Нуржігіт Алтынбеков бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып , ағзаның белгілі бір жағдайларға
бейімделуін де қамтамасыз етеді .
Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді . Олар шеткі ( рецепторлы ) , аралық және орталық .
Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бар мүшелер жатады . Бұлар :
механорецепторлар ( есту , тепе - теңдік сақтау , тері сезу , барорецепторлар ) , хеморецепторлар (
дәм сезу , иіс сезу , қан тамырлар құрамындағы интеррецехторлар ) , Фоторецеrrторлар ( көздің
торлы қабығы ) , жарықты қабылдаса , ал терморецепторлар ( тері мен ішкі мүшелердегі ) ,
ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады .
Аралық бөлігіне - көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады ( өткізгіш жолдар ) .
Орталыққа - сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады . Мұнда берілген
ннформация өңделіп , оған жауап беріледі .
Классификация.
Құрылысы мен қызметіне қарай сезу мүшелерінің рецепторлы бөлігінің үш түрін ажыратады .
Бірінші түріне кәз - көру , мұрын - иіс сезу , мүшелері жатады . Бұлардың құрамында сыртқы
энергияны ( тітірке нішті ) нерв импульсіне айналдыратын арнайы нейросенсорлы жасушалары
болады .
Екінші түріне - есту мүшесі , тепе - теңдік сақтау және дәм сезу мүшелері жатады . Бұлардың
рецепторлы бөлігінде эпителиальды немесе сенсоэпителиальды жасушалары бар . Сыртқы ортадан
тітіркену реакциясын қабылдап , оны сезімтал нейрондардың дендриттері арқылы орталыққа
өткізіп отырады .
Үшінші түріне нақты : мүше емес проприоцептнвті терідегі рецепторлар ( қаңқалық - ет ) мен
сезімтал висцеральды жүйе жатады . Бұлардың шеткі бөліктері инкапсулалы жөне капсуласыз
рецепторлардан тұрады.
9. Көру ағзасы. Жалпы сипаттама. Шығу тегi мен эмбриональді дамуы.
Көз ( Ophthalmos oculus ) - көру мүшесі , көру анализаторының шеткі бөлігі , рецепторлы қызметін
атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі .
Дамуы . Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшала мнан бастау алады . Көздің торлы қабығы мен көру
нерві нерв түтігін дамыса , кәз бұрша ғы эктодермадан дамиды . Көз бокалын қоршах -
мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды . Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп
қабатты жалпақ эпителийге ауысып , кәздің қасаң қабығына айналады . Көз бокалы ішіндегі
мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы
дамиды . Көздің қарашығын ( диаметрін ) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі
.
Көз алмасы 3 қабықтан тұрады: фиброзды, тамырлы және торлы.
Сыртқы фиброзды қабық- қорғаныштық қызмет атқарады. Фиброзды қабықтың алдыңғы мөлдір
бөлімі – мөлдір қабық, және артқы мөлдір емес бөлімі– ақ қабықты ажыратады.
Тамырлы қабық зат алмасуға белсенді қатысады және 3 бөлімнен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы
дене және өзіндік тамырлы бөлімі – хориодея.
Көздің сезімтал, торлы қабығы — көру анализаторының сенсорлы, рецепторлы аймағы, мұнда
пигметтердің фотохимиялық түрленуі, сыртқы ортамен ақпарат алмасу жүреді.
Көздің сыртқы фиброзды қабығы – ақ қабық құрамында тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер
тіні мен коллаген талшықтарынан тұрады.