Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет13/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Использованная литература:
1. Кекильбаев А. Степные легенды. – М.: Художественная литература, 1983. 
– 462 с.


77
С.Б. Ержанова,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
(Қазақстан)
Ə. КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҚҰС ҚАНАТЫ» 
ПОВЕСІНДЕГІ АВТОР БЕЙНЕСІ
Романтикалық шығармаларда жалпы мен жалқының арақатынасы өзгереді. 
Жеке адам субьект алдыңғы қатарға шығады, «автор бейнесі» əрдайым көз 
алдыңда тұрады. Ол шығарманың кез келген кейіпкері арқылы өзін білдіріп 
тұрады. 
Соңғы кездегі реалистік əдебиетке көп қырлы, көп кейіпкерлі жанрдағы 
шығармалар тəн. Оларда шындық əр түрлі формада, түрлі көзқарас тұрғысынан 
бейнелейді. Мұндай шығармаларда автор мен кейіпкер бейнелері тығыз байла-
нысты болып келеді. Автор тілі мен кейіпкерлер тілдері арасындағы қатынас 
түрліше формаларға ие болып, əңгімелеуші тілі мен кейіпкер тілі сан қырлы 
құрамда араласа жұмсалып отырады.
Психологиялық романның туып-дамуына байланысты əңгімелеудің 
субьективтенуі де арта түседі. Кейіпкердің ішкі толғаныс-тебіреністерін беру 
үшін ортақ төл сөз формалары жасалады.
«Автор бейнесінің» дамып əңгімелеуші қызметінің жетілуі оның жаңа 
формаларының пайда болуы жазушылардың жаңа мазмұнды меңгеруіне ғана 
байланысты емес, сонымен қатар əңгімелеу формаларының жаңа түрлерінің 
жасалып, олардың мəн-мағынасының артуына да байланысты. Мұның өзі 
жазушының болмысты жан-жақты қабылдап, бейнелеуіне кең жол ашады. 
Шығармадағы қандай да болмасын баяндау тəсілін эпикалық ракурс пен 
эпикалық қашықтық анықтайды.
Эпикалық ракурс – автордың оқиғаларды бейнелеудегі «өзін өзі ұстау» 
дəрежесі, яғни өзін-өзі көрсетуі. Осыған байланысты əңгімелеушінің белгілі 
бір құрылымдық типі қалыптасады. Əңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай 
бақылаушы түрінде болуы мүмкін. Сондай-ақ, автор оқиғаларды обьективті 
түрде баяндамай, өзінің ішкі дүниетанымынан өткізіп, субьективті түрде беруі 
ықтимал. Соңғы жағдайда оқиғаларды талдап, ой елегінен өткізеді. 
Осыған байланысты сөйлеу формаларының белгілі бір типі таңдалып, 
сұрыпталады. Мысалы, автор жай бақылаушы ретіндегі суреттеу формасын 
таңдаса, əңгімелеуші – автор əңгімелеу формасын таңдайды. Ал ойланып-
толғанушы автор ой-талқыны баяндау типі ретінде таңдап алады. Сөйтіп, 
эпикалық раурс шығарманың композициялық-тілдік жүйесінің құрылымдық 
(синтаксистік) тұлғасын қалыптастырады.
Эпикалық қашықтық – əңгімелеуші – автордың шығармадағы баяндалып 
жатқан оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немесе кеңістік ара қашықтықта орна-


78
ласуы. Ол белгілі бір баяндау формасы аясында өзгерістер енгізіп түрлендіреді.
Кейіпкер жан дүниесіндегі толқулар бірінші жақта сипатталады, бірақ 
та бұл монологтың авторлық баяндау екенін аңғару қиын емес, яғни ортақ 
төл сөз. Мұндай ол сөздерді Б.Майтанов «Кейіпкердің өзімен бірге отырып 
ішкі жан дүниесіне жасалған шолу...», – дейді. О.Бөкей прозасындағы сана 
ағымы – қазіргі қазақ əдебиетіндегі баяндау үрдісіне тəн тың үрдіс. Кейіпкер 
ой əлемі арқылы обьективті дүниені танытып, автордың нысаналы ойын 
айту, кейіпкердің бүкіл болмысын сомдауда жазушының ұстанған бағыты. 
Кейде қиял арқылы жан толғаныстарының иірімдерін озіне қатыстырып, зор 
эмоционалды-логикалық операцияларға соқпақ салып, береді. Бұл рухани 
күрделі процестер тұйық күйде қалмай автордың белсенді түрде араласуымен 
обьективті-бағалық сипат иеленеді. Автор позициясын персонаж санасындағы 
тұжырым түсініктердің алдына шығармаса да, кейбір сəттерде олардан бөлек, 
саналарына ойлаудан тыс шолу да жасап отырады.
Философиялық, аналитикалық суреттеу тəсілі Əбіш Кекілбаевтың жиі 
қолданатын тəсілдері. «Ұлтының кешегі, бүгінгі болмыс-бітімін, рухани 
əлеміндегі психологиялық, əлеуметтік, этикалық, адамгершілік менталитетін 
суреттей отырып ол кейіпкерлерін барлық қырынан аударып-төңкеріп, 
қырнап-жонып, бүгіп-жазып дегендей жете танытып, қилы мiнездер галерея-
сымен армансыз жүздестіреді» [1, 184 б.]. Қаламгер шығармаларының жақсы 
оқылатыны, бізше, өмірлік шындықты күрделі адамдық болмысты қылықтан 
емес, құлықтан іздейтіндігінде. 
Əбіш Кекілбаев – бауыр етіндей жақын халықтық характерлер галереясын 
жасаған зергер қаламгер. «Құс қанаты» повесіндегі жаулығы қарқарадай қара 
кемпірдің бар болмысында жат санап, үрпие қалар еш артықтықты сезбейсіз, 
ана сезімінің күрделі шындығы судың бетіне қалқып шығады. Бүгінгі «керме 
қас, қыр мұрын, жайнаң көз, жіңішке сүйек» қыздар мен келіншектер қара 
кемпірдің монологі арқылы өрілетін ұзақ ғұмырындағы жүрегін қабындырған 
ыстық шақтардың шындығын көкірек құлағымен қабылдаса пікірі, көзқарасы, 
тұзы жарасып, тіршілігінің түнінен күні ұзаңқырай түсер еді. Қаракемпірдің 
бүгіні – келінінің ертеңі, келінінің бүгіні – енесінің кешегісі.
Мөлдiреген жап-жас келіншек күні кеше ғана құшағын толтырып жүрген 
ерін соғысқа жұттырды, қаршадай қара баласына асқар тау, ағар бұлақ, 
сексеннің сеңгіріне шығып, қарап жүрген атасына таяқ, қасиетті қара 
шаңырақтың шырағы боп жана білді. Ел басына күн туған шақта азаматтар-
ды жоқтатпай қара жұрттың қаңсыған топырағын маңдай терімен жібітті, 
болашақты аузымен тістей жүріп, бойын өсіріп, бұғанасын қатайтқанын да 
ешкімге міндет етпегені белгілі. «Қамшысын суға малған діні қатты еркегінен» 
жаман əйелдерше жерінудің орнына, оны аңсап, сағынғанда жүрегінің басы-
нан у төгіледі. Оңашада жаман қара баласы суретшілікпен əуестеніп жүргенде 
бояу қарындаштар қолына түспей, қара қазанның түбінен қырып алған 
қара күйемен баттастыра салған атасының кескініне көзінің астымен қарап, 


79
күбірлеп сырласатын өнер тапқалы қашан... Сондай кезекті бір «сырласу» 
сəтінде ақ сақалы кеудесін жапқан атасына «Еркек жарықтықтың қазір көк 
аспанды төбеңе əкеп төңкеріп жіберетіндей шатырлағанымен, қазір-ақ шайдай 
ашыла қалатын өткінші ашуына бола сонша талағым тарс айырылардай нем 
бар едi... соны ойлағанда, атажан, ет-жүрегім ғана елжіреп қоймай баяғыда 
балаңыз қамшысымен тартып жіберетін оң жақ ұнжырғам да бір түрлі тəп-
тəтті боп балбырап бара жатады» деп аһ ұрады. Ақ некені, ерді пір тұтқан қазақ 
əйелдерінің бойындағы тамаша инабат, ақыл көркі, ой көркі осы монологтан 
көрініп тұр. Ащыны татпай, тəтінің дəмін сезінбейсің. Тағдыры оңдырмай 
сілкіп, дауылы мен бораны сілікпесін шығарып, аптабы күйдіріп, аязы 
қарыған жаны сірі бұл кейуанаңыз көрген түсіне айналған жастық шағындағы 
«тай қазан сүтке тидеқаш мəйекті бір тигізіп ұйытқан сары ірімшіктің сары 
суына піскен сырбаз етінің шырын дəміндей» ең тəтті, ең ыстық сəттерін осы-
лай арманымен тірілтіп, ғұмырын ұзартады. Тағдыры қосқан қосағына де-
ген сезіміне салқын тигізбей, шаңырағын биік ұстап, қара қазанының майын 
сұйылтпай, кемелдендіріп отыр...
Соғыс балалық балдəуренін ұрлап, «борбайларын жантақ тырнап, еріндерін 
аңызақ тілген қу шекелердің» бірі өзінің «қағаз күйлеген» қара баласының 
амандығын тілеп, от басының берекесін кіргізу қамымен əуре. Қаракемпір 
қаланы жаратпайды. Қаланы жаратпайды емес, анығында қала адамдарының 
өзара суық, безбүйрек, өзімшіл кісікиік қарым-қатынастары шошындыра-
ды. Басқаны қойып, мына өз отбасындағы үш адамның қатынасында жауға 
тілемейтін өгейлік барлығын қайтесің... Баласы мен келіні бір қайықта да, 
бұл – екіншісінде. Шешесі баласына: «Ол неге тұнжырап жүр, оның қабағы 
неге қаяу, ең болмаса сұрамайды да», – деп іштей кінə тағады. Бірақ «ашу – 
бөрі, ақыл – қой». Қойды бөріге жегізбей, өзін тырналап жатқан бөріні ақылға 
жеңдіреді. Ниет тазалығы, қулық қуаты лайды тазартып, шалқайғанды иілтеді, 
қой бастаған жолбарыс жеңбей, жолбарыс бастаған қой жеңеді. Ауған жүк 
түзеледі. «Киіз басып, көрпе қарпитын, арқан ширатып, үй жығып, үй тігетін 
шаруаның» қамытынан шыққан ынтымақ бұзбайды, ынтымақ шақырады. «Құс 
қанаты» повесінің темір қазық идеясы қазақы ізгі салт-дəстүр, мінез-құлық, 
ұлттық менталитеттің өміршеңдігін дəріптеуге саяды. Мұнда адамдардың ру-
хани болмысын сырлап көрсетуге, сырдан көрсетудің ныспыны да сезілмейді. 
Бəрі табиғи.
«Əбіш Кекілбаев адам сезмінің политрасының қай бояуын да қысылмай-
қымтырылмай, шеберлікпен тап басады. Əрбір адамды тек жеке тағдыр иесі 
деп қана емес, күллі адамзат тағдырының заңды қожасы ретінде танытуға 
басын зеңгіткен. Əбіш Кекілбаевтың кейіпкерлері сөзге сараң, іске бапан-
дай. Ақыл айтып. Моральді судай сапыруға құлықсыз. Ісімен, жүрген жүрісі, 
қылық-құлығымен, білім-білігінің нəтижесі, арман-мұратымен еріксіз соны-
нан ертіп кететін қасиеттерге кенен» [2, 32 б.]. 
Азаматтық тұрлау, рухани қайсарлық Əбіш Кекілбаевтың кез-келген 
кейіпкерлерінің бойынан табылады десек қателеспейміз. «Бір шоқ жиде» 


80
повесіндегі Тілеу зергер, күлте сақал қорықшы Күдері, жоқ іздеген қауға 
сақал Албан шал – қарапайым еңбек адамдары. Саусағынан өнері саулаған, 
көкірегінен күй саулаған, жүзінен иманы төгілген, қолы ашық, тірі жанға 
қиянат жасамаған, адамдық ар, адамгершілік тағылымымен есінде қалады.
Адам өмірі күн мен көлеңкеден тұрады. Төрт құбыласы тең, қайғы-қасіретті 
білмей, шалқып өткен пенде жоқ та шығар. Қай жағынан алып қарасаң да 
дұшпаны да мін таға алмайтын Тілеу зергер де, оның жеті атасы байлық 
та, билік те ағайын туысы да жеткілікті болғанымен, құдай ең негізгісінен, 
кіндігінен құтайтпай, жегенін желім, ішкенін ірің қылған. «Өзі қысқа, өзі асау, 
тентек өмірден» Тілеу: «Өлсең де қадіріңді біліп, артыңда ұмытпайтын ел-
жұртың мен ұрпағың болса, өлімнің несі үрей, несі қиянат», – деп өмірден де, 
өлімнен де шошынып, үрікпейді. Өйткені, ол мына фəни жалғанда қолынан 
өнерін, қажыр-қайратын жұртына сарқып берді, ер етігінен қан кешкен, ат 
ауыздығымен су ішкен күн туып еді, «көппен көрген ұлы той», мойнына бұршақ 
салып тілеп алған Тілеп алдысын қанды қасапқа салып жібереді, кейбіреудің 
көбін тігерге тұяқ қалдырмай жалмап қойған жебір соғыс, бұның жалғызын 
аясын ба, қақшып салды. Əйтеуір құдайдың көзі əлі де оң екен, жұбайы Зейнеп 
те, бұл да шаранадан күдер үзіп, тозған астаудай қаңсып, шашылып, қалайын 
деп жүргенде сонау Жем бойынан іздеп келген жеңгелері кезерген еріндерін 
жібітіп, суып, қаны сұйыла бастаған тамырларын тулатып, қырқынан əлі 
аспаған Тұяқты бауырларына салып кетеді... Бір перзентке шөлдеп, өліп-өшкен 
Зейнеп байқұстың ботасы тірілген інгендей семген шандыры дертіп, сүт саулап 
берсін... Құдды «жоғалып-табылған» Манасты көргенде Шақанамның кеуіп 
қалған емшегі жібіп, сүті саулап аға бастайтыны тəрізді. Ең ізгі жүрек – мұң 
тəрбиелеген жүрек. Ананың иығынан диюдай шаншып, тынысын тарылтқан 
тонналаған мұңның қара бұлтын ұшты-күйлі сейілткен қайран перзенттің 
кеудеңді шоқтай қарып, денеңді балбыратып еріткен бұлт астынан шыққан 
күндей қызулы, қуатты нəзік еріндерінен құдіретті не бар екен... Осы деталь-
ақ Зейнептің көнтерілі қазақ əйелінің жомарттығын, алаңсыз адал пиғылын, 
толғанса тек жүрек түкпірінен толғанатын, халқының тағдыры мен талайын, 
телулі қасіреті мен қуанышын бірдей көтеруге пейілді ана екендігін айғақтап 
тұр. 
Əбіш Кекілбаевтың шығармаларында диалог өте сирек қолданылады. Егер 
қолданса, оны екі адамның сұхбаты қызметіне жекпей, адам характерін таны-
татын аналитикалық компонентіне айналдырып жібереді.
Повесте нақтылық та бар, бірақ көркемдік дəлелінің табиғилығы, заттылығы, 
дəлелділігі көкірегіңе нұр себеді. Аз ғана қаһармандарының əрекеті, болмыс-
бітімінен көрініс беретін характер шындығы тағдыр логикасымен барынша 
үйлесімді шыққан. Сұлулық дүниесінің жұпар иісіне, бояуына, үніне, діріліне 
тəнті болмау мүмкін емес. «Бір шоқ жиде» повесінде, əсіресе, дала төсінде 
тереңнен қайнап шыққан кəусар бұлақтай əрі ақылгөй, əрі батагөй, дархан 
Тілеу образы ерекше көзге түседі. «Күлте сақал» Күдері қандай?... Бойы 


81
жарасқан, ойы жарасқан, əзіл-қалжыңы жарасқан, пейілі мен құлқы жарасқан, 
«терін ішіп күнелткен» Тілеу мен Күдері құдды Ш.Айтматовтың «Боран-
ды бекетіндегі» Қазанғабы мен Едігесі. Тілеу Қазанғап та, Едіге – Күдері. 
Қайталау емес, нағыз қазақы мінездердің сүзіліп төбе көрсетуі. Олардың 
достығы табиғатта, адам қоғамында сирек ұшырасатын Абай жырлайтын 
нағыз «самородный сары алтыны».
Тіршілік тауқыметі, тағдырдың шиырлы соқпағы табыстырудан, қайғы-
қасіреттің жасыл запыраны бөлінбестей бүтінге айналдырған. Ол екеуінде 
бөлінбейтін ештеңе жоқ, бəрі ортақ. Құлқы мен пейілі, қажыр-қайраты, 
ақыл-парасаты, тіпті қазаны да. Күллісінің басын біріктірген бір-біріне деген 
алаңсыз ықыласы. Ықылас – Тілеудің де, Күдерінің де Сəбит ақын «табым-
тəңірім» деп емірене жазатындай – «тəңірі». Оны Күдерінің бұл баянсыз 
ғұмырдан озып кеткен досы Тілеуді нұры қашқан жанары жіпсіп, күбірлей: 
«Жалпы адамға ықыластан артық не керек? Əке балаға, бала əкеге, адам адамға 
ықыластан басқа не көрсете алады? Адамның адамға тартқан сыйы да ,артына 
қалдырар мұрасы да сол – ықыласы ғана емес пе», – деп бейуақ шақта көкірек 
қоймасынан сыздықтата шығаратын имандай сырынан бағамдайсыз. Қазақтың 
қазақ иісін шығарып жүрген Тілеу, Албан шал, Зейнептің жеңгесі, Күдерілер 
кие тұтып, күндей аулатқан ықылас аптабы олардың көзін көрген, үлгісін, ісін 
көрген, сөзін тындаған тұрсын, рухына жанап өткендерді де шалмақ. Өйткені 
олардың ықылас деген сөзінің астарында адамдық, азаматтық, адамгершілік, 
ерлік, өрлік, дархандық деген биік ұғымдар жамырай тоғысып, сəуле шашып 
жатады. Оны еміп өскеннің қанында жат мінездің жұқанасы да болмайды.
Айтса айтқандай, «тамырынан өрбімесе де, «ықыласынан» өрбіген Тілеу-
дің Тұяғы «құмды аймақты күңіренте шыққан таныс гүрілді» жетелеп, 
«əкесінің» жамбасы жерге тигеніне бір жыл толар қарсаңында басын қарайту 
үшін түнделетіп, құм-шағылдарды шырт ұйқысынан оята жолбарыстай жор-
тып келеді... Өзі өлсе де артында ықыласынан өнген мəуелі жемісі, ізгілі, ізі 
қалған адам өлмейді. «Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады. 
Өлгенге бақыт керек емес. Өлгеннің бақыты тірінің тірлігінде» Тұяқ «өзінің 
«тірлігі», «өлгенді ардақтау» арқылы ата дəстүрін жалғастырып, мəңгіліктің 
дəнін бұл да «əкесіндей» ықыласымен егіп жүр. Жұлын-жүйкені иітетін, 
ұлттық менталитетіміздің өміршеңдігі, «қызым – үйде, қылығы – түзде» дейтін 
мақалдың көркем көрінісі осындай. Қазақ барда қазақилықтың мұртын бал-
та шаппайды. «Жүрек анатомиясымен шұғылданып жүрген» Əбіш Кекілбаев 
повесінде соның кілтипанының кілтін қолына ұстатқан. 
«Заманды адам арқылы, адамды мінез арқылы, мінезді іс-əрекет арқылы та-
нытып, жан-жақты ашып көрсетуде Əбіш Кекілбаевтың қаламы пілсауырлы. 
Көргенін көрген қалпында, сезгенін сезген қалпында апыл-ғұпыл жəукемдеп 
жазып тастайтын мінез онда жоқ. Ол – объекті етіп алған тақырыбын асқан 
жауапкершілікпен ұзақ барлап, жүнді жібекке айналдыратын жазушылық қуат. 
Ұшан-теңіз біліммен кең қамтып, қаусара игеруге бейімделген талант» [3, 41 б.].


82
Жазушы повесіндегі бар қайшылығы, трагедияның көркемдік дəлелі на-
нымды, уытты. Сомтемірге балға бар, сомсынғанға Алла бар. «Əдебиеттің 
міндеті», – деп жазады Əбіш Кекілбаев, – «адам жанын шындап қинайтын 
мəселелер жайында қиналған ар мен сезімнің айтарына құлақ түру, сол қиынды 
оңайлатпай, сол күрделіні тұрпайыландырмай нəзік жеткізу». Ар мен махаб-
бат сезімін аяққа басқан жуан қоныш, шынжыр балақ, шұбар төс əкесі қызын 
қолына сығымдап ұстап, қасқыр да бөлтірігіне қиянат қылмайтын диюдың 
əрекетіне барады. 
Демек, 60-жылдардағы əдеби таластардың көздегені көркем ойды өзінің 
төл арнасына көшіру еді. Жеке адамға табынушылықты сынау рухани 
құндылықтарды қайта бағалау талабын тудырды. Қоғамдағы құндылықтар 
жүйесі түбегейлі қайта жасақталады деген үміт күшейеді. Бəрі қайта қарап, 
бəрін кемеден лақтыру керек деген ғасыр басындағы солақай нигилистік 
көзқарастарды тағы да оятқысы келгендер де болды. Ендігі жерде жаңа 
бағытпен жүруіміз керек дейтіндер де болды. Əдеби орта көзі жоғалып кет-
кен қаламгерлердің шығармаларының қайта оралғанына қуанды. Əлі оралмай 
жатқандардың оралатынына сенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет