынжайды  безендіру  немесе  өзін  әдемілеу.  Өйткені  еңбек  адамды 

биікке көтеру қызметінен оны кемсітіп қорлау қызметіне ауысады.

Шеттетілген,  жат  болған  еңбек  адамды  механизмге  айналдырады. 

Ондай  еңбекпен  айналысатын  адам  еркін  және  жауапкершілікті  бола 

алмайды.  Ол  –  өндірістің  құлы,  оның  «бұрандасы».  Ондай  адамдар 

бір-бірімен қандай қарым-қатынас орната алады? Олардың арасындағы 

қарым-қатынас – ол еркін адамдардың қатынасы емес, керісінше, жат, 

бір-біріне жау механизмдердің қатынасы.

Марксше,  еңбекті  жат  ету  –  барлық  әлеуметтік  өмірді  түсінудің 

кілті  болып  табылатын  жеке  меншіктің  өмір  сүруіне  тікелей  байла-

нысты.  Ал  біз  көп  уақыт  бойы  істердің  жағдайының  өзгеруін  Маркс 

жеке  меншіктің  жойылуымен  байланыстырады  деп  ойлап  келдік. 

Бірақ  ол  тіпті  де  олай  емес.  Бұрмаланбаған,  шыншыл  да  шынайы 

Маркс: «Байлық та – кедейшілік сияқты кемістік», – деп санайды және 

болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді.

Жалпы  алғанда,  Маркс  пен  Энгельстің  тұжырымдамасы  өте 

қарапайым және ұсыныстары да өзінен-өзі түсінікті. Ол адамгершілік 

рухында және коммунистік ынтамен құрылған. Өзекті идеясы – терең 

танып  білу  негізінде  әлемді  шығармашылықпен  өзгерту,  адам-

гершілікке  негізделген,  яғни  тұлғаның  өз-өзін  шығармашылықпен 



дамытуы  үшін,  жан-жақты  жетілген  адамдардың  өздері  басқаратын 

қоғам құру.

Енді қазір сұрақты нақтылай отырып сұраймыз: олар философияға 

жаңадан не енгізді?

Маркс  пен  Энгельстің  еңбегі  бірізді,  жүйелі  материалистік  фи-

лософия  қалыптастыру  болды.  Егер  Маркске  дейінгі  материалис-


213

тер  Табиғатты  материалистік  көзқараспен  жүйелі  талдай  отырып, 

қоғамның қызметін идеалистік деп түсінсе, ал Маркс тарихтың жаңа 

материалистік түсінігін ұсынады.

Сұрақтың  мәні  мынада:  алдыңғы  өткен  дәуірлердің  ойшылда-

ры  қоғамды  қарау  барысында  адам  –  ойлай  алатын  тіршілік  иесі 

және  бірдеңені  істемес  бұрын,  ол  өзінің  басында  мақсатқа  сай  жос-

пар  құрады  деген  айқын  факт  шектерінен  аса  алмады.  Ой  қашанда 

нақты  істердің  алдында  жүреді.  Бірақ  солай  болса,  онда  тарихтың 

тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің 

қолында  –  олардың  идеялары  мен  есептері,  жігерлі  шешімдері  қоғам 

дамуының  негізінде  жатыр.  Демек,  олар  тарих  доңғалағын  қалаған 

жақтарына  қарай  бұра  алады.  Сонда  олардың  шешіміне  кім  ықпал 

етуі  мүмкін?  Сол  тұлғаларға  жақын  жүретін  адамдар  және,  бәрінен 

бұрын,  әрине,  «осы  өмірдің  мықтылары»  жақсы  көретін  ақсүйек  би-

кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» – «әйелді іздеңдер!» 

деген  француз  мәтелінің  тамыры  қоғамды  осылай  түсінуде  жатса  ке-

рек.  Егер  біз  француз  романистері  –  әкелі-балалы  Дюмалардың  «20 

жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп ата-

латын  шығармаларындағы  тарихи  тұжырымдаманы  алатын  болсақ, 

онда  қанқұмар  француз  корольдары  немесе  соларға  жақын  жүретін 

кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал 

ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші 

дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Мон-

тескьё  де  осындай  көзқараста  ойлайтын.  Бірақ  заңдар  –  тағы  сол  заң 

шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе.

Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән идеяларды, яғни 

сананың  өнімдерін  жоққа  шығармайтынын  ерекше  атап  айтқан 

жөн  болар.  Олардың  ойы  бойынша,  «драмаларының  авторлары  да, 

актерлері  де  –  адамдардың  өздері».  Сонымен  бірге  олар  өздеріне: 

«Нақты  дәуірде  пайда  болатын  ескі  идеялардың  бастаулары  қайда 

кетеді?»,  «Уақыт  өте  келе,  ескі  идеялардың  орнында  жаңалары  пайда 

бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жа-

уап бере отырып, олар сол идеялардың өздері нақты дәуір адамдарының 

өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық 

жағдайлардан  келіп  шығатынын  көрсетеді.  Қоғамдық  қатынастардың 

бар  жиынтығынан  Маркс  пен  Энгельс  анықтаушы  ретінде  өндірістік 

қатынастарды  бөліп  көрсетеді,  ал  ол  әр  алуан  халықтардың  тарихи 

дамуындағы  қайталанушылықтарды  табуға  және  әртүрлі  елдердің 

ұқсас  қоғамдық  тәртіптерін  бір  негізгі  ұғымға  –  «қоғамдық-


214



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет