Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
10
1.
Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. (Хақ жолындағылар тарихы) – Алматы: М.Х.Дулати
қоғамдық қоры, 2003. 616 б.
2.
Источник:
http://e-history.kz/kz/publications/view/160
© e-history.kz
3.
Н.Назарбаев
4.
Нуртазина Н.Д. Ислам и эволюция государственности в истории Казахстана. Отан
тарихы. №1 2002. Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы сабақтастық мәселелері» Республикалық
ғылыми-практикалық конференция материалдары
5.
История Казахстана в русских источниках XVI - XX веков. Первые историко-
этнографические описания казахских земель. Первая половина XIX века / Сост. И.В. Ерофеева, Б.Т.
Жанаев. V том. Алматы: Дайк-пресс, 2007 (далее - История Казахстана. V т.). С. 17-154.
Аннотация. В научной статье рассматривается религия ислам в период казахского ханства.
Annotation. In the scientific article the religion Islam in the period of the Kazakh khanate is considered.
ӘОЖ 81,42:81,367:
811.512.122
К.АХАНОВ – ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІН ЗЕРТТЕУШІ
Байтелиев А.Ә.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ХХ ғасырда жалпы және қазақ тіл білім і саласында табысты еңбек етіп, тіл білімі ғылымына
зор үлес қосқан ғалым-лингвисттердің легінде К.Аханов та тұр. Ұстаз-ғалым, ӛз мамандығының
білгірі К.Аханов – білім жолын қуған адам, талай-талай шәкірттерді қанаттандырып ұшырған
маман.
Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданының Никитинка селосында мұғалімдар отбасында туған
Кәкен Аханов еңбек еткен кезінде, Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті,
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақтың Мемлекеттік Университетінің
филология факультетінің деканы, Алматы шетел тілдері педагогтік институтының ректоры
қызметтерін атқарған[1,569].
Оның ӛмірбаянында штрихтер жоқ. Шығыс Қазақстанның Никитинкада аулында дүниеге
келген бала сұрапыл соғыс аяқталысымен-ақ ғылым-білім бұлағы Қазақтың Мемлекеттік
Университетіне түсіп, оны үздік дипломмен бітіреді.
Содан бергі жиырма жеті жылда (қайтыс болған жылы – 1978) бір-екі мекемеде,
Қазақуниверситетінде жемісті еңбек еткен: оқытушы, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет
деканы. Ӛмірінің соңғы жылдары – щетел тілдері институтының ректоры болған.
К.Аханов – жалпы және қазақ тіл білімінің мамандарының бірі. Ол – екі жүзден астам
ғылыми еңбектің авторы. Олардың ішіндегі оқудықтары он сегіз, он тоғыз рет қайтадан басылған.
Олардың әр жылғы басылымын қоспағанда, жарияланған ғылыми-педагогтік еңбектерінің жалпы
кӛлемі 250 баспа табақа жетеді. Егер бұлардың кӛлемі 25-30 баспа табақтан есептелгенде қалың-
қалың 8-10 кітап болар еді. Бір адамға бұл үлкен жүк. Ал соны кӛтерген азаматты үлкен ғалым,
теңдесі жоқ ғалым демеске болмайды.
Осы жерде:«Бұл еңбектер не туралы?» деген орынды сұрақ туады. Ең алдымен, Кәкен
Аханұлы – мектеп оқулықтарының авторы. Бастауыш және он жылдық мектеп оқушылары отыз
шақты жылдан бері К.Аханов жазған оқулықтарымен оқып, тіл ғылымы негіздерімен қаруланып
келді. Солардың ішінде V-VI кластарға арналған Қазақ тілі оқулығы – Қазақ ССР Оқу министрлігі
1969 жылы жариялаған конкурста бірінші жүлдеге ие болған.
11
Кәкен Аханов – тіл тарихына, оған байланысты ғылымға, ӛткен ғалымдар мұрасына кӛп
үңіліп жүрген ғалым. Шығыстың екінші Аристотелі атанған – жерлесіміз Әл-Фарабидің
лингвистикалық мұрасын зерттеп, насихаттауда айтарлықтай еңбек етіп, бірсыпыра мақала жазған,
баяндамалар жасаған; совет және қазақ тіл білімінің қалыптасу, ӛрлеу, даму кезеңдері мен
жетістіктері, келелі мәселері жӛнінде ой саларлық пікірлір айта алған; қазақ тілі тарихы,
диалектологиясы, тілдердің қарым-қатынасы, кӛрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі
туралы ойларын ортаға сала білген; мектеп пен жоғары оқу орындарында қазақ тіліноқытуды
жақсарта түсудің кӛкейкесті мәселелерін дер кезінде кӛтеруге үлес қосқан; жалпы тіл білімі, қазақ
тілі туралы жазылған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа туындыларына ӛзінің бағасын берген
ғалым.
Кәкен Аханов филология факультеттері студенттеріне арналған қазақ тіліндегі тұңғыш
оқулықтар мен бірсыпыра ғылыми зерттеу жұмыстардың («Қазақ тілі лексикасы мәселелері» (1955),
«Қазақ тіліндегі омонимдер» (1958), «Грамматика теориясы негіздері» (1972) атты еңбектердің
авторы. Ал оның «Тіл біліміне кіріспе» (1962) мен «Тіл білімінің негіздері» (1973) атты оқулықтары
жоғары оқу орындарындағы филология факультеттерінде оқитын жастарға Тіл біліміне кіріспе,
Жалпы тіл білімі курстарын оқытуды шын мәнінде ғылыми дәрежеге кӛтерді десек, асыра
айтқандық емес. Соңғы оқулығы қазақ тілі мен түркі және басқа да кӛптеген тілдердің материалына
аса бай. Солардың негізінде автор толып жатқан мәселелер жӛнінде теориялық қорытынды
тұжырымдар жасап, тың пікірлер айтқан.
К.Аханов еңбектерінің ғылымилығы туралы әр жылдары баспасӛзде профессорлар:
А.Ысқақов, Ж.Тӛленов, Х.Арғынов, Ә.Болғанбаев, Ш.Сарыбаев, Ж.Болатов және т.б. ғалымдар
ӛздерінің ілтипатты лебіздерін білдірген.
Ғалымның еңбектерін басқа республика ғалымдары да жоғары бағалағанын кӛреміз. Бұған
СССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, Грузин ССР Ғылым академиясының академигі
Г.С. Ахвледианидің, Грузин ССР Ғылым академиясының академигі, түркі тілдерінің кӛрнекті
маманы С.С. Джикияның жазған пікірлері дәлел.
Білімдар ұстаз ретінде ӛзінің қысқа ӛмірінде жоғары дәрежелі ғылыми кадрлар даярлауға
қосқан ұлесі де айтарлықтай. Оның ғылыми басшылығымен оннан астам ғылым кандидаты, бір
ғылым докторы дайындалған. Ал, аспиранттар мен студенттерге оқыған лекциялары ӛз алдына бір
тӛбе.
Осыларға қоса К.Аханов аспиранттар мен ізденушілердің «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми
жинағының бас редакторы, ғылыми советтің председателі; Қазақ ССР Оқу, Жоғарғы және арнаулы
орта білім министрліктерінің оқу-методика секцияларының, Қазақ совет энциклопедиясының қазақ
тілі редакциялық советінің мүшесі болды.
Әр дәуір мен әр бір ұрпақ жадында сирек кездесер болмыс-бітімімен, қайталанбас қалпымен
сақталатын адамдар болады. Ғылымда, әдебиетте, ӛнерде, саясатта, қоғамдық ӛмірде ӛзінің туа
біткен дарынымен оқшау кӛзге түсіп, бойындағы бар ізгі қасиеттерін ұлтының іргелі істеріне, үлкен
мақсаттарына бағышталған мұндай перзенттерін халқымыз қай кезде де шексіз қадірлеген, тұлға
тұтқан.
Есімі ел есінде сақталып, еңбектері тіл ғылымы әлеміндегі ӛз биігінен әр кез кӛрініп келе
жатқан Кәкен Аханов бейнесі сондай сирек ұшырасар ғалымдар санатынан болғанына ешкімнің
күмәні жоқ.
Қазақ тіл білімі мен жалпы тіл ғылымының жиырмасыншы ғасырдың екінші жртысындағы
дамуы мен қалыптасуын сӛз ете отырып, бар-жоғымызды ой таразысына салар тұста, ұттық Ғылым
академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, дүниеден
ерте кеткен талантты ғалым, табанды азамат Кәкен Ахановтың есімі мен еңбектерін әр кез айрықша
атап ӛткен жӛн.
Ӛзінің білікті байлам-тұжырымдары мен тыңғылықты теориялық зерттеулерінде үлкен
ғалым, ӛнегелі ұстаз қазақ тіл ғылымымен қатар, жалпы тіл білімінің, кеңестік түркологияның сол
кездегі келелі мәселелеріне жан-жақты кӛңіл бӛліп, ат салысып отырған. Оның айқын дәлелі – әр
12
жылдарда жарық кӛрген, кӛпшілікке кеңінен таныс монографиялық еңбектері мен оқулықтары,
ірілі-ұсақты мақалалары мен тіл ғылымың теориялық және практикалық мәселелеріне арналған
зерттеулері.
Үлкен ғылымға барар жолды 1946 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет
факультетінде студент болып бастаған Кәкен Аханов аталмыш оқу орнын 1950 жылы үздік бағамен
бітіреді де, униветситет қабырғасында оқытушылық қызметке қалдырылады. Содан 1978 жылға
дейін ӛзінің үзіліссіз қызмет еткен филология факультетінде аға оқытушылықтан профессор
дәрежесіне дейін кӛтеріліп, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болады, 1978 жылдың тамыз
айынанбастап Алматыдагы шет тілдер педигогикалық институтының ректоры қызметтерін атқарды.
Жүздеген шәкірттер тәрбиелеп, қазақ тіл ғылымы мен жалпы тіл білімінің зерттелу аясын кеңейтіп,
тереңдетуде, ғылыми теориялық тұжырымдарды практика жүзінде тиянақты ұштастыруда ұстаз-
ғалымның лингвистикаға қосқан үлесі ұлан-ғайыр.
Алғашқы ғылыми зерттеу жұмысын қазақ тілінің сӛздік құрамынан бастаған ғалым сол
кездің ӛзінде-ақ лексикологияның негізгі мәселелері, тіл мен тіл білімі жӛнінде терең ойлы пікірлер
мен соны тұжырымдар айтып, ғылыми-шығармашылық болашағының молдығы мен мүмкіндігінің
кеңдігін айқын байқатқан еді. Әсіресе жас ғалымның бұл кезеңдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының
ішінен ерекше орын алатыны – қазақ тіліндегі омонимдер категориясы туралы зерттеуі. Кәкен
Аханұлы Аханов тілдегі дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сӛздерді зерттеудің маңызы мен
мәнін дәлелдей келіп, олардың жасалу жолдарына тоқталады, қазақ тілінің бай тілдік фактілеріне
сүйене отырып, омонимдердің түрлерін айқындайды. Омонимдер мен кӛп мағыналы сӛздер
арасындағы басты-басты айырмашылықтар мен критерийлерді анықтаған, ғылыми-теориялық
дәлелді тұжырымдарға негізделген бұл еңбек осы уақытқа дейін ӛз маңызын жоғалтпай келеді.
Профессор Кәкен Аханов нағыз ізденімпаз, еңбекқор ғалым еді. Ол ӛзі обьект етіп алған
тілдік құбылыстардың қай-қайсысын болсын түбегейлі де терең біліммен, білгірлікпен жан-жақты
зерттеп, анық-қанығына кӛзі жетпейінше, ұшқары пікір айтудан ойын да, бойын аулақ ұстайтын.
Бұл жәйт, әсіресе, ғалымның жалпы тіл білімін зерттеп, қарастыратын еңбектерінен ерекше
байқалады.
1962 жылы алғаш рет жарық кӛрген «Тіл біліміне кіріспе» кітабы – тіл туралы ғылымға,
теориялық пәнге қатысты қазақ тіліндегі тұңғыш шыққан оқулық[2]. Дәлірек айтқанда, ғалымның
бұл еңбегі – қазақ тіл ғылымындағы жалпы тіл білімінің негізін салуға бағытталған алғашқы іргелі
зертеу. Тілдік құбылыстар мен категориялардың ара жігін бӛліп, жіктеуде сол кезең рухы мен
талабына сай ғылыми методологияның басшылық принциптері мен жалпы философиялық,
диалектикалық танымның рӛлін кең түрде қарастыру әдістеріне сүйене отырып, ғалым ӛзінің кӛп
жылғы сүбелі еңбегін нәтижелі аяқтаған. Жаңа тараулармен толықтырылған, ғылыми-зерттеу аясы
әлдеқайда тереңдетілген, кеңейтілген бұл оқулықтың екінші басылымы жоғары оқу орындарының
бағдарламысына сәйкестелген, қазақ тіл ғылымының кезеңдік жоғарғы талаптарына толық жауап
бере алатын, тіл білімінің негізгі ұғымдары мен маңызды теориялық мәселелерін түбегейлі, жан-
жақты қамтыған үлгілі зерттеу жұмыстары санатына қосылды. Аталмыш еңбекте автор жалпы тіл
білімінің бірқыдыру проблемалық мәселелері (тілдің таңбалық сипаты, тілдің жүйелілігі, синхрония
мен диахрония, тілдің даму заңдылықтары туралы, тіл білімінің салалары, жазу тілі, тіл білімінің
басқа ғылымдармен байланысы т.б. мәселелер) бойынша құнды-құнды пікірлер мен тұжырымдар
жасаған.
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны мен маңызын, оның басқа ғылым
салаларымен байланысын, қоғамдық құбылыс тұрғысындағы ерекшеліктерін, тіл туралы ғылымның
негізі мен тілді зерттеу әдістерін қарастыратын, оның барлық салаларын егжей-тегжейлі зерттеп,
тілдің шығуы мен дамуын сӛз ететін бұл еңбектің ӛз кезінде «әрі тұңғыш, әрі қажетті оқулық» деген
лайықты бағасын алуы да, тілші, әдебиетші ғалымдардың назарына ілігуі де тегіннен-тегін емес еді.
Тіл адамдар қарым-қатынасының аса маңызды құралы екені және үнемі даму үстінде
болатыны белгілі. Соған орай, тіл білімі де уақыт ӛткен сайын қалыптасу, ӛсу кезеңін бастан
кешетіні де даусыз. Жалпы ғылымның дамуы кез келген ғалымның зерттеу аясының кеңейіп,
13
шығармашалық лабораториясының күшейе түсуіне тікелей ықпал етері, қоғамға қажетті әр алуан
ғылыми еңбектер қатарының молаюуына ӛз әсерін тигізері анық.
«Тіл біліміне кіріспе» кітабының теориялық тұрғыдан жетілдірілген негізінде жазылып,
1973 жылы жарық кӛрген «Тіл білімінің негіздері» атты оқулық[3,495] та жалпы тіл білімінің
теориялық мәселелері жайындағы күрделі еңбек болып табылады. Мұнда автор соңғы жылдары
баспадан шыққан ғылыми-теориялық жаңа әдебиеттерді, тілдік проблемалар жайындағы зерттеулер
мен талдауларды ескере отырып, кітаптың негізгі тарауларын ғылыми тұрғыдан лингвистикадағы
жаңалықтармен толықтырған, әртүрлі құрылымды тілдер материалдарымен және жаңа теориялық
тұжырымдарды талдай отырып нақтылаған.
Профессор К.Ахановтың жалпы тіл ғылымында кӛрнекті орын алатын іргелі еңбектерінің
бірі – грамматиканың басты теориялық мәселелерін қарастыратын «Грамматика теориясының
негіздері» атты зерттеуі. Автор мұнда грамматикалық негізгі категорияларға сипаттама бере келіп,
сӛздің морфемалық құрамын, сӛз таптары мен сӛз тіркестерінің ерекшеліктерін, сӛйлемнің
түрлерін, тілдердің, соның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен заңдылықтарын
ғылыми тұрғыдан сипаттайды және дәлелдейді, грамматика теориясының мақсаты мен мәнін
айқындайды.
Профессордың ғылыми-зерттеу еңбектері қамтыған проблемалық мәселелері тұрғысынан
да, ӛзінің сапалы теориялық тұжырымдарымен қоса, обьектіні түбегейлі меңгеру принциптері
тұрғысынан да тек қазақ тіл біліміне ғана емес, жалпы түркология және жалпы тіл ғылымына
қосылған қомақты үлесі екені даусыз. Қысқасы, бұл зерттеулердің барлығы да – принципшіл тіл
маманының табандылығын танытар кӛп жылғы еңбегінің нәтижелі жемісі.
Профессор Кәкен Ахановтың ғылыми мұрасы әр алуан. Ғалым қазақ тілінің сӛз байлығына,
сӛздік қоры мен сӛздік құрамына қатысты, синтаксистік мәселелеріне, әсіресе күрделі сӛз бен оның
басты белгілерін айқындауға байланысты бағалы ойлар айтып кеткен.
Сол сияқты әдеби тілдің теориялық проблемаларына, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына,
орфографиялық ережелер мен принциптерге ерекше кӛңіл аударып, соны тақырыпты кӛтеріп,
жалпы тіл ғылымының кез келген принципті талдау, талқылауларына қызу ат салысып отырған.
Атап айтқанда, ғалымның қазақ лексикографиясы жӛніндегі ойлары әртүрлі сӛздіктердің
жасалуында кезінде қалай маңызды рӛл атқарған болса, әлі де ӛзінің сұраныс құндылығынан
айырылмай келеді.
Ғалымды тіл білімі, тілдің негізгі проблемалары ғана емес, сонымен қатар, кӛркем
шығармалардың стильдік ерекшеліктері, сӛз ӛнерінің халықтық сипаты тәрізді құбылыстар да
қызықтырып отырған. Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, әлемге әйгілі Мұхтар Омарханұлы
Әуезовтің тіл жӛнінде жазған бірнеше мақалалары мен М.Әлімбаев, Қ.Бекхожин еңбектері туралы
айтқан ойлары – осының айғағы.
Профессор К.Аханов ӛмірінің соңғы кезеңдерін «Әл-Фараби және филология ғылымдары»
атты зерттеу еңбегін жазуға арнаған еді. Шығыстың ұлы ойшылы, данышпан ғалымның тіл біліміне
қосқан үлесін, тіл ғылымдары жайындағы кӛзқарасын, жалпы дүниежүзілік лингвистикада алатын
орнын, маңызын зерттеу мақсатын кӛздеген ғалым ұлы жерлесіміздің лингвистикалық кӛзқарасы
туралы бірнеше мақала ғана жариялап үлгерген еді.
Кӛрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Кәкен Аханов қазақ тіл білімінің іргесін бекітіп,
кӛкжиегін кеңейту жолында жемісті еңбек еткенін, атқарған істерін еске ала отырып, 80 жылдығын
да айрықша атап ӛттік. Әрине, тіл ұшына оралар ӛкініш кӛп-ақ... Оның ұлттың рухани қазынасына
қосқан үлесі қаншама мол болса, қысқа ғұмыр кешіп, құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, ағып ӛте
шыққан жанның ӛмірде де, ғылымда да ойға алған істері соншама мол еді... Ол ғұмырының соңғы
кезеңдерінде жазғандарын баспа бетіне жариялап үлгере алмады.
Ғалым тұлға дүниеден ӛткелі оның артында қалған бай мұрасы кайыра елекке толық ілікпей,
елеусіз қалып келе жатқаны жанымызға батады. Егер ғылым әлемі нағыз еңбекқор, табанды,
талапшыл, талғампаз ғалымдар еңбегінен құралуға тиіс дейтін болсақ, Кәкен Ахановтың
14
зерттеушілік әлемі бүгінгі ұрпақ зердесіне қайта ілігіп, талқысына қайта түсуге лайық, ертеңгі
күннің қатал емтихандарына толық жауап берер тұтас дүние екеніне еш шүбә жоқ.
Елінің ертеңін ой мен парасат дүниесінен кӛруге ұмтылған үлкен жүректі ұстаздың іргелі
зерттеу еңбектері мен қомақты ғылыми мұрасына кӛрсеткен қамқорлығымыз қазақ тіл ғылымының
алдындағы парыздарымыз бен қарыздарымызды жеңілдете түсер ме еді деген ойдамыз дейді оның
жолын қуған ғалым шәкірттері А.Ә.Байтелиев, Р.А.Садықбеков және тағы басқалар.
Ия, Аханов әлемі – шынайы зертеуші, шыншыл адамның кейінгіге қалдырған аманаты.
Ол қазақ және жалпы тіл білімінің теориялық және методологиялық тұрғыдан жүйеленуі,
негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін
зерттеді. Оның «Тіл білімінің негіздері» деген монографиялық еңбегі жоғары және арнаулы оқу
орындарында, тіл мен әдебиет, шет тілдерін оқитын мамандықтарда және қазақ тіл білімінің барлық
саласы бойынша негізгі оқулық ретінде үздіксіз қолданылып келеді.
К.Ахановтың жалпы тіл білімі теориясын зерттеген ғылыми еңбектері отандық тіл
ғылымына қосылған бағалы үлес ретінде қабылданды. Ғалым К.Аханов сондай-ақ лексикология,
грамматика, фразеология, лексикография және фразеографияның салаларын, фонетиканың
заңдылықтарын, грамматиканың салалық құрылымын жүйелеп берді.
К.Ахановтың орта мектепке арналған «Қазақ тілі» оқулықтары ұзақ жылдар бойы жас
ұрпаққа ана тілінің ғылыми жүйесін меңгеруге қызмет етті. Шығармалары әртүрлі салаларды
қамтыды, мысалы: ―Қазақ тілі лексикасының мәселелері‖ (1955), ―Грамматика теориясының
негіздері‖ (1972), ―Тіл біліміне кіріспе‖ (1965), ―Қазақ тілі грамматикасы, фонетика мен
морфология‖ (1961,1974), ―Тіл білімінің негіздері‖ (1978), ―Қазақ тіліндегі омонимдер‖ (1958) және
т.б.
Ғалым К.Аханов теориялық еңбектерінде фразеологияның теориясына, соның ішінде
фразеологизмдердің дифференциалдық белгілерін, қалыптасу жолдары мен негіздерін,
этимологиясын, фразеологияның аумағына енетін бірліктерді, олардың ӛзімен шектес я ұқсас тілдік
бірліктерден айырмашылықтарын, фразеологизмдердің семантикалық, құрылымдық түрлерін,
мақал-мәтелдердің фразеологияға қатысын, мағынасы тұрғысынан номинативтік және
коммуникативтік бірліктердің салыстырмалы фразеология мәселесін, фразеологиялық аударма
теориясын және т.б. мәселелерді талдап, ғылыми-теориялық негізделген пікірлер айтқан. Сонымен
қатар нақты түрде ӛз еңбектерінде ғалым К.Аханов фразеологиялық оралымдардың басты
белгілеріне, олардың тілде қалыптасу жолдарына, шектесетін бірліктерге талдау жасады. Кемінде
екі сӛздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында
қолданылатын тілдік бірліктерді фразеология аумағына жатқызып, олардың негізгі белгісі
мағыналық жақтан дамып, ауыс мағынаны білдіретін бірлік екендігін қуаттады. Лексикалық
мағыналардың бірі фразеологиялық байлаулы мағынаның қалыптасу негіздерін анықтады.
Фразеологиялық оралымдардың семантикасына байланысты тіл білімінде ―меншікті
мағына‖ терминін ұсынды. Ол мағынаның тек фразеологизмге ғана тән болатындығын, ол меншікті
мағынаның фразеологизмді құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, ӛздігінен ӛмір
сүретіндігін дәлелдеді. Фразеологизмдердің құрамындағы сӛздер грамматикалық тұрғыдан тіркесе
жұмылудан құралған сӛздерден құралып, ажыратыла тұлғаланған бірлік ретінде қызмет етеді дей
келіп, К.Аханов ―ажыратылып тұлғаланған‖, ―тұтас тұлғаланған‖ деген терминдерді тіл білімінде
қолданысқа енгізді.
Фразеологизмдерді тұтастық, бірлік, тізбек, сӛйлемше деген құрылымдық, семантикалық
тӛрт топқа жіктеді. Және де құрылымы тұрғысынан сӛз тіркесі құрылымды және сӛйлем
құрылымды топтарға жіктеді. Фразеологизмдердің ішінде құрылымы жағынан коммуникативтік
бірліктерге – сӛйлемдерге сәйкес келетін мақалдар мен мәтелдерді даяр күйінде жұмсалатынын,
тұтас астарлы мағынасын, құрамының тұрақтылығын негізге алып, фразеологизмдер қатарында
қарастырады.
Ғалым фразеологизмдерді грамматикалық құрылымы тұрғысынан номинативтік және
коммуникативтік фразеологизмдер тобына, сӛз тіркесі құрылымды фразеологизмдерді әртүрлі сӛз
15
табының мағынасын беруіне қарай лексика-грамматикалық топтарға жіктейді. Фразеологизмдердің
пайда болу, шығу және қалыптасу негіздеріне қарай да талдап, этимологиялық мағынасын анықтап,
семантикалық уәждерін ашып, аудармадағы кездесетін қиындықтарға да тоқталады.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді онымен шектес бірліктерден, мысалы сӛз
тіркестерінен, күрделі сӛздер мен атаулардан, терминологиялық сӛз тіркестері мен сӛйлемдер
құрылымды фразеологиялық емес тұлғалардан ажырату мәселесін тіл білімінде алғаш рет зерттеп,
дәлелді теориялық пікір айтқан да ғалым К.Аханов болды. Шектес, ұқсас тұлғаларды бір-бірінен
семантикалық сипаты жағына да, грамматикалық құрылымы жағынан да, синтаксистік қызметі
жағынан да жан-жақты талдап, дәлелдеп, олардың айырмашылықтарын анықтаған тұжырымдар
К.Аханов пікірлеріне барып тірелді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. Алматы, 1998. -
720 бет.
2. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1965.
3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1994. -495 бет.
Аннотация.В статье исследованы лингвистические наследие известного казахского лингвиста К.
Аханова. Также анализированы его оригинальные идеи в общей лексикологии, морфологии,
фразеологии и других отраслях языкознания.
Annotation.In the article are investi gated linguistic heritage of famous Kazakh linguist K. Akhanov. Also
are analyzed his original ideas in general lexicology, morphology, phraseology and other branches of
linguistics.
Достарыңызбен бөлісу: |