Транспорт в XXI веке: состояние и перспективы


ПРОКУРОР-АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҤРГІЗУ ҚҦҚЫҒЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет2/58
Дата12.03.2017
өлшемі8,29 Mb.
#8891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

 

ПРОКУРОР-АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҤРГІЗУ ҚҦҚЫҒЫНЫҢ  

СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 

 

Прокурор  азаматтық  сот  ӛндірісінің  барлық  сатыларында  жіберілген  құқық 

бұзушылықты  жою  үшін  алдын-ала  қолдауы  тиіс.  Прокурор  ӛз  ӛкілеттігін  белгілі  бір 

органдардан,  лауазымды  тұлғалардан  тәуелсіз  жүзеге  асырады.  Олар  тек  қана  заңға 

бағынады  және  Бас  прокурордың  бұйрығын  басшылыққа  ала  отырып  жүзеге  асырады. 

Теорияда  прокурордың  іске  қатысуының  міндеттілігіне  байланысты  екіге  бӛліп 

қарастырған,  яғни  міндетті  және  факультативті  негіздері  кӛрсетілген.  Прокурордың  іске 

қатысуы заңмен кӛзделгенде бұл міндетті қатысуы және соттың бастауымен іске қатысуы 

факультативті іске қатысуы болып табылады. Прокурордың міндетті іске қатысуы заңмен 

кӛзделген  ретте  сот  іс  жүргізуінің  барлық  сатыларына  қатысуы  керек,  егер  де  прокурор 

сот бастауымен іске қатысса бұл жӛнінде ұйғарым шығарылады [1,135-139 бб].

 

 Қазіргі  нарық  заманында  тұрғын  үйге  қатысты  азаматтық  істер  кӛптеп  қаралуда. 



Бұл даулардың бәріде сот арқылы шешілуде. Бұл дауларды шешу кезінде соттардың әділ 

шешім  шығаруы  азаматтардың  турғын  үйге  конституциялық  құқығына  қатысты  болып 

отыр.  Барлық  сатыда  және  барлық  іс  бойынша  прокурордың  қатысуы  заңда  кӛзделген 

жағдайда және соттың бастамасымен сонымен қатар, Бас прокурордың бұйрығымен іске 

қатыса алады. Қазақстан Республикасының прокуратура туралы заңына сәйкес, прокурор 

барлық  азаматтық  істі  қозғауға  құқығы  бар.  Прокурор  азаматтық  іс  бойынша  І-саты 

сотына ғана емес, сонымен қатар, жоғарғы саты соттарына да қатыса алады. Тәжірибеде 

байқалғандай  прокурорлар  бірінші  кезекте  материалдық  залалды  ӛтеу  істеріне  кӛбірек 

қатысады. Прокурор екінші саты сотына екі нысанда қатыса алады.  

а) басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін азаматтық істі 

сотта қозғау арқылы;  

б)  іске  қатысушы  тұлғалардың  бастамасымен  басталған  істерге  қортынды  беру 

арқылы. 

Екінші  саты  сотында  азаматтық  істер  бойынша  прокурор  міндетті  түрде 

қорытынды  береді.  Қадағалау  сатысында  және  жаңадан  ашылған  мән-жайлар  бойынша 

істі  қарауда  прокуратура  наразылық  келтіру  арқылы  қатыса  алады  Прокурор  мынадай 

азаматтық  істерге  қатысуға  міндетті,  азаматтардың  құқықтарын  шектейтін  лауазымды 

тұлғалар  мен  мемлекеттік  басқару  органдарының  әрекеттеріне  наразылығы  бойынша, 

азаматтарды  жұмыс  орнына  қайта  алу,  азаматтарды  заң  бұзушылыққа  жол  берген  кезде, 

тұрғын  үйден  шығару  іске  қатыса  отырып,  прокурор  біреулердің  құқыққа  қайшы 

әрекеттерінің  жолын  кесе  отырып,  басқалардың  мүддесін  қорғайды.  Азаматтық  сот 

ӛндірісінде  мемлекеттік  құпияға  қатысты  істер  де  қаралуы  мүмкін.  Прокурор  ӛз 

ӛкілеттігін пайдалана отырып, бұл істі жабық сот отырысында қаралуын бақылауға алуы 

тиіс.  Прокурор  азаматтық  істің  барлық  сатысына  қатысуға  құқылы.  Қазақстан 

Республикасының  Прокуратура  туралы  Заңына  сәйкес,прокурорлардың  ӛз  құзыреті 

шегінде  тексеру  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдардың,  меншік  нысандарына 

қарамастан,  ұйымдардың  үй-жайларына  кідіріссіз  кіруге,  олардың  басшыларында  және 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



10 

 

 



басқа да лауазымды адамдарында кідіріссіз қабылдануға, құжаттар мен материалдарға сот 

істерімен  танысуда  қол  жеткізуге  және  оларды  соттан  талап  етіп  алдыруға  құқығы  бар  

[2,422-428 бб]. 

Прокурордың  азаматтық  іс  жүргізуге  қатысу  мақсаттары,  негіздері  және 

нысандары. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  және  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  ‖Қазақстан  Республикасы  прокуратурасы  туралы‖  заңына  сәйкес 

прокуратура  органдарының  алдында  тұрған  маңызды  міндеттердің  бірі  кезкелген  заң 

бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады[3,175-

177 бб]. 

Осы ӛкілеттіліктерді жүзеге асыру үшін Заң прокурорға азаматтардың құқықтарын, 

бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін,  ұйымдардың  құқығы  мен  заңды  мүдделерін, 

қоғамдық немесе мемлекеттік мүддені талап арызымен сот арқылы қорғауға құқық берген. 

Прокуратура  органдарының  талап  қоюдағы  міндеттерінің  негізгімақсаты-  заң 

бұзушылықтарды  жоюға  сот  тәртібімен  уақытылы  және  тиімді  шара  қолдану,  құқық 

бұзушылықтың алдын-алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерін,  қоғамдық  және  мемлекеттік  мүдделерді  қорғау                  

[4,130-132 бб.]. 

Прокурордың  талаптары  -  заң  бұзушылыққа  қарсы  күрестің  тиімді  де  маңызды 

құралдарының бірі. Прокурордың талабы құқық бұзушылықтың салдарынан мүліктік зиян 

келіп, ол ӛтелмеген жағдайда, азаматттардың құқықттары мен заңды мүдделері, қоғамдық 

немесе  мемлекеттік  мүдделер  бұрмаланған  жағдайларға  негізделеді.  Прокурордың  талап 

қоюға қолданатын құқығы қолданыстағы заңдарда тікелей кӛрсетілмеген.  

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін, қоғамдық және 

мемлекеттік мүддені қорғау прокуратура органдарының араласуын керек еткен жағдайда 

қажеттілікке  қарай  прокурордың  ӛзі  шешеді.  Анықталған  заң  бұзушылықты  жоюда, 

азаматтардың  бұзылған  құқықтарын,  бостандықтарын  және  заңды  мүдделерін, 

ұйымдардың  құқығы  мен  заңды  мүдделерін,  қоғамдық  және  мемлекеттік  мүдделерін, 

қоғамдық және мемлекеттік мүддені қорғауда прокурор осы арада ӛте тиімді деп санаған 

басқа да ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық 

іс  жүргізу  кодексінің  55-бабы  3-тармағына  сәйкес  прокурор  азаматтардың  құқықтарын, 

бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, 

қоғамдық  және мемелекеттік мүдделерді  қорғау туралы сотқа талап қоюға құқылы. Егер 

адам дәлелді себептермен сотқа ӛзі жүгіне алмаса, онда мүдделі адамның ӛтінішімен ғана 

прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы 

талап қоя алады.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1999жылғы 15-шілдедегі № 

60  ‖Әлеуметтік  және  экономикалық  салалардағы  заңдардың  қолдануына  прокурорлық 

қадағалау  ұйымдастыру‖  атты  бұйрығына  сәйкес,  адам  және  азаматтың  құқықтары  мен 

бостандықтары  бұзылғандығы  анықталып,  ал  олардың  денсаулығына  немесе  жасы 

ұлғайғандығына  байланысты  ӛздерінің  құқықтары  мен  бостандықттарын  сотта  қозғау 

мүмкіндігі жоқ болса немесе бірнеше азаматтың құқықтары мен бостандықтары бұзылып 

жатырса,  прокурор  олардың  мүддесін  талап  ету  және  арыз  беру  арқылы  сотта  қорғай 

алады.  Басқа  жағдайларда,  прокурор  әрбір  азаматтың  ӛз  құқығы  мен  бостандығын  сот 

арқылы қорғауға конституциялық құқығы бар екенін түсіндіреді.  

Бұлардан  басқа,  сотта:мемлекеттің,  мемлекеттік  бюджет  есебінде  тұрған 

кәсіпорындардың,  ұйымдардың  және  мекемелердің;  акцияның  үлестің  90

  мемлекеттік 



болып  табылатын  заңды  тұлғалардың;  мемлекетке  бюджетке  қарыздар  мемлекеттік  емес 

 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



11 

 

 



меншік  түріндегі  заңды  тұлғалардың-талап  арызда  талап  етілген  қаржы  тек  бюджетке 

тӛленетін  болса;  Бас  Прокурордың  немесе  оның  орынбасарларының  шешімі  бойынша 

заңды тұлғалардың мүдделерін қорғап, талап қояды. 

Жоғарыда  баяндалғандардан  басқа  жағдайларда  әрбір  заңды  тұлғаның  ӛз  бетімен 

сот арқылы құқығын қорғауға мүмкіндігі бар екендігін түсіндіреді.  

Бұйрық прокурорлардың құқық бұзушыларға қатысты азаматтық-құқықтық ықпал 

ету шараларын белсенді түрде қолдануына, сонымен қатар олардың назарына әлеуметтік 

және  құқықтық  қорғауды  қажет  ететін  адамдардың  мүддесін  және  мемлекет  пен  заңды 

тұлғалардың  мүліктік  мүддесін  қорғау  үшін  прокурордың  араласуын  қажет  ететін 

жағдайларда сотқа талап арызын беру құқығының бар екендігін міндеттейді. 

Соттқа талап қояр алдында, прокурор анықталған заң бұзушылық ӛзінің араласуын 

қажет  ететіндігін  және  бұл  әрекет  Заңның  және  Қазақстан  Республикасы  Бас 

Прокурорының  жоғарыда  аталған  талаптарына  қайшы  келмейтінін  анықтап  алады. 

Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа қарсы 

әрекетінің  немесе  қылмыс  жасауының  нәтижесінде  келтірілген  мүліктік  залал  немесе 

басқа да зиян негіз болып табылады.  

Прокурор  талабы  әлеуметтік  және  экономикалық  салалардағы  заңдылықтың 

қолдануын тексеру барысындағы материалдар негізінде де туындауы мүмкін. Талап қою 

үшін, прокурор оны мүліктік құқық нормаларына сәйкес қалыптастырып, дайындап алуы 

қажет. Талаптың дұрыс шешілуі үшін материалдарды дайындау барысында қолданыстағы 

заңдарды,  Жоғары  Сот  Пленумы  қаулыларын,  заң  әдебиеттерін  және  т.б.  мұқият  оқып 

шыққан жӛн. Бұл дайындық тараптардың құқықтық қатынасын дұрыс саралауға, қажетті 

айғақтық  материалдарды  жинауға  мүмкіндік  береді.  Талапты  дайындау  мӛлшері, 

прокурордың атқаратын жұмыс шеңбері  анықталған құқық бұзушылықтардың сипатына, 

қолданылатын  мүліктік  заңға,  оларға  қатысты  туындаған  құқықтық  салдарға  және  оған 

қатысқан  тұлғаларға  байланысты  туындайды.  Прокур  орталапты  дайындау  барысында 

талап қоятын адамды, жауапкерді және басқа да мүдделі адамдарды анықтап алуы қажет. 

ҚР  АІЖК-нің  150-бабына  сәйкес  прокурор  талап  арызда  ӛзінің  талабын  негіздеген  мән-

жайлар мен осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді толық келтіруі тиіс.  

Талап арыз прокурор мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған 

мүліктік-құқықтық  қатынас  мазмұнына  байланысты  болады.Прокурордың  талабы 

тексеруден  ӛткен,  дәлелденген  материалдарға  негізделуі  қажет.  Сонда  ғана  талаптың 

негізі  болып  табылатын  айғақттардың  мӛлшерін  анықтау,  талап  ету  сонымен  қатар, 

жауапкерге  жауапкерлерге  прокурордың  талабын  дәлелдейтін  және  олардың  талапқа 

қарсы қарсылығын теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды тӛңірегінде талап 

етудің  жүйелі  жұмысы  қалыптасады.  Осы  саладағы  прокурордың  жұмысы  тек  талаптың 

негізіндегі  фактілер  құрамын  дұрыс  анықтаса  ғана  нәтижелі  болмақ.  Прокурор  талапты 

дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасын міндетті түрде 

белгілейді  ҚР  АІЖК-нің  150-бабының  6-тармағы  Талаптың  бағасы  ҚР  АІЖК-нің  102-

бабына сәйкес белгіленеді [5,188-127 бб.] 

Егер прокурор мүддесін қорғап, талап қойып отырған адамның сотқа талап қоюға 

құқығы  болса,  арызды  сот  іс  жүргізуге  қабылдауы  мүмкін.  Сондықтан  талапты 

дайындаудың алғашқы сатысында прокурор  мүддесін қорғайтын тұлғаның соның ішінде 

заңды  тұлғаның  осы  талап  арқылы  сотқа  арыздануға  құқығы  бар  екендігін  анықтап 

алуының маңызы зор. 

Талап қоя отырып, прокурор оның берілу тәртібін сақтауға міндетті.Қандай сотқа 

арыздануды шешу үшін ҚР АІЖК-нің 27, 28, 31, 32, 35-баптарын басшылыққа алу қажет. 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



12 

 

 



Азаматтық  істердің  соттылығы,  жалпы  тәртіп  бойынша,  жауапкердің  тұрған  жеріне 

байланысты  ӛтеді.  ҚР  АІЖК-нің  31-бабының  талабына  сәйкес  талап  жауапкердің 

тұрғылықты  жеріндегі  сотқа  қойылады.  Ал  жауапкер  заңды  тұлға  болса,  оның  тұрғын 

жеріндегі сотқа беріледі.  

Мертігуден  немесе  денсаулығының  ӛзге  де  зақымдануынан,  сондай-ақ 

асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды ӛтеу туралы талаптарды талап қоюшы 

ӛзінің  тұрғылықты  жері  бойынша  немесе  зиян  келтірілген  жер  бойынша  қояды.  Арызда 

прокурор жауапкер туралы мәліметтерді, тараптардың мекен-жайларын толық кӛрсеткені 

жӛн. Егер жауапкер не талапкер жеке азамат болса, оның тұрғылықты жері кӛрсетіледі де, 

ал заңды тұлға болса, онда жауапты органның тұрған орны кӛрсетіледі.  

Прокурор  талап  арызда  жауапкерлерге  қоятын  талаптарын  дәлелдейтін 

жағдайларды,сонымен  қатар  талаптың  негізі  болып  табылатын  айғақтарды  толық 

келтіреді.  Бұл  талап  арыздың  ең  маңызды  бӛлігі  болып  табылады,  себебі,  заңды  және 

дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың дұрыс және жан-жақты 

шешілуіне  кӛп  кӛмегін  тигізеді.  Арызда  прокурор  қандай  жағдайларда  лауазымды 

тұлғалар  мен  азаматтардың  түсініктемелері  арқылы,  жазбаша  және  заттай  айғақтар 

арқылы, маманның қортындысы арқылы дәлелденетінін толық кӛрсетеді. 

Талап  арыздағы  қарсы  талап  қою  кезінде  қай  кезде  қажетті  тӛлемдер  тӛленгенін, 

оларды  дәлелдейтін  дәлелдер 

анықтамалар  мен  басқа  да  құжаттар



  туралы  мәліметттер 

қоса тіркеледі  [6,150-170 бб.] 

Талап  арызда  прокурор  заңға  сүйене  отырып,  тараптардың  арасында  туындаған 

қатынасты заңды түрде саралап береді. Бұл жағдайда пролкурор осы оқиғаға байланысты 

болған істің шешілетін негіз болатын заң ережесіне сүйенеді.  

Талас  тудырып  отырған  құқықтық  қатынасты  нақты  құқықтық  түрде  саралай 

отырып,  заңға  сүйену  жауапкерге  қойылған  талапқа  елеулі  түрде  ықпал  жасап,  талапты 

сотқа  дұрыс,  заңға  сәйкес  шешуіне  кӛмектеседі.  Талап  арызда  прокурорқойылатын 

талапты  баяндай  келе,  оның  қандай  қортындыға  тірелетінін  кӛрсетеді:  мысалы, 

келтірілген  залалды  тиісті  сомма  арқылы  ӛндіріп  алу,  келісім  шартты  жартылай  немесе 

толық жарамсыз деп тауып, кірісті мемлекетке қайтару және т.б. 

Бұлардан  басқа,  ҚР  АІЖК-нің  150-бабы  4-бӛлігіне  сәйкес  прокурор  мемлекеттік 

немесе  қоғамдық  мүдделер  үшін  беретін  арызда  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  мүдденің 

неден  тұратынын,  қандай  құқықтың  бұзылғанын  дәлелді  түрде негіздеп,  сондай-ақ  заңға 

немесе  ӛзге  де  нормативтік-құқықтық  актілерге  сілтеме  жасауы  тиіс.  Ал  азаматтардың 

мүдделерін қорғау үшін берілген талап арызда азаматтың ӛздігінен талап қою мүмкіндігі 

жоқтығын  негізді  түрде  дәлелдеп  кӛрсетеді,  арызға,  әрекет  қабілеттілігі  жоқ  адамның 

мүдделерін  қорғау  үшін  арыз  берілетін  жағдайларды  қоспағанда,  азаматтың  сотқа  талап 

қоюға  келісім  бергенін  растайтытын  құжат  қоса  тіркелуі  тиіс.  ҚР  АІЖК-нің  151-бабына 

сәйкес  прокурор  арызға  жауапкерлер  мен  үшінші  тұлғалардың  санына  қарай  талап 

арыздың  кӛшірмесін  қоса  тіркейді.  Талап  арызға  прокурор  қол  қойып,  ӛзінің  сыныптық 

шенін, арыздың сотқа жіберілген уақытын кӛрсетуі тиіс. 

Басқа  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  және  мемлекеттің  мүддесін 

қорғау  арқылы  сотқа  арызбен  ӛтінішпен  жолданған  кезде  ерекшеліктері  бар.  Олар: 

азаматттық іс жүргізу кодексінің 115 бабына сәйкес прокурор мемлекеттік баж салығын, 

сондай-ақ кезкелген сот шығындарын тӛлеуден босатылады.  

Прокурор  әрекет  қабілетті  тұлға  болып  табылғандықтан,  сондай-ақ  оған  заңмен 

сотқа  жолдану  және  іс  жүргізу  құзіреті  берілгендіктен-оған  АІЖК-нің  154-бабының                   

1-  тармақшасының  3,  4  бӛліктері  әсер  етпейді,  яғни  сот  прокурордың  басқа  тұлғаның 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



13 

 

 



құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  туралы  арызбен  жолданған  жағдайда,  талап 

арызды  қайтару  туралы  Ұйғарым  шығара  алмайды.  Мемлекеттік  және  қоғамдық 

мүдделерді қорғау үшін прокурор арызбен жолданған кезде мемлекеттік немесе қоғамдық 

мүдде  неден  кӛрінеді,  қандай  заң  немесе  нормативтік-құқықтык  актіге  сілтеме  жасау 

керектігі  кӛрсетуі  тиіс.  Егер  де  прокурор  азаматтардың  заңды  мүдделерін  қорғау  үшін 

сотқа  жолданған  кезде,  талап  арызда  азаматтың  жеке  ӛзімен  талап  қоя  алмаусебебі 

кӛрсетілуі  тиіс.Әрекет  қабілеттілігі  жоқ  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 

қорғау  үшін  жолданған  кезден  басқа  реттерде,  мүдделі  азаматтың  прокурордың,  оның 

атынан талап арызбен сотқа жолдануына келісімін бекітетін құжат қоса тіркелуі тиіс.  

Арыз  беруші  прокурордың  процессуалдық  жағдайы  азаматтық  іске  қатысушы 

талапкердің  жағдайымен  ұксас  болғанымен,  прокурор  заңдылықты  қадағалау  жүргізу 

функциясын  жүзеге  асырады.  Кейбір  ғалымдардың  ойы  бойынша  арыз  берген  прокурор 

азаматтық істе бір тараптың орнына ие болады. Басқа бір ғалымдардың ойынша прокурор 

ешқашан азаматтық істе тарап болып табылмайды, ол тек қана заңдылықты қадағалауды 

жүзеге асыратын мемлекет ӛкілі ретінде болады.  

Үшінші  бір  авторлардың  пікір  ойы  бойынша  талап  берген  прокурор  талапкер 

болады, бірақ тек процессуалдық мағынадағы талапкер болып табылады дейді. Бұл сұрақ 

аясында кӛп жылдар бойы даулар болып келеді, алайда бұл даулы кӛзқарастар белгілі бір 

тоқтамға  келіп  прокурордың  нақты  процессуалдық  жағдайы  туралы  толық  түсінік  жоқ. 

Біріншіден, кейбір азаматтық істер сотта негізінен прокурордың бастамасымен кӛтеріледі. 

Прокурордың талаптары заңға қайшы мәмілелерді бұзу, иесіз табылған мүлікті мемлекет 

пайдасына  алу  және  т.б.  кіреді.  АІЖК-нің  55-бабаның  4-тармағына  сәйкес,  егер  талап 

қоюшы  прокурор  мәлімдеген  талапты  қолдамаса,  егер  үшінші  тұлғалардың  құқықтары, 

бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды арызды қараусыз 

қалдырады.  Прокурор  қозғалған  іс  бойынша  соттағы  жарыссӛзде  бірінші  кезекте  сӛз 

алады, іс бойынша талапкер прокурордан кейін сӛйлейді. Басталып қойған азаматтық іске 

қатысушы прокурор АІЖК-нің 55-бабының 5-бӛлігіне сәйкес бітімгершілік келісім жасау 

құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-

ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады.  

Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы, ол 

тұлғаның  істің  мәні  бойынша  қарауды  талап  ету  құқығынан  айырмайды.  Заңға  сәйкес 

азаматтық  сот  ӛндірісіне  іске  қатысушы  прокурордың  қорытынды  жасауы  мына 

жағдайларда:Бұл жағдай заңмен кӛзделгендей АІЖК-нің 55-бабының 2-бӛлігіне прокурор 

ӛзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін 

ӛз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.  

Сонымен қатар прокурордың тағы да, заңмен кӛзделген реттерде азаматтық істерге 

міндетті  қатысуы  мынандай  жағдайлардан  кӛруге  болады,  АІЖК-нің  284-бабының                   

2-бӛлігіне  сәйкес,  іс  арыз  берілген  күннен  бастап  он  күн  мерзімде  заңды  тұлғаның, 

прокурордың,  нормативтік  құқықтық  актіні  қабылдаған  мемлекеттік  орган  немесе 

лауазында  тұлға  ӛкілінің  міндетті  түрде  қатысуымен  қарасады.  Алайда  істің  мән-

жайларына  байланысты  сот  істі  сот  отырысына  келмеген  кейбір  мүдделі  адамдар 

болмаған жағдайда да тыңдай алады;  

АІЖК-нің  299-бабының  бойынша  азаматты  хабар  –  ошарсыз  кеткен  деп  тану 

туралы  немесе  істерді  сот  міндетті  түрде  прокурордың  қатысуымен  қарайды.  Неке  және 

отбасы  туралы  заңының  68-бабының  2-бӛлігіне  сәйкес,  ата-аналық  құқығынан  айыру 

туралы істер прокурор және қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. 

Осы  аталған  заңның  71-бабының  4-бӛлігіне  сәйкес,  ата-аналық  құқықтарын  шектеу 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



14 

 

 



туралы істер бойынша прокурор және қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен 

қаралады.Неке және Отбасы туралы заңының 96-бабының 2-бӛлігіне сәйкес, бала асырап 

алудың  күшін  жою  туралы  іс  қорғаншы  және  қамқоршы  органының,  сондай-ақ 

прокурордың қатысуымен қаралады  [7,87-91бб.] 

Азаматтық  іс  жүргізу  нормаларына  және  теоретикалық  мәселелерге  байланысты 

прокурордың процессулдық міндеттері екі түрден тұрады: 

1) Жалпы; 

2) Арнайы; 

Жалпы міндеттері іске қатысушы басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерімен 

бірдей,  яғни  жалпы  құүқықтарына  АІЖК-нің  47  бабында  белгіленген  құқықтар  мен 

міндеттерді айтуға болады.  

Прокурордың  құқықтары  оның  міндеттері,  ал  міндеттері  оның  құқықтары  болып 

табылады. Прокурордың басқа тұлғалардан айырмашылығы соттың барлық сатысындағы 

әрбір азаматтық іс бойынша іске қатыса алады.  

Егер  оны  қоғамдық  және  мемлекеттік  мүдде  немесе  азаматтың  құқықтары  мен 

заңмен қорғалатын мүделерді қажет етсе,АІЖК-нің 47-бабының 1-тармағына сәйкес, іске 

қатысушы  тұлғалардың  іс  материалдарымен  танысуға,  олардан  үзінделер  жазып  алуға 

және  кӛшірмелер  түсіруге,  қарсылықтарын  мәлімдеуге,  куәларға,  сарапшылар  мен 

мамандарға сұрақтар қоюға, ӛтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету 

туралы  ӛтініш  жасауға,  сотқа  ауызша  және  жазбаша  түсініктемелер  бойынша  ӛз 

дәлелдерін  келтіруге,  іске  қатысушы  басқа  тұлғалардың  ӛтінімдері  мен  дәлелдеріне 

қарсылық  білдіруге,  сот  жарыссӛздеріне  қатысуға,  сот  отырысының  хаттамасымен 

танысуға  және  оған  жазбаша  ескертулер  беруге,  соттың  шешімі  мен  ұйғарымына 

наразылық келтіруге және де азаматтық сот ісін жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы 

бар. 

 

Әдебиет 



 

1. Нурмашев Ф.Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. Ерекше 

бӛлім. Алматы. Жеті жарғы 2009ж.[1,135-139 бб.]. 

2.  Баймолдина  З.Х.  Гражданскоепроцессульноеправо  Республики  Казахстан  2  том 

Алматы. 2001г. [2,422-428 бб.]. 

3. АбдуллинаЗ. К.Гражданскоепроцессульное право Республики КазахстанАлматы 

2001г.[3,175-177б.б. ]. 

4. 


ЩегловВ.Н.Субъекты 

судебного 

гражданского 

процесса[4,130-132 

бб.].Томск,1979 ж. 

5.Аргунов  В.Н.  Участие  прокурора  в  гражданском  процессе  М.,  1991г.  [5,118-127 

бб.]. 

6.Иванов  В.А.  Прокурорский  надзор  по  гражданским  делам.  -  Л.,  1968.[6,150-170 



бб.]. 

7.Кубакина Е.И. Гражданское процессульное право Республики Казахстан Алматы, 

2008ж .[7,87-91 бб.]. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет