қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын басқа да заттарды байқап,
соларды пайдалана бастады. Мысалы, шие, өрік, алма, таңқурай –
олардың барлығы да жеуге жарамды, демек, адам осы жемістердің
барлығына тән ортақ сапалар мен қасиеттерді табады. Әртүрлі, мы-
салы, «жидек» немесе «жеміс» сияқты заттардың ортақ қасиеттерін
білдіретін ұғымдар пайда болады. Сөйтіп, тікелей бақылау арқылы
ерте заман адамының қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстарды
игеру-меңгеруі орын алады да, ақыр соңында, ғылым бастауларының
шығуына келтіреді.
Ғылым пайда болған кезден бастап-ақ енді шындық-болмысты
іздеудің жанама жолдары мен құралдары шығады. Қазір біз оларды та-
316
ным әдістері деп атаймыз. Гректің «methodos» сөзін тура аударғанда,
«жол» деген мағына береді. Танымға қатысты қолданғанда, «әдіс-
тәсілдер», «амалдар», жолдар» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның кең
мағынасында біз әдістерге адам өз қызметі барысында қолданатын
барлық амалдар мен технологияларды жатқыза аламыз, өйткені ол
әлдебір үлгілерге жүгініп, адамзат тәжірибесінде көптеген жылдар
бойы қалыптасқан бір немесе басқа амалды қолданып, ол кез келген
істі орындай алады. Мысалы, қандай да бір жауапты саяси немесе
басқа шешімдерді қабылдамас бұрын, үкімет қазір «пиар-технология-
лар» деп аталып жүрген насихаттық жұмыстарды жүргізеді.
Педагогикада оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай, оларды
оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдері бар. Ондай мысалдарды
есепсіз көп келтіре беруге болады. Ғылыми қызметте де дәл солай
жаңа шындықтарды іздестірудің әртүрлі әдістері пайдаланылады.
«Әдіс» сөзі мұнда енді ғылыми қызметке қатысты тар мағынасында
қолданылады.
Зерттеу қызметіндегі ғылыми әдістерді асыра бағалау қиын. Аса
көрнекті физиолог И.П.Павлов: «Бар мәселе жақсы әдісте жатыр. Әдісі
жақсы болса, аса талантты емес адам да көп нәрсе істей алады. Ал
әдісі нашар болса, ғұлама адам да босқа жұмыс істеп, құнды, нақты
мағлұмат ала алмайды», – деп сендірген (қараңыз: И.П.Павлов. Физио-
логия бойынша дәрістер. – М., 1956. 21-бет).
Ғылыми таным әдістерінің рөлін кемсітетін басқа да көзқарас бар.
Мысалы, М.Борнның ойынша, «біз джунглиде адасып жүріп, өзіміздің
алдыға қаншалықты ілгерілеуімізге қарай арттағы жолымызды біліп,
енді алдағы жолымызды ағаттықтар мен сынап көру арқылы іздеп та-
бамыз» («Очерки по диалектическому материализму» кітабы бойынша
дәйексөз. – М., Наука, 1977. – 155-бет).
Әлбетте, ғылымда жаңалық ашу – көпфакторлы үдеріс. Бұл жер-
де қаншалықты тиімді болса да, көп нәрсе зерттеудің бір әдістеріне
ғана емес, зерттеу нысанасының өзіне де байланысты. Сонымен бірге,
екінші жағынан, ойлаудың санаттық құрылымына да байланысты.
Зерттеушінің дарындылығын, ойлау қабілетінің қарапайым еместігін
де есептен шығарып тастауға болмайды. Ғылыми ұжымның әлеуметтік-
психологиялық ахуалы да зерттеу жобасына қатысушыларға өзінің
теріс немесе оң ықпалын тигізбей қоймайды. «Инсайт» (ішкі сәуле) не-
месе «түйсік» (шындықты санадан тыс түсіну) секілді құбылыстар да
жаңалық ашуда елеулі рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оған әртүрлі
жағдайлардың, мүлде кездейсоқ факторлардың (мысалы, Ньютонның
317
басына түскен алманы еске түсіріңіз) орын алуы да себеп болады.
Сөйтіп, француз физигі Беккерель фотоқағаздың үстіне уран тұзын
аңдаусыз қоя салу арқылы мүлде кездейсоқ α- және β сәулелерін ашты
немесе Пастер де ойламаған жерден көгерген өңездің бактерияларды
өлтіретін қасиеттерін ашты емес пе.
Барлық осы айтылғандарға қарамастан, ғылыми таным әдістерінің
рөлін кемсітуге болмайды. Ғалымдардың таным әдістерін меңгеруі
және оларды іс жүзінде пайдалануы күш пен қаражатты үнемдеуге се-
беп болады, ғалымның еңбегін тәртіпке келтіреді, мақсатқа жеткізетін
жарық жұлдыз іспетті қызмет атқарады. Таным әдістерін зерттей оты-
рып әзірлеудің ғылымда ашылған жаңалықтың артында қалатыны ту-
ралы мәселе – ол басқа мәселе. Бұл, шындығында, – қазіргі заманғы
ғылымның «осал жері». Кейде жаңалық ашылғаннан кейін бірақ уақыт
өткен кезде, ғалымдар бұл жаңалықтың қалай ашылғаны туралы ой-
лай бастайды. Осыған байланысты орыс биологы К.А.Тимирязевтің бір
қызық пікірін келтіре кетейік. Ол: «Ғылым тарихын зерттеушінің тіпті
жаңа идеяға, жаңа теорияға қарағанда, кейде өнертабыстың немесе
зерттеудің жаңа тәсілін, жаңа құралын дұрыс та дәйекті қолданудың
білімдерді дамытуда кем рөл атқармайтынына көз жеткізуіне тура
келеді», – деп жазған-ды (К.А.Тимирязев. Шығармалары. – VIII том.
М.: 1939. – 73-бет).
Қазіргі заман ғылымында танымның алуан түрлі әдістері зерттеліп
дайындалған. Оларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
а) жеке ғылымдар әдістері;
ә) танымның жалпы әдістері;
б) танымның жалпыға ортақ әдістері.
Ғылыми танымның әр саласы зерттеудің өз әдістерін жасап
шығарады. Бұл – оның жетілгендігінің, басқа ғылымдардың арасында
өз мәртебесін (орнын) алғанының көрсеткіші. Мысалы, археологияда
көмбе заттарын қазып алудың әдістері, мәдени қазына ретінде табылған
заттарды сақтау және өңдеу әдістері бар. Физикада спектралдық тал-
дау, филологияда салыстыру әдісі және т.б. болады. Олар тек өздерінің
ғылыми саласында қолданылады. Мысалы, спектралдық талдауды фи-
лологияда қолдану мүмкін емес.
Танымның жалпы әдістерінің айқын ерекшелігі – олардың зерттеудің
белгілі бір сатысында ғана емес, ғылыми танымның кез келген сала-
сында қолданылатындығы болып табылады. Маңыздысы – оларды
әлдебір жеке ғылымның құралдары ғана жасап шығармайтындығы.
Олар барлық ғылымдардың, – жаратылыстану ғылымдары бола ма не-
318
месе әлеуметтік-гуманитарлық пән ғылымдары бола ма, – барлығына
ортақ танымға тән нәрсені білдіреді. Демек, олар, негізінен, болмыстың
жалпыға ортақ заңдарын зерттейтін философияның басымдығы болып
табылады.
Эмпириялық (тәжірибелік) зерттеу сатысында бақылау, тәжірибе,
салыстыру, өлшеу сияқты жалпы әдістер қолданылады. Бұл
соңғылардың маңыздылығы XX ғасыр ғылымында, яғни адамзат
микроәлем құбылыстарына енген, салыстырмалылық теориясы мен
кванттық механика негіздері салынған кезде ерекше айқын көрінді.
Бұл жерде табиғатта жарықтың жылдамдығына (300000 шақырым/
сек) жақын өтетін үдерістерді өлшеу, қарапайым бөлшектердің (10-32
см дәрежесі) мөлшерін өлшеу туралы сөз болып отыр. Ол жаңа өлшеу
аспаптарын жасауға, оларды ары қарай жетілдіруге жеткізді.
Ғылымдағы бақылау жайында біз жалпылама түрде алдында ай-
тып өттік. сынақтан өткізу туралы айтар болсақ, зерттелетін зат
оның жорамалды жаңа қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін жасанды
шарттарға келтіріледі. Ол туралы кейде «табиғатты сынау» деп ай-
тылады. Зерттеуші зерттеліп жатқан құбылысқа «сұрақтар» қойып,
оларға «жауап» алады. Әрине, ондай кезде барлық сұрақтарға жа-
уап алу мүмкін емес. Сынақтың мәні зерттеу нысанына қойылатын
сұрақтардың ол үшін «түсінікті» болуында, яғни оның осы уақытқа
дейін ашылмаған қасиеттерін, байланыстарын білдіру екендігінде жа-
тыр. Ал егер олай болса, онда сынақ зерттеуші мен табиғат арасын-
да ұйымдастырылған «сұхбаттың» ерекше түрі болып шығады. Бұл
жердегі негізгі қиындық – табиғаттың ғалым қойған сұрақты түсіне
алмауының мүмкін екендігі және алынған жауапты зерттеушінің
дұрыс түсінбеуінің мүмкін екендігі. Алайда ғылым белсенділігінің
жүзжылдықтары ішінде зерттеушілер табиғатпен өнімді сұхбат
құруды жүзеге асыру деңгейіне дейін өсті. Бүгінгі күні сынақтар өткізу
барысында зерттелетін нысандардың жаңа қырлары мен қасиеттерін
ашуға, содан кейін оларды математикалық өңдеу арқылы бір не-
месе басқа тұжырымдар, заңдар жасауға мүмкіндік беретін қазіргі
заманға сай әртүрлі аспаптар мен құрал-жабдықтардың кең ауқымы
қолданылады.
Алғаш рет сынақтар Қайта өрлеу дәуірінен бері қарай кең өткізіле
бастады. Содан кейін олар Жаңа заманда кең құлаш жайды. Табиғатты
сынақтан өткізе зерттеудің негізінде жатқан сол әлеуметтік-мәдени
алғышарттар қандай болып еді? Олар төмендегідей:
– таным субъектісі (зерттеуші) өзінің табиғатқа қарсы тұратынын
сезінеді, ол сезінуге қоғамның артып келе жатқан талаптарын
319
қанағаттандыру мақсатында табиғатты өзгерту мүмкіндігін түсіну
және сену ілесе жүреді;
– адамның табиғат үдерістеріне тәжірибе жолымен қандай
өзгерістерді енгізгеніне қарамастан, жаңадан құрылған денелер мен
құбылыстар бәрібір табиғат заңдарына бағынады;
– табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстар болмыста
қаншалықты қайталанатын болса да, барлық жерде және барлық
уақыттарда болатын табиғи заңдылықтарға бағынады.
Барлық мүмкін болатын өлшемдер мен сынақ-тәжірибелер арқылы
эмпириялық (тәжірибелік) білімдер жинақталады. Олардың өзегі
фактілер болып табылады. Факт – эмпириялық білім бірлігі, онда же-
келеген қатынастар белгіленеді. Ол – ғылымда белгілі жолмен алынған
жаңалықты бекіту. Фактілер бола алатындарға: зерттелетін нысанның
бір немесе басқа қасиеттері мен сапаларын көрсететін «хаттамалық
ұсыныстар», сол нысанның суреттегі бір немесе басқа қырларын,
әртүрлі формулаларды, дыбыстардың жазылуын және т.б. білдіру жа-
тады.
Кез келген факт өлшемдердің көпқабаттылығымен, көптігімен си-
патталады. Ғылыми фактіде төмендегі негізгі сәттерді бөліп көрсетуге
болады:
а) фактіде бекітілген зат немесе құбылыс;
ә) зерттелетін нысанның әртүрлі жақтары мен қасиеттері туралы
мағлұмат;
б) зерттелетін нысандардың ғылыми қауымдастық сол және
басқа уақытта қабылдаған сандық және сапалық қырларын, сынақ
деректерін, өлшеу тәсілдерін бақылау туралы әдістер мен амалдар;
в) басшылыққа алуға қабылданған теориялардың, тұжырым-
дамалардың қолда барларына сүйеніп, фактілерді түсіндірудің жолда-
ры мен тәсілдері.
Енді зерттеудің негізгі эмпириялық әдістерінің қысқаша сипттама-
сына көшу мүмкіндігі туды.
1. Бақылау. Зерттелетін құбылыстарды ғылыми бақылау заттар-
ды және адамдардың өмірінде күнделікті болып жататын үдерістерді
жай ғана бажайлап қараудан мүлдем өзгеше. Ол «tabula rasa» – таза
тақта емес, өйткені ғалым зерттелетін затқа белгілі бір ұстанымдар
тұрғысынан келеді, оның басында белгілі бір пікірге, зерттелетін зат
немесе құбылысқа қатысты идеяға жақын бір нәрсе бар. Нәтижесінде,
ол зерттелетін нысанның табиғатына қатысты бір немесе басқа жора-
малдарын растау немесе терістеу мақсатында сол затты жүйелі түрде
320
бақылай бастайды. Бақылау барысында бірте-бірте ғылыми фактілер
жинақталып және талданып, содан кейін әлдебір жүйеге келтіріледі.
Ғылыми бақылау жүргізудің алдында төмендегідей қатаң талаптар
белгіленеді:
а) зерттеудің айқын мақсатын қою;
ә) зерттеу әдістерін мұқият таңдау және зерттеу жоспарларын
мейлінше нақтылау;
б) бақылауларды алдын ала әзірленген жүйелі формада өткізу;
в) алынған нәтижелердің дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп
отыру және қайтадан тексеру;
г) бақылау барысында алынған мағлұматтарды өңдеу, жүйелеу
және терең айқындау және оларды ғылыми фактілерге айналдыру.
Бақылау барысында жасалған қорытындылар, тұжырымдар
зерттелетін заттар мен құбылыстардағы әртүрлі қасиеттерді, байла-
ныстарды білдіреді, олардың әлдебір мазмұнын анықтайды. Бақылау
барысында алынған нәтижелерді қайта-қайта растауға болады. Сол
себепті әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелері басы-
лымда жарияланған соң, олардың шынайылығын, әлбетте, берілген
шарттар мен өлшеу стандарттары бойынша тексеру мүмкіндігі пайда
болады.
Ғылыми бақылауда салыстыру, өлшеу және сынақтан өткізу
шешуші рөл атқарады. Заттардың ғылыми бақылау нәтижесінде
ашылған әртүрлі қасиеттері содан кейін сана арқылы өткізіліп,
қорытындыланады, ал бұл біздің қоршаған әлем туралы білімімізді
тереңдетуге жеткізеді.
2. Салыстыру. Салыстыру – ол ғылыми бақылаудың негізгі
құралдарының бірі. Көлемдері бойынша бір-біріне ұқсас екі затты көз
алдымызға елестетіп көрейік. Олардың қайсысы үлкен екенін анықтау
үшін, біз оларды салыстырамыз. Біз «А» және «Б» деген екі затты
салыстырғанда, формальды логика тұрғысынан алғанда, екі баламаны
көреміз: «А» мен «Б» өзара тең немесе «А» мен «Б» өзара тең емес.
Нақты өмірде заттар мен құбылыстар бір-бірлерімен әртүрлі
қатынастарда және байланыстарда болады. Мысалы, екі зат көлемі
жағынан бірдей, бірақ салмақтары бойынша әртүрлі болуы мүмкін.
Сондықтан біз заттарды салыстырғанда, ғылыми бақылауда олардың
қандай қырлары, қасиеттері өзара тең болатынына қатысты мәселені
нақтылап алуымыз керек. Олай болмаса, біздің бақылауларымыз
мазмұнсыз, дерексіз шығады. Егер екі затты біз салмақтары бойын-
321
ша салыстырсақ, онда олардың басқа: түстері, жұмсақтығы немесе
қаттылығы, көлемі және т.б. қасиеттерін есепке алмауға мәжбүрміз.
3. Өлшеу. Өлшеу, негізінен, заттар мен үдерістердің белгілерін
сан жағынан анықтау кезінде керек. Адамзат өзінің ұзақ тарихын-
да ол үшін өлшеудің көптеген әртүрлі өлшемдерін ойлап тапты. Зат-
тарды зерттеуде сол өлшемдерді қолдана отырып, біз олардың санға
қатысты белгілерін анықтаймыз. Галилей мен Ньютоннан бастап,
тәжірибеге негізделген жаратылыстану әртүрлі өлшеу амалдарын кең
қолдана бастады. Бүгінгі ғылымды да, өндірісті де түрлі-түрлі өлшеу
құралдарынсыз көзге елестету қиын.
4. Сынақ. Сынақ деген не және тәжірибелік танымда оның маңызы
қандай дегенді жоғарыда айттық. Ал қазір нақтылауды іске асыру
қажет. Негізінен, сынақтардың екі: зерттеушілік және тексерушілік
түрі ажыратылады. Біріншісі заттардың осы уақытқа дейін белгісіз бо-
лып келген қасиеттерін, сапалары мен байланыстарын ашуға себеп бол-
са, ал екіншісі бір немесе басқа теориядан шығатын қорытындылардың,
салдарлардың шынайылығын тексереді.
Кез келген сынақ үшін белгілі бір дайындық жұмыстарының
жүргізілуі қажет. Біріншіден, ғалым зерттелуші нысанға тән болуы
мүмкін қасиеттер мен қатынастарды алдын ала белгілеп алуға және
санаттық тұрғыда сипаттауға тиіс. Екіншіден, тиісті құрал-жабдықтар
әзірленуге, ал олардың мүмкіндіктерімен ғалым да, тиісті ғылыми
қауымдастықтар да мұқият таныстырылуға тиіс. Содан кейін ғана
сынақ зерттеулерін бастауға болады.
Демек, зерттеушінің айқын негізді теориялық білімдерінсіз
сынақ өткізудің қандай да бір елеулі нәтижелер бермесі анық. Он-
дай жағдайда, сынақ ғалымның күш-қуаты мен уақытын зая кетірген
мағынасыз әрекет болып шығады. Тиісті теориялық құрылымдарға
сүйенген бақылауларды, осы негізде алдын ала жасалған болжамдар-
ды, мақсатты ұстанымдарды сынақ деп есептеуге болады.
Сынақ өткізуде ғылыми қауымдастықта бар құрал-жабдықтардың
рөлі орасан үлкен болып табылады. Бастапқыда, егер есіңізде болса,
адам қоршаған дүниені ертеде адамның «құралдары» болған өзінің
сезінуі арқылы қабылдаған және әлі күнге дейін солай болып қалып
отыр. Бірақ прогресс жолымен ілгерілеу шамасына, адамның алдына
қойылатын міндеттердің күрделенуіне қарай, ол сезінудің шектеулі
екенін білді. Сондықтан әлемдік тарихтың ұзақ жүзжылдықтары
ішінде адамдар өздерінің табиғи сезу органдарының «орнын толтыра-
тын» аспаптар мен құрал-жабдықтар ойлап тапты.
322
Сөйтіп, ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар деп ғылыми таным
мақсаттарында пайдаланылатын, саналы түрде ойдан шығарылған
жасанды денелерді түсіну керек. Таным барысында зерттеуші оларды
зерттелуші нысанмен біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуі арқылы
белгілі бір ақпаратты алады. Әлбетте, бұл ақпарат адамның сезу ор-
гандары жете алатын болуға тиіс.
Ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар екі түрге бөлінеді: біріншісі
зерттелуші заттың немесе құбылыстың сапасын айқындайды, екіншісі
сан жағын өлшейді.
Адамның сезу органдарының күш-қуатын арттыратын бірінші
аспаптар, өз кезегінде, үш топқа: 1. күшейткіштер; 2. талдағыштар;
3. түрлендіргіштер деп бөлінеді.
Күшейткіштер адамның сезу органдары зерттелуші нысаннан
келетін ақпаратты қабылдауға қабілетсіз болған жағдайларда пайда-
ланылады. Ол кезде аспаптардың көрсеткіштері зерттелуші нысанның
(микроскоп, телескоп, дыбыс күшейткіштер және т.б.) табиғатын
айқын, парапар көрсетуге тиіс.
Талдағыштар зерттелетін нысанның қасиеттерін, құрылымдық
қосымша құрамдас бөлшектерін ашуға қабілетті. Мысалы,
спектроскоптың көмегімен зерттеліп жатқан дененің химиялық
құрылымын анықтауға болады, өйткені жазық бетте (пластинка) алу-
ан түрлі химиялық элементтерге сәйкес келетін әртүрлі ұзындықтағы
спектрлер бейнеленіп шығады. Алынған нәтижені стандартты спек-
тограммамен салыстыра отырып, заттектің химиялық құрамын
анықтауға болады.
Түрлендіргіштер. Сөздің кең мағынасында кез келген аспаптарды
түрлендіргіштер деп атауға болады, өйткені олар алынған ақпаратты
түрленген түрінде адамның сезу органдарына жеткізеді. Мысалы,
қарапайым көзәйнек оған түскен жарық арқылы адам жай көзбен әрең-
әрең ажырататын заттардың сұлбасын кішірейтіп немесе үлкейтіп,
адам көзінің қарашығына солай жеткізеді. Бұл жерде, шамасы, сөз сан
жағынан түрлендіру туралы болсе керек, сапа жағынан түрлендіру
мұнда жоқ. Сөздің тар мағынасында түрлендіргіштер деп адамның
сезуі қабылдауға қабілетсіз ақпаратты түрлендірілген түрінде беретін
аспаптарды (радиотолқындар, электр-магниттік өрістер, ультрадыбыс-
тар, метагалактикалар, жасуша құрылымы және т.б.) түсіну керек.
5. Ғылыми танымдағы дерексіздендіру және дерексіздіктер
(абстракциялау және абстракциялар). Дерексіздендіруді, яғни зат-
ты белгілерінен, қасиеттерінен ажыратып, ойша дерексіздендіруді
323
ғылыми танымның негізгі әдістеріне жатқызуға болады, өйткені
ғалым зерттеліп жатқан заттың жеке-дара, кездейсоқ қырларынан
тартынып, оның маңызды, қажетті байланыстарын бөліп алады. Дәл
осыған байланысты ғылымда ұғым-түсініктер (санаттар) пайда бо-
лады. Мыңжылдықтар бойы, негізінен, жердің үстіңгі бетіндегі зат-
тар мен құбылыстар зерттеліп келді. Іс жүзінде әрбір дерексіздікке
ұғымдардың ар жағында жатқан, сезіммен қабылданатын заттар мен
құбылыстар сәйкес болды. Енді, XX ғасырдан бастап, жағдай күрт
өзгерді: жай денелердің қозғалысы мен жылдамдығының, олардағы
температура мен қысымның орнына, ойша көз алдымызға келтіре ал-
майтын «жарықтың жылдамдығына жақын қозғалыстар», «аса жоғары
қысымдар», «аса жоғары температуралар» келді. Осындай жағдайларда
дерексіздендірудің маңызы артады. Бүгінгі заман ғылымында бірінші,
екінші, үшінші деңгейлердің дерексіздендірілуі жайында айтылып
жүр. Сондықтан бұл мәселені тереңірек қарастырып көрейік, ол үшін
сұрақ тарихын есімізге түсірейік.
Жалпылай айтқанда, дерексіздендіру деп шындық туралы түсінікті
құру мақсатында шындықтың (болмыстың) әлдебір қырларын ойша
бөліп қарауды түсіну керек. Платон мен оның шәкірттері, өздерінің «екі
әлем» туралы тұжырымдамаларына сәйкес, дерексіздендіруді «идея-
лар әлемінде» бар құбылыстарды танып білу деп қарады. Оларға қарсы
тұрған Аристотельдің ойынша, егер біз математикалық денелерді өз
бетінше, дербес өмір сүретін болмыстар деп қарасақ, онда шындықпен
де, дұрыс мағынамен де қайшылыққа келген болар едік.
Ортағасырлық номиналистер (Р.Бэкон, У.Оккам) де біздің алдымыз-
да жатқан әлем сезімдік болмыстан басқа ештеңе де емес: онда бір зат
екінші затқа ұқсамайды, сондықтан дерексіздік – ол заттардың атауы
ғана деп сендіре отырып, платонизмге қарсы шыққан.
Концептуалистер
платонизмнің
де,
номинализмнің
де
біржақтылығын жеңуге ұмтылды. Олар ұғымдардың нақты өмір
сүретінін мүмкін емес деп санағанмен, дегенмен дерексіздік – ол атау
ғана емес, нақты өмір сүретін жалпының бұл әлемнің заттарына тән
бейнесі екеніне сенімді болды.
Дерексіздендіру туралы айтқанда, біз тағы бір пікірге кезігеміз:
дерексіздіктер шындық-болмысқа жақын болған сайын, құндырақ
болмақ. Бұл жағдайда оларда зерттелетін нысандардың ортақ
қасиеттері көбірек. Барынша ортақ дерексіздіктер өз ауқымына ба-
рынша мол заттарды қамти отырып, сонымен бірге мағынасыз да бола
береді.
324
Дерексіздіктердің өздері білдіретін болмысқа қаншалықты сәйкес
келетініне қатысты қиын сұрақ күтіп тұрғанына көз жеткізу қиын
емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез кел-
ген зат нақты бір жағдайда өмір сүреді және қалыптасқан жағдайлар
шектерінде басқа денелер және құбылыстармен өзара әрекеттерге
түсіп, өздерін соларға сәйкес көрсетеді. Оның үстіне, біреулері
өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол
уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл
көбінесе тәжірибелік танымда, яғни біз бір затты бақылауға алып,
оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген
кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай,
ескерілмеуіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, ондай бақылаудың
қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.
Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің
кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда
бұрын байқалған қасиеттердің кейбірі жоғалып, ал кейбірлері қалуы
мүмкін. Соңғыларды нақ осылай жинақтап қорыту – дерексіздендірудің
жоғарғы деңгейіне келтіреді.
Зат немесе құбылыс басқалармен өзара әрекеттескенде, өзін қашанда
өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес,
оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы ке-
рек.
Дерексіздендірудің кез келгенінің өз шектері бар. Сондықтан
танымның белгілі бір деңгейінде бір немесе басқа дерексіздіктің та-
ным мүмкіндіктерінің сарқылғаны анықталады. Мысалы, ғалымдар
микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап бол-
ды, өйткені классикалық физикада пайда болған бұрынғы ұғымдар
бірқатар жаңа шындық, нақтылықты зерттеу барысында енді жарам-
сыз болып қалды. Денелердің координаттары мен импульстерінің
макроәлемде айқындалған арақатынас заңдылықтары микроәлем
үдерістерін зерттеуде өздерінің эвристикалық мағыналылығынан
айырылды. Егер қарапайым бөлшектің координаттары анықталса,
онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер им-
пульс күші анықталса, онда оның координаттарын анықтау мүмкін
болмайды. Осы және басқа жағдайлар бұрынғы санаттардың шектері
сарқылғанын және ғылымның алдында жаңа санаттық құрал жасау
қажеттігі туғанын көрсетті.
6. Индукция. Индукция танымның негізгі әдістерінің біріне жата-
ды, өйткені заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін зерт-
325
теуден жалпы түсініктерді қалыптастыруға қарай өту орын алады,
яғни мұнда бақылаулар мен сынақтардың нәтижелерін жинақтап
қорыту туралы сөз болып отыр. Индуктивтік қорытуда эмпириялық
заңдар айқындалады. Мысалы, Лавуазье табиғаттың қатты, сұйық
және газ тәріздес күйдегі кейбір денелеріне (су, сынап) бақылау жасап,
табиғаттың барлық денелері жоғарыда аталған осы үш күйде болаты-
ны туралы индуктивтік қорытынды жасаған.
Индуктивтік қорыту толық және толық емес болады. толық ин-
дукцияда бір топтағы заттардың бірқатарында табылған ортақ сапа-
лар мен қасиеттер осы топтың барлық заттарына ауысады. Мысалы,
Жердің, Марстың, Шолпанның қозғалысын зерттеу негізінде И.Кеплер
«әрбір планетаның эллипс (оның бір нүктесінде Күн орналасқан) бойы-
мен қозғалатыны» туралы индуктивтік қорытынды жасады. Бұл жерде
біз Күн жүйесі планеталарының саны шектеулі болатын жағдайға тап
болып отырмыз.
Алайда ғылымда көпшілік жағдайларда бір немесе басқа топтағы
денелер санының шексіздікке кететіні кездеседі, олардың барлығын
қамту мүмкін емес. Олай болса, берілген топ заттарының мейлінше
ықтимал сандарын зерттей отырып, ғалымдар бүкіл топқа жататын
қорытынды жасауға мәжбүр. Бұл жерде қорытынды деректерінің
Достарыңызбен бөлісу: |