липидтер оңай түрде қорытылады.Майлардың қорытылуы үшін міндетті шарт
–олардың эмульгирленуі.Липидтер қорытылуы үшін липолитикалық
ферменттердің болуы және олардың каталитикалық
әсеріне ортаның
оптимальды рН ы болуы керек.Ересек адамда майлардың қорытылуы 12 елі
ішекте басталады, ол жерге өт,ұйқы безінің сөлі және ішектің сөлі
бөлінеді.Осы жерде липолиз үшін барлық жағдай бар.
Өттің құрамында өт қышқылдары болады(холь,дезоксихоль,хенодезоксихоль)
,олар
тауринмен және гликоколмен
пептидті байланыс арқылы
коньюгацияланады.Өт
қышқылдары
липолитикалық
ферменттердің
активаторлары болып табылады, олар жоғары май қышқылдары мен
холестериннің тасымалдануын қамтамасыз етеді де,
олардың ішек
қабырғасына енуіне әсер етеді.Үшацилглицериндер ,тағамның липидтерінің
негізгі бөлігі ретінде ,ішекке белсенді емес түрде түсетін ұйқы безінің
липазасымен гидролизденеді.Ол өт қышқылдары мен ішектік табиғаты бар –
колипазаның көмегімен белсендіріледі.Фосфолипидтер
ішекте фосфолипаза
деп аталатын ферменттердің ерекше тобымен гидролизденеді.Тағамдық басқа
фосфолипидтер
–сфингофосфатидтердің
гидролизі
ішек
ферменті
сфингомиелиназаның көмегімен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: