«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет33/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   161
Еліктің Айтолдыға жауабы
Елік айтты: — Естідім бар сөзіңді,
Сөзің — жасын һəм асылсың өзің де!
Сендей жанды аңсап, іздеп жүр едім,
Тəңір берді, қабыл болды тілегім.
Хұда берсе кімге тілек, арызын,
Шүкір ет, тек арқалама қарызын.
Өзім бүгін бастап, үзбей үнемі,
Айнымастан шүкірлік қып жүремін.
755 Енді дана, не дер екен, сал құлақ,
Өзі қайтқан, бізге жазу қалдырып.
«Шүкірлік қыл, медет тұтып бір өзін,
Шүкірлік қыл, қабыл болсын тілегің.
Кей сақаба ұқпас қадір-бағасын,
Шүкіршілік етсең, медет табасың!
Азды аз деме, шүкірлік ет еселеп,
Көп нəсіптің, қадірін түй жетеңе!
Шүкір қылсаң, бір нəсібің он болар,
Бірі он болса, үйге мүлік-мал толар!»
* * *
760 Айтолдыны мақтап Елік қуансын:
«Күндіз-түні, — деді, — оңымнан туарсың!»
Сый көрсетті, сырын ашып, тең көрді,
Алтын, күміс, дүние-мүлік өңгерді.
Ақтарды Елік ойын, сөзін, сырларын,
Білікті ақыл-кеңестерін тыңдады.
Көр: Айтолды сый-құрметке сүйініп,
Қызмет етті бар өнерін үйіріп.
Қаншама істе жұмсап, сынап көрді Елік,
Одан ерек ер жоғына сенді Елік!


 120
121
17. КҮНТУДЫ ЕЛІК АЙТОЛДЫҒА ƏДІЛДІҢ СИПАТТАРЫН
АЙТАДЫ
765 Елік бір күн өзді-өзі құстай торда,
Зерікті үйде, жамырап ойы онға,
Айтолдыны шақырды, «Келсін!» — деді,
Қол қусырып кірді де, ол сəлем берді.
Тұрды алдына Еліктің төр жақтағы,
Əуелі хан тіс жарып, тіл қатпады.
Байқап көріп, көзімен белгі беріп,
Ишарамен отыр деп берді ерік.
Бұл Айтолды отырды. Көзін жерге
Бұрып, тыныш қалыппен көңіл берді.
770 Бақты Елбасын көзінің қырыменен:
Қабақ түйген, түнерген түрі де ерен.
Күрзі үстінде үш айыр — үш сирақты,
Отырды Елік айбынды күміс тақта.
Сескендірер зор пышақ қолындағы,
Шекер, тұрған — оңында, солындағы — у.
Мұны көріп, Айтолды тынды тыныш,
Қатты қорықты, жоқ дыбыс, талды тыныс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет