1.3 Қазақстанда мектепке дейінгі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың
басым бағыттары мен қалыптасуының қазіргі жайы
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздікке
қол
жеткізіп,
әлемдік
ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, тәуелсіз, өз
саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес деп танылуы
Отандық білім берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойып отырғаны
белгілі. Сондықтан білім мазмұнын жаңарту мәселелері, білімнің сапасы
қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат
үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып
жетілдіруге баса назар аудару қажеттілігі туындап отыр.
Елімізде соңғы жылдардағы қолға алынып жатқан реформалар тарихи
деректер мен болашақты зерделеуге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Білім
беру жүйесін реформалау барысында білім мазмұнын жаңарту мәселесіне баса
назар аударылып, еліміздің саяси әлеуметтік даму талаптарынан туындайтын
үздіксіз тәрбие мен білім берудің жүйесін жетілдіру ісі адамзаттық
құндылықтарға негізделіп, жаңа бағыт-бағдар алуда. Мектепке дейінгі
ұйымдардағы тәрбиенің қалыптасу тарихы бойынша алғашқы қоғамдық
құрлыстан бастап балаларды өмірге бейімдеу тәсілдері, Антикалық Грецияда
мектепке дейінгі балаларды өмірге даярлау мәселелері қарастырылған.
Феодалдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие мен қайта өрлеу дәуіріндегі
балабақша және педагогикалық ой-пікірлердің дамуына шолу жасалып,
мектепке дейінгі тәрбиенің қажеттілігі жөніндегі идеяларды алғаш
тұжырымдаған социал утопистер (Томас Мор, Т.Компанелла) еңбектерінде де
сипатталды. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру мазмұны
өзінің дамуы барысында әр түрлі реакциялық идеялардың әсерін жеңе отырып,
шетел педагогикасының озық ойларын, орыс, қазақ педагогикасының,
педагогтарының, ойшылдарының аса бағалы пікірлерін пайдалану негізінде
жетіліп дамып отырды. Мектепке дейінгі білім берудің ғылым ретіндегі
бастамасы XVII ғасырға тән. Оған төмендегідей сипаттама беруге болады.
А. Бұл кездегі славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектепке
дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.
Ә. Француз жазушы педагогі, философы, аса көрнекті ағартушылардың бірі
Жан-Жак Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасады.
Б. Швейцарияның ұлы демократ-педагогі Иоган Генрих Пестолоции (1746-
1827) ол адамды адам ететін тәрбие деген пікірге сенген, баланың табиғи
дамуына ерекше мән берген.
В. Ағылшын қоғам қайраткері, социал-утописит Роберт Оуэн (1771-1858)
қоғамдық тәрбиені дәлелдеп, алғаш іс-жүзіне асырған, мектепке дейінгі мекеме
құрған.
Г. Неміс педагогы Фридрих Фребель (1782-1852) мектепке дейінгі
педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837
Ғ. мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш «балабақша», тәрбиешіні «бағбан»
деп атаған.
50
Ж. Итальян педагогы, психиатр дәрігер Марья Монтессори (1870-1952) жүйесі
кең өріс алды. Оның құндылығы дидактикалық материалдар сезім мүшелерінің
дамуына ерекше ұқыптылықпен қарауға басым көңіл бөлген.
Д. Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский (1824-1870), В.Ф.Одоевский (1804-
1869), П.Ф.Лесгафт (1837-1909), Л.К.Шлегер (1863-1942), В.И.Тихеева (1867-
1943), Н.К.Крупская (1869-1939), А.С.Макаренко (1888-1939) т.б.
Ресейдегі алғашқы балабақшалардың ашылуы мен тәрбие жүйесінің
ерекшелігі, педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар:
А.С.Симонович, Е,Н.Водовозова, Л.Н.Шлегер, Е.А.Аркин, Е.А.Флерина,
А.П.Усова, М.А.Маркова, Г.И.Лескова т.б болды.
Елімізде балаларды нәрестелік шағынан қоғамдық мекемелерде тәрбиелеу,
олардың күтімі мен денсаулығын жақсарту, тегін тәрбие беру, мектепаралық
сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2-қарашада 1-рет декларация жарияланып,
бұл іс қолға алына бастаған. 1917 жылы 9-қарашада Халық комиссарлар
Советінің «Халық ағарту істерінің мемлекеттік комиссиясын құру туралы»
декреті жарияланды. 1917 жылы мамыр айында Алматыда тұңғыш балабақша
ашылып, онда әр түрлі ұлттан жүзге тарта бала тәрбиеленді. Сонымен қатар,
1919 жылы 26 желтоқсанда «Сауатсыздықты жою» туралы декрет қабылданып,
мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда халыққа білім
берудің бірыңғай сындарлы жүйесі қалыптаса бастады.
1920 жылы республика көлемінде 22 балабақша болып, онда 667 бала
тәрбиеленген. Еліміздің әр өңірінен біртіндеп балабақшалар ашылғанымен, ата
–аналар тәрбиенің мәнісін жете түсінбегендіктен балаларын балабақшаға
беруден бас тартқан жайттар орын алды. Балабақшалардың ашылуы мектепке
дейінгі тәрбиенің мазмұнының жетіліп, қалыптасуын қамтамасыз етті.
Балабақшадағы тәлім–тәрбиенің бағыттарын анықтау Халық Ағарту
Комиссариаты мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің 1919 жылғы «Балабақшаны
басқару туралы» арнайы нұсқауынан басталды. Бұл нұсқау мектеп жасына
дейінгі балалардың жан–жақты дамып жетілуін қадағалап, мектепке дейінгі
тәрбиенің жүйелі жүзеге асырылуын басшылыққа алды. Балабақшадағы
тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз
етуді төмендегідей еңбектерді басшылыққа алды. Олар: Н.К.Крупскаяның
«Балабақша Ережесі», «тәрбиеге басшылық», К.Д.Ушинскийдің «Балалар
әлемі» т.б. еңбектері болды. Бұл еңбектерде мектеп жасына дейінгі бала
тәрбиесінің басты бағыттары айқындалып, балалардың денесін шынықтыру,
еңбек тәрбиесін балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыру, балалардың
ойын әрекеті мен жағымды әдет–дағды қалыптастыруға баса назар аударылды.
Аталған нұсқаулар негізінде «Балабақша және оның жұмысы» атты көмекші
құрал дайындалып, жарыққа шықты.
Қазақстандағы
мектепке
дейінгі
тәрбиенің
қалыптасуы
бойынша
балабақшалардың ашылуы, дамуы, тәрбие беру үрдісін ғылыми педагогикалық
тұрғыдан ұйымдастыру мәселелері, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту,
тәрбиелеу М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанованың еңбектеріндегі тәрбие
мәселелерінің оқыту және оның заңдылықтары туралы ғылыми, өзекті
мәселелері және зерттеу әдістері ұсынылды.
51
Қазақтың ғұлама ойшылдары мен ағартушылары: Әл Фараби, Шоқан
Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлерінің
маңызы зор.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнының дамуымен педагогикалық саладағы
өзгерістерге орай мектепке дейінгі тәрбие жүйесі де ұдайы өзгеріске түсіп,
баланың ой-өрісін, дүниетанымын, өзіндік іс-әрекетін дамыту, денсаулығын
сақтау туралы сан алуан шаралар іске асырылып келді. Осы орайда
педагогикалық салада жүргізілген жұмыстардың ғылыми зерттеу нәтижелері
қорытылып, мектепке дейінгі бала тәрбиесінің дамуына өз үлесін тигізді. Оған
ғалымдар: Тихеева Е.П, Усова А.П, Леушина А.И, Поддьяков Н.Ю, Сорокина
А.М, Ветлугина Н.А. т.б. үлес қосты. Балалардың таным әрекеттерінің
өзгешелігін сезіну, мінез–құлқын, темпераментін, эмоциясын, ойлау қабілеті
мен еске сақтауын, ерік–жігерін т.б. ерекшеліктеріне сай әр баламен жұмыс
жүргізуде көптеген психологтар еңбек етті. Олар: Выготский А.С, Леонтьев
А.И, Эльконин Б.Б, Мухина В.С, Запорожец А.В, Рубинштейн Л.С, Венгер Л.А
т.б. Мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық даму ерекшеліктерін
білудің өзіндік маңызы бар. Балалардың дене салмағының артуы, көкірек
клеткаларының өсіп жетілуі, бойының жас шамасына сай болуы, қан айналым
процесінің қалыпты қызметі–нерв жүйесінің басшылығымен жүзеге
асырылатынын дәлелдеген физиологтар: Павлов И.П, Сеченов И.И, Щелеванов
Н.И, Сердюковская А.Ю, Лягина Г.И. т.б. атау орынды. Әр салада жүргізілген
зерттеулер мектеп жасына дейінгі мекемелерге арналған құжаттар жасау
кезінде ескеріліп, басшылыққа алынып отырды.
Педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына және педагогикалық ой–
пікірдің, теориялық еңбектердің Қазақстан топырағында тұңғыш пайда
болуына Қазан төңкерісінен кейін 1918 жылы Семей қаласында шыға бастаған
«Абай» журналы мен 1919 жылы Орал қаласында шыққан «Мұғалім»
журналдары елеулі үлес қосты. Осы журналдарда А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Қараштардың ғылыми әдістемелік, теориялық
мақалалары жиі–жиі жарияланып отыруы білім беру саласында негізгі
идеялардың қайнар бастауы болды.
1920–1930 жылдары қазақ зиялылары оқу–ағарту, денсаулық сақтау, әйел
теңдігі, сауатсыздықпен күрес, ауыл мәдениетін көтеру сияқты мәселелерге де
арнап құнды мақалалар жазды. Әсіресе, бұл жылдары оқулық жазумен, оқу–
ағарту мәселелерімен тікелей айналысқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
С.Асфендияров, Н.Төреқұлов, С.Садуақасов, М.Жұмабаев, М.Дулатов,
О.Жандосов, М.Әуезов, Ш.Әлжанов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин,
М.Жолдыбаев, Б.Майлин, Ж.Кемеңгеров сияқты қайраткерлер болды. Атап
айтқанда: Н.Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» (1926), «Бізге әліппе
неге керек?» («Шығыс әйелдері» журналы №1,2 1928), О.Жандосовтың «Жаңа
алфабит туралы» (Еңбекші қазақ газеті. 1928), Т.Шонанов «Оқыту, зерттеу
туралы» (Жаңа мектеп журанлы №4, 1926), С.Мұқановтың «Тәрбие туралы»
(Еңбекші қазақ газеті.1928) т.б мақалаларында оқушы жастарға білім мен
тәрбие берудің мәселелері жан – жақты көтерілуі болашақта білім мазмұнын
жаңартуға ықпал етері сөзсіз.
52
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мазмұнының қалыптасуын
айқындауда балабақшалардың ашылуы және дамуын, оқу-тәрбие үрдісін
ғылыми педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға
байланысты болмақ. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту,
тәрбиелеу оқыту және оның негізгі зандылықтарын айқындауға көңіл бөлуде
мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін Қазақстан көлемінде зерттеген
ағартушылар: Нәзипа Құлжанова, «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала
тәрбиесі», А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың мектепке дейінгі
балаларды тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа
алынды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығымен күтімін
жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту–Қазақстан Республикасының
Қаулы – қарарларынан қаға беріс қалған емес. Оған дәлел, 1918-20 жылдары
Алматы (Верный), Қызылорда, Орал, Торғай қалаларында 115 балабақша, ал
1932 жылы 441 бақша ашылып, оның 35 – і қазақ тілінде жұмыс істесе, 1939-40
жылдары Қазақстандағы балабақшалар саны маусымдық балалар алаңдарын
қоса есептегенде 550–ге жетті, оның ішінде 60–тан астамы тәрбие жұмысын
қазақ тілінде жүргізді. Балабақшалардың әлі іргесі нығайып, буыны бекімеген
еді. Балабақшаларда отбасында сәбилерді тәрбиелеу олардың денсаулығын,
күтімін жақсарту, сәбилі аналарға жәрдем көрсету мақсатында сол кездегі
«Әйелдер теңдігі» (1926 ж. ред. С.Есова-журналы «Ана мен бала тәрбиесі»
деген бөлім ұйымдастырды. Бұл бөлімді педагог – жазушы, журналист Назипа
Құлжанова басқарды. Журнал бетінде қазақ ауылындағы отбасында бала
күтімін, денсаулығын жақсарту жайында мақалалар жарияланды. Сонымен
қатар Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1928 ж) «Ана
мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927 ж.) екі еңбегі жарияланды. Осының өзі
сол кездегі ауыл-селодағы шалғайдағы қызыл отауларда ашылған маусымдық
және тұрақты жұмыс істейтін балалар мекемелері мен отбасы тәрбиесін дұрыс
ұйымдастыру, балалардың денсаулығымен күтімін жақсарту жұмысына
басшылық жасады. «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегі Қазақстан оқу
комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен
жазылған алғашқы авторлық туынды болды. Аталмыш кітапқа алғы сөз жазған
қазақ халқының ұлы перзенті, ағартушы, педагог Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман
амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде
адамға көп өнер – білім даярлау керек» деп атап көрсетті. Ол автордың еңбегін
жоғары бағалай келіп оның құрылымы төмендегідей: «Күллі жер жүзінде»,
«Мектеп жасына толмаған бала», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не
керек?», «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі, «Бала бақшасы деген
не?» бөлімдерден тұратынын сипаттаған. Сол кездің өзінде шет елдердің
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарына зерделеу жүргізілгендігін осы
еңбектердің мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер
жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен дамыған елдердегі
балабақшалардың жай-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында
балабақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына
үлкен сеніммен қарады.
53
Балалар мекемелерінің жыл санап қанат жая бастауы, бұл мекемелерде
жұмыс істейтін педагогтар мен тәрбиешілерді оқу құралдарымен қамтамасыз
ету, ғылыми білім негіздерімен қаруландыру сияқты маңызды мәселелерді
шешу қажеттігін туғызды. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында
Халық ағарту Комиссариатының жанынан Академцентр, 1932 жылы
республикалық әдістемелік кабинет құрылды. Осындай игілікті істер
Қазақстанда педагогикалық ғылымның негізін қалауға, тәрбиешілер қауымына
ғылыми–педагогикалық, әдістемелік басшы құралдар әзірлеуге мүмкіндік
жасады. Алғаш рет 1924-30 жылдары Орынбор қаласында ғылыми–
педагогикалық мақалалар жинақтары басылып шықты. 1929-1936 жылдар
аралығында балабақшалар Уставы және «Руководство для воспитателя
детского сада», мектепке дейінгі балалар үйлерімен балабақша тәрбиешілеріне
арналған практикумның жұмысы туралы нұсқау хат т.б. материалдар қазақ
тіліне аударылып, шалғайдағы ауылдарда жаңа ұйымдаса бастаған маусымдық
бөбекжай (ясли), балабақша тәрбиешілері үшін басты құрал ретінде таратылды.
Осындай игі істер сөз болғанда, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген мұғалімі Әміржан Сыдықовтың
(Б.Мұхамеджановпен жасаған) «Жас шебер»деген еңбегі де назар аударарлық
еңбек болды. Бұл кітапша мектеп жасына дейінгі сәбилер мен бастауыш
мектептің бірінші класс оқушыларын қол еңбегіне үйрету, тілін дамыту
жұмыстарына арналған. Кітапшада заттың сапасы, ненің неден жасалатыны,
қайда болатыны, адамдар ол затты қайдан алатыны туралы мәселелерге көңіл
бөлініп, тіл дамыту, қол еңбегіне үйрету, айналадағы өмірді бақылату
жұмыстары кешенді түрде қарастырылған. Алғаш жарық көрген әдістемелік
оқу–құралдар, ғылыми мақалалар жинақтары балабақшадағы тәрбие
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруда тәрбиешілерге бағыт беріп, жәрдем
көрсетіп отырды.
Ежелден тәлім-тәрбие құралы балаларға арналған ауыз әдебиеті мұралары,
қазақ жазушыларының өлеңдері, әндері, әңгімелері, көркем суретті
кітапшалары көптеп жарияланды. Дәлірек айтсақ, 1929-36 жылдар аралығында
І.Жансүгіров (1929 ж), «Алтын сандық» (1935 ж), «Шәркей», «Жұмбақтар»
(1930) Б.Майлин «Өтірікке бәйге», С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті», «Билер
дәуірінің әдебиеті». С.Бегалин Өлеңдер, Әңгімелер жинағы (1932) ауыз
әдебиеті мұраларын мол қамтиды; Күлдіргі ертегілер жинағы (1938) т.б.
балалардың жасына қарай таңдап аларлық еңбектер жарияланды. Сондай-ақ,
орыс халқының классик жазушылары– С.Маршактың «Бұл не деген жаңғалақ»,
К.Чуковскийдің «Кір қоймас», А.Бартоның «Жылауық» тәріздес бала
психологиясына жақын, ойлануға мәжбүр етерлік әңгіме-өлеңдері қазақ тіліне
аударылып, сол кездегі бала тәрбиесін жүзеге асыру ісіне үлес қосты.
1947 жылы «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жұмысының 4 –
бесжылдықтағы мақсаттары мен міндеттері» деген тақырыпта ғылыми-
практикалық конференция өткізілді. Конференцияда үш бесжылдыққа
қорытынды жасалды. «Қазақстан» жазушылары балаларға», «Қазақстанның
табиғи байлықтары», «Жас бөбекті қазақтың ою-кесте өнерлеріне үйрету»,
«Қазақ фольклорының тәрбие жұмысындағы маңызы» т.б. тақырыптарында
54
баяндамалардың жасалуы сол кезеңдегі білім мазмұнын ұлттық негізде қайта
жаңартуды қажет ететіндігін талап ететіні байқалды.
Республика–экономикалық және ғылыми жағынан нығайып, өркендеген
сайын баланы отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу, оларды
болашақ оқу-ісіне дайындау міндеті айқындала түсті. Балабақшалардың жедел
дамуы, ондағы тәрбиеші педагогтарды ғылыми-әдістемелік, әдеби-оқу
құралдарымен қамтамасыз етуді қажет ете бастады. Яғни 1956 жылы
республикада 888 балабақшада тәрбиеленуші бала саны 48 мыңға жетті.
Бесжылдықтар ішінде жүзеге асырылған ғылыми теориялық мәдени
жұмыстар нәтижесінде және де бұрынғы ССРО–ның Педагогика ғылымдары
Академиясының мектепке дейінгі педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу
институтының көрнекті психолог-педагог (А.В.Запорожец институттың
директоры,
Л.С.Выготский,
Д.Б.Эльконин,
А.П.Усова,
Е.И.Тихеева,
О.И.Соловьева т.б.) ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеулер негізінде
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика жеке ғылым ретінде дами бастады.
Қазақстан республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы
Ы.Алтынсарин
атындағы
педагогика
ғылымдары
ғылыми-зерттеу
институтындағы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей
байланысты. Біздің елімізде 1958 жылы Ы.Алтынсарин атындағы
педагогикалық ғылыми зерттеу институты ашылды. Зерттеу институтында
мектепке дейінгі тәрбие секторы ұйымдастырылып, қазақ тілінде ауыл және
қаланың мектепке дейінгі балаларын оқыту мәселелерімен айналысты. Ғылыми
зерттеу
институты
мектепке
дейінгі
балаларды
адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке, ана тілінде сөйлеуге үйрету, еңбек және адамгершілік
тәрбиесімен бірге тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Сондай–ақ, бағдарлама мазмұнының баланың даму
деңгейіне сәйкес келетіндігін алты жасар балалардың оқуға қабілетін,
денсаулығының жарамдылығын атап көрсетіп, сабақ барысында қолданатын
көрнекі құралдардың сапасына баса назар аударды.
Бұл бөлімнің алғашқы меңгерушісі Анциферова Аэлита Александровна
(1958-1964) және үш ғылыми қызметкер Баймұратова Бәшен, Андросова Вера
Никифоровна, Давиденко Лидия Алексеевналар қызмет атқарып 1958-1964 жыл
аралығында мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу,
ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөз қорларын дамыту, балабақшадағы нәрестелерді
бөбекжайдағы сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми
зерттеу жұмыстары жүргізілуі сол кезеңдегі білім мазмұнын айқындауда
маңызды болды.
Зерттеу нәтижесінде «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасының тіл
дамыту, әдеби шығармалар оқу «деген бөлімдері түпнұсқа материалдар
негізінде жасалып, қазақ балабақшалары үшін алғашқы бағдарлама 1964 жылы
іске қосылды. Тіл дамытудан оқу–әдістемелік еңбектер (Б.Баймұратова)
жазылып, ойының еңбекке тәрбиелеудегі рөлі туралы Анциферова А.А.
кандидаттық диссертация қорғады. Нәрестелерді сабақ үдерісінде тәрбиелеу
мәселелері
туралы
әдістемелік
құрал
жабдықтары
жарық
көрді.
(Л.В.Давиденко).
55
1964-74 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі (кейіннен
п.ғ.к.) Б.Баймұратова болды.
1965-70 жылдары «Ақыл-ой тәрбиесінің психологиялық – педагогикалық
мәселелері» деген тақырып бойынша төмендегідей тақырыптар зерттелді:
«Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға
қызығушылығын арттыру» (В.Н.Андросова). «Нәрестелердің қимыл-қозғалыс
жасауының психологиялық ерекшелігі» (Давиденко ЛА). Бұл тақырыптарды
зерттеуде көзделген негізгі мақсат: балабақшалардағы тәрбиелеу, білім беру
жұмысының жалпы жағдайын; балалардың білім, білік деңгейін анықтау. Озат
тәрбиешілердің тәжірибесімен танысу, тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру,
балабақша бағдарламасы мазмұнын жетілдіру.Зерттеу нәтижесіне сүйенілген
ғылыми-әдістемелік құралдар дайындау.
Аталған тақырыптар қорытындысы бойынша үш монографиялық еңбек, төрт
оқу-әдістемелік құралдар жазылған. 2 ден 4 жасқа дейінгі топтар үшін күн
режимі тәрбие жұмысының календарлық жоспарлары жасалып бағдарламасы
жетілдірілді. Аталған еңбек «Мектеп» баспасы арқылы (1967-1970)
жарияланған.
Зерттеу жұмыстары бойынша әсіресе қазақ тілінде жарияланған
бағдарламалар, ғылыми-методикалық құралдар жаңа ашылған қазақ
балабақшаларында тәрбие жұмысының сапасын жақсартуда, тәрбиешілердің
білімін жетілдіруде, айрықша маңызды болғанын атап айту керек. Осы
жылдары бөлім қызметкерлері зерттеу жүргізген екінші мәселе – Қазақстанның
ауылдық балабақшалары» туралы мәселелер маңызды болды. Зерттеудің
мақсаты: ауылдық балабақшалардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру, басқару
ерекшелігін, күн режімінің орындалуын күтімі, ойлау, сөйлеу, іс-әрекет
процестерінің дамуын анықтау. Ауыл балабақшаларына басшылық жасау
бағытында оқу-әдістемелік құрал дайындау. Зерттеу қорытындысы бойынша
«Қазақстанның ауылдық балабақшалары» деген еңбек жазылды. Бұл еңбек екі
тілде – орыс, қазақ тілдерінде кітапша болып шықты. (1967). Қазақ тіліндегі
нұсқасын Баймұратова Б.Б. жазды. Зерттеу жұмыстарының алғашқы
қорытындылары бойынша 1969 жылы мамыр айында қазақ балабақшалары
қызметкерлерінің республикалық семинар – кеңесі өткізілді. Ол кеңесте
«Республикадағы балалар бақшаларының жағдайы және оны жақсарту
шаралары жөнінде» мәселелер қаралып, Қазақ ССР Оқу министрлігінің сол
кездегі орынбасары, кейінен (1974-1984) Алтынсарин атындағы Педагогика
ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының директоры Есенжолова Р.Д.
«Ана тілін үйретудің негізгі формаларымен әдіс-тәсілдері» туралы институттың
мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Баймұратова Б.Б. баяндама
жасаған. Алдыңғы қатарлы балалар мекемелерінің меңгерушісі тәрбиешілері
Бақтықұлова Н. (Орал облысы, Казталовка селосы), Ешпанова О. (Ақтөбе
облысы, Байғанин ауданы), Сәпиева Ж. (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы) т.б.
баяндамалар жасалып, озат тәжірибелер жайында пікір алысуы білім мазмұнын
жетілдіру бағытындағы алғашқы қадамдар болған еді.
Жаңа бағдарлама іске қосылған 1964 жылдан бергі уақыт ішінде (1971, 1972,
1974, 1976, 1979, 1980, 1981, 1982) республикалық облыстық семинарлар,
56
айлық курстар, өткізіліп, бақшадағы оқу тәрбие жұмыстарын замана талабына
сәйкес қайта құру тәрбиелеу, білім берудің саналған әдіс-тәсілдері туралы сөз
болды. Осындай жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Республика көлемінде жұмыс
істейтін көптеген бақшалардағы тәрбие мазмұны біршама алға басып,
тәрбиеші-педагогтардың білім-дәрежесі жетіле түсті. Алдыңғы қатарлы
тәрбиешілер тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыру деңгейіне
көтерілді.
1971-1975 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде үш ғылыми
қызметкер–Б.Баймұратова, (бөлім меңгерушісі) Галеева Г.С және Жұмағожина
Р.М. жұмыс істеді.
Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарында бекітілген мәселеге
сәйкес мына тақырыптар зерттелді.
І. Әдеби шығармаларды оқу арқылы балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту
(Баймұратова Б.)
2.Ауыз
әдебиеті–адамгершілікке
тәрбиелеу
құралы;
Қазақстанда
балабақшалардың дамуы (Жұмағожина Р).
3. Ересек балаларды азаматтыққа тәрбиелеу (Галеева. С)
Зерттеулерде көзделген басты мақсат: Балабақшалардағы тәрбиелеу мен
білім беру мазмұнын жетілдіру, оның даму кезеңдеріндегі тәрбие жұмысының
қойылысын, балалардың білім, мінез-құлық дағдыларының қалыптасу деңгейін
байқау. Бұл бағыттағы жұмыс қорытындысында бөлім қызметкері
Р.М.Жұмағожина «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы» (941-1945)
жайында ғылыми–монографиялық еңбек жазды. Төрт оқу-методикалық құрал,
қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, мектеп жасына дейінгі балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйрету, Әдеби шығармалар және тіл дамыту
бағдарламасы дайындалды. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде халық
ауыз әдебиетінің ролі атты еңбек жарияланды. (Р.Жұмағожина Р)
1976 жылы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш бөлімдері біріктірілуіне
байланысты бөлім ішінде мектепке дейінгі тәрбие жөнінде ғылыми
қызметкерлер тобы құрылды. Онда Аймағамбетова Қ.А кейінен Баймұратова Б.
топтың жетекшісі болды. Лаборатория қызметкерлері: Баймұратова Б,
Дүкенбаева Г, Сәтімбекова М. т.б 75-1980 жыл ішінде 6 жастағы балаларды
балабақшадағы даярлық топтарда және мектептің даярлық кластарында
мектепке даярлау мәселесін зерттеді. Зерттеу жұмысы қалалық және облыстық
(Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстары) балбақшаларында жүргізілді. Осы
зерттеу нәтижесінде 6 жастағы даярлық топтар мен кластар үшін бағдарламалар,
оқу – әдістемелік кешені (суретті әліппе, математика, сауат ашу, тіл дамыту
әдістемесі, хрестоматиялар, баланы мектепке дайындау мәселелері, күн режимі,
үйдегі еңбек, тіл дамыту т.б.) жасалып іске қосылды.
Бұл мерзімде жедел шешімі табуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі
6 жасқа қараған балаларды мектепке даярлау еді. Оған себеп қазақ тіліндегі
балабақшалардың аздығынан балалардың көпшілігі балабақшаға қамтылмай,
отбасы тәрбиесінен келетін. Ал, мұндай жағдай 6 жастағы баланы бірінші
сыныпта оқыту үдерісін дұрыс ұйымдастыруға қиындықтар келтіретінін
57
көрсетті. Сол себепті бөлім қызметкерлері 6 жастағы балаларды мектепке
дайындау мәселесімен шұғылданды.
Зерттеу
қорытындысында
балабақшадағы
даярлық
топтар
үшін
бағдарламалар, оқу – әдістемелік кешені (суретті әліппе) оқитын суретті
мәтіндер, суретті математика, нұсқаулар, әдеби – хрестоматия, сюжетті
суреттер, сауат ашу нұсқауы, дидактикалық материалдар, диафильмдер
жасалып, балабақша және мектеп тәжірибесіне енгізілді.
1981-1985 жылдары бөлім қызметкерлері «Мектепте және балабақшада
баланы 6 жастан оқытудың педагогикалық мәселелері» деген тақырып
бойынша 6 балабақша мен 2 мектепте зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы
бойынша жаңа бағдарламалар, оқу – әдістемелік құралдар кешені жасалып,
ғылыми – әдістемелік еңбектер жинағы «6 жастағы балаларды оқыту
мәселелері» атты еңбектер дайындалып, «Мектеп» баспасы арқылы таратылды.
1986-1990 жылдарда мектепке дейінгі ғылыми-қызметкерлер «Қазақ
балабақшаларында оқыту және тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру» жөнінде
зерттеулер жүргізілді. Жеке тақырыптар:
І. Балабақшада 6-7 жастағы балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
2. Баланы ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Математика сабақтарында балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Зерттеу нәтижесінде бағдарламалар жетілдірілді, ғылыми – методикалық
еңбектер жазылды. «Біздің кітап» (2-кітап) оқу құралы қайта жаңартылды.
Сәтімбекова М.С. «Қызықты тапсырмалар жүйесі арқылы алты жастағы
балалардың математикалық білімін жетілдіру» деген тақырыпта кандидаттық
диссертациясын (1991) қорғады. Қазірде ел өмірінде үлкен өзгерістер,
Қазақстанның өз алдына шанырақ көтеріп, бүкіл саяси – экономикалық, мәдени
өмірін жаңарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарының бір саласы –
халықтың рухани байлығы – қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуы, оны
жүзеге асырудың алғы шарты ретінде үзіліссіз білім беру мазмұнын қайта құру,
жаңарту мәселесіне жоғарыдағы зерттеу еңбектердің бірқатар үлес болып
қосылғандығын атап айту керек. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу, білім беру жұмысын қазақ тілінде іске асыру мәселесін отбасы мен
балабақшадан бастау көзделіп отыр Өйткені ел өміріндегі ұлы өзгерістерді
жемісті де сәтті іске асыру – қоғам болашағына жауап беретін жан-жақты
жетілген, білімді, парасатты жаңа азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді. Бұл
мәселе баланың нәрестелік шағынан, отбасы, балабақша, мектеп болып
бірыңғай сабақтастықта біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын ұзақ үдеріс. Сол
себепті Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу
институтында (директоры профессор Н.Н.Нұрахметов) 1992 жылдың қаңтар
айында мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен шұғылданатын лаборатория ашып,
онда сегіз ғылыми қызметкерлер: М.С.Сәтімбекова. п.ғ.к. (лаборатория
меңгерушісі), Б.Б. Баймұратова п.ғ.к., аға ғылыми қызметкер, Г.Х.Дүкенбаева,
Ф.Н. Жұмабекова–аға ғылыми қызметкерлер, Ә.С.Әмірова, С.С.Әуелбаева
С.Г.Бәтібаева, Г.К.Өтебаевалар еңбек етті. Институттың 1990-1995 жылдарда
жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес төмендегідей
тақырыптарда:
58
І. «Қазақ балабақшасында балаларды тәрбиелеу, білім беру мазмұнын
жетілдіру»; (Сәтімбекова М.С)
2.«Мектепке дейінгі жаста баланың тілін дамыту әдістемесі» (Баймұратова Б.Б)
3. «Мектепке дейінгі жастағы сауат ашу мәселелері» (Дүкенбаева Г.Х)
4.«Бейнелеу өнеріне баулу дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі»
(Жұмабекова Ф.Н)
5. «Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері» (Бәтібаева С.Г)
6. «Көркем әдебиет арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу» (Әмірова
Ә.С)
7. «Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу мәселелері».
(Өтебаева Г.К)
8. «Шағын құрамды қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, білім беру жұмысын
ұйымдастыру ерекшеліктері»; (Дүкенбаева Г.Х т.б.) зерттеулер жүргізу
ұйғарылды.
Аталған ғылыми тақырыптар мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын
жаңарту мақсатында «Қазақ балабақшаларында оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру тұжырымдамасын» осыған сәйкес лаборатория қызметкерлері
ұлттық құндылыққа негізделіп, этнопедагогика материалдары молынан
пайдаланылып, эксперименттік «Балбөбек» бағдарламасын, «Бөбектерге
байғазы» хрестоматиялық жинақ және оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық
материалдар кешенін жасап, эксперименттік балабақшаларда байқаудан өткізді.
1996ж РБК нен басылып, кейіннен аталған еңбектер Білім және ғылым
министрлігінің алқа мәжілісінде бекітіліп жаппай тәжірибеге енгізілді.
«Балбөбек» бағдарламасы, «Бөбектерге байғазы» жинағы, «Отбасында және
балабақшада баланы мектепке дайындау» бағдарламасы, «Отбасында және
балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасының әдістемелік
нұсқауы», «Отбасында баланы тәрбиелеу», «Қағазбен жұмыс жасау»,
«Математикалық қызықты тапсырмалар» т.б еңбектер 2000 жылы Шартарап
баспасынан жарық көрді. 2006 ж «Балбөбек» бағдарламасының өңделген,
толықтырылған нұсқасы қайта басылымда жарияланды. Жаңадан жасалған
бағдарламада көзделген басты мәселе - балабақшада тәрбиелеу мен білім беруді
кіріктіре жүргізу яғни бұрынғы дәстүр бойынша жеке пән ретінде өткізілетін
тәрбие жұмыстарын кіріктіре жүргізу арқылы апталық жүктемені азайту,
балалардың денсаулығын нығайту, өз беттерімен дербес еңбек әрекетін жасай
білуге үйрету, шығармашылықпен, ізденіс жасай білуге баулу. Ізгілікке,
мейірімділікке тәрбиелеу, еңбекке баулу басты назарда ұстанылды.
Лаборатория бойынша п.ғ.к,доцент Б.Баймұратованың ғылыми жетекшілік
жасауымен аспиранттар Ә.С.Әмірова «Мектепке дейінгі ересек балаларды
қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» 1994 ж,
А.Б.Бақреденова 1995 ж «Орыс тілді қазақ балаларын ана тілінде сөйлеуге
үйрету әдістері», «Сәндік-қолданбалы өнер негізінде баланың көркемдік
талғамын қалыптастыру» Ф.Н.Жұмабекова 1998ж, С.Ғ.Бәтібаева «Қазастанда
қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы» (2004ж), Ш.С.Сапарбаева
«Ұлттық салт-дәстүр негізінде балаларды еңбекке тәрбиелеудің ғылыми
педагогикалық негіздері», 2005 ж атты тақырыптарда диссертациялық
59
жұмыстарын қорғады. Бұл зерттеулер қазақ балабақшаларында тәрбиелеу мен
білім беру үдерісін жетілдіруде маңызды еңбектер болуымен құнды.
Республикадағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту бағытында
2000 ж Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының жанынан «Мектепке
дейінгі тәрбие» институты ашылды. (Директоры п,ғ.д С.Ғ.Ғаббасов,
директордың орынбасары және ғалым хатшы Ф.Н.Жұмабекова). Институт
құрамында үш лаборатория: «Мектепке дейінгі тәрбие» (лаборатория
меңгерушісі п.ғ.к, доцент Сәтімбекова М.С), «Отбасы лабораториясы»
(меңгерушісі п.ғ.к Базарбаева Р.Б), «Мектепалды лабораториясы» (п.ғ.к, доцент
Татаурова Н.Л) құрылып жұмыс жасады. Аталған институт өзі жұмыс жасаған
кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қомақты үлес қосып, мектепке
дейінгі оқыту мен тәрбиенің мемлекеттік стандартының жобасы, Балбөбек
бағдарламасы мен оқу әдістемелік кешендері т.б жиырмадан астам оқу-
әдістемелік құралдар дайындап, отбасы тәрбиесі мәселелесіне байланысты
зерттеулер жүргізді.
2005 ж желтоқсан айында Астана қаласынан «Мектепке дейінгі балалық
шақ»
орталығы
құрылды.
(Директоры
С.М.Бейсенбаева,
кейінен
Ж.Ғ.Нұрмағамбетова, Б.А.Арзанбаева т.б болды). Аталған институт және
құрылған орталықтардағы зерттеу жұмыстары мектепке дейінгі білім беру
мазмұнын әр қырынан қарастырып білім мазмұнын жаңартуға айтарлықтай
үлес қосқанымен, білім мазмұнының құрылымын анықтау және оны жүйелеуде
теориялық, әдіснамалық, тәжірибелік тұрғыда зерделенуі жеткіліксіз болды.
Осы мәселені шешу бағытында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік стандарты қайта дайындалып оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз етудің жолдары қарстырылды.
Жоғарыда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнының
дамуы мен қалыптасуының қазіргі кезеңдегі жай-күйін саралай келе, білім
берудің әлеуметтік бақылау қызметін жүзеге асыратын үздіксіз білім берудің
алғашқы сатыларының маңызы зор екендігі айқындалды. Бұл кезеңде жеке
тұлғаның толыққанды қалыптасуының іргетасы қаланады. Қазақстанда
мекепалды дайындыққа арналған арнайы орындар саны 1993 жылдан 1998
жылға дейін 3,5 есе азайған. Қазір 127 мың 5-6 жасар балалардың 63 пайызы
ғана қамтамасыз етілген, 22 мың бала кезекте тұр. Балабақшаларда 1 ден 6
жасқа дейінгі балдырғандардың 19,1 пайызы ғана қамтылған. Өтпелі кезеңдегі
тереңдеген дағдарыс мектепке дейінгі білім беру сапасын нашарлатып жіберді.
Мектепке дейінгі ұйымдарды арнайы мамандармен қамтамасыз ету
мүмкіндіктері төмендеп кетті. Оның басты себебі, әлеуметтік және
экономикалық дағдарыстардың ықпалы болуында.
Қолданысқа енгізілген «Білім туралы» жаңа Заңда әлемнің көптеген елдерімен тығыз
байланыс орнатып, саяси экономикалық және ғылыми мәдени қарым қатынастарымызды
едәуір тереңдете түстік. Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда өзгелермен иық
тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас
орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға
тәуелді екендігі мәлім. Ал білікті маман дайындау – білім берудің моделіне, құқықтық
базасына тікелей байланысты. Осы орайда, жоғары мектепте тәрбиеші
60
педагог мамандар дайындау мәселесі білім мазмұнын жетілдірудің алғашқы
ірге тасы болмақ. Ал бүгінгідей әлемдік қауымдастықтан тәуелсіз
Қазақстан тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған
тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбие мен қатар білікті
мамандар даярлау мәселесі заман талабынан туындап отыр. Білім беру
саласындағы осы іргелі мемелекеттік саясатта білім беруді бұдан әрі
жетілдіру мен дамытудың басты жолы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту - баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші
деңгейі болып есептеледі. Оның бүгінгі жағдайына талдау жасайтын
болсақ, Қазақстанда 1991 жылы балабақшаға 7 жасқа дейінгілерді қамту
47%, ал 6 жасқа дейінгілерді қамту-77%, елімізде білім беруде жұмыс істейтін
қызметкерлер саны 8,743 адам болды. 1991жыл өтпелі кезеңге байланысты
көптеген балабақшалар жабылып 1999 жыл 80% дейін, ал балаларды қамту
10%-ға, қызметкерлер саны 1,158 адамға төмендеді. Дегенменде, 1999
жылдан бастап үкіметіміз мектепке дейінгі білім беруді қалпына келтіруге
баса назар аударды. Білім туралы заңда мектепке дейінгі тәрбие жалпы білім
беру жүйесінің құрамдас негізгі бөлігі ретінде қарастырылды. Білім
министрлігі және жергілікті басқару органдары мектепалды дайындығын өз
бюджеттерінен қаржыландыруды қамтамасыз етуді ұсынды. Ең маңызды
мәселе 1999 жылдан бастап міндетті мектепалды дайындығы Үкіметтің
қаулысы бойынша енгізілді. Үкімет тарапынан 2010 жылға дейін үш жастан
бастап мектепке дейінгі білім беруді кеңейтуді жоспарлады.
Соңғы бес жылда мемлекеттік саясат мектепке дейінгі тәрбие саласында
балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне және тәрбие мен білім
сапасын көтеру аясын едәуір кеңейтуге мүмкіндіктер берді. Қазіргі кезде
біздің елімізде 175,9 мың баланы қамтитын 1195 мектепке дейінгі
ұйымдардың қызмет ететінін айтуға болады. 2010 жылға дейін үкіметіміз:-23
мың орындық 164 балабақша құрылысын жүргізуді;
-
негізінен ауылдық жерлерде білім беру ұйымдарының базасында 20 мың
орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталық құруды;
-
мектепке дейінгі білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар
үшін 380 инклюзивті білім беру және коорекциялық кабинет ашуды
жоспарлап отыр;
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Республикадағы
мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормативтік құқықтық базасын
жасау үшін аз күш жұмсап отырған жоқ. Қазіргі кезде "Балабақшаға
барамыз"-деп аталатын мектепке дейінгі сәбилерді қолдау мақсатында
мемлекеттік жоспар мен Заң жобасы дайындалып, тәжірбеге енгізілуде.
Мектепке дейінгі сәбилерді қолдауға арналып бөлінетін қаржының көлемі
өсті. Әр жыл сайын жергілікті бюджеттен тек қана мектепке дейінгі
ұйымдарды қаржыландыру көлемі өсіп, ол тұрақты жүзеге асырылып келеді.
Мысалы: бұл мақсатқа 2003 жылы 4553,5 мл. теңге бөлінсе, 2004 жылы ол
6542,2 мл. теңгеге жетті, ал 2005 жылға 7563,3 мл. теңге жоспарланды.
61
Республикада 1283 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Олардың 179 жеке
меншік, 1104 мемлекеттік ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін
дамытуға Республикалық бюджеттен 2006 жылға қосымша 1 млд. теңге
бөлініп отыр.
Республикада 2010 жылғы 1 қаңтарда 373,1 мың баладан тұратын 4972
мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, яғни мектеп жасына дейінгі
балалардың 38,7%-ын қамтиды. Бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда
3,1%-ға артық. 271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар немесе олардың
жалпы санының 83%-ы (қалалық жерде-85%, ауылдық жерде-82%) мектепалды
даярлықпен қамтылған. Жалпы білім беретін 6430 мектепте 10 754 мектепалды
даярлық сыныптары ұйымдастырылған, оларда 168,7 мың бала оқытылады.
1271 мектепке дейінгі ұйымдарда 3480 мектепалды топтары жұмыс істейді,
олардағы балалар саны 102,6 мың. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда:
1. «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске
асырылуда;
2. 2009 жылы «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке
барамыз» (5-6 жас) мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламалары әзірленді және бекітілді;
3. Бұл бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені (жекеменшік, отбасылық
балабақшалар, және ата-аналарға арналған консультациялық пункттер үшін
әдістемелік нұсқаулықтар мен дидактикалық материалдар) әзірленді.
Елбасы Н. Назарбаевпен өткен тікелей желі барысында мектепке дейінгі
тәрбиеге байланысты сұрақтардың көбі мектепке дейінгі тәрбиелеу қызметінің
қолжетімділігі туралы қойылды. Елбасының берілген тапсырмасын орындау
мақсатында халықты балабақшамен қамтамасыз ету қысқамерзімді шаралары
жүргізілді: 1. 2009-2015 жылдарға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция
есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың объектілерін енгізу кестесі құрылды.
2. Мемлекеттік органдар орналасқан балабақшалар ғимараттарын босату
бойынша, оларды коммуналдық меншікке беру шаралары жүргізілді;
3. Мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да ғимараттар мен орындарды
пайдалану қарастырылды. Облыстық, Астана және Алматы қалалық әкімдеріне
мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және мемлекеттік білім беру
тапсырысын меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда
орналастыру жөнінде ұйымдастыруға кеңес беру көмектері көрсетілуде.
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау шараларын жеңілдету мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Әлеуметтік жағдайы
төмен тұрғындар қатарына жататын отбасылардың балалары мектепке дейінгі
ұйымдарда кезектен тыс орын алу мүмкіндіктері қарастырылған мемлекеттік
Стандарт жасалып шығарылды. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарды
медициналық, кадрлық, оқу-әдістемелік, материалдық-техниканы қамтамасыз
етуді жетілдіру бойынша мәселелер қарастырылуда. Қолданылған шаралар
демографиялық өсу есебінен 2010-2012 жылдары – 2 310 бірлікке (217 мың
62
орындық), 2013 жылы – 282 бірлікке (34,6 мың орындық) мектепке дейінгі
ұйымдардың желісін көбейтуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2009-2015
ж.ж. 307,8 мың орындық 3 358 мектепке дейінгі ұйымдарын құру, 2010 жылы
«Жол картасы» аясында 2000 тәрбиеші дайындауға мемлекеттік білім беру
тапсырысын қамтамасыз ету күтілуде.
Мектепке дейінгі тәрбие саласын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-
сараптау мен қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл
бүгінгідей деңгейде өзекті болған емес. Сондықтан, жан-жақты дамыған
тұлғаны дамытуға қажетті жағдай жасалуын, білікті мамандар даярлауды
қамтамасыз ету көзделуде. Оқу орындарының типтерімен оқу тілін таңдауға
еркіндік берілуде. Білім беру ұйымдары бағдарламаларды, оқыту
формаларымен әдіс-тәсілдерін таңдауға заңды түрде мүмкіндік алды. Білім
беру мазмұнын жетілдіру, білім сапасын арттыру мәселелері жан-жақты
қарастырыла бастады. Бұл болашақ педагог мамандардың өз ісіне
жауапкершілікпен қарауын және шығармашылығымен іскерлігін ұдайы
ұштап отыруын талап етеді.
Бұл мәселеге байланысты Президенттің халыққа жолдауында: "Біз
болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер
үшін кадрлар қорын жақсаруымыз қажет"-деп атап көрсеткен болатын. Осы
игі істерді жүзеге асыруда білім берудің әлемдік кеңістігіне кіру үшін, әрі
талаптары мен ықпал
етуі Қазақстанның
мүддесімен ұштасып
жатқандықтан оқыту технологиясын Боллон Конвенциясына сәйкестендіруді
алға қойып отыр. Бұл конвенция бойынша мамандар дайындаудың екі сатылы
болуына мән берілген. Алғашқы академиялық білім жалпыға ортақ бакалавр
дәрежесі болса, халық аралық сапаға сай, бүгінгі білім кеңістігінің
талаптарына жауап беретін өз салаларының өте білікті маманы болып
шығатын, ғылыми және өндірістік мәселелерді шеше алатын магистрлер
дайындау оқу жүйесінің екінші сатысында жүзеге асырылуда. Бұл шетел
университеттерінің тәжірибесін зерттеп білуде бүгінгі Қазақстанның, ТМД
құрамына енетін басқа да елдер сияқты болашақ мамандардың кәсіби
даярлық процесі көп деңгейлі даярлыққа өтетіндігін, оқытуды
диверсификациялау нәтижесі іске асырылып жаңа информациялық
технологиялар енгізіліп жатқанын көрсетіп отыр.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз іздену, болашаққа ұмтылу
барысында өзінен бұрынғы теория мен тәжірибенің ең бағалы, озық жақтарын
алып, сын көзбен қарап, қайта жасау үстінде. Бұл орайда балабақшалардағы
білім мазмұнын жаңартуда жоғарыда қарастырған әдіснамалық тұғырлар
басшылыққа алынды. Әдіснамалық тұғырлар болмысты, ақиқатты, шындықты
өзгерту немесе қайта жасау және жалпы ғылыми таным әдістері немесе жеке
ғылымдардың әдістері туралы ілім ретінде ғылымның, зерттеушінің, практика
қызметкерлерінің педагогикалық көрегендігі мен ойлау қабілетін тереңдетіп,
дұрыстығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы
педагогикалық кұбылыстар мен факталарды зерттеу үдерісінде тарихи
диалектиканың көрінуі мен қолданылуы туралы ғылым болса, ол оқыту мен
тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі мен кұрылысын зерттеуге ғылыми
63
тұрғыдан келудің әдістері мен тәсілдерін қарастырады, іздестіреді, табады.
Аталған әдіснаманың қағидаларына сүйене отырып мектепке дейінгі білім беру
мазмұнын жаңартуда қарастырылатын негізгі мәселелерге тоқталмақпыз:
1. Туғаннан 6-7 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты жетілдіру мен
тәрбиелеудің ерекшеліктерін, зандылықтарын, ғылыми негіздерін қарастыру;
2. Туғаннан 6-7 жасқа дейінгі балаларға арналған дене, ақыл-ой, адамгершілік,
еңбек, патриоттық, этикалық тәрбиенің мазмұнын, құралдарын, тиімді әдіс-
тәсілдерін зерттеу;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ғылыми-теориялық негізін,
мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыру;
4. Қазақ халқының озық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып үлгісінде жеті жасқа
дейінгі балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мәселелерін зерттеу;
5. Қазақтың халық педагогикасы арқылы жеті жасқа дейінгі баланың
эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамытудың жолдарын зерттеу;
6. Қазақ халқынын, ұлттық ойындары, музыкалык ойындары, ән-күйі арқылы
балаларды ойшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
7. Бала ойыны мен еңбегінің мазмұнын, түрлерін және оларға басшылық ету
жолдарын қарастыру;
8. Тәрбиелік әсері күшті ұлттық ойыншықтарды, дидактикалық ойындар мен
материалдарды, көрнекі және техникалық құралдарды жасаудың ғылыми
негіздерін қарастыру;
9. Отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, балабақша мен отбасындағы
тәрбие жұмысының бірлігін арттыру;
10. Қоғамдық тәрбие орындарына кәсіптік жағынан жетілген мамандар даярлау;
11. Балабақшада (қала мен ауылдың ерекшелігіне сәйкес) оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасын жасаудың ғылыми негіздерін салу;
12. Балабақша мен мектепте оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігін қарастыру;
13. Қазақстанда тұратын түрлі ұлт халықтарының әдет-ғұрпы, әдебиеті,
мәдениеті, өнер туындылары арқылы баланың адамгершілік эстетикалық
сезімін, үлкендерге қарым-қатынасын дамыту мәселелерін қарастыру білім
мазмұнын жаңартуға ықпал етері сөзсіз.
Жоғарыда Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұны
дамуы мен қалыптасуының қазіргі жай жағдайын саралай келе, мектепке
дейінгі білім берудің ғылым ретіндегі дамуына талдау жасалып, шетелдік
және отандық ғалымдардың, ағартушылар мен ғұлама ойшылдардың ой
пікірлері зерделенді. Бүгінгі таңда республикамыздағы мектепке дейінгі
ұйымдардың дамуы мен қалыптасуына және ғылыми зерттеулерге шолу
жасалып, тәрбиелеу мен білім мазмұнын жаңартуға ықпал етудің басым
бағыттарын айқындадық. Атап айтқанда:
Мектепке дейінгі педагогикада: мектепке дейінгі балалықтың өзіндік
құндылықтарын сақтауға бағдарланған білім беру ортасын құру және жаңа
технологиялардың тиімді қолданылуы;
Білімдік, дамытушылық, тәрбиелік бағытта: мазмұндық сипатына қарай
білім беру бағдарламалары мен технологияларын тәрбиеші педагогтардың
сауатты, еркін, таңдай білуі;
64
Рефлекторлық дамытушылық бағытта: білім мазмұнын меңгертудің
ғылыми тұжырымдамасына негізделуі
Әлеуметтік, психологиялық даму бағытында: ұжымда жағымды
психологиялық ахуал қалыптастырылуы;
Шағын топтар жүйесі бағытында: балабақшаны басқару стиліне қарай
білім беру үдерісінің жағдайын жүйелі түрде ұжымдық талдау және негізделген
басқарушылық шешімдер қабылдай алуы және инновациялық жүйелер банкінің
құрылуы;
Гумандық бағытта: педагогикалық негізіне қарай білім алуға, еңбекке
қажетті жағдай туғызу, жұмыстың сапасын арттыру мақсатында материалдық
ынталандырылуы;
Балаға қатынас жасау бағытында: тұлғалық бағдарлық, сабақтық, топтық,
жеке балалардың жас ерекшелігіне жалпы ұжым мен жетекшінің әрекеттерінің
шығармашылық бағытының айқындалуында;
Ұйымдастыру бағытына қарай: мектепке дейінгі ұйымдар мен біліктілікті
жетілдіру жүйесінде педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігінің
үнемі арттырылып отырылуында;
Балалардың жас ерекшелігіне сәйкестік бағытында: жалпы тәрбиелеу мен
білім беру мазмұнын баланың табиғи қабілетін дамытуға бағытталуында;
Басымдық танытатын әдісіне қарай: білім беру қажеттіліктері мен
отбасының сұраныстарына бағдар берілуінде;
Білім беру мазмұнын жаңартудың басым бағыттарын айқындауда мектепке
дейінгі тәрбие туралы неғұрлым толық түсінік беретін барлық негізгі ғылыми
теориялар, заңдар мен ұғымдар оқу бағдарламасында ұсынылғанын дәлелдейтін
жүйелі-құрылымдық талдау мен сараптамалық бағалау әдістері тиімді
қолданылуы шарт. Білім мазмұны қоғамның әлеуметтік және экономикалық
дамуының негізгі факторларының бірі ретінде жеке тұлғаға бағытталып,
тұлғаның өзін-өзі анықтауы және оның өзін-өзі жүзеге асыруын қоғамды
дамытуын қамтамасыз ету қажет.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бағыттарын жүзеге
асыруда төмендегі негізгі мәселелер ескерілуі қарастырылды:
- мекепке дейінгі ұйымдарда әлемдік білім білім беру кеңеістігіндегі
тәжірибелер отандық білім беру бағдарламаларында қамтылуы;
-жеке тұлғаға бағдарланған білім мазмұнын ұлттық және әлемдік мәдениетке
кіріктіру;
- мектепке дейінгі ұйымдарды арнаулы мамандармен қамтамасыз ету, әлеуетін,
құзіреттілігін жетілдіру;
- білім беру мазмұнын ұлты, этникалық, діни, әлеуметтік шығу тегіне
қарамастан адамдар арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастыққа құру,
дүниетанымдық көзқарастардың алуан түрлілігін ескеру, тәрбиеленушілердің
пікірі мен еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға ықпал ету;
- мекепке дейінгі ұйымдар білім беру мазмұнын жаңартуда тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламаларын нақты өздері таңдау;
Аталған басым бағыттар біздің зерттеуімізде осы заманғы мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің мазмұнының жеке тұлғаға бағытталуын,
65
әлеуметтік қызметтерді орындау үшін қажетті білім көлемі мен сипатын,
іскерліктері мен дағдыларын, әдеттері мен жеке дара қасиеттерін кәсіби
құзіреттілік тұрғысынан қарау көзделді. Білім мазмұнын жаңартуды білім беру
парадигмасының ауысуы себепші болып отыр: жаңа мазмұн, жаңа тәсілдер,
жаңа қарым-қатынас, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен
қызметте жаңаша ұстанымдар қажет. Сондай-ақ, рухани-адамгершілік тәрбие
беру, балабақша мен мектеп отбасымен педагогикалық ынтымақтастықта
болуы және жаңа педагогикалық менталитет болғанда білім мазмұны жаңа
тұрпатты біліммен ғана емес жаңа икемділіктермен де баий түспек. Осыған
орай, мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда басшылыққа алынған басым
бағыттарды №3 - суретте көрсеттік.
|