Иіс талдағышы калай күрылған және иіс калай кабылданады? Адам мен жануарларда иіс талдағышының қызметі дистанциялық хеморецепциямен
байланысты. Иіс талдағышы ең ерте дамыған таддағыштың бірі, ол қоршаған ортадағы
биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Иіс талдағышының
жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер және микросматиктер болып бөліне-ді.
Макросматиктерге - иіс таддағышы жақсы дамығандарға,-сүт қоректілер жатады. Адамда, китте,
маймылда иіс талда-ғышы нашар дамыған. Олар микросматиктер.
Иіс талдағышының шеткі бөлімі мүрын куысында, кеңсіріктің жоғарғы жолыңда орналасқан
иістік төсемік болып табылады. Ол рецепторлық, сүйеніш жөне негіздік торша-лардан
қүралады. Сүйеніш торшаларының апикальдық үшы тармақганып, айырланып жатады. Негіздік
торшалар тереңірек орналасады, олар эпителий қабатының бетіне шықпайды. Олардан сүйеніш
торшалар мен рецепторлық торшалар өсіп отырады.
Иісті қабылдауды шашақты рецепторлық торшалар қам-тамасыз етеді. Бастапқы
хеморецепция- химиялық заттардың әсерін қабылдау,- осы торшалар шашақтарының мембрана-
сында жүреді деген болжам бар. Иіс торшалары қос өрісті торша болып табылады. Оларда
пайда болған тітіркеніс иіс нервімен иіс жуашығына беріледі.
Иіс жуашығы іші куыс, немсесе қарыншалы, қүрылым. Онда топтасқан торшалар алты
қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсіңділерінен қүралады. Осы
талшықтар үштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың ішіңде негізгісі -
митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс нейрондарының терминалдары мен
иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ, немесе гломерула,- деп аталатын екінші қабат
қүрайды. Осы шумақта қозу процесі жинақталады деген болжам бар. Митральды торшалар
төртінші қабат түзеді. Оның бір жағыңда сыртқы -үшінші, екінші жағында сыртқы - бесінші
торлы кабаттар орналасады. Бүл қабаттар нерв торшалары өсінділерінің үйысқан жері
болып табылады. Алтыншы қабат дөнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі.Иіс
жуашығынан басталған талшықтар алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады (иіс
төмпешігіне, алдың-ғы иіс ядроларына, препириформды жөне переамигдалярлық қыртысқа,
бадамша кешенінің медиальдық және қыртыстық ядроларына). Мидың аталған қүрылымдары
мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Кдзіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иісті
шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хенинг иісті иіс
шығаратын заттардың химиялық құрамына қарай жіктеген. Д.Эймур жіктеуіне сәйкес жеті түрлі
иіс болады. Олар камфора, жүпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер.