Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary

   

Тыныс алудың 

жеделдетілуі минутына 

 

Оттегі қажеттілігі – 

минутына 

Спорттық жүрісте 

энергия шығымы (50км 

дистанцияға жүргу

 

70-80 литр 



 

4 литр. 


 

2000-2500ккал   



 

Қан  айналым  жүйесі.  Жүрек  соғу  жиілігі  мəреге  жеткенде  минутына  150-180  рет 

соғады, жұмыс  қуаты өскенде минутына 200-220 рет соғады.  

Қан  жүйесі.  Қанда  эритроциттер  жəне  гемоглобин  мөлшері  көбейеді.    Миогенді  

лейкоцитоздың  2-ші  нейтрофильді  фазасы  басым.  Сүт  қышқылының  концентрациясы 

жоғары. Сілтілі  резерв біршама  төмендейді. 

Зəр  шығару  жүйесі.  Тері  бездерінің  қызметі  өте  қарқынды.  Судың  көп  жұмсалуы 

(терлеу) зəр түзілудің азаюына əкеледі. Зəрде белок пайда  болады. 

Жүгіру  –  жекелей    тірек  фазасының  ұшу  фазасымен  кезек  алмасуынан  тұратын 

табиғи қимыл.  

Қозғалыс  техникасы  бойынша  қысқа  қашықтыққа  жүгіру  күрделі.  Əсіресе  сөре 

жылдамдығын  алуға үйрету  қиын.   

Жеңіл  атлетті  жүгірудің  қысқа,  орта,  ұзақ  жəне  өте  ұзақ  дистанциялары  –  жоғары, 

субмаксимальді,  үлкен  жəне  сылбыр  қуаттағы  циклді  жұмыстарға  тəн  мысалдар.  Əсіресе 

100  метр  дистанцияда  -  жоғары,  800-1500  метр  дистанцияда  -  субмаксималды,  5000  метр 

дистанцияда  -  үлкен,  марафондық  дистанцияда  –  сылбыр  қуаттағы  жұмыстар  айқын 

байқалады.  Қалған  дистанциялар  аралық  болып  табылады.  Жүгіру  жылдамдығына 

байланысты олар əр түрлі қуаттағы жұмыс аймағына кіруі мүмкін.Мысалы, 28-29 минутқа 

тең  нəтиже  кезіндегі  10000  метр  жүгіру  үлкен  қуаттағы  жұмысқа  жақын.  Егер  бұл 

дистанцияны  созуға  30  минуттан  көп  уақыт  жұмсалса,  онда  сылбыр  қуаттағы  жұмысқа 

жатады. 


197 

 

Орталық  жүйке    жүйесі.  Жаттығу  процесі  нəтижесінде  жүгірушіде  жүгіру 



техникасы  негізінде  жататын  жүйке  процесінің  бір  сарынды  динамикалық  стереотипі 

қалыптасады.  

Анализатор.  Жарыс  жағдайында  жүгірушіге  қарсыласының  əрекетін  тез  жəне  дəл 

қабылдауы,  спорттық  процестің  барлық  жағдайын  жəне  бұлшық  еттер  күшін  дəл  реттеуі 

қажет. Ойлы-қырлы жермен жəне кедергімен жүгіру кезінде көру жəне проприорецептивті 

талдау қызметі жоғарылайды.  

Қимыл  аппараты.  Əртүрлі  дистанцияға  жүгіру  кезінде  бұлшық  еттерге  əртүрлі 

талаптар  қойылады.  Жедел  жүгірудің  нəтижесі  ең  бастысы  тірек-қимыл  аппаратының 

құрылымдық-қызметтік  жағдайына  байланысты.  Спринт  спортшының  бұлшық  еттері 

жерден  көтерілу  қуатын  қамтамасыз  ететін  күшті  игеруі  керек,  сонымен  қатар  бұлшық 

еттің  жарылыс  сапасын  анықтайтын  тез  жиырылуға  жəне  жылдам-күштік  сапаны  

нəтижелі  орындауға  жəне  жүгірудің  ең  жоғары  жылдамдығына  жетуге  мүмкіндік  беретін 

тез босаңсуға қабілетті болуы керек. 

Жоғары класты спортшылардың бұлшық ет күші, олардың “жарылыс” сапасы жəне 

əсіресе  бұлшық  еттің  тез  босаңсу  қабілеті  төменгі  дəрежелі  спортшыларға  қарағанда 

жоғары. /1-сурет/ 



1-сурет. “Жарылыс сапасы” Əр түрлі дəрежелі спринттердің санының төртбасты 

бұлшық еттерінің қызметтік қасиеті (В.В.Высочин бойынша). 

Штрихталған бағана – спорт шеберлерінде

Ақ бағана – бірінші разрядты спортшыларда

А – бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы

Б – бұлшық еттің барынша жоғары күші

В – бұлшық еттің босаңсу жылдамдығы

Қадам ұзындығы мен жиілігі əр түрлі жүгірушілерде əр түрлі. Дистанциядағы қадам 

жиілігі – жылдамдыққа байланысты болатын маңызды факторлардың бірі.  

  Спринт спортшының бұлшық еттері ең бастысы анаэробты жағдайдағы  жұмысқа 

бейімделуі  тиіс.  Мұндай  жағдайда  АТФ-тың  қалпына  келу  қарқыны  дистанция  бойында 

жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды қызмет атқарады.  

 

10      А              Б                В  



 

 9 


 

 8 


 

 7 


 

 6 


 

 5 


 

 4 


 

 

  



Орташа  дистанцияға  жүгіру  кезінде  бұлшық  еттерге  қойылатын  талаптар, 

спринт  спортшыға  қарағанда  басқаша.  Бірақ  осы  жəне  одан  ұзақ  дистанцияда  бұлшық 

еттерді  тез  босаңсыту  қабілеті  жоғары  жұмыс  қабілетін  қамтамасыз  ететін  маңызды 

сапалардың  бірі  болып  табылады.  Дистанция  ұзарған  сайын,  аэробты  процестер  басым 

бола бастайды. Ұзақ жəне өте ұзақ дистанцияға жүгірушілерде бұл процестер басты болып 

табылады. 



198 

 

Тыныс алу жүйесі жəне энергияның жұмсалуы. 100 метрге жүгіргенде тыныс алу 



терең емес жəне жиі. Өкпенің желдетілуі 8 литр, оттегі сұранысы 100 метрге жүгіргенде 

жүгіру жылдамдығына байланысты 6-13 литр. Оттегі қарызы 90%-дан жоғары.  

Орташа  қашықтыққа  жүгіргенде  тыныс  алу  жиілігі  жəне  тереңдігі  жоғарылайды, 

өкпенің желдетілуі минутына 150 литроттегі тұтыну минутына 4-5 литр. Барлық оттегі 

сұранысы  30 литр жəне одан жоғары. Оттегі қарызы қашықтық ұзарған сайын өсе түседі. 

Мысалы, 800 жəне 1500 метрге жүгірген кезде ең жоғарғы шегіне жетеді, яғни 15-20 литр 

жəне одан жоғары. 

Кесте 2. 

 

Қ\с 



Жүгіру түрлері 

Тыныс алу 

жиілігі жəне 

тереңдігі 

Өкпенің 

желдетілуі 

оттегі 

сұранысы 

Оттегі 

қарызы 

 



 



100 метрге жүгіру 

 

 



Терең емес, 

жиі 


 

8 литр 


 

6-13 литр 

 

90 % 


 

Орташа қашықтыққа 



жүгіру (800 жəне 

1500) 


 

Жоғарылайды 

 

150 литр 



 

30 литр 


 

15-20 л 


 

Орташа  қашықтыққа  жүгірушілерде  анаэробты  жəне  аэробты  мүмкіншіліктері 

жоғары дамуы керек. 

 Б.Салтин жəне О.Астранд деректері бойынша жоғары дəрежелі орташа қашықтыққа 

жүгірушілерде  оттегі  тұтыну  шегі  орта  есеппен  76мл/мин/кг,  В.Л.Карпман  деректері 

бойынша  - 69мл/мин/кг.  

Ұзақ  қашықтыққа  жүгіргенде  тыныс  алу  жиілігі,  өкпенің  желдетілуі  орташа 

қашықтықтағыдай.  Оттегі  сұранысы  жүгірген  спортшының  деңгейінде  ең  жоғары  шегіне 

жетеді.  Осыған  қарамастан  оттегі  сұранысы  толық  қанағаттандырылмайды,  сондықтан 

пайда  болатын  тұрақты  күй  жалған  болып  табылады.  Нəтижесінде  оттегі    қарызы  пайда 

болады. Оның мөлшері жүгіру тактикасына байланысты. Егер спортшы жедел жүгіріп, тез 

мəреден өтсе, онда оттегі қарызы 12 жəне одан жоғары мөлшерге жетедіБарлық оттегі 

сұранысы 5000 метрге жүгіргенде 80-90 литр, 10000 метрге 100-130 литр. Мұндай жұмыста 

АТФ-тың  қалпына  келуі  аэробты  жолмен  жүзеге  асады.  Сондықтан  ұзақ  қашықтыққа 

жүгірушілер үшін ОТШ-нің жоғары мөлшері тəн. 

Өте  ұзақ    қашықтыққа  жүгіргенде  тыныс  алу  қызметі  жоғарылайды,  бірақ  оттегі  

тұтыну  жоғары    болмайды.  Оттегі  сұранысы  толық  қанағаттандарылады,  яғни    нақты 

(нағыз)  тұрақты  күй  пайда  болады.  Оттегі  қарызы  бабына  ену  кезеңінде  пайда  болады 

(4-5 литр).  

Басқа спортшылармен салыстырғанда бұл қашықтыққа жүгірушілерде оттегі тұтыну 

шегі жоғары  деңгейде болады. 

Қашықтық ұзарған сайын энергия көп жұмсалады. 100 метрге жүгіргенде 40-50ккал 

энергия жұмсалады, 800 метрге жүгіргенде – 150ккал, 5000 метрге жүгіргенде – 450ккал, 

марафондық жүгіру кезінде – 2500ккал энергия жұмсалады.  

Қан айналым жүйесі. Тыныштық күйде жүгірушілерде брадикардия  жиі кездеседі. 

Мысалы, стайер-жүгірушіде жүрек соғу жиілігі тыныштық күйде минутына 48 рет  соғады, 

орташа қашықтыққа жүгірушілерде 56 рет, спринтер-спортшыда 60 рет  соғады.  

Жүрек  соғу  жиілігі  жүгіру  кезінде  минутына  170-190  рет  соғады,  мəреге 

жақындағанда  минутына  200-220  рет  соғады.  Жүрек  соғу  жиілігінің  қалпына  келуі 

жүгірудің  ұзақтығына  жəне  күштілігіне,  спортшының  машықтану  деңгейіне  байланысты.  

Қысқа қашықтықта  20-30 минуттан кейін, орташа жəне ұзақ қашықтықта бірнеше сағаттан 

кейін қалпына келеді.  

Жүрек көлемі   ұзақ жəне өте ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде ұлғаяды.  

Қанның  систолалық  жəне  минуттық  көлемі  орташа  жəне  ұзақ  қашықтықта  180-

200мл-ге  жоғарылайды  жəне    минутына  35-40  литр.  Систолдық  артерия  қысымы  мм.180-



199 

 

220  сынап  бағанасына  жоғарылайды.  Диастолдық  қан  қысымы  ұзақ  жəне  өте  ұзақ 



қашықтыққа жүгіргенде төмендейді.   

Қан  жүйесі.  Қанда    эритроциттер  жəне  гемоглобин  мөлшері  көбейеді.  Өте    ұзақ 

қашықтыққа  жүгіргенде  лейкоциттер  мөлшері  көбейеді,  таяқша  ядролы  нейтрофилдер 

жоғарылайды.  

Орташа  жəне  ұзақ  қашықтыққа  жүгіргенде  сүт  қышқылының  концентрациясы 

жоғарылайды.  (200-250мг%-ға  дейін).  Бұл  Рһ(сілтілі-қышқыл)  ортаның  төмендеуіне 

соқтырады. 

Қысқа  жəне  өте  ұзақ  дистанцияға  жүгіргенде  қандағы  сүт  қышқылының 

концентрациясы  өзгермейді.  Өте  ұзақ  дистанцияға  жүгіру  кезінде  қандағы  глюкоза 

концентрациясы төмендейді, ол шаршаудың пайда болуына əсер етеді.  

Зəр шығару жүйесі.  Ұзақ  жəне  өте ұзақ дистанцияға  жүгіргеннен кейін  тердің   көп 

бөліну нəтижесінде диурез төмендейді. Зəрдегі  сүт  қышқылының концентрациясы орташа 

дистанцияда 450мг%-ға жоғарылайды, ұзақ дистанцияда  ол 40-50мг%-ға кемиді. ы 

Дене  салмағы.  Жүгіруден  кейін  ол  азаяды.  Өте  ұзақ  дистанцияға  жүгіру  кезінде 

салмақ 4-5кг-ға кемиді.  Орташа, ұзақ жəне өте ұзақ дистанцияға жүгіруден кейін əсіресе, 

машықтанбаған спортшылардың зəрінде белок жəне эритроциттер пайда болуы мүмкін. 

Дене  қызуы.  Ұзақ  дистанцияға  жүгіру    кезінде  жылудың  түзілуі  төмен  болады. 

Ыстық ауа райы жəне ауаның жоғары ылғалдылығы организмнен артық жылудың шығуын 

жылу    беру  процесін  қамтамасыз  ете  алмайды.  Бұл  жағдайда  дене  қызуы  39-40С-қа 

жоғарылайды, нəтижесінде организмнің қызуы пайда болуы мүмкін.  



 

Əдебиеттер 



 

1.Б.Салтин О.Астранд В. Saltin, Ф.П. Суслов, А.З. Колчинская и др. "Выносливость в 

спорте" (под ред. Р. Шепарда  

2. П.-О. Астранда, "Профилактика спортивного травматизма" 1992 г. С. 123. 

3. Карпман В.Л. Спортивная медицина. 1980 г. С. 365. 

4.Н.А.Фомин,  Ю.Н.Вавилов.  Физиологические  основы  двигательной  активности. 

Москва. ФиС, 1991. С. 234. 

5.Ө.Парпиев. Адам физиологиясының негіздері. Алматы, 1996. 142 б. 

6.Төленбеков И.М. Қозғыш құрылымдар физиологиясы. А., 1990. 97 б. 

7.Төленбеков И.М. Сенсорлық жүйелер физиологиясы. А., 1994. 152 б. 

8.Төленбеков И.М. Нерв жүйесінің физиологиясы. Алматы.1992. 129 б. 

9.Смирнов В.М., Дубровский В.И. Физиология физического воспитания и спорта. –

М., Владос пресс, 2002. С. 83. 

 

ƏОЖ



  378.02: 371 

 

МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Абдуллаева Г.С., Қоңырбаева Б.Б

 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В  данной  статье  автором  исследуются  пути  совершенствавания  творческой  автиыности 

учящихся на уроках музыки 

 

Summary 

 

In this article the author examines the way sovershenstvaniya creative activity uchyashihsya music 

lessons 


200 

 

 

 «...  Мектептің  жаны  -  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса,  һəм  мектебі  сондай 

болмақшы.  Яғни  білімді болса,  білген  білімін  басқаға  үйрете  білетін  болса,  ол  мектептен 

балалар  көбірек  білім  алып  шықпақшы»  –  деп  ұлы  ұстаз  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай, 

мұғалім еңбегіне болашақ ұрпақтың білім алу сапасы тəуелді [8].   

Білім  берудің  мазмұны  өте  күрделі  жəне  көп  жақты  ұғым.  Білім  берудің  мазмұны 

қоғамның  экономикалық  жəне  ғылыми-техникалық  даму  қажеттіліктеріне  байланысты 

қарастырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл-ойының, дене күш - 

қуаттарын  жан-жақты  дамытуымен,  дүниеге  ғылыми  көзқарастарының  қалыптасуымен 

жəне  олардың  өмірге,  еңбекке  деген  дайындығының  қажетті  негізі  болатын  білімдері, 

іскерліктері көлемімен анықталады. 

Қазақстан  Республикасында  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясында  адам,  қоғам, 

табиғат  қатынасын  үйлестіруге  бағытталған  жүйелі  ойлау,  дүниетаным  мəдениетін 

қалыптастыру, оқытудың мазмұнымен əдістерін шығармашылық іс-əрекет методологиясын 

меңгерудегі  бағалау,  адамның,  тіпті  оқытушы  білмейтін  нəрсені  жасайтын  инновациялық 

қабілетін қалыптастыру туралы айтылған. 

Бүгінгі    таңда  əрбір  оқушының  мамандық  иесі  болып  шығу  ісінде,  жеке  тұлға  етіп 

қалыптастыруда ұстаз қауымы өз педагогикалық əрекетін қайта қарап, шығармашылықпен 

ізденуі керек [13].   

  Музыка  мұғалімі  –  жан-жақты  білім  алған,  оқушылардың  бойында  əсемдікке, 

көркемдікке деген нəзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.  

Оқытудың 

қазіргі 


заманғы 

техонологиясы 

оқушыларға 

ізгілендіру, 

демократияландыру,  интеграциялау  принцптерін  мақсатты  түрде  жүзеге  асыруды  талап 

етеді. 


Қазіргі  əлеуметтік-педагогикалық  жағдайда  «Музыка»  пəні  мұғалімдерінің  алдына 

қойлып отырған талаптардың ішінде төмендегілерді атасақ: 

-

 

музыкалық-педагогикалық тəжірибелік ғылыми теориямен қарулануы; 



-

 

тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принцптерін меңгеру; 



-

 

педагогикалық жаңаша ойлау қабілетін дамыту; 



-

 

педагогикалық ынтымақтастық идеясын білу; 



-

 

өздігінен білім алуды жетілдіру; 



-

 

өзін-өзі тəрбиелеу дағдысын қалыптастыру; 



-

 

заман талабына сай білімі терең, өнершіл, нағыз кəсіби маман болуға тиісті. 



Музыкалық білімді кең мағынада қарастырсақ, ол музыкалық шығарманың мазмұны 

мен  талдауына  қатысты  мəселелердің  барлығын  қамтиды.  Бұл  жұмыстар,  əрине, 

музыкалық  шығарманы  талдаумен  тығыз  байланыста  қарастырылып,  үйрену  барасында 

бірден-бір  мақсатқа  айналып  қана  қоймай,  музыканың  мазмұнына  неғұрлым  терең 

байлауға игі ықпал етуі тиіс. 

Музыка мұғалімі - өз пəнін, оқытудың əдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек 

ететін,  педагогикалық  шеберлігін  үнемі  жетілдіретін  маман.  Педагогикалық  шеберлік  – 

кейбіреулерге  ғана  табиғаттың  таңдап  берген  сыйы  емес,  ол  үздіксіз  ізденудің,  өзін-өзі 

үнемі  кəсіби  жетілдірудің  жəне  өзінінің  қалаған  мамандығына  деген  құмарлығынан 

туындайтын іс-əрекеттерінің жиынтығы [7].   

Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық салаларына да өте қажет, ал 

«музыка»  пəні  мұғалімі  үшін  ол  ұстаздың  дарындылыққа  жетудің  жолы,  педагогикалық 

еңбекте шешуші орын алады. 

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертенден-ақ аңыз болып тараған. Оған 

мысал  ретінде  «Ақсақ  құлан»  жəне  т.б.  көптеген  күй  аңыздарын  алуға  болады.  Бүгінгі 

таңда  музыка  мамандарының  алдында  тұрған  мəселелердің  бірі  осы  ата-бабаларымыздай 

музыканың  құдіретін  терең  түсініп,  оны  өзінінің  рухани  азығы  етіп,  адам  өмірін 

нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді шəкірт тəрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі 

– музыканы қабылдай білуде жатыр . 

Баланы  музыка  тыңдауға,  тыңдай  отырып  оны  сапалы  түрде  қабылдауға  баулу 

музыкалық тəрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық 

мəдениеттілігін  қалыптастырудың  алғы  шарты  болып  есептеледі.  Музыка  туралы  əңгіме 



201 

 

тыңдай отырып балалар композитордың өмірі, шығармашылығымен танысады. Осылайша 



музыкаға  деген  қызығушылығы,  эмоциялық  көзқарасы  қалыптасады  жəне  шығарманың 

мəнерлік құралдары болатынын ажырата алатын болады. 

Музыка  қабылдау  –  музыка  сабағында  қолданылатын  іс-əрекеттердің  кез-келген 

түрінің  іргетасы,  бастапқы  нүктесі  ретінде  қарастырылады.  Кез  келген  түрі  деп 

отырғанымыз, музыка тыңдау, əн айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты жəне 

т.б. 


Музыканы  тыңдаған  кезде  бала  еркін  отыруы  керек,  бұл  тəсіл  орындалып  жатқан 

шығарманы  қозғалмай  байсалды  тыңдауына  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  музыка  тыңдап 

отырған  кезде  сөйлеуге,  мұғалімге  сұрақ  қоюға  болмайтынын  білуі  керек.  Бірте-бірте 

мұғалім  балалардың  музыканы  тыңдай  білу  мəдениетін  қалыптастырады. Музыка  тыңдау 

барысындағы мұғалімнің жүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рөл атқарады [10].   

Мұғалім  тыңдауға  ұсынылған  шығармаларды  өзі  орындаса,  мүмкіндігінше  нотасыз 

ойнағаны  жөн.  Əрине,  оның  аспапта  ойнау  шеберлігі  өте  жоғары  деңгейде  болуы  керек. 

Егер  күйтабақтан  тыңдалатын  болса,  алдын-ала  оның  дұрыстығын,  дыбыс  күшін, 

күйтабақтың  сапасын  тексеріп  алып,  шығарма  орындалғанда,  балалармен  бірге 

“тыңдаушы” бола білуі тиіс. 

Мұғалім  оқушыларды  музыканы  тыңдап,  қабылдай  білуге  жүйелі  түрде 

дағдыландырса, олар тыңдап отырып толғанады, мұңаяды, ойланады. 

Музыканы қабылдау тек он тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде 

де жүзеге асырылады. 

Мысалы,  əн    үйрену  үшін  алдымен  тыңдау,  сонан  соң  орындау  керек,  сондықтан 

орындау барысында интонация тазалығына, мəнерлілігіне назар аударған  жөн. Балаларға 

арналған  соқпалы  аспаптармен  ырғақ  өрнегін  орындағанда  немесе  мзыка  əуеніне  би 

қимылдарын жасағанда музыканың қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл күйді оқушы өзінің 

қимылы арқылы жеткізе білуге тиіс. 

Мұғалімнің  күнделікті  сабақта  пайдаланып  жүрген  əдістері  музыкалық 

анықтамаларды  түсіндіруге,  оқушылар  шығармашылығын,  қызығушылығын  арттыруына, 

жеке  тұлғаның  рухани  дамуын  тəрбиелеуге  көмектеседі.  Сондықтан  музыка  сабақтары 

қоғам талаптарына жауап беруі керек. 

Бұрын сабақ дəстүрлі түрде тек белгіленген жоспарға сай өтіп отырса, қазіргі талап 

мұғалімдерден  жан-жақты  біліктілік,  түрлі  əдістер  мен  оқытудың  дəстүрлі  емес 

формаларын  пайдалануды  қажет  етеді.  Өйткені  оқушы  сабақта  алған  білімін,  оның  мəн-

мағынасын түсіне білгенімек, бəрін бірдей күнделікті өмірде қолданыла алмайды.  

Cондықтан  оқушы  білімін  пайдалана  отырып,  əрбір  іс-шаралардан  өзіндік  нəтиже 

шығаруға, тəлім-тəрбие алуға оқушының сана-сезіміне бетбұрыс жасалады . 

Оқу  мен  тəрбиені  жүйелі  түрде  бірыңғай  ұштастырып,  дəстүрден  тыс  формалар 

арқылы  оқушынының  өз  ойын  дамыта  отырып,  оның  рухани  адамгершілік  сезімінің 

жетілуіне қызмет ету əр мұғалімнің парызы.  

Сондықтан  сабақты  жаңа  формаларда  өткізуге  себеп  болған  бірнеше  факторларды 

айтуға болады. Олар: 

-

 

жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуы; 



-

 

бағдарламаның ұлттық өнер, салт-дəстүрмен тығыз ұштасуы; 



-

 

əр сынып сайын жүйелі түрде дамуы; 



-

 

музыка  сабағының  басқа  да  пəндермен  қатарласа отырып,  маңызы  мен  деңгейінің 



жоғарылауы. 

Кез  келген  музыкалық  шығарма  өмірдегі  нақты  оқиғаға  байланысты  туады. 

Сондықтан  музыканы  сезімдік-эмоциялық  қабылдаумен  қатар,  оған  саналы  түрде  мəн 

беріліп  мазмұнына  да  жете  көңіл  аударып  отырған  жөн.  Бұл  оқушыларды  музыкалық 

шығарманы терең түсіне білуі танымының қалыптасып, əр тыңдаған музыка жайлы белгілі 

тұжырымға келуіне мүмкіндік тудырады. 

Музыка  мұғалімі  –  қоғамдағы  көркемдік  мəдениеттің  қайраткері.  Ол  оқушылардың 

музыкалық  тəжірибелерін,  олардың  өнегелі  эстетикалық  позицияларын  жəне  идеяларын 

байытудағы  тəрбиеші  тəлімгер.  Ол  оқушылардың  жан  дүинесінің  сырына  терең  бойлай 


202 

 

отырып,  олардың  сенімін  арттырады.  Ерік-жігер  қасиеттерін  жетілдіреді.  Осы  орайда 



халқымыздың “Əке – балаға сыншы” дейтін ұлағатты сөзін ескере отырып ұстаз да тəлім-

тəрбие  берген  шəкірттеріне  сын  көзімен  қарап,  елі  мен  халқының  болашақ  өнегелі 

азаматтарын жан-жақты баули білуі - əрі парыз, əрі қарыз. 

Жас  ұрпақ  тəрбиесін  тыңғылықты  жолға  қою  үшін,  сол  тəрбиені  жүргізуші 

маманымыздың бойында рухани мəдениетіміз қалыптасуы шарт.  

 Музыка  мұғалімі  өз  сабағын  шығармашылықпен  ұйымдастыра  отырып,  əрбір 

сабақтың  оқу  тəрбиелік  міндетін,  оның  мақсатын  алдын-ала  бағдарлай  біліп,  сабақта 

кездесіп  қалатын  кездейсоқ  қиындықты  болжап,  олай  бола  қалғанда  оны  шешу  үшін 

қажетті  əдіс-тəсілдерді  ойлап  табуына  оқушыардың    белсенділігін  арттыру  үшін 

балалардың  музыкалық  мəдениетін  қалыптастыратын,  рухани  байытатын  құрал  ретіне 

қарай мəселелерін сезіне білуге дағдылануы тиіс. 

Жас  ұрпақты  тəрбиелеуде  музыка  жалпы  өнерге  деген  қызығушылығын  арттырып, 

сана-сезімін,  рухани  дүниетанымын  қалыптастырады.  Сондықтан  да  балалармен  жұмыс 

істеу  барысында  яғни  музыка  сабағында  барлық  мүмкіншілікті  пайдалану  арқылы  əрбір 

шəкірттің  музыка  өнеріне  деген  құштарлығын  қалыптастырып,  эстетикалық  талғамын 

қанағаттандыруға,  музыка  жөніндегі  түсінігін  кеңейтуге,  ішкі  рухани  байлығының  ірге  

тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау қажет. 

Мұғалімнің  күнделікті  сабақта  пайдаланып  жүрген  əдістері  музыкалық 

анықтамаларды түсінуге оқушылар шығармашылығын, қызығушылығын арттыруына жеке 

тұлғаның рухани дамуын тəрбиелеуге көмектеседі [5].   

Жас ұрпаққа саналы тəрбие  жəне сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің 

даярлығына,  оның  іс-тəжірибесінің  қалыптасып  шыңдалуына  байланысты.  Мектептегі 

оқушының  музыкалық  мəдениетін  қалыптастыруда,  музыка  мұғалімінің  орындаушылық 

шеберлігі,  орындалатын  шығарманың  көркемдік,  өнегелік  мазмұнын  ашу,  оқушылардың 

шығармашылық  мүмкіндігін  көтере  білетін  эстетикалық  талғамын  дамытатын  ролі  зор. 

Осы  бағытта  келешек  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беруді,  ең  алдымен  болашақ  музыка 

мұғалімінің  кəсіби  даярлауға  оқу,  іс-тəжірибесінің  қалыптасып шыңдалуына  байланысты. 

Музыка  мұғалімі  маман  педагогикалық  тəрбиелік,  ұйымдастырушымыз,  орындаушылық 

дағдылардың  басын  біріктіретін  əртүрлі  іс-əрекеттерді  құрайды.  Осы  іс-əрекеттер 

балалардың  музыкалық  мəдениетін  қалыптастыруға  жəне  оны  белгілі  мақсаттарға  жету 

барысындағы орындаушылық біліктілік пен дағдыларына тығыз байланысты . 

Музыка  мұғалімінің  алдындағы  негізгі  мақсат  –  шəкірттеріне  музыканың  құдіретті 

үнін  таныту.  Сөйтіп  оқушылардың  санасына,  еркіне,  əсіресе  олардың  сезімі  мен  ұшқыр 

қиялына пайдалы əсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының 

қолы  жеткен  табыстары  мен  оның  қолынан  туған  көркемөнер  мұраларын  тануға,  өмір 

шындығын  сезінуге,  əсемдікке  лəззаттану  мен  патриоттыққа,  Отанды,  елді  сүю  сезіміне 

баулиды.  

Қазіргі мектепте музыка пəні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды: 

1.

 

Мектеп ішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік 



жұмыстар. 

2.

 



ҚР  Білім  стандартының  тұжырымдамасы  негізінде  құрастырылған  жаңа 

буын оқлықтарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізу. 

Мектеп ішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар 

–  мектепте  əртүрлі  үйірмелерді  құру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Атап  айтқанда  мынадай 

үйірмелер  болуы  тиімді:  хор,  оркестр,  жеке  аспаптар,  əншілер,  би  үйірмелері, 

фольклорлық,  музыка  театры  жəне  т.б.  Міне  осы  үйірмелерге  қатысу  арқылы 

оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға болады. 

Мектепте хор ұйымдастырудың үлкен тəрбиелік мəні бар. Хор дегеніміз - өзіндік 

вокалды-техникалық дауыстық ерекшеліктері бар, шығарманың мазмұндық ерекшелігін 

жеткізе алатын əншілерден ұйымдастырылған ұжым [5].   

Алдымен, хор үйірмелеріне өз еркімен келушілер қабылданады. Музыка сабағының 

мұғалімі хорға əнді жақсы айтатын балаларды тартумен қатар, өз еркімен келушілерге де 

көмектесуі  керек.  Тəжірибеде  көріп  жүргендей,  хор  жетекшісі  əрбір  дені  сау  баланың 

музыкалық қабілетін дамыта келіп, оның қызығушылығымен талғамын арттыруға міндетті. 



203 

 

Хор ұжымына қатысамын дейтін баланы мұғалім алдымен аспаптың көмегінсіз айтқызып 



көру  арқылы  тексереді.  Аспаптың  көмегінсіз  айту  –  бала  даусының  жəне  музыкалық 

қабілетінің  қандай  деңгейде  екендігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  бірнеше 

түрлі  музыкалық  ырғақтарды  қайталау,  оқытушының  көрсеткен  əуенін  бірден  қайталап 

беру – баланың барлық музыкалық есту түсініктерінің қандай деңгейде екенін байқатады. 

Төменгі  сынып  оқушылары  ұялшақ  болады.  Сондықтан  оларды  тексеруді  топпен  немесе 

жеке-жеке өткізген дұрыс. Əдетте, хорға 40-50 бала немесе оданда көп бала алынады. Хор 

ұжымы  аптасына  2  рет,  1  -  1,5  сағаттай  жүргізіледі.  Əрбір  хор  сабағын  тиянақты 

жоспарлап, қызықты өткізуге мұғалім ерекше назар аударуы тиіс.  

Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда хормен əн айтудың маңызы орасан зор. Хор 

өнерінде  əн  мен  сөздің  бірігуіндегі  ерекшелік  үлкен  орын  алады.  Поэзияның  музыкамен 

жұптасуы,  адамның  мінез-құлқының  көркемдік  дамуына,  ойлануына  əсер  етеді.  Хор 

шығармасын  игерудегі  қиындықтарды  еңбекқорлыққа  ұластырып  көркем  орындаудағы 

техникалық  шеберлікті  тəрбиелеп,  өзінің  жеке  қызығушылықтарын  оятады.  Осы 

тапсырмалар  тек  қана  ұжымды  түрдегі  хорда,  оқу  тəрбиелік  білім  жұмысында  мақсатты 

түрдегі хор ұжымымен жүргізіледі.  

Əнді хормен айтуға тəрбиелеп, əншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар 

даусының  даму  ерекшелігін,  соған  орай  оқыту  барысында  қойылатын  талаптарды  жақсы 

меңгеріп, əрі қарай тəрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс [11].   

А. В. Свешниковтың айтуы бойынша “Хорда əн айту халықтық, қоғамдық мүмкіндік 

музыкалық білімді өмірмен бірге еш қиындықсыз əсемдеп, байытады” [10]. Бұл хор өнері 

жайлы  дəл  айтылған  сөз.  Хор  өнерін  тек  қана  əртүрлі,  əр  салада  жоғары  көркемдік 

репертуардағы  шығармалардың      патриотттық,  ойнақы,  лирикалық,  əзіл-қалжыңды,  жəй 

жəне тез шығармалар құрайды. Осындай шығармалар баланың мінез-құлқын байытып, жан 

дүинесін  аша  түседі.  Халықтық  шығармашылық  музыка  -  білімнің  жерден  аз  шығатын 

бұлаққа  ұқсап  өсуіне  көмектеседі.  Классикалық  шығарма  –  мазмұнының  тереңдігімен, 

əртүрлі қатаңдық формаларымен, жаңа шығармалар музыка өнерінің ізденісімен, жылдам 

екпінімен көңіл білдіреді.  

Оқу-тəрбиелеу  саласындағы  қалыптасқан  негізгі  заңдылықтарының  бірі  –  оқыта 

отырып  тəрбиелеу,  тəрбиелеп  отырып  –  дамыту.  Бұл  түрлі  музыкалық  өнерге  баулитын 

үйірмелік жұмыстардың барлығына тəн ғылыми – педагогикалық негіз жəне басты мақсат 

болуға тиіс. Сондықтанда қазіргі мектептегі музыка мұғаліміне мектеп үйірме жұмыстарын 

ұйімдастыруда  жан-жақты  ізденушілік,  кəсіби  біліктілік  жəне  педагогикалық  дайындық 

қажет.  Сонымен  қатар,  музыка  мұғалімі  осы  заңдылықтардың  мəнін  жете  түсініп, 

шығармашылық  талғампаздықпен  байқап  басшылыққа  алғанда ғана  негізгі  мақсатқа жете 

алады. 

Музыка мұғалімінің педагогтік қызметі кəсіпқойлығының негіздерін қалыптастыруда 



педагогикалық тəжірибе жұмысы келесі міндеттерді шешуде ұйымдастырылады: 

-

 



музыка  сабағында  жəне  оқушылармен  жүргізілетін  сыныптан  тыс  музыкалық 

жұмыстардың  түрлерінде  өзінің  тəжірибесін  жинақтап,  оны  əрі  қарай  жемісті  де 

шығармашылық  деңгейде  дайындап  кəсіптік  қызметке  кіру  арқылы  таңдап  алынған 

мамандыққа жақсы қарым-қатынасты тəрбиелеу; 

-

 

оқу-тəрбие  үрдісіндегі  қатысушылардың  іс-əрекетінде,  əр  түрлі  жағдаяттарында 



орын алатын бақылау жəне педагогикалық үрдістің əдістері мен тəсілдерін талдау үрдісінде 

кəсіби-педагогикалық қарым-қатынастың мəдени технологияларын қалыптастыру; 

-

 

ұйымдастырушылық,  əдістемелік  жəне  зерттеу  жұмыстарында  шығармашылық 



тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асырудың дамуы; 

-

 



кəсіби  деңгейі,  педагогикалық  рефлексия,  өзінің  позициясы  –  жеке  тұлғаның 

кəсіби-мазмұндық қасиеттерін тəрбиелеу; 

Музыка  өнері  –  адамзат  қауымының  пайда  болуымен  бірге  қалыптасып,  қоғам 

дамуының  барлық  сатысында  өмірлік  мəні  зор  тəрбиелік  қызмет  атқарып,  бүгінгі  күнге 

жеткен сарқылмас рухани қазына.   

Музыка  өнері  арқылы  педагог-музыкант  жеке  тұлғаның  дамып,  қалыптасуында  аса 

маңызды  роль  атқарады.  Музыка  адам  санасына,  жүйке  жүйесіне  ықпал  ететін  ерекше 


204 

 

психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, 



реттеуші сұлулық заңына сəйкестенген əсерлі əуен өрнектер. 

Жүйелі  түрде  жəне  мақсатты  бағыттылықпен  жүргізілетін  музыкалық  іс- 

шаралар,балалардың  музыкалық-шығармашылықтарын  оқушылар  құрамының  жас  жəне 

жеке-дара  ерекшеліктерін,  материалдық  базаны,  педагог  мамандардың  кəсіптік  деңгейін, 

жергілікті  жердегі  мəдени  инфроқұрылымдардың  жəне  т.б.  мүмкіндіктерін  есепке  алу 

негізінде  түрлі  ұйымдастыру  формалары  арқылы  жүзеге  асырылғанда  ғана  нəтижелі 

жетістіктерге қол жеткізеді [8].   

Əдебиеттер 

1. 

Абдуллин  Э.,    Николаева  Е  Методика  музыкального  образования.  Москва:  Музыка, 



2006. -336 с. 

3. Момынұлы П. Музыкалық эстетикалық тəрбие. Алматы: ҚАЗақпарат, 2000,-272 б. 

4.  Оспанова  Т.У.,  Ахметова  А.К.  “Профессионально-педагогическая  подготовка  учителя 

музыки”. Алматы: КазГосЖенПИ, 2004.-172с 

5.  Меңдіаяқова  Қ.  М..,.  Қарамолдаева  Г.  Ж.  Мектепте  музыка  тəрбиесін  беру    əдістемесі. 

Алматы: Əл-Фараби, 1997. – 132 б.  

6.  Ахметова  А.Қ.  Мектептегі  музыка  сабағын  оқыту  принцптері.  Алматы:  “Полиграфия-

сервис и К”, 2005.-104 б. 

7. Дүйсембінова Р.Қ. “Музыкалық білім беру педагогикасы” – Талдықорған:  І. Жансүгіров 

атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2006.- 216 бет.  

8.Л.Г.  Дмитриева,  Н.М.Черноиваненко.  Мектепте  музыкалық  тəрбие  əдістемесі            

Москва "Просвещение" - 1989. 

9. 

В.Белобородова 



,О.Апраксина. 

Жалпы 


білім 

беретін 


мектепте 

музыка                         

сабақтарына əдістемелік нұсқаулар. "Москва" -1971.  

 

10  А.Г.Менабени.  Жеке  əн  айтуға  үйрету  əдістемесі.  Москва  "Просвещение"  -                       



(методика обучения сольному пению) 1987г. 

11.Дмитриевский Г.А. “Хор жəне оны басқару”Алматы 1966ж.  

 

 

12. Қ.М. Меңдіаяқова, Т.М.Қарамолдаева. Мектепте музыка тəрбиесін беру əдістемесі”. 



13.  Нұғманова Ə.А. Балалар дауысының тəрбиесі –А. 1976ж. 

14 .Ұзақбаева. Ж.Төлебаева “Сырлы саздар тағылымы”. 

Алматы, 1992 ж 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет