Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет11/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбайұлы Ə. Шандоз. Деректі-тарихи баян. – Алматы: Арыс, 2004.
2. Мағауин М. Шаңғыс хан. Деректі тарихи хикая. (4 томдық) – Алматы, 
2011-2016.
3. Махамбет əлемі. Көптомдық. – Алматы: Арыс, 2004. 
4. Махамбеттану. Библиографиялық көрсеткіш // Махамбет əлемі. Көп том-
дық. 20 т. – Алматы: Арыс, 2004.
5. Алимжанов А. Стрела Иахамбета. – Алматы, 1969.
6. Боранбайұлы Т. Жəңгір хан. – Алматы, 2014.
7. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті мен тарихының мəселелері жəне Абай 
поэзиясының тілі. – Алматы, 1960.
7. Жұмабайқызы К. Ол ешкімге жамандық ойлаған жоқ // «Əбіш əлемі» 
Республикалық тарихи-əдеби, мəдени журнал. – 2017. – № 4. 
Г.Ж. Пірəлі,
ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
«Əуезов үйі» ҒМО-ның бас ғылыми қызметкері, 
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
Ə. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ƏДЕБИ ТҮС КӨРУ 
ТƏСІЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ƏЛЕМІ
Қазақ əдебиетіндегі көрнекті суреткерлер М. Əуезов, Б. Майлин, З. Шаш-
кин шығармаларында өрісі кеңіп, өз міндетін жаңа сапаға көтерген түс көру 
тəсілі Əбіш Кекілбаевтың шығармаларында өз шыңына жетіп, көркемдік, 
характерлік, символдық, мифологиялық, психоаналитикалық қызмет атқарар 
əдіс қана емес, тіпті түгелдей бір туындының тұтқасын құрайтын көркемдік 
тұтастыққа ие болды .
Əбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-
повестері бастан-аяқ түстен тұрады десе де болады. Бұл шығармалардың 
идеялық, көркемдік тұтастығын құрайтын түс-ішкі монологтың бір 
элементі ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан 
психологиялық процесті бейнелейтін бірден-бір тəсіл. Қазақ прозасында əдеби 
түс көруді талдауға соншалықты мəн беріп, одан үлкен философиялық, ой, 
əлеуметтік-қоғамдық мəселе көтеретін Əбіш Кекілбаевтың көркемдік əлемі 
əлі де ашылмай жатқан арал секілді.
Ендеше, Ə. Кекілбаевтың шығармаларындағы сюжетке арқау болған кейіп-
кер лерінің түс көру эпизодтарын еске алып көрелік. “Үркердегі” Əбілқайыр 


58
ханның түс көріп, оны сонша жерге ат арылтып досы Тайланға жорытуы, 
“Аңыздың ақырындағы” Кіші ханым мен Əміршінің түстері, “Күй” повесіндегі 
Жөнейттің, “Ханша-дария хикаясындағы” Гүрбелжін ханымның қыз күніндегі 
мен ерге шыққаннан кейінгі үнемі кіретін бір мазмұндағы түстері т.б. Бұл 
түстердің поэтикасын талдау, мағынасын оқып-тану /прочтение смысла сна/ 
арқылы біз көркем шығарманың шындығын, кейіпкердің бүкіл табиғатын, 
шын бет пердесін, ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегі құпия сырды, 
адам жанының психологиясына тереңдей енеміз. Біздің ұлттық əдебиетімізде 
ежелден қалыптасқан түс көру тəсілін талдау туралы ұғым-сенім,салт-дəстүр 
мен жору символикалары Ə.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң алып, 
олар үлкен əлеуметтік, философиялық, ғибраттық, психологиялық та қызмет 
атқаратын болды. Тіпті, жазушының көркемдік əлеміндегі əдеби түстердің адам 
тағдырын, оның қоғамдағы орны мен азаматтық ар-абыройын да түбегейлі 
өзгертіп, Ақиқат алдындағы қиянатын мойындатуға да мəжбүр ететін бейне-
леу құралы екендігіне көз жеткіземіз.
Өмірдің мəңгілік құндылығы да осы əдеби түстерді талдау тұсында кеңінен 
əңгімеленеді. Əдеби түстер мазмұны мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ 
пен мансаптың, байлық пен бақтың өтпелілігін тұспалдайды. Осы түстер 
арқылы философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, бүкіл адамзат 
баласына ортақ “мəңгілік құндылықтар”, кезең, орта, уақыт таңдамайтын 
мəселелер жөнінде ой толғау тек Ə.Кекілбаев түстеріне, оның қаламгерлік 
қуатына тəн қасиет.
Сондай-ақ, жазушы əдеби түстерді сюжет құруда жəне шығарманың бүкіл 
көркемдік-құрылысын ажарландыруда бірден-бір айшықты бояу, бейнелеу 
құралы ретінде қолданылады. 
Негізі, Ə.Кекілбаев əдеби түс көруді шығармасына енгізу арқылы адамның 
жан күйін,ішкі сезім құбылыстарын қазбалай, қадағалай зерттеуді мұрат 
тұтады. Тіршілікте ешкім елеп-ескере қоймайтын түс көруді талдау мен 
жорудың поэтикалық суреттемелері Ə. Кекілбаев үшін нені меңзейді, нені 
тұспалайды? Жазушы кейіпкерлерінің көрген түстері оқушысын түпсіз 
ойларға, философиялық толғаныстарға тіреп қоятыны неліктен?
Шынында да Ə. Кекілбаевтың əрбір шығармасында Түс – Ақиқат. Олар 
оқушысына ақыл айтпайды, жол сілтемейді. Ол тек тұспалдайды, ой толғайды, 
өмір мен өлім, тазалық пен настық (адам жанының), қуаныш пен қасірет, 
адалдық пен жауыздық т.б. арасында өмірі ымыраға келмейтін қайшылықтар 
мен қақтығыстар жайлы сыр шертеді. 
Əбіш шығармаларындағы əдеби түс көру тəсілдері “мəңгілік құндылық” 
жайлы философиялық ойларға жетелейді. Бірақ нұсқау бермейді. Əдебиеттегі 
түсті кім, қалай түсінеді, кім қалай жориды, неге тұспалдайды содан өз 
қорытындысын шығарып алады. Міне, Ə. Кекілбаевтың түсті қолданудағы 
көксеген мақсаты да осы. Əдеби түстегі символдық, мистикалық көріністер 
романдағы өмір шындығымен үндесіп, кейіпкердің бастан кешкен өмір азап-


59
тары мен жан қозғалыстары психоаналитикалық тұрғыдан тереңдетіле талда-
нады. Əдеби түс көруді талдаудың поэтикасы көркем туындының сюжеттік-
композициялық құрылымымен тұтас қарастырылса ғана баянды болары хақ.
Енді бір сəт осы əдеби түстердің өздеріне, олардың берілу түрлеріне де 
тоқтала кетейік. 
“Аңыздың ақыры” романындағы “Махаббат” атты тараудан бір үзінді: “...
Бауыры от құшақтағандай өртеніп барады. Ол төсегіне батылсыз енген жас 
жігіттің мойнына оратыла кетті. Бұның баяғыдан бергі сарылып күткен ыстық 
іңкəрі басқа ешкім де емес, тек осы ғана...” [1, 151-б.]. Бұл – Кіші ханымның 
түсі /женские сны/, екі бетке созылып əйелдің есін алған шебер жігіттің ыстық 
құшағы түс емес тап өңдегідей, яғни бұл көрініс бар ашық бояуымен бейнелен-
ген. Өйткені, адамның бейсаналы сəттері оның көптеген құпияларын ашудың 
таптырмас тəсілі. Сана актісін құрайтын əдеби түс көруді талдау кезінде өтірік 
өрге баспайды. Сіздің күндізгі еркіңізге көніп, жасырын жатқан іңкəр сезімді 
де оқыста опасыздықпен əшкерелеп қоятын да осы – Түс. Абайдың ел-жұрттан 
жасырып, тек жүрегінде ғана сақтап-жаттап жүрген жалғыз есім – Тоғжан еді. 
Ұл-қызы бар, некелі жұбайы болса да, елге танылған атақты Абайды да естен 
айырып, “Тоғжан” деп толғандырып қойған осы Түс емес пе еді? Бөгде жұртта, 
əсіресе Тоғжан деп тіл қатуға қақысы жоқ Тоғжанның қайын елінің көзінше – 
“Жаным! Асылым. Барым бір өзің”, – деп бар сырын жұртқа жариялатып, ішкі 
əлемін əшкерелеген де осы – бейсаналы түс көру процесі ғой.
Бұл – əдеби түс көрудің тек шындықты əшкерелейтінін дəлелдейді.
Кіші ханым да күні бойы алыс сапардан оралған Əміршіні ойлап, аңсап, 
бар жан-тəнімен соған бағышталды, бірақ түсінде шебер жігіттің шырмауы-
нан шыға алмай қалады. Өйткені, ол өтірік өрге баспайтын түс өлкесінде, өзге 
əлемнің ішінде жүр. Ешқандай ақыл-еске, ырыққа көнбейтін бейсаналы елінде 
саяхатта жүр. Күндізгі өзін-өзі алдаусыратқан алдамшы, жалған өмірден өзге 
шынайы өмір, шындық пен тазалықтың, адалдық пен Ақиқаттың аулында, ол. 
Өзін-өзі алдайын, ұстайын десе де, ерікке көнбейтін түн, түс деген тылсым 
күш оның бүкіл шын бет-пердесін ашып тастады. Өзі де білмейтін, сезбейтін, 
тіпті мойындамайтын жүрек сырын əдеби түс əшкерелеп берді. Ұйықтап 
жатқан адамның қимыл-қозғалысын, дене қалпын зерттеген психиатр Самю-
эл Данкелл түс көру сəтінде ашылған ақиқат алдында кімде болса дəрменсіз 
екендігін ескертуі тегін емес. Өйткені ол күндізгі маскировкаға көнбейтін шы-
найы шындықтың қайнар көзі екендігін ескертеді. Сол себепті де Ə.Кекілбаев 
түстің осынау психоаналитикалық, символдық, көркемдік мүмкіндіктерін 
кеңінен пайдала білген.
Романның үзіліссіз бір үндестікпен дамып келе жатқан оқиға желісі түс 
сюжетімен үзеңгілесіп, сол қалпында дами береді. Біз оқып отырған үзіндінің 
сана актісі екенін Кіші ханымның түс көру барысындағы ілеспе ішкі күдігі, 
өз болжауы арқылы анықталып жатады: “Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең 
жайды барша жарық жалғаннан көлкештеп тұрған алтын шайған ауыр есік 


60
сықырсыз ашылып, аяғының ұшынан басып əлдекім ішке өткендей болды”. 
Мұны алғашында түс емес, елес, көзге елестету екен деп қаласыз. “Кірді де, 
одан арғыға батылы жетпегендей босағада тұрып қалды... Апыр-ай, кім бол-
ды екен. Ханым оны танитын сияқты... Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-
күнде көріп жүрген біреуі тəрізді. Бірақ жыға тани алмады...”. Осылай ұзаққа 
созылған түс-елес сана астарында Кіші ханымды біраз əуре-сарсаңға салады. 
Ол ұзақ уақыт мұның кім екендігін білмей, бет-жүзіндегі бейвербалды иша-
раттарды, сыртқы психологиялық қимыл көріністерді қадағалаумен болады, 
сосын ғана шырамытады, шебер жігітті. Өңінде өзіне ғашық болып, үздіккен 
жас жігіттің түсінде батылы жетіп бұған келуі Кіші ханым үшін тосын жəйт. 
Екеуінің де ішкі бір іңкəрліктерін үйлестірген бұл түс ынтық сезімнен туған 
сананың сəулесі екені сөзсіз. Өңінде шебер жігіттің салып жатқан махаббат 
мұнарасында мөлдіреп тұрған мөп-мөлдір сезімді күнде көрсе де мойындағысы 
келмеген Кіші ханымның да жүрек түкпіріндегі жасырын сырын əшкере еткен 
бұл əдеби түс ең бастысы, ұлы Əмірші алдында сыр алдыртып қояды. Оқып 
көрелік: “Иə, ол өмірінде өз күйеуінің алдында, Əміршінің алдында жалғыз-ақ 
рет күнə істепті. Онда да өңінде емес, түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. 
Бірақ сол жалғыз қылмысының өзін Əмірші иенің қырағы көзі қалт жібермей, 
үстінен шығыпты. Бұның бөлмесінде көп аялдамағаны – əйелінің түсінде шай-
тансырап жатқанын өз көзімен көргені ғой, ашулы шыққаны – бұның түсінде 
өзге еркектің құшағына кіріп, құштарлыққа берілгенін түсінгені ғой...” [1, 152-
б.].
Бұл түстің көркемдік-эстетикалық қызметі мен философиялық құндылығы 
мынада-жан мен жүректі жегідей жер сезім, ғашықтық дерттің қандай да 
бір сезімдік-эмоционалдық құбылыстарды, яғни бейсаналы сəттердегі 
психологиялық процестерді паш ету. Осындай терең ой, үлкен философиялық 
тұжырымға тірейтін түстің роман оқиғасын одан əрмен əрлеп, ажарландыра 
түсері хақ. Мұндағы əдеби түс көруді талдаудың кейіпкерлердің мінез-құлқын, 
болмыс-бітімін, күрделі ішкі жан дүниесін ашудағы атқарар қызметі де орасан 
зор.
Адам атаулыға тəн тəжірибеге сүйенсек, əркім көрген түсінің мағынасын, 
оның себеп-салдарын іздейтіні табиғи құбылыс. Сондықтан да Ə.Кекілбаев 
шығармаларындағы түс көрушінің түсі де, ондағы оқиға да оқушысын 
ойландырмай қоймайды. Жəне олардың бəрі де романдағы шындықтан 
алшақтамайды. Олар бейне бір суреткер-автордың философиялық ойлары 
жинақталған, өз бетінше аяқталып тұрған аңыз-əңгіме, новелла секілді. Егер 
де Ə.Кекілбаевтың көркемдік əлемінен əдеби түс көруді алып тастар болсақ 
көркем шығарманың құндылығынан түк те қалмас еді.
Негізі Ə.Кекілбаевтың кейіпкерлері ерекше түстер көреді жəне оны автор 
да асықпай, толыққанды түрде баяндайды. Өйткені, Ə.Кекілбаев стиліндегі 
өзгешеліктің өзі осында, яғни əдеби түс көруге қатысты психологиялық 
құбылыстарды жинақтап, оның түрлі берілу пішіндерін парықтап, түгендеп, 


61
жан-жағын жұмырлап, теп-тегіс əрі толыққанды, көлемді етіп беру. Жəне оның 
кейіпкерлерінің көрген түстерінен, оны жору суреттемелерінен сол кезеңнің 
лебі сезіліп тұрады. Кейіпкерлерінің түр-сипаты да,сөз саптауы да, ойлау 
жүйесі де, тұрмыстық ұстанар заттары да сол дəуірге сай туған. Сондықтан 
да көңілге күдік ұялатар көрініс, нанымсыз оқиға оның шығармаларында 
кездеспейді. Соның бір дəлелі де осы – Кіші ханымның түсі. Көркем əдебиеттегі 
түс көрушінің ұйықтар алдындағы, түс көру сəтіндегі, тіпті түстен кейінгі дене 
мен ішкі жан сезімдеріндегі əрбір психологиялық құбылысты қалт жібермей 
кеңінен толғап, тереңнен қозғаған қаламгер қатаң бақылаушы, қыбыр еткен 
қозғалысты аса қырағылықпен қадағалауға құмар.
Дүниеде тəн опасыздығынан ой опасыздығының ауыр екендігін ежелден 
жақсы білетін Əмірші жан мен сананың өзгеге арналғандығын кешіре алмады. 
Осы опасыз Түс кесірінен он саусағынан өнері тамған жас жігіт екі бірдей көз 
бен қолдан айрылып, домаланған тас секілді зынданға тасталды. Кіші ханым 
кешірілмес күнəға батты.
Жазушы əдеби түсті, одан кейінгі ой-толғаныстарды, сезім мен ой 
қайшылықтарын, атап айтқанда ашу-кек, опыну мен ақталу, өзекті өртеген 
өкініш пен налу, күйзелу мен күйреу т.б. секілді толып жатқан ойлау 
процесінен туындап жатқан сыртқы психологиялық сəттердің т.б. бірінде не 
көзден не көңілден таса етпей егжей-тегжейлі баяндайды. Жəне ол баяндау-
лар үстірт, сырттай бақылаудан туған оқиға тізу емес, əрбір қалт еткен қыбыр-
қимыл арқылы ой айту, образ ойнату, өмірдің өміршең өнегесін көксеу адам 
тағдырының мəңгілік құндылықтарын меңзеу бар. Оны да бір сəт бақылап 
көрелікші:
“Сүйегін сүйреткен ебіл-дебіл бір хал. Енді ханымға бұл дүниеде, бұл 
тіршілікте ешқандай қызық қалмағандай. Дарға асса да, басын шапса бəрібір, 
өз күнəсін, өз қылмысын мойындап болған... Көңілін түсінде жеңген əзəзіл 
өңінде жеңбей ме?.. [1, 153-б.]. Өз қылмысын өзі осылай мойындаған /
мойындауға мəжбүр еткен-түсі Г.П./ Кіші ханым Əміршіге деген адал көңілі, 
ендігі өмірінің мəнсіздігі т.б. туралы ой арпалысына түседі. Оның бүкіл өмірін 
өксітіп қойған бұл түстің нендей құдіреті бар? Кіші ханымды да, Əміршіні 
де, оқушысын да ойлантып қойған осы əдеби түс. Оның айтпағы – тек ой 
опасыздығы ғана емес оны жүзеге асырып отырған табиғат пен Ар-Ақиқат 
алдындағы адам атаулының əлсіздігі.
Кіші ханым шебер жігіттің таза да адал махаббаты алдында əлсіздік та-
нытса, Əмірші – Табиғат пен Ақиқаттың алдында, яғни Кіші ханым мен ше-
бер жігіттің жастығы мен таза махаббатын “күш – айбат”, дақ пен байлық 
арқылы табындырып, жас жүректі жаулап алмасын мойындайды. Романдағы 
кейіпкердің түс көру үзіндісін талдау міне, осындай мəңгілік мəмлеге келмейтін 
жас пен кəрінің, тазалық пен байлықтың, махаббат пен жауыздық секілді екі 
əлемнің қақтығысын, сезім сəйкессіздігін астарлап жеткізеді. “Жұмыр басты 
пенденің кез-келгеніне лайық күйбең тірліктің қарапайым рахатынсыз қонған 


62
бақ пен даңқтың қай-қайсысы да соқыр тиынға тұрмайды екен” [1, 175-б.]. Бұл 
– Əміршінің əлгі түстен кейін сол түске қатысты үш адамның (Кіші ханым, 
шебер жігіт, өзі – Əмірші) тағдырын толғана келіп түйген түйіні.
“Аңыздың ақыры” дейтін төртінші тарауда Əміршінің өз түсі баяндалады. 
Мұнда да жазушының терең ойлы, əлеуметтік-философиялық мəн-мағынасы 
терең адам жанының ішкі иірімдеріне үңгірлей, қазбалай үңілетін айшықты 
стильдік мəнері айқын көрініп тұр. Дарынның кəсіби даралық шеберлігі де 
осы түс көру тəсілін ерекше бейнелеп беруімен ұштасып жатқандай. 
Оқылық: “Ол мынау қарғыс атқан қағынды өлкеден алыстаған сайын 
басындағы зіп-зілдей тəжден, үстіндегі оқалы киімнен арылып, тұла бойы 
жеңілейіп бара жатқандай көрінді. Бір уақытта тіпті иығындағы лыпа ихрамға 
айналып кеткен екен дейді...”. 185-188 беттерге дейін созылған əдеби түстің 
қысқаша мазмұны осындай. Автор Əміршінің көрген түсін ертеңіне еске ала 
отырып, ондағы əрбір детальға, əрбір іс-əрекет пен оқиғаға талдау жасау 
арқылы жадында қайта жаңғыртады: “Есіне таң алдында көрген түсі оралды. 
Анау қарлы шыңдар түсіндегі Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мəрудың 
күйген бауырдай қоп-қоңыр шоқыларына, көп шуылдақ қиқу салып аң қуып 
жүрген көк жасыл қойнау аяғыңды бассаң бұрқ-бұрқ шаң ұшқан Мин алқабына 
атымен ұқсамайды. Алайда, түсінде көрген өңірдің шаң-тозаңы, ыстық жалап 
кеткен топырақтың күңірсік иісі көкірегіне біржола орнап қалғандай. Ғұмыры 
көрмеген алыс өлкенің көз алдына тап осынша анық сайрап келе қалғанына 
қайран қап отыр. Əлде қажыға сан рет барып қайтқан пірінің əңгімесінің əсері 
ме екен. Кешелі-бүгін ойына да алмаған жер түбіндегі киелі өлке бұның түсіне 
неге кірді? Əлде ата-баба бұған басындағы мына дағдарыстан қалай шығудың 
жолын меңзеді ме... Шынында да, осы хажыға неге бармайды?... [1, 191-б.]. 
Осылай өз түсін өзі ұзақ ойға беріле отырып, болжауы осындай тосын түйін 
жасатты. Көркем туындыдағы əдеби түс-географиялық та, математикалық 
та өлшеуге симайтын тек көркемдік уақыт пен кеңістік секілді категорияға 
тəн шексіздігі мен еркіндігін де осы жерде айқын көрсетеді. Жер жаһанды 
жаулаған Əмірші болса да ғұмырында бір рет жолы түспеген өлкені тап 
өңінде көргендей тау-тасына, топырағына дейін анық көріп, Құранды да өз 
құлағымен өңіндегідей естуі, елге сүйдірген қағбаның бұдан қашып сүйдірмей 
қоюы да тек əдеби түс көруді талдау арқылы жүзеге асатын қиял-ғажайып 
оқиғалар, эмоционалдық, психологиялық, сезімдік құбылыстар, эстетикалық 
құндылықтар екендігін дəлелдей түседі. 
Əдеби түсте бейнеленген оқиғаның өтіп жатқан жері – Мин алқабы, мұнда 
түс көруші кейіпкер көп сынақтан өтеді. Мұндай сынақ роман кейіпкерінің 
басына түскелі отыр. Көркем шығармадағы əдеби түстегі пейзаж кейіпкер 
өміріндегі табиғатпен мүлдем қайшы. Əмірші аулындағы қарлы шыңдарға 
Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мəрудің шаң басқан шөлі кереғар. Бұрын-
соңды өңі түгілі түсінде көрмеген бөтен өлкеде Əмірші өмірінде білмеген 
қорлықтың, сынақтың бəрін көріп бағады. Əлемді билеген Əміршімін деп 


63
ойлаған ол да көп пенденің бірі екен. Тіпті түсінде кім-көрінгенге ұстатып 
жүрген қағба тасының бұл келсе ұстатпауы да көңіліне күдік ұялатып, ойын 
аласапыран етеді.
Ə.Кекілбаев өз шығармаларындағы түстерде ертегілік уақытты /сказочные 
время. М.Бахтин ендірген термин. – Г.П./ көп қолданады. 
Əміршіні əрі-сəрі күйге бөлеп, арғы-бергі күнəларын тізуге мəжбүр еткен 
əдеби түс одан арылудың да жолын қарастыруға жөн сілтейді. Ол қажылыққа 
барғысы келіп, үнемі түс жорытып, əр жорық алдында батасын алатын Піріне 
келеді. Алайда ол: “ – Жаратқан ие, ата-баба, желеп-жебеуші, əулие-əмбие, ақыл 
қосса, ол тұспалдары соқырға таяқ ұстатқандай сайрап тұрады. Кие үркіткен, 
əруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан, – деді де тыйылып қалды” [1, 
197-б.]. Далалық жұрағаттар жады мен өмірлік-тəжірибелік болжамында сан 
ғасырдан бері орын алатын діни-мифтік, этнографиялық салт-сананы таны-
татын түсті тек жақсылыққа жоруға тырысқан. Əмірші түсі жаманшылықты 
тұспалдаса да өзі іштей жақсылықты тілеп келсе де Пірі ыңғай бермеді. 
Əміршінің рухани күйреуі, міне, осы тоқырау түсінен басталады.
Əлгі түстен кейінгі тынышын тонаған сансыз сауалдарына көңіл орны ғатын-
дай жауап ала алмаған Əміршінің көңіл күйзелісі, күдік пен күмəнға толы көңіл-
күйі жан дүниесіндегі арпалыс шығарма соңына дейін үздіксіз жүріп жатады. 
Жалғандағы жалғыз жанашыр деп жүрген Пірінің өктем пішінінен, жарытым-
сыз сөзінен соң біржола өмірден безген Əмірші рухани тоқырауға, адамдық, 
моральдық тұрғыдан күйреуге ұшырайды. Кеше ғана бүкіл ғұмырының мəн-
мағынасына айналған ел билеу секілді астамшылық ой-арманы осы түстен 
соң-ақ аяқасты болып, күл-талқаны шығады. Тіпті, мына өмірден баз кешіп, 
Қажылыққа да барғысы бар, күнəсінен айрылғысы да келеді. Бірақ, Пірінің 
пұшайман пішінінен соң, күрт өзгеріп, тынышын тонаған беймаза тірліктен, 
осынау опасыз дүниеден біржола безудің бірден-бір жолы жорық, ұлы жорық 
деп шешеді де шұғыл сапарға аттанады. Бұл сірə, соңғысы да болуы мүмкін?! 
Əрі оның жұмбақ əлемінің шешуін осы ұлы шайқастар шешіп бермесіне кім 
кепіл?!
Бұл туындының өн бойында осылай өріліп, кейіпкерлерінің ішкі жан 
дүниелеріне жаңаша жол аша білуі, олардың алуан түрлі хал-ахуалын, көңіл-
күйін, психологиялық жағдайларын баяндау шығарма сюжетін дамытуға 
дəнекер болады. Əрі бұл əдеби түстер оқиғаны өрбітер өлке ғана емес, тап 
сол жағдайды туғызатын үзік бір үзіндінің өзі болып табылады. Мұның өзі 
жазушы шығармашылығындағы əдеби түс поэтикасын танып-түсінуге түрткі 
болары сөзсіз. Ə. Кекілбаев шығармашылығына фантастикалық-реалистік, 
иллюстративті-психологиялық жəне сюжетті түс көріністері тəн. Шығарма 
сюжетіне тірек болатын мұндай əдеби түстер оқушының ойында мəңгі 
сақталады. Сондықтан да оның түстерін рет санымен санамалап, циклды 
түстерге жатқызуға болады. Айталық, кіші ханымның түсін бірінші түс десек, 
əміршінің түсін екінші деп реттеуге болады.


64
Екінші, Əміршінің өз түсіне тоқталайық: “...Жан даусы шығып: “Хақ тағала 
қай қызметіңе де əзірмін, – деп айқай салып келеді. “Тек жұртқа жасаған 
мейіріміңді маған да қия гөр”, – деп екі етек боп жалбарынып келеді. Бірақ 
тірсегінен қағып өтіп, шыркөбелек үйіріліп, шыр айнала қашып жүрген 
қағбаның қасиетті тарғыл тасы бұған бəрібір жеткізер емес” (186-б). Мы-
надай ауыр жазаға қай пиғылынан тап болғанын, оны неге жорырын білмей 
дағдарады. Кейіпкердің көркем шығармаға бергісіз мазмұнды, əрбір дета-
лына дейін айқындалған мұндай шынайы, күрделі оқиғалы түстегі əлем, 
кісі күтпеген көптеген оқыс сезімдік психологиялық көріністерімен көкейде 
қалатыны бар. Əміршінің түсі, міне, осындай сюжеттік оқиғаға бай, романның 
көркемдік құндылығын арттырып тұрған символдық, мифологиялық, 
психоаналитикалық сана актісі екендігін айқындайды.
Сондай-ақ оған аң аулауға барғанда оқыстан шыға келген жолбарыстың 
неліктен бұған шаппағаны қосымша болып, қайғы үстіне қайғы жамағаны 
белгілі. Жолбарыс қарсы алдында тұрса да ол өзінің көрген түсі туралы ойла-
нады, оның шешуін тапқандай болады: “Түсіндегі тастың мұны маңайлатпай 
қойғаны мынадай тосын ажалға көрінген екен” дейді. Алайда ол тірі қалады, 
есін жиып садағымен атып алған олжасы арасындағы осынау қас-қағым сəтте 
түсіндегі қара тас секілді Ажалда бұған ұстатпай кетеді. Мұны да жаман 
ырымға санаған Əмірші енді өзінің Піріне барып, “анау күнгі түсі мен тосын-
нан тап болып, бірақ шаппаған жолбарыс жайын айтып” жауап тосады. Ол 
тағы да: “Кие үркіткен, əруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан”, – 
дейді де қояды.
Міне, бұлардың бəрі қаламгердің адамды қайта тудыруға жəне жаңартуға 
тікелей əкелетін тоқырау түстерінің (кризисных снов) үздік үлгілері екендігін 
атап айту керек. Жоғарыда атап өткен Əмірші, Жөнейт, Кіші ханым, т.б. секілді 
жарты əлемді билеген адамдардың тоқырау түстерден соң Адам, Ақиқат, 
Ажал, Тағдыр алдындағы “аллаларын танып”, өздерінің қанды қолдарымен 
жеткен жеңістері мен даңқтарының өткіншілігіне өкінеді, жерінеді, мүлдем 
жаңарады немесе біржола күйрейді. Мұның бəрі тоқырау түстерінің əдебиетте 
маңызды роль атқаратынын айғақтайды. Кейіпкерлерге өмірді басқаша 
қырынан танып, түсіндіруге тырысқан мұндай тоқырау түстер Ə.Кекілбаев 
шығармашылығында көптеп шоғырланған. Сондықтан да Ə.Кекілбаевта түс 
көрмейтін кейіпкер кемде-кем. Жəне олар жəй түс көрмейді. Олардың түстері 
өміріне өзгеріс əкелетін, кейіпкерлердің жан дүниесін, өмірге деген көзқарасын 
түбірінен жаңартатын түстер. Оған Əбілхайыр, Əмірші, Жөнейт т.б. түстері 
куə. Олардың бəрі де түстерінен соң өздерінің қанды қолдарымен қиратқан 
“Өмірдің мəңгі құндылықтарының” қадіріне жетіп, бағалай бастайды. 
Негізі Ə.Кекілбаевтың кейіпкерлері ерекше түстер көреді жəне оны автор 
да асықпай, толыққанды түрде баяндайды. Өйткені, Ə.Кекілбаев стиліндегі 
өзгешеліктің өзі осында, яғни əдеби түс көруге қатысты психологиялық 
құбылыстарды жинақтап, оның түрлі берілу тəсілдерін түрлендіріп, ажар-


65
ландырып беру. Жəне оның кейіпкерлерінің көрген түстерінен, оны жору 
суреттемелерінен сол кезеңнің лебі сезіліп тұрады. Кейіпкерлерінің түр-
сипаты да, сөз саптауы да, ойлау жүйесі де, тұрмыстық ұстанар заттары да 
сол дəуірге сай бейнеленген. Сондықтан да көңілге күдік ұялатар көрініс, на-
нымсыз оқиға оның шығармаларында кездеспейді. Соның бір дəлелі де осы 
– Кіші ханымның түсі. Көркем əдебиеттегі түс көрушінің ұйықтар алдындағы, 
түс көру сəтіндегі, тіпті түстен кейінгі дене мен ішкі жан сезімдеріндегі əрбір 
психологиялық құбылысты қалт жібермей кеңінен толғап, тереңнен қозғаған 
қаламгер қатаң бақылаушы, қыбыр еткен қозғалысты аса қырағылықпен 
қадағалауға құмар.
Ə.Кекілбаевтың “Күй” повесінде де Сырым деген жігіттің Құрбан қариядан 
естіген Жөнейт батыр туралы хикаясы да бастан-аяқ түстен тұрады. Күй 
шежіресіне айналған бұл аңыз-əңгімеде Жөнейт батырдың ұлы Дəулет күйшінің 
жауға барып, қайтыс болғаны, оның құнына əкелінген қазақ күйшісін тірідей 
жерге көмгелі батырдың көрген күні азаппен, түні түс көрумен өтеді. Өмірі 
мен өнері Дəулетінен айнымайтын күйші күн сайын өз баласы болып түсіне 
еніп Жөнейттің өзін ажал құштырады. Күн мен түнін ауыстырып, ақыл-есінен 
айрылғандай ахуал кешкен Жөнейттің күні күн емес. Ол ашумен күйшіні тірідей 
жерге көмдіргенімен кейін жаны ашып, талай түн кірпік ілмей құтқарудың да 
амалын ойластырады. Бірақ Жөнейттің бар ойы, тіршілігі, көңіл-күйі күн сай-
ын енетін үрейлі түстері, жанын тонаған жан азабы арқылы ғана жүзеге аса-
ды. Осы орайда, шығармадағы кейіпкердің үздіксіз көретін түстеріне əдеби 
талдау жасау нəтижесінде ол қандай көркемдік қызмет атқарып тұр? Жазушы 
бұл психологиялық бейнелеу құралын қалай, қандай мақсатта пайдаланады? 
Бұл повестегі əдеби түс көруді талдаудың өзге шығармалардағы түстерден 
айырмашылықтары мен ерекшеліктері қандай? деген сауалдарға жауап беру 
үшін жазушының өз тəжірибесіне сүйене отырып қана ой-пікір айтуға болады. 
“Күй” повесінде шым-шытырық оқиға жоқ, онда тек ой бар, Жөнейттің 
күндіз жорудан, түнде көруден жалықпайтын түсі бар. Тіпті, шығармадағы 
оқиғадан түс көру эпизодын бөліп алып тастауға мүлдем болмайды. Өйткені, 
олар біртұтас дүние. Бір леппен, бір деммен беріледі. Мəселен: “Ояуында 
көңілін паршалап жан жүйесіне уша сіңіп қалған ойран ой ұйықтаған соң да 
мазалады. Көзі ілініп кетсе, аяғының астында жыланша ирелеңдеген қу то-
мар жатқан, қарсы алдыңнан шабынған буыршындай кеудеңнен қағып, алапат 
бұталар аңдаған қара түлей келеді...” деген секілді кілең жүйелі ой ағымына 
кеңінен орын беріп, көңілдің ала-құйын асау сезімін селдете жөнелген 
суреткердің дара стильдік ерекшелігі, ойлау сипаты, көркемдік əлемі “ə” де-
геннен назар аудартады. Үлкен өнері бар да қандай өлімге де бас имейтін 
тəкаппар тұтқын күйші тағдыры мен оның аянышты өлімі туралы жазушы 
толғанысы сана актісі арқылы айшықталады. Туындының өн бойында өріліп 
тақырыпқа тұтасқан түс мазмұны тұтқын күйшіні қалай құтқарудың амалын 
таппай тордағы арыстандай аласұрып, беймаза күй кешкен Жөнейттің жан 


66
азабына құрылған. Түс пен өңнің арасындағы бейсаналы сəттер, эзотериялық 
жағдайдағы сезімдік құбылыстарды образды түрде айшықтаудың таңғажайып 
түрлерін асқан шеберлікпен пайдаланған Ə.Кекілбаев батыр Жөнейттің ішкі 
бір үрейінен, рухани күйреуінен, тынымсыз алас ұрған көңіл-күйінен хабардар 
етеді. Күн мен түннің, анық ақыл мен шатасқан ойдың арасалмағын ажырату-
дан қалған Жөнейтке тұтқын күйшінің өз баласы Дəулет болып көзге елестеуі 
де сенімді. Əдетте, əдеби кейіпкердің түсі кəдімгі өмірдегі адамдардың түсіне 
мүлдем ұқсамайтындығы түсінікті. Негізі көркем шығармада түс автордың 
қалауына қарай белгілі бір психологияның заңдылығына байланыстырыла 
пайдаланатындығы белгілі.
Жөнейт өз түсінде кеше ғана өз қолымен көмген тірі тұтқынды енді 
құтқарғысы келіп алас ұрады: “...Жаным-ау ...Мынау Дəулет пе? Бұл қайдан 
жүр? Аңтарылып тұрып қалды. Баласы жүзін қырын сап, бұған қарамайды. 
Жөнейт баласын жер астынан қазып алғысы кеп, қос қолдап тырналай баста-
ды. ...Қарғам-ау, неге үндемейсің?” Өзінің əлем-тапырық даусынан өзі оянып, 
көзін ашып алды” [262 б]. Кейіпкердің əдеби түс көру процесі мұнда көркемдік 
тұрғыдан талданады. Жəне əдеби түс көруді талдау мен одан кейінгі күрделі 
көңіл-күй күйзелісі сюжеттің өрбуіне сəйкес оны жүргізетін эмоциялық тон, 
психологиялық хал-ахуал құрады. Жөнейттің бірінші күнгі түсінен соң-ақ 
ұйықтау мен ояну мезеті психологиялық тұрғыдан өте толыққанды түрде 
баяндалады. Егерде автор осы екі аралықтағы байланысты үзіп алған бол-
са шығармадағы бүкіл көркемдік-психологиялық шындық нанымсыз болып 
қалған болар еді. Жəне əдеби түстің өзінен гөрі одан кейінгі кейіпкердің ой-
лану сипаты, күрделі психологиялық процесс бүкіл шығарманың сюжеттік- 
композициялық мазмұнын тереңдетіп, түстің психоаналитикалық қызметін 
жан-жақты танытуға үлес қосары сөзсіз.
“Анау бір күні түсінен шошып оянып, кешке дейін ес жия алмай қойды. 
Қара түлейден шыға келсе-күйшіге бір көк шулан бөрі тісін ақситып, желкесін 
күдірейтіп тап-тап беріп тұр. Көре сала мылтығын оқтап еді. Күйші: “Атпа! 
Оны атқанша мені ат! – деп шыңғырды. Бөрі мұны көріп безе жөнелді...” [1, 
264-б.].
Күйші туралы күн сайын енетін түсі ақыры Жөнейтті өлімге алып келеді. 
Күн-түн ойынан бір кетпейтін күйші тағдыры оның “Күні кеше намыс қуған, 
кек қуған еңіреген ермін” деп ойының күлін көкке ұшырып, “кек”, “намыс” 
деп босқа лепіріп жазықсызға тырнағы, нақаққа найзасы батқан желбуаз 
жендетке айналғанын мойындатқандай еді. Жөнейт батырға өңінде бір кісі 
айта алмайтын Ақиқатты – əдеби түс, оны жорудың символикасы тұспалдап 
жеткізіп отыр. Аңыз-əңгімеге құрылған бұл түс бір емес бірнеше күн қатарынан 
енетін болды. Тіпті, түсін жорытып, көңілін аулағысы келіп Темір бабасына да 
барады. Алайда, оған атағы жер жарған əулиенің өзі “жүні жығылып, ықтап 
кеткендей көрінеді”. 
Бүгін де көргені сол түс, сол айдаладағы құм ішінде өлімін күткен күйші 
кейпі қайталанды. Мұнда күйшінің басы қу басқа айналыпты: “Ендеше, сол 


67
күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?”, – деп тісін ақситып, сақ-сақ күледі. 
Бұл түсі. Жөнейт қу бастан сырт айналып қашамын деп, сүрініп құлап, мерт 
болады. Бірақ, бұл түсі емес, өңі еді. 
Мұндағы не ақылсыздыққа не өзін-өзі өлтіруге алып келетін күйреу /сон-
катастрофа/ түсі кейіпкердің өліміне себепкер болады. Өнері бар адамның өмірі 
өшпек емес. “Өнер құдіреті кім-кімді өз алдына бас идірмек” деген ақиқатты, 
философиялық ой-түйінді тұспалдайды, Ə. Кекілбаевтың əдеби түстері.
Міне, бұлардың бəрі қаламгердің адамды қайта тудыруға жəне жаңартуға 
тікелей əкелетін тоқырау түстерінің (кризисных снов) үздік үлгілері екендігін 
атап айту керек. Жөнейт жан алқымын алған тоқырау түстерінен соң Ақиқат 
пен Ажал алдындағы “Алласын танып”, өзінің қанды қолдарымен жеткен 
жеңістері ме өткіншілігіне өкінеді, жерінеді, мүлдем жаңарады немесе 
біржола күйрейді. Мұның бəрі Əбіш шығармаларындағы тоқырау түстерінің 
əдебиетте атқарған көркемдік міндеті мен оның кейіпкердің ішкі əлемін 
əшкерелеудегі маңызды рөлін айқындап береді. Кейіпкерлерге өмірді басқаша 
қырынан танып, түсіндіруге тырысқан мұндай тоқырау түстер Ə.Кекілбаев 
шығармашылығында көптеп шоғырланған. Сондықтан да Ə.Кекілбаевта 
түс көрмейтін кейіпкер кемде-кем. Жəне олар жəй түс көрмейді. Олардың 
түстері өміріне өзгеріс əкелетін, кейіпкерлердің жан дүниесін, өмірге деген 
көзқарасын түбірінен жаңартатын ерекше түстер. Оған «Күй» повесіндегі 
Жөнейттің түстері куə. 
Қазақ жазушыларының ішінде дəл Əбіш Кекілбаевтай əдеби түс көруге, оны 
талдауға терең мəн берген, оның мағыналық мəнін, табиғатын, поэтикасын 
танып, оны бояуы қанық көркем психологиялық көріністермен кестелей білген 
суреткер сирек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет