Список использованной литературы:
1. Алтынсариев А.Ж., Кожабаев Ж.И., Алтынсариева .А., Еркинбек А. Экологическое состояние
лугово – болотных почв и обработка почвы под посев риса по воде. Матер.междунар. науч.-
практ.конфер. «Научно – инновационные основы разви-тия рисоводства в Казахстане и странах
зарубежья» г. Кызылорда 2 – 3 ноября 2012г. С200 – 202.
2. Алтынсариев А.Ж., Кожабаев Ж.И., Махажанова А. Влияние приемов обработки пласта
многолетних трав на условия плодородия рисовых полей. Матер.междунар. науч.-практ.конфер.
«Научно – инновационные основы разви-тия рисоводства в Казахстане и странах зарубежья» г.
Кызылорда 2 – 3 ноября 2012г. С198 – 199
3. Рамазанов Х.Д., Шермагамбетов К. Система обработки пласта люцерны под рис с применением
глубокорыхлителя ПЧ-4,5 Рекомендации по системе ведения селького хозяйства. Кзыл-Орд.
область., Алматы, 1991.
Аннотация. Күріш егу алдында топырақ ӛңдеуге терең қопсытқыш ПЧ - 4,5 және КЧН - 4,0
культиваторымен ӛңдегенде күріштен және басқа да дақылдардан мол ӛнім алынатынын зерттеу
нәтижелері кӛрсетті.
Annotation.The results show that the ground’s presowing of grond’s spudding under the rice with using
deepspudder PCH - 4,5 and cultivator KCHN - 4,0 help to get stable harvest of rice and accompanied
cultures.
ӘОЖ 372,891
Қ12
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖӘНЕ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қадыр Н.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім
беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктерін негізінде жеке адамды қалыптастыруда және кәсіби шыңдауға бақытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі
дамыту міндеттерін кӛздейді.
Болашақта ӛркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Ӛйткені тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңаша
138
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп
жатқан технологиялар мен оқыту – болашақ маман даярлаудың халықаралық стандарттары
талабының бірі болып табылады. Мектеп ӛміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі –
ӛсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, ӛзгеріс енгізу,
жаңа идеялар мен жаңалықтарды ӛмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы
болып келсе, ал қазіргі оқушы ӛздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Ӛйткені, қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, ізденімпаз, талапты, дарынды, ӛз алдына
мақсат қоя білетін болуы тиіс. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы
қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен ӛзі оқып біліп, зерттеп,
тиімділігіне қарай оқытып, ӛзінің шеберлігіне қарай таңдау керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны
таңдай білуінде. Ӛйткені, бір технологияның ӛзі мұғалімнің қолдану әдіс–тәсіліне, шеберлігіне
қарай жүзеге асады. Мен ӛзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, сабағымда кӛптеген жаңашыл
педагогтардың технологияларын басшылыққа алдым.
Білім беру саласында қызметкерлердің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі –
оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылардың инновациялық және интерактивтік әдістемелерін, сондай–ақ мектеп
кабинетіндегі жабдықталған дидактикалық материалдарды сабақ барысында пайдалануы сабақтың
сапалы
әрі
қызықты
ӛтуіне
ықпал
етуде.
Қазақстанға қалыптан тыс oйлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді,
шығармашыл адамдар қажет. Сoндықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қoймай,
балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудын жoлдарын қарастырған жӛн. Ол үшін
сабақтарда түрлі қызықты oйындар, oйын–есептер, шығармашылық тапсырмалар, лoгикалық
жаттығулар пайдаланудың мәні зoр. Кӛмекші құралда мектепте oқытылатын пәндердің
бағдарламаларының тарауларына сәйкес қызықты материалдар жинақталған. Олар oқушылардың
шығармашылық прoцесті менгеруіне, oйын, тілін дамытуға кӛмегін тигізеді. Бұл жұмыс түрлерін
сабақтарда, сoндай–ақ сыныптан тыс жұмыстарда шағын кoмплектілі мектептегі сабақтарда ӛз
бетінше жұмыс ретінде пайдалануға бoлады.
Оқыту процесі – тәрбие процесі секілді педагогиканың аса маңызды саласы. Оның ғылыми
анықтамасы – дидактика немесе оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттейтін пәні – ол
білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту
процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері. Оқыту адамның бір ғана түрі, ол екі жақта сипатта
болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат–міндеттерін жүзеге асыруға
байланысты бір мезгілде ӛзара қарым–қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті
мұғалім тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу оқушылар тарапынан олардың
білімді, белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты
белсенділік танытқанымен, ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау ӛзара қарым–қатынасқа
біржақты кӛзқарас болмауы тиіс.
Педагогика тарихында күні бүгінге дейін қалыптасқан оқыту түрлерінің бірі: түсіндірме–
иллюстративтік әдіс. Түсіндірме–иллюстративтік оқытудың ерекшелігі мінеде: мұғалім
оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландыруда әр түрлі оқыту тәсілдерін, оқу
кӛрнектіліктерін, техникалық құралдар мен оқулықтар және кӛмекші оқу–әдістемелік құралдарын
пайдалана отыра, тек мұғалімнің басшылығымен оқытудың мақсат–міндеттері және оның мазмұнын
жеткізу жұмыстары іске асады. Ал, оқушылар тарапынан болса, сол берілген білімнің мазмұнын
қабылдайды, ұсынады, практикада қолданады. Оқу құралдары деп мағлұмат жеткізу үшін, сондай–
ақ оқушылардың оқу іс–әрекеттерінің кез келген формасында ӛз еркінше жұмыс істеуді
ұйымдастыру және оқу материалының меңгерілуін тексеру үшін мұғалім қолданатын оқу
жабдықтарына қажетті материалдарды таңдай білу керек. Оқу құралдары оқу жабдықтарының
құрама бӛліктері құралдары, құрал–аспаптар кіреді. Оқытудың техникалық құралдары оқу
жабдықтарының құрайтын бӛлігі болады және ӛзіне жүктелген міндеті бойынша мағлұматтардың
техникалық құралдары, тексерудің техникалық құралдары және оқытатын жүйелер болып бӛлінеді.
Білім беруде дидактикалық құралдар ерекше орын алады. Бұл оқу құралдары оқу процесі
барысындағы хабарларды тарату құралдары болып табылады және ол үшін арнайы техникалық
жабдықтар қажет болады. Оқу құралдары жүйесінің қалыптасуы – білім беру құралдарының түріне
ӛзіндік белгілері бойынша жіктеу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық
қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.
Оқытудың техникалық құралдары мен кӛрнекілік құралдарының жинақы түрде
қолданылуының бірінші аспектісі – ұйымдастыру және экономикалық сұрақтарды шешумен
139
байланысты (мысалы мұғалі мен оқушылардың жұмыс орындарына техникалық құралдарын,
кӛрнекі құралдарын жасау, сыныпты жоспарлауға қатысты шешім қабылдау). Құралдардың жинақы
түрде қолданылуының екінші аспектісі – оқушылардың ұғыну және ойлауының психологиялық
заңдылықтарымен байланысты. Оқу құралдарының жинақы түрде қолданылуының үшінші аспектісі
– дидактикалық шарттармен және олардың ұсынылуының әдістемелік тәсілдерімен байланысты.
Оқу құралдарын жинақы түрде қолданудың тӛртінші аспектісі – оқу процесін ұйымдастырудың
маңызды жақтарын бейнелейді.оқыту құралдары белгілеріне қарай шартты түрде былай жіктеледі:
–
қолданылатын материалдарға байланысты сӛздік және бейнелік;
–
қабылдау түрлеріне орай кӛру, есту, кӛру–есту;
–
материалды беру тәсіліне қарай техникалық ақпараты кӛмегімен немесе техника кӛмегінсіз,
дайын кестелер, кинотаспа.
Дидактикалық құралдарды пайдала отырып дұрыс ұйымдастырылған оқу–тәрбие процесінің
маңыздылығы ерекше. Мұғалім мұндағы тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне, білу дәрежесіне
қарай саралап орындалады. Дидактикалық материалдардың негізгі міндеті – оқушылардың сӛздік
қорын байыту, тілін дамыту яғни оларға білімді ғана меңгеру емес сӛйлесуге, пікір алысуға үйрету.
Осыған байланысты таныстырып, олардың қолдану аясында кӛрсету, мәтіндерінің мазмұны
бойынша сұрақтар, жоспар құрастыру, шағын әңгіме, тапсырмалар ұсынылады. Дидактикалық
материалдары – сынып оқушыларының жас ерекшелігін, географияны меңгерту дәрежесін, сӛздік
қорларын ескере отырып, оқушыларға материалдарды толықтыру мақсатында жасалады. Мұнда
қысқа және қызықты мәтіндер, түрлі дидактикалық ойындар оқушылардың сӛйлесу тілін кеңейту,
байыту мақсатында беріледі. Сондай-ақ жаттығу, тапсырмалардың әр түрлері де қамтылады.
Айта келе, дидактикалық материалдар оқушылар мен білімгерлерді ӛз бетінше жұмыс
істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сӛз қорын
молайтуға кӛмектеседі, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, бағдарламалық
материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Географияны оқыту әдістемесі жалпы
дидактиканың теориясына негізделген. Дидактика – білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің
заңдылықтарын ашу, оқытуды ең тиімді әдістермен ұйымдастыру формаларын табу мәселелерін
шешеді.
Кӛрнекі құралдар немесе оқыту құралдары (білім беру кӛздері) табиғат пен қоғам туралы
ғылыми білімнің қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудің негізі мақсатын жетілдіруге керек.
Кӛрнекілік құралдардың негізгі бір функциясы – білім меңгеруі барысында оларды кӛрсете алу.
Бұлар әсіресе, оқушылар физикалық және экономикалық география курстарын оқыған кезде,
кӛптеген обьекті мен құбылыстарды шын түрінде кӛре алмаған жағдайда, маңызды болып келеді.
Сонымен қатар, табиғатта кездесетін заттарда кейде кӛзге кӛрінбейтін нақты кӛрсеткіштерді байқау
қиынға түседі, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер т.б. арқылы кӛрсетуге болады.
Кӛрнекілік құралдар білімнің негізгі кӛзі болып келеді, олармен жұмыс істеу барысында
оқушылардың білу қабілеттері, ойлары, тілдері дамиды, және кӛрнекілік құралдар арқылы олар
ғылыми зерттеулердің қарапайым түрлерін, біліктіліктерін игереді.
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік
бағдарламасында былай делінген: ―Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты
орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық
білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта
білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады ‖.
Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін
оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық
құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы
кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық
жүйелер, оқыту орталығы электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.
География пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гӛрі
қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір
әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Ендігі бағыт–сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс
істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән
мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс.
Елбасымыз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша
компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға кӛтеру
болып табылады.
140
География мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер
мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гӛрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар.
Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс
уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. Іс
тәжірибемде жинақталған анықтамалық, тест сұрақтары жинағын, деңгейлік жеке тапсырмалар
жинағын ӛз сабағымда қолданып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Бұл жинақтарды жасауда
кӛптеген әдебиеттерді және озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын журналдарды пайдаландым.
Дидактикалық материалдар география оқулығының негізінде алынған ӛзіндік, бақылау және
тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, сонымен қатар карталардың, кестелердің,
қызықты қосымша ақпараттардың жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін ӛзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа
ӛтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналған.
Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды
жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды
қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді. Дидақтикалық материалда
ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары ӛте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға ӛте
ыңғайлы болуы тиіс. Белсенділігін, білім құштарлығын арттыруда білім мазмұны, формасы,
дидактикалық материалдар мен оларды тиімді пайдалану ерекшеліктері бағдарлама бойынша
үйлесімді болып келеді.
География сабақтарында жаңаша оқыту формаларын қолдану нәтиженің құндылығын ғана
емес, білім беру әрекетін кӛтереді. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын
қалыптастыруға кӛмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік
жұмыстарды жүргізуде ӛзіндік жұмысқа қарағанда уақыт кӛлемі қатаң ескеріледі.
Біз қадам басқан XXI ғасыр жан–жақты дамыған, білімді, ӛз ісіне де, ӛзгенің ісіне де әділ
баға бере алатын, ӛзіне сенімді, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық жағынан дамуына
зор үлес қоса алатын тұлға тәрбиелеуді талап етіп отырмыз. Сапалы білім беру – оқыту мен
тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі, қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан–жақты білімді, ӛмір сүруге
бейім ӛзіндік ой–талғамы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, яғни білім, іскерлік, қабілет пен
қасиеттерді қамтиды. Қазіргі замандағы білім берудің мақсаты тұлғаны жалпы қасиеттерін дамыта
отырып, еңбек етуге және ӛз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылысын дамыту. География
пәні ұстазы ретінде оқушыны ынталандыру географиялық білімнің құндылығын түсіндіру, оларды
меңгеруі үшін қосымша дидактикалық материалдардың маңызы зор. Пәннің ерекшелігі –
оқушыларға кӛп ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқаларға ерекше
назар аударылады. Сабақ – мұғалімнің творчестволық ізденісінің туындысы. Сабақ беру, оны
оқушы қауымына дұрыс жеткізу әрбір мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.
Бүгінгі ұстаз жаңа формацияның талабына сай, терең білімді, ізденімпаз, шығармашыл бола білуі
керек.
Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой–түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына
сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр. Осыған орай жаңа ғасырда
мектептегі география сабағына оқушының географиялық білімін үнемі жетілдіріп отыру талаптарын
жүктейді. Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсендігін
арттырады. Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдалған сабақтың 30%–ы, кӛзбен
кӛрген сабақтың 50%–ы, тәжірибе жасаған сабақтың 80%–ы баланың есінде қалады. Сондықтан
оқытуда түпкі мақсатқа жетү үшін мұғалімнің ізденісі шешуші рӛл атқарады. Ал мұғалімнің ізденісі
ең бірінші сабақта қолданылатын дидактикалық материалдар есебінен, педагогикалық
интербелсенді әдістерден айқын кӛрінеді. Неміс педагогы А.Дистервег XIX ғасырдың ӛзінде–ақ
«Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі – ӛзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге
тырысуы» деген болатын. Жаман мұғалім білімді ӛзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы
мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасай білсе және бір сабақтан екінші сабақты
түрлендіріп ӛткізе білсе, ол оқушының ӛзіндік ізденісіне жол ашады. Сондықтан нәтижеге
бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен
нормаларды және тиімді дидактикалық және интербелсенді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар да ӛткізілуі тиіс.
Яғни осы кәсіби дәрежесі кӛтерілген, шебер, зерттеуші, әртүрлі технологиялық әдістерді қолдана
білетін, оқушылармен бірлесе әрекет ететін, дидактикалық материалдарды сабақ типіне байланысты
дұрыс қолдана білетін мұғалім – құзіреттілік сипаттамасына сай келеді. Бұрынғы оқушы тек
141
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазір оқушы ӛздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше
мән беруіміз керек. Білім жүйесіне жаңа ақпаратық технология құралдарын пайдалану қазіргі оқу
үдерісінің басты бағыттарының бірі болып келеді. Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Сабақ кезінде оқушылар мәселелерді
талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен зер сала отырып ой түйеді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты кӛрсеткіш болып табылады. Білім беру
мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді
әрекеттер арқылы ғана игеріледі, бірлесе әрекет жасау, диалог құру. жазылуы мүмкін екендігі
туралы ӛз ойларын да диалог арқылы кӛрсете білді. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан
ӛзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар
оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере
отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сол кезде сабақ
күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Осы дипломдық жұмыс тақырыбына сай дидактикалық
материалдармен мемлекеттік педагогикалық оқу–тәрбие тәжірибесінде жұмыс атқараылған
болатын. Әр сыныппен жүргізілген сабақтар қазіргі таңдағы интербелсенді оқыту технологиясы
арқылы ӛтілді. Сабақты ұйымдастыруда түрлі әдістерді қолданып сабақты түрлендіре түстік.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу
саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі ӛзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып
отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.– Алматы, 1999ж.
2.
Бегалиев Т.Б. Дидактика. //Оқу–әдістемелік құралы. – Тараз: Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, 2008ж.
3.
Ақашева Ә.С., Дүйсебаева К.Ж. //Географияны оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құралы. –
Алматы: Қазақ университеті, 2013ж.
4.
Жаспанова Т. Дидактикалық құралдардың бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігі мен шығармашылық бастамаларын қалыптастырудағы маңызы. //Бастауыш мектеп.
2012 ж.
5.
Асемжанова З.З. Дидактикалық ойын түрлері. //Бастауыш мектеп. 2011ж.
6.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі. //Ped.kz/ ұстаздарға арналған
әлеуметтік портал.
7.
Ә.К.Ақылбек, А.Нұғысова. Математика сабағының тиімділігін арттыруда дидактикалық
құралдардың маңыздылығы. Оқытуда мультимедияны қолдану. ,№ 4, 2014 ж
8.
Нысанқұлова Н. Білім сапасы – басты мәселе. //«Қазақстан мектебі» журналы
9.
Д. Қазақбаева, Ш. Кәрібаева. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жолдары. //Физика және
астрономия, № 1, 2010 ж.
Аннотация. Статья посвящена вопросам дидактического материала и основы их использования в
современной технологии. В данной статье рассмотрены современный процесс развития
образования, который высокими темпами усовершенствован методами обучения.
Проанализированы характерные особенности дидактических материалов в современной
технологии, использования в процессе проведения предмета географии.
Annotatıon. The article is devoted to the issues of didactic material and the basis of their use of modern
technology . This article describes the process of modern education, which rapidly improved training
methods. Analyzed characteristics of teaching materials in modern technology used in the process object of
geography .
Достарыңызбен бөлісу: |