Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Резюме 
Статья  о  совершенствовании  специальных  навыков  скорости  движения  и  о  воспитании  игроков  настольного 
тенниса с использованием данных возможностей на практике.  
 
Summary 
High-speed abilities are improvable in certain ways and this capability should be  widely used in practical work to train 
players in table tennis.  

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
86 
ЕЛЖАНДЫ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Б.Б. Сарсенбаев 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «...ӛз  бойымызда  және  балаларымыздың 
бойында  жаңа  қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеуіміз  керек»,  –  деп  түйіндеуі  мемлекеттік  тұрғыдан 
маңызды, басты міндет екенін анықтап айтты [1].  
Республикамыздағы  саяси  тұрақтылыққа  байланысты  еліміздесаяси  жүйені  тұрақтандыру  процесі 
жүріп, әлеуметтік-экономикалық реформаларға шарттар қалыптасты. Қазақстандағы демократияландыру 
жолындағы реформалар жылында саяси жүйенің дағдылану технологиялары қалыптасып, барлық мәселе-
лерді шешудегі консенсусқа жету тәсілдері игерілді. Осы себептерге байланысты еліміздің қоғам мүшеле-
рін біріктірудегінегізгі фактор және тұрақтылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттілікті бекітуде елжан-
дылықың орны зор. Сондықтан қазіргі жағдайдағы жастарға елжандылықтың маңыздылығы мен елжан-
дылыққа тәрбиелеу қазақстандық азаматтардың саяси санасындағы ең негізгі мәселе болып табылмақ. 
Елжандылық (патриотизм) (гректің πατριώτης – отандас, жерлес, πατρίς – отан) түсінігінің негізгі мәні 
әр  азаматтың  ұлтын,  Отанын  сүюден  туындайтын  саяси  принцип  және  әлеуметтік  сезім.  Патриотизм 
Отанының жетістіктерімен мәдениетінің ерекшеліктерін мақтан тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен 
сипатталады.  Оның  тарихи  қайнар  кӛзі  тіл  мен  дәстүрде  бекітілген  құндылықтарда  жатыр.  Ұлт  пен 
ұлттық мемлекетті құру шарттарында патриотизм мемлекет дамуының жалпыұлттық сәттерін танытатын 
қоғамдық сананың бір бӛлігі болып табылмақ. 
Ӛзінің  тарихи  даму  ерекшеліктеріне  қарай  патриотизм  бірнешеформаларда  кӛрініс  табады:  полистік 
патриотизм – антикалық қала-мемлекеттерде орын алды; империялық патриотизм – империя және оның 
үкіметіне  лоялдылықты  кӛрсететін  сезімдік  белгі;  этникалық  патриотизм  (ұлтжандылық)  –  ӛз  халқына 
деген сезім; мемлекеттік патриотизм – мемлекетке деген махаббат сезімі; ура-патриотизм – мемлекет пен 
оның халықтарына бағытталған сезім. 
Жалпы бұл түсініктің ӛзі әр түрлі анықтамалар арқылы ӛз дәуіріне сай түсініліп отырған. Антикалық 
дәуірде patria термині («Отан») тек туған қала-мемлекетке байланысты қолданыста болды. Рим империя-
сындағы патриотизм жергілікті «полистік» патриотизм мен империялық патриотизммен шектелді. Полис-
тік  патриотизм  түрлі  жергілікті  діни  ӛкілдерден  қолдау  тапты.  Орта  ғасырларда  бұл  термин  азаматтар 
ұжымына лоялдылықты білдірді. Американдық және француздық буржуазиялық революциялар дәуірінде 
бұл  ұғым  «ұлтшылдықпен»  байланысты  болды.  Сондықтан  Франция  мен  Америкада  бұл  түсінік 
«революционер»  ұғымымен  синонимдес  болған  еді.  «Патриотизм»  түсінігіне  кең  түрде  анықтамалар 
берілгенімен, оның жалпы сипатына қатысты нақты анықтамалар жоқ. Мәселен, С.И. Ожеговтың редак-
циясында жарық кӛрген сӛздікте: «Патриотизм – ӛз Отанына, халқына деген адалдық пен махаббат»,  – 
деп  анықтама  берілген.  Бұл  аталмыш  құбылыстың  күрделі  табиғатымен  түсіндіріліп,  мазмұнының 
кӛпқырлылығымен сипатталады. Сонымен бірге, патриотизм мәселесін білім берудің барлық салаларын 
қамтыған және Отанға деген қатынастағы авторлардың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси шартта-
рындағы азаматтық кӛзқарастары негізінде қарастырылады. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Егер мемлекет әр азаматтың ӛмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктері-
не және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана 
патриотизмді және оны тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық және шынайы кӛзқарасты оятады»,  – деп 
пайымдап, қазақстандық патриотизм сияқты ұлт табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді [1]. 
Бұл ӛз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы менмәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің 
ӛз  күш-жігеріне  деген  сенімі  мен  барша  қоғамның  топтасуы.  Бұл  бүгін  тұрғызылып  жатқан  ӛз  еліңнің 
тарихына  қатыстылықтың  және  оның  болашағы  үшін  жауаптылықтың  жоғары  сезімі.  Бұл  әрбір  қазақ-
стандықтың табыстары үшін мақтаныш және қандай тұрғыда болғанына қарамастан ӛз салаңда табыстар-
ға қол жеткізу ниеті. Және бұл табысты әркім Отанына бағыштап, әлемде оның даңқын асыруы, беделін 
кӛтеруі  тиіс.  Патриотизмді,  әсіресе  жастардың  арасында,  біздің  балалардың  бойында  барша  қоғамның 
ортақ  күш-қуатымен  қалыптастыру  керек.  Біздің  әр  азаматтың  табысы  және  халықаралық  тұрғыда 
мойындалуы – бұл баға жеткізгісіз капитал, барша қазақстандықтардың мақтанатын нәрсесі және байлы-
ғы екендігі сӛзсіз. Осындай үлгілермен ұлттың рухын кӛтеру керек! Ӛз Отаныңның патриоты болу – бұл 
Қазақстанды ӛз жүрегіңде ұялату.  
Патриотизмге тәрбиелеуде ерекше рӛлді білім беру орындары атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі 
күнде патриоттық тәрбие берудің сапасын жоғарылатуда білім беру мекемелерінің маңыздылығы жоғары. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
87 
Патриотты  тәрбиелеу  –  бұл  әлеуметтік  ортаның  (отбасы,  ұжым,мектеп,  қоғамдық  ұйымдар)  объективті 
факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын 
алатын  әлеуметтік  процесс.  Демек,  патриоттық  тәрбие  беруде  оқу-тәрбиелік  жүйеге  арнайы  мақсатты 
қимылдар жүргізілгендігі дұрыс депойлаймыз. Мектептердегі оқу және сабақтан тыс жұмыстар шартта-
рында тұлғаның сәтті патриоттық тәрбие беруде кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Патриоттық тәрбие 
берудің  әдістемесі  тәрбиенің  нақты  кешенді  шараларын  айқындайды.  Бүгінгі  шарттарда  патриотизмнің 
қалыптасуына ықпал ететін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану белсенділігін жоғарылату 
қажет. Мектептегі пәндер ӛз еліне патриоттық сезім мен мақтанышты қамтамасыз ететін бағытта жүруі 
тиіс.  Мәселен,  тарих  пәнінде  тәуелсіздігімізге  қатысты  материалдарды  игеруде  құрғақтілде  фактілер 
келтіру аз шаруа. Оқыту процесінде балаларға республикамыздың саяси беделін суреттеп, қазақстандық 
азаматтардың бейбітшілік пен достықта ӛмір сүруіне жоғары баға беріп, қоғамдағы келісім мен тұрақты-
лықтың  маңыздылығын  дәйектеу  қажет.  Оқыту  процесінде  патриотизмнің  қоғамның  дамуындағы 
қызметтік рӛлінің жоғарылығына назар аударылуын дұрыс санаймыз. 
Саяси әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде түрлі деңгейдегі шығармашылық қызмет ӛкілде-
рін дайындайтын жоғары мектепті атай аламыз. Жоғары мектеп тек нақты білімді қалыптастырып қана 
қоймай, оның әлеуметтік инициативасын анықтайтын ӛмір салтын айқындайды. Жоғары мектеп жастар-
дың саясатқа араласу процесіндегі маңызды рӛлге ие. Ӛйткені, жастар ӛз саяси ұстанымдарын жоғары оқу 
орнының ықпалында қалыптастырады. Демек, болашақ мамандардың еліміздегі саяси процестерді қабыл-
дауы оның жоғары оқу орнындағы дайындық сапасына байланысты. 
Студенттер ақпаратпен толық қамтылған ортаға бейімделген жастардың білімді бӛлігі болып табыла-
ды. Бүгінгі жастар бұрынғы саяси әлеуметтендірудің стереотиптерін қабылдамайды. Олар бірінші болып 
тоталитарлық қоғам негіздеген құндылықтарды жоққа шығарды. Сондықтан бүгінгі күнде барлық саяси 
күштердің  ӛз  жақтастары  ретінде  студенттерді  қосуы  кездейсоқ  құбылыс  емес.  Жастар  –  бұл  қазіргі 
қоғамдағы белсенділігі жоғары әлеуметтік база. 
1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасының  негізгі  субъектілері  болып  жастар  табылатыны  белгілі.  Орын 
алған оқиғаларға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірінші хабарда: «ұлттық элементтерді 
арандатушы оқушы жастар тобы кӛшеге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумы-
ның шешімін қолдамады», – деп жазылды [2]. 
Сондықтан сол кезеңнің саяси  процесіне әсер етуді  мақсат  тұтқан жастардың  қимылы мен олардың 
ықпалын 1986 жылғы болған оқиға кӛрсете алды. Міне, осы студенттер орталықтың саясатына наразы-
лықтарын ашық кӛрсете алды. 
Бүгінгі  жағдай  кӛрсеткендей,  студенттер  еліміздің  саяси  ӛміріне  кеңінен  ықпал  ете  алады.  Жастар 
қазіргі шарттарда саясатқа қатысуы саяси жүйенің сипатына ықпал ету арқылы ӛзінің әлеуметтік мәртебе-
сін  жоғарылататынын  түсінді.  Бүгінгі  күнде  біз  ӛзге  тарихи  және  әлеуметтік  кеңістікте  ӛсіп  жатқан, 
дәстүрлі емес, инновациялық әлеуметтік құрылымдағы, еркін мемлекет мүшесі болып табылатын жастар 
деп білеміз. 
Саяси күрестің нәтижелері мен қорытындыларын анықтауда жастардың саяси қатысуы саяси лидер-
лердің назарын аудартуда. ХХ ғ.соңы – ХХІ ғ. басында «түрлі-түсті революциялар» негізгі күші болып 
табылған  жастар  қозғалыстарының  саяси  процестердегі  қимылдары  кӛрініс  тапты.  Осы  революциялар 
шеңберінде  саяси  оппозиция  жоспарланған  және  тиімді  үйлестірілген  қызметі  жолымен  бұқаралық 
сананы манипуляциялаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану арқылы жастардың белсенділігін 
кӛтерді. Міне, осы студенттер жоғарыда аталған оқиғаларда маңызды рӛл атқарды. Студенттердің оқиғаға 
жаппай  қатысу  студенттік  қозғалыстардың  жалпыхалықтық  сипатта  екенін  айқындауғамүмкіндік  берді. 
Осы студенттердің кӛмегімен оқиғаның бұқарашылдығын БАҚ-та кӛрсетудің қажеттілігі саналды. 
Қырғызстан, Грузия, Украинада орын алған саясипроцестер жастардың саяси санасына әсер етті. Сол 
себептен, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке саяси ойыншылар рӛліне үміткер санал-
ған жастар ұйымдарының саны ұлғайды. Бұл экономикалық және әлеуметтік-саяси дамудың объективті 
заңдылықтарымен нәтижелері негізінде Қазақстандағы жастардың саяси ӛмірдегі маңыздылығы жоғары-
лағанын  кӛрсетеді.  Сондықтан  мемлекеттік  билік  органдарына  позитивті  қатынастарға  ықпал  ететін, 
азаматтық позицияларды жоғарылататын, жастарды заңды саяси қызмет пен олардың әлеуметтік мәселе-
лерін шешетін мемлекеттік жастар саясатын елімізжүргізіп жатыр. 
Дегенмен, алдын ала жоспарланған немесе арнайы ұйымдастырылған тәрбие тиімді болмайтыны анық 
[3]. Тұлға оның ізденісіне еркіндік және жеке таңдау құқығы берілгенде ғана тәрбиесі дамиды. Тәрбиені 
стандарттау  тұлғаның  даму  мүмкіндіктерін  шектейді.  Бұл  әсіресе,  ӛзінің  құндылық  ориентацияларын 
қалыптастырған студент жастарға қатысты. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
88 
Сондықтан  оқытушылардың  басты  назарында  оқу-тәрбие  процесінен  бұрын  студенттің  тұлғалық 
белгісі тұруы тиіс. Студенттердің рухани белсенділігі мен стандартты емес ойлау қабілетін  марапаттап 
отыру қажет. Сонымен қатар, еліміздегі саяси ақиқат мәселелеріне объективті сипаттама беретін патриот-
тыққа тәрбиелейтін жаңа арнайы курстар енгізілуі қажет. 
Патриоттыққа тәрбиелеудегі ең маңызды рӛл бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктеледі. Міне осы 
институт ӛте жоғары кӛлемде саяси ақпарат таратуда жылдам мүмкіндік пен субъекттік-объекттік басқа-
ру  ерекшеліктеріне  ие.  Сонымен  бірге,  бүгінгі  күндегі  БАҚ-тың  ӛмір  сүруі  оның  таралымы  ғана  емес, 
демеушілерінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екендігі жасырын емес. Олар объективті ақпарат-
ты  ұсынуға  қарағанда,  сенсациялық  ақпараттарды  жариялауға  үйір.  Кӛп  жағдайда  демеушілерінің 
әлеуметтік  және  саяси  тапсырыстарын  орындау  мақсатында  ӛз  материалдарын  жариялап  жатады.  Бұл 
тұста патриотизмгетәрбиелеу мәселесінің кадрдан тыс қалу қаупі мол екендігін дәлелдейді. 
Сондықтан бүгінгі күнде  бұқаралық ақпарат құралдарында патриоттық тәрбие берудің  элементтерін 
кеңінен  пайдалану  қажет.  Патриотизмге  тәрбиелеу  жұмысы  мемлекеттілікті  бекітудің  және  еліміздің 
қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Бұл  шара жүйелі түрде жүріп, 
саяси әлеуметтендірудің институттары арқылы ӛз бағыттарын айқындауға тиіс деп білемін. 
 
1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республика-
сының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 15 желтоқ-
сан 2012. 
2. Сообщение из Алма-Аты // Казахстанская правда. 1986, 19 декабря. 
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.7. // Бас ред. Аяған Б. – Алматы, 2005.  
 
Резюме 
В данной статье поднимаются актуальные проблемы патриотического воспитания подрастающего поколения. 
 
Summary 
In this article actual problems of patriotic education of younger generation rise. 
 
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӚЗДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.А. Махметова – аға оқытушы, Арнайы педагогика кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Есту қабілеті зақымдалған балалардың ойлауын зерттеу қазіргі таңда ӛзекті мәселе болып табылады, 
себебі ойлаудың жағдайы оларды тиімді оқытумен байланысты және соның нәтижесінен олардың әлеу-
меттік бейімдеулері байланысты болады. Қазіргі таңда мектепте оқыту үрдісін жетілдіру, мектеп оқушы-
ларын  психологиялық  тексеру  мектепте  оқу  кезіндегі  ойлаудың  дамуындағы  кемшіліктерді  уақытында 
байқауды  талап  етеді,  осының  негізінде  анықталған  кемшіліктерді  түзетудің  тиімді  жолдарын  таңдауға 
болады.  Сурдопсихологияда  естімейтін  және  нашар  еститін  балалардың  ойлауын  зерттеуге  арналған 
жұмыстар аз емес (В.А. Борисова, Т.А. Власова, А.П. Гозова, Т.А. Григорьева, Ш.И. Шиф, Н.В. Яшкова). 
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуын түзету міндеттерін шешетін педагогикалық үрдісті құру 
үшін, есту қабілеті зақымдалған оқушылардың таным үрдістерін мұқият зерттеу керек.  
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың ойлауын психологиялық тексеру, олардың жеке қабілеттерін 
анықтау,  осы  балаларды  дифференциациялап  оқытудың  негізі  болу  керек.  Ойлаудың  дамуын  зерттеу 
баланың нақты мүмкіндігіне сай жағымды оқыту жағдайын жасау үшін қажет. Есту қабілеті зақымдалған 
оқушыларды оқытуды жетілдіру жолдарын іздеу, осы балалардың сӛйлеуі мен сӛздік-логикалық ойлауын 
дамытуға  бағытталған  оқыту  үрдісінің  әдістерін  жасаумен  үздіксіз  байланыста  болып  табылады.  Осы 
бағыттағы жетістіктер  мектеп бағдарламасын меңгеруді жақсартуға, ӛндірістің әр саласындағы еңбекке 
және ӛмірге дайындауға және есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды қоғамға кіріктіруге әсерін тигізеді, 
сондықтан ойлауды зерттеу мәселесі, нашар еститін оқушылардың ерекшеліктерін анықтау қазіргі таңда-
ғы арнайы психологияда ӛзекті мәселе болып табылады /1/.  
Қазіргі  таңдағы  диагностика  жағдайын  сипаттай  отырып,  арнайы  психологияда  В.И.  Лубовский 
айтқандай,  оның  әдістемелік  қару-жарағын  әрі  қарай  жетілдіру  қажет.  Оның  ойынша,  диагностикалық 
теориялық-әдіснамалық негізі дұрыс болғанымен, оны ары қарай дамытуды нақтылауды талап етеді. Есту 
қабілеті  зақымдалған  балалардың  мектептен  тыс  жерде  ақпарат  алу  мүмкіндігі  тӛмен  болғандықтан, 
еститін балаларға қарағанда, олардың ақыл-ойының дамуы кӛп жағдайда мектептегі білім беруге байла-
нысты болады.  
XX  ғасырда  психологияда  ойлау  үрдісін  кӛптеген  ғалымдар  зерттеген  (Л.С.  Выготский,  1925,  1931, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
89 
1934; В.В. Давыдов, 1996; А.М. Матюшкин, 1972, 1973; С.Л. Рубинштейн, 1946, 1958, 2002; С.В. Рякина, 
1987; Л.А. Славская, 1968; Б.М. Теплов, 1943, 1961 және т.б). Ойлауды обьективті әлемнің құбылыстары 
мен заттардың арасындағы күрделі байланыстар мен қатынастардың адам санасында бейнеленуі деп, тағы 
да шындықты тікелей және жалпылай бейнелейтін тұлғаның таным іс-әрекеті деп те қарастырады. Ойлау 
үрдісін кӛптеген қазіргі заманғы ғалымдар зерттеуде. Ойлаудың негізгі формаларын логика (А.А. Ивин; 
А.Л. Нилиферов, 1997; А.Д. Гетманова, 2002 және т.б) қарастырады. Физиология ойлау актілері жүретін 
ми  механизмдерін  зерттейді  (  И.П.  Павлов,  1947;  И.М.  Сеченов,1952;  А.А.Ухтомский,  1935  және  т.б). 
Мектеп жасындағы естімейтін балалардың ерте жастан қалыптаса бастаған барлық ойлау операцияларың 
дамуы  жалғаса  береді,  ойлау  іс-әрекетінің  операциялары  ішінен  келесілерін  бӛлек  кӛрсетеді:  талдау, 
жинақтау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау. Кейбір психологтар ойлау операцияларына топтастыру-
ды да енгізеді (Н.Н. Поспелов, И.Н. Поспелов, 1989 және т.б.), басқалары топтастыруды логикалық тәсіл 
деп есептейді (Н.А. Подгорецская, 1980, Н.Ф. Талызина, 1984 және т.б.) /2/. 
Кӛптеген  ғалымдар  талдау  мен  жинақтауды  негізгі  ойлау  операцияларына  жатқызады.  Талдау  және 
жинақтау  үрдістерін  кӛптеген  психологтар  зерттеген  (И.И.  Заболотнев,  1966;  З.И.  Калмыкова,  1955;    
Н.Н. Поспелов және И.Н.Поспелов, 1989;  С.Л.Рубинштейн, 1960; С.В.Рякина, 1987 және т.б). Талдау  – 
құрамдас элементтерін бӛліп қарау үшін бүтінде бӛлшектеу үрдісі – балаларда мектепке дейінгі кезеңде 
қалыптасады. Мектепте балалар алдымен қарапайым, кейін күрделі талдауды жүргізу біліктілігін жетілді-
реді. Балалар заттардың ерекшелігін тани бастайды. Бастауыш сынып жасында оқу материалын талдау 
кӛрнекі-әрекеттік  түрде  басым  болады  (В.В.  Давыдов,  1996).  Оқушыларда  обьектінің  жалпы  белгілерін 
толығымен және бӛлшектеп алуы дамып, ақырындап кӛп деңгейлі талдау дамиды.  
Психологиялық  зерттеу  кӛрсеткендей,  заттарды  танып,  оларға  талдау  жасағанда,  тӛменгі  сынып 
оқушылары  біртектес  заттарға  тән,  олардың  туыстық  белгілерін  ғана  бӛліп  кӛрсетеді  (И.М.  Соловьев, 
1960; Е.М. Кудряцева, 1961). Мысалы, қол сағатын қарастырғанда, оларды сағат деп атайды (қол сағат 
демейді) және оның циферблаты, тілшісі, зауыттың белгісі бар екендігін атайды, терең талдамайды. I, II 
сынып оқушылары сағат, қасық, қарындаш т.б. заттардың жалпы белгілерін атай алады. Тӛменгі сынып 
кезінде бӛлшектеп талдау дамығандықтан, сол обьектілердің арнайы ерекшеліктерін бӛліп қарау мүмкін-
дігі пайда болады. Енді балалар бағанағы сағатты талдағанда, оның кішкентай қол сағат екендігін айтады, 
демек  түр  ерекшеліктерін  ескереді.  Сәл  кейінірек,  арнайы  белгілерін  бӛліп  кӛрсетеді:  бӛлшектерінің 
қасиетін,  мысалы,  циферблаттың,  тілшенің  және  қол  сағаттың  бұралатын  тетігінің  ерекшеліктерін. 
Жоғарғы  сынып  оқушылары  кең  білім  шеңберін  меңгеруге  мүмкіндік  ашатын  кӛп  деңгейлі  талдауды 
жақсы қолданады. Талдау мен жинақтау ойлау кезінде ӛзара байланысты. Жинақтаусыз талдау бӛліктер-
дің  жиынтығы  туралы  механикалық  мәлімет  береді.  Талдаусыз  жинақтауда  мүмкін  емес,  себебі  ол 
талданған бӛліктерді бір бүтін жасауы керек. Ойлау ерекшеліктеріне қарай кей адамдар талдауға, ал кей 
адамдар  жинақтауға  бейім  келеді.  Ойлау  кезінде  талдауды  немесе  жинақтауды  меңгеру  материалдың 
сипаты мен қойылған міндеттер жағдайына байланысты. Талдау мен жинақтаудан абстракция (талдаудың 
арнайы түрі) және жалпылау (жинақтаудың жоғарғы формасы) туындайды. Жалпылау – ойлау іс-әрекеті-
нің ӛнімі болып табылады /3/. 
М.А. Данилов, В.В. Давыдов және т.б психологтар мектеп оқушыларында жалпылау заттар арасында-
ғы қатынасты жан-жақты қарастырудан шығады деген қорытынды жасаған. Жалпылаудың басты ерекше-
лігі,  бұл  ой  операциясы  обьектінің  ішкі  қатынастарымен  байланысты.  Н.Н.  Поспелов  және                     
И.Н.  Поспеловтың  есептеуінше  «жалпылау  мен  абстрактілеу  –  әртүрлі  ақыл-ой  үрдістері,  жалпылау 
дегеніміз  аздау  жалпыдан  кӛп  жалпыға  ӛтуі,  ал  абстрактілеу  –  осы  ӛтуді  жүзеге  асыратын  үрдіс»         
(Н.Н. Паспелов, И.Н. Паспелов, 1989). Абстракцияның қалыптасуы кӛптеген психологтарды қызықтыр-
ған (П.П. Блонский, 1964; Л.С. Выготский, 1925, 1931, 1934; В.В.Давыдов, 1996 және т.б). Абстрактілеу 
әдетте, талдау нәтижесінде жүзеге асады. Мектеп оқушылары осы абстракциялаудың кӛмегімен ұзынды-
ғы, ені, кӛлемі, салмағы, кеңдігі, биіктігі, саны, теңдігі, құны және т.б. ұғымдарды меңгереді /3/.  
П.П. Блонский абстракциялық ойлау операциясы мен абстрактілі ойлаудың дамуында нақты ұғым-
дардың рӛлі зор деген. «Жасӛспірім шақта абстрактілі ұғымдар қарқынды дами бастайды, бірақ бұл 
даму жеткіншек жаста да қарқынды дами береді. Тек абстрактілі ойлау нақты ойлаудың ең жоғарғы 
деңгейінде ғана дамиды (П.П. Блонский, 1964)». Барлық ойлау операциялары бір-бірімен тығыз бай-
ланысты  және  «жекеленген»  түрде  қолданылуы  мүмкін  емес  (Н.Н.  Поспелов  және  И.Н.  Поспелов, 
1989). Сонымен, салыстыруды талдаусыз, жалпылауды абстракциялаусыз, топтастыруды салыстыру-
сыз орындау мүмкін емес.  
Психологтар белгілі бір логикалық құрылымды бейнелейтін логикалық қатынастарды бӛліп кӛрсетеді, 
олар адамның дамыған санасымен байланысты құрайтын адам қоғамының даму үрдісінде қалыптасқан. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
90 
Оларға бүтін-бӛлік, бӛлік-бүтін, түр-туыс, туыс-түр  және аналогия деп аталатын логикалық қатынастар 
жатады. Оқушыларда аналогияның қалыптасуын Т.А. Григорьева (1985) зерттеген.  
Оқушыларды оқыту үрдісінде ойлаудың дамуы жүреді, ол ойлаудың түрі, формасы және ойлау опера-
цияларының жетіліуін және ойлау іс-әрекетінде білімді бір саладан келесі салаға логикалық байланыс жә-
не тәсілдер арқылы кӛшіруді жүзеге асыратын икемділіктер мен дағдыларды қалыптастырудың алғы шар-
ты болып табылады. Баланың зиятының дамуында ойлаудың ескі тәсілдерін және тәсілдер ысырып тастау 
жүреді. Ол ескі ойлау тәсілдерінің құрылымы ӛзгеріп, одан да күрделі ойлау тәсілдері қосылады /4/.  
Л.С. Выготский былай жазған: «Ойлаудың мазмұнының түп-тамырымен ӛзгеруі ақыл-ой операцияла-
рының  дамуымен  байланысты»  (Л.С.  Выготский  1984),  демек  балаларда  ойлау  мазмұны  толығымен 
жаңарады.  Л.С.  Выготскийдің  ойынша,  логикалық  ойлау  –  ол  ұғымдарды  ашатын  жалғыз  іс-әрекет     
(Л.С.  Выготский  1984,  78  б.).  Ол  логикалық  ойлауды  әрекетті  түсіндіру  деп  қарастырған.  Сонымен,     
Л.С. Выготскийдің атап кетуінше, баланың ойлау формасындағы маңызды ӛзгеріс логикалық ойлауының 
дамуы болып табылады.  
Сонымен, оқушылардың ойлауы біртіндеп бірліктен жалпыға, құбылыстан нақтылыққа, кездейсоқтық-
тан қажеттілікке кӛшеді және шындықты тереңірек тануға ӛтеді (С.Л. Рубинштейн, 2002, 371 б.). Ойлау-
дың даму үрдісі кезінде жоғарғы деңгейлер тӛменгі деңгейлерді ысырмайды, оларды ӛзгертеді. Теория-
лық ойлау дамыған кезде, кӛрнекі-әрекеттік, кӛрнекі-бейнелік жоғалмайды, керісінше ӛзгереді, жетіледі 
және одан да жоғарғы деңгейге кӛтеріледі. Сондықтан, әр баланың ойлауында ойлаудың әртүрлі деңгей-
лерінің жүзеге асып жатқанын кӛруге болады (С.Л. Рубинштейн, Ж.Пиаже, Л.С. Выготский). Естімейтін 
балалардан  нашар  еститін  балалардың  айырмашылығы,  қоршаған  адамдармен  тікелей  қарым-қатынас 
үрдісінде ӛзбетімен (кӛп  мӛлшерде болмаса да) сӛйлеуді меңгеру қабілетінің бар болуы.  Сол себептен, 
нашар еститін балалардың ойлауын дамытуды зерттеуде ӛте маңызды болып табылады. Нашар еститін 
балалардың  ақыл-ой  дамуының  потенциалы  (мүмкіндігі)  ӛзгеше,  осыған  байланысты  оларды  оқыту 
сипаты да ӛзгеше болады /4/.  
Л.С. Выготский ұсынған, баланың психикалық ерекшеліктерін талдау, кемістіктің құрылымы туралы, 
дамудың  біріншілік  және  екіншілік  кемістіктерін  ажырату  туралы  ойына  сүйене  отырып,  ғалымдар 
дамуында  анализаторлары  зақымдалған  балалардың  ӛзіндік  ерекшеліктерін  түсіну  жолдарын  жасаған 
(Р.М.  Боскис,  Т.А.  Власова,  А.П.  Гозова,  Ю.А.  Кулагин,  Р.Е.  Левина,  В.И.  Лубовский,  Н.Г.  Морозова, 
М.С.  Певзнер,  Т.В.  Розанова,  И.М.  Соловьев,  Ж.И.  Шиф  және  т.б.).  Нашар  еститін  балаларға  қатысты 
жолдарды  Р.М.  Боскис  дамытып,  ғылыми  негізделген  нашар  еститін  балалардың  сӛйлеуін  дамытуға 
арналған осы зерттеулер, осы балалардың ойлауының ерекшеліктерін зерттеудің алғышарттарын жасады. 
Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіндегі ӛзгерістер, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі жаңа бағыт арнайы мектеп 
оқушыларына да тікелей қатысты. Нашар еститін оқушыны жеке тұлға ретінде жан–жақты дамыту. Осы 
мәселеге қатысты нашар еститін балалардың ойлауын дамыту ӛзекті мәселе болып отыр. Сонымен қоса, 
барлық  балалар  ойлаудың  даму  деңгейі  бойынша  ерекшеленеді.  Оны  Н.Ф.  Талызинаның  (1975),            
З.И. Калмыкова (1961), Н.С. Лейтестің (1971) және т.б. зерттеулері кӛрсеткен /5/. 
 
1.
 
Богданова Т.Г. Сурдопсихология. – М.: Издат. центр «Академия», 2002.  
2.
 
Калмыкова З.И. Развитие продуктивного мышления школьников. Автореферат докт. Дис. – М., 1975. 
3.
 
Лубовский В.И. Общие и специфические закономерности развития психики аномальных детей. – «Дефекто-
логия», 1971 - №6. 
4.
 
Розанова Т.В. Развитие памяти имышление глухих детей. – М.: «Педагогика», 1978. 
5.
 
Поддьяков Н.Н. Мышление дошкольника. – М.: «Педагогика», 1977.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет