Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Ас орыту ж йесі биохимия ас орыту туралы т сінік

Майдың ұшпа қышқылдары да асқазан сөлінің патологиялық құраушылары 
болып табылады, өйткені олардың пайда болу себебі - асқазан сөлінің 
қышқылдығының төмендеуі немесе тұз қышқылының толық болмауы 


15. Асқорытудағы ферменттердің қайта аминдену, дезаминдену, 
декарбоксилдену процесіне қатысуы; 
(метабализм)-тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы . 
Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Бұл 
организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-
қатынасын,организмге қоректік заттардың еніп,олардың ферменттер әсерінен 
ыдырауын,пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға 
тасымалданып,олардың тотығуын ,энергия бөлініп шығуын ,клетка 
құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің 
организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.Оны 2 процесс құрайды. 
АНАБАЛИЗМ(АССИМИЛЯЦИЯ)-ЖАСУШАЛАР МЕН ҰЛПАЛАРДЫҢ 
ҚҰРАМДЫҚ БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР 
БИОСИНТЕЗІ. 
КАТАБАЛИЗМ 
(ДИССИМИЛЯЦИЯ)-КҮРДЕЛІ 
МОЛЕКУЛАЛЫ 
ҚҰРЫЛЫМ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ЫДЫРАУЫ. 
АНАБАЛИЗМНІҢ 
БАСЫМ 
БОЛУЫ 
АҒЗАНЫҢ 
ӨСУІН,ДЕНЕ 
САЛМАҒЫНЫҢ АРТУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТСЕ, КАТАБАЛИЗМНІҢ 
АРТУЫ 
ҰЛПАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ 
ЫДЫРАП,ДЕНЕ 
САЛМАҒЫНЫҢ КІШІРЕЮІНЕ ӘКЕП СОҒАДЫ. 
Организмге қажетті энергия және құрылыс(пластикалық материалдар) тағам 
құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі 
макронутриенттер: белоктар , май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия 
бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады. 
16. Асқорыту процесіндегі өт қышқылдарының маңызы; 
Өт қышқылдары — стероидты монокарбон қышқылдары. Өт қышқылдары 
адам мен жануарлардың бауырында холестериннен пайда болып, өтпен бірге 
ұлтабарға өтеді. Химиялық құрамы бойынша өт қышқылдары — хола 
қышқылының С23Н39СООН туындалары, хола қышқылынаң айырмашылығы 
- гидроксил тобының қосылғаны. 
Адам өтінде өт қышқылдарынан холь қышқылы, аз мөлшерде дезоксихоль, 
литохоль, хенодезоксихоль қышқылдары болады. Өт қышқылының адам мен 
жануарлар организмнің майды қорытып сіңірудегі маңызы зор. Олар аш 
ішекте майды гидролиздейтін липаза ферментін активтендіреді, майларды 
ұсақ май түйіршіктеріне ыдыратып, эмульсияға айналдырады. Еруі қиын май 
қышқылдарының кальций тұздарымен байланысып, тез еритін комплекстер 
түзеді. Ішектегі өт қышқылдарының басым көпшілігі вена қақпасы арқылы 


бауырға өтеді. Өт қышқылдары қанда 0,8 мг %, бауыр өтінде 0,9-1,8 % болады. 
Қандағы өт қышқылдарының артық мөлшері зәр арқылы шығарылады. Өт 
қышқылдары жануарлар өтінен алынады. Олардан дәрі-дәрмек жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет