Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қаңлыбаев Қ. Математика тарихын оқыту туралы /Математика және физика. – 2007. - №2(2). –
25-26 бет.
2. Ахашев Ж. Туындыны және оның алгебралық қосымшасы /Математика және физика.-2006.-
№3.Берікжанова Г
99
3. Жұлдызов А. Туындыны қолданып ӛрнекті ықшамдау / Информатика, физика, математика.-1998.-
№6.
4. Колмогоров А.Н., Абрамов А.М., Дудницын Ю.П., Ивлев Б.М., Шварцбурд С.И., Қабдықайырұлы
К., Қазешев А., Қамзина Г.С. «Алгебра және анализ бастамалары»; Алматы, «Просвещение -
Қазақстан», 2003.
5. Ораз К. Теңсіздіктерді дәлелдеуде туындының қолданылуы / Математика және физика.- 2004.-
№6.
6. Қарабаев А. Туындыны стандарт емес есептерді шешуге қолдану / Информатика, физика,
математика.- 1999.- №2.
7. Нұрданбекқызы Б. Туындының орта мектеп математикасында қолданылуы / Математика және
физика.- 2006-№6.
8. Омарова Г. Туындының кӛмегімен теңдеулерді шешу / Математика және физика.- 2005.- №4.
Аннотация. В данной статье рассматривается доказательство неравенств с помощью решение
уравнений и произведения.
Annotation. In this article proof of inequalities is examined with a help decision of equalizations and work.
ӘОЖ 37.0:004(075.8)
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТІ ДАЙЫНДАУ
ЖӘНЕ ОНЫ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Джанабаева Г. К., Мҥсілімов Б.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі заман талабына сай жаңа үлгідегі педагогикалық ғылым ерекшеліктерінің бірі – ол
оқушылардың жеке дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын жасау болып табылады.
Оқу процесіндегі ақпараттық және коммуникациялық жасақтарды қолданудың ӛзі қолданбалы
информатиканың практикалық негізі болып есептеледі. Информатиканың негізгі міндетінің бірі
пайдаланушыны ӛмірдегі ғылыми-технологиялық жаңалықтармен байланыстыру болса, мұндай
байланыстар үшін интеллектуальды оқыту жүйелері, оқытуға арналған программалық құралдар,
автоматты оқыту жүйелері, электрондық кітаптар, компьютерлік желі түрлері, т.б. қолданылады.
Осындай жаңа ақпараттық технологиялардың кӛмегімен әлеуметтік басқару жүйелерін ӛркендетуге,
жақсартуға, дамытуға болады.
Оқыту жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың түрлері де сан алуан. Мысалы,
дидактикалық компьютерлік ойындар, оқытушы-программалар, қашықтықтан оқыту жүйесі,
программалық тілдерді үйрену технологиялары, жаңа коммуникациялық технологиялар, офистік
компьютерлік технологиялар, компьютерлік тесті құру және пайдалану технологиялары,
электрондық оқулықтар, оқытушы мультимедия және гипермедия жүйелері. Осы технологиялар
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардыың негізгі құралына айналып отыр. Педагогикалық
технология – оқушының даму шарттарының жиынын құрайтын, оқу-тәрбие процесінің міндеттері
мен мазмұнын, түрлері мен әдістерін ӛзара консептуальды түрде байланысуын ұйымдастыратын
әртүрлі пәндер мен әдістердің күрделі және ашық технологиялары. Ақпараттық оқыту
технологияларының тиімді әдістемелік негізі модульдік оқыту тәсілі болып отыр. Бүгінгі таңда осы
100
модульдік оқыту тәсілінің негізгі элементі болып табылатын оқулық элемент, ақпараттық оқыту
технологияларының – электрондық оқыту құралдарының басты әдістемелік негізі бола алады деп
айтуға болады. Сондықтан ол кез келген педагогикалық программалық құралдарды дайындаудың да
әдістемелік негізі бола алады.
Оқулық элемент – білімнің немесе біліктіліктің кішігірім нақты бӛлігін меңгеруге арналған
және оқушының жеке ӛз бетінше оқып білім алуы (немесе мұғалімнің жетекшілігімен оқуы) үшін
қолданылатын автономды (жеке аяқталынған) оқулық материал.
Кез келген жеке оқытушы модуль құрамына оның мазмұнын нақты анықтайтын бірнеше
оқулық элементтер енетін болады. Бұл жағдайда математика курстары бойынша оқулық
элементтерді компьютерлік қолдау арқылы оқытумен қатар машинасыз вариантта да тиімді
пайдалануға болады. Компьютерлік қолдау жағдайында оқушы оқулық элементті меңгеру
барысында ӛз бетінше әртүрлі жаттығуларды орындап, есептер шығарып үлгереді және
компьютердің кӛмегімен оқып-үйрену нәтижесін оперативті түрде ӛзін ӛзі тексеруді және
бақылауды іске асыра алады.
Сонымен, оқулық элемент оқулық материалды негізінен оқушының ӛз бетінше тиімді оқып-
үйренуіне мүмкіндік жасайды. Оны оқулық элементтің мына құрылымдық бӛліктерінен байқауға
болады:
1.
Оқулық элемент (ОЭ) аты (тақырыбы) және нӛмірі (коды) кӛрсетіледі; оқулық элементтің
атында меңгеру процесінде құрылатын біліктілік нақты белгіленуі керек. ОЭ аттары оның қысқаша
мазмұнын дәл беру тиіс, мысалы, мынадай болуы мүмкін: «Туындының физикалық мағынасы»,
«Функцияның берілген аралықтағы ең кіші және ең үлкен мәндерін табу», т.с.с. ОЭ-ге сонымен
қатар нӛмір де беріледі. ОЭ-ні нӛмірлеу қажет жағдайда оған сілтеме жасау және кодтау (курс/пән
атын немесе тарауын, т.б. кӛрсету) үшін керек болады.
2.
ОЭ мақсаты тұжырымдалынады; мақсатты тұжырымдау білімді жорамалдаудың оперативтік
деңгейіне жатады және оқушыға берілетін білім мазмұны нақтыланады, оқушының нелерді нақты
білуі және нелерді істей (қолдана, пайдалана) алуы кӛрсетіледі (тұжырымдалынады); Мысалы,
«Функцияның берілген аралықтағы ең кіші және ең үлкен мәндерін табу» тақырыбына арналған
оқулық элементтің мақсаты келесі түрде тұжырымдалынады;
Берілген оқулық элементті дұрыстап оқып-үйренсеңіз және саналы түсінсеңіз сіз мыналарды
а) білетін боласыз:
-критикалық нүктелерді анықтау ережесін;
-функция максимумын және минимум табуды;
-функцияның шеткі нүктелеріндегі мәндерін табуды;
ә) іске асыра алатын боласыз:
-критикалық нүктелерді анықтауды;
-берілген аралықтағы функция максимумын және минимум табуды;
-функцияның шеткі нүктелеріндегі мәндерін есептеуді;
-функцияның берілген аралықтағы ең кіші және ең үлкен мәндерін таңдап алуды.
3.
Осы оқулық элементті жеткілікті деңгейде оқып-үйренуде қосымша қандай оқулық және оқу
құралдары, жабдықтар, ТОҚ, т.б. қажет болатындығы кӛрсетіледі (нақты тізімі келтіріледі).
Оқулық элементтің мазмұнын, кӛлемін және күрделілігін сәйкес жағдайға байланысты әртүрлі
деңгейде ұсынуға болады. Сондықтан оқушы жеке ӛз бетінше компьютер кӛмегімен оқып-үйренуде
қажет деп тапқан жағдайда қолындағы оқулықты немесе оқу құралдарын қосымша үйлестіре
пайдаланса тіпті дұрыс, тиімді болады. Оқушының нақты тақырыпты тереңірек түсінуге, білуге
ниеті болса, онда оқулық және қосымша оқу құралдары оған кӛмекке келетін болады. Сондықтан,
бұл кезеңнің негізгі мақсаты – қосымша жабдықтарды, құралдарды, оқулықтарды және оқу
құралдарын қажет жағдайда білім деңгейі жоғары және білімін толықтырғысы, тереңдеткісі келетін
оқушылар үшін оларды пайдалана алатындай жағдай жасау болып табылады.
4.
Осы оқулық элементті дұрыстап саналы түрде тиімді оқып-үйренуі үшін оқушы қандай
алдыңғы оқулық элементтерді (ОЭ нӛмірлері кӛрсетіледі) және негізгі түсініктерді, ұғымдарды
біліулері керек болатындығы келтіріледі (тізімі беріледі);
5.
ОЭ мазмұны (денесі), яғни оқулуық материал келтіріледі. ОЭ мазмұны (денесі) 2-ші кезеңде
кӛрсетілген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқулық материал мәтінінен және кӛрнекіліктерден
101
(сурет, график, сызба), сонымен қатар машықтанатын тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады. ОЭ
мазмұнының (денесінің) кӛлемі онша үлкен болмауы тиіс, бірақта кӛрсетілген тақырыпты толық
аша алатын деңгейде болуы қажет; мүмкіндігінше оқулық материалдың күрделік деңгейі және
кӛлемі нақты жеке оқушыға арналуы тиіс, яғни деңгейлеп ұсынылғаны жӛн, соған сәйкес
оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына, web-беттерге нақты сілтемелерді келтіруге болады,
яғни оқулық мәтінде қажет жағдайда осындағы 3-ші кезең тізіміндегі әдебиеттерге нақты сілтеме
(беті, абзацы кӛрсетіліп) жасалынуы мүмкін. Сілтемелер саны кӛп болмауы тиіс. Мұндағы басты
талаптың бірі – оқушы оқулық элемент мазмұнын шаршамай, бар ықыласымен қызығып оқып
шығатын болуы керек. Сондықтан бұл талап оқулық элемент мазмұнын деңгейлеп ұсынуды қажет
етеді.
6.
Оқулық элементті бекіту жүргізіледі. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалануға
арналған нақты тапсырмалар және жаттығуларды орындау ұсынылады; тапсырмалар деңейлеп (5-
ші кезеңде кӛрсетілгендерге ұқсастан, стандартты деңгейден бастап әртүрлі күрделірек деңгейге
дейінгі аралықта) ұсынылады, яғни бұл кезеңде оқушының оқып білгенін (теорияны) практика
жүзінде пайдалана алу қамтамасыз етіледі, қалыптастырылады. Сол үшін әртүрлі деңгейдегі нақты
практикалық есептер немесе жаттығулар ұсынылады.
7.
Ӛз жетістігін бақылау және ӛзін-ӛзі бағалау жүргізіледі. Осы оқулық элементті оқушының
қандай деңгейде меңгергендігін тексеруге мүмкіндік беретін тапсырмалар, жаттығулар, сұрақтар
немесе тест сұрақтары ұсынылады. Сұрақтар ОЭ мазмұнын толық қамтуы тиіс. Тексеруді
оқушының ӛзі жүргізеді.
ОЭ структурасында оқушылардың оқып-ү йрену нәтижесі деңгейін тексеру жауапты кезеңнің
бірі болып табылады. Бірақта ОЭ-ні құру процесінде тестік тексеруді іске асыру машықтану (бекіту)
кезеңінен кейін жүргізіледі. Бұл толықтай қисынды, себебі, қатаң белгіленгендерді біліктілік
мақсатында меңгеру кепілдігі осы программаланған нәтижеге жетуді тексерумен бірдей
қамтамасыздандырылады. Сондықтан, нәтижеге жетуді тексерудегі әрбір тестік тапсырмалар
(сұрақтар), ОЭ мақсатында белгіленген анық позицияға сәйкес болуы керек. Мысалы,
«Функцияның берілген аралықтағы ең кіші және ең үлкен мәндерін табу» оқулық элементіндегі
нәтижеге жетуді тексеру екі бӛлімнен тұрады:
- Практикалық тапсырмалар;
- Сұрақтарға жауаптар.
Мысалы,
- Практикалық тапсырма:
Берілген жаттығуларды орындаңыз (2-3 тапсырма есеп беріледі). Орындаған әрбір қадамды
түсіндіріңіз.
- Сұрақтарға жауап беріңіз:
а. Критикалық нүктелерді анықтау алгоритмі қандай болуы керек?
б. Тӛмендегі келтірілген қадамдарды дұрыс реті бойынша нӛм ірлеңіз:
- Критикалық нүктелерді анықтау.
- Функция туындысын нӛлге теңеу.
- Функция туындысын табу.
- Шеткі нүктелердегі функция мендерін есептеу.
- Берілген аралықтағы ең кіші және ең үлкен мәндерді таңдау.
- Фунция экстремумын табу.
Т.с.с.
8.
Жауап парағы. Жауап парағы жеке бетте ОЭ-нің ең соңғы кезеңі ретінде келтіріледі. Жауап
парағында біріншіден – дұрыс жауап кілті, екіншіден – алған білімді бағалау критерийлері,
үшіншіден – оқушы жауабына (жетістігіне) комментарийлер беріледі. Комментарийлер мазмұнын
пән мұғалімінің ӛзі тұжырымдайды. Жауаптарға (бағаларға) берілетін комментарийлер, сәйкес,
оқушының оқуға деген ынтасын колдайтын, оқулық қызметіне бағыт беретін және қажет жағдайда
тіпті консультациялық мазмұнда болуы керек.
Оқулық элементті дайындау мүмкіндігінше бірнеше мамандармен бірлесе (келісе)
жүргізілсе тіпті дұрыс болады. Мысалы, ондай топ құрамына мынандай мамандар ене алар еді:
102
1.
пән оқытушылары – ОЭ-ның мазмұнық бӛлігіне жауап береді, қойылған мақсатқа сәйкес оның
нақты оқулық мазмұнын, деңгейін және оқып-үйрену әдісін (тәсілін) анықтайды;
2.
суретші-кӛркемдеушілер – оқулық элементтер беттерін кӛркемдеуге, әсерлі болуына жауап береді;
3.
редакторлар – текстерді редактрлейді және түзетеді;
4.
техникалық мамандар – ОЭ-ны компьютерде теруге, дұрыс құрылымдауға және кӛркемдеуге жауап
береді.
Оқулық элементті сабақ үстінде де пайдалануға болады. Оны мұғалім шешеді. Бұл жағдайда
мұғалім және оқушылар қызметі былайша ерекшеленеді:
1.Алғашқы нұсқау. Бұл кезеңде мұғалім:
-Алдыңғы берілген сабақтың тақырыбы бойынша есептерін анықтайды;
-Топқа сабақта меңгерілетін оқулық элементті ұсынады;
-Бұл элементтің алдыңғы және келесі элементтермен байланысын оқушылармен бірге анықтайды
және кӛрсетеді;
-Қосымша пайдалануға болатын жабдықтар және оқу құралдары туралы түсініктеме береді.
2.Оқулық элементтен хабардар ету. Бұл кезеңде оқушылар:
-Берілген элементтің структурасы туралы түсінік алады;
-Оқулық элементтің мақсаттарын түсінеді;
-ОЭ-ні тиімді оқып-үйренуге қажетті қосымша мүмкіндіктерді кӛре алады;
-Бастапқы сипаттамаларын және негізгі түсініктерін анықтайды;
-Нәтижеге жетуді тексеру шарттарымен танысады.
3.Оқулық элементті орындау. Бұл кезеңде оқушылар ӛз бетінше:
-Оқулық элементтің мазмұнын меңгереді.
-Тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды.
4.Нәтижеге жетуді бағалау және оқулық элементпен жұмыстың нәтижесін тексеру. Нәтижеге
жетуді тексеру кезеңінде оқушылар :
-Нақты есептер шығарады немесе жаттығуларды орындайды;
-Тестік тапсырмаларды орындайды немесе берілген сұрақтарға жауап береді;
-Ӛз бетінше немесе мұғалімнің (немесе оның ассистентінің) кӛмегімен оқулық элементтің
мақсатына сәйкес нәтижеге жету дәрежесін анықтайды;
-Ол үшін оқушы мұғалім дайындаған жауап парағын пайдаланатын болады.
Оқулық элементті меңгеру деңгейін бағалаудың екі жолын пайдалануға болады:
-Баллды анықтау арқылы.
-Сандық
кӛрсеткіштерді анықтамай-ақ, оқушылардың сәйкес жауаптарына арналған
комментарийлер беру арқылы. Коментарийлер мазмұндары оқушылар жауаптарына сәйкес қолдау
кӛрсететін немесе ОЭ-ны дұрыстап меңгеруге бағыт (консультация, нұсқау, кеңес) беретін түрде
болулары тиіс.
Оқулық элементтерді қолданудың артықшылығы – оның кӛмегімен келесі іс-шараларды
тиімді етіп жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады :
- оқушының жұмысын жекелеу (даралау) және мүмкіндігінше дифференциациялау
(оқулық материал мазмұнын және күрделілігін деңгейлеп ұсыну);
- оқу процесін икемді ұйымдастыру;
- оқулық әрекетті күшейту .
Оқулық элемменттерді қолдану оқытуды жекелеудің маңызды құрамдарын - сол үшін
жағдай жасауды қамтамасыз етеді .Оқулық элементпен әр оқушы ӛзінің жеке жасы және
психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс істей алады. Кейбір оқушының жұмыс істеу
қарқыны оған сабақ барысында бір оқулық элементті ғана меңгеруге мүмкіндік берсе,
басқалары бірнешеуін істеп үлгеруі мүмкін және тіпті кейбіреулері қосымша жеке тапсырмалар
орындайды. Оқулық элементтерді қолдану модульдік оқытудың ең маңызды деген
талаптарының бірі – қосымша сабақты (яғни репетиторлықты) қолдайды, кейбір себептермен
сабақты жіберіп алған оқушыларға ӛз беттерінше тиімді дайындалуға мүмкіндік береді. Мұнда
103
білім деңгейлері жоғары оқушылар пән мұғалімінің кӛмекшісі ретінде білімі тӛмен деген
оқушыларға нақты кӛмек бере алады. Ӛзара кӛмек ұйымдастыру, яғни оқушылардың бірігіп
жұмыс істеуі, біріншілері (оқулық материалды түсіндіре отырып, оны тереңірек меңгере түседі )
және соңғылары (яғни білімі тӛмендеулер ӛз мәселелерін оң шешуде қолдау табады) үшін де
пайдалы .
Мұндағы ескере кететін жағдай – оқушылар арасындағы ӛзара жеке қатынастар,
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынасқа қарағанда ӛтімді болатындығы. Оның мәні –
оқушылардың оқу сарынының ұқсастығы, жастарына сәйкес жақын кӛзқарастары, ұқсас
мақсаттары, бір-бірін жақсы білетіндігі, т.с.с.
Оқулық элементтерді пайдалану оқытуды тиімді ұйымдастырумен қатар мұғалімге
оларды әдістемелік тұрғыда түрлендірп отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер кейбір
оқушылар сабақтарын жіберіп алған болса, онда топтағы жұмыс былай ұйымдастырылады: бір
оқушылар жаңа оқулық элементті орындайды, ал кейбіреулері сабақ жібергендермен жұмыс
істейді, үшіншілері білімдерін ӛз бетінше тереңдетумен айналысады .
Сабақ үстінде оқулық элементпен жұмыс, оқыту барысын үнемі бақылап отыру түрінде
жүреді. Оқулық элементті меңгеру деңгейін оқушының ӛзі тексереді, ол соңы нда келтірілетін
тестік сұрақтарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл кез де үнемі мұғалімнің бақылауында
болады.
Оқулық элементтерді қолдану мұғалімге оқу әрекетін мазмұнды етуге мүмкіндік береді.
Оқушының сабақ үстіндегі жұмысы жоғары ұйымдастырылған деңгейде ӛтетін болады. Бұл
мұғалімге оқушылардың ӛзіндік жеке жұмысын ұйымдастыру мәсәлесін шешуге аз уақыт жіберуіне
жағдай жасайды. Нәтижесінде сабақ үстінде мазмұнды және ӛте қомақты жұмыс орындалады.
Міне, жоғарыдағы келтірілген оқулық элементті дайындаудың технологиясы, оны пайдалану
ерекшеліктері және басқа оқыту құралдарымен салыстарғандағы басымдық жақтары оның қазіргі
заманғы ақпараттық оқыту технологияларының бірі – электрондық оқу құралдарының әдістемелік
негізі бола алатындығын кӛрсетеді.
Электрондық оқу құралдарының мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға
бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы ӛте қажет: қисынды ойлау жүйесінің
қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық кӛркемділігі, жылдамдылығы және т.б.
Электронды оқулықтың тиімділігі, қашықтықтан оқытуға, оқушының ӛздігінен оқып үйренуіне
және ӛзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования. – М.: ACADEMA, 2003 – 272 с.
2. Лебедева М.Б., Соколова Е.И. Технология создания учебных элементов по курсу
информатика. // Информатика и образования, №4, 1998, с.43-46.
Аннотация. В данной статье рассматривается об учебника по математике подготовка элемента
и особенности его использования на занятиях.
Annotation. In this article examined about textbook on mathematics preparation of element and
feature of his use on employments.
ӘОЖ:378.147
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ
КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
104
Бутинчиева Т.С., Тӛлеген А.О.
Тараз мемлекетік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мұғалім - ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді
тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
(К.Д.Ушинский.)
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, ӛз білімін
жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды ӛз
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз. Бұл
жӛнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында да айтылған, «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен
болатын. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі реттеліп, мектеп ӛміріне
енуде.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам ӛміріндегі қазіргі ӛзгерістер,
экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып
табылатын және тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру
талаптарын түбегейлі ӛзгертуге алып келеді. Қоғамдық ӛмірдегі ӛзгерістер оқытудың жаңа
технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол
ашуды кӛздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін
шешуші кәсіби шеберлігі жоғары маман болмақ.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз білім беру ісіне ақпараттарды даярлап, оны білім
алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады.
Компьютер білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың
шексіз мүмкіндіктерінің оннан бірін де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не?
Басты себеп – оқытушының ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетінің қалыптаспауы немесе тӛмендігінде. Соңғы жылдарда білім беру жүйесіне енген
«құзырлылық» немесе «құзіреттілік» ұғымы жеке қасиеттері мен білім, білік, дағды, іс тәжірибесі,
түсінігінің бірлігін сипаттайды.
Қазіргі уақытта құзырлылықтың бірнеше түрі бар, соның бірі – ақпараттық-
коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова оқытушының ақпараттық-
коммуникациялық құзырлылығын «оқу, тұрмыстық, кәсіби міндеттерді ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың кӛмегімен шеше білу қабілеттілігі» деп анықтайды.
Яғни,оқушының ақпараттық-құзыреттілік түсінігін қалыптастыра отырып, «қалай екенін
білем» бағытынан, «қалай қолдануды білем» бағытына ойлауға негізделеді. Оқу-тәрбие үрдісіндегі
педагогика-психологиялық технологияларда негізделген кәсіби құзырлықтарға ие болу.Осы ойлау
мен қолдануға дейінгі қабілетті дамыту ең алдымен мұғілімге тікелей байланысты болса, екінші
жағынан оқушының ӛзіне байланысты. Мұғілімнің АКТ біліктілігін жетілдіру тӛмендегідей 3
сатыдан ӛтеді:
1.
Базалық
АКТ құралдарымен жұмыс жасау негіздері;
Microsoft офистік программаларымен жұмыс жасау негіздері;
Интернет-технологияларымен жұмыс жасау негіздері;
Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасау негіздері.
2.
Арнайы
Мультимедиялық электронды оқулықтармен жұмыс;
Интерактивтік тақта арқылы электрондық сабақтарды жасақтау әдістері;
Онлайн режимінде интерактивтік сабақтарды ӛткізу әдістері.
3.
Кәсіби
105
АКТ құралдарын кәсіби қызметтеріне қолдану әдістері;
Білім порталдарымен және сайттармен жұмыс;
Ақпараттық білім ортасында жобалармен жұмыс.
Ақпараттық құзыреттілік теледидар, магнитофон, телефон, факс, компьютер, принтер,
модем, кӛбейткіш және ақпараттық технологиялар (аудио- бейнетаспа, электронды пошта, жалпы
ақпарат құралдары, ғаламтор) кӛмегімен қажетті ақпаратты ӛз бетінше іздеп, зерттеп және таңдай
алып, оны ұйымдастырып, қайта ӛңдеп жеткізе алуға ӛзіндік қабілеті мен іс-әрекетінің болуы.
АКТ құзырлығын қалыптастыру жолдары:
1.
Оқытудағы АКТ құралдарын пайдалану саласындағы педагогтардың біліктіліктілігін
үздіксіз арттыру;
2.
Педагогтардың АКТ құралдарын пайдалану қызметін ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан
қолдау;
3.
Педагогтың АКТ құралдарын қолдану тәжірибесін жинақтап, әріптестерімен бӛлісу
қабілетін дамыту;
4.
Педагогтардың ӛздігінен білім арттыру үрдісіндегі АКТ құралдарын белсенді пайдалану
бойынша ынталандыру жүйесін жасақтау;
5.
Ақпараттық білім ортасында педагогтарға жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай туғызу.
Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда:арнайы курсатар, жобалар әдісі, жарыссӛз
әдісі, ойын технологиясы (рӛлдік ойындар), проблемалық пікірталас, интерактивтік оқыту
технологиясы (жұппен, шағын топтарда), сценарий-контекстік технология, модульдік оқыту
технологияларды белсенді пайдалану керек.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына
нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы
айқындалады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер кӛмегімен қажетті ақпаратты іздеу,
талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері
қалыптасады.
Қорыта айтқанда, біз ақпараттық- коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы
неге қол жеткіземіз? Бірінші, Оқушыларға тақырып кӛлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер кӛлемін ұлғайтамыз. Екінші, білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта
орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Үшінші,оқыту жүйесінің кӛп
деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалдарының сапасын арттырады.
Әр күні ӛзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана кӛшінен қалып қоймай уақыт
талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті
жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , ӛз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Ӛйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім
және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле
бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |