1.
Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. —Алматы: Ғалым, 1993, —
232б.
2.
Аралбаев Ж.А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. —Алматы: Ғылым, 1988. —144б.
3.
Мырзабеков С. Сөйлеу тіліміз қазақы ма? // Ана тілі, 1998. 22 қаңтар.
4.
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. 1894. ч.І. СПб.
5.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. —Алматы: Ана тілі, 1992. —448б.
6.
Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. —Алматы: Ғылым,
1982. —160б.
7.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. —Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. —200б.
ƏОЖ
377.3
БІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ – КƏСІБИ БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУ
Умирзакова Н. К.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Инженерлік-экономикалық мамандықтар
факультеті,Қаратау қаласы
Резюме
Основные задачи модернизации национального образования – повышение его доступности,
качества и эффективности по подготовке квалифицированных кадров с умением выражать
собственные мысли и способность нести гражданскую ответсвенность. Это предполагает
значительное обновление содержания образования и владение новыми инновационными методами
и способами, введение объективной оценки и управление открытой инновационной системой.
Summary
The main objectives of modernization of national education – increase of its availability, quality
and efficiency on preparation of qualified personnel with ability to express own thoughts and ability to bear
civil responsibility. It assumes considerable updating of the content of education and possession of new
innovative methods and ways, introduction of an objective assessment and management of open innovative
system.
99
Қазақ жерінде ғасырлар бойы аңсаған тəуелсіздіктің таңы атып, Мəңгілік ел
атандық. Алға қойған міндетіміз Қазақстанды алдыңғы елдердің қатарына қосып,
тəуелсіздікті нұрландырып, болашақ ұрпаққа жарқын да кемелді ел қалдыру. Алдымызға
қойылған ең негізгі міндетіміз тəуелсіз елдің білімді əрі білікті маманы болып, келешек
ұрпаққа дұрыс тəрбие, терең білім беру болып табылады. Шоқтығы биік мемлекет өз
болашағын ойласа, алдымен ғылымын жəне білімін жетілдіруі керек. Жастар мен білімнің
арасындағы байланысты нығайту керек. Қазақстанда білім беру жүйесі əлемдік білім беру
кеңістігіне бет алып барады. Сол себепті білім саласында білім-тəрбие берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, карым-қатынас пайда болды. Қазіргі заман талабына сай
адамдардың мəлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың кеңінен тарап, жылдам тарап келе жатқан кезеңінде ақпараттық
қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
ХХІ ғасыр – ақпараттар мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай
жастарымызды тəрбиелеп, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі
ең өзекті мəселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Сондықтан ұрпақ тəрбиесіне селқос
қарауға болмайды.
Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан – жақты
жетілдіретін, бəсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тəрбиелейтін білім беру
жүйесі екені сөзсіз.
Елбасымыздың биылғы Жолдауы да еліміздің болашағына деген қамқорлыққа
толы. 11 қараша күні елбасымыз Н.Ə. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»
атты жолдауын жариялады. Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша
қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.
Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек.
Осынау жалпыұлттық құндылықты біз əрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді
Мемлекет басшысы.
«Қазақстан 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге - қазақ халқына
айрықша жауапкершілік жүктеді. Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі əлемде жай ғана жаппай сауаттылық
жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне
ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.-деп бізге
алдымызға қойылған мақсаттарды дəл көздеп айтып берді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған
сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»
деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа
технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру
жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда
барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Заманымыздың талабына лайық кадрларды дайындауға көңіл бөлу – бұл ертеңгі
күнгі экономика дамуының сенімді іргетасы болып табылады. Нарықтық экономика да
бəсекеге қабілетті мамандарға сұранысты қажет ететіні мəлім. Бұл білім ордаларының
барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Кез келген жас
маман өзі таңдап алған кəсібінің қыр-сырын ғана емес, сол саладағы жаңа
технологияларды, жаңаша жұмыс жасау дағдыларын, жаңаша ойлауды, белгілі ортаға
икемді қарым-қатынастарды қалыптастыруды үйреніп, заман талабына сай қолдана білсе
ғана бəсекеге қабілетті болатыны сөзсіз.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне адам
заттың
құндылықтары,
ғылым
мен
білімжетістіктері
негізінде
кəсіби
мамандықалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби мақтауға бағытталған білім үшін қажетті
жағдайлар жасау болып табылады.
100
Елдің туын көтеріп, тəуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған
бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мəдени-
рухани мұрағаттары мен ұлттық тəлім-тəрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін
көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды
рухани
–
адамгершілікке
тəрбиелеудің
де
зор
қажеттігі
туындап
отыр.
Бүгінгі жастарға қойылатын ең басты талап – жоғарғы оқу орындарынан білікті де
білімді кəсіби маман болып шығу. Сондықтан да дамып келе жатқан қазіргі таңдағы
білімнің қай саласында болмасын оқытудың жаңа технологиясы тек сипаттама түрінде ғана
емес, шынайы проблемалық негізде болуға тиісті.Бұл жерде жаңа заман ағымына сай,
өзіндік жаңа білім саласында түрлі дамыту істерінің дамып келе жатқанын атап көрсетуге
болады. Қазіргі қоғамда ғылым мен техниканың биіктеп дамыған заманында жоғарғы оқу
орындарының орасан зор орны бар екені баршаға мəлім.
Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар, технологияның
үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның жаңа тұлғасын қалыптастырудың
кезі жеткен сияқты. «Адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез жəне
еңбекқорлығымен озады» - деген екен ойшыл данышпан бабаларымыз. Ол үшін бүгінгі таң
оқытушысына зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті модернизацияланған жаңа тəсілдер
қажет, білімгерлердің білім деңгейін көтеретін нақты анықталған жаңа үрдістер керек.
Ақпараттық білімді де білікті маман – ақпараттық қажет көзін сезіну, оны тауып алуға,
бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне
автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Инновациялық əдіс-тəсілдерді
қолдануда білімгердің өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше ізденіп игеріп, ғылыми
зерттеуді алға қояды Бұл ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды, нəтиже мен
сапаға бағыттауды, сондай-ақ бəсекеге қабілетті тұлға тəрбиелеу қажеттілігін міндеттейді..
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз
Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге,
халық дəстүрлерін қастерлеуге тəрбиелеу.
Білімгерлердің ғылыми негізде жұмыс жасап, алдарына қойған мақсаттарына өз
ізденімпаздығы мен белсенділігі арқылы жеткен жетістіктері олардың танымдық
қажеттілігін қанағаттандыра алады. Білімгерлердің жеке басының дамуына жағдай жасау
арқылы интеллектін дамыта аламыз. Біздің алға қойған мақсатымыз – бəсекеге қабілетті
білікті кəсіби мамандарды даярлаумен қатар, əлемдік білім мен ғылым кеңістігінен орын
алып, ғылыми-техникалық прогресс үрдісіне ену сонда ғана орындалады деп айта аламыз.
Білімгерлермен жұмыс істеу барысында олардың шығармашылығына жағдай
жасау,олардың ішінен əрбір тұлғаның əлеуетін байқап, олардың оқу жəне ғылыми
ізденістерін бақылау маңызды мəселе болып табылады. Өйткені, ел бодашағы – ертеңгі
жастардың қолында.
Қазіргі кəсіптік білім саласындағы ең бір өзекті мəселе ол: адами ресурстарды
дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін
қам-тамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет көрсетулер саласының серпінді
жобаларын іске асыру. Кəсіптік білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік
меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндерін игерген, кəсіби жəне мəдени
бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып жəне
бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санайды.
Білімгер өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған
мамандығының кəсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға
ұмтылады.
Білімгер шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кəсіби
маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын
белсенді жүргізіп, нəтижелерді хабарлауда дəлелелдемелермен қамтып, пікір алысу
барысында шыншылдық танытуы қажет.
Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық жəне жалпы азаматтық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар:оқытудың жаңа технологияларын
101
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп міндеттерін көздейді.
Сондықтан да жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, яғни
оқу үрдісін даралауға,білімгерді жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, білімгерлердің
өзіндік іс-əрекетін қалыптастыруға бағыттап, білім беруде жеке оқытуды дамытуды
көздейді.
Қазіргі таңда білім берудің сапасын арттыру мақсатымен оқу үрдісін жетілдіру
үшін жастардың инновациялық білім беру технологияларын пайдалануы ерекше мəнге ие
болды. Бұл үшін білімгер үнемі біліктілігін көтеріп, жоғарғы деңгейдегі білімді
қалыптастыра отырып, модернизацияланған жаңа əдіс-тəсілмен жұмыс істеуі қажет. Қазіргі
білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа
əдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын кəсіби мамандарды даярлау.
Қорыта айтқанда, ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі ең алдымен оқыту мен
тəрбиелеудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, жаңаша ойлайтын жəне азаматтық
жауапкершілігі əлдеқайда жоғары кəсіби мамандар даярлауға бағытталған. Қазақстандық
білім беру жүйесінің жаңа парадигмасын анықтайтын осы міндеттер білім беру мазмұнын
жаңарту, оқытудың инновациялық əдістері мен тəсілдерін меңгеру, бағалаудың объективті
жүйесін енгізу жəне басқарудың инновациялық əрі ашық жүйесін құру арқылы шешілуі
тиіс деп ойлаймын.
Əдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына
арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
2.
Пралиев С.Ж. «Ұлттық тəрбие жəне жаһандану», Егемен Қазақстан, 25
желтоқсан, 2009 .
3.
Р.К.Төлеубекова «Ұлттық тəрбие жəне оның философиясы»\\Педагогика жəне
Психология журналы №1, 2009.
4.
Нуриев М.А., Сейсенбаева Ж., Сеитова Ж. «Ұлттық тəлім-тəрбие негіздері»
«Ұлттық тəрбие» №1, 2010ж., 5 б.
ƏОЖ
32:Х -11
ЕҢБЕККЕ ҮЙРЕТУ ПƏНІН ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ
Худоярова Рана Ирискуловна
№ 105 мектеп, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Новейшие методы обучения технологии труда
Summary
Innovation methods of teaching Handicraft
Технология пəнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны
жек тұлға ретінде тəрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында,
оқушыларға берілетін тəлім-тəрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мəдениетін, адамдар
арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру
102
арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас
ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кəсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын
əлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның
əлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, əр оқушыға оның
қабілеттеріне сəйкес келетін білім беру өрісі қажет. Адамға ең бірінші өмірлік қажеті -
еңбек екенін уақыт дəлелдеуде.
Адам өмірі үшін аса қажетті, əрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пəн «Еңбекке
баулу» пəнінің атқаратын рөлі зор. Еңбек тəрбиесі - барлық тəрбиенің қайнар көзі. Еңбек
тəрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты
адамгершілік рухында тəрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс
жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-əрекетімен байланыстыра білгенде ғана,
өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке,
ұқыптылыққа, əдемілікті сезініп, қабылдауға, шыңдалуға үйретеміз.
Еңбек тəрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру
арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тəрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты
жүргіземіз. Оқушылар əр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен
келешек кəсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық жəне т. б. бағалы қасиеттерін
өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен
іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз.
Оқушылар отбасында да тұрмыстың əр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың
бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы
арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің
бағыттарының
бірі
-
мектепке
бағдарлау
болып
табылады.
Оқушылардың
қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар
жасалып, білім беріледі.
Оқыту мəселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеуге ерекше
мəн беру шарт. Дəріс беру, оны сапалы беру - оқыту мен тəрбиелеу үрдісінің негізгі
формасы . Ендеше дəрісті қызықты, мəнді өткізу оқытушы шеберлігіне байланысты. Осы
тұрғыда жаңа технология мəселесі келіп шығады. Инновация - оны жеке түсініп, оқу
үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты.
Инновациялық əдіс-тəсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық.
Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-
жақтылығына
негізделген
білім
беру
жүйесі.
- оқытудың дəстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа əдіс-тəсілдерін қолдану
- сабақтарда пайдаланатын негізгі əдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне
қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б.
Еңбекке үйрету сабағы - география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пəндерімен тығыз
байланысты. Электронды кəсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық-
коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты
таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі
бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі.
Орта білім саласында кəсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кəсіптік білім
жөніндегі ақпараттарды талдауды жəне қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің
сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту
- халықтар дəстүрінде ежелден қалыптасқан.
Оқушыларды, жас жеткіншектерді еңбекке тəрбиелеу - қол еңбегі сабағынан
басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте
қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тəрбиесін
дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен əсер етеді.
Оқушының, жас ұрпақтың еңбек тəрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның
жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды.
Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Отбасына еңбек тəрбиесін жүргізгенде, баланы
103
белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды есте ұстаған абзал. Егер бала отбасында еңбек
тəрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені,
отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жəрдемдесіп,
оны игеруді оңайлатып отырады. Теңбекке үйрету сабағында жобалау əдісін қолдану да
өзінің тиімділігін көрсетеді. Жас өспірімдерді еңбекке тəрбиелеудің жалпы міндеттері
бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды
еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау болып табылады. Білім алушының ынтасын жəне
қабілетін дамыту еңбек тəрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында
автоматтарды, компьютерлерді, т.б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық
сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа
біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру
жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін
төмендегі дей жұмыстар атқарылу қажет. Олар мыналар:
-оқытушы мен оқушы арасында тұлға аралық қатынасты қалыптастыру;
-дəріс барысында сыйластық деңгейін қалыптастыру;
- оқушыларды ашық түрде пікір алысу мəдениетіне баулу;
- жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу;.
- оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу;
- оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен толсалысып,
айналысып отыруын қатаң қадағалау болып табылады. Еңбекке баулу - қоғамдық өмірдің
құбылысы ретінде өзімен күрделі динамикалық жүйені көрсетеді, оның құраушылары
педагогикалық практиканың əртүрлі деңгейінде көрінеді. Қазіргі кезеңде педагогикалық
білім беру мазмұны изоморфты кəсіби-педагогикалық мəдениетті болуы жəне ғылыми-
педагогикалық, əдістемелік жəне арнайы білімдер блогын қамту керектігі қарастырылуда.
Бұл мазмұнның өзегі ретінде аталған блоктан басқа педагогикалық сана жəне білімдік
практика енетін педагогикалық мəдениет табылады [3].
Ал, зерттеушілер О.С.Гребенюк пен М.И.Рожков болашақ педагогтың педагогикалық
мəдениетінің моделі психикалық сала құрамын да қамтиды деп есептейді. Бұған кіретіндер,
интеллектуалдық, мотивациялық, еріктік, эмоционалдық, өзіндік реттеу салалары болып
табылады [4].
Зерттеуші, педагог-ғалымдардың пікірінше, оқу орындарындағы педагогикалық
үдерте тізбеленген сапалар қалыптасатын болса, онда жоғарыда көрсетілген құрамдар
оқытушының жеке-даралық қабілетінің ерекшелігі педагогикалық мəдениеттің сəйкес
деңгейімен сипатталады дейді. Соңғы жылдардағы əлеуметтік құбылыс ретінде мəдениетті
зерделеудегі ғылыми еңбектерді талдау екі тенденцияның көрініс тапқанын растайды.
Оның біріншісінің мəні мəдениет бағыттарының жекелеген жақтарын: рухани-мəдениет,
материалдық мəдениет, жеке тұлға мəдениеті, іс-əрекет мəдениеті, оқыту мəдениеті, мінез-
құлық мəдениеті, өнегелік мəдениет жəне т.б. зерттеуден тұрады. Зерттеуші В.А.Сластенин
білім беру саласындағы профессионал əлемдік мəдени қозғалыстағы оның тарихи
заңдылықтары мен этноаймақтық формалардағы білім беру үдерістерінің жəне жүйелерінің
орны мен рөлін айқын елестетуі қажет деп есептейді [5,79-80].
Оқытушының технологиялық мəдениеті мен жетістіктері бұл педагогикалық іс-
əрекеттің жəне оның мағынасындағы жеке тұлғалық бағыттылығын анықтайды. Яғни,
өзінің өне бойына оқытушы педагогикалық үдерістің гуманистік құндылықтарын
біріктіретін тұлға. Педагогикалық іс-əрекет технологиясын көрсететін жəне оның
құрамының технологиялық деңгейге ауысуына мүмкіндік беретін қасиеттер педагогикалық
іскерлік болып табылады. Бұл педагогикалық кəсіби іс-əрекеттің оқытуы мен тəрбиелеуіне
қатысты
категория
болып
табылады.
Зерттеуші
И.Никишина «Оқытушының
технологиялық мəдениеті деп - өзіне жеке тұлғаның кіріктірілген сапасын: педагогикалық
іс-əрекетінің
гуманистік
бағыттылығын,
педагогикалық
іскерлікті
анықтаушы,
педагогикалық іс-əрекет технологиясын көрсететін жəне оны операциялық құрамнан
технологиялық деңгейге ауыстыруға қабілетті педагогикалық үдерістің гуманистік
құндылығын; кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттің жеке-дара тұжырымын жəне оның
104
технологияда шығармашылықпен іске асырылуын нақты тұрғыда көрсететін
педагогикалық іс-əрекеттің жеке тұлғалық-шығармашылық стилін біріктіру» - деп
мəлімдей келе, «Заманауи педагогикалық технологияны жəне технологиялық мəдениетті
меңгерген педагог оқытудың əдістері мен тəсілдерін пайдалану кезінде икемділік
көрсетеді, өзінің жеке педагогикалық технологиясын əзірлеумен кəсіби əрекетін өзгерте
алады» - деп оқытушының технологиялық мəдениеті ұғымы мен мəнін көрсетеді.
Еңбекке үйретуді жаңашыл əдістер мен жаңа технология бойынша жүзеге асырса да
тиімді болып, өзінің нəтижесін берері сөзсіз. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған
мектептің ең негізі өзегі - оқытушының ізденісіне, білімділігіне тікелей байланысты.
Жалпы пəндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған əдісі бойынша трек-конспект,
диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен
оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың əр түрлі кезеңдерінде
үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім
жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды. Жаңа
технология жүйесінде еңбекке баулуда проблемалық жəне іскерлік ойын арқылы оқытудың
да маңызы зор. Оқушылар əр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын
іздестіреді. Ойын соңында оқушылардың алған бағаларының нəтижесін шығарып, қорыту
қажет. Іскерлік ойындардың дидактикалық, тəрбиелік, дамытушылық маңызы зор. Сол
себепті түрлі пəндерден дəстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу өте ттиімді нəтиже
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |