Транспорт в XXI веке: состояние и перспективы



Pdf көрінісі
бет6/58
Дата12.03.2017
өлшемі8,29 Mb.
#8891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Выводы:  Непременным  условием  повышения  эффективности  оздоровительного 

процесса  является  постоянное  совершенствование  и  рационализация  режима  работы 

физкультурно  -  оздоровительных  учреждений.  Физкультурно-оздоровительные  центры, 

обеспечивая  необходимые  условия  для  тренировок  и  соревнований по  различным  видам 

спорта,  одновременно  все  в  большей  степени  превращаются  в  удобную  материально-

техническую и организационную базу для массового оздоровления населения. 

 

Литература 



 

1.Балахонов О.Е. Спортивно-оздоровительные здания и сооружения  на севере. Л., 

Стройиздат, 2004. - 112с. 

2. Баранов В.М. занятия в группах здоровья. - Киев, Медицина, 1993, 84с. 

3.Головтеев  В.В.,  Степанов  Ю.К.,  Шиленко  Ю.В.  Социально  экономические 

проблемы изучения здоровья населения. - Научный обзор. Медицина, 1990, 146 с. 

4.  Мусаелов  Н.А.,  Нифонтова  Л.Н.  Производственная  физическая  культура  в 

трудовом коллективе. - М., Профиздат, 1985, 98 с. 

 

 

 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



37 

 

 



Қҧрманбаева  Л.  Т.  –  доцент,  ф.ғ.к.,  М.Тынышпаев  атындағы  Қазақ  Кӛлік  және 

коммуникациялар академиясы (Қазақстан, Алматы қ.)  

 

ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНДЕГІ  

РӘМІЗДІК СУРЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Тарихи  дәуірлер  мен  эпос  бейнеленген  дәуірдің  арақатынасы  қалай  сипатталады; 

бұлардың  арасындағы  айырма  неде,  оны  жыраулардағы  поэтикалық  дәстурдің  типтік 

белгілері  қандай,  тарихи  мезгіл  мен  мекеннің  эпос  әлеміне  кӛшірілу,  олар  туралы 

ұғымдардың  сақталу  жолы  қалай;  жырды  айтушының  жыр  оқиғасына,  ондағы  тарихи 

мерзім  мен  жер-су  атауларына  мәмлесі  қандай,  солардың  бәрін нақтылы  жырға  қоса  ма, 

єлде  толық  білмесе  де  эпикалық  дәстүрге  сүйене  ме;  халықтың  тарихи  жады  мен  жанр 

формасының  арақатынасы  қандай,  мезгіл  мен  мекен  ұғымдарының  типтендірілген, 

жинақталып қысқарып, ұзарып, жылдамдап, баяулап, жақындап, алыстап отыруы реалды 

уақыт  және  кеңістік  үлшемдерімен  барабар  ма,  әлде  шартты,  жанр  бітіміне 

бағындырылѓан ба; дәуір туралы ұғымның тутастануға қатысы қандай, міне, елі де толық 

тізбеленіп  бітпеген  осы  сауалдардың  күн  тәртібіне  қойылатын  мезгілі  жетті.  Бұлардың 

шешімі, сӛз жоқ, поэтика категорияларынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.  

Нақтылай түссек, мұның кілті шығарманың шындықты бейнелеу, кӛркем тұрғыдан 

игеру  жолын  айқын  куәландыратын  уақыт  пен  кеңістік  ұғымының  жанр  аясындағы 

поэтикалық  бітімінде  жатыр.  Мифтің  ритуалмен,  әдет-ғұрыппен,  ескі  шамандық 

дүниетаныммен  байланысты  болмыс-бітімі  мен  ертегінің  қиял,  фантастикаға  бой  ұрған 

дамуының  арасында  үлкен  дербестік  қалыптасқан.  Миф  –  алғашқы  қауымдық 

құрылыстағы  адамдардың  дүниетанымы,  айнала  қоршаған  ортаның  себептеріне  берген 

жауабының  жиынтығы  болса,  эпос  басқа  тарихи  дәуірдің  ,  мүлдем  басқа  шындықтың 

кӛрінісі.  Кӛне  эпостарда  алдымен  кӛзге  түсетіні  -  әйелдердің  барлық  мәселеде  жетекші 

роль  атқаратындығы.  Бұл  анаеркі  дәуірінің  кӛрінісі.  Анаеркі  кезеңіннің  ерекшеліктері 

кейінгі замандардағы эпос сюжетінен басты орын алмай , екінші кезекке ығыстырылған. 

Бұған  батырлар  жырындағы  әйелдер  бейнесі  айқын  дәлел  бола  алады.  «Қобыланды» 

жырында  Ќұртқа  батырға  ат  таңдап  береді,  алдағы  жорықтардың  немен  аяқталып, 

Қобыландының  қашан  және  қандай  жағдайда  еліне  оралатындығын  болжайды. 

Кӛшпелілер  қоғамы  кӛшпелілердің  ӛзі  үшін  идеал  болған.  Себебі  кӛпшілік  жаппай 

жақтырмайтын  қоғам  мыңдаған  жылдар  бойы  ӛмір  сүре  алмайды,  әйтеуір  бір  тарихи 

бұрылыста елдің бәрі одан үркіп шығатыны анық. Ал осындай қоғамға отырықшылардың 

түсінбестікпен  қарауыда  заңды.  Себебі  олардың  шаруашылық  типі,  жерді  пайдалану 

тәртібі, қала салу мен еркін кӛшіп-қону салты бір біріне кереғар түсініктер. Отырықшылар 

кӛшпелілерге қалай қараса, кӛшпелілер де отырықшыларға солай қараған. 

 Алдымен  поэтиканың  ӛзі  түптеп  келгенде  фольклор  мен  әдебиеттің  құрылымдық 

жүйесі,  шығарманың  текке,  жанрға,  жанрлық  түрге  лайық  күрделі  байланысқа  түскен 

кӛрінісі.  Оны  зерттейтін  ғылым  да  шығарманың  кӛркемдік  формалары  мен  құрылымы 

туралы  болып  шығады.  Алайда  кӛркемдік  формалар  ешқашанда  дәуір  тудырған 

мазмұннан,  дәстүр  табиғатынан  бӛлек  ӛмір  сүре  алмайды.  Оның  үстіне  әлеуметтік  мән-

мазмұн тарихи ӛзгеріс үстіндегі құбылыс. Сондықтан да поэтиканың осындай синхрондық 

аспектісі  айналып  келгенде  диахрондық  зерттеумен  толысады.  қазақ  мәдениеті  әлемдік 

ӛркениет  пен  жалпыадамзаттық  мәдениеттің  құрамдас  бӛлігі  ретінде  ӛзіндік  табиғи-

ландшафттық  жағдайларда  –  ерте  кезден  Батыс  пен  Шығыс  мәдениеттерін 

байланыстырып  келген  Еуразияның  орталық  территориясындағы  дала  ареалында 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



38 

 

 



қалыптасты.  Орталық  Азияның  халықтары  мен  ертедегі  тайпаларының  палеолит,  қола 

дәуірінен  бастап  мәдени  дәстүрлері  ғаламдық  жалпыадамзаттық  заңдылықтардың 

динамикасы  ағымындағы  социомәдени  процестерді  бастан  кешіріп,  номадизмге  тән 

кӛшпелі  мал  шаруашылығының  ықпалымен  қалыптасты.  Кейін  толық  құралып  біткен 

жергілікті,  тӛл  (автохтонды)  дәстүрлер  әртүрлі  шекаралас,  жапсарлас  жатқан  халықтар 

мен  елдердің  мәдени  ықпалын  бойына  сіңіре  отырып,  қазіргі  мәдениеттанымдық 

теориялық  тұрғыдағы  зерттеулерді  талап  ететіндей  күрделі  және  біртұтас  феномен  – 

дәстүрлі этномәдениетті дүниеге әкелді. 

Уақыт  пен  кеңістік  ұғымдарының  дәстүрлі  ұлттық  сипаты  алдымен  фольклорда 

сақталған.  Мыңдаған  жылдық  тарихы  бар  қаһармандық  эпостың  кӛркемдік  бітімі  сан-

алуан  құпияға,  ӛрнек-иірімдерге  толы.  Эпоста  уақыт  пен  кеңістік,  дәуір  мен  дәстүр, 

тарихи  шындық  пен  оның  кӛркемдік  шешімі,  сюжет  пен  бейнелеу  тәсілдері  сияқты 

поэтиканың  толымды  мәселелері  тұтас  та  жүйелі  құбылыс  ретінде  арнайы 

қарастырылады.  Батырлық  жыр  жаратылысы  оны  тудырған  орта  үшін  кӛбіне  тәңірлік 

құпиямен,  бітімі  аруақтар  киесімен  тӛркіндес.Кӛптеген  мәселелердің  шешімін  басында 

философиялық  ұғым  ретінде,  кейін  поэтика  тӛрінен  мыќтап  орныққан  уақыт  пен 

кеңістіктің кӛркемдік дәстүрге бағынған сыр-сипатынсыз тарихи уақыт пен кеңістік және 

эпикалық  уақыт  пен  кеңістік  арақатысын  тарату  мүмкін  емес.  В.М.  Жирмунскийдің 

еңбектері  қазақ  эпосының  ӛзге  түркі  халықтарының  мұраларымен  сабақтастығын  жан-

жақты түсінуге, бұл мәселені үлкен теориялық негізде қарастыруға меңзейді. Сӛйтіп қазақ 

эпосының  шығу  тегін  генезисін,  даму  жолдарын  кең  кӛлемде  анықтауға  кӛмектеседі. 

Тарихи  поэтиканың  қалыптасу,  даму  жолы  эпостың  жанрлық  белгілерінің  жіктелуімен 

тығыз  байланысты.  Кезкелген  кӛркемдік  формалар  мен  ӛлшемдер  де  эпос  мазмұны  мен 

бағыт-бағдарының  ӛзгеріп  отыруына  лайық  икемделетін,  қозғалыста  болатын  ұғымдар. 

Батырлық  жырлардың  байырғы  бітімі  мифпен,  батырлық  ертегімен,  эпостың  кӛне 

түрлерімен қарайлас. 

 Тарихи поэтиканың  нысанасына жататын алуан-алуан кӛркемдік ӛлшемдер  уақыт 

пен кеңістік, мазмұн мен пішіннің тұтастығы, сюжет пен композицияның ӛрілуі, бейнелеу 

құралдарының жүйесі, т.б. толып жатқан ірілі-ұсақты элементтердің түрлі жолмен тарихи 

қажеттілікке  қарай  түзілуі  ғана  жанрдың  жіктелуіне  әкеліп  соғады.  Ал  концептуалды 

уақыт  пен  кеңістік  –  табиғат,  аспан  денелері,  қоршаған  орта  туралы  біздің  санамызда 

жинақталған  ұғымдар.  Бұл  іс  жүзінде  реалды  уақыт  пен  кеңістіктің  санамыздағы  үлгісі 

болып  табылады  және  ондай  үлгілер  әмбеге  таныс,  кӛпшілік  қабылдаған  болуы  шарт. 

Бұған,мысалы,  әр  халықтың  ӛз  бетінше  қолданатын  ай,  күн  календарын,  мүшел,  жыл 

санау,  жыл  қайыру  ерекшеліктерін  атасақ  та  жеткілікті.Перцептуалды  уақыт  пен 

кеңістікке  келетін  болсақ,  бұл  ұғым  адамдардың  сезім-түсініктерінің,  психологиялық 

сәттерінің  ӛзгеріп  отыруымен  тӛркіндес.  Мысалы,  кӛркем  шығарманың  ӛз  ішінде  ғана 

жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың кӛңіл-күйінің ӛзгеріп отыруы 

осының  айғағы.  Егер  осы  айтылған  уақыт  пен  кеңістіктің  үш  түрлі  ӛлшемі  тұрғысынан 

кӛркем  шығарманы  алсақ,  онда  реалды  уақыт  пен  кеңістікте  материалдық  объект, 

концептуалды  уақыт  пен  кеңістікте  –  реалды  немесе  ойдан  шығарылған  іс-әрекеттердің 

жинақталған  үлгісі,  соңғы  перцептуалды  ӛлшемде  кӛркем  образдың  жиынтығы 

қарастырылады.[43.15]  Кӛркем  шығарманың  бітіміне  лайық  ӛзара  байланысқа  түсіп, 

кӛркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін М.Бахтин хронотоп деп атаған 

ғалым оған мынадай сипаттама береді: «Әдеби-кӛркем шығармадағы хронотоп дегеніміз – 

уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бүтіннің табиғатына лайық бірлікте кӛрінуі.» 

[44]Жырлаушы  уақыты  эпостың  ішкі  оқиғаларына,  сюжеттік  құрылымына  тікелей 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



39 

 

 



ќатысты  емес.  Д.С.Лихачев  орыстың  былиналарында  жырлаушы  уақыты  байқала 

бермегендіктен  фольклорда  жырлаушы  уақыты  жоқ  деген  қорытындыға  келеді 

[45.237].Б.Н.Путилов  жырлаушы  уақыты  мен  эпос  қаћармандарының  іс-әрекет  етіп 

жатқан уақытысының үнемі сәйкес келе бермейтінінескерткен болатын [46.14-18].Мұндай 

сәйкессіздіктің  тек  сюжеттік  уақыттың  ауқымында  ғана  емес,  одан  тыс  та 

байқалынатынын Ф.М.Селиванов анықтады. [47.74].  Қазақ эпосында басқа халықтардың 

эпосына қарағанда сюжеттен тыс жырлаушы уақыты бар. қара сӛз бен ӛлең түріндегі бір-

екі  ауыз  ӛң  сӛздер  жалпы  қазақ  эпосының  кӛбінде  кездеседі.  Мұндай  дәстүр  эпикалық 

орта  бар  кезде  кең  тараған  болса  керек.  Эпоста  кездесетін  орындаушыға  қатысты  ӛң 

сӛздерде  ең  алдымен  байқалатыны  –  жырлаушының  заманы  мен  бұрынғы  батырлар 

дәуірінің бір еместігі, арада мерзімдік айырманың бар екендігі.  

 

Әдебиет 



 

1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі, 1991. - 264 б. 

2.Есімов  Ќ.  Ұлттық  ойлау  мәдениеті  жєне  исламдық  ӛркениет.  –Алматы:  АлМУ, 

2001. -64 б. 

3.  Ғабитов  Т.Х.  Қазақ  мәдениетінің  типологиясы.-  Алматы:  Қазақ  университеті, 

1998. - 202 б. 

4. Галиев А. Символы казахской культуры. - Алматы: Ғылым, 1999. – 126 с. 

5. Хасенов Ә. Қазақстан мєдениеті мен ӛнерінің тарихы. Т. 1-3. - Алматы: ЌазМУ, 

1987-1988. -191 б. 

6. Серікқалиұлы Зейнолла. Дүниетану даналығы.- Алматы: Білім, 1994. - 224 б. 

7.  Семби  М.  Не  "ночь",  а  "Север"  //Мєдениет  -  ұлт  болмысы.-  Алматы:  ЌМµЃЗИ, 

1988. - 212 б. 

8 Қодар Ә. Қанағат қағанаты. - Алматы: Шабыт, 1994. - 112 б. 

9.  Қаракузова  Ж.,  Хасанов  М.  Космос  казахской  культуры.  -  Алматы:  Евразия, 

1993. - 79 с. 

 

 



Ляпбаева  Н.  И.  –  доцент.,  с.ғ.к.,    М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  Кӛлік  және 

Коммуникациялар Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.,)  

 

КЕДЕЙШІЛІК – ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМА 

 

Соңғы жылдарда біздің елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар 

қоғамның  әлеуметтік  құрылымына  едәуір  ӛзгерістер  алып  келді.  Әлеуметтік  жіктелу 

қарқынды  жүріп,азаматтардың  ӛте  ауқатты  және  аса  кедей  топтары  пайда  бола  бастады. 

Нарықтық  экономикаға  ӛте  бастаған  тұста  халықтың  кӛп  бӛлігі  мемлекеттің  тарапынан 

болатын  әлеуметтік  қолдаудан  айрылды,  сӛйтіп,  нарықтық  экономиканың  тұрақсыздығы 

жағдайында ӛмірге бейімделуге мәжбүр болды. Осындай жағдайларда кедей адамдардың 

санының  артуы  болмай  қалмайтын  үрдіс  еді.  Алайда,  кедейшіліктің  үлес  салмағының 

артуы  қоғамның  табысты  дамуына  әлеуметтік  тұрғыдан  қауіп  тӛндіретін  факторлардың 

бірі.  Ол  азаматтық  қоғам  және  әлеуметтік  мемлекет  қалыптастыруды  тежейді,  барлық 

деңгейлерде  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге  асырылуына  кедергі  келтіреді.Кедейшілік 

қазіргі  заманғы  қоғамның  барынша  ӛткір  проблемаларының  бірі.  Кедейшілік  туудың 

азаюына  және  ӛлім-жітімнің  артуына,  халықтың  деградациясы  мен  депопуляциясына, 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



40 

 

 



отбасының  шиеленісі  мен  бұзылуына,  халықтың  денсаулығының  тӛмендеуіне,  соның 

ішінде  психикалық  аурулардың  кӛбеюіне  және  ӛмір  сүру  ұзақтығының  кемуіне  үлкен 

ықпалын 

тигізеді. 

Кедейшілік 

адамдар 


арасындағы 

қарым-қатынастардың 

дегуманизациялануына,  қылмыс  пен  лаңкестіктің  артуына  да  алып  келеді.  Сондықтан, 

кедейшілік  әлеуметтік  құбылыс  және  феномен  ретінде  ерекше  назар  аударуды  қажет 

ететін мәселе. 

Кедейшілік  бүкіләлемдік  әлеуметтік  проблема,  жаһандық  сипатқа  ие  болып 

отырған  құбылыс.  Жер  шарындағы  7  млрд.-қа  жуық  адамның  20%-дайы  күніне 

1доллардан  аз  қаржыға  ӛмір  сүретіндігі  анықталып  отыр.  Олардың  саны  жыл  сайын 

бірнеше  миллион  адамға  кӛбеюде.  Бұл  әрбір  тӛртінші  баланың  қарны  тойып  тамақ 

ішпейді  деген  сӛз.  Дүниежүзі  бойынша  кедейшілік  шегінде  ӛмір  сүріп  жатқандардың 

үштен  екісі  Азия  халықтарының  үлесіне  тиеді  екен.  Қазіргі  кезде  кедейшілікпен  күрес 

шараларын  Бүкіләлемдік  Даму  банкі,  БҰҰ  және  т.б.  халықаралық  ұйымдар  жүргізіп 

келеді.  

Кедейшілік  –  бұл  индивидтің  немесе  топтың  ӛзіне  қажетті  игіліктердің  құнын 

тӛлей  алмайтындығын  кӛрсететін,  оның  экономикалық  жағдайының  сипаттамасы  [1]. 

Кедейлер  экономикалық  дербес  категориялар  болып  табылмайды.  Ӛйткені  олар  отбасын 

материалдық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге  қабілетсіз,  сондықтан  олар  үнемі  мемлекеттің 

кӛмегіне  жүгінеді.  Кедейшілік  таптық  және  гендерлік  қатынастардың  кӛрсеткіші  бола 

отырып,  индустриалдық  қоғамда  мемлекеттердің  арасындағы  тең  емес  экономикалық 

қарым-қатынастардың  да  индикаторы  ретінде  қарастырылады.Халықаралық  ӛлшем 

бойынша адам басына шаққанда күндік табысы 2 доллардан (айына 60 доллардан тӛмен) 

тӛмен адамдар қайыршылардың қатарына, ал табысы күніне 2 доллардан басталатын бірақ 

4  доллардан  (айына  120  доллар)  тӛмен  табыс  табатындар  кедейлер,  ал  байлардың 

қатарына  барынша  жоғары  деңгейдегі  қаржыға  иелік  ететіндер  жатады.  Яғни,  адамның 

иелік ететін нәрсесінің бәрі кӛп жағдайда оның табатын табысымен байланысты. 

Қоғамдағы адамдардың ауқатты немесе әл-ауқаты тӛмен деңгейде болуы олардың 

арасындағы  әлеуметтік  теңсіздікті  кӛрсетеді.  Теңсіздік,  кедейшілік  және  ауқатты  ӛмір 

сүру,  ең  алдымен  стратификациялық  процестермен,  әлеуметтік  жіктелумен  байланысты. 

Теңсіздік  қоғамдағы  тапшы  ресурстардың  –  ақша,  билік,  білім  мен  атақ-абыройдың 

қоғамның түрлі топтары мен жіктері  арасында біркелкі  бӛлінбеуінен барып  орын алады. 

Егер  де,  теңсіздік  тұтас  алғанда  бүкіл  қоғамды  сипаттайтын  болса,  ал  кедейшілік 

халықтың  тек  белгілі  бір  бӛліктеріне  қатысты  болады.  Кім  кедей  және  оның  себептері 

қандай деген сұрақтарға талдау жасай отырып, кедейшілікті зерттеукез келген әлеуметтік 

теңсіздік туралы зерттеулерде негізгі орынды иемденеді.  

Кедейшіліктің  қоғамдағы  алатын  орны  мен  себептерін  18-ғасырдан  бастап  20-

ғасырдың орта кезеңіне дейін А.Смит, Т.Мальтус, Д.Рикардо, Г.Спенсер, К.Маркс, Ч.Бут 

және  т.б  кӛптеген  шетелдік  ғалымдар  зерттеген.  Ал,  қазіргі  заманғы  кедейшілік 

проблемаларын зерттеушілер Ф.Хайек, П.Таунсенд және басқалары болды. Кедейшілікпен 

байланысты  проблемаларды  зерттеугеэкономистер  де,  әлеуметтанушылар  да  елеулі  үлес 

қосты.  Олардың  басым  бӛлігі  кедейшілікті  қоғамда  болатын  заңды  құбылыс  ретінде 

ретінде  қарастырды.  Әлеуметтану  ғылымында  кедейшілік  әлеуметтік  құбылыс  және 

әлеуметтік  үдеріс  ретінде  қарастырылады.  Әлеуметтану  кедейшілікті  ұрпақтан-ұрпаққа 

берілетін  ӛмірдің  ерекше  образы  және  стилі  ретінде,  мінез-құлықтың  нормалары, 

психология мен түйсінудің стереотиптері ретінде зерттейді. 

Соңғы  жылдары  кедейшіліктің  баламалы  теориялары  жасалды.  Бұл,  ӛз  кезегінде 

кедейшілікпен  күрес  жӛніндегі  әлеуметтік  саясаттың  қалыптасуына  ықпалын  тигізді. 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



41 

 

 



Кедейшілік  феномені  ХХ  ғасырдың  90-жылдарынан  бастап  қазіргі  заманғы  отандық 

әлеуметтанудың  зерттеу  пәніне  айнала  бастады.  Соның  ішінде,  әлеуметтанушылар 

М.С.Әженовтың,  К.Ү.Биекеновтің,  М.С.Садырованың  және  т.б.  еңбектерінде  осы  мәселе 

қарастырылып келеді. 

Кедейшілікті  қанша заңды құбылыс ретінде қарастырғанмен, оныңдеңгейінің арта 

түсуі  қоғамның  әлеуметтік  ӛміріне  кері  әсерін  тигізеді.  Ол  қоғамның  әлеуметтік 

құрылымының бұзылуына алып келеді. Қазақстандағы кедейшіліктің деңгейі  жӛнінде әр 

түрлі  мәліметтер  беріліп  жүр.  Бір  деректерде  оның  үлес  салмағы  70  пайыз  деп  берілсе, 

қайсыбір  деректерде  50-60  пайыз  деп  беріліп  жүр.  Кедейшілік  қоғамның  алуан  түрлі 

топтары  мен  жіктерін  қамтиды.  Олардың  ішінде  обасылы  адамдар  мен  жалғызбастылар, 

жастар мен ересектер, қарттар мен зейнеткерлер, жұмыссыздар мен мүгедектер және т.б. 

бар.  Кедейшілік  тек  азық-түлік,  баспана,  киім-кешекке  деген  қажеттіліктерді 

қанағаттандыруға  табыс  деңгейінің  жетпеуі  ғана  емес,  сондай-ақ  осы  адамдарда  ұзақ 

ғұмыр  кешуге,  білім  алуға,  ӛзінің  әлеуметтік-мәдени  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

деген  мүмкіндіктерінің  және  қаржыларының  болмауы.  Қазіргі  заманғы  қоғамдағы 

кедейшілік табыстың жеткіліксіздігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар, кедейлердің 

ӛз үнін естірту мүмкіндіктерінің болмауын, олардың қоғамдағы асыра сілтеу мен қылмыс, 

сыбайлас жемқорлық алдындағы дәрменсіздігін де білдіреді. Әлемнің кӛптеген елдерінде 

мемлекеттік  саясат  тек  экономикалық  ӛркендеуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  әл-ауқаты, 

тұрмысы тӛмен адамдарды әлеуметтік қорғауға да бағыттылап отыр. Қазіргі кезде біздің 

елімізде  халықтың  кедейлер  тобына  жататындығын  анықтайтын  нақты  ӛлшемдер  жоқ. 

Сонымен  бірге,  оның  ауқымын  анықтау  да,  жоғарыда  айтылғандай  дәл  ақпараттардың 

жоқтығынан қиынға соқтырады.Зерттеушілердің пікірінше, тапқан табысы ең аз күнкӛріс 

деңгейіне  жетпейтін  отбасылардың  үлес  салмағы  еліміздің  ӛңірлері  бойынша,  Атырауда 

жоғары  екен  (29%).  Ал6  Маңғыстауда  бұл  кӛрсеткіш  –  21%,  Жамбылда  –  18,3, 

Қызылордада – 26%-дан астам, Оңтүстік Қазақстанда – 23% кӛрінеді [2]. 

Қоғамныңкедейшілік жай-күйі социум үшін ӛзінің әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге 

асыруға,  демек  оның  дамуына  кедергі  келтіреді.  Сондықтан  да  оны  қоғамдық  дамудағы 

регресспен байланыстырады. Кедейшілік  – кез келген қоғамның, яғни ӛткен кезеңнің де, 

қазіргі заманғы қоғамның да маңызды феномені. Ол тіпті АҚШ сияқты бай елдерге де тән 

құбылыс.  Кедейшілік  феномені  бірқатар  қоғамдық  ӛлшемдерден  тұрады:  1.  Халықтың 

ӛмір  деңгейінің  экономикалық  кӛрсеткіштерінің  шектік  мӛлшерлері  жүйесіне  кӛрінетін 

экономикалық  ӛлшем;  2.  Кедейшіліктің  әлеуметтік  кӛрсеткіштері  кешенінде  кӛрініс 

беретін  әлеуметтік  ӛлшем;  3.  Экономикалық  және  әлеуметтік  ӛлшемдерді  ӛзінде 

біріктіретін  әлеуметтік-экономикалық  ӛлшем;  4.  Халықтың  кедейжіктеріне  тән,  рухани, 

мәдени  және  психологиялық  кӛрсеткіштерден  кӛрінетін  рухани-мәдени  және 

психологиялық ӛлшем; 5. Халықтың кедей жіктерінің саяси күштергеәлеуетті қатысуынан 

кӛрінетін саяси ӛлшем; 6. Саяси және әлеуметік ӛлшемдерді біріктіретін әлеуметтік-саяси 

ӛлшем;  7.  Кедейшіліктің  барлық  жекелеген  ӛлшемдерін  біртұтастыққа  біріктіретін 

жүйелік ӛлшем. Осы ӛлшемдерді анықтауда қоғамдық санада берік орныққан кедейшілік 

проблемасына деген тарихи кӛзқарастар есепке алынған.  

Кедейшілік барлық уақытта да ӛзекті проблема болып табылды. Алайда, келешекте 

игіліктердің барлық түрлерін ұтымды қолдануға да, сондай-ақ адамзаттың құндылықтары 

кӛрініс беретін барлық ӛлшемдерге де сәйкес келетін дамудың әлеуметтік-экономикалық 

үйлесімділігі барысында әрбір азаматты кепілдендірілген ӛмір деңгейімен қамтамасыз ету 

негізінде кедейшілікті біршама еңсеруге болады.  



 

 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



42 

 

 



Әдебиет 

 

1.Cоциологический энциклопедический словарь. Под ред. Г.В.Осипова. М., 1998. 



2. Кедейшілік мәселесінің әлеуметтанулық аспектісі. Akikat.kz.8.11.2012 ж. 

 

 



Қҧндақова  М.  Ж.  –  аға  оқытушысы,  з.ғ.м.,  М.Тынышбаев  атындағы  Қазақ  Кӛлік 

және Коммуникациялар Академиясы (Қазақстан, Алматы қ.)  



 

АҚША АЗАМАТТЫҚ ҚҦҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 

 

Бағалы қағаздар шығу тегі, даму тарихы (салыстармалы талдау) 



Бағалы  қағаз  нарығының  субъектілерінің  қатынастары  экономикалық  –  құқықтық 

механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын 

дәлелдейді.  Бірақ  бағалы  қағаздардың  маңызы  онымен  шектеліп  қоймайды.  Бағалы 

қағаздар  кезкелген  мемлекеттің  тӛлем  айналымында  маңызды  орын  алады,  себебі  олар 

арқылы  мемлекеттің  инвестициялық  қызметі  жүзеге  асырылады.  Дәлірек  айтқанда,  бұл 

күрделі  қаржы  тікелей  халық  шаруашылығының  ең  тиімді  саласына  жіберіледі,  яғни 

оларды нарық жүйесіндегі ең ӛміршең субъектілер ғана ала алады. 

Ӛзінің  ұйымдық  және  құрылымдық  ерекшеліктеріне  орай  бағалы  қағаздар  қаржы 

институттары,  қаржы  нарықтары  және  оларды  реттейтін  құқықтық  ережелерімен  қатар 

мемлекеттің  қаржы  жүйесінің  тұтас  бір  бӛлігін  құрайды.  Мұндай  жүйе  біздің 

мемлекетімізде  нарық  қатынастарын  қалпына  келтіру  қажеттілігі  туындаған  кезде,  яғни 

90-шы жылдардың басында құрыла бастады. 

1990  жылдың  басынан  экономикалық  тәжірбиесі  дәлелдегеніндей шаруашылықты 

жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты 

құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға 

да,  заттай  капиталға  да  меншік  құқын  бекітіп,  тек  бағалы  қағаздар  арқылы  ғана 

мемлекеттік  меншікті  акционерлік  қоғамдардың,  яғни  жекеменшік  иелері  –  халықтың 

меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында ӛзіне тән қаржы институттары 

жүйесі  қалыптасып,  оларда  экономикалық  ӛрістеудің  қаржы  кӛздері  шоғырланып  және 

инвестициялық  қорларды  бӛлу  қатынастары  жүзеге  асады.  Қазіргі  ӛндірістің  жалпы 

құлдырап,  қысқаруы  кезінде  мемлекеттік  жалпы  ұлттық  ӛнімдегі  ӛндірістік 

инвестицияның  үлесін  арттыру  бағалы  қағаздар  нарығының  потенциалды  қорларын 

пайдаланбай іске асуы мүмкін емес. 

Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға  мүмкіндік туғызса, ал облигация 

шығару  ақша  ресурстарын,  оларды  банктерден  алудан  гӛрі,  тиімді  жағдайда  алуға 

мүмкіндік  береді.  Мемлекет  бюджет  кемшілігін  толтыру  мақсатында  да  ақша  белгілерін 

эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. 

Ӛркениетті  мемлекеттерде  экономикалық  ӛрлеуді  қаржыландырудың  басты  жолы 

бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – 

экономикалық жүйесі кӛптеген ӛзара байланысты элементтерден тұрады: 

- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері; 

- инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар; 

-  бағалы  қағаздар  нарығының  кәсіби  мамандары:  брокерлер,  дилерлер, 

инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер; 

 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



43 

 

 



- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы 

қорлары және т.б. қорлары; 

- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, 

сақтайтын ұйымдар. 

Осы  күрделі  құрылымдардың  қызметін  ұйымдастыратын,  басқаратын  және 

реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет. 

Айтылған  мәселелердің  барлығы  мемлекетіміздің  экономикалық  дамудың  бүгінгі 

кездегі  сатысында  Қазақстан  халқының  жас  буыны  алдында  жаңа,  тіпті  ерекше  бағыт, 

яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру 

және  құқықтық  білімді,  математикалық  және  бағдарламалық  жағынан  қамтитын  және 

жинақтаған  дағдыны  ұғынуды  талап  ететін  күрделі  де  қиын  кәсіпшілік.  Сонымен  бірге 

ӛткен  тәжірбиені  зерттеп  және  ӛз  мемлекетіміздегі  қазіргі  қажеттілікті  ескеріп,  бағалы 

қағаздар  нарығы  туралы  қарастырлады.  Қaзipгi  кезде  Республикада  бағалы  қағаздар 

нарығы  қалыптасу  шағында.  Оның  даму  жолында  алғашқы  ic-шаралар  жургізуде. 

Бюджеттің  кемшілігін  толтыру  мақсатында  мемлекет  бұрынғыдай  ақша  белгілерін 

шығармай,  оның  орнына  мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  мысалы  мемлекеттік  қысқa 

мерзімді  вексельді  шығара  алады.  Алайда,  бағалы  қағаздар  нарығының  дамуы  жолында 

шешуін  талап  ететін  экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  мәселелер  кӛп 

кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ: 

Ақша адаммен бірге пайда болып, бірге ӛмір сүріп келеді десек те болады. 

Жалпы  ақшасыз  ӛмір  жоқ  екенін  барлығымыз  да  білеміз.  Ақша,  қоғам,  тауар, 

барлығы  бір-бірімен  ӛрмекшінің  торындай  бітісе  байланысып,  ажырамас  жүйе  құрайды. 

Жалпы  ақшаның  пайда  болуы  туралы  айтатын  болсақ  ғалымдар  әр  алуан  тұжырымдар 

келтіреді.  Ал  дәлірек  айтсақ  ең  алғашқы  қағаз  ақша  1260-1263  жылдары  қытайда  пайда 

болды. Капитализм кезінде қағаз ақшалардың алғашқы партиясы 1960 жылы Англияның 

Солтүстік Америкаға Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқы 

солдаттарға жалақы тӛлеуге арналған. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 

жылы шығарыла бастады. 

«Монета» атауы латтынның «монос» ақылшы деген есімдіктен шыққан б.д. дейінгі 

V  ғ.  Юноно-монеталар  ордасында  (храм)  Римде  ұйымдастырылған  алғашқы  теңге 

(монета) сарайынан шыққан (Юноно-Ақылшы). 

Міне, сол кезден бастап ақша үлкен айналысқа түсе бастады. Ақшаның айналысқа 

кіруі  тауар  ӛндірісінің  дамуына  септігін  тигізіп,  олардың  бірден-бір  маңызды  себебі 

болды. 


Әрбір  ерекше  тауар  міндетті  түрде  тұтыну  құны  ретінде  кӛрінеді.  Оның  құны 

жасырын  түрде  болады  және  тек  қана  ақшаға  теңестіру  жолымен  табылады.  Тауарлар 

және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, 

айырбас процесінде бір-бірін табады және ӛзара бір-біріне ауысады. 

Алғашқы  қауымдық  кұрылыс  кезінде  бір  тауардың  басқа  бір  тауарға  кездейсок 

айырбасталынуы  барысында,  айырбас  кұнның  жай  немесе  кездейсоқ  формалары 

қолданылады. 

Тауар  ӛндірісінің  дамуы  барысында  кездейсоқ  айырбас  жиіленді.  Жалпы  тауар 

массасының  ішінен  барынша  жиі  айырбасталатын  тауардың  бӛлініп  шығуымен  құнның 

жай формасы толық формаға ӛте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. 

айырбастауға мүмкін болды. 

Тауар ӛндірісінің ӛсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар барлық 

басқа  тауарлардың  бір-бірімен  ӛзара  айырбасталу  құралы  бола  бастады.  Осыдан  келіп, 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



44 

 

 



құнның  толық  немесе  кең  кӛлемдегі  формасынан  жалпы  құндық  формасына  жасырын 

түрде  ӛту  басталды.  Бірақ  оның  рӛлі  бір  тауарға  нық  бекітілмеген  еді.  Біртіндеп  жалпы 

құндык  эквивалент  ролін  белгілі  бір  тауарлар  кӛптеп  атқара  бастады  және  осы  тауарлар 

ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. 

Тауар  айналысының  тарихи  эволюциялық  даму  процесінде  жалпы  құндық 

эквивалент  немесе  рәсімделінбеген  ақша  формасын,  әртүрлі  тауарлар  қабылдады.  Әрбір 

тауарлы-шаруашылық  ӛз  эквивалентін  алға  тартады.  Бір  халықтың  ӛзінде  әр  түрлі 

уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болды. Сонымен, 

бірінші ірі еңбек бӛлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бӛлініп шығуымен мал  (ірі 

қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға 

байланысты  нақты  сол  ортада  айырбас  құралы  болды.  Шалғынды  аудандарда  жылқы, 

сиыр  және  қой,  ал  шӛл  және  шӛлейт  аудандарда-түйе;  тундрада-бұғы  жалпы  құндық 

эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы 

нақты  дәлелдер  әр  түрлі  қолжазбаларда,  қазба  жұмыстарының  нәтижелерінде  табылған 

заттарда,  поэзияларда  кездеседі.  Латынның  сӛзі  «пекуния»  (ақша)  «пекус»  (мал)  сӛзінен 

шыққан.  «Рупа»  (мал)  сӛзі  үңділердің  ақша  бірлігінің  атауы  «рупия»  негізінде  жатыр. 

Ежелгі  Русьтарда  да  ақша  металл  ақшаларға  ауысқаннан  кейін  де  «мач»  деген  атауға  ие 

болды. 


«Капитал» сӛзінің шығуы да малменен байланысты, ӛйткені ескі герман тілінде бұл 

сӛз мал басы санының кӛптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын кӛрсетті. 

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ 

(раковинді)  ақшаларды  пайдаланды.  Тарихта  бақалшақ  алқалардың  келесі  атаулары 

сақталынды,  бұлар:  чангос,  цимбис,  бонгез,  хайква  және  т.б.  Кӛлемі  түймедей  ақшыл-

қызғылт  бақалшақ  Кари  кӛптеп  таралды.  Безендірулер  түрінде  жіпке  тізілгендері  Ежелгі 

Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және 

Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдык үнділердің 

белдіктерінде бақалшақ ақшалар кұстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін кӛрсете 

ӛрнектеліп,  былғары  белдіктерге  кӛрік  берді.  Бакалшақтарды  Солтүстік  Американың 

Тынық  мұхит  жағалуларында,  Полинезияда,  Каролин  және  Соломонг  аралдарында 

айырбас құралы ретінде пайдаланылды. 

Бақалшақ  ақшалар  тауар  ақшалардың  ең  бір  тұрақты  формасы  болып  табылады. 

Біздің бүгінгі күндерімізге дейін ӛмір сүре отырып, олар ешқандай 

ӛзгеріске  ұшыраған  жоқ.  XX  ғасырдын  70-жылдарының  басында  Соломон 

аралдарының 

кейбір 

тұрғылықты 



тұрғындарының 

акша 


айналысы 

ретінде 


бақалшақтардың  үш  түрі:  ең  арзаны  -  қара  түсті  (курила),  ак  тусті  (галиа),  аса  қымбат  - 

қызыл түсті (ронго) пайдаланылды. 

Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін 

Ява  аралында  осы  күнге  дейін  фея  ақша  айналысында  кызмет  етеді.  Олардың  формасы 

дӛңгелекше  тас  түрінде  келе  отырып,  диірменнің  тасын  еске  түсіреді.  Мұндай 

«монеталардың»  диаметрі  бірнеше  метрге,  ал  массасы  тоннаға  дейін  жетеді.  Сауда 

мәмілесі  орындалғаннан  кейін  сатушы  феяға  бұрынғы  иесінің  белгісін  ӛшіріп,  ӛзінің 

белгісін соғады. 

Ең ауыр металл тенге монета заңды түрдегі құндылығы шведтің мыстан құйылған 

теңгелері саналды. Олар VIII ғ. соғылған олардың әрқайсысының салмағы 19кг 710 грамға 

теңелді. 

Құндылығы  жағынан  ірі  теңге  1654  ж.  шығарылған  200  махурлы  үндінің  алтын 

теңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177гр диаметірі 136мм құрады. 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



45 

 

 



Жалпы  эквивалент  ретінде  металдар  да  пайдалана  бастады.  Ежелгі  Спартта, 

Жапонияда,  Африкада  темір,  мырыш,  қорғасын,  мыс,  күміс,  алтын  түріндегі  ақшалар 

пайдаланылды.  Рим  императоры  Дионисий  Сиракуз  және  орта  ғасырдағы  ағылшын 

корольдары  мырыш  ақшаларды  құйды.  Қытайда  және  Ежелгі  Римде  мыс  ақша  ретінде 

пайдаланылды. ХVІІ ғасыр Солтүстік Америкада Массачусетс штатында ұсақ тӛлемдерге 

қорғасын дӛңгелекшелер қолданылды. 

Металл  ақшаларының  артықшылығы,  олар-біркелкі,  тӛзімді,  ұсақталынады,  және 

тағы  басқалары.  Металл  ақшалардың  кең  таралуымен  ақша  есебінің  салмақтық  жүйесі 

нақтылана түсті. 

Әрине,  металдар  бұған  дейінгі  ақша  формаларын  бірден  ығыстырып  шығарып 

тастаған  жоқ.  Ұзақ  уақыт  бойы  металл  ақшалар  тауар  формасын  сақтап  келді.  Темір 

ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. 

Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар 

қазандық, кұмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, 

сырға, білезік түрінде пайдаланылды. 

Бірақ  б.э.  дейін  XIII  ғасырда  салмағы  кӛрсетілген  құймалар  пайда  бола  бастаған. 

Осындай себепке байланысты кӛптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), 

марка  (жарты  фунт)  салмақ  бірліктері  атауымен  аталады.  Алғашқыдағы  белгілі  массасы 

бар  формасыз  металл  ақшаларды  кейін  келе  әр  түрлі  массадағы  біркелкі  формасы  бар 

металл ақшалар ауыстыра бастады. 

Монеталардың пайда болуы-ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. 

Бағалы қағаздар ӛмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар ӛндірісі және тауар 

айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы 

болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бӛлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда 

тауар айналысы да болмайды. 

Бірақ XVI ғасырдың басында 1516 жылы утопиялық социализмнің негізін қалаушы 

Томас Моор ӛзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік кұрылымы туралы алтын 

кітап»  деген  еңбегінде:  «Алдау,  ұрлау,  тонау,  кісі  ӛлтіру  заң  тәртібімен  қатаң 

жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жӛнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар 

жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына 

байланысты  адамдардың  алаңдаушылығы,  қайғысы,  қиыншылықтары  және  ұйқысыз 

түндері  де ұмтылар еді. Егер ақша  адам ӛмірінен алысталынатын болса, онда тіпті  ақша 

қажеттілігінен туған кедейліктің ӛзі де жойылар еді.» 

Томас Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша ӛлшемімен 

ӛлшейтін  болса,  онда  ол  жерде  мемлекеттік  істердің  табысты  және  дұрыс  ағысының 

болуы мүмкін емес» 

XIX  ғ.  Социал  утопистері  -  Прудон,  Оуэн,  Греи  және  басқалар  ақшаға  теріс 

кӛзқараста  болды.  Прудон  тауар  ӛндірісін  сактай  отырып,  ақшаны  жоюдың  жобасын 

ұсынды және оны дәлелдемек болды. 

Мұндай  ойлар  Ресейде  де  айтылды.  Қазан  революциясынан  1917  жылдан  кейін, 

азамат  соғысы  жылдарында  ақшаның  құнсыздануы  байқала  бастаған  кезде  ақшаны  жою 

сәті келеді, яғни тарихтың ӛзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. 

Керек  десеңіз  ауыл  шаруашылық  ӛнімдерін  ӛнеркәсіп  ӛнімдеріне  тікелей  айырбастауды 

ұйымдастыруға  тырысты.  Шындығында,  оның  бәрі  сәтсіз  аяқталды.  С.Г.  Струмилин 

ақшаның  орнына  еңбек  бірліктері-тредаларды,  ал  ағылшын  экономисі  Смит  Фальтнер 

энергетикалық бірліктерді-энедаларды пайдалануды ұсынды. 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



46 

 

 



Бағалы  қағаздар  тауардан  дами  отырып,  тауар  болып  қала  береді,  бірақ  тауар 

ерекше жалпылама эквивалент. 

Бағалы  қағаздар  -  жалпы  бірдей  эквивалент,  ерекше  тауар,  онда  барлық  басқа 

тауардың құны бейнеленеді  және оның делдал ретінде катысуыменен тауар ӛндірушілер 

арасында еңбек ӛнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. 

Жалпыға бірдей эквивалент рӛлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа 

барлық  тауарлардың  құнын  бейнелеу  қасиеті,  оның  табиғи  қасиеті  емес.  Карл  Маркс 

айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». 

Жалпыға бірдей эквивалент рӛлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып 

отыр.  Ең  бастысы  алтын  жоғары  құнға  ие.  Қанша  дегенмен  оның  қорының  аз  болуы, 

алтынды ӛндіруге кететін еңбек шығындарының ӛте жоғары болуына әкеліп соқтырады. 

Алтынды  тұтыну  жылдан-жылға  ӛсуде.  Ол  әр  турлі  салаларда  пайдаланылады  - 

электроникадан  бастап  зергелік  істерге  дейін,  бірде  ӛте  жұқа  калыңдықпен,  бірде 

балқытылған  кұймалар  түрінде  кездеседі.  Тек  қана  циферблаты  6м  диаметрдегі  Кремль 

курантына алтын жалату үшін 26кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалындығы 

3  мк.  жуык.  Б.з.д  4000  жылдардан  бастап  және  1985  жылға  дейін  әлемдегі  барлық 

ӛндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы ӛндірілді, соның 

ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ӛндірілген. 

Ресей  XIX  ғасырдың  20-жылдарында  алтын  ӛндіруден  бірінші  орында  болды. 

Ӛткен  ғасырдың  40-жылдарында  оның  дүниежүзілік  алтын  ӛндірісіндегі  үлесі  40%-ды 

құрады. 

Алтын  тек  қана  алтын  валюта  резервтерді  ғана  құрамайды,  сонымен  бірге 

электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, 

синтетикалык талшықтарды жасау үшін де қолданылады. 

Жасанды  алтынды  ойлап  табу  сұрақтары  әр  кез  адамзатты  толғандырды. 

Бұныменен  ежелгі  уақыттарда  ал-химиктер  еңбектенді.  Ежелгі  Египетте  жалған  алтын 

құймалары  табылған.  Біздің  ғалымдар  ұзак  уақыт  іздену  мен  сынақтар  жүргізулері 

нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр 

кедергісі  алтынның  техникалық  құймасына  жақын.  Жаңа  құйма  қаттылығы  алтыннан 

алты есе асып түседі. 

Құрамын ӛзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық алтын алынды, 

бірақ  мұндай  алтынды  жасанды  жасау  бүл  процестің  тиімділігін  кӛрсетпеді.  Қазіргі 

ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. 

Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның 

ӛзіндік  құны  ӛте  жоғары  және  бұл  жолмен  алынған  металл  табиғи  алтынменен  ӛзінің 

бағасының  тӛмен  болуына  байланысты  нарықта  бәсекеге  түсе  алмайды.  Сонымен  қатар, 

жасанды  алтын  ӛнеркәсіпте,  тіс  салуда  және  зергелік  бұйымдарды  жасауда 

пайдаланылады,  бірақ  еш  уақытта  ол  жалпыға  бірдей  эквивалент  ретінде  бола  алмайды. 

Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас. 

Олар  шындығында  қоғамдық  қатынастарды  тудырушылар  болып  келеді.  Бұл 

дегеніміз,  қоғамнан  бӛлінген  адамдар  үшін  ақша  керек  еместігін  білдіреді.  Робинзон 

Крузоға  олар  керек  болмаған.  Батып  бара  жатқан  кемеден  құтқарылып  алынған  заттар 

оған  адам  аяғы  баспайтын  аралда  қажет  болған,  ал  ақшалар  болса  ӛзінің  барлық 

кұндылығын жоғалтты. 

Ақша  -  ӛндіру  мен  бӛлу  процестерінде  адамдар  арасындағы  белгілі  бір 

экономикалық  қарым-қатынастарды  кӛрсететін,  тарихи  даму  үстіндегі  экономикалық 



 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



47 

 

 



категория  болып  табылады.  Экономикалық  категория  ретінде  ақшаның  мәні  оның  үш 

қасиетінің бірігуімен кӛрініс табады: 

* жалпыға тікелей айырбасталу; 

* айырбас құнының дербес формасы

* еңбектің сыртқы заттық ӛлшемі; 

Жалпыға  тікелей  айырбасталу  формасында  ақшаны  пайдалану,  кез  келген 

материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін кӛрсетеді. 

Социализм  жағдайында  бұл  мүмкіндік  елеулі  қысқарды  және  тік  қоғамдық  жиынтық 

ӛнімді  пайдалану  және  бӛлумен  ғана  шектелді.  Кәсіпорындар,  жер,  орман,  жер  асты 

байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің 

жүруімен  байланысты,  жалпыға  тікелей  айырбастау  формасында  ақшаны  пайдаланудың 

кӛлемі едәуір кеңіді. 

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей 

ӛткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада 

қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді 

ӛтеу,  мемлекеттік  бюджеттің  кірістерін  қалыптастыру,  ӛндірістік  және  ӛндірістік  емес 

шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы 

және т.б. 

Еңбектің  сыртқы  заттық  ӛлшемі  тауарды  ӛндіруге  жұмсалған  енбектің,  олардың 

ақша кӛмегімен ӛлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы кӛрінеді. 

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі рӛлі туралы әр 

түрлі кӛзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей 

эквивалент  және  ақша  кызметтерін  атқару  рӛлін  орындауды  толығымен  тоқтатты  дейді. 

Құнның  ақшалай  формасынан  жалпылама  немесе  жайылыңқы  формасына  қайтып  келді. 

Несие  ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді.  Алтын, ақшаның классикалық 

қызметтерін  атқаруды  жалғастыруда  дейді  екінші  біреулер.  Ал,  енді  үшінші  біреулер, 

алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент 

рӛлін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі ӛзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді. 

Тӛлем,  айналыс  және  қорлану  кұралы  болып,  алтын  белгілері,  қағаздай  белгілері 

қағаз  және  несие  ақшалар  қызмет  атқарады.  Бірақ  та  алтын  дүниежүзілік  ақша  болып 

қалып отыр десек, онда ол жалпыға эквивалентті білдіреді. 

 

Әдебиет 



 

1. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Алматы: 2007. -364б. 

2.  Смағұлова  Р.О.,  Мәдіханова  Қ.Ә.,  Тұсаева  Ә.Қ.,  Сатыбалдиева  Ж.Ш.  Қаржы, 

ақша айналысы және несие. Алматы: 2008. -568 б. 

3. aykyn.kz. 

4. Н.Ә.  Назарбаев   «Қазақстан 2030».   Ел    Президентінің    Қазақстан   халқына 

Жолдауы. Алматы: 1997. 

5. Ағдарбеков А.С. Құқық негіздері. Алматы: 2004. -328 б. 

6. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: 2002. - 176-182 б. 

7.  Ашитов.  З.О.,  Ашитов  Б.З.,  Қазақстан  Республикасының  құқық  негіздері. 

Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 204 б. 

8. Кӛшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі. Алматы: 2007. -374б. 

9. Аль-Пари Алматы: «Идан» типографиясы 2007. №3-4. 42. 

 


 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ,  

ПОСВЯЩЕННОЙ 135-ЛЕТИЮ М. ТЫНЫШПАЕВА 

ТРАНСПОРТ В XXI ВЕКЕ: СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



48 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет