Сенсорлық ЖҮйелер физиологиясы талдагыш деген не, оның қүрылыс принципі кандай



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата12.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#92051
түріАнализ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
глосарий

афферентгік нерв үштары дейді. Осы "негізгі афференттің" екі шетінде талшық үшына 
қарай жүйке талшықгары шоғырлана аяқталады. Бүл шоғырды "қосалқы" немесе "екінші 
афферент" деп атайды. Аталған екінші құрылымның қозу табалдырығы жоғары, сондықган 
оның буындағы динамикалық өрістерге сезімталдығы төмен болады. 
 
5сурет. Бүлшық еттің уршықты торшасы және оның нервтену принципі. 
Интрафузальдық 
талшықтарды 
жұлынның 
майда 
гамма-мотонейрондары, 
ал 
экстрафузальдық талшықгарды- ірі альфа - мотонейрондары жүйкелендіреді. Интрафузальдық 
талшық-тар өте әлсіз жиырылады, сондықтан олар бүкіл бүлшық ет қызметіне әсер ете алмайды. 
Гамма - мотонейрондардан келген импульстер интрафузальдық талшық-тардың ортаңғы сезімтал 
аймағының ширығуын, демек үршықгың керілуге сезімталдығьш реттейді. Әркез гамма - мото-
нейрондар белсенділігі артқанда альфа - мотонейрондар белсенділігі де өзгереді. 
Проприорецепторлар "ет сезімін" қамтамасыз етеді. Бұл рецепторларға бейімделу қүбылысы 
жат, осымен байланысты қимыл талдағышы дененің кеңістіктегі жағдайы, бүлшық еттің жиырылу 
деңгейі, сіңірдің созылу, керілу дәрежесі жайлы ақпараттарды толассыз алып отырады. Осының 


нәтижесінде дене кейпіндегі болмашы өзгерістердің өзі сезіліп, реакция тудырады. 
Дененің жеке мүшелерінің кеңістіктегі күйі жайлы сезімді И.М.Сеченов "көмескі сезім" 
деп атаған, өйткені про-приорецепторлардың қозуы нәтижесінде тек көмескі, жалпы-лама түйсік 
туындайды. Бірақ осы түйсіктің өзі тас қараңғыда кез келген кейіпті қабылдауға, мақсатты 
рефлекстерді атқаруға, дененің қажетті бөлігін (кұлақ, тұмсық т.б.) дәл қасуға т.с.с. әрекеттер 
аткаруға мүмкіндік береді. 
Соматосенсорлық рецепторлардан орталыққа бағытталған импульстер ОЖЖ — нің кез 
келген бөлімінде эфференттік жолға бүрылып кетуі мүмкін. Осымен байланысты атқа-
рылатын қимыл-әрекет сипаты афференттік импульстер көтерілген, олар қабылданған 
күрылымның функциональдық маңызына сәйкес болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет