Нуржігіт Алтынбеков Паратироциттердің функциональді жағына байланысты ашық және күңгірт түсті жіктелуі тағы бар
. Күңгірт түсті паратироциттердің қызметі белсенді , сондықтан олардың цитоплазмасында
түйіршікті ЭT мен ГК күшті дамыған . Сонымен қатар , диаметрі 400 нм - дей болатын , көптеген
секреторлы түйіршіктері болады . Ашық түсті паратироциттердің белсенділігі нашар ,
цитоплазмасында көбінесе лизосомалары , гликоген мен липидті қосындылармен мөлшері 150-200
нм болатын секреторлы түйіршіктері кездеседі . Бездегі ашық түсті парати роциттерінің саны
күңгірт түстіден 3-5 рет көбірек болып келеді.
Оксифильді паратироциттер без паренхимасында топтасып та , жекеленіп те орналасады .
Бұлардың цитоплазмасында көптеген митохондриялар , аздаған түйіршікті эT мен ГК болады .
Секреторлы түйіршіктері болмайды . Көптеген гистологтар оксифильді паратироциттерді APUD -
жүйесіне жатқызады . Бұлардың биогенді аминдерді синтездейтіні белгілі болғандықтан ,
кальцитониноциттерге жатқызуға да болады . Без стромасында көптеген қан капилляры мен
БТҚДТ май жасушаларының топтамасы көптеп кездеседі .
Васкуляризациясы- бездің артериясы көптеген капиллярларға тарамдалса , ал венасы тор түріндегі
анастомоздар түзеді .
Иннервациясы -безге көптеген симпатикалық , парасимпа тикалық нерв талшықтары өтіп ,
паратироциттердің арасында көптеген түйреуіш тәрізді жуанданады немесе таяқша тәрізді болып
келген миелинсіз талшықтардың терминальді ұштары болады .
Жасқа байланысты ерекшеліктері . Бездің негізгі пара тироциттері тек қана жаңа туған нәрестелер
мен жас балаларда ғана кездеседі . Бездегі оксифильді паратироциттері балада 5-7 жастан бастап
пайда болады да , әрі қарай күрт көбейеді . Адамда 20-25 жастан кейін безде адипоциттер де
көптеп кездесе бастайды .
37. Бүйрекүсті бездің морфо-функциялық сипаттамасы. Даму көздері. Қыртысты және милы
заттың құрылысы және тіндік құрамы. Жасушалық құрамы және гормондары. Бүйрекүстібездің
секреторлық функциясы және оның реттелуі. Жасқа байланысты өзгеруі.
Бүйрек үсті бездері
Қызметтері :
• Су мен тұздың алмасуын реттеп , иммундық реакцияларга қатысатын минералокортикоидтарды
( альдостерон , дезоксикортикостеронның ацетатын ) т.б. синтездейді .
Минералокортикоидтар бүйректердегі натрийдің реабсорбция сына әсер ете отырып , ағзадан
судың шығуын тежейді де , артериялық қан қысымын жоғарылатады .
• Глюкокортикоидтарды ( кортизол , гидрокортизон т.б. ) синтездейді . Бұл гормондар қандағы
глюкоза деңгейін көбейтеді . Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы стресс кезінде
күшейіп кетеді . Аталған гормондар қабыну және стресс кезінде бөлініп , мускулатуралардың
өсуіне ықпал етеді . • Жыныс гормондары андрогендерді ( дегидроэпиандростеронді мен
андростендион ) өндіреді , бұлар намундық реакцияларды басады , сондықтан медицинада
бұларды аутоиммундық аллергиялық реакцияларды т.б сырқаттарды емдеуге қолданады .
Андрогендерді өндіруге АКТГ ықпал етеді .
Бүйрек үсті бездерінің боз затынан күйзеліс кездерінде катехоламиндер : адреналин мен
нейромедиатор норадреналин синтезделінеді . Кейбір қиын жағдайларда адамның жұмыс істеу
қабілетін , сонымен қатар өмірін сақтау үшін бұл заттар ағзадағы барлық сарқылмас ресурстарды
жинақтап , әрі сақтап отырады . Бұл келесі әсерлердің есебінен іске асады . Жүректің жұмысы
артып , миокардтың жиырылу қабілеті күшейеді , артериялық қан қысымы жоғарылайды .
Қордағы гликоген мен липидтердің ыдырауының жоғарылауы , сонымен қатар ферменттердің
белсендірілуі және глюкоза мен майдың метаболизмінің күшеюі нәтижесінде жасушаларда көп
мөлшердей энергия пайда болады . Ішкі ағза қантамырларының тарылуы , ал керісінше күйзеліс