ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ықтималдық сипаты басым. Осындай индуктивтік қорытулар толық



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

ықтималдық сипаты басым. Осындай индуктивтік қорытулар толық 

емес болып саналады. Осы индуктивтік қорытуды теріске шығаратын 

әлдебір жаңа факт оны күл-талқан ете алады. Ендеше, «осыдан кейін 

деген  –  осының  себебі  дегенді  білдіреді»  дейтінге  сүйеніп,  «асығыс 

жасалған  қорытынды»  туралы  айтуға  болады.  Осындай  индукция-

ларда  растау  мен  терістеудің  қарама-қайшылығы  байқалады,  өйткені 

жаңа фактілер ешқандай жаңалық әкелмейді, ал индуктивтік қорытуға 

сәйкес келмейтін бір ғана факт соңғының маңызы мен құнын түсіреді. 

Сондықтан  алынған  индукцияның  сенімділігі  үшін  фактілердің 

мүмкін  болатын  алуан  түрлі  ауқымын  іске  асыру  қажет,  олар  сол 

топтың заттары үшін үлгі пішін болуға тиіс.

Индукцияның себеп-салдарлы тәуелділікті қорытатын келесі түрін 

Ф.Бэкон  мен  Дж.Ст.Миль  әзірлеп  шығарды.  Олардың  ойынша,  себеп-

салдарлы тәуелділіктің барынша мүмкін сандарын зерттей келе, ғалым 

бірнеше  ғылыми  болжам  ұсынып,  кезекпен  оларды  терістей  отырып, 

нағыз шынайы деген біреуін қалдыруға тиіс.

Индукцияның келесі түрін кері дедукция деп түсінуге болады. Оны 

Дж.Джевенсон  мен  В.Уэллс  ұсынған.  Жекеден  жалпыға  өрлеу  бары-

сында белгілі бір фактілердің негізінде бірқатар ғылыми болжамдарды 



326

алға  тартуға  болады.  Келесі  кезеңде  дедукция  жолымен  шынайысын 

ғана  қалдырып,  қате  индукцияларды  ысырып  тастау  мүмкіндігі  бар. 

Егер логикалық-дедуктивтік жолмен біз осы индукцияның негіздеріне 

қайтып оралсақ, онда оның шынайылығына сене аламыз.

7.  Дедукция. Дедукция деп индукцияға қарсы, жалпы білімдерден 

жеке-дара  білімдерге,  жалқылыққа  өтуді  түсінеміз.  Индукция  мен 

дедукция  өзара  бір-бірімен  ажырамастай  байланысқан.  Оның  үстіне, 

олардың  әрқайсысы  зерттеудің  белгілі  бір  сатысында  қолданылады. 

Белгілі бір теориялық негіздерсіз индукция, көп болғанда, фактілерді 

реттей  алады,  ал  индуктивтік  қорытуларсыз  жалаң  дедукция 

схоластикалық  теориялауға  айналады.  Танымдағы  дедуктивтік 

қорытулардың  орасан  үлкен  қуатына  Жаңа  дәуір  таңы  атқан  кезде-

ақ  Р.Декарт  назар  аударған.  Қазіргі  заман  ғылымы  мен  әдістемесінде 

дедукция деп жаңа білімді шығару үдерісі танылады, ол кезде логика 

ережелерінің негізінде пайымдардан белгілі бір ой тұжырымы жаса-

лады.


Дедуктивтік  деп  аталатын  бірқатар  пәндер  бар,  олай  аталуының 

себебі  –  олардың  негізінде  кейбір  ортақ  ұстанымдар,  постулаттар, 

тұжырымдар  жатыр.  Оған  қоса,  бастапқы  қағидалар  дәлелдеусіз 

алынған,  өйткені  олардың  шынайылығы  дау  тудырмайтын  және 

адамзаттың мыңжылдық тәжірибесінде тексерілген сөзсіз шындық деп 

саналады. Оларды ашып көрсете отырып, ғалымдар әртүрлі теориялық 

тұжырымдар  жасайды.  Ондай  ғылымдарға  математика,  логика, 

теориялық механика, ішінара юриспруденция жатады.

Теорияны  дедуктивтік  құрудың  міндетті  шарты  бастапқы 

тұжырымдардың бір-біріне қарама-қайшы еместігі, сондай-ақ олардың 

бір-біріне тәуелсіздігі болып табылады.

Дедуктивтік  әдістің  негіздері  өте  ерте  заманда-ақ  пайда  болған: 

Евклидтің  «Бастауын»,  Пифагордың  теоремаларын,  Фалестің 

пікірлерін  еске  түсірсек  те  жеткілікті.  Сол  кездің  өзінде  дедуктивтік 

әдістің  ой-пікірлерді  жүйелі  түрде  ретке  келтіріп,  оларды  қисынды 

құруға көмектесетіні байқалған.

XIX  ғасырда  Н.И.Лобачевский  геометрияны  басқа  тұжырымдар 

негізінде де құруға болатынын дәлелдеген. Ол жаңалық тұжырымдық 

әдістің  эвристикалық  күшін  көрсетті.  Бұл  математика  пәндерінің  аса 

қарқынды дамуына жеткізді.

Бүгінгі  ғылымда  тұжырымды  әдісті  физика,  биология  сияқты 

іргелі ғылымдарға тарату үрдісі бар. Алайда тұжырымды әдісті басқа 

ғылымдарға қолданудың белгілі бір өзіндік шектері бар екенін ескеру 

қажет.


327

8.  Бұрмалау.  Ағылшын  философы  К.Поппердің  пікірі  бойынша, 

эмпириялық танымның мақсаты шынайы теориялар құруда және олар-

ды дәлелдеуде жатқан жоқ, себебі – ол мүмкін емес, өйткені кез келген 

теория ерте ме, кеш пе, өзінің осал тұстарын байқатып, ескіреді. Олай 

болса, оның негізгі мақсаты жалған ғылыми болжамдарды айқындап, 

оларды теріске шығару болуға тиіс. Бұны, есіңізде болса, ол бұрмалау 

деп атаған.

Білімді  бұрмалаудың  әлеуетті  мүмкіндігі  оның  ғылыми  сипа-

тын  көрсетеді.  Бұрмалауға  ұшыраған  ғылыми  болжамдарды  ба-

тыл  лақтырып  тастау  керек,  ал  қалған  болжамдардың  ішінен 

шынайы  болуы  мүмкіндерді  емес,  әдеттегі  көзқарастар  аясына  сый-

майтын,  өзгешелігімен  ерекшеленіп  тұрғандарын  таңдау  қажет.  Сол 

жағдайда  ғана  ғылымның  серпінді  дамуын  қамтамасыз  етуге  бола-

ды.  Бұрмалаудан  өткен  ғылыми  болжамдардың  орнына  бірте-бірте 

ақпараттың көбірек жиынынан тұратын жаңалары келеді.

К.Поппер  шындық  мәселесіне  де  жаңалық  енгізді.  Шындық  – 

ешқашан  жеткізбейтін  мұрат,  біз  үнемі  соған  жетуге  ұмтылумен  бо-

ламыз.


Әлбетте,  ғылымда  бұрмалаудың  рөлінің  орасан  зор  екенін  жоққа 

шығаруға  болмайды.  Дегенмен  көптеген  ғылыми  болжамдардың 

ішінен  таңдау  жасағанда,  әрдайым  оның  көпфакторлы  үдеріс  екенін 

есте  ұстау  керек,  бірінші  кезекте,  бір  немесе  басқа  теориядан  келіп 

шығатын әлеуметтік, рухани-адамгершілік салдарларын ескерген жөн.

9.  Экстраполяция.  Экстрополяция  деп  жаңа  ғылыми  нәтиже-

лерге  қол  жеткізу  үшін,  бір  ғылымның  үлгілерін,  идеяларын, 

тұжырымдамаларын  басқа  ғылымдарға  көшіру  айтылады.  Мысалы, 

А.Эйнштейн  жылу  энергиясы  шығуының  кванттық  сипаты  туралы 

М.Планк  идеясын  жарық  құбылыстарына  ауыстырып  көшіре  оты-

рып,  фотоәсер  табиғатын  терең  түсіндіру  мүмкіндігіне  қол  жеткізді. 

Әлеуметтік-гуманитарлық  таным  саласында  құқық  пен  мораль 

нормативтік пәндер ретінде бір-бірлерінің жетістіктерін, тәжірибелерін 

алмастырып жатады. Экстраполяция ғылымның өзінің, ғылыми білім 

ықпалдастығының  қажеттіліктерінен  туады.  Екінші  жағынан,  қандай 

да  бір  ғылымның  бір  немесе  басқа  идеясына  ғылымның  басқа  сала-

ларында  қажеттілік  тууы  оның  өміршеңдігін,  демек,  шынайылығын 

көрсетеді.

10.   Модельдеу.  Модельдеу,  яғни  үлгі  жасау  деп,  әдетте,  адамның 

нақты бар, ғылыми зерттеулердің нысандары болып табылатын заттар-

ды басқа нәрсеге ұқсастыққа келтіріп, қайтадан жасайтын әртүрлі 



328

құрылғыларды  дүниеге  келтіруі  айтылады.  Ол  зерттеліп  жатқан 

заттың,  ең  болмағанда,  жанама  жолмен  зерттеу  үшін  қолжетімділігі 

үшін  істеледі.  Леонардо  да  Винчидің  өзі  де  құстың  ұшуын  егжей-

тегжейлі зерттеудің қиындығын, бірақ оны қайталап істеп көруге бо-

латынын  айтқан.  «Су  астында  жүзу  туралы  жаз,  сонда  ауада  ұшуға 

жетесің», – деп кеңес береді ол. Осының барлығын мысалмен көрсетуге 

болады. Тауда ГЭС салу қажет болды дейік. Ол – тәуекелді және қаражат 

қажет ететін іс. Сондықтан жобалау барысында таудың құрылыс салу 

жоспарланып  отырған  телімінің  көп  есе  кішірейтілген  үлгісі  жасала-

ды және сол бойынша тиісті зерттеу жүргізіледі. Немесе географиялық 

және топографиялық картаны алайық. Олар Жер бетінің кішірейтілген 

үлгілері болып табылады, солардың көмегімен планетаның бір немесе 

басқа аймағының ерекшеліктерін көз алдымызға елестете аламыз. Құс 

қанаты құрылысының үлгісін жасай отырып, ғалымдар ұшу аппарат-

тарын  жетілдірді.  Кибернетикалық  машиналар  адам  миының  кейбір 

қасиеттерінің  үлгісін  құрайды.  Бұндай  мысалдарды  көптеп  келтіруге 

болады.

Модельдеу  негізгі  екі  түрге:  заттай  және  логикалық  (қисынға 



негізделген)  немесе  виртуалдық  (нақты  емес)  деп  бөлінеді.  Зат-

тай  үлгілер  нақты  бар  заттардың  көп  рет  кішірейтілген  неме-

се  үлкейтілген  (егер  микроәлем  құбылыстары  зерттеліп  жатса) 

материалдық көшірмесі болып табылады. Адам қолымен жасалған соң, 

олар қашанда түпнұсқаның көшірмесі болады, сондықтан көшірме зат 

дөрекілеу  болып  шығуы  мүмкін.  Соның  салдарынан  үлгіге  бақылау 

немесе  әртүрлі  сынақтар  жасау  барысында  зерттелуші  нысанның 

табиғаты  туралы  қате  пікірлер  тууы  ғажап  емес.  Алайда  бұл  үлгі 

жасаудың рөлін еш кемсітпесе керек, өйткені табиғатта тікелей зерттеу 

қиын немесе мүлде мүмкін емес нысандар аз кездеспейді.

Заттай үлгілер аса күрделі, қымбат тұратын техникалық жүйелерді 

сынау  барысында  кең  пайдаланылады.  Мысалы,  ұшақтың  жаңа 

үлгісінің көп рет кішірейтілген көшірмесі ол техниканың ұшу сипатта-

масын жақсырақ елестету үшін, аэродинамикалық құбыршек арқылы 

өткізіледі.



Логикалық  немесе  мақсат-мұратқа  сай  (идеал)  үлгілерге  кел-

сек,  олардың  арасындағы  нышан-пішін  беру  және  қатаң  қисынды 

байланыстар  негізінде  зерттеушінің  санасында  құрылады.  Есептеу 

техникасының  қарқынды  дамуына  байланысты,  соңғы  онжылдықтар 

ішінде  мақсат-мұратқа  сай  үлгілердің  рөлі  мен  маңызы  анағұрлым 

көп өсті. Заттай үлгілер айтарлықтай күш-қуат, қаржы қаражаттарын, 



329

уақыт  шығындауды  қажет  етсе,  ал  күрделі  нысандар  зерттелген 

жағдайда, олардағы өлшеу әдістері дәл еместігінен азап шегеді. Есептеу 

техникасының көмегімен орындалған виртуалдық үлгілер аз уақыттың 

ішінде орасан көп ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді, күш-қуат пен 

қаражатты үнемдейді, ғалымның шығармашылық мүмкіндіктері үшін 

үлкен кеңістік туғызады.

Құрылысы  күрделі,  өздігінен  басқарылатын  жүйелер  туралы 

ғылым  ретінде  кибернетиканың  болашағы  зор  екенін  ерекше  айтқан 

жөн. Ондай жүйелердің үлгілерін жасай отырып, ол соған ұқсас және 

құрылысы күрделі жүйелерді терең зерттеуге мүмкіндік береді. Соның 

негізінде зерттелген жүйелердің қызметін істеп көрсететін, адамдардың 

іс  жүзіндегі  қызметінде  пайдалануға  болатын  жасанды  материалдық 

нысандар құрылады. Мысалы, медузалар бірнеше сағат бұрын теңізде 

дауыл  көтерілетінін  сезеді.  Медузаның  тиісті  органдарын  зерттеу 

негізінде  ғалымдар  он  бес  сағат  бұрын  ауа  райының  бұзылатынын, 

дауыл  тұратынын  алдын  ала  болжай  алатын  аспап  ойлап  тапты. 

Қазіргі уақытта ғылымның жаңа саласы – тірі организмдердегі басқару 

жүйелерінің  заңдылықтарын  және  оларды  модельдеу  мүмкіндігін, 

сонымен  қатар  адамдар  үшін  пайдалы  тиісті  аспаптарды  жасауды 

зерттейтін бионика дамып келеді.

11.  Тарихи және логикалық (қисынды) зерттеу. Ғылыми танымда 

тарихи және логикалық зерттеу әдістері бірге қолданылады. тарихи 

әдіс бір немесе басқа құбылыстың қалай пайда болғанын, даму бары-

сында қандай сатылардан өткенін, осы жолда басқа үдерістер арқылы 

қалай бұрмаланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдіс әсіресе 

қоғамдық  ғылымдарда  кеңінен  пайдаланылады.  Мысалы,  тәуелсіздік 

алғаннан  кейін  республика  қандай  кезеңдерден  өтті,  оның  жолында 

қандай кедергілер болды, қазір ол қандай күйде және т.с.с. логикалық 



зерттеу,  компьютер  тілімен  айтқанда,  заттың  дамуының  ішкі 

бағдарламасын  немесе,  Аристотельдің  сөзімен  айтқанда,  оның  «эн-

телехиясын»  анықтайды.  Демек,  логикалық  зерттеу  –  қысқартылған 

тарихи зерттеу, ал соңғы – логикалық зерттеудің басқа болмысы.



12.  Дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу. Дерексіздіктен нақтылыққа 

өрлеу  –  танымның  ең  күрделі  әдістерінің  бірі.  Бұл  әдістің  мәнін 

анықтау үшін, алдымен «сезімдік нақтылық» және «ойша нақтылық» 

деген ұғымдарды түсініп алу керек.

Күн сайын біз айналамыздағы көптеген заттарды көреміз. Оларды біз 

әлдебір  тұтастықтар  деп  қабылдаймыз.  Оларды  табиғаттың  «сезімдік 

нақтылық» денелері деп белгілей аламыз. Алайда олардың ішкі мәнінің 



330

не екені туралы біз ештеңе білмейміз. «Ойша нақтылықты» танып білу 

барысындағы  жетістіктеріміз  заттың  ішкі  логикасын  түсінуге  анық 

көмектеседі. Бірақ ол жолдың өзі – өзгеше күрделі және қиын жол.

«Ойша  нақтылықты»  түсіну  үшін,  «сезімдік  нақтылықтан»  жал-

пы  түсініктерге  өту  керек.  Ол  үшін,  жоғарыда  көрсетілген  әртүрлі 

әдістерді пайдалана отырып, жеке алғанда белгілі бір топ заттарының 

тектік қасиеттерін білдіретін әртүрлі әдістер құру қажет. Нәтижесінде, 

бір  немесе  басқа  ғылымның  санаттық  (ұғымдық)  жиынтығы 

қалыптасады. Алайда оның негізгі кемшілігі дерексіздікте жатыр. Мы-

салы,  қазіргі  заманғы  саясаттануда  демократияның  абстракциялық   

теориясы бар. Ал егер біз оны нақтыласақ, онда әлемнің әр елдерінде 

демократияның  түрліше  көрінісін  табамыз,  өйткені  әр  елдің 

көпжылдық  өзіндік  даму  жолы,  шаруашылық  жүргізу  тәжірибесі 

және  қоғамдық  өмірді  ұйымдастыру  әдісі  бар.  Сондықтан,  мысалы, 

қазақстандық  демократияның  «ойша  нақтылық»  үлгісін  жасау  үшін, 

қазіргі  заман  саясаттануының  санаттық  жиынтығын  пайдалана  оты-

рып,  оның  елімізде  көрініс  беруінің  формасын  айқындауға  тиіспіз. 

Бұл жағдайда біз «ойша нақтылыққа» өрлеуді жүзеге асырамыз. Сон-

да  қоғамымыздың  демократия  жолындағы  қозғалысының  өзгешелігі 

бізге түсінікті болмақ. Бұл айтылғанды ғылымның басқа саласына да 

көшіруге болады.



13.  Идеализация (мақсат-мұратқа сай ету). Идеализация теориялық 

танымның  маңызды  әдістерінің  біріне  жатады.  Идеализацияның 

табиғаты  және  идеалды  нысандар  туралы  біз  алдында  айтқанбыз. 

Дегенмен  табиғатта  мақсат-мұратқа  сай,  яғни  мүлтіксіз  нысандар 

болмайтынын,  олардың  бар-жоғы  теориялық  ойлаудың  нәтижелері 

екенін еске түсірейік. Онда олар ғылымға не үшін керек? Олар біздің 

іс  жүзіндегі  қызметімізді  қателіктер  жібермеу  мақсатында  мұратты 

мән-мағыналармен өне бойы салыстырып отыру үшін, соларға барын-

ша жақындай түсу және дұрыс нәтижелерге (биік құрылыстар салуда, 

өзгеше дәл техника мен ғылыми аспаптар жасауда) жету және т.б. үшін 

қажет.

14.   Формализация.  Формализация  деп  дәл  түсініктер  мен 

ұстанымдардағы  ойлау  нәтижелерін  бейнелеу  түсініледі.  Матема-

тикада  және  формальды  логикада  –  ол  білімдерді  барлық  ықтимал, 

мүмкін  нышандар  мен  белгілерде  бекіту.  Формализация  бір  немесе 

басқа  теорияның  негізгі  постулаттары  арасындағы  дедуктивтік  өзара 

байланыстарды  анықтаудан  басталады.  Оның  аса  тиімді  құралы 

тұжырымдық  әдіс  болып  табылады.  Тұжырымдар  –  түйсіктік 


331

айқындығына  байланысты  дәлелдеусіз  сенімге  алынған  бір  неме-

се  басқа  ұйғарымдар,  яғни  растау.  Теорияның  барлық  ұйғарымдары 

қисынды жолмен бір-біріне тәуелді емес тұжырымдардың азғантай са-

нынан шығарылады.

Формализация  толық  және  толық  емес  деп  бөлінеді.  Толық 

формализация  кезінде  теорияның  барлық  құрылымдық  бөлшектері 

тұжырымдық  –  дедуктивтік  талдауға  жатқызылады.  Толық  емес 

формализацияда  теорияның  тілі  мен  логикасы  тек  ішінара  талдауға     

жатады.


Ғылыми  түсініктерді  нақтылай  отырып,  формализация  ғылымның 

санаттық  жиынтығына  сай  болатын  ғылыми  тілдердің  құрылуына 

жеткізеді.  Бұл  өте  маңызды,  өйткені  кейде  ғалымдар  арасындағы 

жете  түсінбеушіліктер  кейбір  ұғымдардың  айқын  еместігі,  екіжақты 

мағыналылығы себепті туып жатады.

Алайда  бұл  жерде  формализацияның  өз  шектері  болатынын  атап 

өткен  жөн.  Позитивистер  құсап,  ғылым  философиясының  барлық 

мәселелерін ғылым тілін талдауға жатқыза салуға болмайды. Аса та-

нымал  математиктер  –  Черч,  Гедель,  Тарский  және  басқаларының 

еңбектері  математиканы  таза  формальды  түрде  негіздеудің  мүмкін 

еместігін көрсетті. Сондықтан формализация ғылым тіліне мазмұнды 

талдау жасау арқылы толығуға тиіс.

Ал  енді  кейде  таным  әдістемесі  деп  аталатын  жалпыға  ортақ 

әдістерді  қарастырайық.  Жалпыға  ортақ  әдістердің  өзгешелігін 

төмендегілерден көреміз:

а) олар ғылыми танымның барлық салаларында қолданылады;

ә) олар зерттеудің басынан аяғына дейін танымға ілесе жүреді.

Ғылымда  жан-жақты  әдістемелік  тұжырымдамалардың  болуы 

бұл  әлемнің  тұтастығымен  түсіндіріледі.  Жанды  және  жансыз 

табиғат, қоғам, ойлау үдерістері – барлығы да дамудың жалпыға ортақ 

заңдарына  бағынады.  Жоғарыда  аталғандар  тұрғысынан  алғанда,  та-

ным тарихында екі тәсіл, естеріңізде болса, диалектика және метафи-

зика деп аталған тәсілдер пайда болды.

Диалектикалық тәсіл зерттеуде төмендегілерді қажет етеді:

а)  бәрінен  бұрын,  зерттеліп  жатқан  нысанның  өз  қозғалысы  мен 

кез келген өзгерісінің бастауы болып табылатын ішкі қайшылықтарын 

табу.  Ол  үшін  ойлау  санаттары  да  бір-бірімен  өзара  байланысты,  со-

нымен бірге қарама-қарсы болуға, бір-біріне өтуге дайын болуға тиіс;

ә)  зерттеліп  жатқан  құбылыстың  осы  әлемнің  басқа  заттары-

мен  байланыстары  және  қатынастарының  барынша  көп  санын 


332

мүмкіндігінше егжей-тегжейлі зерттеу. Әлбетте, Әлемнің барлық бай-

ланыстары мен қатынастарын қамту мүмкін емес, өйткені Әлем шексіз

алайда өз-өзіңді қателіктен сақтау үшін, маңыздыларын қамту керек;

б)  зерттелетін  нысан  бір  орында  тұрмайды,  ол  өне  бойы  әлдебір 

өзгерістерге  ұшырап  жатады,  болмыссыздыққа  кеткенге  дейін  өзінің 

даму сатысынан өтеді. Сол себепті диалектиканың талабы – зерттеуде 



тарихи тәсілді қолдану;

в)  бұл  дүниеге  келетін  әрбір  зат  өзінің  меншікті  түпнұсқалы  бол-

мысын растауға тырысады, сонымен бірге дүниенің басқа заттарымен 

әртүрлі байланыстарға да түседі. Егер солай болса, онда әр зат өзінің 

түпнұсқа екендігімен құнды. Ал осының бәрін нақтылық ұстанымына 

сүйеніп қана танып білуге болады.

Диалектика санаттарының кез келгенінің өз әдістемелік мағынасы 

бар,  өйткені  ол  заттар  мен  құбылыстардың  барынша  ортақ,  маңызды 

жақтарын  көрсетеді.  Әлем  өзінің  терең  негізінде  қайшылықты 

болғаннан  кейін,  диалектикалық  санаттар  жұптық  сипатқа  ие  және 

бір-бірлеріне  қарама-қарсы.  Сондықтан  тұрақты  болып  тұратын 

сандық өзгерістер, ерте ме, кеш пе, шаманың бұзылуына және заттың 

басқа жаңа қасиетке ие болуына келтіреді; себеп салдарды туғызады; 



шындық жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына; кездейсоқтық оның 

артында жатқан қажеттілікті іске асыруға жеткізеді және т.б.



метафизакаға келсек, онда алдымен бұл түсініктің екі мағынасын 

ажыратып алайық. Ертеде А.Родосский Аристотельдің «Алғашқы фи-

зика» деген кітабын «Метафизика» (физиканың артында жатқан) деген 

атпен жарыққа шығарды. Сол уақыттан бастап осы уақытқа дейін сол 

түсінікпен «болмыс туралы ілім» – физикадан тыс жатқан мәселелер, 

яғни  әлемнің:  «Әлем  шектеулі  ме,  жоқ  әлде  шексіз  бе,  уақытша  ма, 

әлде  мәңгі  ме?»,  «Шындық,  Борыш,  Әдемілік  деген  не?»,  «Құдай  бар 

ма,  әлде  жоқ  па?»  дейтін  терең  философиялық  мәселелері  ұғынылып 

келеді.

Жаңа заманда Г.Гегель бұл ұғымға екінші мағына – диалектикаға 



қарсы тұратын даму туралы ілім мағынасын берді.

Сонда метафизикадағы даму қалай қарастырылады?

1.  Даму  бастауын  метафизика  сыртқы  әсерден  көреді.  Мысалы, 

көпшілік  адамдар  тұлғаның  жақсы  білім  алуын  оқытушылардың  са-

палы  құрамына  байланысты  деп  санайды.  Рас,  бұл  –  маңызды  фак-

тор.  Бірақ  егер  білім  алушы  адамның  ішкі  талпынысы,  білетіні  мен 

білмейтіні арасындағы ішкі жалынды тудыратын қарама-қайшылықты 


333

санамен ұғынуы болмаса, қандай академиктер сабақ берсе де, ол терең 

білім ала алмайды.

2.  Метафизика дамуды заттың біртіндеп ұлғаюы немесе кішіреюі 

деп  қарайды.  Мысалы,  көпшілік  адамдар  ана  құрсағындағы  ұрықты 

барлық органдары бар кішкентай адам деп санайды. Ол тоғыз ай бойы 

өседі де, ақырында, дүниеге келеді. Бірақ бұл – түп-тамырымен дұрыс 

емес пікір. Ұрық тоғыз ай ішінде өмірдің өзінің 3,5 млрд жыл дамуы 

барысында  жүріп  өткен  жолын  қысқаша  қайталап  шығады.  Ал  сәби 

алғашқы  үш  жылда  өз  халқының  мыңжылдықтар  бойы  қалыптасқан 

тілін  меңгеріп,  «мен»  деген  сезім  иеленеді.  Онтогенез  (нақты  орга-

низм) филогенезді (тек, түр) қайталайды.

3.  Метафизика  дамуды  жүріп  өткен  сатыларды  қайталау  деп 

қарайды. «Бұл Айдың астындағының ешқайсысы жаңа емес: қыстың 

соңынан  көктем  келеді,  оның  артынан  жаз,  күз  және  тағы  да  қыс» 

деген  терең  ой  толғанысын,  сіздер,  шамасы,  аз  естімеген  боларсыз-

дар. Бір қарағанда, ақылға қонарлық «даналық». Алайда бұл жылғы 

қыс  өткен  жылғы  қысқа  ұқсамайды.  Табиғатта  адам  байқамайтын 

немесе  айтарлықтай  мән  бермейтін  өзгерістер  болып  жатады,  ал 

мыңжылдықтар  өткен  соң,  олар  жаңа  құбылыстардың  пайда  болуы-

на  келтіреді.  Өкінішке  қарай,  адам  өмірі  –  жел  өтіндегі  балауыз 

шам  іспетті,  өйткені  ол  тым  қысқа.  Егер  біз  мың  жыл  өмір  сүретін 

болсақ, онда табиғаттағы ғажап өзгерістерді байқаған болар едік. Біз 

бұрын  динозаврлардың,  птеродактильдердің  өмір  сүргенін  білеміз, 

өйткені  олардың  қаңқа-сүйектерін  таптық.  Сірә,  енді  «жүріп  өткен 

жолдардың метафизикалық қайталануының» жалған екені күмән ту-

дырмаса керек.

Қоғамтануда,  саясатта,  дипломатияда  және  басқа  салаларда 

сопылық (софистика) және эклектика (түрлі идеяларды дәйексіз пай-

далану) ұғымдары жиі кездеседі. Сопылықтың отаны, естеріңізде бол-

са, ертедегі Грекия болып табылады. Сопылық деп қараны ақ етіп және 

керісінше көрсеткен, шындықты саналы түрде бұрмалау түсінілген. 

Сопылықтың осы уақытқа дейін, әсіресе саясатта өмір сүріп келуінің 

себебі қоғамдық өмірдің төтенше күрделілігі, яғни әртүрлі әлеуметтік 

топтардың  кейде  мүлдем  кереғар  мүдделер  мен  мақсаттарды 

көздейтіндігі  болып  табылады.  Екінші  жағынан,  қолында  билік  бар 

таңдаулы топтың әртүрлі «пиар-технологиялардың» көмегімен қоғамға 

өз мүдделерін таңуы орын алады.

Эклектикаға  келсек,  ол  –  қосылмайтынды  қосу,  ол  тағы  да 

әлдекімдердің мүдделері үшін немесе жаңылысу, зерттелетін нысанның 



334

табиғатын  атүсті  тану  нәтижесінде  іске  асады.  Оған  «екі  қошқардың 

басы бір қазанға сыймайды» деген мәтел дөп келеді.

Әлбетте,  әдістеме,  таным  қоғамның,  ғылым  мен  техниканың 

жетілуімен  қатар  дамиды.  Батыста  өткен  ғасырдың  80  жылдарында 

танымның  жаңа  саласы  –  синергетика  (грекше  –  келісілген  әрекет) 

пайда болды. Оның негізін салғандар И.Пригожин мен Г.Хакен болды. 

Материалистік  бағыттың  философтары  ертеден-ақ  материяның  ішкі 

қуатын, оның өздігінен дамуға қабілетін таныған. Бірақ бұл постулат 

дерексіз, нақты, шынайы мазмұнмен бекімеген күйінде қалып қойды. 

XX  ғасырдың  70  жылдарында  ғана  Г.Хакен  мен  И.Пригожин  синер-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет