«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Айтолдыға айтқан сөзі



Pdf көрінісі
бет28/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   161
Еліктің Айтолдыға айтқан сөзі
Түнерді Елік: — Келіспе, келіс, мейлі,
Ұшқалақтық кісіге келіспейді.
630 Жаңылыппын бұл тұста өзім де енді,
Не бетіммен жұртқа айтам сөзімді енді.
Не дейді екен, білімді тілін тыңда:
«Асыққан іс — өкінтер жылдан-жылға...»
Шала біткен шаруаның түюі бар,
Шала піскен астың дерт-күйігі бар.
Бар жаңсақ іс — асыққаннан шығады,
Ықтияттық — бар ізгі істің шырағы.
Мен де асықтым, білмей жатып сырыңды:
Жақын тұттым өтпей қызмет-сынымды.
635 Қай бек болсын, қызметші құлдарын,
Істе сынап, оңғарса онсоң жолдарын.
Əуелі істе сынап көрсе шамасын,
Көтерсе онсоң, біліп қадір-бағасын...
Айтолдының Елікке сауалы
Айтолды айтты: — О, Елік, қайырымды!
Неге ренжіп, тағаттан айырылдың?
Жазығым не, білмедім ауаныңды,
Айтып беріп, естісең жауабымды.
Күнəм болса — қина, еркің; жазалағын,
Жоқ болса, құр түнеріп қарамағын!
640 Мұны меңзеп өзі де, сөзі де үлгі,
Білімді жан не деген, соны білгін:
«Қызметші жаңылса, шыдамақ жөн,
Қатесінің себебін сұрамақ жөн.
Жазықты ма, жазала, қалт жіберме,
Жазықсызға кінəні жат тілер ме!?
(Жазығы болса, жазалап қинау керек,
Жоқ болса, қиянатқа қимау керек.
Күнəсін арт мойнына, қарала да,
Кінəсіздің жүрегін жаралама!)»
Еліктің Айтолдыға жауабы
Сөйледі Елік ашуланып, арқырап:
— 
Ай, білімсіз, кісі екенсің ақымақ!
Қара өзіңе, кім едің сен мен үшін,
Қайдан келген мардымсу мен керісу.
645 Қызмет етіп, жоқ сіңірген еңбегің,
Пайдаң тиді деуге, жоқ еш бергенің!
Қызметіңсіз қадіріңді асырдым,
Орын бердім, ал сен мені басындың.
Тобығың жастап, жайғасып кеп дендедің,
Айтқын, мынау сен отырар жер ме еді!?
Сөзімді айттым, сөздеріңді тыңдадым,
Мазағың ба, маған көзді жұмғаның?!
Кешірдім де, жалғадым сөз — жібімді,
Айтқын — неге теріс бұрдың жүзіңді?!
650 Естіп, құлақ қоймап па ең ер сөзіне;
«Бекке жақын жүрсең, сақ бол өзіңе!»
Айтпап па еді саған атаң, анаң мен:
«Бекке өзіңді теңгерме, ей, балам!» — деп.
Құймап па еді, топ басы: «Ұғып тегіңді,
Басыңды бақ, басынба, — деп, — бегіңді».
Бұл бектер — от! Отқа жақын бармағын!
Егер барсаң — күйіп, күл боп қалғаның!


 112
113
(Бек деген от! Ойнама отпен, жақындап,
Күйініп кеп — күл боларсың сақырлап.)
Аңғал болма! Өртің де бір, бек те бір,
Өртке түссе — майдай ерір көк темір.
655 Байқап көрсең, бектер от-өрт жалынды,
Басыңды үзіп, бас сап сорар қаныңды!
Байқап тұрсаң, қорқытар ол бұқтырар,
Қорықпасаң, күшпен жасқап ұқтырар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет