Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Вонсовский С.В. Магнетизм микрочастиц. – М:наука, 2000. 
2.Вонсовский С.В. Магнетизм:современные представления.-Природа,2000. 
3. Вонсовский С.В. Магнетизм и электропроводность металлов.-УФН,1999,т 76,с.467. 
4.Вонсовский С.В. Магнетизм:современные представления.-Природа,2000. 
5.Дәрібеков С.Материалдар физикасының негіздері. –Қарағанды:ҚарМУ баспасы,2006.-306с. 
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  роль  магнитных  явлений  в  технике  и  дается 
современное состояние физических представлений о магнитных свойствах различных твердых тел. 
Annotation. In this article the role of magnetic phenomena in the technology is examined and is given the 
contemporary state of physical ideas about the magnetic properties of different solid tel. 
 
ӘОЖ 681.5 
           Ш 96 
                        
РОБОТОТЕХНИКАНЫ   МЕҢГЕРУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Кӛшербаева М.Р.,Шҥкірбаева Ш.Б.,Турдалиева А.Қ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 

113 
 
Қазіргі кезде, дүние жүзінде роботтар жасау, яғни робототехника саласы қарқынды дамуда. 
Қазақстан үшін робототехника саласы - ӛте жас сала. Мысалы, Жапония, АҚШ, Германия сияқты 
робототехника  саласындағы  жетік  елдер  сондай  биік  дәрежедегі  ӛндіріске  ондаған  жылдар 
бойы тынымсыз  еңбектеніп  жетті.  Қазірге  кезде  бұл  елдерде,  робототехника  саласы  қарқынды 
дамып  келеді және де сол  елдердегі  робототехника  саласы Қазақстандағы  робототехниканы  10-20 
жылға  озып  отыр.Германияның  Kuka  AG, Жапонияның  Kawasaki  Robotics  индустриялды 
роботтарды шығаратын компаниялары соған мысал бола алады [1]. Біз де болашақта осы дәрежеге 
жетуіміз  үшін  кӛптеген  тынымсыз еңбек  етуіміз  қажет. Ал енді  робототехника  дегеніміз  не  деген 
сұраққа жауап берейікші. 
Робототехника (робот  және техника; ағылш. robotics —  роботика,  роботехника)  – 
роботтардың  құрылысымен,  жұмысы мен  қолдануымен  айналысатын,  оған  қоса  олардың  басқару, 
сезіну мен мәлімет ӛңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды  инженерия мен 
компьютер 
ғылымдарының 
біріккен 
саласы 
[2].  Робототехника 
роботтардан 
басқа 
автоматтандырылған  техникалық  жүйелер  мен  ӛндірістік  үдерістердің  ең  жаңа  техникалық 
жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. 
 «Робототехника»  сӛзінің  негізін  қалайтын  «робот»  сӛзін  1920  жылы  Карел  Чапек  деген 
чехиялық  жазушы  алғаш  болып  ойлап  тауып,  ӛзінің  1921  жылы  қойылып,  кӛрермендердің 
ілтипатына ие болған ғылыми-фантастикалық «Р.У.Р.» («Россумские универсальные роботы») атты 
пьесында  қолданған. Сол  пьесада  зауыт  бастығы  адамдарға  ұқсас  роботтарды  ойлап  табады  да, 
тоқтатпай  жұмыс  істетеді.  Басында  андроидтар  адамды  мінсіз  тыңдап,  жұмыс  істейді,  алайда 
кейіннен қарсы шығып, ӛз жаратушыларын жояды. 
1942  жылы  ғылыми-фантастикалық  мәнерде  жазатын  жазушы  Айзек  Азимов 
робототехниканың  үш  заңын  ойлап  табады.  1948  жылы  Норберт  Винер  тәжірибелік 
робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған.  
Қазіргі  кезде  роботтардың  кӛптеген  түрлері  бар,  әртүрлі  орталарда  әртүрлі  жолмен 
қолданылады.  Қолдану  мақсаты  мен  сыртқы  келбеті  әртүрлі  болғанымен,  құрылымына  келгенде 
баршасында 3 бірдей жерлері бар: 
1.
 
Әр  робот  механикалық  негізі  -  құрылғы,  рамадан  тұрады.  Сол  раманың  түрі 
қолданылатын  мақсатына  қарай  ӛзгереді.  Мысалы,  робот  лай  мен  құмның  үстімен  жүретін  болса, 
шынжыр  тракторлар  қолданылуы  мүмкін.  Механикалық  жағы  ойлап  табушының  бір  бӛлек 
мәселенің  шешімі,  робот  жүретін  жердің  қоршаған  ортасына  байланысты.  Роботтың  формасы  
атқаратын функциясымен тікелей байланысты. 
2.
 
Әр  робот  электр  бӛлшектерден  тұрады.  Сол  бӛлшектер  робот  жүйелерін  толығымен 
бақылайды.  
3.
 
Барлық роботтар кішкене болса да  компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот 
қалай жұмыс істейтіні кӛрсетіледі. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару, жасанды 
интеллект және гибрид.  
Роботтардың  кӛп  бӛлігі  электр  моторларын  қолданады.  Портативті  роботтарда  кӛбінесе  тікелей 
тоқпен жұмыс істейтін  brushed және brushless моторлары, немесе айнамалы тоқпен жұмыс істейтін 
индустриалды роботтар және CNC машиналары. Сондай моторлар кӛбінесе жүгі жеңіл және басым 
жылжымы айналмалы жүйелерде қолданылады. 
Желілік жетектердің кӛптеген түрлері айналудың орнына алға-артқа жылжиды, бағыты тез және кӛп 
ӛзгереді.  Кӛбінесе  индустриалды  роботтар  сынды  үлкен  күш  қуат  керек  кезінде  қолданылады. 
Басты түрлері сығылған ауа (пневматикалық), немесе сұйықтық (гидравликалық) қолданады. 
Роботтарды  қозғалтуда  бұлардан  басқа  қолданатын  бірнеше  құрылғылар  бар.  Олардың 
бірнешеуін тӛменде қарастырайық: 
 
Қатарлап  келген  серпімді  жетектер.  Серіппелер  мотор  жетегінің  бір  бӛлігі  ретінде 
жобаланады. Серіппе кӛптеген роботтарда қолданылған, мысалға гуманоид робот. 
 
Ауа  бұлшық  еттері.  Пневматикалық  жасанды  бұлшықеттер,  басқаша  айтқанда  ауа 
бұлшықеттер, дегеніміз желді күштеп үрлеген кезде созылатын (40% дейін) құбырдың ерекше түрі 
сынды. Олар кейбір роботтардың түрлерінде қолданылады.  
 
Сым  сынды  бұлшық  еттер.  Сым  сынды  бұлшықеттер  тағы  есте  сақтау  қабілеті  бар 
қорытпа ретінде белгілі. Бұлшықеттердің бұл түрі ӛте аз қолданылады.  
 
Серпімді  наноқұбырлар.  Серпімді  наноқұбырлар  келешегі  зор  жасанды  бұлшықеттер 
технологиясы.  Қазіргі  кезде  ол  зерттеулердің  бастапқы  кезеңінде.  Карбон  наноқұбырларында 
ақаулар  жоқ  болғанның  арқасында  карбон  жіптері  бірнеше  пайызға  ӛз  ұзындығын  ӛзгерте  алады. 

114 
 
Адамның  бицепстері  сол  материалдың  диаметрі  8  мм  сыммен  айырбасталына  алады.  Келешекте 
сондай жинақы бұлшықеттермен жабдықталған роботтар қолданылуы мүмкін. 
Роботтар сенсорлар  арқылы  қоршаған  орта,  немесе  ішкі  бӛлшектер  туралы  нақты мәлімет 
ала  алады.  Айтылған  тапсырмаларды  орындау  үшін,  қоршаған  ортадағы  ӛзгерістерді  сезініп, 
қолайлы  жауапты  қайтару  үшін  сезіну  роботтар  үшін  ӛте  мағызды  болып  табылады.  Роботтар 
сенсорлар  арқылы  кӛптеген  ӛлшемдерді  жасайды,  сенсорлар  қорғаныс,  немесе  бұзылыс  туралы 
ескертулер береді және нақты уақытта жасалынып жатқан тапсырмалар туралы ақпарат береді. 
Қазіргі робот қолдар мен протез қолдар адам қолына қарағанда кем тактильді ақпарат алады. 
Ғалымдар  соңғы  зерттеулерде  адам  саусақтарының  механикалық  қасиеті  және  сезіну 
рецепторларын еліктейтін тактильді сенсор массивін ойлап тапты.  
2009 жылы бірнеше Еуропалық елдерінің және Израиль елінің ғалымдары SmartHand протез 
қолын  жасап,  шығарды.  Сол  қол  шынайы  адам  қолы  сынды  –  қолсыз  қалған  адамдар  сол  протез 
қолдың  арқасында  жазып,  пернетақтада  теріп,  күйсандықта  ойнап  және  де  басқа  жұмыстарды 
атқара алды. Ауру адам протез қолдағы сенсорлардың арқасында шынайы саусақ сезімдерін  сезіну 
қабілетіне ие болды [3]. 
Компьютердің кӛру қабілеті дегеніміз кӛре алатын машинаның ғылым және технологиясы. 
Ғылыми пән ретінде компьтердің кӛру қабілеті жасанды жүйенің арқасындағы суреттерден ақпарат 
алудың теориясы. Суреттен келетін ақпарат бірнеше түрде болады, мысалы видеодағыдай суреттер 
қатары, немесе камералардың кӛрінісі сынды. 
Компьютердің  кӛру  қабілетінің  қолдануында  компьютерлерде  нақты  мәселені  шешуге 
арналған  алдын-ала  бір  дайын  программа  жызылған,  дегенмен  қазіргі  кезде  машинаның  ӛзін-  ӛзі 
үйрету қабілетін дамытып жатыр. 
Роботтар сезіну қабілеті үшін басқа lidar, radar and sonar атты жүйелерді қолданады. 
Роботтарға белгілі бір затты кӛтеріп, орнын ауыстыру, ӛзгерту, сындыру немесе одан басқа 
әрекет жасау керек. Роботтардың қолдарын робототехника саласында ағылшынша end effectors деп 
атайды. Робот қолдарының соңы,  нақты айтқанда затты ұстайтын бӛлігі ауыстырмалы болады. Әр 
бір  түрі  нақты  бір  жұмыс  түріне  арналған.  Алайда,  кейбір  роботтарда  соңы  тұрақты  болады,  ол 
кезде аустырылмай бір ғана түрлі қысқышпен жұмыс жасайды, кейбіреулерінде гуманоид роботтың 
қолы сынды (адам қолы сынды) тұрақты, бірақ жұмыстың бірнеше түрін атқара алатын болады.  
Ең кӛп кездесетін түрлердің бірі – механикалық қысқыш. Ең жай кӛрінісінде тек екі саусағы 
бар.  Екі  саусақпен  кішкентай  заттарды  ашып,  жауып,  кӛтеріп,  жібере  алады.  Саусақтардың 
арасынан  темір  сым  ӛткен  шынжыр  ретінде  жасалынады. Қиындығы  орташа  қолдар  Delft  қолы 
сынды, ал  адам  қолы  сынды  жұмыс  істей  алатын  қиынырақ  қолдар  Shadow  Hand  және  Robonaut 
қолдары сынды. Механикалық қысқыштар түрлі болып келеді, соның ішінде үйкеліс және қамтитын 
қысқыш. Үйкеліс қысқыш затты жылжытпай ұстауға тырысады, үйкелісті қолданып, күштің бәрін 
соған жұмсайды. Ал қамтитын қысқыш затты ұстайды, бірақ үйкелісті азырақ қолданады. 
Ал  вакууымдық  қысқыштардың  жасалуы  қарапайым  болғанымен,  олар  ауыр  заттарды 
кӛтеру қабілетіне ие. Кӛтеретін заттың сырты тегіс болса болғаны, насостар арқылы ауаны сорып 
алып,  заттарды  кӛтереді.  Үлкен  ауыр  заттарды  кӛтеруге  арналған  роботтар  қысқыштар  ретінде 
кӛбінесе қарапайым вакууымдық қысқыштарды қолданады. 
Біраз  озат  роботтар  толығымен  адам  қолы  ұқсас  Shadow  Hand,  MANUS, and  the  Schunk 
сынды  қысқыштарды  қолдануды  бастады.  Сол  қолдар  ӛте  епті,  оған  қоса  сол  қысқыштарда  20 
шақты DOF (degrees of freedom – жылжу бостандығы) мен жүздеген тактильді сенсорлары бар. 
Роботтар белгілі бір заттарды кӛріп, сезінді және сол затты кӛтеріп алды делік. Ал сол затты 
бір  орыннан  екінші  орынға  жылжыту  керек  болсын.  Енді  роботтардың  жылжу  түрлеріне  келетін 
болсақ: 
1.
 
Дӛңгелекті  роботтар.  Қарапайымдық  үшін  роботтардың  кӛбісі  4  дӛңгелекпен,  немесе 
үздіксіз платформамен қамтамассыз етілген. Кейбір ғалымдар жылжымалы роботтардың қиынырақ 
түрін  жасауға  тырысты,  оның  ішінде  бір,  немесе  екі  дӛңгелекпен  жүретін  роботтар  бар.  Ол 
роботтардың бӛлшек саны азаяды, оған қоса 4 дӛңгелегі бар робот ӛте алмайтын шектелген жерде 
бір немесе екі дӛңгелегі бар роботтар жүре алады. 
2.
 
Екі  дӛңгелекті  теңгеру  роботы.  Теңгеру  роботтары  әдетте  гироскопты  қолданады. 
Гироскоп  арқылы  робот  қаншалықты  тез  және  қай  жағына  қарай  құлап  жатқанын  анықтап, 
дӛңгелегін  құлап  жатқан  жаққа  қарай  айдайды.  Сонда  робот  ішіндегі  тӛңкерілген  маятниктің 
динамикасына байланысты секундына жүздеген рет жиілігімен теңгеруге тырысады.  
3.
 
Бір  дӛңгелекті  теңгеру  роботы.  Екі  дӛңгелекті  теңгеру  роботтың  кеңейтімі  бір  ғана 
дӛңгелекпен  2D-ның  қалаған  жағына  жүре  алады.  Алайда,  роботтың  бұл  түрі  дӛңгелек  ретінде 

115 
 
шарды  қолданады.  Бір  дӛңгелекті  теңгеру  роботына  Карнеги  Меллон  Университетінің  Ballbot 
роботы  мысал  бола  алады.  Оның  бойы  мен  ені  адаммен  бірдей. Осындай  роботтардың  бойы 
кӛбінесе  ұзын,  ендері  арық  және  кішкентай  жерде  маневр  жасауға  қабілеттері  бар;  сол  себептен 
осындай роботтар басқа роботтарға қарағанда адамдардың ортасында ӛз орнын табады. 
4.
 
Алты-дӛңгелекті роботтар. Тӛрт дӛңгелектің орнына алты дӛңгелекті қолдану шешімі 
таулы жерлерде, немесе шӛпте жүргенде роботқа жақсырақ тартым мен жолмен қысылсу береді. 
5.
 
Шынжыр  табанды   робот.  Ал  шынжыр  табанды  роботтар  одан  сайын  жақсы  тартым 
береді.  Шынжырлы  жылжу  механизмі  ӛзін  жүрген  кезде  жүздеген  дӛңгелектен  жасалған  сынды 
ұстайды.  Сол  себептен  сыртқы  жерлерде  ӛз  қолданысын  тапты.  Кӛбінесе  қолданылатын 
салалырдың бірі – әскери сала. Әскери операциялар кӛбінесе сыртта ӛтеді, қарапайым дӛңгелекпен 
жетуге  қиын  жерлерде  шынжыр  табанды  робот  оңай  жете  алады.  Алайда,  үйдің  ішіндегі  палас, 
немесе  тегіс  жерлерде  роботтың  бұл  түрін  қолдану  қиындау  болмақ.  Осы  түріне  жататын 
роботтардың бірі – NASA-ның Urbie атты қалалық роботы.  
6.
 
Тура  жүретін роботтар.  Тура  жүру  үдерісі  қиын  және  динамикалық  мәселе.  Бірнеше 
роботтар адам сынды екі аяқтап жүре алады, алайда олардың біреуі де адам сияқты аяғын нық баса 
алмайды. Адамның жүру қабілеті туралы кӛптеген зерттеулер жүргізілді, солардың бірі 2008 жылы 
Texas  A&M  Университетінде  ашылған  AMBER  лабораториясында.  Басқа  роботтар  екі  аяқтан 
кӛбірек  болып  құрастырылды.  Екі  аяқты  роботқа  қарағанда  аяқтары  кӛбірек  болғанымен  ол 
роботтардың  құрастыруы  жеңілрек  болатын.  Сол  себептен  екі  аяқтан  кӛбірек,  бірақ  тура  жүре 
алатын роботтарды құрастыра бастады. Роботтардың бірін итке ұқсатып құрастырған болатын. Тура 
жүретін  роботтар  қозғалыс  жүйесі  басқа  роботтармен  салыстырғанда  кез  келген,  тегіс  емес 
жерлерде  жүре алатын  болды,  оған  қоса  мобилді  және  энергияны  үнемдейтін  болды.  Әдетте,  екі 
аяқты робот тегіс жерде жүре алады және кейбір кездерде баспалдықпен да кӛтеріле алады. 
Роботтардың кейбір түрлері жылжудың басқа да түрлерін қолданады: 
 
Ұшу. Жалпы айтқанды қазіргі жолаушылар ұшағы екі адамға бағынатын ұшатын робот. 
Ұшақтардың  автопилоттары  қосылу  тұрса,  компьютер  ұшақты  саяхат  бойы  толығымен  (жерден 
ұшу, ауада ұшу мен қону) басқара алады. Ұша алатын роботтардың басқа түрі ұшқышсыз ұшақтар, 
басқа  аты  unmanned  aerial  vehicles  (UAVs).  Ол  ұшықта  адамдар  болмайды,  сол  себептен  кәдімгі 
ұшақтарға  қарағанда  кішірек,  жеңілірек  болады.  Ол  ұшақтар  әскери  қадағалау  миссиялары  үшін 
қауіпті  аймақтарға  ұшады.  Кейбіреулері  штабтан  келген  бұйрықпен  атуды  бастайды.  Кейбір 
роботтар адамның бұйрығысыз автоматты түрде оқ ата бастайды. Ұшатын роботтардың басқа түрі – 
ол қанатты зымрандар, Entomopter, және Epson micro helicopter robot. Air Penguin, Air Ray,және Air 
Jelly  сынды  роботтардың  денелері  ауадан  жеңіл,  олар  ескекпен  жүріп,  гидролокациямен 
басқарылады. 
 
Иірілген  қимылдар.  Бірнеше  жылан  сынды  роботтар  жасап  шығарылған.  Сол  роботтар 
жылан  қимылына  еліктеп,  шектелген  жерлерге  жете  алады.  Сол  себептен,  бір  күні  жылан  сияқты 
роботтар бұзылған ғимараттардың астарынан адам іздеуге кӛмектеседі.  Жапондық ACM-R5 жылан 
роботы жермен ғана қоймай суда да жүзе алады. 
 
Сырғанайтын  роботтар.  Әлем  бойынша  сырғанайтын  роботтардың  саны  кӛп  емес, 
солардың бірі кӛп-режимді жүре алатын және сырғанай алатын робот. Ол роботтың тӛрт аяғы бар, 
әр  аяқта  бір  дӛңгелектен  (дӛңгелектерге  күш  салынбайды).  Робот  сол  дӛңгелектерді  кәдімгідей 
басып жүре алады, немесе айдыра алады. Роботтың басқа түрі, Plen роботы, кішкентай скейт борт, 
немесе роликті конькимен сырғанай алады.  
 
Альпинизм. Роботты тік бетпен тӛбеге кӛтерілу үшін ғалымдар біраз күш жұмсап, әртүрлі 
тәсілдерді  қолданған.  Тәсілдердің  бірі  адамның  тауға  шығуда  жасайтын  қимылдарын  қайталау 
болатын; дене массасының ортасын түзеп, әр қимылмен иінтірекке ие болу. Осындай роботтардың 
бір  мысалы  ретінде  Калифониядағы  Стэнфорд  Университетінің  Ruixiang  Zhang  Докторының 
Capuchin атты тумасын келтіруге болады. 
 
Жүзетін  робот  (балық  сияқты).  Санау  бойынша  кейбір  балықтар  жүзген  кезде 
қозғағыштың тиімділігін  90%-дан асыра алады. Оған қоса, адам құрған қайық, немесе су астында 
жүзетін қайықтан тезірек жеделдетіп маневрді жақсы атқарады; және олар аз шу шығарып, суды аз 
мазалайды.  Сол  себептен  су  асты  роботтарды  зерттейтін  ғалымдар  жылжудың  осы  түрін 
қайталағысы  келеді.  Осындай  роботтардың  жарқын  мысалдыры  Эссек Университетінің  Компьтер 
Ғылымдарының  G9  Балық  Роботы  және  Дала  Роботының  Институтыжасаған  Tuna  Роботы.  Осы 
роботтар балықтардың суда жүзуін талдап, математикалық моделін жасау үшін соғылған еді. Неміс 
Festo  компаниясының  Aqua  Penguin роботы  пингвиндердің  сүйір  денесіy  қайталап,  жылжу  үшін 

116 
 
пингвиндер  сияқты  ―ескекаяқтарын‖  қолданады.  Festo  компаниясы  медуза  (jellyfish)  қимылын 
қайталайтын Aqua Jelly роботын істеген. 
 
Желкенді қайық. Мұхит бетінде ӛлшемелер жасау үшін желкенді қайық сияқты роботтар 
шығарыла  басталды.  Сондай  роботтардың  бірі  IFREMER  және  ENSTA-Bretagne  компаниялары 
соққан  Vaimos роботы.  Жылжытатын  күш  желден  келетін  болғандықтан,  батарея  энергиясы  тек 
қана  компьютерге,  байланыс  және  меңгерікті  бұру  үшін  қажет.  Егер  роботтың  күн  панелі  болса, 
теория жүзінде ол робот шексіз жүре алатын болады. Желкенді Қайық роботтардың жарыстары ӛтіп 
тұрады.  Сондай  жарыстардың  екі  ең  маңыздылары  ол  жыл сайын  Еуропада болатын  WRSC  және 
Sailbot жарыстары. 
Қазіргі  кездегі  роботтардың  кӛбісі  адамның  бұйрықтарымен  жұмыс  істейді,  немесе  бір 
орында қозғалыссыз істейді. Оған қарамастан адамзат динамикалық ортада автономды түрде жұмыс 
істей  алатын  роботтарға  қызығушылықтарын  арттырып  жатыр.  Сол  роботтарға  қоршаған  ортада 
кедергісіз жүру үшін  навигация керек. Егер күтпеген жағдайлар (мысалы адамдар мен басқа заттар 
бір  орында  тұрмай,  жылжитын  болса)  туындаса  робот  соғысып  мәселе туғызуы  мүмкін.  ASIMO 
және  Meinü  robot  сынды  жоғары  дамыған  роботтардың  навигация  жүйелері  де  мықты.  Ӛзін  -  ӛзі 
бақылай  алатын,  немесе  Ernst  Dickmanns-ның  жүргізушісіз  автокӛліктері  қоршаған  ортаны  сезіп, 
навигация  бойынша  шешімдерді  кӛліктің  ӛзі  қабылдай  алады.  Сондай  роботтардың  кӛбісі  жол 
нүктелердің арасында шарлау үшін GPS-ті radar, кейбір кездерде lidar сынды сенсорлармен, video 
cameras және инерциялық бағдар жүйелерімен қоса қолданады. 
Кӛбіне адам сӛйлеуінің ӛзгергіштігінің арқасында компьютер үшін адамның нақты уақытта 
сӛйлеген  сӛзін  тану  қиынға  соғады.  Жергілікті  акустика,  бӛлме  кӛлемі,  адамның  жағдайы  (ауру 
немесе тәуір) сынды себептердің арқасында бір адамның сӛйлеген  бір сӛзі әртүрлі естілуі мүмкін. 
Ал егер адамның екпіні болса жағдай одан да нашарлай түседі. Оған қарамастан, 1952 жылы Davis, 
Biddulph  және  Balashek  дауыс  тану  саласында  үлкен  қадамдар  жасап,  бір  адамның  10  санды 
айтқанын 100% дәлдікпен тани алатын әлемнің ең бірінші ―дауыспен енгізу жүйесін‖ ойлап тапты. 
Қазіргі кездегі жүйелер минутына 160 дейін табиғи үздіксіз сӛйлеулерді 95% дәлдікпен тани алады 
[3]. 
Жоғарыда  келтірілген  деректер  негізінде  білімгерлер  үшін  роботтарды  жасап  үйрену 
мүмкіндігі Тараз Мемлекеттік  педагогикалық  институтында да қолға алынып отырғаны  - біз үшін  
қуанышты жаңалық болып отыр. Аталмыш оқу орнының ―физика-математика‖  факультетінде  жаңа 
оқу  жылынан  бастап  робототехника  лабораториясы  ашылу  жоспарланып  отыр.  Арнайы 
жабдықталған  лабораторияда    білімгерлер  кішкене  кӛлемдегі  роботтармен  жұмыс  жасайтын 
болады.Тӛмендегі  суретте  білімгерлердің  кӛмегімен  құрастыруға  мүмкін  болатын  үлгілер 
кӛрсетілген: 
 
 
 

117 
 
 
 
 
 
 
   
     
 
 
Сурет 1. Қарапайым роботтардың ҥлгілері 
 
Сондай-ақ, роботтарды іс-әрекетке келтіретін арнайы программаларды жасап үйрену  негізгі 
міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  лабораторияның  ашылуы  білімгерлердің  робототехника 
саласында  қызығушылықтарын  арттырып,  арнайы  сала  бойынша  білімдерін  кеңейтуіне  және 
ғылыми бағыттағы жобаларды іске асыруға кӛп кӛмегін тигізеді деген ойдамыз. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
http://el.kz/m/articles/view/Қазақстандағы  робототехника  қалай  аяққа  тұрыпесейіп-келе-
жатыр-фоторепортаж
 
2.
 
В.Бутаков,И.Фаградянц.  Политехнический  терминологический  толковый  словарь.-
М.:Polyglossum, 2014. 
3.
 
https://kk.wikipedia.org/wiki/Робототехника
 
4.
 
Адам да-Жаратушының қолынан шыққан робот./Алаш айнасы.-2011.- №42 (494). 
            5. Макаров И.М.,Топчеев Ю.И. Робототехника:История и перспективы.-М:Знание, 2000.-120 
с. 

118 
 
Аннотация.Современные  роботы,  созданные  на  базе  самых  последних  достижений  науки  и 
техники,  применяются  во  всех  сферах  человеческой  деятельности.  Поэтому  в  данной  статье 
рассматривается  история  развития  робототехники,  современные  виды  роботов  и  их  применения  в 
разных сферах. А также способы перемещение веществ с помощью роботов. 
Annotation.  The  contemporary  robots,  created  on  the  base  of  quite  latest  achievements  of  science  and 
technology, adapt in all spheres of human activity. Therefore in this article it is examined the history of  the 
development of robot technology, the contemporary forms of robots and their application  in the different 
spheres. But also methods the displacement of substances with the aid of the robots. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 

119 
 
ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, 
ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ 
 
ӘӚЖ 59 
      Қ  45 
 
ӚЗЕН ШАЯНЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҦНДЫЛЫҒЫ 
 
Әбдіқадір К.Б., Шолпанқҧлова Г.А. 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.  
 
 
Тіршілік  ортасында  үлкен  мәнге  ие  ӛзен  шаяндары,  табиғи  жағдайда  баяу  ағынды  суда, 
ӛзендерді, ағыстарды, ірі бұлақтар мен арықтарды, сонымен қатар кӛлдер мен кӛлеңкелі жағасы бар 
ағынды  тоғандарды    қоныс  ете  отырып,  органикалық  заттардың  түрленуіне  белсенді  түрде  әсер 
етеді.    Әртүрлі  реттегі  бұл  консументтер  бір  жағынан  белсенді  түрде  түгелімен  басқа 
гидробионттарды,  сонымен  қатар  ӛсімдіктер  мен  жануарлардың  ӛлі  органикалық  қалдықтарын 
жейтін болса, бір жағынан балықтарға да белсенді түрде қорек болады.  Ал  әлем  бойынша, қазіргі 
таңда  ӛзен шаяны кең қолданыста және тұтынушылар тарапынан кең сұранысқа ие. 
Ӛзен шаяндары 130 миллион  жыл бұрын  пайда болып,  іс жүзінде  ӛзгеріске  ұшырамаған, 
әлемнің  барлық дерлік тұщы суында кездесетін  ӛте кӛне омыртқасыз жануарлар. 
Бұл  топқа  жататын  жануарлан    тек  қана  ӛзендерде  емес,  сонымен  қатар  кӛлдер  мен 
тоғандарда,  бұлақтарда    да тіршілік  ететін  болғандықтан,  «Ӛзен    шаяны»  емес,  тұщы  су  шаяны 
(пресноводный)  деген  дәлірек  болар  еді.    Ерте  кезеңнен  бері    шаяндарды  адамдар  тағам  ретінде 
қолданып келеді. Бұған дәлел, неолит  дәуіріндегі ас үй қалдықтарының арасынан табылған  ӛзен 
шаянының сауыттары. 
Денесі негізгі екі бӛлімнен (тагмадан) тұрады – баскӛкірек немесе цефалоторакс және құрсақ 
бӛлімі  (абдомена).  Арқа  жағынан  баскӛкірек  бӛлімі  кӛлемді  карапакспен  жабылған,    ал  адыңғы 
жағындағы ұшында үшкір  ӛскіні – рострумды алып жүреді. Карапакстың үстінде кӛлденең тігісті 
мойын толқыны және бойлай екі  жүрек  – желбезекті  
қуысы
  бар. Карапакстың бүйір бӛлім індегі 
бранхиостегиттер  карапакс астындағы  жатқан  желбезек  қуысын  бӛліп  тұрады.   Соңғы  сегментіне 
аналь тақташасына айналған тельсон бекінеді.   
Рострумның  екі  бүйірінен  қосалқы  сезімтал антенналар  –  антенналар  І  және  антенналар  ІІ  
және қозғалмалы сабақшаларында жұп фасеттік кӛздері орналасқан.  
Ауыз    аппараты  алты  жұп  ұштарынан  тұрады:  мандибулалар  (жақ  үсті  бӛлімдерінде),  екі 
жұп максиллалар (жақ асты бӛлімдерінде) және үш құп  максиллипедтер. 
Переон (кеуде), басқа да онаяқты шаяндар секілді, сегіз сегменттен тұрады және сегіз жұп 
аяғын алып жүреді –
 
ауыз аппарпатына енген үш жұп және бес жұп переподалар (торакоподалар). 
Переподалардың  бірінші  жұбы  (хелипедалар)  кӛлемінің  үлкендігімен  ерекшеленеді  және 
аталықтарында айтарлықтай үлкен болып  келетін қысқыштары болады. Қалған тӛртеуі жүру үшін 
пайдаланылады;  алғашқы  екі  жұбында  денесін  тазалау,  қорегін  ұстау  мақсатына  арналған  шағын 
қысқыштары  бар.  Жақаяқтарының  сыртқы  жағы  мен  кеуде  аяқтары  тұсынан,    карапакс  қуысы 
астынан тарамдалған желбезектер –  кайта құрылған эпиподиттер бӛлінген. 
Плеон  анық  байқалатын  алты  сегменттен  және  аналь  тақташасы  –  тельсоннан  тұрады.  
Аналықтарында  бұл  бӛлім  аталықтарына  қарағанда  кеңірек.  Бірінші  сегментіндегі  аяқтары 
аталықтарында  копуляциялық  мүшеге  айналған,  ал  аналықтарында  жартылай  редукцияланған.  
Келесі тӛртеуі жұзгіш аяқтарын – плеоподаларды алып жүреді (аталықтарында екінші сегментіндегі 
аяқтары  да  түрін  ӛзгерткен).  Соңғы  сегментінде  ашылған  желпуішке  ұқсас  құйрық  жүзгіші  –  
уроподалар мен тельсон орналасқан. 
Буынаяқтылардың  ішінен  шаяндарда  едәуір  қарапайым  типтегі  құрылысты  аяқтары 
сақталған,  кӛпшілік  жағдайда  екі  тармақты.  Мұндай  аяқтар  протоподиттің  құрылуынан  тұрады. 
Олардан,  денесі  жағына  қараған  екі  ішкі  тармақ    -  эндоподит  пен  сыртқа  қараған  –  экзоподит  
шығады. Одан бӛлек, протоподит тыныс алу мүшесінің  қызметін атқаратын (желбезектер) ерекше 
ӛскіндер – эпиподиттерді  алып жүреді.  Кӛбеп жатқан қабат  
Ӛзен шаяндарының дене жабындысы, гиподермальді эпителий қабатынан құралған базальді 
мембранасын  кӛлбеп  жатқан,  хитинденген  кутикуладан  тұрады.  Шеткі  кутикула  қабаттарында 

120 
 
ізбесті  жиналып  отырады,  соның  салдарынан  шаянның  жабыны  қатты  әрі  мықты  болады.  Ішкі 
қабаты  жұмсақ әрі иілімді хитиннен тұрады. Кутикула сыртқы қаңқасын түзеді. Ол денесін  сыртқы 
әсерлерден  қорғап,  бұлшықеттердің    бекіну  орны  қызметін  атқарады.  Ӛзен  шаяндарының 
бұлшықеті  –  күшті  бұлшықет  байламдарын  түзетін,  кӛлденең  белдеуленген  бұлшықеттерден 
құралған.  Сыыртқы  қаңқасы  жануардың  ӛсуіне  кедергі  жасайтын  болғандықтан,  мезгілімен  түлеу 
процесі  жүріп  отырады.    Ӛзен  шаянының    асқазанында  кальций  карбонатынан  жасалған    қор 
болады,  бұл  шаянның  жабынының  тез  қатаюына  мүмкіндік  береді,  түлеп  болғаннан  кейін  қор
 
жойылып кетеді.  
 
Ӛзен шаяны – экологиялық таза ӛнім ретінде есептеледі.   Біріншіден, ӛзен шаяны тек таза 
суларда  тіршілік  етеді,  су  ластанған  болса  мекен  ортасын  ӛзгертеді,  не  тіршілігін  тоқтатады. 
Екіншіден,  ӛзен  шаяны  да,  балық  секілді  екінші  балғындықта  болмайды.  Егер  етті    бірнеше  рет 
мұздатып  қатыруға  болатын  болса,  ал  ӛзен  шаянына  мұндай  іс  жүзеге  аспайды  –  екінші  рет 
мұздатқан кезде олар иілімділігі жоғалытып, пісіргенде ботқаға айналады. Үшіншіден, ӛзен шаяны 
– белоктың  қайнар  кӛзі.  Тӛртіншіден,  етпен  салыстырғанда    жақсы  сіңеді,  бағалы диеталық  және  
құнарлы  қасиетке  ие.  Су  омыртқасыздар  ӛнімімен  қоректенетін  жапондықтарға,  бифштекс, 
гамбургерлерді алып келген дүниежүзілік қауымдастыққа енбес алдында,  асқазан жарасы  мүлдем 
жат  ауру  болатын.    Сонымен  қатар  басқа  елдер  ӛзен  шаянының  уылдырығын  да  тағам  ретінде 
пайдаланады. 
 
Пайыздық    қатынасы  жағынан  ӛзен  шаянының  ет    мӛлшері,  адамдар  қорек  ретінде 
пайдаланатын  шаянтәрізділермен салыстырғанда, ӛзен шаяны бірінші орында тұрмаса да, тағамдық 
теңіз шаяндары қатарынан асады. Басқа сӛзбен айтқанда, ересек ӛзен шаянында ет мӛлшері аз. Егер 
бүтін  асшаянының  бір  килограмында    400  грамм  шамасында  ет  болса,  ӛзен  шаянының    бір 
килограмында 100-150 грамм ет болады, сонда да ӛзен шаянының бағасы 3-4 есе  қымбат тұрады. 
Бұл, ӛзен шаянының су омыртқасыздарының  ішінде, бағалы тағам екенін кӛрсетеді. Ӛзен шаянын 
кӛбіне  түрлі  тағамдарға    қолданады.Соңғы  жылдары  ӛзен  шаянының  танымалдылығы  үнемі 
жоғарылауда, 
нәтижесінде 
мейрамханаларға, 
гастрономдарға 
және 
балық 
сатумен 
айналысатындарға  үлкен пайда әкелуде. 
 
Ӛзен  шаянының  еті  сирек  қызғылт  жолақты  ақ  түсті,  құнарлы  әрі  тамаша  дәмге  ие.
 
Әсіресе кӛктем, күз айларында дәмдірек болады да, жазда қатқылдау келеді.  Оңай сіңімді 
бұл диеталық тағамда  белок    (16%),  кальций,  Е  және  В
12 
витаминдері    үлкен  мӛлшерде  кездессе, 
калория (68 ккал немесе 292к Дж), май (0,5%),   холестерин  аз мӛлшерде кездеседі. Ӛзен шаяны кӛп 
елдерде  айтулы  тағам  болып  саналады.  Қоректік  етінің  негізгі  мӛлшері  құрсағында  және  одан 
кішкене аз мӛлшерде қысқыштарында кездеседі.  Балықта бар тағамдық   байлықтарға  ӛзен  шаяны 
да ие және  кей жағдайда асып та түседі. Мысалға, олардың майы жоғары  фасфатидтерге және кӛп 
қанықпаған май қышқылдарына, әсіресе арахидин қышқылына
 
бай. [1] 
 
USDA Nutrient Database  мәліметтері бойынша 100 гр. ӛзен шаянының етінің құрамында  су-
82.24 гр, белок-15.97 гр, май-0.95 г, минералдық заттар-1,34 гр.  Витаминдер: А (ретинол) - 16 мкг, 
В1 (тиамин) – 0.07 мг, В2 (рибофлавин) - 0.032 мг, Ниацин ( В3 немесе РР витамині) - 2.208 мг, В5 
(пантотен  қышқылы)  –  0.546  мг,  В6  (пиридоксин)  –  0.108  мг,  Фоли қышқылы  (В9  витамині)  -  37 
мкг,  В12  (цианокобаламин)  –  2 мкг,  С  (аскорбин  қышқылы)  –  1.2  мг,  Е  (токоферол)  –  2.85  мг,  Д 
(кальциферол)  –  4.7  мкг,  К  (филлохинон)  –  0.1  мкг,  Холин  ( В4  витамині)  –  80.9  мг.  
Макроэлементтер:  калий - 302 мг, кальций - 27 мг, магний - 27 мг, натрий - 58 мг, фосфор -     256 
мг. Микроэлементтер: темір - 0.84 мг, марганец - 226 мкг, мыс – 419 мкг, мырыш – 1.3 мг, селен – 
31.6 мкг. 
 
Ӛзен шаянының  100 гр етінде шамамен  77 ккал калория болады.  Ӛзен шаяндарын  бауыр 
және жүрек – қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдарға пайдалану ұсынылған. 
Тұтынатын    орындарға  ӛзен  шаяндарын  тірі  күйінде  жеткізеді.    Ол  үшін  ауланған  дайын 
шаяндар топтамасын таза қораптарға немесе жәшіктерге салады. Тауар қорабының түбіне мүктен не 
сабаннан  жасалған  жұқа  әрі  құрғақ  қаптағыш  материал  тӛселуі  керек,  үстіне  ақырындап,  қатар-
қатар  құрсағымен  шаяндарды  орналастырады,  әр  қабатты  қаптағыш материалмен  жабады.  Қаптау 
барысында,  мойыны  бұралып  кетпеуін  қадағалау  қажет.  Қапталған  шаяндарды  дереу  тұтынатын 
жерге апару керек. Әдетте шаяндарды жолаушы таситын поездпен жеткізеді, егер жеткізу аралығы 
2-3  тәуліктен  асып    кететін  болса,  изотермалық  вагонда  жеткізу  керек.  Теміржолмен  жеткізуге 
қарағанда,  уақыт  жағынан  да,    қаптау  жағынан  да  кӛп  жұмысты  талап  етпейтін  болғандықтан 
ұшақпен жеткізу неғұрлым қолайлы.  Жеткізілген шаяндар  дереу ӛңделуі керек, не сатылымға түсуі 
керек.   Ӛзен  шаянының  еті  бӛлме  температурасында    тез бұзылады.   Жансызданғаннан    10  сағат  

121 
 
ӛткеннен  кейін  еті  қоңыр,  сұрғылт  түске  ие  бола  бастап,  жағымсыз  иіс  шығып,  жеуге  жарамсыз 
болып қалады. 
 
Ӛзен  шаянының  қомақты  бӛлігі  пісірілген  күйде  сатылады.  Бұл  үшін  шаянды  таза  суда 
жақсылап  жуып,  дәмдеуіштер  қосылған  қайнап  тұрған  суға  жібереді.  Қайнату  12-15  минутқа 
созылады да, қыздыру тоқтатылып, 30-40 минут шамасында ыстық қайнатпада ұстайды. Кейін ӛзен 
шаянын алып, артық суын сорғыту үшін торға сүзіп қояды. Салқын  ортамен  қамтамасыз етілген, 
дайын болған  шаян 12 сағатқа шыдайды.  
 
Шаян    етінде  күкірт  кӛп  болғандықтан,  оны  металл  ыдыста  сақатамаған  жӛн,    себебі 
жанасқанда  ет  қарайып,  бұзылып  кететді.  Шыны  ыдыс  болуы  қажет.  Түлеп,  қабығын 
қалыптастырып үлгермеген  ӛзен шаяндарын тәулік  ішінде жылы ортаға орналастырып, сауытын, 
қабығын қалыптастыруы үшін суға салады.  Піскен шаяндардың беткі  жарғағы таза, қысқыштары 
сынбаған, бүтін, зақымданбаған, сауыты  ашық  қызғылт немесе  қызыл түсті болуы керек.  
 
Ӛзен шаянын  пісіруде (барлық шаянтәрізділерді де) олар қызғылт түске айналады.  Жабын 
түсінің  ӛзгеруі,  құрамында  каротиноидтадың  кӛптігімен    түсіндіріледі.  Шаянтәрізділердің 
жабыныныда жиі кездесетін пигмент – астаксантин, таза түрінде қанық айқын қызыл түске ие. Тірі 
шаяндардың  каротиноидтары    әртүрлі  белоктармен    байланысқан,  және  әдетте  түсі  кӛкшіл, 
жасылдау, қоңыр түсті реңде болады.  Қыздырылғанда каротиноидтар мен белоктардың байланысы  
ажырап,  босаған  астаксантин,  жануардың  денесіне  қанық  қызыл  түс  береді.  Мұнан  басқа  ӛзен 
шаяндарынан түрлі консервілер дайындайды. [2] 
Ӛзен  шаянының  еті  құнарлығы  жоғары,    керемет  дәмге  (тек  түлеу  кезеңінде  жеуге 
жарамайды) және әлем бойынша үлкен сұраныста.  
Ӛзен  шаяндары  тек  тағамдық  мақсатта    емес,  әртүрлі  топтағы  аурулар:  жүрек  –тамыр 
қызметінің  жеткіліксіздігінен  пайда  болатын,  бүйрек,  ұйқы  безінің    ауруларымен  ауыратын 
адамдарға пайдасы зор. 
Ӛзен  шаянының  еті  бауырдың  жұмысын  жақсартуға  себеп  болады,  сонымен  қатар  ӛт 
шығару жолдарын тазартады. Піскен шаянды тұрақты қабылдап тұрса,  ас қорыту процесін қалыпқа 
келтіруге  болады.    Жоғарыда  айтып  кеткендей,  витаминдерге  бай,  холестерин  жоқтың  қасы, 
органикалық  қышқылдарға  бай  және  адам  денсаулығына  ӛте  пайдалы  күкірт    кӛп  мӛлшерде 
кездеседі. 
  
Биологиялық активті заттардан тұратын  хитинді жабындысы жараны жазатын қасиетке ие 
және  керемет антисептик болып табылады. 
   
Ӛзен  шаянының  пайдасы  жоғары  мӛлшерде  болуы  үшін,  қыста  және  күзде    ауланған 
түрлерін  тағамға  пайдаланған  абзал.  Дәл  осы  жыл  мезгілінде  ӛзен  шаяндары  дәмді  етімен 
ерекшеленеді.  Ал  жылы  кӛктем мен  жаз  айларында  ӛзен  шаяндары  ұрпақ  санын  кӛбейтіп,  түлеу 
процесі жүреді. 
  
Радиациялық ластанған ортада жұмыс істеуге тура келген адамдарға, сәулелік жарақат  және  
сәулелік  терапия  алған  адамдарға ӛзен шаянын тағамдық рационына  қосу ұсынылады. Сонымен 
қатар,  қатерлі  ісікті  алып  тастау  отасын  жасатқан  адамдарға  пайдалы.    Ғалымдар  шаяндардың  
сауытында,    ұлпалардың  регенерациясына  әсер  ететін  затты  тапқан,  сондықтан  қатерлі  ісікпен 
зақымдалған  ұлпалар  қалыпына келуі мүмкін.  
 
Ежелгі  дүниеде  дәрігерлер  сауытты  кептіріп,  ұнтақ  жасауды  ұсынған.  Мұндай  ұнтақты  
әртүрлі тереңдіктегі жарақаттарға себу арқылы, ол жаралар тез жазылған.  Негізінде, ӛзен шаяндары  
адам денсаулығын   әлсіздендірген кез-келген ауруға пайдалы. Олар денсаулықты қалыпқа келтіріп, 
хал-жағдайын  жақсартады.  Шаяндарды    ауру  салдарынан  салмақ  жоғалтқан,  жүдеп,  әлсіреген  
адамдарға пайдалануға белгілеген. 
 
Халық  медицинасында  шаянның  сауытынан  жасалған  ұнтақты,  зиянды  әдеттері  бар  
(мысалға,  шылым  шегу,  алкоголизм)  адамға  тағамының,  темекісінің  ішіне  салып  берген  берген.  
Сауыттан  жасалған  ұнтақ  негізінде  спирттік    тұнба  да  жасалады.  Ол  организмді  кальциймен 
толтыруға,  сонымен  қатар    әйелдерде  кездесетін  сүт  безі  обырының    отасынан  кейін  ұлпаларды 
қалыпқа келтіруге кӛмектеседі.  
 
Сауыттан жасалған тұнба оңай дайындалады: алдын ала жуылып,  кепкен сауытты блендер 
немесе еттартқыш кӛмегімен майдалап алады. Алынған ұнтаққа спирт құйып,  біраз қойып қояды 
да, дайын болғаннан кейін  ішке қабылдайды.  Күніне 1 ас қасықтан, жалпы емделу курсы 2 апта. 
Мұндай  процедура  жылына  бір  реттен  аспауы  керек.    Бұл  рецептіні,  онкологиялық  аурумен 
ауыратын адамдар ота және барлық химиялық терапиядан ӛткеннен кейін қолданғаны пайдалы. 
 
Ӛзен  шаянын  профилактика  ретінде  де  пайдалану  ұсынылады:    алқым  ісуінен    болатын 
аурудың  шығуына    жол  бермейді.  Ӛзен  шаяны  етінде  қалқанша  безінің    ауруын      алдын  алып, 

122 
 
болдырмауға йод  жеткілікті мӛлшерде кездеседі. Мұның еті сиыр етінің құрамындағы йодтан  жүз 
есе асып түседі. Сондықтан ӛзен  шаяны тек ересек адамдарға ғана емес, балаларға  да пайдалану 
ұсынылған. [3] 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай:  «кез-келген  ӛнімнің  барлық  пайдалы  қасиеттері  
ескеріле  отырып,  оның кӛлемін арттыруға жағдай жасалуы тиіс»,  -  деген сӛзін ескеретін болсақ, 
ӛзен  шаянының  тағамдық  құндылығы,  адам  организіміне  әсері  ӛте  жоғары  және  қазіргі  таңда 
табиғатта алатын орны ерекше болғандықтан, ӛзен шаянын шаруашылықта ӛсіруді қолға алу қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет