Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік


Асқазан сөлі.Тұз қышқылының рөлі



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Ас орыту ж йесі биохимия ас орыту туралы т сінік

10.Асқазан сөлі.Тұз қышқылының рөлі. 
Асқазан сөлі 99,4-99,5 % судан және 0,5-0,6% құрғақ қалдықтан 
тұрады.Органикалық затардың үлесіне 0,1% ,бейорганикалық заттардың 
үлесіне 0,4-0,5 % кіреді. Органикалық заттарын белоктар және органикалық 
қышқылдар құрайды.Асқазан сөлінің белоктары : 
А)ферментер (пепсин,гастриксин,липаза;) 
Б)қорғаныш белоктары-муциндер, олар асқазанның кілегей қабатын 
жауып,оны тұз қышқылы мен ферменттер әсерінен қорғайды. 
В)гастромукопротеид немесе Каслдың ішкі факторы , ол В12 витаминін 
бұзылдан сақтап,оның ағзаға сіңірілуіне септігін тигізеді. 
Г)асқазан сөлінің құрамында органикалық қышқылдар өте аз мөлшерде 
кездеседі. 
Асқазан 
сөлінің 
бейорганикалық 
компоненттеріне 
тұз 
қышқылы,калий,кальций 
тұздары, 
сульфаттар,аммоний,қышқылдық 
фосфаттар және басқа заттар жатады. 
Белоктар алмасуындағы тұз қышқылының маңызы: 
Асқазанда асқазан сөліндегі тұз қышқылының әсерінен тағамдағы белоктар 
ісініп ,олардың беткі көлемі ұлғаяды, бұл асқазан сөлі ферменттер әсерін 
жеңілдетеді. 


Асқазан сөлінде пепсин профермент пепсиноген түрінде түзіледі де, асқазан 
сөліндегі тұз қышқылының әсерінен активті пепсинге айналады.Ал 
прогастриксин пепсиннің әсерінен активті гастриксинге айналады. 
Асқазан сөліндегі тұз қышқылы бактерецидтік эффект көрсетеді. 
Тұз қышқылы асқазаннан астың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді, ұйқы 
безі қызметін стимульдейді. 
11. Асқазан сөлінің патологиялық құрамы 
Асқазан сөлінің секрециясы бұзылғанда, онда патологиялық құрамдас 
бөліктер (қан,өт,сүт қышқылы,ұшқыш май қышқылдары) яғни қалыпты 
асқазан сөлінде кездеспейтін немесе тек іздері ғана болатын заттар пайда 
болуы мүмкін. 
ӨТ 
Қышқылдық төмендегенде немесе қышқыл мүлдем жоқ болғанда өт пайда 
болады.Бұл жағдайда асқазан сфинктерінің қызметі бұзылады, ол босаңсиды 
да, ішектегі заттар асқазанға өтіп кетуі мүмкін.Бұған сондай ақ сфинктердегі 
тыртық үрдістерге байланысты оның тығыз жабылмауы ықпал етуі 
мүмкін.Асқазан сөлі түсінің өттің әсерінен сары немесе жасыл түске боялуы 
ондағы тұз қышқылының болуына байланысты.Егер тұз қышқылы болса, онда 
асқазан сөлі жасылда түсті болады, себебі билирубин биливердинге тотығады. 
ҚАН 
Асқазан сөлінің түсі қызыл түске өзгерсе ,оның құрамында қанның бар 
екендігін көрсетеді.Қан асқазанда травма болғанда , ауыз қуысының ,өңештің 
кілегейлі қабатының травмасында өңештің вена қан тамырларының варикозды 
кеңеюі кезінде ,мұрыннан қан кеткенде , зонд жұтқанда болады.Қан ұсақ 
жіпшелер тәрізді ұйыған түрде көрінеді.Бұл жағдайда асқазан сөлінің түсі
кофенің түсіндей болады, себебі тұз қышқылының әсерінен гемоглобин қара 
қоңыр түсті тұз қышқылды гематинге тотығады. 
СҮТ ҚЫШҚЫЛЫ- асқазанда асқазанның қатерлі ісігі кезінде 
,ахлоргидрияда және асөазаннан тағамның ішекке өтуі баяулағанда пайда 
болады.Науқастардың асқазанында тағам тұрып қалады да, көмірсулар 
ашып,сүт қышқылы түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет