соссюр – бір жағынан, интроспекционизмнен (лат. – intospectare –
ішке үңілу), екінші жағынан, фактілерді позитивистік қосудан бас
тартуды талап ететін Еуропадағы құрылымдық лингвистиканың негізін
салушы болып табылады. Оның бағдарламасы фактілерді эмпириялық
жинақтау сатысынан теорияларды құру сатысына өтуге байланысты.
Сондықтан, егер басында структурализм ғылыми әдістеме ретінде
пайда болса, ал кейіннен ол басқа салаларға да таралды. Олар:
– мәдениетті зерттеу (Ю.М.Лотман);
– этнография (К.Леви-Строс);
– психикалық талдау (Ж.Лакан);
– әдебиеттану және көпшілік мәдениеті (Р.Барт);
– ғылым тарихы (М.Фуко) және басқалары.
Сонымен, француз философы және мәдениет тарихын зерттеуші
мишель поль Фуко (1926-1984) өзін ешқашан структуралист
санамағанмен, оның жеткілікті дәрежеде бүтін шығармашылығында
структурализмнің үрдістері айқын байқалады, өйткені ол мәдени
негіздің (эпистем) инварианттық пішін үйлесімін іздеумен айналыс-
ты. Ол диахрондық факт жинаушылықтан бас тартып, басты назарын
мәдениеттің лингвистикалық-семиотикалық
1
механизмдеріне аударды
(бұл әсіресе «Сөздер мен заттар: гуманитарлық ғылымдардың археоло-
гиясы» (1966) атты еңбегінен көрінеді).
Осының бәрі, сондай-ақ барлық «антропологиялық қиялдардың»
мәселелері оның көзқарасын структурализм идеясына жақындата
түседі.
Француз зерттеушілері арасында өзін структуралист деп ашық
жариялаған жалғыз адам – этнолог, құрылымдық антропология
тұжырымдамасын құрушы клод леви-строс болды. Өзінің фило-
софиясын ол сезімдікті ұтымдылыққа ұштастыруға ұмтылатын «аса
жоғары рационализм» деп атады. Философия, оның ойынша, шын
мәнінде «ғылымды уақытша ауыстырушы», ал соңғы өзінің дамуы
шамасына қарай философиялық мәселелер саласын табысты игереді.
Ғылымның өзін ол оның құрамына әдетте таза философиялық деп сана-
латын көп мәселелерді енгізе отырып, барынша кең түсіндіреді. Сөйтіп,
Леви-Строс, Руссодан кейін, этнологияның негізгі міндеті – табиғаттан
1
Семиотика – тілдік таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым саласы.
261
мәдениетке өтуді зерттеу деп санайды. Аутентистік (гр. – authenticos –
шынайы, бастапқы көзден шығатын) структурализм философиясының
сипаттамасын «трансценденттік субъектісіз кантиандық» (Кант ілімі
туралы сөз болып отыр. – Аудармашы) ретінде қабылдай отырып, ол
өз тұжырымдамасында субъектінің болмауы фактісінен құрылымдық
антропологияға нысанға айналған ойлаудың нақтылығына тікелей қол
жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылық көреді.
Леви-Строс
шығармашылығында
структурализмге
батыл
жатқызуға болатын ерекшеліктер айқын көрінеді. Олар:
– «тарихқа» қарсы қойылған структурализмге сүйену;
– субъектіге қарсы қойылған тілге сүйену;
– санаға қарсы қойылған санадан тыс әрекетке сүйену.
Структурализмнің тағы бір маңызды ерекшелігін айту керек: ол –
тәртіптілік арасы. Оның үрдістері халықаралық болды, бірақ олар әр
жолы әртүрлі жағдайларда іске асырылды.
Барлық философ-структуралистер немесе соларға жақын болғандар
қоғамның: тіл білімі, психология, тарих, этнография секілді аса
күрделі құбылыстарында әртүрлі өзгерістер жағдайында өзгермей,
сол қалпында қалатын (инварианттық) құрылымдарды тапты. Алайда
құрылымның кейбір элементтерінің орнын ауыстырып қою арқылы
олар нысанның кейбір жаңаланған, түрлері өзгерген формаларын алуға
тырысты. Сөйтіп, бір топқа жататын заттардың әлдебір жиынтығының
құрылымдық айырмашылықтарын зерттей келе, құрылымның
солардың негізінде жатқан дерексіз инвариантына жетуге болады. Мы-
салы, әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде біртұрпатты қайсыбір
құрылымдардың бар екені анықталды, олар да адамдардың ойлауын-
да «қалыпты» және «қалыптан тыс» күйінде ашылған; бір-бірлерінен
континент, теңіздер және басқалары арқылы алшақ жатқан түрлі-түрлі
халықтардың мифтерінде біртұрпатты құрылымдар табылған.
8.5. прагматизм және неокантиандық
«Прагматизм» терминін алғаш рет «Нақты ақыл-ойды сынау»
атты еңбегінде Кант қолданса, соның аясында осы бағыт бастау
алған американдық философияға Чарльз сандерс пирс (1839-1914)
енгізді. «Идеяларымызды қалай айқын ете аламыз?» (1878) деген
мақаласында ол: «Болжалды түрде іс жүзінде маңызы болуы мүмкін
қандай зардаптардың біздің түсінігіміздегі нысанға тән екенін қарап
көрейік. Сонда біздің ол зардаптар туралы түсінігіміз нысан ұғымын
262
құрайтынның бәрі болып шығады», – деп жазды. Пирс кейбір «базис-
ке» немесе «негізге», – ол танылатын субъектіні сезу және қабылдау
немесе ақыл-парасаттың априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымдары
болса да, – келтірілуі мүмкін білім қағидасын қабылдамайды. «Фунда-
ментализмге» балама деп Пирс мынадай: нысан туралы түсінікке осы
нысанмен орындалатын әрекеттерден шығатын нақты зардаптардың
барлығын қарау арқылы қол жеткізуге болады дейтін ұстанымды са-
найды (Пирс қағидасы). Ал терминнің мағынасы – осы термин қисынды
бастауыш болып табылатын барлық сөйлемдерді (айтылғандарды) іс
жүзінде тексеру шарттарының жиынтығы. Ондай айтылған ойлардың
көпшілігі шын мәнінде шексіз болғандықтан, мағынасы толық емес,
ішінара ғана айқындалуы мүмкін, ал нысан туралы біздің біліміміз
қашанда аяқталмаған және терістелген, болжамға құрылған болып
келеді. Бұл күнделікті білімге және жаратылыстану білімдеріне ғана
емес, сонымен қатар жалпыға бірдейлігі қарсы мысалдармен терістелуі
мүмкін математикалық және логикалық ой-пікірлерге де қатысты бо-
лып табылады.
Пирс ұсынған мағына теориясы «прагматикалық» (қажетті мүд-
делерді көздейтін) деген ат иеленді. «Прагматизм» деген терминнің
өзін де Пирс алғаш рет жоғарыда аталған мақаласында қолданды.
Жалпы, бұл ғалымның қаншалықты жан-жақты болғанын оның
ғылыми мүдделері мен соның нәтижелері дәлелдейді. Ол ғылымдағы
бірнеше бағыттың негізін қалаушы: математикалық логиканы, семио-
тиканы (белгілер туралы ілім) құрушылардың бірі болды; геодезия, та-
рих философиясы, психология, әдістеме және ғылым тарихы бойынша
іргелі зерттеулер, алгебра мен стандартты емес талдаудағы маңызды
нәтижелер мен идеялар соған тиесілі. Философияда ол «фанероско-
пияны» (гр. – phaneron – құбылыс, көрініс): болмыс пен танымның
«Бастапқылық» (Firstness), «Екіншілік» (Secondness), «Үшіншілік»
(Thirdness) санаттарында берілген үш негізгі деңгейі туралы ілімді
әзірледі; ойлау-пайымдау тілін қалыпқа келтірудің математикалық
әдістерін пайдаланатын логикалық ғылымның қалыптасуына айтар-
лықтай ықпал етті.
Пирстің өзі прагматикалық ұстанымға логикалық семантика мен
ғылыми әдіс мәселелеріне қатысты ғана басымдық берді, ал ол кезде
шындық ұғымын түсіндіруде прагматизм уәждері оның философия-
сында реалистік және неокантиандық идеялармен астасып жатады.
Сол себепті көпшілік адамдар көбінесе прагматизмнің филосо-
фиялық тұжырымдамасын Пирстің ізбасары, американдық философ
263
және психолог уильям Джеймс (Джемс) (1842-1910) дамытқан деп са-
найды. Ол 1907 жылы «Прагматизм» деген кітабын жарыққа шығарды.
«Қабылдануы мүмкін шындық ретінде, – деп жазады ол, – прагматизм
бізді барынша жақсы басқаратынды, өмірдің кез келген бөлігіне бәрінен
жақсы бейімделгенді және тәжірибенің бар жиынтығына қосылып ке-
туге бәрінен жақсы мүмкіндік беретінді ғана мойындайды».
Оның ойынша, прагматизм – ол адамдар өздерінің күнбе-күнгі
тәжірибесінде басшылыққа алатын ойлаудың ескі тәсілінің жаңа ата-
уы ғана. Прагматизмнің жеңісі, Джеймс пайымдағандай, «қалыпты
ойларға» барынша көп әсер етуге байланысты болады. Прагматизм
ғылым мен метафизиканы жақындастыруға қабілетті, сол себепті
қазіргі заманда ол «философиялық дауларды реттеу» әдісі ретінде
әрекет етуге тиіс. Бұл ілім емес, – дәлме-дәл әдіс және оның бейтарап,
догмаға қарсы сипаты бар.
Прагматизмнің инструменталистік жорамалының негізін салушы
болып американдық ғалым Джон Дьюи (1859-1952) саналады. Оның:
психологияны, эпистемологияны, этиканы, логиканы, эстетиканы,
әлеуметтік философияны, білім беруді қамтитын отыз кітабы бар.
Джеймстен айырмашылығы – Дьюи көп дәрежеде гегельдік
тарихилық философияның ықпалын сезіп, оның трансцендентализмін
Дарвиннің натурализмімен және дұрыс мағынаның эмпиризмімен
түзетуге болады деп санады.
Өз философиясын Дьюи көбінесе инструментализм деп атап, ой
желісін құруға маңызы бар түсініктерді, ғылыми заңдарды, қисынды
амалдарды қиын мәселелерді зерттеу және шешу құралы деп қарады.
Ал қолайлы немесе «прагматикалық» дегенді ойлау тәсілдерінің және
барлық рефлекстік түсініктердің мағынасын анықтау және тексеру
үшін салдарлары бар солардың арақатынасы деп түсіну керек. Дьюидің
ойынша, біздердің бәріміз әлемді игеруде ғылым нәтижелеріне се-
нуге және оның әдістерін философияда қолдануға ұмтылуға тиіспіз.
Ғылыми білім «таза» математикаға немесе физикаға қарағанда,
инженерлік істе, медицинада, әлеуметтік және моральдық салаларға
қосылған әлеуметтік пәндерде айқын көрінеді.
Джон Дьюи АҚШ-та «№ 1-ші философ» деген ат иеленген, оның
идеялары қоғамдық санаға терең тамыр жайып және философиялық
натурализмге, сараптамалық философияға, феминизмге, постмодер-
низмге және басқа ағымдарға да зор ықпал етті.
Сонымен, егер осы бағыттың барлық өкілдерінің негізгі идеяларын
жалпылай қорытындыласақ, онда жиынтығында олардың барлығының
264
болмыстың алғашқы бастауларын танудың, түйсікпен келетін білімнің,
туа біткен идеялар мен бұрынғы гносеологиялық тұжырымдамалардың
басқа да қағидаларының мүмкіндігін теріске шығарғанын айта аламыз.
Таным адамдардың жиынтық тәжірибесінен келіп шығады және
адамның алдында өне бойы пайда болып отыратын өмірлік маңызы
бар мәселелердің шешімін табуға себепкер болады. Адамға іс жүзінде
нәтижелер беретін, пайда келтіретін білімдер шынайы болып та-
былады. Адамдардың өмірлік тәжірибесі жинақталғанда, бір неме-
се басқа нысан туралы түсініктер үнемі өзгеріп отырады. Аяқталған
білім жоқ: ол қашанда салыстырмалы және жорамалды, келешекте
теріске шығарылуы да мүмкін. Сол себепті бір немесе басқа зат ту-
ралы түсінік адамзаттың өмір сүруінің осы нақты-тарихи кезеңінде
тәжірибеге негізделген білімнің бар жиынтығына сүйене отырып,
онымен өзара іс-әрекеттер нәтижесінен келіп шығатын салдар құра
алады. Нақтылықтың бір немесе басқа қырларын танып білуге деген
біздің дәл осы іс жүзіндегі мүдделілігіміз шындықты құрайды. Егер
өмір тәжірибесінен, танымнан алған білімдеріміз бізге пайда әкелсе,
белгілі бір оң нәтижелерге жеткізсе, ақыр соңында, табысымызды
қамтамасыз етсе, онда оларды шынайы деп айтуға әбден болады. Осы
мағынасында философияның және тұтастай алғанда бар ғылымның
міндеті – адамдардың өмір сүру жағдайларын, бұл өмірдегі болмысын
жақсарту.
Адамның әртүрлі заттарды танып білуі – ол белгілі бір өмірлік
маңызы бар мәселелерді шешу барысында қиындық көрген кезде орын
алады. Адамның оларды ұтымды шешу құралдарын, жолдарын іздеуі
осыдан басталады.
неокантиандық Германияда пайда болып, философияны Кантқа
қарай бағыттау үрдісі спорадистік (гр. – sporadikos – шашыраңқы,
ішінара) сипатта болғанмен, XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ
оқтын-оқтын өзін көрсетіп қалып отырды, ал Еуропаға кең таралуы
1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.
Бірақ шоғырланған түрінде бұл теория О.Либманның «Кант
және эпигондар» (1865) деп аталатын еңбегінде баяндалды. Оның
қайырмасы: «артқа, кантқа қарай!» деген ой болды. Ол бүкіл
қозғалыстың өзіндік ұранына айналды.
Неокантиандықтың пайда болуының тарихи себебі философия
мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы үйлеспеушіліктен,
ұлғайып бара жатқан алшақтықтан көрінді.
265
Неокантиандықтың танымал екі: Марбург және Баден (неокан-
тиандықтар жұмыс істеген қалалардың атымен аталған) мектебі бол-
ды. Олар: «Философияда алға қарай бір қадам жасағысы келетін кез
келген адам Кант философиясын оқып білуді өзінің ең бірінші міндеті
деп санауға тиіс», – деп пайымдады (П.Ноторп). Сондықтан екі мек-
тепке де ортақ болғаны – И.Канттың философиясы бұрынғыдай өзекті
деген ұстаным. Соған сүйене отырып, таным теориясының, философия
мен қоғамдық тәжірибенің қазіргі замандағы мәселелерін шешуге бо-
лады. Олар кантиандықтың «таным нысанның тәжірибеге сай көрінісі
немесе сипаты емес, ол – осы ұғымның кең мағынасында таным мен
ғылым нысанасын құрастыру болып табылады» дейтін негізгі идея-
сын бұлжымастай сақтайды.
Марбург мектебінің өкілдері кантиандықтың негізгі кемшілігін
психологизмнің артықшылығынан, ғылыми таным бірлігін негіздеуден
көрді. Сондықтан олар танылатын субъектінің құрылымын ғылымның
өзінің логикалық құрылымымен ауыстыруға тырысты. Сөйтіп, олар
таным теориясын оның сезімдік танымға байланысынан тыс, таза
білім логикасына айналдырды.
Марбург мектебінің кең танылған классигі герман коген (1842-
1918) Канттың соңынан: «Философияның аса маңызды қызметі –
ол ғылым әдістемесі. Философия «таза», яғни ғылыми танымның
априорлық (тәжірибенің алдындағы) элементтерін зерттеуге тиіс.
«Тәжірибенің жалпы теориясының»: логика, этика, эстетика деген үш
құрамдас бөлшегі бар», – деп жариялады.
Баден мектебінің өкілдері адамның қоршаған әлемді танып
білуіндегі құндылықтардың зор маңызын көрсетті. Құндылықтар
мүлдем өзгеше әлем – таным үдерісіне, әсіресе гуманитарлық ғылым-
дарға жанама әсер ететін трансценденттік әлем құрайды.
генрих Риккерт (1863-1936) – осы мектептің басты өкілдерінің
бірі: «Танып білу – ол құндылықтар ретіндегі шындық негізінде ой-
лау», – деп санады. Ол 1921 жылы «Философия жүйесін» жазып, онда
құндылықтар теориясын жүйелей отырып, құндылықтардың алты са-
ласын ажыратты:
– логика – шындық құндылығының саласы;
– эстетика – ең жоғарғы құндылық саласы;
– мистика және тұлғасыз қасиеттіліктің мұраты;
– этика, онда моральдық үстемдік етеді;
– эротика және бақыт мұраты;
– діни философия – тұлғаның қасиеттілігі саласы.
266
Бұл салалардың әрқайсысына төмендегілер сай келеді:
а) әлдебір игілік – ғылым, өнер, біртұтастық, еркін қауымдастық,
сүйіспеншілік әлемі, ғажайып әлемі;
ә) субъектіге әлдебір көзқарас – ой-пікір, түйсік, өзгеше қадірлеу,
дербес әрекет, бірігу;
б) әлемнің белгілі бір түйсігі – интеллектуализм, эстетизм, мисти-
цизм, морализм, эвдемонизм, теизм немесе политеизм.
Әсер ету күші және беделділігі бойынша неокантиандық артына
сол заманғы философиялық мектептер мен ағымдарды ғана қалдырып
қойған жоқ, сонымен қатар мәдени, әлеуметтік өмірдің барлық сала-
ларын, тіпті теология, әлеуметтену және жұмысшы қозғалысын да
түгелдей айқындайтын әлдебір іргелі дүниетаным рөліне деген өз
пікірлерінде философия шектерінен шығып кетті.
8.6. Феноменология және оның екі тармағы
Феноменология (гр. phenomenon – құбылыс) – ол оқиғалар мен іс-
әрекеттерді сол қалпында суреттеуге ұмтылатын философиялық мек-
теп. Оның өткір сыны нақты деп жаратылыстану ғылымдары сипаттап
бергенді ғана қабылдау үрдісіне қарсы бағытталған. Феноменология біз
пайдаланатын күнделікті заттарды олар алдымызда қалай тұрса, солай
етіп сипаттауға тырысады (мысалы, қарындаш атомдардың жиынтығы
ретінде емес, өзінің тікелей қолданылу қызметіне қарай сипатталады).
Феноменология ғылыми онтологияға негізделген, яғни жараты-
лыстану ғылымдарының түсінігі ғана заттарды қалай болып табыла-
тынына қарай қамтитын теорияға сәйкес бірмөлшерлі стандарттауға
қарсы тұрады. Ал іс жүзінде бұл тіпті де олай емес.
Феноменология құбылыстарды, яғни күнделікті тіршілікке қажетті
заттарды ғана емес, сонымен қатар адамдардың әртүрлі жағдайларда
қалай көрінгісі келетін ниеттерін де суреттейді: оның Ғаламды оған
тән барлық сапа-қасиеттерімен бірге толық және әр қырынан қайта
құрғысы келеді.
Осы заман феноменологиясы, қалай болғанда да, соның негізгі
ұстаным-дарын әзірлеген неміс философы және математигі Эд-
мунд гуссерльдің (1859-1938) тұжырымдамасына байланысты.
Оған дейін адамдар феноменологияны қызығушылық тудырып
отырған құбылыстың кез келген түсіндірілуінің алдында болуға тиіс
сипаттамалық зерттеу деп ұғынған.
Гуссерль өте қарапайым адам болатын. Өмірінің соңына дейін өзін
жаңадан бастаушы деп санады және одан артықтан үміттенбеді, үнемі
267
өзінің ой-пікірлеріне күмәнданып жүретін. Сол себепті бар өмірін
ізденіспен өткізді, бұл замандастарының оны «бітпейтін міндеттердің»
философы деп атауына негіз болды. Ол қайтыс болған кезде билікке
нацистер келіп, Гуссерльдің бар мұрасын өртеуге бұйрық берді. Алай-
да достары оның мұрағатын құтқарып қалды (шамамен 45000 бет).
М.Хайдеггер «Болмыс және уақыт» атты шығармасында: «Фено-
менология» термині бәрінен бұрын – әдіс тұжырымдамасы дегенді
білдіреді... Оны: «Артқа, заттарға қарай!» – деп тұжыру оңай. Оған
қоса, бұл ауада ілініп тұрған құрылымдар мен кездейсоқ табылған
нәрселерге, ұрпақтан-ұрпаққа шынайы мәселелер ретінде беріліп кел-
ген үстірт қойылған мәселелерге қарсы қойылады», – деп жазды.
Гуссерль алғаш рет феноменологияны өзіне тән феноменологиялық
(құбылыстық) әдісі бар, ғылымның іргетасы болып табылатын жаңа
философия ретінде қарады. Оның мақсаты – ғылым жайындағы ғылым
құру және бүкіл танымның, оның ішінде ғылыми танымның да негізі
болатын өмірлік әлемді, күнделікті өмір әлемін ашу болды.
Алдындағылардың таным теориясын сынай отырып, Э.Гуссерль:
ғылым (gronis) және пікір (doxa) деген екі ұғымды бір-біріне қарсы
қояды. Еуропалық мәдениеттің тоқырауын ол осы екі ұғымның бір-
бірінен ажыратылмауынан көреді. Пікір – ол көмескі, айқын емес,
көбінесе нақты бір тұлғаның мүдделерімен шектелетін білім. Пікірге
қарсы ол бастапқыда гректің «мүдделі емес пайыммен қарау» деген
мағына беретін «теория» сөзін пайдаланды. Ойшылдың көзқарасы
бойынша, теорияға негізделген философия ғана әлемнің сан-салалы,
жан-жақты көкжиектеріне жетуге мүмкіндік береді.
Э.Гуссерль алдына: сананы тазарту, оның (сананың) адамның та-
рихи тәжірибесіне байланысы жоқ бастапқы құрылымдарына жету
мақсатын қойды. Оның феномендері – ол өз-өзінен айқын, тікелей
санаға берілген құбылыстар. Феноменология өзіндік айқындығы
тікелей түйсікке берілген ерекше мәндерді зерттейді. Санадағы фено-
мендер (құбылыстар) адамға тіл арқылы берілген. Оған адамның жан
дүниесінде пайда болып жататын әртүрлі күйзелістер де жатқызылады.
Таза сананың өзгеше ерекшелігі – оның бағыттылығы (лат.
intention – бағыт, бағыттылық). Әр сәтте, әр секундта сана бір нәрсеге
бағытталады: «жалпы», «ештеңе туралы емес» дейтін сана болмайды.
Қабылдау, есте сақтау, елестету, қалау, ойлау формалары – осылардың
бәрінде де заттық мазмұн, мағына бар. Бағыттылық сананы әртүрлі
мағыналармен, мәндермен толықтырады. Өз іс-әрекеттерінде адам кей-
де қоршаған заттарға мағына бергенін байқамайды. Кейін оларды са-
268
надан тыс өмір сүретін және объективтік түрде танылатын қасиеттері
бар құбылыстар деп қарайды. Ал іс жүзінде біз санаға тәуелсіз өмір
сүретіндердің барлығын жақшаның сыртына шығаруға тиіспіз, өйткені
объект пен субъект бір-бірімен ажырамаған күйде санамызға еніп жа-
тады. Сана арқылы адам заттарды қабылдайды, оларға мағына береді
және олармен өзара қарым-қатынасқа түседі. Бұл жерде, бір жағынан,
танымға бағытталған іс-әрекет – ноэзис, ал, екінші жағынан, таным
үдерісінде жинақталатын мазмұн – ноэма бар.
Э.Гуссерльдің пікірінше, барлық ғылымдардың негізінде, тұтастай
алғанда, теориялық-танымдық үдерісте барлықтарына таныс, өмірде
кең қолданылатын және адамдар оның мәні туралы ойланбайтын мәңгі
«тіршілік әлемі» жатыр. Бұл – адамның іс жүзіндегі әрекеттерінің
шындығы және оның болашақтағы мүмкіндіктері соның шектерінде
айқындалатын, алдын ала беріліп қойған көкжиек. Ол, тегінде,
нақтылықтың зерттелетін үдерістері егжей-тегжейлі талданған,
қашанда толық болмайтын ғылыми танымынан әлдеқайда бұрын пай-
да болады, ал ол кезде тіршілік әлемі айқындығымен ерекшеленеді.
«Тіршілік әлемі» барлық мүмкін болатын мағыналармен толыққан,
сондықтан заттарды танып біле отырып, біз оларға осы мағыналарды
береміз. Алайда көпшілік адамдардың ойынша, олар өздерінің санасы-
на тәуелді болмай өмір сүретін сол нақтылықты танып біліп жатыр.
Ал, шындығында, адамдар заттарға өздерінің «тіршілік әлемінен»
келіп шығатын мағыналарды телиді. Міне, сондықтан феноменоло-
гия санада мағыналардың пайда болуын зерттейді. Ал ол үшін сананың
өзінің түпнегізінде жатқан таза формаларына жету керек.
Бұл мақсаттарға жету үшін, Э.Гуссерль құбылыстық редукция
(қысқарту, салыстыру) әдісі – «эпохені» пайдаланады. Ол заттардың
«эйдосы», яғни санаға ашылатын таза мағыналары айқындалғанға
дейін олардың бір-бірлерімен кеңістіктік-уақыттық байланыстарын
ескермеуді жорамалдайды.
Демек, феноменологияның ұраны – үйіліп-төгілген сөздерден
тазартылған заттардың өздеріне жүгіну. Ал оның өзі – фактілер
жайындағы емес, мән-мағыналар туралы ғылым.
Феноменологияның екі: идеалистік және реалистік тармағы бар.
Біріншісін Гуссерль ұсынған, өйткені заттарға қайта орала отырып,
ол, ақырында, жалғыз нақтылық – сананы тапты: трансценденттік сана
заттардың, іс-әрекеттердің, институттардың мағыналарын түзеді.
Екінші – реалистік тармақты М.Шелер ұсынды. Ол иерархиялық
269
тұрғыда ретке келтірілген заттардың: жарық – көз үшін, дыбыс – құлақ
және сезімдік түйсік үшін деген сияқты нақтылығына бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |