Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет27/64
Дата06.03.2017
өлшемі8,24 Mb.
#8347
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
    Бұл бет үшін навигация:
  • Summary

 

ƏОЖ


 378: 786.8 (584

)                                                          



 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТА АЛАТЫН 

ОРНЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ 

 

Бейсенбеков Ж.Ж



 

ХГТУ


ШымкентКазахстан Республикасы 

 

Резюме


 

 

В  статье  проведен  место  изобразительного  искусства  в  современном  творчестве  и  его 

достижения 

Summary 

 

РIace of the decorative arts in modern creativity and its achievements 



 

Кескіндеме  өнері-өмірде  бар  нəрсені  ғана  бейнелейтін  нақты  бір  өнер  түрі»  деп- 

айтып  өткен  ағылшын  ақыны    Гюстав  Курбе.  Табиғат  əлемі,  мəдени  мұралар  мен  өнер 

түрлері  барлығы  адамның  рухани  дүниесін  байытып,  ой  бейнесін  тудырып  оның  көңіл 

күйін,  сезімін  оятып,  көркемдік  талғамы  мен  танымдық  көзқарасын  дамытып,  қоршаған 

орта өміріне бейімдейді. Өнер мен білімге деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның 

өмір  сүру  салтының  мəнін,  оның  рухани  мүмкіндіктері  арқылы  толықтырып  отырады. 


205 

 

Адам  өз  бойына  біткен  құдіретті  сананың  күшімен  əлемнің  сырлы  бейнесін  ой  бейнесіне 



ендіріп, өмір мəнін түсінуге ұғынуға талпынады. Əрине мұндай талпыныс шығармашылық 

қиялды  тудырады.  Шығармашылық  қиял  санадағы  ой  бейнесін  көркем-образдық  бейнеге 

айналдыруға мүмкіндік береді.  «Қазіргі заманғы өнер» галереясы қоғамның рухани жəне 

əлеуметтік  талаптарына  сəйкес  бейнелеу  өнеріндегі  жаңалықтар  мен  стильдік  бағыттар 

туралы  мəліметтер  береді.  Шығармашылық  қиял  санадағы  ой  бейнесін  көркем-образдық 

бейнеге  айналдыруға  мүмкіндік  береді.  Шығармашылық  процестегі  мұндай  сезімдік-

логикалық реттілік рухани тəрбие тəсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 

өткізіліп  отыратын  жеке  көрмелерде  суретшілердің  шығармашылығы  туралы  жан-жақты 

баяндайды.  Галереяның  басты  мақсаты-бейнелеу  өнерінің  əртүрлі  мəнерде,  жанрларда 

орындалған  біртума  полотнарымен  таныстыру  жəне  суретшілердің  дүниетанымын,  ой 

астарын, армандарын баршылыққа түсінікті тілде жеткізу болып табылады.Өйткені, əдетте 

терең  аллегориялық,  символикалық,  сюрреалистік  мəнерде  жазылған  туындылардан 

кескіндемешінің  ойын  оқуға  қиынға  соғады.Сондықтан  өнердің  бай  мұрасын  өнертану 

ғылымымен  ұштастыра  отырып,  тарихи  даму  жолдары  мен  жаңа  сатыларын  айқындап, 

өнерді,өнер  туындыларын  зерттеумен  нақты  айналысады.Галерея  экспозициясындағы 

Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  негізін,  тірегін  құраған  ұлы  кескіндемешілердің 

туындыларының  жанынан  салқынқанды  өте  алмайтыңыз  ақиқат.  Шеберлердің  басты 

мақсаты  –  қоғамда  болып  жатқан  маңызды  оқиғалар  мен  халықтың  өмірін  жарқын 

бейнелей  білуі  болды.  Суретшілердің  шығармашылығы  өнер  саласының  дамуында  үлкен 

рөл  атқарды.        Олардың  өмірден  алған  əсерлері  мен  тəжірибесі  нəтижесінде  туындаған 

көркем  кескіндемелері  мəн-мағынасы  жағынан  өте  қызықты.  Шығармада  ең  бастысы 

шебердің  идеясы  болып  табылады.          Идеясына  жүгіне  отырып  композициялық 

құрылымын,  кейіпкерлер  образын  сомдайды.  Көрмеге  қойылған  туындылар  əрқайсысы 

өзіндік  жазу  мəнерімен  ерекшеленеді.  Суретші  көрермендерге  негізгі  ойын  жеткізу 

мақсатында перспектива негіздері, ырғақ, түстік шешім мен жарық, көлеңке ауысымдары 

секілді  заңдылықтармен  қатар  түрлі  стильдерді  қолданылады.  Көпшілікке  есімдері 

танымал  жəне  шығармашылығы  қызуғышылық  танытатын  суретшілер:  Ə.  Кастеев,  С. 

Айтбаев,  С.  Мəмбеев,  Г.  Исмаилова,  А.  Ғалымбаева,  П.  Зальцман,  Ж.  Шарденов,  К. 

Муллашев,  Ə.  Сыдыхан,  А.  Аканаев  жəне  т.б.  тұлғалардың  кескіндемелері  көрермендер 

назарына  ұсынылған.  Солардың  ішінде  Ə.  Кастеевтің  «Жайлау»,  «Шалкөдегі  жазғы 

жайылым»  атты  сулы  бояумен  орындалған  қайтатумас  туындыларына  көңіл  аударғым 

келеді.  «Жайлау»  кескіндемесінде  тау  бөктеріндегі  жайылып  жүрген  қойлардың  көрінісі 

бейнеленген. Туындының шеткі сол бөлігінде отырған шопан мен қарама-қарсы жағындағы 

кейіпкерлердің композициялық орналастырылуында кеңістік пен ауаны сезінеміз. Жоғары 

көтерілген  жоталардың  сызықтары  мен  шырша  ағаштарының  пішіндері,  тау  жиектері, 

сарқырама  бұлақтың  жағалауындағы  үйлер,  адамдардың  бейнелеуінде  перспектива 

заңдылықтары  сақталғанын  байқаймыз.  Акварельді  бояулардың  түстері  қанық,  реңктер 

түзілімі жылы болып келеді. Суретшінің (палитрасы белгілі бір түстер қосындысы) қоңыр, 

жасыл,  көкшіл,  күлгін  түстерінің  үйлесімділігінен  құралған.  Ал,  «Шалкөдегі  жазғы 

жайылым» туындысы бұрын кітаптардың беттерінде басылмаған, тек көрме экспонатында 

ғана  кездестіруге  болатын  ерекше  жұмыс.  Бұл  шығармада  да  ауыл  тынысын,  күнделікті 

тіршілігін көреміз. Табиғат аясындағы жайлау бейнесі. Ə. Кастеев табиғатты, ауылды жан 

жүрегінен  туындаған  махаббатпен  суреттегені  оның  кішкентай  біртумаларынан  сезінуге 

болады.«Ə.  Кастеевтің  ұлылығы  оның  көркем  суретті  оқып  –  үйренуге  өз  бетімен,  өз 

бағытымен жетуінде емес, «ресми пайымдауға» суреткер ретінде тұтас та терең бейнелер 

жасай  отырып  шекесінен  шерткізбей,  ақылгөй,  философ  ұстамында  шығыстық 

бекзаттықпен,  ақша  қардың  сықырынан,  таза  ауаның  хош  иісінен  аптап  ыстық  күннен 

тараған  ызыңқы  сегерлік,  сезімтал  нəзіктікпен  қалып  қоюында»-  деген  суретші  туралы 

айтылған оймен келісеміз[1].Өйткені, қандай да бір туындысын алып қарастырсақ та туған 

жеріне  деген  сүйіспеншілігі,  ықыласы,  ауылдың  адамдарының  бейнелері  мен  күнделікті 

өмір  тіршілігінін  сюжеттері  көңіліңді  бірден  баурап  алады  куйбің  тіршілікке  толы 

өмірлерінің  кескіндемеде  айқындап  отырды.Кеңес  үкіметі  кезіндегі  Қазақстан  бейнелеу 

өнерінің  өкілдері  А.  Ғалымбаева,  Г.  Исмаилова, С.  Мəмбеев,  П.  Зальцман  кескіндемелері 

жоғары шеберлігімен, эстетикалы поэтикасымен таң қалдырары хақ. Тағдырдың таңдаулы 



206 

 

қызына  өнердің  құдіретін  жаратқанның  өзі  сыйлаған.  Онда  да  тек  кенепке  жағар  көп 



бояуды ғана емес, күй көкірек тыныстар кең дүние – айналасын да əдемі жаратқан. Табиғат 

əлемі,  мəдени  мұралар  мен  өнер  түрлері  барлығы  адамның  рухани  дүниесін  байытып,  ой 

бейнесін  тудырып  оның  көңіл  күйін,  сезімін  оятып,  көркемдік  талғамы  мен  танымдық 

көзқарасын  дамытып, қоршаған  орта  өміріне  бейімдейді.  Сөйтіп  мəдениет  астары  көркем 

педагогикалық  білім,  тəрбие  тəсілдерін  жүйелеуге  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  өнерде 

логикалық  құрылымдар  емес  саналы-сезімдік,  көркем-образдық  бейне  түзілімдері  негізгі 

танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Өнердің өзі «болмыстың қолдан шекіп 

соққан қалыбы» дейтініміз де сондықтан. Ал, Айша Ғалымбаева өз əлемінің сол болмысын 

жүректің  жылуымен  əлдилеп,  шекімей-шертпей  аялап,  оны  күншуақ  пен  көлеңкенің  нұр 

сəулесі 


тұнған 

алуан 


түстерден 

дестелейді.Айша 

Ғалымбаеваның 

көркем 


полотноларындағы  образдар  жүрек  жылуын  жер  бетіндегі  барша  тіршілікке  сыйлап 

тұрғандай. Ал Айшаның болмыс бітімі, жылы жүзді көзқарас, биязы, жұмсақ үні мен жылы 

сөзі  адамдардың  осынау  жарық  дүниеге  деген  құштарлығын  оятады.  Оның  бейнелеу 

өнеріндегі  образдарының  мейрімі,  іңкəрлігі  мен  ерекше  сомдалуы  кім  де  кімнің  жан 

дүниесіне шаттық пен жарасымдылықтың сазды əуенін сыйлайды. Өнер мен білімге деген 

сүйіспеншілік  өмірге  бейімдеп,  адамның  өмір  сүру  салтының  мəнін,  оның  рухани 

мүмкіндіктері  арқылы  толықтырып  отырады.  Адам  өз  бойына  біткен  құдіретті  сананың 

күшімен  əлемнің  сырлы  бейнесін  ой  бейнесіне  ендіріп,  өмір  мəнін  түсінуге  ұғынуға 

талпынады. Əрине мұндай талпыныс шығармашылық қиялды тудырады. Шығармашылық 

қиял  санадағы  ой  бейнесін  көркем-образдық  бейнеге  айналдыруға  мүмкіндік  береді. 

Шығармашылық  процестегі  мұндай  сезімдік-логикалық  реттілік  рухани  тəрбие  тəсілдерін 

іріктеуге  мүмкіндік  туғызады.  Рухани  тəрбие  оқушы  жан  дүниесін  елітіп,  ақыл  ойы  мен 

сана-сезімін  нұрландырады.  Затында  адам  санасында  əр  нəрсе  материалдық  та, 

руханилықта  бейнелі  болуы  мəнді.  Бұл  бейнелеу  өнеріндегі,  жалпы  барлық  өнер 

түрлеріндегі  бейнелілік  сипатқа  тəн  жəне  ол  кескіндік,  тұлғалық  көркем-образдық  əдіс-

тəсілдер  жүйесін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Ол  бейнелі  санаға  тəуелді.  Адам  өз 

өмірін  əлемді  бейнелі  қабылдаудан  бастайды  Сөйтіп  ол  адамның  өмірлік  бағдарын 

саналылыққа, мəнділікке уағыздап, түрлі танымдық мəселелерді ой елегінен өткізуге, оны 

өмірде сапалы қолдануға көмек береді, түпкілікті жағымды ойға жетелейді, педагогикалық 

мəдениет, əдеп жəне педагогикалық шеберлік кеңістігіне бойлап білім мен тəрбиенің жаңа 

парадигмасын қалыптастырады. Сондықтан мəдени жəне рухани мұралар мен көркем өнер 

арқылы  тəрбиелеуде  интеллектуалдық  мəдениетті  дамыту  философиялық ой-тұжырымдар 

арқылы  іске  асады.  Осы  себепті  қазіргі  жаһандану  дəуірінде  білімнің  философиялық 

мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық – қызметтік əдістемелер қолданып үйрету көзделуде. 

Барлық  көркем  білім  салаларында  рухани  мəдениет,  көркем  өнер  көздері  мен  олардың 

философиялық  мəнін  ашып  көрсету  арқылы  оқыту  ең  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етеді.     

Мұнда  рухани  құндылықтар  мен  мəдени  мұралардың,  өнер  түрлерінің  саналы-сезімдік, 

философиялық  үлгілік  мəнімен  таныстыру  басты  орынды  иленеді.  Мысалы,  өнер 

туындыларының философиялық мəн-мағынасын талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың 

өз  мүмкіндіктерінше  интеллектуалдық  тұрғыда  жүйелі  талдап  тұжырымдаулары  т.б. 

Философиялық  ой-тұжырым  мазмұны  қоршаған  орта  əлемінен  мəн  тауып,  оны  өз  өмір 

салтында, 

қызметінде 

қолдануға 

талпыну 

т.б. 


болып 

табылады. 

Дж.Дьюи 

философиясындағы  адамның  қоршаған  ортамен  үзіліссіз  өзара  əрекет  тəжірибесі  туралы 

өмірлік идеясы, осы көрсетілген тұжырымдар мəнін анықтауға көмектеседі.  

          Оның  философиялық  зерттеулері  педагогиканы  одан  əрі  дамытуда  маңызды 

болған,  «ойлау  актісі  мен  оқыту  процесінің  сəйкестігі»  туралы  ойын  тұжырымдау  мен 

негіздеуге мүмкіндік береді [1, с.186].Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық 

жұмыс  орындау  творчестволық  процесі  мен  оқытудағы  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы 

педагогикалық процесс кезеңдерінің сəйкестігі ұтымды нəтижеге жеткізеді.  

          Сондайда егер сəті түсе қалса қыл қаламның ұшынан алуан бояудың сан түрлі 

түсі – даналықтың даралығы танылады. Оны өткен ғасырлардың арманшылдары қиялдаған. 

Онда  суретшінің  қолынан  келмейтіні  болмайды,  қиялдың  өзі  тіріліп,  сізбенен  сырласа 

бастайды.Айша  Ғалымбаева  тумысынан  кескіндемеші,  дүниенің  бар  келбетін  айнытпай 

айқын көреді. Айналасын қоршаған қарапайым өмірдің өзін өңін өзгертпей көру – саналуан 


207 

 

түрдегі  сансыз  заттардың  атауының  өзінен  де  көп  кескіні  мен  келбетін,  сұлбасы  мен 



сымбатын, қызығы мен қылығын танып көре білу дегеніңіздің өзі жаратқанның тек сүйген 

құлына  сыйлаған  ерекше  дарыны.Сонау  жастық  шағының  өзінде  Айша  Ғалымбаева 

баяндаумен  қатар  (Шопан.  1949)  арманшылдыққа  бой  ұрды  (Менің  аулам.  1949).  Есейе 

келе суретшінің көкірек көзін кеңістік пен адамның, барша тірлік дүниесінің бірімен бірі, 

өзді өзі сырласуы, аралас-құраласы, толқымалы тынысы тəнті ететін болды. Сондықтан да 

ол  кейде,  сол  сəтте  өзге  «кейіпкерлермен»  тіл  қатысуға  қабілетті  бірді-екілі  кескіндерді 

ғана  бөліп  көрсетеді.  Бірақ,  нақты  айқындалған  тұсы  тұтастықтың  жасырын  толымды 

тұлғасына сілтеме жасайды. Сондықтан да образдың бейнеленуі шексіз, алайда соның өзі 

сізге картинадан тыс қалған əлемнің сыры мен мəнін түсіндіргісі келетін тəрізді. Театр мен 

киноның  талантты  суретшілері  А.  Ғалымбаева  мен  Г.  Исмаилова  туындыларын  ұлттық 

нақышта  бейнелейді.  Галереяда  Г.  Исмаилованың  «Құлпырған  гүлдер»,  «Актриса 

Нұралиеваның  портреті»  атты  полотналары,  А.Ғалымбаеваның  «Автопортреті»  көрмеде 

ерекше  орын  алады.  1943  жылы  Алматыға  Ленинградтан  келген  П.  Зальцманның 

«Шопандар», «Кілемшілер» атты жұмыстарында адамдардың психологиялық портреттерін 

қызықтауға  болады.  Оның  басты  тақырыптары  өмірдегі  қарапайым  халық,  əсіресе 

статикалы  орналасқан  бейнелердің  бет-келбеттерінен  көңіл-күйді,  олардың  өмірге  деген 

көзқарасын  жеткізуге  үлкен  көңіл  бөледі.  Осы  кезеңдегі  суретшілерге  тəн  қасиеттерінің 

бірі  -  өздерін  қоршаған  орта  мен  халықтың  тұрмыс  салтын,  адамдардың  мінезі  мен  бет 

əлпеттерінің  өзгешіліктерін  қапысыз  аңғару  арқылы,өздерінің  əсем  сезімдерін  неғұрлым 

дəл бейнелеуеді [2]. Ұлы классик шеберлердің ізбасушылары қазіргі замандағы жеріміздің 

талантты кескіндемешілері: А. Аканаев, С.Смағұлов, А.Бегалин, Ғ.Қаржасов, Ə. Сыдыхан, 

Ж.  Кəкенұлының  көркем  туындылары  көңілге  дөп  басады.  Кескіндемешілердің 

шығармашылығында  XX  ғасырдағы  Еуропада  қарқын  дамыған  бағыттарда  жасаған 

тəжірибелерін  байқаймыз.Импрессионизм,  кубизм,  абстракционизм,  сюрреализм  мен 

реализм,  символизм  мəнерінде  орындалған  туындылар  ерекше  сезімдерге  бөлейді.  Өнер 

жолы  – қиын жол.  Əр  суретші  тек  өзіне  тəн  бейнелеу  тілін,  мəнерін іздеумен  күн  демей, 

түн демей шеберханасында жұмыс істейді. Санасына ұялаған ойын көркем тілде жеткізуге 

ұмтылады. Мысалға,А. Аканаев, С. Кəрібай, Ə.Сыдыханның кескіндемелерін қарастырсақ, 

олардың  алуан  түрлі  тақырыптарда  бірнеше  стильде  бейнеленгенін  көруге  болады.Кəсіби 

білім  алып,  осы сала  бойынша  мамандасбаса да, əуесқой  мүсінші  С.  Ишановтың  қабілет-

қарымы  зор.  «Шардағы  қыз»,  «Ат»,  «Бақыт»,  «Ойлану»,  «Данатэя»,  «Гимнастика», 

«Арқар» сияқты ағаштан жасалған мүсіндерінен тума талантты адамның қабілеті сезіледі. 

Жануарлардың бейнелері стилизацияланған, пішіндері динамикалы, пластикалы орындалу 

жағынан  өте  қызықты.  Бұл  С.  Ишановтың  сезімталдық  қасиетінің  ерекшелігі  мен 

табиғаттан  берілген  таланттың  күшінде  деп  түсінеміз.  Кескіндемеші  А.Бегалиннің 

«Оберона  башнясы»,  «Бейбарыс»,  «Аққан  жұлдыз»  шығармаларынан  аллегориялық  терең 

мағынаны  ұғынамыз.  Қарағанды  қаласының  профессоры  Жүрсін  Балкенов  суретшінің 

туындыларын  «А.Қ  Бегалин  шығармасында  дəстүрлі  жақсылық  пен  жамандық,  күн  мен 

түннің  күресі,  моральдық-этикалық  мəселелер  негізінде,  мифологиялық  шеңберде 

қарастыра  отырып,  күрделі  фəлсапалық  мəселелерді  шешуде  өзіндік  бейнелеу  тілін 

қарастырады»-деп  суреттейді[3].  Ал,  біздің  пайымдауымызша  оның  жұмыстары  атақты 

нидерландық  Иероним  Босхтің  жазу  мəнеріне  ұқсас  болып  келеді.  Əсіресе,  қиялынан 

туындаған  өсімдіктер  мен  жануарлар  бейнелерін  күрделі  композициялық  құрылымында 

фантасмагориялық  ой-астарымен  бейнелегенінен  байқаймыз.  Көрмеде,  сонымен  қатар, 

Ақанаевтар  отбасының  шығармашылығын  тамашалауға  болады.  Мысалы,  Амандос 

Аканаевтің  «Тумандағы  ат»  атты  шығармасына  назар  аударайық.  Туындыны  сағаттап 

тыныштықта  қызықтауға  болады.  Тіпті  қанша  уақытын  кеткенін  де  сезбеуіңіз  мүмкін. 

Күлгін,  көкшіл  мен  ақ  түстердің  түрлі  реңктері  медитациялық  сабырлық  сезімдерін 

сыйлайды.  Көз  алдында  туманнан  бері  қарай  көрінген  жылқы  бейнесі.  Ақындар, 

жазушылар тұлпардың жүйріктігін, беріктігін ғасырлар бойы өлең шумақтарында мадақтап 

келетін  болса,  суретші  жұмысында  оның  керемет  сұлулығын,  нəзіктігін  сомдайды. 

Кескіндемеде  жылқы  –  жердегі  періште,  аяннан  гөрі  елеске  ұқсайтын  бейне.«Қазіргі 

заманғы  өнер»  галереясында  Шымкент,  Павлодар,  Қарағанды,  Астана  суретшілерінің 

туындыларымен  қатар  «Тюрксой»  қоғамының  ұйымдастыруымен  көрме  өткізіліп  жатыр. 



208 

 

Тюрксой – əлемде бірінші рет болатын түрік халықтарының бейнелеу өнерінің мұражайын 



құруды мақсат тұтады. Тəуелсіздік сарайында өтіп жатқан көрмеде Киргизия, Əзербайжан, 

Қазақстан  суретшілері:  П.  Кишкис,  И.  Раков,  Г.  Тельғазиева,  Сектай,  Т.Мажитова,  А. 

Есимова  жəне  т.б    шеберлердің    қиялынан    туындаған    абстрактілі  шығармаларын  көріп 

машықтанып əбден өнер туындысына қызыға қарап, қызықтауға болады.«Əрбір туынды – 

ол  бір  əлем»  дегендей  көрмеге  қойылған  шығармалардың  философиялық  мағынасын  бір 

мақалада  ашып  көрсету  мүмкін  емес.  К.Г.  Юнг: «Шығармашылықпен  айналысатын  əрбір 

адам жұмбақ, көптеген ғалымдар оның құпиясын ашуға тырысқанымен, оны толық қанды 

біле  алмас»-деген  сөздерімен  келіспеуге  болмас,  сондықтан  көрермендерді  біртума 

туындыларымен көзбе-көз танысып өзіндік əсер алуға өнер əлеміне шақырамыз. 

 

Əдебиеттер 

1.Қастеев Ə., «Өнер» баспасы,2004. Байтұрсын Өмірбеков (9-бет) Алматы,2005ж 

2.Əлемдік өнертану. Бейнелеу өнері. Асылбекова А.М. (271-бет) Алматы,2007ж 

3.Мəдени мұра  №26/27/ желтоқсан 2009ж. Жүрсін Балкенов  (91) 

4.Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның  материалдары.-Астана,  ЕҰУ  2006. 

– Б. 167-170 

5.Региональная научно-практическая конференция. – Бийск, 22 января 2010. – С. 301-30 

6.Болашақ мамандардың кəсіптік құзырлығын қалыптастыру: тəжірибе, проблемалар жəне 

перспективалар:  халықаралық  ғылыми  практикалық  конференция  материалдары.  – 

Көкшетау, 2009. – Б. 155-158. 

 

ƏОЖ


 796.5 

 

ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУ ƏДІСТЕМЕСІНІҢ 

БІРНЕШЕ МƏСЕЛЕЛЕРІ 

 

Дүйсебаева М.А

 

ОҚО, Шымкент, Қазақстан Республикасы 



 

Резюме


 

 

В  этой  научной  статье  описываются  некоторые  методики  преподавания  физического 

воспитания и спорта 

 

Summary 

 

This article describes some of the scientific methods of teaching physical education and sport 

 

Жаттықтыру  сипатындағы  дене  тəрбиесі  мен  спорт  сабақтарында  дайындық 

бөлімінің тапсырмалары бой жазу кезінде орындалады. 

Бой жазу – бұл дене тəрбиесі мен спорт сабақтарының негізгі міндеттерін шешу үшін 

ағзаны дайындауға бағытталған дене жаттығуларының жүйесі. 

Бой  жазу  туралы  сауалдар  спорттың  ілімдік-физиологтарын  негізінен  1934-1935 

жылдардан кейін  қызықтыра бастады.  Осы  уақыттан  бастап,  спорт  машықтануы  мен  оны 

қамтамасыз  ету  əдістемесіндегі  орындалу  заңдылықтары  зерттеліп  келеді  (М.Я.Горкин, 

Ю.С.Гиппенрейтер, А.Н. Крестников, З.Я.Старорусская, И.А.Вардишвили, жəне басқалар). 

Бой  жазуды  жүргізу  əдістемесінің  басты  мəселелері  мыналар:  а)  бой  жазуды 

бөлімдерге бөлу; ə) қолданылатын дене жаттығуларының сипаты мен мөлшері; б) қайталау 

мен  қимыл  қарқынының  саны;  в)  бой  жазудың  жеткіліктілігі;  г)  оқушылардың  бой  жазу 

аяқталғаннан негізгі жаттығулар басталғанға дейінгі мінез қалпы. 

Бой  жазуды  жалпы  жəне  арнайы  бөлімдерге  бөледі.  Жалпы  бөлімнің  міндеті  – 

функционалдық процестердің кері тебілуін бағындыру, ағзаның қызмет мүмкіндігін жұмыс 

қабілетінің ең жоғарғы деңгейіне көтеру, вегетативтік қызметтің жалпы қозуын қамтамасыз 

ету; ағзаны «қыздыру», бұлшықеттің былжырауын болдырмау, ағзаны жұмысқа бейімдеу. 


209 

 

Бой  жазудың  арнайы  бөлімінің  міндеті-қимыл  аппараты  мен  ішкі  мүшелерді  сабақтың 



негізгі бөлімінде қойылатын талаптарға бейімдеуге дайындау болып табылады.[2] 

Көптеген спорт түрлерінде бой жазу жүгіруден басталады. Жүгірудің артынан немесе 

соған араластыра дəлдігі жөнінен қарапайым, бұрын меңгерілген жаттығулар, сол сияқты 

«Шеңбердегі доп», кіші алаңда жеңілдетілген футбол ойыны орындалады. 

Барынша  көп  жаттығулар  қолданылады,  бірақ  олардың  əрқайсысы  аз  мөлшерде 

бірнеше  рет  қолданылады.  Ешқандай  жаттығу  түгел  қысыммен  орындалмайды. 

Қайталаудың  жалпы  саны  үлкен.  Қолданылатын  жаттығуларды  тез  ауыстырып  жəне  оны 

орындау ерекшелігіне қарай бой жазудың бұл бөлігі ойындарды еске түсіреді. Бұлшықеттің 

түрлі  топтары  мен  дене  бөлігінің  қимылын  кезектестіріп  қана  қоймай,  сол  сияқты  күшті, 

иілгіштікті, бұлшықетті босаңсытуға қабілеттілігін дамытатын жаттығуларды араластыру, 

яғни  уақытша жəне жалпы  əсер ететін жаттығуларды  кеңестіру  өте  маңызды.  Бұнда  дене 

салмақтанып,  ағзаның  жұмысқа  дайындығы,  кинестезиялық  сезімдердің  нəзіктігі,  қимыл 

ұғымдарының айқындығы, өз қимылын бақылау қабілеттілігі тексеріледі. 

Егер  сабақтың  негізгі  бөлімінде  вегетативтік  қызметті  қоздыратын  жаттығулардан 

бөлек бұлшықет қысымының жоғарғы қарқындылығы қажет болса, онда бой жазуға мүмкін 

жарақаттардың  алдын  алатын  қимыл  топтамаларын  ендіреді.  Бұл  үшін  бірнеше 

динамикалық  күш  жаттығуларын  жасап,  сосын  жарақатқа  көп  ұшырайтын  бұлшықет 

топтарына арналған статикалық сипаттағы жаттығуларды орындау пайдалы.  

Бой  жазудың  арнайы  бөлігінде  негізінен  сабақтың  негізгі  бөлімінің  мазмұнын 

құрайтын дене жаттығуларының элементтерін пайдаланады. 

Бүкіл  топ  болып,  топшаларға,  жұптасып,жеке  снарядпен  немесе  түрлі  снарядтарды 

(спорт  құрал-жабдықтарымен  түрліше  бастапқы  қалыптан,  яғни  отыру,  тұру,  тізеден, 

жатып,  жүре  басып,  бір  орнында,  секеңдеу  кезінде  жəне  жүгіруде  бой  жазуға  болады. 

Таныс емес қимылдар алдын ала көрсеткеннен кейін орындалады жəне оны топтық əдіспен 

түсіндіруден  соң  орындалады,  оқушыларға  жақсы  таныс,  дəлдігі  бойынша  қарапайым 

қимылдар  ұзақ  үзіліссіз-ақ  бірінен  кейін  бірі  орындалады,  онда  бір  жаттығудың  соңы 

келесін бастау үшін бастапқы қалып болады, яғни топтық əдіспен орындалады. 

Оқу-жабдықтыру  сабақтарында  бой  жазулар  5-тен  30  минутқа  дейін  созылады.  Бұл 

шамадағы оның ұзақтығы метеорологиялық жағдайға қарай өзгеріп отырады (температура, 

жел күші, ылғалдылық). Яғни, ыстық ауа райында оның жалпы бөлімі қысқартылады. Бой 

жазу  ұзақтығы  сол  сияқты  дайындалушылардың  машықтану  деңгейі  мен  тұлғалық 

ерекшеліктеріне,  сол  сияқты  сабақтың  негізгі  бөлімінің  мазмұнына  да  байланысты.  Бой 

жазудың жеткіліктілігі субъективті өлшеуі дене жаттығуларына дайындықты сезіну болып 

табылады. Ол барлық қимылдар еркін жасалады, кей жерлердегі бұлшықеттің қатып қалуы 

жоғалады,  олар  ыңғайлы,  серпімді  болады.  Бой  жазуды  дер  кезінде  аяқтаудың  нысанды 

белгісі минутына 130-150 соққыға дейін жететін пульс жиілігі болып табылады. 

Бой жазуды дұрыс жүргізген кезде пульс жиілігі 1-2 минуттан соң бастапқы шамаға 

қайта  келеді.  Бой  жазудан  кейін  8-10  минут  бұлшықет  топтарын  уқалап,  оларды  негізгі 

жаттығуды орындауға белсене қатысуға лайықтау керек (қарқынды массаж жасау керек). 

Оның  негізгі  бөлігіндегі  сабақты  ұйымдастырудың  ең  маңызды  мəселелерінің  бірі-

сипаты  жағынан  əр  түрлі  жаттығуларды  орындау  бірізділігін  анықтау.  Жалпы  кеңестер 

мыналар: 

1)  дəлдігі  бойынша  күрделі  жаттығуларды  немесе  жаңа  қимылдарды  сабақтың 

бірінші  бөлімінде  орындап,  үйрену  қажет;  ағзаның  вегетативті  қызметіне  үлкен  талап 

қоятын жаттығуларды сабақтың екінші жартысында орындайды. 

2)  егер  сабақтың  басты  міндеті  спорт  жаттығуларының  тəсілін  үйрену  болса,  онда 

негізгі  бөлімнің  соңына  қарай  күшті  дамытуға  арналған  жаттығуларды  орындаған  дұрыс. 

Бұл жаттығулар тек оқушылардың дене дайындығын арттыруға ғана жəрдемдесіп қоймай, 

сондай-ақ  қимыл  мүмкіндіктерін  келесі  сабаққа  қайта  қалпына  келтіруді  де  жақсартады. 

Алайда,  сабақтың  ең  соңында  үйренген  жаттығуды  тағы  қайталау  керек,  себебі  сабақтың 

бірінші  жəне  соңғы  бөлімдерінде  орындалған  (үйренген)  жаттығулар  орта  бөлімдегіге 

қарағанда бұдан кейін жақсы жасалады; 



210 

 

3)  егер  сабақтың  негізгі  мақсаты  күшті;  шапшаңдық  пен  иілгіштікті  дамыту  болса, 



онда оның дамуына бой жазудан кейін, яғни оқушылар əлі шаршамаған уақытта орындау 

керек. 


4) көп жағдайда шапшаңдықты дамытуға арналған жаттығулар төзімділікті дамытуға 

арналған  жаттығулардың  алдында  болуы  тиіс.  Алайда,  жоғары  білікті  спортшылар 

керісінше жасай алады, себебі олар шаршау кезінде де жоғары күш жұмсауға дайын болуы 

керек (əсіресе айналымдық спорт түлерінде); 

5)  егер  сабақтың  мақсаты-төзімділікті  дамыту  болса,  онда  бой  жазудан  соң 

бастапқыда  анаэробтық  қызметті  (жылдамдық  төзімділігі),  сосын  аэробтық  (жалпы 

төзімділік) қызметті дамытуға арналған жаттығулар қолдану керек; 

6) жекелеген спорт жаттығуларын машықтану сабақтарының негізгі бөлімдеріне бөлу 

спорт  жарыстарының  бағдарламасына  байланысты  болады.  Осыған  сəйкес  үлгілерді  құру 

үшін,  жарысқа  немесе  соған  өте  жақын  жағдайда  белгіленген  бірізділікті  ұстану 

пайдалы.[3] 

Сабақ барысында жүктеменің ағзаға қатысы толқынданып өзгеріп отырады, яғни өте 

төменгісінен шектен тыс жоғарыға дейін көбейеді. 

Дене  тəрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  оқушыларын  ұйымдастыру  құралы  бұйрық 

деп аталады. Ол мынадай мүмкіндіктер береді: а) оқушыларды тұрғызу жəне орналастыру; 

ə)  бастапқы  қалыпта  тұру;  б)  қимылды  бастауға  жəне  аяқтауға  бұйрық  беру;  в) 

оқушылардың  қимылдары  мен  əрекеттерін  басқару;  жүктеменің  ағзаға  əсері  мен 

орындалатын қимылдар сипатын реттеу; г) дененің жеке бөліктеріне, ағза қызметіне таңдап 

əсер ету; д) қажетті тəртіпті орнату.  

Бұйрықтың сипаты спорт түріне, оқущылардың құрамы, олардың аталған бұйрықпен 

жəне  жаттығумен  таныс  болуы,  қойылған  міндет  пен  сабақты  жүргізу  шартына 

байланысты өзгереді. Бұйрық жаттығуды орындау мəнерін анықтайды: кілт, үзбелі бұйрық 

қимылды  шапшаң  əрі  дəл  орындауға,  созылмалы  жəне  сарынды  бұйрық  қимылды  баяу, 

қысымсыз орындауға міндеттейді. 

Бұйрық беруге жиі ұрынбау керек. Оны шектен тыс көп пайдалану сабақтың көңіл-

күйін түсіреді, орындалатын қимылды жеке ерекшелікке сай жасауға мүмкіндік бермейді, 

оқушылардың  бастама  көтерушілігін  түсіреді.  Кей  жағдайларда  бұйрықты  əуенмен,  қол 

шапалақтаумен,  ысқырықпен  немесе  қысқа  тықылдатумен  алмастыруға  болады.  Бұл 

арқылы оқытушы жекелеген дене бөліктері қимылының бірізділігі, оның бағыты, құрамы, 

туындаған  күш  сипатын,  тыныс  алу  мен  тыныс  шығару  сəттері,  күшті  реттеп,  қимыл 

қарқыны мен ырғағы туралы ұғым қалыптастыру туралы ескертеді. 

Жаттығуды  ұйымдастырып  жүргізу  үшін  оқушыларды  сабақ  пəні,  оқушылардың 

жынысы, жасы жəне дайындығына қарай (білігі мен спорт дəрежесі) бөлу қажет. Кейде бір 

немесе бірнеше сабақтар бойына нақты міндеттерді шешу үшін топтар құрылады (күрделі 

дене  жаттығуларының  жекелеген  топшаларын  меңгеру,  өзара  бақылауды  ұйымдастыру, 

белгілі  тактикалық  қосындыларды  үйрену  үшін,  т.б.).  Тұлғалық  спорт  түрлерінің 

машықтану  сабақтарында  топшада  5-6  кейде  тіпті  2-3  адам  болуы  мүмкін.  Тұрақты  жəне 

уақытша топтарда да топбасшы тағайындау керек. 

Бүкіл топпен немесе топшамен жекелеген дене жаттығулары сабақтарын жалпылама, 

яғни барлық оқушылар қимылды бір мезгілде бірлесіп жасайды. 

Қимылдың  тұлғалық  жағынан  дұрыс  түрін,  оқушылардың  əрқайсының  қимыл 

сапасын дамыту мен тəсілдік жетілдіру құралдарын табу үшін топтан бөлек жеке тұлғалық 

сабақтар өткізу қажет. Сабақтың бұл түріндегі оқытушы рөлін қимыл жоспарын жасауға, 

аталған жаттығуды орындауды бақылауға, оқушылардың əрекетін реттеуге құрылған. 

Дербес  сабақтар  тек  тұлғалық  спорт  түрлерінде  ғана  емес,  сол  сияқты  командалық 

түрде  де  қажет.  Спорт  ойындарындағы  тұлғалық  жəне  дербес  сабақтарда  дене  жəне 

тəсілдік  дайындық  бүкіл  команданың  бірігіп  өткен  сабақтары  кезіндегіден  де  көп 

мөлшерде жетілдіріледі. 

Оқушыларды дербес сабақтар жүргізуге үйрету бірте-бірте тапсырманы күрделендіру 

жолымен 


жүргізілуі 

мүмкін. 


Тапсырманың 

ең 


қарапайым 

түрі-оқытушының 

түсіндіргенінен  кейін  жалпы  қатарда  (бұйрықсыз)  жаттығуды  өзінше  орындау  болып 

табылады.  Күрделі  түрдің  тағы  бірі-бұл  спорт  алаңдарында  немесе  түрлі  орындарда 



211 

 

жаттығуларды  тобымен  немесе  тұлғалық  етіп  орындау  болып  табылады.  Оқушылардың 



тəжірибесінің артуына, олардың машықтануының жоғарлауына қарай тапсырма күрделілігі 

мен саны да арта түседі. Үйренген жаттығу тəсіліндегі қателерді түзетуде кейде көптеген 

тапсырма  беру  дұрыс  емес.  Орындалып  жатқан  тапсырманы  бақылай  отырып  мұғалім 

оқушы қимылына араласа бермеуі керек. Ол оқушыларды қадағалап, сабақ соңында дербес 

жаттығулардың  нəтижелерін  талдап  немесе  спортшының  есебіне  қанағаттануы  қажет. 

Орындалған тапсырманы бақылауды қажетті инструкция алған оқушылар да жасай алады. 

Егер мұғалім педагогикалық тұрғыдан сенімді құралдармен оқушыларда оң көзқарас 

қалыптастыра  алса,  онда  дене  тəрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  міндеті  шешілді  деп 

есептеуге  болады.  Үлкен  қызығушылық,  қуаныш,  энтузиазм,  өз  күшіне  сенімділік,  өз 

жетістігін  тану  оқушылардың  жұмыс  қабілетіне, олардың  нəтижелеріне  дұрыс  əсер  етеді. 

Олар  сергек  əрі  көңілді  болса,  онда  сабақ  та  оларды  қуантады  тіпті  қатты  қысымды 

машықтануда  да  күшті  тез  қалпына  келтіреді,  олар  оқытушының  барлық  бұйрықтарына 

назармен жауап беріп, барлық тапсырманы жақсы орындайды жəне керісінше, сенімсіздік, 

қатты  ойлану,  мазасыздану,  қорқыныш  оқушылардың  өз  мүмкіндіктерін  толық 

көрсетпейді, олардың дайындығы мен жалпы жағдайына кері əсер етеді.[2] 

Дене  тəрбиесі  мен  спорт  сабақтарын  жүгізу  барысында  қызығушылықты  арттыру 

мен оң көзқарас қалыптастыру шартын бес топқа бөледі: 

1)  Құралдар  мен  əдістерді  пайдалану  (жаттығулар  мен  əдістемелік  амалдарды 

түрлендіру, оларды дер кезінде бағалау, сабақтарда əуенді, көрнекі құралдарды пайдалану, 

т.б.); 


2) Жүктеме қолдану (оларды ауыстыру, оптимальді жүктеме қолдану); 

3)  Ұйымдастыру-əдістемелік  сипаттағы  шаралар  (сабақтың  ойын  жəне  жарыс 

түрлерін  кең  пайдалану,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  міндеттерді  нақты  қою,  сабаққа 

арналған қолайлы жағдай жасау); 

4) Ұжымдағы, спорт командасындағы өзара қарым-қатынастың есебі мен реттелуі; 

5) Оқытушының тұлғасы мен мінез-құлқына байланысты шарт. 

Спортпен айналысуға қызығушылық тудыратындар мыналар: 

1)  Оқушылар  үлкен  беделге  ие,  танымал  спортшылар  мен  бапкерлерді  шақырып, 

кездесулер мен əңгіме өткізу; 

2)  Аталған  спорт  ұйымының  мүшелерінің  жарысқа  қатысудағы  нəтижелері  туралы 

ақпаратқа  арналған  стенд  қою,  еліміз  бен  əлемнің  күшті  спортшыларының  жарыстарға 

қатысуы мен спорт сабақтарына байланысты оқиғалары туралы мəліметтер келтіру; 

3)  Спорт  жарыстарына,  спорт  тақырыбына  арналған  көркем  фильмдерге,  оқу 

кинофильмдеріне ұжыммен бірге бару жəне оны талқылау; 

4) 

Ата-аналарының,  жақын  жолдастарының,  туыстарының  жəне  таныс 



спортшыларының сабақтарына қатысу; 

5)  Спортшылар  туралы  газеттер  мен  журналдарда  мəліметтер  жазып,  оны  радиодан 

хабарлап, олардың өнерін кинодан көрсету, теледидардан хабар беру; 

6)  Бүкілодақтық  біріккен  спорт  классификациясынан  спорт  атақтары  мен 

дəрежелерін алу; 

7) Спорт наградаларын алу. 

Асыра  машықтану  шектен  тыс  қысым,  жарақат  жəне  т.б.патологиялық  жағдайды 

болдырмау  үшін  сабақ  барысында  шара  қолдану  қажет.  Оқытушы  құрал-жабдықтардың 

дұрыс  орналасуын,  оқушылардың  ретті  тұруын,  оқушыларға  қойылатын  бірізділік  жəне 

жүйелілік  талаптарын  сақтауды  жəне  жеткілікті  бой  жазу  өткізуді  қадағалау  керек. 

Оқушылардың  тұлғалық  мəліметтері  мен  жағдайына  сəйкес  сабақ  міндеттерін  шешудің 

əдістері  мен  құралдарын  таңдау,  сыртқы  орта  жағдайын  мүмкіндігінше  реттеу, 

дөрекілікпен, тəртіпсіздікпен күресу, инструкцияда келтірілген ережелерді қатаң орындату, 

қауіпсіздікті  сақтау,  оқушыларды  қатты  ыстықтан  жəне  қатты  салқындаудан  сақтау 

маңызды болып табылады. 

Бұл  айырмашылық  негізінен  түрлі  жастағы  балалар  тобының  бағдарламалық 

мазмұнының  өзгеруіне  байланысты  болады.  Бұнда  балалардың  дене  тəрбиесі  жəне  спорт 

сабақтарында  нақты  екі  мақсат  бар  екенін  ескертеді.  Оның  біріншісі-түрліше  дамыған 

азаматтарды  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету  болса,  екіншісі-балаларды спортпен  дербес 


212 

 

айналысуға дайындап, болашақта жоғары спорт нəтижелеріне жетудің негізін салу болып 



табылады.  Бірінші  жəне  екінші  мақсатта  да  алғашқыда,  негізінде  локомация  дəлдігі 

қарапайым  спорт  жаттығуларының  тəсілін,  сосын  одан  күрделірек  жаттығуларды 

орындауға  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы  балаларды  қимыл  əрекеттеріне  оқытуға  үйрету 

керек, оларға өмірде де, спорт сабақтарында да көмек береді. Егер балалық шақтан бастап 

спорт  жаттығуларының  дұрыс  тəсілі  қалыптаспаса,  онда  спортпен  одан  кейін  айналысу 

нəтиже əкелмейді 

3-4 жыл бойы бірнеше спорт тəсілдерімен жұмыс жасау жəне балалардың табиғи өсуі 

мен  дамуы  10-12  жастан  бастап,  спорт  түрлерінен  мектеп  аралық  жарыстарға  қатысып, 

тəжірибе  жинақтап,  өзінің  бейімділігі  мен  қабілетін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  12-13 

жастан  бастап  балаларды  спорттың  бір  түріне  тəрбиелеуге  болады,  бірақ  бұнда  аталған 

спорт  түрінің  сан  қырлылығына  үйретеді  (егер,  баланы  жеңіл  атлетикаға  деген  спорттық 

қызығушылығын  шектеу  керек  болса,  онда  бастысы  жеңіл  атлетикалық  көпсайысқа 

оқытады;  ал  жүзуге  үйретсе,  онда  сабақ  құрылымына  түрлі  жүзу  тəсілдерін  түрлі 

қашықтықтарда үйретеді, т.б.). 14-15 жастан бастап, таңдаған спорт түрінің ішіндегі бір-екі 

пəнді сабақ пəніне ендіреді. 

Қыздар  мен  əйелдердің  морфологиялық,  физиологиялық  жəне  психологиялық 

ерекшеліктері  олардың  сабақтарын  құруда  балалар  мен  жасөспірімдер  жəне  ерлермен 

салыстырғанда  бірнеше  айырмашылықтар  бар.  Негізгі  айырмашылықтар  төменде 

келтірілген: 

а) спорт жарысының пəні ретінде ауыр атлетика, бокс, футбол, шайбалы жəне допты 

хоккей, шаңғымен трамплиннен секіру, каноэде ескек есу, т.б. алынып тасталады; ə) кейбір 

спорт түрлерінде олардың кей түрлері алынып тасталады (мысалы, жеңіл атлетикада-балға 

лақтыру, сырықпен секіру, үштік секіру, 3000 км-ге кедергімен жүгіру); б) ұзақ жəне орта 

қашықтыққа  жүгіруден,  шаңғы  тебуден  жəне  басқа  айналымдық  спорт  түрлерінен 

қашықтық  қысқартылады;  в)  кедергімен  жүгіруде  кедергі,  волейболда  тордың  биіктігі 

төмендетіледі;  г)  жеңіл  атлетикадағы  лақтыру  снарядтарының  салмағы  азайтылады;  д) 

спорт гимнастикасы мен басқа да спорт түрлерінде жаттығу сипаттары өзгертіледі; е) ерлер 

айналыспайтын спорт түрлері ендіріледі (мысалы, көркем гимнастика). 

 Əйелдер  мен  қыздар  сабақтарын  құрудағы  маңызды  талап-бұл  етеккір  уақытына 

байланысты жүктеме көлемі мен сабақ мазмұнын өзгерту болып есептеледі. Көп жағдайда 

ең  жоғарғы  жұмыс  қабілеті  бұл  кезеңге  дейінгі  10-12  күнде  байқалатынын  есте  ұстау 

қажет.  Ал  10-12  күннен  кейінгі  етеккір  уақытынан  соң,  жұмыс  қабілеті  елеусіз 

жоғарылайды. Сондықтан жүктемені жылдамдық пен төзімділікті дамыту үшін етеккірден 

кейінгі 3-4 күнде жəне оның басталу уақытына дейін жеке сабақтарға үйлесімді бөлу керек. 

Бұл  жағдайда  барынша  қарқынды  жүктемені  етеккір  кезеңіне  дейінгі  10-12  күнге 

жоспарлау қажет. 

Алайда,  қыздар  мен  əйелдердің  дене  тəрбиесі  мен  спорт  жаттықтыруы 

сабақтарындағы  құралдар  мен  əдістерді  таңдауда  белгілі  шектеу  ендіру  қажет  болған 

жағдайда оларға өте мəдениетті қарау керек (кейде қимыл дəлдігінің дұрыс еместігі туралы 

ескерту жасау, т.б.), жоғары білікті спортшылардың машықтану сабақтарының құрылымын 

талдау  тəжірибесінен  əйелдер  жаттықтыруы  да  кем  түспейтінін,  тіпті  асып  кететінін 

көрсетеді.  Жоғары  білікті  спортшы  қыздардағы  жаттықтыру  жүктемесінің  көлемі  ерлер 

жүктемесінен  көп  ерекшеленбейді.  Көптеген  зерттеушілер  (В.В.  Гориневская,  Р.Е. 

Мотылянская, Л.П. Матвеев, т.б.) ерлерге қарағанда əйелдердің жаттықтыру сабақтарынан 

кейінгі  қалпына  келтіру  барысы  тез  өтеді  деді.  Біріктірілген  сабақтар  ұлдар  мен  қыздар 

үшін  де,  бойжеткендер  мен  бозбалалар  үшін  де  пайдалы.  Əйелдер  қимыл  дəлдігі  нəзік 

жаттығуларды  тез  меңгерсе,  ал  ерлер  күшті,  төзімділік  пен  шапшаңдықты  дамытатын 

қимылдарды  тез  игереді.  Сондықтан  біріккен  сабақтар  екі  жыныс  өкілдерінің  де  қажетті 

дағдыны меңгеруіне қолайлы ықпал етеді. Спортшы қыздар жоғарғы нəтижеге жету үшін 

ерлердің қимыл сапасын өздеріне көп көлемде сіңіріп, дамытуы қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет