ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47

адам – ойлайтын тірі тіршілік иесі;

нұрлан – адам;

Демек, нұрлан ойлайтын адам.

Сөйтіп,  бір-бірімен  ұштастырып,  біз  екі  пайымнан  жаңа  ой 



тұжырымын қорыттық.

Адам ойлау барысында нысан туралы сезімдік деректерін түсінікке 

келтіруге  тырысады.  Нәтижесінде,  әртекті  сезімдік  бірлік  шығады, 

яғни жаңа білім пайда болады. Ғылыми тілде бұл санаттық синтез 

немесе дискурсивтік ойлау деп аталады.

Танымдық ойлау ретінде тұлғаның парасаттық (зияткерлік) қабілет-

терін  атауға  болады.  ақыл-парасат  әлемді  әлдебір  жиынтық  деп 


298

қарауға тырысады. Бұл – адамның өз ойлау үдерісінде философиялық 



ойлау деңгейіне жететін ең жоғарғы қабілеті.

түйсікке  келер  болсақ,  онда  ол  –  ешқандай  дәлелдеуді  қажет 

етпейтін  шындыққа  тікелей  жету.  Мәселенің  қиындығы  оны  басқа 

адамдарға қалай жеткізу болып табылады. Ол үшін тағы да оны сана 

тезінен  өткізуге,  сөзбен,  түсінікпен  бейнелеуге  тура  келеді,  ал  ол 



түйсіктің  адам  бойындағы  барлық  танымдық  күштермен  тығыз 

байланысты екенін дәлелдейді. Түйсікпен түсінуге адамдарды толық 

баурап  алған  бір  немесе  басқа  мәселенің  шешімін  табу  жолында 

олардың жылдар бойы еңбектенуі арқылы жетуге болады. Көшеде ма-

сайрап, сенделіспен жүрген адамға мүлде ешқандай шындық келмейді. 

Түйсік  адамның  басында  санадан  тыс  өтіп  жататын  үдерістердің 

жұмысын  көрсетеді:  адамды  қыспаққа  алған  бір  немесе  басқа  мәселе 

сана деңгейінде де, санадан тыс деңгейде де шешіле береді.

Таным  үдерісі  сонымен  қатар  адамның  еркіне  де  байланысты.  Ол 

адамға  таным  барысында  пайда  болатын  сөзсіз  қиындықтарды 

еңсеруге, алдына қойған мақсатына, нәтижелерге жетуге көмектеседі. 

Адам  еркі  барлық  танымдық  күштерді  «жұдырыққа  түйіп»,  олар-

ды  шындықты  табу  жолына  бағыттайды.  Алайда  ерік  әрдайым 

моральдық сананың бақылауында болуға тиіс. Бұл жаратылыстану-

ды  зерттеушілер  үшін  ерекше  қажет,  өйткені  табиғаттың  сырларына 

тереңдеген сайын, зерттеуші әлі белгілі болмаған құбыжық күштерге 

тап  болуы  мүмкін,  ал  ол  күштер  адамгершілік  тұрғысынан  әлі 

жетілмеген  адамды  оларды  өз  мүдделерінде  пайдалануға  итермелеуі 

мүмкін. Тарихта даңққұмарлар қашанда аз болмаған, олар бүгінгі күні 

де бар. 

Танымда  әсіресе  талант  ерекше  бағаланады.  Біріншіден,  оның 

адам  бойындағы  табиғат  берген  дарындарымен  тығыз  байланысын 

табуға  болады.  Егер  біреу  өнерге  жақын  болса,  екіншісі  математика 

мен  физиканы  жақсы  көреді,  ал  үшіншісі  тілдерді  меңгеруге  бейім. 

Адамдардың  осындай  табиғи  дарындылықтары  тиісті  әлеуметтік 

шарттарда  және  тынымсыз  еңбектену  барысында  талантқа,  ерекше 

шығармашылық қабілеттерге айнала алады. Олай болмаған жағдайда 

адам  өз  дарындылығын  талантқа  айналдырып  дамыта  алмай,  оларды 

өшіріп алуы да мүмкін.

Ғылыми танымның негізгі мақсаты – шындыққа жету, өйткені сол 

ғана ғылымның іс жүзінде қолданылуына, пайдаға асуына жол аша-

ды. Олай болса, енді осы мәселеге көшейік.


299

«практика»  ұғымы  грек  тілінен  «белсенділік,  қызмет»  деп  ау-

дарылады  және  қоршаған  дүниені  өзгерту  бойынша  адамның  сана-

лы,  белсенді,  мақсат  көздеген  қызметін  білдіреді.  Әрине,  адам  да, 

жер  бетіндегі  барлық  тірі  тіршілік  иелері  сияқты,  қоршаған  ортасыз 

өмір  сүре  алмайды.  Кез  келген  жан-жануар  өзінің  жаратылысына, 

дене  құрылысына  қарай  онда  өз  орнын  табады.  Жануарды  ырықсыз 

сезім билейді, ол өзінің тіршілік қарекеті үшін тікелей қажеттіні ғана 

қабылдайды,  оның  мүмкіндіктері  шектеулі.  Ал  адам  әлеммен  жан-

жақты, сан қырлы қатынасқа түседі. Қоршаған орта нақты тарихи өмір 

сүретін  қоғамның  мүмкіндіктерін  қашанда  «қиып  отыратындықтан», 

тәжірибе (практика) адамның жаңа күштері мен қабілеттері ояна келе, 

танымның шексіз мүмкіндіктерін ашады.

Сол  себепті  ғылым  бастаулары  адамзаттың  осы  тәжірибесіне  де-

ген  қажеттілікте  жатыр.  Мысалы,  ертедегі  көшпенділер  көштің  жо-

лын  жұлдыздар  мен  планеталарға  қарап  анықтап  отырған.  Ежелгі 

Қытай  мен  Мысырдағы  жерді  суару  қажеттігі  орасан  үлкен  арналар-

ды салуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетінің геометриясын зерттеу 

қажет  болды.  Нәтижесінде,  математиканың  бүршіктері  пайда  болды. 

Егер адамзаттың осы заманғы тәжірибесін қарар болсақ, онда табиғи 

энергия  ресурстарының  бірте-бірте  сарқылуы  адамзатты  энергияның 

жаңа  көздерін  іздеуге  мәжбүр  етеді.  Міне,  сондықтан  да  әлемнің 

жетекші  мемлекеттері  микроәлемнің  құбылыстарын  атом  өзегі  энер-

гиясын  шығару,  оны  алудың  арзан  және  қауіпсіз  технологиясын  жа-

сау  мақсатында  зерттеу  үшін,  әртүрлі  синхрофазатрондардың  және 

басқа  да  аспаптардың  құрылысына  миллиардтаған  доллар  ақша 

бөледі.  Бір  немесе  басқа  мемлекеттердің  бірнеше  ерекше  дарынды 

физиктің «ақыл жаттығуы» үшін орасан көп қаражат шығындай қоюы 

мүмкін бе? Әрине, жоқ. XX ғасырдың соңғы ширегінде пайда болған 

эволюциялық химияның негізгі міндеті – Күн энергиясын электр энер-

гиясына айналдырудың тиімді технологиясын жасау, судың фотолизін 

жүзеге асырып, сутегі отынын алу және т.б. болып табылады.

Бүгінгі  таңда  ғылымның  алдыңғы  шебі  биологияға  келіп 

тірелді.  Ғалым-биологтардың  алдына  қойған  міндеттері  де  тәжірибе 

қажеттіліктерінен  келіп  шығады.  Қазіргі  заман  генетикасындағы 

микробиологиялық  зерттеулер:  тұқым  қуалайтын  ауруларды  емдеп 

жазу  үшін,  осы  уақытқа  дейін  адамзат  аштық  мәселесін  шешпегенін 

ескеріп,  өсімдіктер  мен  жан-жануарлардың  өнімді  түрлерін  өндіру 

мақсатында  адам  генін,  өмірдің  басқа  формаларын  ашып  көрсетуге 



300

бағытталған.  Халықаралық  ұйымдардың  деректері  бойынша,  бүгінгі 

күні аштықтан әлемде бір миллиардқа жуық адам зардап шегеді.

Ғарыштық  зерттеулерді  айтар  болсақ,  олар  да  адамзаттың  қазіргі 

заманғы  тәжірибесімен  байланысқан.  Ол  зерттеулерсіз  интернет  те, 

континентаралық қатынастар да, әлемдік телевидение де болмас еді.

Осының  барлығы  тәжірибенің  таным  үдерісінің  негізінде 

жатқанына сендіреді.

1.2. танымдағы шындық мәселесі

Таным барысында алынған білімдер шынайы ма? Ф.Аквинскийдің 

айтуынша,  адам  жаңылысуға  бейім.  Шындыққа  жету  –  өте  қиын 

нәрсе. Бұл мәселенің үш жағы бар: біріншісі – адамның биологиялық 

табиғаты, яғни оның сезінуі, жүйке жүйесі мен миының ерекшеліктері, 

екіншісі  –  қоғамның  өмір  сүруінің  нақты  тарихи  шарттары,  оның 

мәдени  ерекшеліктері,  ақпаратты  өңдеудің  қолданылып  жүрген 

тәсілдері  және  т.б.;  үшіншісі  –  таным  барысында  өзінің  меншікті 

қасиеттерін  және  зерттелетін  нысанның  ерекшеліктерін  айқындау. 

Таным үдерісінің осы үш қыры бір-бірімен табиғи байланысты. Олай 

болса:  «біздің  білімдеріміздің  мазмұнының  қандай  жақтары 

адамға  тәуелсіз  болып  өмір  сүретін  зерттелуші  заттардың  өздеріне 



сәйкес келеді?» – деген сұрақ туады. Бұл сұрақ танымдағы шындық 

мәселесінің өзегін құрайды.

Жалпылама  айтқанда,  әлемде  өз  бетінше  өмір  сүретіндей  нақты 

білімдер  жоқ.  Бір  немесе  басқа  адамның,  әлеуметтік  топтың  немесе 

тұтас  қоғамның  білімдері  бар:  олар  формасы  жағынан  субъективті. 

Осы  тұрғыдан  шындық  деп  таным  барысында  алынған  білімдердің 

зерттелетін нысандардың нақты табиғатына сәйкестігін түсіну ке-

рек.


Сонымен  қатар  біз  әлемді  зерттей  отырып,  адамның  ешқашанда 

шындыққа  жете  алмайтынын  ұмытпауға  тиіспіз,  өйткені  ол  –  шексіз 

үдеріс. Сол себепті шындық туралы ілімде оның: объективтік, салыс-

тырмалы,  прагматикалық,  когеренттік  (өзара  келісушілікте,  байла-

ныста болушылық) жақтары ажыратылады.

Объективтік  шындық  деп  біздің  білімдеріміздің:  адамға  немесе 

тұтас  қоғамға  тәуелсіз  болып  өмір  сүретін  зерттелуші  нысандардың 

меншікті сапалары мен қасиеттерін білдіретін мазмұнын түсінген жөн. 

Мысалы, Ай Жерді айналып қозғалады дейтін тезис – ол шындық. Біз 

қаншанықты күш жұмсасақ та, Ай өзінің осы айналысын тоқтатпайды.


301

Дара  (абсолюттік)  шындыққа  келсек,  біз  ол  туралы  айтқанбыз. 

Бұл  жерде  тек  сол  деп  әлем  туралы  егжей-тегжейлі  толық  білім 

түсінілетінін айтсақ та жеткілікті.

Негізінде,  адамның  білімдері  салыстырмалы.  Ол  біздің  білім-

деріміздің  қашанда  адамзаттың  нақты  тарихи  тәжірибесімен 

шектелетініне  байланысты.  Мысалы,  ғалымдар  соңғы  уақытқа  дейін: 

«Марста су бар ма?» – деген сұраққа жауап бере алмай келді, өйткені 

адамзаттың  тәжірибесі  соған  байланысты  алға  тартылған  ғылыми 

жорамалдарды  тексеру  деңгейіне  жеткен  жоқ.  Тек  2004  жылы  ғана 

американдық  ғалымдар  ұшу  аппаратын  жіберіп,  бұрын  Марста  су 

болғаны  туралы  мағлұмат  алды.  Егер  ол  солай  болса,  онда  Марстың 

бұрынғы  тарихында  өмір  болғанына  күмән  жоқ,  өйткені,  мүмкін, 

вирустар,  қарапайым  бактериялар  түрінде  болса  да,  оны  (өмірді) 

ұстап  тұрушы  су  ғана  емес  пе.  Бірақ  бұл  ғылыми  болжамның,  өз 

кезегінде,  болашақта  көбірек  дамыған  технологиялар  пайда  болғанда 

тексерілетініне сенеміз.

Келесі  жағдай:  әр  ұрпақтың  білімдерінде,  шынайылармен  қатар, 

қашанда  жаңылысушылық  элементтері  кездеседі.  Жаңа  ұрпақ  кет-

кен ұрпақтың біліміне түзетулер енгізіп, танымды дамыта және жаңа 

шындықтарға жете отырып, жаңа жаңылысушылықтарды да қосады.

Бірақ ол кезде жаңылысушылықты өтіріктен ажырата білу керек. 

Ғылыми  танымның  қиындықтары  зерттеушіні  сол  сәтте  жаңылысуға 

келтіреді, ал ол өтіріктің саналы түрде әлдебір мақсаттар үшін на-

сихатталатынын  түсінбейді.  Оған  «буровщина»  (түсініктемесі  кітап 

соңындағы түсіндірмеде берілген. – Аудармашы) мысал бола алады.



когеренттік  шындықты  айтар  болсақ,  сол  деп  жаңадан  алынған 

білімдердің бұрыннан бар, соңғыларды нақтылауға және толықтыруға 

келтіретін теорияларға сәйкестігі ұғынылады. Егер жаңа білімдер ескі 

теорияларға қайшы келсе, онда ғылымда тоқырау басталып, зерттеудің 

жаңа үлгілерін жасау орын алады.

Батыс  (американдық)  философияда  прагматикалық  шындық 

ұғымы  бар.  Егер  бір  немесе  басқа  тұжырымдамалар  мен  теориялар-

ды  басшылыққа  алып,  біз  табысқа,  пайдалы  нәтижелерге  жетсек, 

онда  бұл  шындық  болады.  Сөз  жоқ,  бұндай  тұжырымдар  шындықты 

субъектілеуге, ал саясатта шындық жалауын жамылып, өз мүдделерін 

күшпен таңуға әкеліп соқтырады.

Мәселені талқылай отырып, шындықтың нақтылығы туралы да 

ұмытпау керек. Әлемде жалпылама, барлық уақыттар мен жағдайларға 

жарамды  шындықтар  болмайды.  Бұл  ойды  Г.Гегель,  егер  естеріңізде 


302

болса,  жазалауға  апара  жатқан  адамды  өлтірген  жас  жігітті  мысалға 

келтіріп  айтқан.  Тобыр  оның  сол  жерде  пайда  бола  кетуіне  әртүрлі 

қараған. Болып жатқан оқиғаға дерексіз көзқарас деген – осы, өйткені 

жиналғандардың ешқайсысы да адам өлімінің егжей-тегжейін білмейді.

Тағы бір мәселе – ол шындық пен сенімнің арақатынасы. Кезінде 

Инб-Рушд  бір  заттың  екі  шындығы  болмайтынына  сендірген.  Ал 

егер  шындық  біреу  болса,  онда  ол  ақылға  қонымды  болуға  тиіс. 

Екінші  бір  ортағасырлық  ойшыл  Ф.Аквинский  оған  қарама-қарсы 

пікір ұстанған: ол ақыл-парасат алдында сенімнің басым екені туралы 

ұстанымынан қайтпайды. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұл – ғылым 

мен этиканың мәселесі.

Ал бізге Ф.Аквинскийдің пікірі дұрыс көрінеді, өйткені адамзаттың 

ары қарайғы тағдыры моральдық сананың тұрақты бақылауындағы 



ғылымның  дамуымен  тығыз  байланысты.  Басқа  жағдайда  ғылым 

өзінің мағынасын жоғалтып, адамға қарсы тұратын зұлым күшке айна-

луы мүмкін. Оның әлдебір белгілерін: климаттың өзгергенін, ядролық 

апаттан  келетін  «ақырзаман»  мүмкіндігін  және  т.б.  біз  қазір-ақ  көріп 

жүрміз.

1.3. ғылыми таным деңгейлері туралы

Таным  үдерісінің  екі:  тәжірибеге  ғана  негізделген  (эмпириялық) 

және теориялық деңгейі бар. Сөйтіп, ғылыми танымның тәжірибеге 

негізделген  деңгейі,  бір  қарағанда,  сезімдік  танымға  теңдестірілген 

болып  көрінеді.  Алайда  бұл  тіпті  де  олай  емес,  олардың  арасында 



айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сезім органдары арқылы алынған 

деректер қаншалықты толық және жан-жақты болса да, әлі де ғылыми 



білім болып табылмайды. Тіпті ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер 

де, – егер олар оймен өңдеуден өтпесе, – ғылыми білім бола алмайды. 

Сезім органдары арқылы алынған деректер тек тәжірибеге негізделген 

деңгейде  оларды  дерексіздендіру,  талдау,  салыстыру,  жалқыдан 

жалпыға  шығу  (индукция)  және  басқа  шаралар  арқылы  ғана,  шын 

мәнінде,  білімге  айналады.  Тәжірибеге  негізделген  білімдер  қашанда 



сезім  органдары  көмегімен  алынған  мағлұматтардың  логикалық 

түсіндіру формасы болып табылады.

Эмпириялық  білімнің  өзі  көпдеңгейлі  күрделі  білім  болып  та-

былады  (Ол  туралы  кеңірек  оқыңыз:  С.А.Лебедев.  Философия  на-

уки.  –  М.:  Академический  проект,  2006.  –  137-147-беттер).  Оның  ең 

төменгі  деңгейіне  сезім  органдары  арқылы  алынған  мағлұматтардың 


303

көмегімен  қандай  да  бір  зат  туралы  қарапайым  пікірлерді  жатқызуға 

болады.  Кейде  олар  хаттамалық  сөйлемдер  деп  аталады.  Көпшілік 

жағдайларда  оларда  зерттелетін  нысанға  бақылау  жасау  барысында 

алынған қорытындылар беріледі.

Келесі  деңгей  ғылыми  фактілерді  жинауға  және  өңдеуге 

тығыз  байланысты.  Олар  индуктивтік  жолмен  алынған  хаттамалық 

сөйлемдерді  қорытындылау  негізінде  жасалады.  Оларда  зерттелетін 

нысандардың жалпы қасиеттері мен сапалары және солардың негізінде 

пайда болатын тәуелділік қатынастар анықталады.

Үшінші  деңгейге  эмпириялық  заңдарды  (құрылымдық,  статис-

тикалық, динамикалық, себеп-салдарлық және т.б.) ашу жатқызылады. 

Мысалы, «Барлық металдар ток өткізеді», «Барлық планеталар Күнді 

айналып жүреді» деген мысалдарды айтуға болады. Оларға да қорыту 

арқылы  жета  аламыз  және  олар  зерттеліп  жатқан  құбылыстардағы 

әлдебір орнықты байланыстарды және қатынастарды білдіреді.

Эмпириялық  танымда  қорытындылаудың  ең  жоғарғы  деңгейі 

құбылыстық теорияларды құру болып табылады. Олар эмпириялық 

заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы-

салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).

Эмпириялық  білімдердің  көп  жағдайда  ықтималдық  сипаты  бар, 

өйткені  зерттелетін  құбылысқа  жататын  барлық  фактілерді  түгел 

қамту  мүмкін  емес.  Бірақ  ол  кезде  ғылым  зерттеудің  эмпириялық 

деңгейінсіз бола алмайды.

Кез  келген  зерттеу  эмпириялық  (тәжірибелік)  сатыдан,  яғни 

ғылыми  фактілер  мен  мағлұматтарды  жинаудан  басталады.  Ол  үшін 

зерттелетін  затты  (нысанды)  немесе  құбылысты  (феномен)  бақылауға 

алу  қажет.  ғылымдағы  бақылаудың  өзіне  тән  өзгешелігін  ерек-

ше  атап  айту  керек,  өйткені  ол  «tabula  rasa»  –  таза  тақта  емес.  Та-

ным  субъектісі,  –  ол  нақты  тұлға  немесе  ғылыми  қауымдастық  бол-

са  да,  –  қашанда  зерттелетін  нысанға  қатысты  белгілі  бір  пікірге, 



тұжырымдамаға  немесе  идеяға  жақын  бірдеңесі  болады  және 

мақсатқа  сай  бағытталған  бақылауын  бастайды.  Тәжірибелік  таным 

барысында ғылыми фактілерді жинау, өңдеу, оларды белгілі бір жүйеге 

келтіру орын алады.

Ары  қарай  таным  теориялық  деңгейге  көтеріледі,  онда  зерттеу 

нысанасының  ішкі  тұрақты  байланыстары  мен  заңдылықтарын  ашу 

мақсатында, жинақталған және жүйеге келтірілген фактілер ұғымдар, 

тұжырымдар,  заңдар  сияқты  түсініктерге  жіктеледі.  Сөз  жоқ, 

С.А.Лебедев:  «Теориялық  білімдер  пайым-парасаттың  емес,  сананың 



304

ақыл-ес  секілді  құрылымдық  бөлігі  қызметінің  жетістігі»,  –  дегенді 

дұрыс  айтқан  (С.А.Лебедев.  Философия  науки.  –  М.:  Академический 

проект,  2006.  –  140-бет).  Шындығында,  пайым  фактілерді  салысты-

рады,  есептеп  шығарады  және  қорытындылайды.  Пайым  қызметінің 

қарапайым  түрлері  «ақылды  жануарлар»  дейтіндерде  де  болғанмен, 

алайда  ақыл-еске  тек  адам  ие.  Ақыл-естің  нәтижесінде  біз  терең 

құрылымдарға  ену  мүмкіндігін  аламыз,  зерттелетін  нысандардың 

байланыстары  мен  қатынастарын  анықтаймыз.  Алайда  «ақыл-естің 

қызметі санадан тыс нәрсеге де, оның сыртқы болмыспен байланысы-

на да бағытталмай, сананың ішіндегіге, өзінің меншікті мазмұнының 

ішкі  ашылуына  бағытталғанына»  сендіруге  тырысатын  пікірмен 

келісуге бола қояр ма екен (С.А.Лебедев. Философия науки. – 140-бет). 

Бұндай  жағдай  батпақтан  өзін  шашынан  тартып  шығаратын  барон 

Мюнхгаузенді немесе әлемді жарату алдындағы Құдайдың ғажап жо-

басын (Ф.Аквинский), әлемдегі Дара идеяның ашылуын (Гегель) және 

т.б. еске түсіреді. Бірақ тек бұл жағдайда Құдайдың орнына адамның 

өзі  үміткер  болып  тұр.  Ал  іс  жүзінде  мәселе  теориялық  білімнің  да-

митын  бастауларына  тіреледі.  Экстерналистер  сыртқы  факторларға 

назар аударса, ал ол кезде интерналистер сананың ішкі құрылымдық 

қуатына көңіл бөледі. Іс, шамасы, ақыл-есте оның әлдебір мистикалық 

«өзінің меншікті мазмұнының ішкі (имманенттік) ашылуын» емес, ішкі 

әлемнің  өз  мазмұнының  ашылуын  үнемі  ескере  отырып,  теориялық 

білім дамуының екі факторын есепке алуда болса керек.

Адамның  ақыл-есінің  ғажап  қабілеті  –  оның  мақсат-мұратқа  сай 



нысандарды  құру,  яғни  егер  өз  мазмұндарын  кедергісіз  ашқанда

бір немесе басқа зерттелуші зат немесе құбылыс бола алатынды құру 

қабілеті болып табылады. Бұл жерде ерте замандарда «заттың жаны» 

деп  аталғанды,  ал  кейіннен  Аристотель  «заттың  энтелехиясы»  деп 

атағанды, яғни заттың логикасын таза түрінде толық көрсету тура-

лы айтылып отыр. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұның бәрін заттың 

«ішкі  бағдарламасы»  деп  атауға  болады.  Алайда  бар  қиындық  сан 

жетпейтін  заттар  мен  құбылыстар  өзара  әрекеттесіп  жататын  әлемде 

ештеңенің  де  өзінің  мүлтіксіз  жай-күйіне  жете  алмайтындығында 

болып  тұр  ғой.  Заттар  мен  құбылыстар,  өздеріне  түскен  кездейсоқ 

факторлардың  есепсіз  санын  сезіне,  олармен  өзара  әрекеттерге  түсе 

отырып, өз мазмұнын өзгертеді де, ақыр соңында, мүлтіксіздікке жету 

бұйырмаған басқа бір затқа айналады. Бірақ соның нәтижесінде өмірдің 

болатынын,  әлемнің  өзінің  мүлтіксіз  күйіне  жетуге  деген  жойылмай-

тын «ұмтылысын» естен шығаруға болмайды. Мүлтіксіз жетілген әлем 


305

ахуалын, бір сәтке болса да, ойша көз алдымызға елестетіп көрейікші: 

бұл жерде қозғалыс та, өзгеріс те, өзара әрекет те, басқаға өту де бол-

мас еді. Бірақ онда әлем өз-өзін жойған болар еді. Үнемі аяғына дейін 

жетпеу  және  сонымен  бірге  өзінің  ішкі  бағдарламасын  іске  асыруға 

ұмтылу  –  әлемдегі  бар  заттар  мен  құбылыстардың  ішкі  қозғаушы 

күшін құрайды.

Қазіргі  заман  ғылымында  мақсат-мұратқа  сай  нысандар  құруда 



математика  мен  логика  ерекше  табысты  болды.  Өздерінің  зерттеу 

нысандарын  негіздеуде  олар  анықтамалар  жасау  арқылы  назарларын 

ойдағы  нысандарды  құруға  аудара  отырып,  тәжірибелік-индуктивтік 

бастаулардан  бас  тартты.  Соның  нәтижесінде  XX  ғасырда  математи-

ка үлкен тамаша жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, осындай жолмен 

неевклидтік  геометриялардың  әртүрлі  тұрпаттары  құрылды.  Қазіргі 

заманғы  математикаға  «дерексіз  құрылымдар»  немесе  «мүмкін  бо-

латын әлемдер» туралы ғылым деп анықтама берілген кезде, аталған 

жағдай ескеріледі.

Алайда бұл жерде: «Егер кейбір мақсат-мұратқа сай нысандар шығу 

тегі  бойынша  тәжірибелік  болмаса,  олардың  шынайы  екенін  қалай 

анықтауға  болады?»  –  деген  «қитұрқы»  сұрақ  туады.  Әдебиетте  он-

дай  тексерулердің  сыртқы  және  ішкі  белгілері  көрсетіледі.  Сыртқы 

факторларға таным теориясында дәстүрлі болған адамзат тәжірибесі 

жатады.  Егер  ғылыми  теорияны  нақты  өмірде  қолдана  отырып,  біз 

белгілі  бір  оң  нәтижелерге  жетсек,  бір  немесе  басқа  пайда  алсақ, 

онда ол – шынайы. Ішкі факторларға келсек, онда мұратты нысандар 

«теориялық әлемнің» ары қарайғы жетілуіне, теориялық қағидалардың 

қисынды  үйлесімділігіне  келтірсе,  ғылыми  мәселелердің  тиімді 

шешіміне  жол  ашық  деп  есептеуге  болады.  Нәтижесінде,  зерттеудің 

жаңа идеялары, мақсаттары, бағдарламалары дүниеге келеді. Олай бол-

са, демек, олар – шынайы. Мысалы, «А.Больцманның анықтау арқылы 

әзірлеген «тамаша газ» ұғымы барлық термодинамикалық үдерістерді, 

«жабық  жүйелердегі»  энтропияның  артуы  үдерістерін  түсінуге 

мүмкіндік туғызды.

Егер  эмпириялық  және  теориялық  жолдармен  алынған  білімдерді 

өзара  салыстырсақ,  онда  төмендегіні  байқауға  болады.  Эмпириялық 

білімдер  «ерекше  құбылыс  әлемін»  зерттеу,  яғни  әлемнің  үстіңгі 



бетінде болып жатқан үдерістерді зерттеу арқылы алынады. Теориялық 

білімдерді айтсақ, ол «ноуменалдық әлемге», яғни онда болып жататын 

маңызды өзара әрекеттерді аша отырып, әлемнің терең қабаттарында 

жатқандарды зерттеуге апаратын жолды тазартады.



306

Егер эмпириялық білімнің мазмұнын тәжірибелік жолмен алынған 

ақпарат құрайтын болса, онда теориялық білімнің мазмұнын құрайтын 

мұратты  нысандар  адам  санасының  күш-қуатын,  шығармашылық-

жасампаз әлеуетін көрсетеді.

Аса  маңызды  бір  көзқарасқа  ерекше  назар  аударған  жөн:  пайда 

болған соң, теориялық әлем өзін туғызған санаға қатысты объективтік 

шындықтың нақ өзі сияқты объективті көзқарас ретінде әрекет етеді. 

Сол  себепті  де  ғалым  өзінің  зерттеулерінде  онымен  санаса  алмайды, 

өйткені  ол  –  ары  қарай  зерттеудің  сипатына  ықпал  ететін,  жетілуге 

мүмкіндіктері бар шындық (болмыс).

Егер  эмпириялық  білімдегі  әлдебір  өзгерістерді  бақылау  және 

әртүрлі  тәжірибелер  жасау  арқылы  тексеруге  болса,  ал  теориялық 

білімдегі өзгерістер қисынды жолмен және түйсік арқылы тексеріледі. 

Егер эмпириялық білімнің мазмұны жартылай адам санасына тәуелді 

болса, ал теориялық білімнің мазмұны адам рухының шығармашылық 

әлеуетін құрайды.

Сөйтіп,  бұл  жерде  біз  екі  онтологияға  тап  болғандаймыз. 

Біріншісінде – қоршаған әлемнің: санаға тәуелсіз өмір сүретін, танымға 

бақылау  және  әртүрлі  тәжірибелер  жасау  арқылы  ашылатын  заттары 

мен  құбылыстары  болса,  ал  екіншісінде  адамның  ақыл-есінің  күш-

қуатының шеруі болып табылатын теориялық білім болмысы бар.

Алайда  біздің  пайымдауымызша,  соңғыны  даралауға  болмайды. 

Осы екі деңгейдің арақатынасы және өзара байланысы туралы мәселе 

бойынша  әдебиетте,  негізінен,  екі  көзқарас  қалыптасқан.  Біріншісі 

кез  келген  теориялық  құрылымдардың  бастауы  болып  табылатын 



ең  объективті  шындықтың  басымдығын  растаса,  екінші  көзқарас 

теориялық  білімді  шындықтың  эмпириялық  танымынан  қисынды 

түрде шығарудың мүмкін еместігін растаудан танбайды.

Біздің  ойымызша,  «немесе-немесенің»  орнына  бұл  жерде 

«және»  деген  шылауды  қою  қажет.  Бір  жағынан,  жаңа  теориялық 

тұжырымдарды  туғызып  жатқан  ғалымдардың  шығармашылық 

қуатын,  шығармашылық  белсенділігін  жете  бағаламауға  болмайды, 

екінші жағынан, әр ғалымның «өз заманының түлегі» екенін де естен 

шығармаған  абзал.  Ал  бұл  оның  әлеуметтік-саяси,  діни,  моральдық 

құндылықтар және өзара қарым-қатынастармен жанаса отырып, толық 

көлемде  өз  заманының  рухын  сезінетінін,  оның  барлық  ойлары  мен 

шығармашылық  ізденістері  құрылымына  әсер  етпей  қоймайтын  осы 

және басқа факторлар түйінінде әрекет ететінін білдіреді.


307

Кез  келген  қарым-қатынастарда  әйтеуір  бір  жағының  басымдығы 

орын  алады.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ішінде  адамзат  орын  тепкен 

шындық-болмыстың  өзінің  басымдығын  тану  керек.  Ақыр  соңында, 

«Ұлы  Мәртебелі  Табиғат»  адамды  жаратқан  соң,  сол  арқылы  Өз-өзін 

танып  білуге  және  сезінуге  тырысады.  Л.Фейербахтың  бұл  белгілі 

ойы  бізді  шектен  шыққан  тәкаппарлықтан  қорғайды,  өйткені 

бүгінгі  күннің  өзінде  шындықтың  барлық  жаңа  тұңғиықтарына 

ене,  Табиғаттың  алапат  Күштерін  игеруге  тырыса  отырып,  оның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет