Əдебиеттер
1.
Леви М.И. Общие закономерности и классифакация серологических реакций.
Микробиология,1967, №7,с.104.
2.
Халилаев А.Н. Малдың паразит ауруларын иммунологиялық əдістермен анықтаудың
биологиялық негізі. Автореф. докт. дисс. А., 1997.
3.
Сайдуллин Т. Основы серологии. А.,1992.
4.
Кузьмин Ю.А.,Шамардин В.А., Каральник Б.В., Волкош Л.П. Способ получения
антительного диагностиума AC. СССР №889002 БИ, 1981 №46 стр. 29.
5.
Шамардин В.А. Научные основы приготовления эритроцитарных иммунолглулиовых
диагностикумов. Автореф.докт. дисс. М.,1982.
111
ƏОЖ
:339.924(574)
СЫР БОЙЫНДА ӨМІР СҮРГЕН ҚОЖАЛАР МЕН СУНАҚТАРДАН
ШЫҚҚАН ƏУЛИЕЛЕР ТУРАЛЫ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР
Шекербеков Қ., Жусипалиева А.Е.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты
Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматриваются некоторые вопросы о происхождении святых
из сунаков и кожи нижней течении Сырдарии
Summary
This article discusses some of the scientific questions about the origin of the holy Sunako and skin of
the lower Syr Darya
Халқымыздың сан ғасырлық болмыс-бітімі, дүниетанымы, өзі өмір сүрген ортасын,
табиғат əлемін танып-білуге ұмтылған көзқарасы мен түсінігі бүгінгі ұрпаққа əпсана, миф,
аңыз ретінде жетіп отыр десек те, осыны біртұтас ғылыми негізде зерттеп түсіну, сол
арқылы байырғы таным негізіне үңілу, қалай да болмасын қажет дүниенің бірі.Бұрынғы
аңыз, əңгіме, оқиғалар сұлбасын деректік құжаты мен заттық айғағын тым көмескі
көрсетуге тырысу, немесе идеологияға жат құбылыс ретінде баға беру өткен қоғамның
басты ұстанымы болды. Өйткені, өткенді ұмыттыру, тарихынан жирендіру саясаты ұлттың
зердесін отарлаудың негізгі құралы. Біздің негізгі міндетіміз Сыр өңірінде өмір сүрген,
ислам дінінің халық арасына таралуына ықпал еткен, сол кезеңнің өзінде өзінің
кереметтерімен бас идірген адамдар тарихын ғылыми түрде зерттеу жəне баға беру болып
табылады. Жаңақорған аймағының өзінде 50-ге жуық əулиелі киелі орындар бар. Осы
ауданға негізінен қожалар мен сунақтар орналасқан. Жаратылыста адамның жан-дүниесі
мен оның бойындағы күш-қуатының шексіздігіне күмəн жоқ. Əулиелік те адам бойындағы
кездесетін қасиет пен қабілеттің жиынтығы. Біздің қарастыратын қожалар мен сунақтардан
шыққан əулиелер есімдері қазақ жеріне ислам дінінің енуімен, бұл діннің Сыр өңіріне
жетуі Мұхаммед пайғамбардың төрт халифаты (шадияры) оның үрім бұтақтарының
келумен байланысты. Əлемдегі ең үлкен діндердің бірі – ислам діні. Араб жазирасына
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) əкелген бұл дін – қазақ даласына VIII ғасырдан енгені
тарихтан белгілі. Міне, содан бері əрбір қазақ өзін «мұсылманмын» деп таниды. «Ислам»
деген сөз бейбітшілік дегенді білдірсе, ал, мұсылман сөзі де араб тілінен енген сөз, яғни
«муслим». Ислам дінін жəне ондағы Алланың бұйырған барлық парыздарын қабылдаушы,
оған бойұсынушы деген мағынаны білдіреді.633 жылы арабтар «Дінүшінқасиеттісоғыс»
дегенұранменсоғысжолынбастады. Орта Азияға арабтардың шабуылы араб қолбасшысы
ибн Кутейбаның (704-715) жорығынан басталды [1]. Алғашында ислам дінімен Оңтүстік
Қазақстанды мекендеген оғыз, қыпшақ, қаңлы тайпалары таныс болды . Арабтардың жеңіл
жеңістері мен діннің жедел тарауына «Исламның бейбітшілік жолмен де тарағаны» [2], бұл
жолда ислам миссионерлерінің қайраткерлігі, алғырлық қабілеттілігі де көрнекті себеп
болғаны, «діннің уағыздарының қысқа, қарапайымдылығы сол кездегі адамдарға түсінікті
болуында» болса керек. «Құранның текстілері есте сақтауға оңай» беріледі. Жаулап алған
елдердің халқына ислам дінін зорлықпен таратуға рұқсат берілмеген. Оның үстіне
исламның бірінші мақсаты ислам діні таралмаған халықтарға осы дінді барынша көбірек
бейбіт жолмен кіргізу болған. Өздерінің беделін өсіру үшін арабтар жергілікті діндерді
«жалған» деп жариялап, ислам дінін қабылдағандарды салықтан босатты. Мұсылман дінін
112
қабылдағандардың басқа діндегілерден алынатын қосымша салықтан босатылуы, оларға
саудамен айналысуға тыйым салынбауы, мешіттің міндетті түрде болуын қажет етпеуі
сияқты жеңілдіктер көшпелілер арасында ислам дінінің таралуын жеңілдетті. Бұл таза
экономикалық шара емес, жан-жақты ойластырылған идеологиялық құрал да еді.
751 жылғы Тараз қаласының маңынан бастап «Терістік жəне Шығыс Қазақстанға
арабтар сауда керуендерімен бірге мұсылман миссионерлерін жіберіп отырды». Олар
Сунаққорған аймағы арқылы «Енисей жағалауларына дейін барды» [3].VІІ ғасырдың
екінші жартысынан бастап исламның сунниттермен шейіттерге (алғашқы үш халифпен
суннаным ойындамайтын түрлі ағым, топтардың жалпы атауы) бөлінуі өз ағымдарын
таратудағы бұрыннан келе жатқан бəсекелестікті одан əрі күшейте түсті. Сондықтанда екі
ағымдыда ислам миссионерлерін көпестердің тар да тайғақ жолдар арқылы, сауда
керуеншілерімен соғыс жолының алдын-ала не бейбітшілік уақыттарда дамыңдаған
шақырым қашықтықтарға дейінжі беріп отырған. Ислам дінін таратушы араб
миссионерлерінің Қазақстан территориясына біртіндеп келіп көбейе бастауы, VІІ ғасырдың
екінші жартысынан басталады. Бұл діннің тарауына байланысты жазылған тарихи
деректерде Əбу Бəкірас-Сыддықтың ұрпақтарының Мысырға, Орта Азияға, Қазақстан
территориясынада таратқаны жөнінде де кездестіруге болады. Бұған дəлел ретінде:
«Шығыстан Поволжья қалаларына дейін саудамен бірге ислам діні енді. Х ғасырдың өзінде
Бұлғар мұсылман қаласы ретінде белгілі болса, Етілге байланысты ол жөнінде – Х
ғасырдағы араб географы Ибн-Хаукалдың айтуынша отыз мешіт болған. Поволжьеден
өткен… В. Рубрук, Монғолияға бет ала отырып, Бұлғар жөнінде былай деген: «Мұхаммедті
қандай шайтан мұнда əкелгеніне таң қалдым» [4]. Екінші бір деректе:
«Ирандинастиясындағы
Саманидтердің
меншігіндегі
шекарала
қалаларда
Сырдарияның бойында Сауран қаласы болды, бұл өзен оғыздар даласы арқылы ағып
өтетін. Самани дəскерлері ене алмаған бұл жерлерге мұсылман сауда герлері кірген. Х
ғасырда бұл жерде, оғыз елінде құрылған жəне оның билігіне бағынатын, сонымен қатар
мұсылман аймақтарынан келген көшпелілер негізін құраған саманидтертердің
жаулаушылы қəрекетінсіз мұсылман қалалары болған. Бұлардың ішіндегі негізгі қала
«жаңа аймақ» атауын алған (араб тіліндеал-Карьятал-Хадиса…). Бұл жерде шағын көлемде
тағыда екі қала болған, олардың бірі Жент қазіргі Қызылордадан 30 шақырым жерде. Бұл
қалалар мəдени келушілер мен толықтырылған. (Сунақ Корғанның бұрынғы арнасы),
Сығанақ жөнінде «оғыздардың бір қаласы» еді деп айтылады» [5]. Осындай жолдармен
араб елдерінен біртіндеп келіп жатқан ишандармен молдалар көшпелі дала халқын аралап,
Құранмен Сунна жолдарын, шариғат заңдарын тарата бастаған.
Сунниттер жолын таратушы ислам миссионерлері өздерінің идеялы құраны ретінде
«құдай бір, пайғамбар хақ, сунна-ақ» деп жариялап, көп құдайға табынушылар арасында
үгіт-насихат жұмысын жүргізген .
Бұл ұран– өз уақытысындағы өтеауыр, өтеқиын, мейлінше күрделі, аса
жауапкершілігі мол мемлекеттік идеологияны іскеасыратын қазіргі бір миллиардтан астам
мұсылманның бұрынғы ата-бабаларын, аналарын ислам дініне кіргізген ұран. Ұранда,
суннаның жолдарыда ауызша таратылған. Сунна тек vііі-іх ғасырлардаған ақағазға
түсірілген .
Осыған байланысты бұлқағиданы таратушы адамды суннит демей, «сунна-ақ» деген
сөзарқылы «сунақ» дей жүріп халықарасында олар осылай аталып, тарапкеткен[6].
Басқа сөзбен айтқанда, сунақтар – қазақстан территориясында алғаш рет құран мен
суннаны шариғат жолдарын таратушы сунниттер.
Мұхаммед пайғамбар алланың адамға жіберген елшісі, пайғамбарлардың мөрі деп
саналса, əбу бəкірас-сыддық алланың елшісінің орынбасары мұрагері (преемник) деп
саналған[7].
Сунақтардан шыққан əулие – сунақ ата есімі сырхалқына етене таныс. 1132 жылы
сығанақ қаласында дүниеге келген. Шын есімі һисамиддин (сунақ-ата) аталып кеткен.
Һисамиддин арабтың құрайыш тайпасының тайм руынан. Пайғамбарымыз мұхаммедтің
(с.ғ.с) қайын атасы, төртхалифтың алғашқысы əбу бəкірсыддықтың он алтыншы ұрпағы.
113
Ол – қазақ даласына хақ дін ислам дінін насихаттаушы. Кезінде қожа ахмет яссауидің
имамы болған .
Сунақ ата құлдар қорғаушысы, дінге берілген муфти, сол заманның имамы болған
жан. Қожа ахмет яссауидің жиналыстарына, бас қосуларына қатысып отырған. Бізге
жеткен ауызша деректерге қарасақ, «отырар кітапханасын» басқарған ғұлама. Сунақ ата
ислам ілімін жетік біліп, өзінің «нихая» атты құнды еңбегін жазады. Өмірін дін жолына
арнаған кезінде орталық азия территориясында болған діни оқу орындары мешіттер мен
медреселерде осы еңбек оқытылады екен. Сунақ ата сығанақ қаласында медресе ұстап,
мешіт салдырады. Халықты ислам дініне шақырады .
Сунна ілімі мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың айтқан сөздерін өнеге етіп, діни
тəрбиеге ұстанса, ұлы ғұлама ақын қожа ахмет яссауидің есімін ұранға айналдырған
сунақтар жаңақорған, түркістан, ташкент жерлеріндеорналасқан. Өздерін «қазақпыз, оның
ішінде қазақтың сунағымыз» – дейді.
Сығанақ қаласы х-хііі ғасырларға дейін сунақ деп аталса, кейін сығанақ болып
өзгерген. Сунақ ата орта азияда тəштанидтен кейін ғұлама атағын алған, əйгілі дін өкілі.
1199 жылы сығанақта қайтыс болып, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырады [8].
Бүгінгі күні халықтан жиналған қаржыға сағанат ұрғызылды. 1992 жылы
1 қарашада12 метр биіктікте кесене орнатып, һисамиддин аруағына арнап ас берілді.
Сунақ ата кесенесі жаңақорған ауданының солтүстік батысында 30 шақырым жерде
москва-ташкент күрежолыныңбойындажатыр. Баба басына салынған кесенеалғашында хvі
ғасырлар шамасында қожа ахмет яссауи кесенесінің үлгісімен күмбезді етіп салынған.
Бұрынғы бұзылған мешіт орнына мешіт орнатты, алыстан келген адамдар түнейтін орын
салынды.сунақ атаның «нихая» атты екі томдық жəне «сунақтар шежіресі» құнды
еңбектері ташкенттің əбу райхан бируни атындағы шығыстану институтының кітапхана
қорынан табылды. 1785-1885 жылдары бұл дүниелер парсы тілінен өзбек тіліне,
өзбекшеден қазақшаға аударылған. Шежіре алты жерден мөрленіп, оған атақты бұхар əмірі
насрулла-хан қол қойған. Бұл шежіреде сунақ атаның қожа ахмет яссауимен əрі туыс, əрі
құда екендігі жазылған. Яссауидің кіші қызы хошног (айым) лақап аты (гауһар ана) сунақ
атаның ұлы сүлеймен мəуленемен лақап аты (əли қожа ата) отау құрған екен. Гауһар ана
үш ұл табады. Үшіншісі – əл хусейн бин əли қожа ата бин хусамиддин болған. Яғни,
яссауидің жиені. Хусамиддин де сунна ілімін зерттеуші үлкен ғұлама болады [9].
Халықтар арасында қожаларда ислам дінін таратушылар болып табылады. Осы
қожалар көбінесе қазіргі қызылорда облысының жаңақорған ауданында тұрақтапқалған.
Қазіргі оңтүстік қазақстан территориясындағы қазақтар арасына ислам дінін
таратушылардың алғашқысы ысқақ-баб. Ысқақ-баб – əлінің ұрпағы.
Ысқақ бабтан кейін қожалардан шыққан – əбдіжəліл баб (хорасан ата). Оның мазары
жаңақорған ауданының «сыр бойы» жағында 40 шақырым «тоты құс» деген жерде. И.
Кастанъе еңбегінде де берілген: «хорасан ата шыққан тегі – араб. Мұхаммед пайғамбардың
күйеу баласы əлидің баласы имам хасанның ұрпағы.оның шын есімі абдулзалил, ал
хорасан «лақаб» аты.
Қожалардың қайдан шыққандығы жөнінде түрлі түсінік, пікірлер бар. Алғашқысы,
«қожалар тек қана магометтің қыздары жағынан тараған ұрпақтар екені белгілі» [10];
екіншісі, қожалар шығу тегін алғашқы төрт халифтарға оң жақ жолымен əкелетін
сословиелік ат «мұхаммедтың қыздарынан туған емес, тек олардың басқа əйелінен туған
балаларынан»; үшінші варианты, «тегі алғашқы төрт араб халифаттарынан шыққан
қожалар феодалдық айрықша құқықты пайдаланып, сұлтандарсияқты «ақ сүйектерге»
саналған» –десе; төртіншісі «мұхаммедтыңотбасы мүшелері қасиетті тобына қосылған
оныңəйелі айшамен қызы фатима мұсылманның діншіл əйелдерінің қорғаушысы,
қамқоршысы, сүйемелдеушісі болып саналады» –деген . Яғни осы айша мен фатимадан
туылған ұрпақ қожа деп аталынған.ислам діні қазақстанға ене бастаған алғашқы кезеңде
түркі тайпалары рулық-патриархаттық дəстүрді сақтай отырып, феодалдық қарым-қатынас
жолына көшіп əрі өзара тартыспен қырқыс өрши түсіп, этногенездік тектер (қазақ, қырғыз,
114
қарақалпақ, башқұрт, ноғай, өзбек, т.б.) Пайда болу процестері туындап жатқан, ал
арабтарда ренессанс шырқай көкке көтеріліп, мəдениет пен ілім өркендеп жатқан кез еді.
Бұрын əлемді тітіреткен соғды, оғыз жəне түрік мемлекеттері дағдарыс салдарынан
майда-майда бөлшектерге бөлініп, ынтымақтастықтарына жік түсіп, ауыз бірліктерінен
ажырап, өзара қырғи-қабақтыққа бара бастады. 674 жылы убайдулла ибн зияд
басшылығымен араб əскерлері бұхара, самарқан жəне соғдыны алды .
Валид i халиф (705-715) тұсында арабтарды қоныстандыру арқылы кутайба ибн
муслим ферғана, шаш аумағын аттап өтіп, сонау қытайдағы қашғарияға дейін жетті. Бірақ,
қазіргі қазақ атанған тайпалар араб шапқыншылығына ұшырамады. Сондықтанда қазақтар
əлі күнге отырықшы орта азия халқын «əзірет əлінің қылышынан қорқып мұсылман
болғансыңдар» – дейді. Қалай десек те арабтар мен қазақтардың əдет-ғұрыптарының
ұқсастық жақтарының молдығын олардың көшпелі тұрмыспен күнелткенінен іздегеніміз
мақұл. Бұл қазақтардың исламды қабылдауының бір себебі. Екінші бір себебі дəл сол
кезеңде əртүрлі себептермен бұрын иран, ауған жəне арабстанға көшіп кеткен түркі
тайпалары қайта оралып, өздерімен бірге исламды алып келуі дер едік.
Екінші кезеңде феодалдық қарым-қатынастың орнығуы нəтижесінде мəдениет қанат
жая бастады. Түркі тайпаларынан рулар бөлініп, жеке халықтық сипаттарға ие бола
бастады. Ислам күшіне еніп, оның догмалары поэзия тілінде сөйлей түсті. Исламды
насихаттаушы софылық ағым аренаға шықты. Xi ғасырда ортодоксальді исламның негізі
қаланды. Софылық ілімнің ірі өкілдері сүлеймен бақырғани мен қожа ахмед яссауи
оңтүстік қазақстанда (сайран мен түркістанда) өмір сүрді. Сырдария өзені бойындағы
отырықшы аудандарда мешіттер салынып, медреселер жұмыс істеді. Көшпелі тайпаларды
исламға тарту үшін ақсақ темір түркістандағы қ.а. яссауи басына мавзолей салды. Сөйтіп,
түркістан кіші қажылық өткізетін қасиетті орынға айналды. Хан ордасы көбіне осы
түркістан қаласына орналасты [11.].
Хан ордасында «орда базар» өткізіліп, онда əркім өзіне қажетті заттарын айырбас
жолымен алып отыратын. Базарда көрші мемлекеттерден келген саудагерлер жиі
кездесетін. Хан ордасы тек қана саяси, сауда орталығы емес, сол секілді ислам дінін
уағыздайтын ірі миссионерлердің орталығы болды. Ислам дінін көшпелі руларға таратуда
қожа ахмет яссауи мавзолейі үлкен роль атқарды. Ораза мен құрбан айт мерекелерінде
көшпелілер түркістанға ағылды. Қожалар көшпелілер арасына жиі-жиі барып, үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізді. Атақты өлген адамдарды қожа ахмет яссауи мавзолейіне жанына
əкеліп жерлеу дəстүрге айнала бастады. Исламның шырқап өскеніне сол кезде жаратылған
жырлар, қиссалар, толғаулар куə бола алады.
Үшінші кезең көшпелі түрік тайпаларының халық болып қалыптасуымен əрі ислам
бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігіне тереңдей ене түсуімен ерекшеленеді.
Белгілі фольклорист м. Байділдаев былайша баға береді: «ислам дінінің қазақстан
сияқты байтақ елдің өміріне еніп өріс алуы, үстемдік етуі хvііі ғасыларда, əсіресе хіх
ғасырда күшейе түсті. Осыған қарамастан кең көлемді осы өлкеде бірде-бір діни жоғарғы
оқу орны болмады» [12]. Қазақстанның ресей қол астына қарауы ислам дінін тежей
алмады. Орыстардың қазақтарды қаншама христиан дініне енгізіп, шоқындырамын десе де
ештеме шықпады. Жергілікті қазақтарар асында «қожа отырғанда, қара бата қайырмайды»
деген сөзтіркестері кездеседі. Бұдан қожалардың үстемтап өкілдері ретінде
артықшылықтарға ие болғандықтарын, өз орталарында үлкен құрметке ие болып,
халықтың сыйлайтындықтарын көруге болады. Алғаш ислам дініне шақырып,
имандылыққа тəрбиелегені үшін де қожалар құрметтеледі. Халық зиярат жасап, басына
құрбандық шалып, барып тұрады.
Əдебиеттер
1.
Ержанов Ж. Сунаққорған // Парасат. – 1991. – № 6. – 20-21 бб.
2.
Иванов А.А. Ислам. –Алматы: Казахстан, 1988. – 64 с.
3.
Ержанов Ж. Сунақтар кім? // Халықкеңесі. – 1991. – 19 наурыз.
115
4.
Большаков О.Г. Историяхалифата. – М.: Восточнаялитература, 1998. – 382 с.
5.
Сунақ ата (Һисамидин) / «Құлболдыишан ата атындағықайырымдылыққоры»
қоғамдыққоры // Сырбойы. – 2004. – 20 қараша.
6.
Русский Туркестан // Статьи по этнографии, техники, сельскому хазяйству и
естественнойистории / Под ред. В.Н. Троцкого. – М.: Наука, 1872. –Вып. 2 – С. 89-97.
7.
Автобиография Тимура: Богатырскиесказания о Чингис-хане и АксакТемире / пер. с
тюрксого и джагатайскогоязыков. –Алматы: Академия, 1934. – 312 с.
8.
НародыСреднейАзии и Казахстана / Под ред. С.П. Толстова, Т.А. Жданко и др.: в
2-х т. – М.: Изд-воАкадемия наук СССР, 1963. – Т. 2. – 779 с.
9.
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы:
Рауан, 1992. – 378 с.
10.
Өсерұлы Н. Əдет-ғұрып заңдарына шариаттың əсерін зерттеу: Филос. ғыл. канд. дис. –
Алматы, 1992. – 152 б.
11.
Тəжікова К. Қожа Ахмет Яссауи // Арай. – 1991. – № 9. – 11-12 бб.
12.
Идрис Шах. Суфизм. – М.: Клышников, Комаров и К., 1994. – 446 с.
ƏОЖ
:323 (574)
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Шойынбет Г.С. Тасболат А .Ж.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В данной научной статье рассматривается педагогические условия познавательной
деятельности учеников
Summary
This article discusses the scientific pedagogical conditions of cognitive activity of students
Оқушыларда оқу-танымдық іс-əрекеттерін өз бетінше жүргізу дағдысын
қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Мұны жүзеге
асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді. Танымдық
белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз
орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сəйкес
өзінің іс-əрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу керек. Оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастыру мəселесінің сан қырлылығын ескеріп жəне компьютерлік
техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-əрекет
теориясының негізігі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз.
Танымдық белсенділік деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық жəне
процессуалды-жігерлік бөліктенінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын,
сипаттамасын айтамыз.
1.
Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту, өзінің
танымдық қабілетін дамытуға жəне қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу).
2.
Мазмұндық-амалдық ( тіректік білім, жалпы дидактикалық жəне арнайы
дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы).
3.
Процессуалды-жігерлік
(танымдық
іс-əрекет
үрдісінде
кездесетін
қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дəрежесі, танымдық
белсенділікке ұмтылыс).
116
Педагог жəне психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық ықылас
өзінің оңтайлы əсерін тек іс-əрекеттің жүйесіне жəне нəтижесіне тигізбей ғана, психикалық
жүйелерге де əсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте сақтау, жəне танымдық ықылас ықпалымен
ерекше белсенділік жəне бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін
оқушыларды оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық
ықылас ықпалымен, тіпті əлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны
Л.С.Славинаның зерттеулері дəлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс атқаруда
тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін əдеттегідей оқу жағдайын, өзіне
ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның нəтижесінде
оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен жəне жалқау оқушылар
қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық,
түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін мəселелерді өздері шешетін дəрежеге
жетті. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, кез-келген əрекетте, əсіресе, білім алуда-оқушыны
жетістікке келтіретін шарттарды қамсыздандыру маңызды.
Оқушылардың төмендегі шарттары бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға
болады:
•
ойлау əрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы;
•
тиімді танымдық жұмыс тəсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
•
игерілген тəсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
•
анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
•
ой сапасының дамушылығы;
•
жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
•
ойлау үнемділігі;
•
интелектуалды белсенділік пен дербестік;
•
ойлау əрекетінің жалпылануы;
•
ойлаудың саналылығы;
•
ойлау əрекетінің нұқалылығы;
•
ойлай əрекетінің тұрақтылығы;
•
ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
•
оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге
қажеттіліктің қалыптасуы.
Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру
жүйесі оқу - тəрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар,
шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нəтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған
білімін ( дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда,
азаматтық бүкіл өмір бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан
қазіргі оқыту үрдісінде оның бəрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін
емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға
деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген əдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға
бағытталған селқос тындаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп,
қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мынадай жұмыс механизмін
қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп, жақсы баға алу үшін не өз бетінше,
не өзінің сыныптасымен, не топта ( 3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше
жұмыс істеу барысында жаңа материалдық негізгі еске сақтаудан өзге тағыда басқа еске
сақтаудың түрлері қосылады – көзбен көру, есту, қайталау, т.т.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену керек. Егер
түсінік жоқ болса, адам əлемінің барлық түрлілігін тану керек, нəтижесінде ол еш
нəрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, құбылыстардың жалпы
қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде қарастырады.
Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде төменгі сынып
оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың өз бетімен жұмыс істеу
қабілеті, белсенділігі жəне тіліде дамып, логикалық ойлау қабілеті қажетті деңгейде
117
дамиды, ал соның арқасында бастауыш мектептер орта білім көрсеткіштері едəуір көтеріле
түсері сөзсіз.
Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық белсенділікті
қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғылымдар əр түрлі ой-пікірлер
ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеу нысанын, оқушылардың өз іс-əрекетін басқару
құрылымын, оларда қалыптасатын таымдық белсенділіктің құрамын анықтаудың негізі
ретінде алдық.
Біздің жүргізген зертеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық
кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өты тығыз байланысты болатындығы
анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған талдаулар мен өз
байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің негізгі бөліктерін мынадай белгі-шарттар
мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділіктің əр бөлігі өзіне тəн белгілі бір қызмет атқарады:
мотиватциялық-тұлғалық қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті оятады.
Мазмұндық-амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды жəне жүзеге асыруға мүмкіндік
береді, процессуалды-жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Əр бөлік өз қызметі
арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
Егер: а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан
қажеттілікке ауысатын болса; ə) оқушылар негізгі интеллектуалды іс-əрекеттерді жəне
өзіндік жұмыстарды жүзеге асыралатын болса; б) оқушының өзімдік танымдық іс-əрекетің
басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; в) оқушылардың оқу- танымдық іс-
əрекеті шығармашылық зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық
белсенділігі қалыптасты деп саналады.
Біз оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының бірі
ретінде олардың сыныптық жəне сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу жұмыстарында
компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадық. Сонымен қатар оқушылардың
танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалуы
тиіс деп есептейміз:
-
оқытудың алдынғы қатарлы əдіс-тəсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын
теориялық білімнің болуы;
-
компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу жəне
оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың белсенді
араласуы;
-
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу
жəне оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім сапасының
анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің
қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу дегейлерін жалпылау
деп қарастыруға болады.
Мотивациялық-тұлғалық
бөлік
танымдық
белсенділіктің
қалыптасуын
төмендегідей деңгейлеріне ие.
1.
Танымға ұмтылу, негізінен, жаңа білім игеруге бағытталады. Игерілген негізгі
білім жүйесі тек алған білімді қайта еске түсірумен шектеледі.
2.
Танымға ұмтылыс білімін толықтыру тəсілдерін игеру жəне ол білімнің көзін
табуға бағытталады. Негізіг білім жүйесі оны берілген алгоритм бойынша шығарылатын
есептерді шешу деңгейінде игерілген.
3.
Танымға ұмтылыс білім игеруге, оны толтыру тəсілдерін табуға жəне осы
əдістерді жетілдіруге бағытталған. Негізгі білім жүйесі алған білімін еске түсірумен қатар
оны шығармашылық түрде қолдана білетіндей деңгейде игеріледі.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық белсенділіктің
қалыптасуы мынадай деңгейлермен сипатталады.
1.
дағды онша маңызды емес мəліметтерді қабылдау жəне оны қайталау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-əрекетінің мақсаты игерілетін тақырыптың
мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен есептеуде нақтыланбайды. Сондықтан
жоспарлау қойылған мақсатқа сəйкес келмейді.
118
2.
Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып,
қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық белсенділіктің мақсаты
тақырыпқа сай келгенімен, қойылған тапсырмаға сəйкес нақтыланбайды. Жоспарлау
жұмыстың барлық кезеңін толық қамтымайды.
3.
Дағды хабардың негізіг мазмұнын мен мақсатын танып, қабылдау деңгейінде
қалыптасады. Оқу-танымдық іс-əрекеттің мақсаты анықталады жəне есептерді шешеуге
нақты айқындалады. Осыларды есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспары
жасалынады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының келесі
деңгейлерінен тұрады.
1.
Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік-жігері
əлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты аяғына дейін атқармайды, оқу-
танымдық іс-əрекетке өз бетінше белсенділік, жүйелік танытпайды, т.б.
2.
Танымдық кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу- танымдық іс-
əрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар сабақ кезінде ынталанып, жұмысты
аяғына дейін атқаруға тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуде табансыздық
танытады.
3.
Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-əрекеттің
көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар кез келген тапсырманы аяғына дейін орындап
шығады. Жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыртастыруының осы анықтаған сипаттамаларының
негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі үш деңгейге бөлінеді: төменгі, орташа,
жоғары.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық еместігіне күрделі емес
тапсырмаларды игеру дəрежесімен, үлгі бойынша тапсырмаларды орындауына өз бетінше
жұмыс істеумен, оқушылардың оқуға тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өзіндік жұмысқа
құштарлығының қалыптасуы, орта дəрежедегі тапсырманың игеру жəне оны орындау алу
қабілеті арқылы анықталады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық белсенділігі даму үстінде
деп саналады.
Жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген
қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық
белсенділігі жеткілікті дəрежеде дамығандығы мен сипатталады.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның
негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін
дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру
деп санайды.
Осыған байланысты біз оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен
орындауға арналған фихикалық негізгі бөлімін қамтитын тапсырмалар мен деңгейлік
есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың
мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дəрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес,
қабылдау, ойлау, оқуға жəне берліген мəліметті қайта жаңғыртуға қабілеті əр түрлі
оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кезде оқушының танымдық
белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты – оқу үрдісін дараландыру.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сабақтан тыс жəне үй тапсырмасын орындау
кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың
түріне байланысты белсенділіктің əр түрлі деңгейін көрсетті.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дəрежесі оқушының əр түрлі
тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен
анықталады. Оны тағайындау үшын біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма
өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы
кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
К.Д.Ушинский: «Кез келген пəнді оқыту тəрбиеленушінің үлесіне оның жас ағзасы
игере алатын жас ерекшелігіне сай еңбек етуі тиіс» деп түсіндіреді. [1]
119
Біздің зерттеуіміз бойынша ағылшын тілі сабағында танымдық белсенділігі жоғары
оқушылар күрделі тапсырмаларды орындайды. Осыған байланысты оқушыларға берілетін
тапсырмалар əр түрлі болып келеді. Мысалы: компьютерді қолдану арқылы өзіндік
жұмысқа арналған тапсырмалардың жинағы оқушылардың танымдық белсінділін
қалыптастырудың неғұрлым тиімді əдісі болып табылады. Оқу үрдісі оқушылардың
танымдық іс-əрекеті нəтижесінде жүзеге асады, ал танымдық əрекеті негізінде оқушыларда
танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-əрекеттің көздейтін мүддесі,
білімнің қоғамдық мəнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде
дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде,
тəжірибеде нəтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі
шарты ретінде қарастыру қажет.
А. Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына
сəйкес субъектіде жаңарту, өзгеру əрекетінің пайда болуы ретінде қарастырса, Т. Сабыров
„Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру
жəне оларды өмірде, тəжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы
əрекеті” деп атап көрсетеді. [2]
Белсендірудің қандай да бір тəсілі мен əдістерін пайдалануға оқушының қабілет
дəрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дəрежесі жоғары
оқушылар ғана тапсыра алады. Оқышуға оның таным күшіне сəйкес келмейтін,
мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім
беруде оңды нəтиже бермейді.
Қазіргі кезде оқушының оқу əрекетінің жемісті, нəтижелі болуына, танымдық
белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін
ұйымдастырудың түрлі тəсілдерін, əдістері мен нысандарын іздестіру аса маңызды міндет.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары
жүргізіліп, одан əрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына
айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп-жетілуіндегі елеулі
өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-əрекетінің, қарым-
қатынасының, басқа адамдармен қатынасының өзгеруімен байланысты түсіндіріледі.
Негізгі іс-əрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. Бастауыш
мектеп жасындағы баланың танымдық іс-əрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста
қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер
педагогтерден бүкіл оқыту-тəрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Негізгі іс-əрекет түрі – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес,
қиял, ойлау) дамиды. Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан
бастауыш мектепте баларды оқыту мен тəрбиелеу үрдісі, негізінен, зейінді тəрбиелеуге
бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа
біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу
мотивтерімен бірге дамиды (оқу іс-əрекетінің табысты болуына деген жауапкершілік).
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тəуелсіз жəне өте ашық болады. Бұл
жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына
мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп-оңай-ақ тартуға жеңіл. Сонда
балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Балалар əдетте өзіне түсініксіз оқтғалардың, құбылыстардың сырын білуге
құмартады. Күн сайын ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің
білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен
шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын
жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте
сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері əсер етуі əбден
мүмкін.
Əр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны,
ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың
қалыптасуы жəне дамуы – жеке бастың дамуы ырысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс.
120
Жалпы алғанда, ағылшын тілі сабағында қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-
əрекетке жəне өмір тəжірибесіне айланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық
қызығудың даму деңгейін тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір
жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдейемес қызығу
болуы мүмкін. Қызығу өте ерте жастан қалыптасады жəне оның алғашқы көріну түрі
əуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оны ашық түсті заттар,
қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады.Бала күнделікті осы
тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды жəне оларды қайта-қайта қабылдауға тілек
білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялық тартымдылығына
сəйкес уақытша оны қызығудың алды деп те есептеуге болады.
Білуге құмарлық – бала табиғатына тəн қасиет, ол баланың көргендерін тануына,
оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге,
білуге, ұстауға деген қызығуынан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында
„қайда?”, „неге?”, „бұл не?”, „неліктен?” жəне т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық
қызығуының пайда болуымен байланыстыруға болады. Əрине, кішкентай баланың қойған
мұндай сұрақтары белгілі дəрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде
əуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда бомайды, ол əлеуметтік ортаның, ересектердің
əсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олдардың жас жəне дербес
ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда əр
түрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескеру қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез-құлқы, қызығу сезімдері əрекет үстінде дамиды. Əрекет
үстінде балалар əр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді.
Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін қажетті
барлық шарттарды: білімдер мен əрекет тəсілдерін алуды қажетсіндіруді қалыптастыратын
шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын
ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қорыта
келе танымдық ықылас танымдық жүйесіне ғана емес, нəтижесіне де бағытталады, ол үнемі
мақсатқа ұмтылысымен, оны іске асыруымен, еріктік қуат жəне жігерімен
байланыстырылады.
Мұның
барысында
танымдық
ықылас
түрлі
сезімдерді
қалыптастырады: интеллектуалды, эстетикалық, моральдық. Психологтардың пікірі
бойынша ықылас заты «ықылас жылуымен нəрленеді».
Əдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |