Использованная литература:
1. Steiger E. Gleichnis von der Wirkung der Kunst // Volksstimme. – Magdeburg,
1987 / http://deutsche-allgemeine-zeitung.de/ru/content/view/1540/1/
2. Hart J. Literature, theory, history. – New York: Palgrave Macmillan, 2011. –
179 p.
45
3. Ашимбаев С. Шындыққа сүспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. – 497 с.
4. История казахской литературы. Собрание сочинений в 10-ти томах. Т. 9.
– Алматы: Қазакпарат., 2005. – 998 с.
5. Brown A. Weisheit aus dem Orient // Wochenpost. – Berlin, 1981 / http://
deutsche-allgemeine-zeitung.de/ru/content/view/1540/1/
6. Murray K. Theory of criticism: tradition and its system. – Baltimore, 2006 –
187 p.
7. Kossuth L. Vergnueglich und erkenntnisreich // Berliner Zeitung. – 1981, 7
November.
З.-Ғ.Қ. Бисенғали,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
ƏБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ «ШАНДОЗ» ДЕРЕКТІ-ТАРИХИ
БАЯНЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАНЫМДАР
«Жаһандану» жағадан алып жатқанда, «жаңғыру қажет» деген ұран бұрынғы
үйреншікті тірлігімізді астан кестен қылды. Енді амалсыздан мына жаңалыққа
жармасып жатырмыз. Қазір барлық тірлігіміз бен ісімізден осыдан көрінеді.
Ең алдымен əдебиеттен. Жазған-сызғандарымыз элективті сипатқа ұшырап,
монтаждық тəсілдер мен клиптік үлгідегі образдарға көз тіге бастады. Солар
арқылы күрделі қабылдау, таным, (ассоциялы) байланыстарды бейнелемекпіз.
Мақсатымыз айналғандай. Осы өзі мүмкін бе? Өзекті тақырыптарға
тереңдей алдық, мақсатқа жақындадық деп айт алмайтын тəріздіміз. Алайда
мына жанталасудың өзі анық бір шындықтарды көрсетуде. Ол – бізге мына
беймəлім бұлыңғыр жанталасудан шығаратын, көмектесіп, жол, əдіс-тəсіл
көр сететін талантты, ержүрек тұлғалардың қажеттігін.
Жиырма бірінші ғасыр адамдарын билеген тұрмыс тауқыметтері мен
құбылмалы қоғамның құйтырқы қатынастары сенімсіздік туғызады.. Содан
қозғалған ой-сезімдерді замандастарға айтқың келеді. Əсіресе қаламгерлерге.
Мұны оқырманға, жеткізу үшін бейнелі сөз, салмақты ой, дара пішім керек.
Жаңа түр керек. Соған қабілеті бар, шамасы келетін тұлғаны іздейміз...
Соның бірі – Əбіш, Əбіш Кекілбайұлы еді. Мұны өз тіршілігі мен өмірі ту-
ралы ойлана алатын əр қазақ біледі деген ойдамын.
Енді міне қолымызда қаламгердің, бəлкім, соңғы романы. Соны үлгіде
жазылған жаңа тарихи роман. Мұнда деректі-тарихи баяндар мен қаламгер
толғамдары кезек ауысып, кейде араласып отырады. Оқырман назарын бірде
өткен күндер өрнектеріне – Махамбет заманының шындықтарына бұрса,
келесі сəтте одан да бұрынғы тарих уақиғаларға тартады. Бұлардың шығармаға
қажетті тұстарынан тере көрсетіп, шолу жасайды.
46
Махамбет өмрбаянын білемін деп сауытты оқырман айта алмас. Өйткені
кеңес үкімет шындықтан алыстау ұстады бізді. Біле бермейтін деректер мен
мүлде теріс қабылданған идеологиялық «ертегілер» аз болмады. «Махамбеттің
1816 жылдан 1829 жылға дейінгі шығармалары мен шығармашылығынан,
өмірінен құжатқа түскен бірде-бір дерек жоқ» («Шандоз» 179 б.). Махамбеттің
қара басынан бастап, оның əкесі Өтеміс, Исатайға дейін жаңа тарихи деректер
мен уақиғалар ашылып жатыр.
Əбіш Кекілбайұлы осы жаңа деректер мен зерттеулерді ұлттық қозғалыстар
мен арпалыстар дауылдарына тап болған адамдардың жеке тірліктері мен ішкі
сезімдерін көрсетуде қолданады. Мүлде соны тəсілдерді де əкелген. Бұлар ту-
ралы сəл кейініректе баяндалады.
Реті келгенде бүгінгі ХХІ ғасыр басындағы тарихи романдар туралы бірер
сөз айта кету жөн көрдік. Өткен ғасыр соңы мен жаңа ғасыр басында біздің
əдебиетімізде мүлда жаңа сипатты екі тарихи роман дүниеге келді. Оның біреуі
жоғарыда біз айтып отырған «Шандоз» болса [1], екіншісі – М.Мағауиннің жан-
рын «деректі тарихи хикая» деп белгілеген «Шыңғысханы» [2]. Мұнда да та-
рихи уақиғалар ортасындағы Шыңғысханмен жолығамыз. Жеке өмірі мақсатқа
жету жолындағы ірі əрекетерімен қатар-қатар бейнеленеді. Тарихи шындық
пен қаламгер болжамдарының қабаттасатыны соншалық қадала оқыған
зерттеушінің өзі де қолына ұстап отырған тарихи уақиғалар тінін жоғалтып
алады. Мұны шығарманың кемшілігі ретінде айтып отырғанымыз жоқ, қайта
тарихи уақиғалар тізбегінен бастау алатын баяндардың болжамдарға қай сəтте
бұрылып, қай сəтте тарихқа қайта оралатынын байқамай қалатынымызды айту
үшін қолданып отырмыз. Бұл шығарма туралы да деректі зерттеулер кейін
келетін шығар.
Енді «Шандозға» оралайық.
Шығарма – Батыс Қазақстан облысының əкімшілігі мен «Арыс» қоры
шығарған «Махамбет əлемі» атты топтамалар сериясының қорытынды
нүктесі тəрізді еңбек. 2004 жылы жарық көрген [3]. Ə.Кекілбайұлы жаңа
шығармасының жанрын «деректі-тарихи баян» деп көрсеткен. Шығармада та-
рихи уақиғалар деректерге негізделе көрсетілсе де, қаламгердің көркем қиялы
мен болжамдарының қосары да аз емес. Кейбір уақиғаларға қатысты қаламгер
ойлары тарихи дерек пен соған сүйенген болжамдарға құрылған көркем
мазмұндарға да жүктеледі.
Шығармадағы басты кейіпкер – Махамбет Өтемісұлы. Ол туралы көркем
шығармалар баршылық, зерттеулер де жеткілікті [3]. Бірақ, қаламгер аңызға
байыған өмірбаянды тұлғаның қасіретке толы жеке өміріне, шығармашылығына
тоқтала баяндайды. Əрі оны ақын шығармашылығының назардан тыс келе
жатқан аса мəнді дерегі ретінде ұсынады. Сондықтанда мұнда, жаңа шығармада
дискурстық сипат көп ұшырасады.
Тарихи деректер мен Махамбет шығармаларының бейнелі тілі ақын тап
болған уақыт пен кеңістіктің аясынан асып, қаламгерді амалсыз болжамдарға
47
жетелейді. Бұған шығармадағы өзге тарихи тұлғаларды Жəңгір хан мен
Өтемісті, Исатайды қосаңыз көркем шындықтың тарихи баян арнасына мүлде
сыймайтын бірден сезесіз. Демек, «Шандоз» деректі-тарихи баян – деректі
тарихи уақиғаларды көркем баяндаумен қатар, қаламгерлік басты ой, идея
өрімдерін көркем мазмұнға бөлейтін – тарихи жаңа роман..
Романда Ə.Кекілбайұлы элективті монтаж тəсілін жиі қолданылады.
Қаламгердің нақты жағдайларға сай таңдаған тəсілі шығар. Мұның артында
да жазушының асыл ойларының барлығы да даусыз.
Көркем мазмұнға сұранып тұрған уақиғалар жеткілікті. Соларды қуып кет-
кенде роман көркем идеясының бірер томмен тəмəмдалмайтыны көрініп тұр.
Ендеше оларды оңтайлы тəсілдер тауып, теріп, қиыстыру керек. Осы мақсаттан
таңдалған тəсіл романнаың жаңа түрін туғызған.
Қаламгер романға қосқан жаңа материалдар толып жатыр. Негізгілерін
атар болсақ: тарихи деректер мен аңыз əңгімелер, шежірелер, қыстырма
уақиғалар қазақ қоғамдақ тірлігінің басында болған қайраткерлер, батырлар,
Махамбеттің əкесі, əйелдері т.б. Бəрінің Махамбет бейнесіне қосатын ойы, ай-
тар дара сөздері, жеке пікірлері, араласатын іс, уақиғалары бар. Көркем бейне
жазуда қажет екені анық.
Бір уақиғадан екіншіге өтуде қаламгер уақыт кеңістік өлшемдерінде еркін
ауысады. Шығарманы жаңа оқырман, бұл жерде біз жастарды айтып отырмыз,
тұшынып қабылдауы оңай емес. «Оқырманды да сынайтын кітап болады»,
– дегендей, бұл романды оқу үшін біршама дайындық керек. Баяндалатын
уақиғалар араларында М.Өтемісұлына байланысты мəліметтер мен авторлық
толғамдар кейде жоққа тəн көрінуі де мүмкін. Алайда, осы бөліктерде ақынның
аса қажетті ойлары бейнеленген. Оларға мəн бермей, болмаса аттап оқыған
оқырман Махамбет ойларының тереңдеріне үңілуге мүмкіндік беретін нəзік
тіндерді жоғалтып алады. Мысалы, «Қапыда өткен дүние-ай» «Қайыңның ба-
сын жел соқса», «Екі талай болғанда», «Алланың не берері болжаусыз» т.б.
Қазақ мемлекетінің тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары мен
батырларының тəуекелі мол ерлік істері елдік туралы ой-армандармен бай-
ланысты. Мұның бəрі «Шандозда» көркем мазмұнға көшірілген. Туған жері
мен халық бостандығын бəрінен жоғары қойып, ымырасыз шайқастарға
шықан кейіпкерлердің ерліктері ұлттық рухқа суарылған ақын Махамбет
шығармаларының мазмұнына қаһармандық қуат қосқан. Алайда бұл саяси
тақырыпты жырлау не дəріптеу емес. Жəңгірге қарсы көтерілген халықтың
ашу-ыза кегінің көрінісі тəрізді көрінгенмен мүлде басқа бағыттарды
көздейді. Отаршыл мемлекет пен халық арасындағы тартыстардың алғашқы
ірі əректтері болатын. Ендеше оны оқырмандарға тарихи деректі негізде ашып
көрсетпейінше шығарма өзегіндегі басты ой-идеяларды жеткізу қиын. Осы
тұста қаламгер қазақ елі тап болған уақиғалардың бастыларын тарихты де-
ректермен сабақтас баяндайды. Бұлар тыңнан қосылған, болмаса жаңадан
табылған деректер емес. Салмақты томдарда сақталған құжаттар. Бірақ,
48
түрллі себептермен аршып көрсетілмеген, қолданылмаған тарихтар. Дəл осы
тəрізді деректерді жаңа материалдармен салыстыра баяндаулар «Шандозда
жиі ұшырасып отырады. Оның ірі себептері жоғарыда көрсеттік.
Исатай – Махамбет қозғалысы көршілес ірі мемлектер арасындағы
қатынастарға өзге де мəн берді. Осы тарихтарды көрсету барысын-
да Ə.Кекілбайұлы қаламгердік талдау, толғаныстарға біраз орын берген:
Цин империясының шапқыншылығына, Батыс пен Теріскейден ұмтылған
торғауыттардың шабуылдарына, Ресейдің отарлау əрекеттеріне, Жайық
казактары мен башқұрттардың зорлық-зомбылықтары т.б. Романда осы
бақыншылыққа қарсы күрескен қазақ халқының жанкешті əрекеттері
баяндалған. Бұл баяндарда осы тарихтарды авторлық қабылдаулардың ерек-
шелігі байқалады. Əсіресе, ақындар мен би-шешендердің ой-армандарын
халықтық ерлікке орай жырлайтын дастан-жыр толғаулары ұлттық рухқа толы.
«Қазақ даласына дəмелі» Түркия, Иран, Орта Азия мемлекеттерінің жа-
улау мақсатында жүргізген алуан түрлі саясаты мен жаулау тəсілдері ақын-
жыраулар назардан тыс қалмай тарихи деректермен егіздей өріледі.
Ресей патшасы да қарап жатқан жоқ. Қазақ билеушілері арасындағы
алауыздық пен қайшылықтарды пайдалана отыра зымиян саясатын іске асыруға
ұмтылады. Далалықтардың аяқ астынан бұрқ ете қалатын жорықтарынан
қорғану үшін қалқан ретінде ойластырған Бөкей ордасына Ресейде оқып білам
алған, тəрбиеленген Жəңгірді хан сайлаған. Ондағы мақсат мүдделері белгілі,
Ендеше Жəңгір ханмен шайқасқа шыққан қазақтың би-батырлары бастаған
қозғалыс, көтеріліс Ресейдің Шығысты көзеген басты саясатына үлкен кедергі.
Оны кəсіби əскердің қарулы күштерімен жаныштау, аман қалғандарын қудалау,
жер аудару осының бəрі «Шандоз» тарихи деректі баянында ресми тарихтар
мен деректер арқылы жан-жақты көрсетіледі. Бұл құжаттарда Махамбет өмір
сүрген орта мен ақынды қалыптастырған қоғамдық ая жан-жақты ашылады..
Махамбет өмірі тұсында қазақ қоғамындағы дəстүрлі салт-сана мен əдет-
ғұрыптар жаңа заман əсерімен бірітіндеп ірілі – уақтылы өзгерістерге ұшырай
бастаған еді. Мұны əркім өзінше қабылдады: қарсыласты, үнсіз қалды,
т.с.с. Алайда осы дəстүрлі ортаны аяусыз өзгертіп жатқан тəрізді Жəңгір
жаңалықтары Махамбет төңірегінің басты əңгімесі еді. Басқа көрші елдер
мен жұрттардың əрекет, тірліктерін Махамбет жақсы білді. Мəселен, Ресей
патшасы мен оның қол астындағы татарлардың, башқұрттардың жəне Хиуа
хандығы құрамындағы елдердің өмірлерінен хабардар болды. Бірақ, ақынды
ашындырған басты мəселе – оның ой-əрекеттерінің түпкі қазығы бұл емес. Ең
қорқыныштысы Ресейдің Қазақ еліне деген теріс пиғылы мен саясаты болды.
Махамбет Бөкей Ордасының осы кеңістіктегі орнын жақсы білді. Жəңгірдің
орысшылдығының Махамбетке ұнамауы осыдан басталды. Одан келетін қауіп-
қатерді ақын жүрегі бірден сезді. Бұл – Махамбеттің Жəңгірден кетуінің басты
себептерінің бірі.
Елдің тұрмысын, əдет ғұрпын Жəңгір хан тарапынан бұзу үдеген сайын
көргені көп ойлы ақын толғамдары оның шығармаларында болуға тиісті еді.
Бірақ түрлі саяси себептермен олардан айрылып қалғандаймыз..
49
Бөкей кіші жүз қазақтарының ханы аталғанмен де оның бар тірлігі патша
ұлықтары арқылы басқарылатын үкіметтің қолында болған. Жəңгір хандығы
кезінде де бұл саясат өзгерген жоқ. Қазақ хандарының арасында тиянақты
білім алған, Ресейдің жоғары оқу орынын бітірген, тұрлі əлеуметтік топта-
рымен кездескен Жəңгір де алдында тұрған мақсаттардың орыс патшасына
байланысты сипатын бірден аңғарды.
Кіші жүз, Бөкей ордасының ханы атанса да дəрмені мен пəрменінің
шектеулі «қуыршақ хан» екенін» түсінеді. Өзінің дербес саясатын жүргізуге,
елдік туралы мақсаттары мен өркениетке ұмтылған əрекеттерін іске асыруға
мұмкіндігінің мүлде аз екенін ұқты. Қазақ қоғамына үлген өзгерістер қажет
еді. Қол астындағы қалың ел мен маңындағы билер, атқамінерлер арасындағы
қарым қатынас о бастан-ақ шиленісті, аса күрделі кұйде болды.
Атадан балаға мирас болған салт-санаға, дəстүрге сүйенген қазақтар Ресей
саясатына жалтақтаған, «жасқаншақтау» жас ханға көңілдері толмады.
Жəңгірмен жақындасу үстінде алғашында оған құрметпен қараған Ма-
хамбет те оның баласы Зұлқарнайға көмекші қызметкер ретінде Орынборға
барған сапарынан хан ордасына қайта оралмады. Қол үзеді.
Махамбеттің кім екенін білу үшін аса қажетті тұлға да осы – Жəңгір.
«Шандозда» алуан түрлі қайшылықтар қабаттасқан ел дүрбелеңінің, халық
қозғалысының пайда болу, даму, Исатай – Махамбет ұлт-азаттық қозғалысына
ұласу себептері баяндалады.
ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы алдындағы күрделі мəселелерді жаза бастаған
бүгінгі шығармаларында жаңа өзгерістер көріне бастады. Солардың бірі – Əбіш
Кекілбайұлы шығармаларында деректік, мазмұндық, көркемдік бағыттардағы
жаңалықтар. Қаламгердің алғашқы шығармаларынан-ақ өзгеше дүниетанымы,
дара өрнегі бейнеленеді..
М.Өтемісұлының өмірбаяны мен шығармашылығы – қаламгерді алысқа
жібермей жүрген тақырып. Студент жылдарында жазылған «Қызғыштың
əні»-нен бастап үнемі ақын өлеңдеріне көз тігіп жүрген. Махамбеттің өмірі
мен шығармашылығы жайын зерттеді, ақынды жақсы білетін қаламгерлер-
ғалымдармен пікірлесті, ел ішіндегі көнекөз қариялардан ауызша əңгіме, хи-
каяларды тыңдады, Махамбет туыстарымен кеңесті.
Жазушы осылардың бəрін – жаңа əдеби үлгілерге ұмтылған ізденістерін,
«Шандоз» деректі-тарихи баянында бір түйіндейтін тəрізді.
М.Өтемісұлына байланысты қазақ қоғамдық санасында əбден қалыптасқан
көзқарас, пікірлерді Əбіш Кекілбайұлының жаңаша тану, қорыту, қысқасы –
дискурстық бағытта қабылдауы аңғарылады. Мұны жаңа заман, егемендік
мүмкіндік берген, еркін ойлау мен жаңа матералдар нəтижесі ретінде де
ұғуға болады. Соңғы деректер мен соны ойларды жеткізу барысында баян-
дау жəне суреттеуді қатар қолданатын қаламгердің жазу əдіснамасы мен əдіс-
тəсілдерінде де өзгерістер аз емес.
Ə. Кекілбайұлының ертеректе жазған мақалаларында да, М.Өтемісұлы ту-
ралы жаңа ойлардың, толғамдардың болғаны белгілі. Бірақ, ресми идеология
екпінімен ығысуға, ыға баяндарға баруға тура келген сыңайлы.
50
«Шандоз» – əлеуметтік-тарихи уақиғаларды қаламгерлік толғамдарға орай
бейнелейтін шығарма. Оның басты қаһарманы – қазақ қоғамдық санасындағы
даңқты тұлға – Махамбет. Оның өмірбаянына қатысты жаңа мəліметтерді,
бəлкім бұрын айтылған, бейнеленген қабылданған, талданған, мəліметтерді
Ə.Кекілбайұлы «Шандозда» жаңа дискурсқа көшіре бейнелейді. Махамбеттің
шығу тегі мен əкесі, өскен ортасы мен отбасын құруы, білім алу қайнарлары,
қоғамдық қызметі, Жəңгір ханман ара қатына-қатынасы, қазақ елі мен
орыс мемлекеті арасындағы қарым қатынастар туралы ойлар т.б. Бұлардың
бəрі күні кешеге дейін өмір шындығына сай деректерге сүйене жазылды,
бейнеленді деп айта алмаймыз. Орыс идеологиясына жаутаңдаған жылдарда
Махамбет шығармашылығы мен қызметі туралы зерттеулер де таптық қоғам
қақтығыстарынан ұзай алған жоқ. Əрі Исатай, Махамбет бастаған халық
қозғалысының өзін шаруалар көтерілісі дегеннен аспадық.
Бұл қозғалыстың негізінде басқа мұрат, мақсаттар тұрды. Ə.Кекілбайұлы
тақырыпты жаңа танымда тарқатады. «Шандоздан» үзінді: «Шамасы кеңес
жылдарындағы идеологиялық ұйытқымалық Махамбет мəтіндеріне де өз сал-
дарын аз тигізбесе керек. Ереуілші ақынның бірде бір толғауында «патша»,
«орыс», «кəпір» деген сөздердің атымен кездеспеуі де таңғаларлық жай...
Ақын жырларының əлеуметтік зілін əріге асырмай, Жасқұс пен Жəңгірдің
маңайымен шектеуге тырысу əнтек байқалады. Сонда Махамбеттің бар ерлігі
мен өрлігі Жəңгірхан, Баймағамбет сұлтан, Қарауыл қожа хакім, Балқы билерді
сілейте балағаттаумен тынған ауыл арасының көп тентек телісінің бірі бола-
ды да шығады. Бұл – ақынға да, тарихи шындыққа үлкен қиянат. Сондықтан
ақын жырларын əлі де болса жинақтай түсіп, ел аузындағы төңкеріске дейінгі,
төңкерістен кейінгі, соғыс жылдарындағы, тоқырау тұсындағы жарияланымдық
нұсқаларды өзара салыстырып, бастапқы қалпына келтіру – ақын алдындағы
əлі атқарылмай келе жатқан парызымыз» [1, 339-б.].
«Шандозда» кейіпкердің ішкі əлемі өте аз көрсетіледі. Қаламгердің өзге
шығармаларымен «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең алаң» тағы басқалармен
салыстыруға да келмейді. Қаламгер сұранып тұрған фабула, сюжеттерден
бас тартқан тəрізді. Мұнда деректер сөйлейді. Толғамдардың қорытындысы
ретінде берілетін аз кем ойлардың өзін ұқсас (мезгі-мекендік) тағдырлас адам-
дар тіршіліктерімен синхронды бағыттарда салыстыра көрсетеді. Мысалы.
«Маулен мен Бекей» хикаясына байланысты [1, 24-33 бб.].
Ұлт-азаттық шайқас жолына біржола бекініп шыққан Махамбет, бала-шаға
мен өзі ұнатып алған əйелдерін да осы жолда құрбан қылуға дайын болғандай.
Махамбеттің жалғыз қалған сəттеріндегі ішкі ойлары мен бойын буған
сезімдерін қаламгер болжап, суреттеп жатпайды. Алайда дəл осы сəттерді,
Махамбет ішкі əлемін ашып көрсету үшін Ə.Кекілбаев ақынның өлеңдерін
пайдаланады. Өлеңдер астарынан байқалатын ойларды енді жаңа дискурс
ретінде алады: «Аспанда ұшқан ақ сұңқар, қолымда тұйғын, лашын; қосылған
жаста арудың көре алмай кеттім құлашын; арпа жемес арғымақ ақселеу отқа
51
зар болар; миуа, шекер жемеген алғаным мен балларым, қоңырсыған дүние-
ай, қой етіне зар болар; жапаннан қарсақ ін қазар, хан салдырған жəрмеңке,
жырақ болсын бізден бұл базар, қатын қалса, бай табар; қарындас қалса, жай
табар, артымда қалған ақсақал кеңес қылған күн ақылменен ой табар, кейін
қалған жас бала күдер үзіп біздерден көңлі қашан жай табар?» Ə.Кекілбаев
ақын өлеңдерінде байқалатын осы əуенді «асыл өрмектің алтын арқауына» ба-
лайды [1, 42-б.].
«Тап тартысы», «қас албасты басқыр хан» деп Ресей идеологиясының
əлəулайына иланып, шауып жүрген біздер мұндай жырлар өзегіндегі ақын
жүрегінің нəзік сырларын шертетін мұндай өлеңдерге көп айнала бермегенбіз
ғой... сірə. Əбіш Кекілбайұлы Ұлы Махамбет жырларындағы жаңа танымдық
қабылдауының дискурстық бір парасын ақынның ішкі сырлардың нəзік
өрнектерін таратудан бастайды. Ақын, күйші, əнші Махамбетте мұндай сырлы
өлеңдер аз болған жоқ.
Ақын өлең-толғауларының басты арнасы – ұлт-азаттық тəуелсіздік, ерлік
тақырыбындағы жырлар. Осы өлеңдерді де «жауға өшіккен» батырлар
жырларының жалаулы жарқылынан гөрі, азаттық жолындағы күреске бас тіккен
ержүрек жандардың рухының дара өрнектері ретінде талдауды ойлану керек
шығар. Бұл Махамбеттің азаттық, бостандық. тəуелсіздік тақырыбындағы
толғауларының Ə.Кекілбаев шығармасынан байқалатын жаңа бағыты іспеттес.
«Қабырғасын қаусатып, бірін-біріндеп сөксе де, қабағын шытпас ер керек»
деген жолдар бостандық жолындағы ұлы іске тəуекел етіп бас тіккен ерлер
рухының Махамбет танымындағы ерекше бейнесі.
Бостандық жолындағы күрес кімге қарсы бағытталса да, қашан да оңай
болған жоқ. Тіпті біздің заманымызда да солай... Ақын бастан кешкен
арпалыстардың қаншалықты ауыр болғанын қаламгер Махамбет өлеңдері
астарында бейнелі түрде суреттелетін көркем мазмұн арқылы жеткізеді.
Бұл – жаңа дискурсқа негізделген жаңа таным.
Ресей патшасына қарсы көтерілу ауыл арасының кикілжіңі, тіпті рулы
елдердің тартысы емес. Бұл мұздай қарауланып винтовка, қылыш асынып
зеңбірек сүйреген казак-орыстармен, соғыс өнеріне əбден машықтанған əскери
құрамасымен соғыс. Оларға қарсы шайқасқа шығудың қаншама тəуекелді,
қажыр-қайратты ғана емес, санадағы ұлттық рухты қажет ететінін Махамбет
анық білді. Сондықтан да өлең жырларымен осы рухты, ұлттық рухты көтеруге
барын салды. Мұны тіпті болжап айту да оңай емес. Ендеше дəл осы күйді
ойдан, қиялдан шығарудың, жобалай суреттеудің қажетсіздеу екені де белгілі.
Ə.Кекілбайұлы тарихи уақиғалар дауылына тап болған Махамбеттің осын-
дай шайқастар кезіндегі ішкі ойларын суреттеуге, қиял арқылы бояй бейнелеу-
ге бара бермейтіні де сондықтан болар. Əрине, түрлі жағдайларда аса талантты
жазушылардың бұған тəуекел ететіндері де аз емес, Бірақ, өмірі мен əрекеті,
ерлігі аңызға байыңқырап жетсе де ақын Махамбеттің жөні бір басқа ғой.
Тарихи шығармаларға құмар бүгінгі сауатты оқырманды ойландыру,
толғандыру үшін өзге тəсілдер керек. Жазушы барлық тарихи шығармаларында
52
соны іздейді. Тарихи уақиғалардың тіні бөлек болса, тілі де сондай өзге. Та-
рихи шығарма бірыңғай ой, қиялдың туындысы емес көрем дүние. Сондықтан
қаламгер алдындағы басты міндеттін бірі тарихи дерек пен тіректі оқырман
үшін тартымды болатын көркем мазмұнга көшіру. Оқырман сезімін қозғау
арқылы оның ойына өту. Ғасырлар көшінің шаңына көміліп қалған уақиғаны,
уақыт пен кеңістікте сөйлету... Бұл оңай емес. Демек, тарихи деректерді өз та-
нымында жеткізу үшін соған тірек болатын деректерді өзіндік танымда, көркем
дискурста пайдалану басты мақсат. Бұл нағыз таланттардың да кейде қолынан
келе бермейтін іс. Нағыз хас шеберлер ғана таңдап, талғап қолданатын бұл бұл
танымда жұмбақтар құпиялары қаншама. Ə. Кекілбаев «Шандоз» атты тари-
хи деректі баянында соның бірерін ғана пайдаланады Бұл тəсілдің оқырманға
əсері де бөлек. Қарапайым адамның еркінен тыс қозғалып, құйынға ұласатын
дауылдар ортасында Исатай мен Махамбет тұр. Маңындағылардың бəрін иіріп,
іліп ала жөнелетін сұмдық кұш бейтарап қарап отыруға көнбейді . Қазақ елінің
намысы мен ұлттық рухы ұшін шайқасқан олардың бүгінде аңызға ұласқан
тағдырлары тартыстарға толы. Қасірет дегеніңде өлшем жоқ. Қасіретке толы
тағдыр ма, əлде тағдыр əкелген қасірет пе? Бұл туралы əлі шындап ойланып
көргеніміз жоқ.
Міне Ə.Кекілбаев қана осы қиын түйіндерді бір шетінен бастаған сыңайлы.
Əрі сол үшінөзінің болжамдары мен қиялды емес ақынның, Махамбеттің
өлеңдерін пайдаланады. Əрине өлеңде орнасқан ойлар мазмұны күрделі ме-
тафоралар мен теңеулерге толы болатыны белгілі. Алайда ақын жан дүниесін
билеген күрделі сезімдерді көркем жеткізетіні анық.
Мəселен, «Артымда қалған алғаным, қытайы қызыл көйлегі күнге қойсаң
оңар ма?! Мұндай қорлық болар ма?! Ақсұңқар құстың баласы қасқыр тартқан
жемтікке ағармай көзі қонар ма?! Қаршыға құсты көп көрдім, қайрылып қазға
қараған; қатын бала қара орман баршасын жауға алдырған, қарулы жатқан
жебеге құрсағынан шалдырған, асыра келіп ойласам, бұл заманның шағында
Махамбеттей зарығып, мұңлы болған қайда бар?» [1, 41 б.], – дейтін жолдар
нағыз жауынгерлік заманның интимдік лирикасының теңдессіз үлгісі, – дeп
жазады Əбіш Кекілбаев.
Келесі үзіндіні қараңыз: «Қақақулап шақырмай, қанды көбік түкірмей,
алғыншы алған арудың ақша бетін солдырмай, ата менен ананы қайғыменен
қатырмай, əлпешті ұлың жат болмай, Шайған жалғыз матаның сатқанда
суы ат болмай, бұзбай құлын пісірмей, мұз үстіне от жақпай, қапыда қалған
қасқырмын, ақ жүректен найза түретпей, найзаны күнге қуратпай, қарсыласқан
дұшпанның қабырғасын бір-біріндеп күйретпей, əлі де болса қорқа алман,
адасып қалған үйректей» [1, 42-б.].
Енді Əбіш Кекілбаевтың осы жырларды қабылдауын көрелік «Бұл
толғаулардың бəрі шын жəй-жапсарын тек екі жүрек, екі көкірек білетін бір
нақты махабаттың қат-қабат қатпарларын қанды қайнатқан жан қызуымен
толғаған ғашықтық хикаясы. Оның кейіпкерлері – Махамбет пен Ұлтуған».
53
(Сонда) Демек, Əбекеңнің, Əбіш Кекілбаевтың, бұл тапқандары мен талдаула-
рына қарап отырғанда қаралмай жатқан ұлы ақынға қатысты басты əрі ғажап
тақырыптың бірі – Махамбет жəне махаббат болуға тиісті.
Бір ғажабы «Шандоз» романында қаламгердің еркіндігі сезіледі. Ол реалистік
роман қалыптарын еркін қолданады. Шығарма басындағы Исатайдың «Əй,
осы сенің кереметің бар дейді ғой. Рас өтірігін білейін, мені осы қазір мықтап
бір қорқытшы» дегеніне бола Махамбеттің көрсеткен «кереметін» баяндауда
«ел арасына кең таралған аңыз əңгімені» қолданады. Мақсат – Махамбеттің
аңызға айналған əрекеттерін көрсету ме əлде, осындай əңгімелердің барлығын
байқату ма? Меніңше, екеуі де бар – егіз. Бірақ, бұларды қолдану барысында
Ə. Кекілбаев шығармадағы кейбір аңызға айналған түсініктердің уақыт жəне
кеңістік аясындағы когнетивті шартты сипатын ескертетін, сəл кеңітетін де
тəрізді. Қаламгер тарихи уақиға мен деректерді жаңа, шартты дискурстер-
де бейнелеп қана қоймайды, оны тарихи деректермен қатар, болмаса салы-
стырмалы сипатта алады. Тарихи баян мазмұнында дерек жəне кейіпкердің,
автордың дүниетанымдық толғамдарының қабаттасатынын жоққа шығару
қиын. Əсіресе, көптеген тарауларда баяндалып отыратын тарихи дерек,
құжаттардың рөлі – оқырманды өткен замандар шындығы туралы ойланту ғана
емес. Осыларды бейнелеу барысында қаламгер мазмұнға өзіндік жаңа түсінік,
жана дискурс, мазмұн беріп отырады. Бұл тақырыпқа өзгеше жаңа мəн береді.
Махамбетке қатысты, қаламгерлік тебіреніс, толғамдардың басты мақсаты
оқырмандарға осы жаңа танымдарды ұсыну. Ғасырлар қойнауында қалған
уақиғаларды өзіндік таным аясында көрсету.
Əдетте көптеген зерттеушілер мен сыншылар, əсіресе жастар, көркем
шығарма мазмұнын талдау мен түсіндіру барысында дискурсты тым еркін
пайдаланады. Мұнда өз ойлары мен қабылдауларын, танымдарын жеткізуге
ғана күш салады. Жақсы талпыныс, теріс деуге де болмас. Алайда тым
еркіндікке ұмтылуда байсалды, болған теріс болмас. Тарихы ірі уақиғаларға
араласқан, бастан кешкен адамдардан, ақындардан бізге жеткен мəтін көркем
мазмұн болса да соған тура қатысы бар деректерден тұратынан ескеру ке-
рек. Бұл оқырман қарсылығын туғызатын сəттердің бірі. Көркем талдаулар
арқылы өлең өзегіндегі тірі бейнеге айналуға дайын тұрған ойларды табу,
образға оранған тебіреністерді ұғу мүлде оңай емес. Талантты қаламгерлер
ғана бұл тұстарға абайлай барып, кейде түрлі əдіс-тəсілдер арқылы астарлай,
жұмбақтай да жазады. Мəселен, Əбіш Кекілбаев дискурстық талдауларында
ой-танымды жеткізуге қанша қажет болса, өзіндік толғамдарын сонша ғана
қолданады.
Махамбет туралы бұрынғы шығармаларда, Б.Аманшинде, Ə.Əлімжановта
[4] т.б. басты назар «егеулі найза қалға алған батыр, қаһарман бейнесін сомдау
болса, «Шандозда» ержүрек жанның жалғыздығына, оның ерекше өмірбаянына
Əбіш Кекілбаев баса назар аударады. Махамбет өзінің дегені болмаса, біреудің
айқанына, əсіресе, зорлыққа көнер ме? Өнерлі – əнші, күйші, ақын – бетің бар,
54
жүзің бар демей өзі таныған шындықты тіке айтып, жүректілігін елге ашық
əйгілеген тұлға. Осы мінезі үшін сөзге де қалған, қуғын да көрген. Қудалау
Жəңгір хан тарапынан да, патша үкіметінен де болған, тоқтамаған. Бірге туған
бауырлары оны тастап кетпесе де, «мен үшін сендер қорлық көрмеңдер», – деп
балалы-шағалы, бауырларынан бөлек жүруге, алыс болға тырысқан. Өмірінің
соңында айдалада – Қаройда жалғыз қалу сырының бір ұшығы сол. Балала-
ры мен əйелдерінің көргені бір басқа. Қанша батыр болса сезімтал ақын олар
туралы ойламады, бір хабарын алып тұрмады деп айтуға бал ма? Махамбет –
жалғыздықтың ащы дəмін, сорын аз татпаған адам.
М.Өтемісұлы өмірбаянына қатысты көп айтылмайтын шындықтар да бар.
Ол бүгінгі таңда аса маңызды деректердің бірі. Көтеріліс жеңілген соң оған
қатысқан Махамбет Өтемісұлы бауырларына Жəңгір хан жер береді, …бұл да
бұрын айтылмаған деректер емес пе? (Шандозды қараңыз).
Кез-келген халықтың əдебиеті оның рухани өмірімен тығыз байланысты.
Жазбаша болмаса ауызша əдебиетте əйтеуір көрініс табады. Ол өзге тілде
жазылатын (осы халық мəселелері туралы) əдебиеттен мүлде болек бола-
ды. Отаршыл Ресей қазақ елінің ұлт азаттық қозғалысы туралы əңгімелерді
қозғағысы келмеді. Сондықтан «жауыз ханға» қарсы бағытталған шаруа-
лар көтерілісі дегенді ойлап тауып шындық іздеген ғалым, зерттеушілерге
айтқызды. Амалсыз айттық. Сан мəрте қайталадық. Бара-бара өзгеше ойлану-
ды да – ұмыттық. Жəңгір ханның өзі қаншалықты трагедиялық тұлға. Қазақ
елін өркениетке жеткізсем деп ойланса, ата-баба дəстүрін бұзғысы келмеген
халқы да, мемлекеттік туралы ойларын байқаған патша үкіметі де қарсы бо-
лады.
Тіпті өркениетке жақындамақ болған жоспарларды, өзгерістерді іске асыру
үшін патша үкіметінің арнайы рұқсаты керек. Ұсақ түйектен басқа шаруаның
бəрін Ресей үкіметінің келісімінсіз істей алмады. Рұқсат сұраумен, күтумен күн
кешті. Бірнеше елдің тілін білетін, дүниенің төрт бұрышынан хабары бар газет
мен журналдар алып тұрған ірі тұлға кіріптарлық күйге осылай түсті. Тарих
жəне философиялық кітаптармен жақсы таныс кіші жүздің ханы «өзінің кім
екенін» білген сайын, қорғамақ болған халқынан, оны өркениетке жеткізбек
идеяларынан амалсыз алыстай берді. Оны патша үкіметінің ресми қысымы,
империялық саясаты мəжбүр қылды.
Орыс мемлекетінің қолындағы «ойыншық» екенін түсінген Жəңгір соңғы
жылдарын отаршыл үкімет мүмкіндік берген деңгейде ғана өткізуге ты-
рысты. Мұсылман дінінің қағидаларын сақтауға ден қойып Қазан, Орын-
бор, Уфа мұсылмандары дінбасылармен ерекше жақындасты. Оқу ағарту
мəселелеріне көп көңіл болді Бұл да Ресейге ұнамауға айналды. Өйткені
қазақты «шоқындырмақ» болған түпкі ойына өте алмастай кедергі пайда бол-
ды. Діни таным түптеп келгенде ұлттық құндылықтарды түгендейді. Бұл Орыс
патшасының басты қорқынышы еді.
Осыларға қарамастан қазақ елін мəдениетке жетелеуде Жəңгір атқарған
жұмыстар ұшан-теңіз. Басқасын былай қойғанда атақты Қазақ университеті
55
жанындағы ғылыми кеңеске мүше болды. Осы университет кітапханасына
Орта Азия, Қазақстан туралы талай қолжазбаларды тапсырған. Соның бірі
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиі» еді [5, 150 б.]
Мына мақалада Махамбеттің өмірбаяны мен шығармашылына тікелей əсер
еткен заман шындықтарына байланысты кейбір мəселелер ғана сөз болды. Бұлар
ақын шығармашылығы дүниеге келген орта, ая болатын. Бірақ, бір ескеретін
нəрсе, осы ортаға Махамбет өмірімен де, өнерімен де, щығармашылығымен де
қарсы болды. Алайда мұны өзгертуге санасы жеткенмен шамасы келмеді. Ең
басты кедергі – қазақ мемлекеттігін жоюды жоспарлап жүзеге асыруға кіріскен
Ресейдің отарлық сұрқия саясаты еді.
Ақын туралы зерттеулерде, көркем деректі шығармаларда Махамбет отба-
сына, əйелдері мен балаларына айрықша көңіл бөлінбейді. Оның шығар машы-
лығын жинаушылар мен зерттеушілер ресми идеология қағидаларын бұзудан
үрейленіп бұл туралы көп қозғамауға тырысты. Ресми идеология да ақын жан
дүниесі мен ұлттық рухындағы маңызды мəселелерді қозғамауды қалады. Бар
назарымыз Жəңгірге қарсы қарулы көтеріліс тарихынан аспады. Бұл тарих
шындығын да адам танығысыз өзгерттік. Ресей идеологиясын не керек бол-
са солай өзгерттік Қарсы болғандардың не болғанын жұрт біледі. Қайталауға
өте ауыр. Бірер сөзбен бітетін тарих емес. Отаршыл Ресейдің айтқандарын
бұлжытпай орындаймыз деп жүргенде Махамбеттің көңіл-күй, жастық шақ
жырларының көбінен айрылып қалдық [6]. Мұндай шығармаларды жеке
бастың гөй-гөйі, жаңа өмір орнатуға қатысы жоқ деген əлəулайларға алдандық.
Бəлкім, амалсыз сенген болдық. Жоғалтып тындық. Ұмытылды ғой дегенге
көндік, көнбеуге қоймады, өйткені мұның артында күш қолдауда алдына жан
салмайтын Ресей тұрды.
Демек, Махамбеттің көңіл күй, дүниетанымдық, пəлсапалық жырла-
ры, бұрынғы зерттеулерде Махамбеттің ұлттық рухының қалыптасуы, да-
муы, пəрменді күшке айналуы бағытында мүлдем қозғалмады. Енді ше?
Егемендік алдық, тəуелсіз ел болдық деп жатырмыз. Бірақ, қазақ мемлекеттігі
мен бостандығы үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан хандар мен билерді,
сұлтандар мен ел билеген көсемдерді, батырларды, ақындарды жан-жақты
тереңдей зерттей алдық па? Білмеймін. Бітпейтін бір асығыстыққа тап болдық.
Еліміз үшін аса маңызды тарихи уақиғаларды, тұлғалар мерейтойларын атап
өттік, мұны істедік, қатырдық, – деген есеп үшін ғана істейтіндейміз. Содан
құтылдық па деген қуанышымыз, рухани азудың алдында тұрғандаймыз.
Ə. Кекілбаұлы Ұлы Махамбеттің ұмытылған шығармаларын іздестіру
мақсатында қолда бар шығармалар жұрнақтары арқылы жаңа дискурсқа кел-
ген. Ол ақын, батыр трагедиясының қаншалықты қасіретті екенін көрсетуде
оның жырлары поэтикасының өрнектерінде тұнған астарлы ойларға, мазмұнға
көіл бөлген. Бірақ, бұл əлі де тиісті деңгейде көрінбеген, жұмыстары жеткілікті
жаңа тақырыптардың басы.
Мұндағы интертекстер тіпті қозғалмаған тəрізді. Ал шынында бұл да аса
мəнді, əрі қиын мəселелерге бастайды. Жүз жылдан бері айтыла, айтыла тасқа
56
айналған ескерткіштер туралы қатпа пікірлерді орнынан қозғау мұлде оңай
емес. Əлі ортамызда соларға жақындасаң болды «баж» ете түсетін айқай-шу
көтеретіндер аз емес. Көптеген зерттеушілердің ақын өмірбаяны, лирикалық
өлеңдері деген тақырыптың маңыздылығын, ашылмай жатқан жұмбақтарын,
сырларын біле тұра, бұған бара бермейтіні көп қозғалмайтыны сондықтан.
Енді осы мəселені қолға алатын уақыт жетті. Алдымен ақын өлеңдерінің
тіліне, сонда бейнеленетін емеуіріндерге, сезімдер сыбырына ден қою керек.
Бейнеленген ой, сезімдердің мəтінаралық өрнектерін байқап көру біраз жай-
ларды байқатады. Мұны мұқият зерттесе бұрын айтылмаған, назардан тыс
қалған ойларды көруге, табуға, қозғауға болады. Өзің көрген, жақсы, анық
білген деректерді, шындықты айту кезек күттірмейтін маңызды нəрсе. Алайда
осыны іске асыру да оңай емес екені де белгілі...
Бірақ, басты мəселе осында тəрізді көрінеді де тұрады.
Қазақ елінің даңқты ұлы, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мем-
лекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ұлы Əбіштің, Əбіш
Кекілбайұлының өмірбаяны мен шығармашылына арналған зерттеулер енді
жазылады деген ойдамын
Егемен елді аяғына нық тұрғызуға Əбіш Кекілбайұлы үлкен үлес қосуты.
1993 жылдан бастап қиын екені біле тұра жоғары мемлекеттік қызметтерге
кірді. Бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналыса алмады. Бірақ бұл да
талантты қаламгерге бөгесін бола алған жоқ. Шығармашлық жоспарларындағы
үлкен арманы қазақ елінің Ұлы ақыны даңқты Махамбет туралы бала кезден
армандаған романын «Шандоз» деректі тарихи баянын жазып 2004 жылы жа-
риялады.
Алайда Ə. Кекілбайдың шығармашылық жоспарларында орындалмай
қалған талай аса маңызды істер бар еді. Солар туралы Əбіш Кекілбайұлының
жарты ғасырдан астам отасқан құдай қосқан жары, жазушының жанын түсініп,
жұмыс жасауына барлық жағдайын жасаған Клара Жұмабайқызы, Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау ісінің ардагері естеліктерінде айтады.
«Əбілқайыр хан туралы кітабын аяқтай алмай кетті. Алғашқы екі томы
шыққанда, оны əркім əртүрлі қабылдады. Əбілқайыр – қазақты Ресейге бодан
қылған сатқын» деген пікірде болды. Осыдан кейін Əбіш үзіліс жасап кідіре
тұрғанды жөн көрді. Ақыры ойға алған жоспары орындалмады. «Шіркін-ай
Бопай апамыздың да басын көтерсем!» деп армандайтын. 2005 жылғы инсуль-
ттен кейін, ол ойы да аяқсыз қалды.
Бұдан бөлек Шыңғыс хан туралы жазғандарға көңілі толыңқырамай, соны
жазсам дейтін. Көп əдебиетшілер құсап күнделік те жазбады. Кейде сұрайтын
едім: «Жұрттың бəрі күнделік жазатынын айтады. Осы сен неге күнделік
жазбайсың?» – деп. Сонда күліп: «Күнделік жазып не керек, мына басты
не үшін берді?», – дейтін. Сол айтқандай оқыған-түйгені – басында, көрген
əділетсіздіктері ішінде кетті. Күнделік жазбауының сыры осында шығар кім
білсін?!» [7, 13-б.].
57
Кім білген? Бұлардың өзге шешімдері де, жолдары да бар шығар, Бірақ,
Ұлы Əбіш Кекілбайұлының біздерге, ұрпақтарын қалдырған аманаты ретінде
қабылдауға да болатын шығар. Ойланайық.
Достарыңызбен бөлісу: |