Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Бесіншіден, патриоттық сезімнен ажыратып алғысыз гуманизм әтнопедагогикалық тәрбиенің бас-
ты  қағидаларының  бірі.  «Отан  отбасынан  басталады»  деген  даналыққа  ұйыған  халқымыз  ұрпағын 
ата-ананы, үлкендер мен кішілерді құрметтеуге, елдің, халықтың қамқоршысы болуға үндеген. Мүге-
дектер мен жоқ жітіктерге, науқастар мен панасыздарға кӛмектесуді парыз деп білген. «Атаның бала-
сы болма, адамның баласы бол», «Жақсы – оймен күндей, әмбеге бірдей», «әдет – әдет емес, жӛн – 
әдет», «Сыйға-сый, сыраға – бал» деген сӛз мәтелдері ұлтымыздың ұраны болған. 
Алтыншыдан,  «Білім  –  таусылмас  кен,  ӛнер  –  ӛлмес  мұра»,  «Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды 
жығады», «Ақыл кӛпке жеткізер, ӛнер кӛкке жеткізер», «Оқу – білім бұлағы, Білім – ӛмір шырағы» т.б. 
кӛптеген мақал-мәтелдер тудырған халқымыз осынау құндылықтар – ӛнер мен ғылым тіршіліктің тұтқа-
сы, ӛмір шамшырағы деп білген. Сондықтан халқымыздың ӛте бай ауыз әдебиеті нұсқаларындағы мақал-
мәтелдердің мән-мағынасын ӛскелең, ұрпаққа насихаттап, санасына сіңіріп отыру қажет. 
Әрине, әр адамның, әр халықтың Отанына, еліне деген кӛңіл, сезім түсінігі әрқалай болатындықтан, 
патриотизм ұғымын тұжырымдаудың да сан алуан сипаты болатыны заңды. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімді басылымдарда «ұлттық» және «қазақ-
стандық патриотизм» жайлы мәселелер кӛтерілгені белгілі. Педагог ғалымдармен философ-психологтар-
дың  пікіріне  сүйіне  отырып,  біз  «Қазақстандық  патриотизм»  ұғымы  болуы  керек  деген  тұжырымды 
қолдаймыз. 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
80 
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауы. 28 ақпан. – 
Астана, 2007. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референ-
думда  қабылданды  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  1996  жылғы  N4,  217-құжат  (Қазақстан 
Республикасы Парламентінің басылымы). 
3.  Білім  туралы  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  N319  Заңы.  Қазақстан  Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 20, 151-құжат; «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 15 тамыз N254-256. 
4. Джанабаева Р.А. Қазақ жастарының азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту. Қазақстан Респуб-
ликасындағы  білімнің  даму  тарихы  мен  қазіргі  тенденциялары:  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 
материалдары. – Алматы, 2005 – 448 б. 
5.  Джанабаева  Р.А.  Қазақ  ойшылдары  мен  ақын-жыраулары  патриоттық  тәрбие  туралы.  Оқу-әдістемелік 
құрал. – Алматы: Абай атындағы АМУ баспасы, 1999 – 32 б. 
6.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарлама. – Астана, 2006. 
7. Студент жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Әдістемелік құрал. – Алматы: ӚКБ «Қазбілім-
жабдық», 2003 – 34 б. 
8. Студент жастардың кісілік келбетін халық педагогикасы негізінде қалыптастыру. Оқу құралы.  – Алматы, 
2004 – 50 б. 
9.  Джанабаева  Р.А.  Үзақбаева  С.А.  Қазіргі  қоғам  және  патриоттық  тәрбие.  //  Оқу  қүралы.  –  Алматы:  ӚКБ 
«Қазбілімжабдық», 2005 – 94 б. 
10.  Ә.Нұршайықов  шығармаларының  патриоттық  тәрбие  берудегі  мәні.  Әдістемелік  құрал.  –  Алматы, 
2005 – 34 б. 
11.  Джанабаева  Р.А.  Оқушылар  мен  жастарға  патриоттық  тәрбие  берутүжырымдамасы.  –  Алматы:  Абай 
атындағы Қазақ экспорттық педагогикалық университеті, 2005 – 20 б. 
12. Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасының патриоттық-ерлік тәрбиесі дәстүрлерін оқу-тәрбие проце-
сінде пайдалану. // Оқу қүралы. – Алматы: ӚКБ.: Қазбілімжабдық, 2006 – 40 б. 
13. Қазақ халқының патриоттық-ерлік тәрбие дәстүрлерінің Үлы Отан согысы жылдарындагы және Желтоқ-
сан кӛтерілісіндегі кӛрініс. – Алматы: ЖШС«Жания-Полиграфия», 2006 – 30 б. 
 
Тҥйін 
Әскери-спорттық ойындар арқылы жасӛспірімдер бойында ұлттық патриоттық сезімдерді қалыптастыру. 
 
Резюме 
Формирование национального патриотического чувства у подростков через военно-спортивные игры. 
 
Summary 
Shaping national patriotic feeling beside teenager through military-athletics plays. 
 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
М.Қ. Ибраева – магистр, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ҰПУ 
 
Адам баласы әу бастан ӛз ұрпағын ӛмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені белгілі. Бүгінгі қалып-
тасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы ӛмірге келгенше де адамзат тәрбие ісі-
мен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, ӛсиет-ӛнеге, қағида болып тарап келген тәлім-тәрбие беру 
тағлымдары  бар.  Ол  халықтық  педагогика  деп  аталады.  Халықтық  педагогика  салт-дәстүр,  жол-жора, 
ырымдар, қонақ күту, тағам дайындау рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-ӛрнек, ӛнер түрле-
рі,  спорт  ойындары  арқылы  отбасылық  тәрбиеден  басталып,  ауыл-аймақ,  ел-жұрт,  ру-тайпа,  қала  берді 
бүкіл  халықтық  қарым-қатынастан  берік  орын  алған  тәлім-тәрбиенің  түрі,  адам  мінезін,  іс-әрекетін 
қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының 
(алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан  ӛтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жет-
кенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз.  
Отбасы  –  адамзат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі.  Қоғамда  отбасы  екі  қызмет  атқарады,  оның  бірі  – 
дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, ӛмір 
бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы ӛзгеріс-
термен  тығыз  байланысты,  сондықтан  ол  қоғам  мүддесіне  қызмет  етуі  тиіс.  Отбасы  –  тәрбиенің  негізі. 
Оның  құндылығын  «Ұяда  не  кӛрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  деген  мақал  айқындай  түседі.  Ӛйткені 
баланың туған кезінен бастап, есейгенге дейінгі уақыт аралығында ӛміріне арқау болатын тәлім-тәрбие 
отбасы мүшелері (әке-шеше, ата-әже және басқа отбасы мүшелері) арқылы беріледі. Олар баланы жаман-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
81 
нан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым-қатынас жасауға және баланы 
ӛз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған.  
Ата-ана  –  отбасындағы  жетекші  тұлға.  Отбасы  мүшелерінің  бүкіл  тағдыры,  болашағы  олардың 
ӛмірден  татар  несібесі  мен  алар  еншісінің  үлес  салмағы  ата  мен  ананың  тәлім-тәрбиесіне  байланысты 
құрылады. Ата-ана бойындағы жақсылық атаулыны перзентіне жұмсайды. Халқымыздың «Лашын құсқа 
ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сӛз  бұл ойымызды растайды. 
Қазақ  халық  педагогикасында  отбасында  бала  тәрбиелеудің  мүмкіндігі  кӛп.  Соның  бірі  ана  тәрбиесі
Сәби кӛзін ашып, жарық дүниені сезіп, тіршілікке қол созған сәттен тәрбиені анасының ақ сүтімен бірге 
қабылдап, бойына сіңіреді. «Әлди-әлди, ақ бӛпем» деп басталатын «Бесік жырының» ӛзі-ақ ананың әуезді 
үні арқылы жас нәрестені мазасыздықтан, шыдамсыздықтан аулақтандырып, мейірімділікке, сабырлыққа 
баулиды.  Қыз  бала  анадан  адалдықты,  арлылықты,  әдептілікті,  тазалықты,  инабаттылықты,  ізеттілікті, 
іскерлікті, қарапайымдылықты т.б. қасиеттерді алып, ӛз бойына сіңіреді. Сонда ғана ол кӛргенді, текті, 
ӛнегелі,  үлгілі,  тәрбиелі  аталмақ.  Қазақтың  «шеше  кӛрген  тон  пішер»  деуі  осыдан  туындаған  болар. 
Сондықтан да «Ыдысына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал» деген мақалдың астары тереңде жатыр 
деп айтамыз. 
Отбасы тәрбиесінің тағы бір мүмкіндігі әке тәрбиесі. Отбасының да, баланың да мерейі – әке. Ӛйткені 
ол  отабасының  қорғаны,  қамқоршысы,  панасы.  Әкенің  аяулы  алақаны,  ыстық  мейірімі,  жылы  жүрегі 
баланы  барынша  бақытқа  бӛлейді.  Оның  асыл  бейнесі  асқар  таудай  биік  кӛрініп,  кӛңіліне  медет,  ісіне 
бағдар сілтер тірек болып әкеге ұқсауды, әкеге тартуды әр бала ӛзіне нысана ғып белгілейді. Демек, әке 
парасатымен дараланып оқшау тұруы қажет, яғни әрдайым баланың сәби кезіндегі қалыптасқан ұғымын-
дай  абырой  биігінен  ӛмір  бойы  тӛмен  түспеуі  қажет.  Әке  –  балаға  сыншы.  Ол  бала  бойындағы  әрбір 
жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Сондықтан да оның аңғарымпаз болуы қажет.Бала мінезін-
дегі ӛзгеріс пен оғаштықты, оның жағымсыз қылықтарын дер кезінде байқап, әділ шара қолданып, ақылға 
айналдыру  –  әкенің  басты  парызы.  Бірақ,  ол  айып  тартқызатын  жазалаушы  емес,  ӛнеге  шашар  білікті 
ақылшы болуға міндетті. Әке – обасының алтын діңгегі, берік босағасы, қуат берекесі, ананың асыл жары, 
ақ  некесі,  бас  иесі.  Баланың  мейірімі  мен  беделі,  үлгі  алар  ӛнегесі.  Егер  ол  ақылсыз  болып,  жағымсыз 
қылықтар  істесе,  отбасының  шырқы  бұзылып,  шаңырағы  шайқалады.  Үйде  бетімен  кету  етек  алады. 
Мұндайда әке ролін, әрине, ана атқаратыны белгілі. Бірақ ол әкенің міндетін толық жүзеге асыра алмай-
ды. Әкеде айбарлық, кӛсемдік, кӛш бастаушылық қасиет болуы қажет. Мұндай әкелер отбасына береке 
дарытып, ізгілік рухын себеді. Отбасы мүшелерін адамгершілік қасиеттеріне баулиды. Отбасында әке мен 
шеше қандай да бір іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді. Бұл, әрине, кӛрер кӛзге ашық 
байқалмағанмен, кӛмескі түрде біртіндеп, бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гӛрі жамандық,  
дӛрекі мінезділік т.б. бала бойына тез дариды. Отбасының іргесі бұзылып, әке-шеше мен бала арасындағы 
сыйластыққа сызат түседі. Жаман әдетті таратушы әке мен үйренуші балаға анасының әсері ықпал жасай 
алмайды.  Бойға  сіңген  жаман  әдет  есейген  сайын  ӛрши  береді.  Сондықтан  ер-азаматтың  соңынан  сӛз 
ермейтін  сұңқардай  таза,  қырандай  текті  болғаны  жӛн.  Мектептегі  ата-аналар  жиналысына  әкелер  жиі 
қатысса, балаға деген мейірімі күннен-күнге арта түседі. Оның жақсылығы мен қуанышын, қателігі мен 
кемшілігін кӛзбен кӛрсе, бала тәрбиесіне деген енжарлықтан айрылар еді. Отбасы – бала тәрбиесінің ең 
алғашқы ұжымы. Ата-ана мен отбасы мүшелері бала дүниеге келген күннен бастап, оның тіршілік әреке-
тін  ұйымдастырады,  яғни,оның  ӛміріне  қамқорлық  жасайды,  болашағын  жоспарлайды,  саналы  азамат 
болып ӛсуі үшін барлық  мүмкіндікті жасайды. Баланың әке-шешесі еңбекке  араласып, отбасын асырау 
қамымен кӛбірек шұғылданатын болғандықтан бала кейбір отбасында уақыттың кӛбін атасымен, әжесі-
мен ӛткізеді. Әке-шешесінен ерте кезде бірдей айырылып жетім қалған бала егер атасы мен әжесі болса 
жетімдік  кӛрмеген.  Аталары  мен  әжелері  балаларды  отбасында  ӛнер  мен  еңбектің  түрлеріне  үйретеді. 
Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ айтып бере отырып, жастарды жоғары адамгершілік қасиеттер-
ге  тәрбиелейді.  Мысалы,  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин,  М.Әуезов  сияқты  ұлы  адамдарды  тәрбиелеген, 
олардың жастайынан ауыз әдебиеті үлгілерін сүюіне әсер еткен әжелері мен аталары. Кӛпті кӛрген қария-
лар  отбасында  ұстаздық,  тәрбиешілік  қызмет  атқарған.  Ӛзі  білген  ӛнерін  (күйшілік,  тоқымашылық, 
ұсталық,  құсбегілік  т.б.)  немерелеріне  үйретіп  баққан.  Ақылды,  зерделі  қариялар  бір  үйдің  ғана  емес, 
бүкіл ауылдың, рудың, елдің қамқоршысы, ақылшысы ролін атқарған. «Қазақ білмегенін қартынан сұрай-
ды», «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген мақалдар осы пікірдің айғағы. Ата-әже 
мен  әке-шешенің  қарым-қатынасы  жас  баланың  адамгершілік  жағынан  толысып  жетілуіне  үлкен  үлес 
қосады және ізгілікті іске баулиды. 
Әр  елдің,  тіпті  жеке  отбасыларының  тәрбиесінде  ӛзіндік  ерекшеліктер  болған.  Мысалы,  қазақ 
отбасында бала тәрбиесіндегі ерекшелік шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, тіл ашар, 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
82 
құда түсу, қыз ұзату, келін алу сияқты дәстүрлерімен бірге, отбасында бірігіп ынтымақтық тіршілік ету, 
үлкеннің айтқанын орындау, бірлесіп әрекет жасау, ӛнеге кӛрсету сияқты тәрбие жұмыстары ӛріс алған. 
Қазақ отбасында баланы ӛмірге дайындау дәстүрінің бірі – шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата 
текті білу, ұрпақ тазалығын, яғни ген тазалығын сақтау. Ол ұрпақ келбетінің, іс-әрекетінің, ақыл-ойының 
дұрыс болуы қажеттілігінен туындаған. Осыған байланысты жеті атаға дейін қыз алып, қыз бермеу дәстү-
рі  ережеге  айналған.  Отбасында  баланы  шежіреге  үйретуде  тұлғаны  қалыптастырудың  мүмкіндігі  бар. 
Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға, білуге итермелейді. Жастар шежірені аз да болса біледі. 
Бұл кейбір отбасының ата-баба дәстүрін құрметтеуді парыз санауынан болған жағдай. Кӛпшілік ересек 
оқушылар ӛз әкесінің есімін айтумен шектелді. Оларды кінәлау қиын. Ұлтымыз бала ес біліп, ақыл тоқта-
та бастаған кезінде, әкесінен бастап ата-тегін, руын, ел-жұртын білуге үйреткен. Жігіттің үш жұрты – ӛз 
жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар. Оларды білу жігіттің тұлғалық қасиетін танытқан. Сондықтан, 
халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жӛн айтар» – деп білген. Шежіреге үйрету жеті атаны білгізу-
мен  шектелмей,  қазақ  этносының,  ӛзге  ұлттардың  шығу  тегін,  қазақ  елінің  қалыптасуын,  оған  себеп 
болған оқиғаларды, ұлт намысын қорғаған тұлғалардың ісін қамтуы керек. Сонда ғана шежіреге үйрету 
білім кӛзі бола алады.  
Қазақ халық педагогикасының тағы бір ерекшелігі – ана тіліне, сӛз ӛнеріне ерекше ден қойып, жоғары 
баға беруінде. «Ӛнер алды қызыл тіл» деп ұққан ата-бабамыз шешендердің ӛсиет сӛздерін, табан аузында 
тақпақтап  айтқан  мақал-мәтел  мен  ақындардың  терме,  толғауларын  жазу-сызусыз  жаттап,  жадында 
сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген. Оның себебі, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде 
жатыр. Мысалы, шығыстың классик ақыны Ә.Науаи: «Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат – 
салиқалы,  саналы  сӛзімен  сәнді»,  –  дейді.  Осы  ойды  тереңдеткен  ұлы  ақын  Абай:  «Сӛз  ӛнері  дертпен 
тең», – деген.  Осы пікірді  «Сӛз тапқанға қолқа жоқ»,  «Шешеннің сӛзі мерген, шебердің қолы мерген», 
«Сӛз сүйектен ӛтеді», «Жақсы сӛз – жарым ырыс», «Жақсы сӛз жан семіртеді», «Таппасаң сӛздің жүйесін, 
отына ӛзің күйесін»,  «Аңдамай сӛйлеген ауырмай  ӛледі» т.б. қазақ халық мақал-мәтелдерінен байқауға 
болады.  Осыны  жастардың  зердесіне  ұялатуды  қажет  деп  ұққан  қариялар  «Кӛп  сӛз  –  күміс,  аз  сӛз  – 
алтын», «Ақылдының сӛзі қысқа, кӛпке болар нұсқа», «Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйіні бар», – деп ой 
топшылаған. Сӛз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар санаған. Жастарды шешендікке, сӛз 
ӛнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, терме, 
ӛлең-жыр жаттатып үйреткен.  
Баланы отбасында тәрбиелеуде ана тіліне үйрету жетекші орын алады. Ана тілі ақыл-ой дамуының 
негізі және барлық білімдердің қазынасы. Б.Момышұлының сӛзімен айтқанда: «Тілін ұмыту сатқындық-
тың белгісі». Ӛйткені, адам тілін қанша ӛзгерткенімен қанын, нәсілін ӛзгерте алмайды. Демек, ұлт, ұлыс, 
тіпті шағын топ болсын ана тілінде сӛйлеуі – табиғи заңдылық. Мұны біле тұрып тілдің ӛрісін тарылту – 
зұлымдық.  Туған  елінің  тілін  үйрететін  де  ана.  Ана  бесікке  сүйеніп  отырып,  емірене  айтатын  жыры  – 
бесік жыры. Ал, нәрестенің ӛмірінің нәрі – Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы 
алдындағы парызын ӛтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жӛнін халық: «Ана сүтін Анаңды Мекке-
ге үш рет арқалап апарып келсең де, ӛтей алмайсың», – деп түсіндіреді.  
Ана жайлы мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі 
жырға айналдырған: 
...Ертеде сұлу қызға болған ғашық 
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы. 
Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты, 
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты. 
Дертіне сағыныштың шыдай алмай, 
Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпты. 
Қинады қыздың шарты, бӛлек екен 
О, сұлу неткен қатал керемет ең?! 
«Ананың жүрегін ап келген күні 
Мен саған жар боламын», – деген екен. 
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде, 
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде. 
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың 
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде. 
Сүюдің серті ме еді соның бәрі, 
Ол, міне, қыздың шартын орындады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
83 
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып, 
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы. 
Ананың кезі бар ма кекті болған, 
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
«Құлыным, байқасаңшы», – депті оған... 
Бұл  ананың  баланы  қаншалық  шексіз  сүйетінін  білдіретін  терең  мәнді  кӛңілсіз  мысал.  Ата-ананың 
үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.  
Еліміздің  дербес  мемлекет  ретінде  дамуы  қоғамның  болашақ  ұрпақтарын  ұлттық  ерекшеліктермен 
тәрбиелеуді  қажет  етеді.  Ал  еліміздің  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында  «Тәрбие  дегеніміз  –  халықтың 
ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық  дәстүрлерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру»  деп  кӛрсетуі 
бүгінгі  әрбір  қазақ  баласын  ӛзінің  ана  тілінде,  ӛз  діні  мен  діліне  сай  үйлесімді  тәрбиелеуді  кӛздейді. 
Балалар  –  еліміздің  болашақ  азаматтары.  Демек,  бала  тәрбиелеу  –  отбасы  алдындағы  жауапты  міндет. 
Баланың мінез-құлқының қалыптасуы, рухани оянуы ӛз отбасында басталады. Күн нұрына қарап ӛсетін 
күнбағыстай, сәби де ата-ананың, туған-туысының іс-әрекетіне, мінез-құлқына еліктейді. Жас буын әбден 
ержетіп, ақыл тоқтатқанша әрқилы мінез ӛзгерістеріне түседі. Ж.Аймауытов  «Тәрбие» атты мақаласында 
(1918  ж.)  «адам  мінезінің,  ақыл-қайратының  әр  түрлі  болуы  тәрбиенің  түрлі-түрлі  болуынан...»  деп 
алдымен  бала  тәрбиесіндегі  отбасының  орнына  ерекше  тоқталады.  «Баланы  бұзуға,  яғни  түзеуге  себеп 
болатын бір шарт – жас күнінде кӛрген ӛнеге», «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сӛз ата-ана 
тәрбиесінің  күштілігін  кӛрсетеді...  Ол  бала  мінезін  жас  шыбыққа  теңейді.  Қазіргі  отбасы  тәрбиесіндегі 
басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға кӛңіл бӛлу, 
халықтың  тәлімдік  мұрасын  бүгінгі  күнмен  сабақтастыру  болып  табылады.  Осыған  орай,  отбасында 
еңбексүйгіштікке,  баланың  жасына  сай  еңбек  түрлеріне  және  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  баулуды  іске 
асыру  қажет.  Баланың  отбасындағы  тұлғалық  қасиетін  жетілдіретін  жағдайдың  бірі  –  отбасы  және 
отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек ӛмірге 
тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін 
болады.  Жас  ерекшелігіне  қарай  отбасында  балаға  тапсырылатын  жұмыстар  да  күрделене  түсуі  керек. 
Жас кезінен үй шаруасына кӛмектесіп үйренген бала еңбек сүйгіш келеді. «Алтын – отта, адам – еңбекте 
сыналады»,  «Есіркеп  берген  тағамнан,  еңбекпен  қазған  тас  артық»,  «Сәтін  күтпей,  еңбегіңе  сен», 
«Азаматты еңбегімен бағала»,  «Жаның сүймеген істің жемісі де жарымас»,  «Молшылық кӛзі еңбекте», 
«Ақылды ӛз ісін біледі, ақымақ сағымға сенеді», «Уақ-түйекті де үлкен істей атқар», – деп халық даналы-
ғы айтқандай, жақсы сӛздермен баланы баурап, жастайынан еңбекке араластыру керек.  
Қазіргі  қоғамымызда  болып  жатқан  тарихи  ӛзгерістер  ғасырлар  бойында  адамзатты  толғандырып 
келген тәрбие мәселесіне жаңаша кӛзқараспен қарауды талап етіп отыр. 
«Баланың құқығы жӛніндегі конвенцияда» (1989 ж.) отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқор-
лық  жасау  кӛрсетілген.  Отбасындағы  жас  ұрпақтың  тұлғалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  ата-ананың, 
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу 
үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр 
отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс. 
«Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалар  тәрбиесі»  тұжырымдамасында  кӛрсетілгендей, 
«тәрбиенің  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  парасатты,  ар-
ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  адамды  тәрбиелеу»  болып 
табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру, ең алдымен, ата-ана мен ұстаздар қауымына тиесілі. 
 
1. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001. 
2. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1996. 
3. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. 
4. Тӛлеубекова Р.К. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. – Алматы: РБК, 1996. 
5. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2005. 
6. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Білім, 2003. 
7. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989. 
 
Тҥйін 
Бұл  мақалада  қазақ  халық  педагогикасындағы  отбасы  тәрбиесінің  кейбір  мәселелері  қарастырылады.  Қазақ 
халқының  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  жӛніндегі  тәжірибесі  баяндалады.  Әмбебап  ғұлама  ұлағатты  ұстаздардың  қазақ 
халық отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері жӛніндегі ӛсиеттері мен үлгі-ӛнегелері айтылады. 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
84 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  некоторые  проблемы  казахской  народной  педагогики,  а  именно  проблемы 
семейного  воспитания.  Затрагиваются  особенности  семейного  воспитания  и  опыта  воспитания  подрастающего 
поколения казахского народа. Приводятся назидания выдающихся личностей и великих педагогов об особенностях 
семейного воспитания казахского народа. 
 
Summary 
In the given clause is considered some problems of family education of kazakh national pedagogics. Mentioned features of 
family  educaiton  and  experience  of  education  of  rising  generation  of  the  kazakh  people  and  resulted  edifications  of 
outstanding persons and great teacher. 
 
ҤСТЕЛ ТЕННИСІНДЕГІ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ 
 
А.К. Бисекенова – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Күні кеше ғана үстел теннисі ойыны физикалық қабілетті де, айтарлықтай үлкен жігерлілікті де аса 
қажетсінбейтін спорт түрі болып табылатын. Алайда, заманауи ғылыми талаптар мен тәжірибе барысы 
керісінше нәтижелер берді (1, 2).  
Заманауи  үстел  теннисі  қуатты,  атлетикалық  және  қарқынды  ойын  түрі  қатарын  енді.  Оған  жоғары 
пәрменділік пен допты қатты пәрменмен қағып қалып, қарсыласыңның қақпасына доп салу қаупі тән (3). 
Теннисші ойын алаңында жылдам қимылдап, допты дәл қағу қабілетімен қатар, ұдайы шабуыл жасап, 
тойтарыс  бере  білуі  міндетті.  Мұндай  ойын  спортшының  қимыл-қозғалыс  қабілетінің  жоғарылығын 
талап  етеді.  Үстел  теннисін  табысты  ойнау  үшін  тӛзімділік,  қырағылық,  жылдамдық,  буындарының 
ширақтығы мен биік деңгейлі алғырлық қажет. Жоғарыда аталған физикалық қадір-қасиеттердің барлығы 
ӛзара тығыз байланысты.  
Теннисшінің жас ерекшелігі мен даярлығына қарай жалпы және арнайы физикалық даярлығы ӛзгереді, 
дегенмен, ол спортшының шеберлігін шыңдап, жетілдірудегі бүкіл кезеңдеріне тән болып қала бермек. 
Жылдамдық  қабілеті  үстел  теннисінде  табысқа  жетудің  бірден-бір  кӛзі.  Себебі,  ойынның  ӛзі  ең 
алдымен  жылдамдықты  талап  етеді.  Жылдамдықты  жетілдіру  негізгі  үш  факторды  қамтитын  кешендік 
физикалық қасиеттерден тұрады: 
- жылдам қимылдап, қозғалу (белгілі бір сыртқы тітіркендіргішке жылдам жауап қайтара білу); 
- бір реттік жылдам қозғалыс; 
- жиі қимыл-қозғалыс (қарқыны). 
Осы факторлар үстел теннисі ойынының аса маңызды шарттары. Алайда, бұл факторлар ӛзара тікелей 
байланысты емес, теннисші міндетті түрде шапшаң, алғыр бола бермейді, керісінше жағдайлар да ұшыра-
сады. Жылдамдық қабілетінің ӛзара шарттылығы оның кӛріну пішінінде ғана болады. 
Ӛзге барлық қасиеттерімен қатар шапшаңдық адамның ӛте қиын шыңдайтын қасиеті. Жылдамдықтың 
барынша жоғарылығы, мысалы, спринтерлік жүгірісте кӛп жылдар бойы жүгіре бергеннің ӛзінде 15-18% 
аспайды. Бұл жылдамдық қасиетінің негізін жетілдіруге келе бермейтін орталық жүйке жүйесінің – жүйке 
үрдісінің  жылжымалылығын  (қозу  және  тежелу)  тумыстық  физиологиялық  сипатының  қалайтындығы 
себепті түсіндіріледі.  
Әдетте, адамның жылдамдығы шамамен 14-15 жасқа дейін ұлғаяды. Алайда, оны нысаналы дамыту 
шамасы 7 жастан 17 жасқа дейін. Жылдамдықты дамытудың сенситивтік кезеңі 7-12 жас. Мұнда жылдам-
дықтың маңызды кӛрсеткіші – жиі қозғалыс – 7-9 жастан 12-13 жаста анағұрлым қарқынды жетілдіріледі. 
Ал,  бір  реттік  қимыл-қозғалыс  жылдамдығы  –  10-13  жаста  жетілдіріледі.  Жасӛспірімдердің  циклдық 
жаттығуларының ең жоғары жылдамдығы 15-16 жаста, ал, қыздардың жылдамдығы 14-17 жас аралығын-
да жетілдіруге келеді.  
Адамның жылдамдығын дамытудың маңызды факторлары мынадай: 
1.
 
Қарқынды күші мен оңтайлы алғырлығы – оны кеңістікте қоғалу жылдамдығы белгілейді. 
2.
 
Бұлшық  еттерінің  босаңсуға  бейімдігі.  Кез  келген  қозғалыс  бұлшық  еттерінің  қос  тобымен  – 
бұлшық  еттерін  бағыт-бағдар  алуға  қажетті  қысқартып  отыратын  синергистерімен  және  қарама-қарсы 
бұлшық  еті  тобының  үйлесе  жұмыс  істеуіне  бӛгет  болатын  және  белгілі  бір  күйдегі  антагонистерімен 
жүзеге асырылады. Сондықтан да, ӛте шапшаң қозғалу үшін антагонистер барынша босаң күйде болуы 
тиіс. Осыған орай, спортшының қозғалыс барысында босаңси білуі де сол қимыл-қозғалысының шапшаң-
дығына тиімді әсер етпек. 
3.
 
Ерік-жігерін  арттыру  –  шапшаңдыққа  баулудың  бірден-бір  жолы.  Ерік-жігерінің  мықтылығы 
нысаналы жұмыс істеу барысында шыңдала түспек.  
4.
 
Жылдамдық техникасының сапасы. Білім кӛзін игеруге кӛзделген жылдамдықты жетілдіру жатты-
ғуларының  сол  жылдамдықты  аса  жетілдіре  бермейтіні  белгілі.  Себебі,  адам  бар  ынта-ыждағатын  сол 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
85 
қимыл-қозғалысты орындауға мән берумен болады. Сол себепті де жылдамдықты жетілдіру жаттығулары 
оны білімімен игеруге емес, шеберлігін шыңдаумен жетілдіруге кӛзделгені дұрыс.  
Демек, жылдамдықты жетілдіруге әбден болады, бұл әдісті үстел теннисіне де қолданған жӛн.  
Жылдамдықты  жетілдіру  жаттығуларын  ӛзге  де  кездейсоқ,  күтпеген  жерден  (кӛз  қырағылығымен) 
жасалатын жаттығулармен кешенді түрде орындалғаны дұрыс. Ол түрлі бұлшық еттерін қамтып, бағытта-
лу қабілетін шыңдай түскені дұрыс. Егер жүйелі түрде жұмыс істемесе, жылдамдық жоғалады. Бұл үшін 
ойын  іспетті  арнайы  жаттығулар,  стартты  жеделдету,  кедергі-бӛгеттермен  жүгіру  сынды  әдіс-тәсілдер 
қолданылады.  Ойыншы  шаршап,  қалжырап  тұрғанда  жылдамдық  жаттығуларын  жасауын  талап  етуге 
болмайды.  
Шапшаң, алғыр қарсы қимылдай білуге баулу жаттығулары: 
1.
 
Түрлі күйден қолды бүгіп, не тік ұстап айналып, бұрылып жаттығу (бір бағытта, түрлі бағыттарда, 
бір уақытта, кезекті түрде) барынша жылдам жасау 5-6 секунд. 
2.
 
Аяқ  алыс  қарқынынан  қолды  екі  есе  жылдам  айналдыра  жүру.  Жауырынға  тұрып,  аяқтарыңды 
сермеу (велосипед тепкендей), біртіндеп жылдамдатып, қайта баяула-тып 10-12 секунд. 
3.
 
Допты жоғары лақтыру және оны ауадан түрлі қалыпта қағып алу (бұрылып, отырып, бүгіліп, иіліп, 
шапалақтап, орынынң ауыстырып т.б.). 
4.
 
Қосарлана  отырып,  не  тұрып  допты  жылдам  беру  (жұптың  арасы  2-3  метр).  Допты  неғұрлым 
жылдам және кӛп 5-6 секундта жарыса беру жатығулары.  
5.
 
Қысқа және қашық секіру (8-10 секундта кӛп, жылдам жарыса секіру). Секірмекті екі айналдырып 
жіберіп секіру.  
6.
 
Түрлі қалыпты күйден дабыл қағылғанда (кӛрермендер мен дыбыстық дабыл берілгенде) күрделі 
емес  қимыл-қозғалыс  жасау:  негізгі  тұрыстан  секіріп  қалу,  малдас  құрып  отыра  қалу;  арқаңа  жатқан 
жеріңнен жылдам отыра қалу, топтасып, үйіріле қалу; жүрелеп отырған жерден жылдам тұру, шабуылға 
ӛту – жатып қалу, не жоғары атылып секіріп қалу; алға ұмтылған жеріңнен, қолдарыңды түсіріп – артқа 
салу,  денеңді  кӛсе-кӛлденең  жатқан  жеріңнен  жылдам  жоғары  кӛтерілуі,  қолдарыңды  жоғары  кӛтеріп 
қалу; иіліп барып, еденді қолдарыңмен тіреп, жылдам тіктеліп, түзелу; салбырап тұрған тұстан аяғыңды 
жылдам бүгіп, жазып жіберу.  
7.  Ойын  іспетті  түрлі  жаттығулар:  жылдам  жүгірісіңді,  не  жүрісіңді  дабыл  қағылғаннан  тоқтата 
қалу;  дабыл  қағылған  сәтте,  лезде  белгілі  бір  күйге  ену;  дабыл  қағылғаннан-ақ  (жүрген  жеріңнен 
иіліп, саусақ-тарыңмен еденді ұстап қалу, жүрген күйіңде; 180°-360° бұрылып), кенет пайда бола қал-
ған нысанға доп салу. 
Дене  қабілетін  дамыту  деңгейінің  бағасы  тӛменде  келтірілген  бақылау  жатығуларымен  жүзеге 
асырылады.  
«30 метрге жүгіріс» тесті (10 секунд үзіліспен 3 сериялы) спортшының жалпы жылдамдығының тӛзім-
ділігін бағалайды. 
«10 метрге жүгіріс» спотшының қарапайым қимыл-қозғалысын сипаттайды. 
«Бүйірлеп 4 метр жерде жылжу» тесті (15 секунд үзіліспен 10 рет ауысып, әйелдер мен ерлерге арнал-
ған  5  сериясы)  ерекше  жағдайларда  қолданылатын  спортшының  жылдамдық  жігерін  бағалайды.  Осы 
және алдыңғы тестілердің әр сериясының нәтижелерінің қарқыны тӛзімділігінің ғана емес, теннисшінің 
адами қадір-қасиеттерін де белгілей алады.  
«Допты қолмен қағып, соғу» тесті үстел теннисінде қолданылатын ерекше жағдайларға сай жылдам-
дық, ерік-жігерін сипаттайды. Доптың салмағы (1-2 кг) жасына, жынысына, физикалық қабілетіне қарай 
таңдалады.  
Аталмыш  тестілердің  кӛмегімен  танытқан  кӛрсеткіштері  бойынша  жекелеген  ойыншылардың 
үстел теннисін ойнау қабілеті тексеріледі, осы тестілер іріктеу және командалар құру тәжірибесінде 
қолданылады.  
 
1.
 
Барчукова Г.В. Игра, доступная всем. – М., 1991. 
2.
 
Амелин А.Н., Пашин В.А. Настольный теннис. – М., 1999. 
3.
 
Барчукова  Г.В.  Настольный  теннис  в  ВУЗ-е.  Учебное  пособие  для  студентов  не  физкультурных  ВУЗ-ов.  / 
Барчукова Г.В., Мизин А.Н. – М., 2002. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет