Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет16/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбаев Ə. Он екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Өлке, 
1999. –1 т. – 446 б.
2. Қирабаев С. Кеңес дəуіріндегі қазақ əдебиеті. – Алматы: Білім, 2003. – 
224 б.
3. Тоқбергенов Т. Қос қағыс. – Алматы: Жазушы: 1981. – 281 б.
М. Абдраев,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология ғылымдарының кандидаты
(Қазақстан)
ƏБІШ КЕКІЛБАЕВ КӨСЕМСӨЗІНІҢ 
ТАРИХИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨРКЕМДІГІ
Қаламгер өмір дүниесінің астарында жатқан қоғамдық зілді ерте аңғарды, 
сол ойдың жетегімен əлеуметтік тіршіліктің тұрмыстық деңгейдегі көрінісіне 
ықылас қойды. Əлімжеттік, оспадарлық, əділетсіздік Əбіштің қаламын 
қарасөзге, шешенсөзге, көсемсөзге бейімдеді. Университет қабырғасында 
жүріп, ұлы М. Əуезов сынды ұстаздардың алдын көруі, жазушылар 
басқармасындағы бас қосулар мен талқыға түскен тарихи туындылар – Əбіш 
Кекілбайұлының тынысын ашып, əдебиетке деген ынта-жігерін əлемдік 
кеңістікке тартты.
Шығармашылығының алғашқы жылдарында прозалық еңбектерін жаза 
жүріп, аудармамен де айналысты. Əркімнің тісі бата бермейтін Олжас 
Сүлейменовтың «Уа, Ақсақ Темір хан», «нұрлы түндер», «Арғымақ», «Қыз 
қуу», «Қар қозағының ұлы Ришад», «Мəмбет батырдың дар алдындағы 
дұғасы» сынды тəржімелері 1963-1964 жылдары «Жұлдыз» журналында жа-
рияланды. Сондай-ақ, Карл Гоцийдің «Тұранбике ханшайымын» 1965 жылы 
тəржімалап, ұлтаралық əдеби мəдениетке, ел руханиятына үлес қосты. 
Əбіштің лирикалық өлеңдері де, тəржімалары да көсемсөзгерлік денде 
жазылған боп танылады. Мысалы: 1962 жылы жарық көрген «Алтын шуақ» 
өлеңдер жинағына зер салсақ: 


96
«Уа мезгіл! Талай-талай жазың келді,
Қыр дөңін сап қайтара сағым келді.
Кекілім қайырылды шалқасынан,
Менің де жігіт деген шағым келді», 
деген «Əке» атты өлеңінде ертеңіне сенім артқан бала Əбіштің сағынышы 
да жоқ емес;
«Əуре боп күні бойы күбінемін,
Жөн сұрап енді кімге жүгінемін?
Əкем жоқ ақыл айтар, жөн көрсетер,
Амалсыз көрші шалға жүгіремін» – 
деп майданға кетіп, оралмай қалған əкесін еске алып, заманның салмағына 
амалдың қалмағанына налиды. Алайда, бала жүрек əр күннен, əр сəттен 
қуаныш күтіп, алысқа жанарын қадап, жақынға құлағын тосып, үмітіне сəуле 
қосады:
«Мен де өстім, мектеп бардым, жыр жаттадым,
Жақсы əннің қағып алдым ырғақтарын.
Зерек деп ауыл-аймақ болды риза,
Сен оны естімедің, тіл қатпадың», – 
деп шағын поэмалық жолдармен əкесімен қауышып, ойша қауқылдасады. 
Сырын айтып, сырмағы тартылмаған күйін айтып, шертілмеген домбырасын, 
тарамаған шерін айтып, мұңаяр сəтін де жасырмайды. «Көппен көрген ұлы 
той» дегендей бұл сұрапыл соғыстың салмағын Əбіш те көтеріп, азабын ел-
мен бірге арқалады. Заман қиындығы, əлеуметтік таршылық дəуірі «Əбіштің 
қоңыр даласына» зіл батпан зəрін төкті. Əбіш сол қоғамда шыңдалды, ертеңгі 
ел сеніміне қарап есейді. Қаламынан ел тыныш болсын, ұрпақ өсіп, халық 
қамын ойлайық, береке бірлік кетпесін, молшылық дəурен, тоқшылық дəуір 
болсын деген тақырыптағы сөзгерлік еңбектері толассыз төгіліп жатты.
Ал, 1999 жылы жарық көрген «Дүниеғапыл» кітабындағы өлеңдері: «Ал-
мас қанжар», «Гүл дүкені», «Туған жер», «Дастархан жыры», «Алматыда, 
күздікүні, бульварда», сынды өлеңдерін 1959 жылы жазды. Расында Əбіш ли-
рик.
«Əкемді аңсап,
Баламды тостым,
Жадырар жаңа заманды тостым –
Бақ күттім, – 


97
деген жолдарда лирикалық толғаныстар бар. Əбіш дүниеге келген сəттен 
ұзақ ғұмыр күтумен келе жатқан арман тілегіне жүгінеді. Өмір бойы тосу-
мен келе жатырмын дейді. Нені? Жақсы күндерді, ел қуанған – мен қуанған 
күндерім қашан келер деп күтуден күдер үзбеген. Үміті ақталып, тəуелсіздік 
туы желбіреді, егемен ел боп еңсе көтерілді. Міне, Əбіштің бала арманы мен 
бағзы тілектің бауырласуы өлеңдерінен де аңғарылып, қоғамдық көрініс та-
уып отырады. Əбіш лирикасы өмірдің өзін жырлайды. Əбіш өлеңі «өткен 
күн емес, есте қалған күндер». Айталық: «Сол жылдар əлі жадымда», «Тан-
ктер», «Əйел күлкісі», «Қарындасым Нұрайша», «Жүректе əлі жатыр мұң» 
атты өлеңдерінің сырлы шумақтары жанарларында кешегі өкінішті өмірдің 
мұңы қалған аналарды ардақтайды, бірақ, сол күндер ұзаған сайын жараның 
ұлғайып, тыртықтың өшпес таңбаға айналғанын дəуір белгісі, өмір айнасы 
деп білдіреді. Еске алу ауыр, алайда, алыста қалып кеткен қимас бір бейнелер 
көз алдарында тұрады. Əбіш сол сезімдердің күрескерлік рухын өлеңсөзбен 
сөзгерлейді. Бұл да Əбіштің бір қыры.
Əбіштің «кеңістікті шолу» дейтін ұғымы сол кезден қалыптасқан, яғни 
кешегінің көмбесіне қол салып, көз жүгірту, одан ұлттық сыбағаны аршып
елдік елгезекке беру, бүгінгі ұрпақты бүрістірмей ертеңнің лайықты жалғасты 
ізбасарлығына дəнекер болу – ол үшін парыз, міндет, борышқа айналды. Елі 
үшін ерлікке жол салған Əбіш ауыр тақырыптарды таңдады. «Аңыздың ақыры» 
1982 жылы неміс тілінде Берлиннің «Фольк Унд Велт» баспасынан жеке кітап 
болып шықты, ол 1999 жыл Будапешттің «Европа баспасынан венгр тілінде 
жарық көрді. «Үркер» романын 1978 жылы бастап, 1980 жылы аяқтайды. Ал 
келесі 1981 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. 1980 жыл мен 1983 
аралығында «Елең-алаң» романын аяқтады да, ол 1984 жылы «Жазушы» ба-
спасынан жарық көрді. Осы романдардың дүниеге келу аралығында бірнеше 
повестер жазды. Өз сөзімен айтқанда «Үркер» мен «Елең-алаң», «Аңыздың 
ақыры» мен «Құс қанаты» кітабына кірген повестердің бəрі бас-аяғы он жылдың 
ішінде жазылды. ...Түні бойы басқа бір заманда дəурен кешіп, таңертең көшеге 
шыққанда, қапелімде қайда келе жатқаныңды білмей абдырап қалатын да 
кездерің болады». Аталған роман-повестерінде Əбіш тойымсыз жəдігөйліктен 
тарихи жəдігерлікті арашалап отырды. Қазақ топырағында туылған елді 
қорғаудың азаматтық жолы мен дəстүрлі жөн-жосықтың тарту таралғысына 
дейінгі əлеуметтік тартылыс заңдылығының философиялық құштарлығынан 
қол үзбей, құжатнамалық дəуірдің тарихи анықтамасын жазып шықты. Оның 
ішінде – ішкі айла-шарғының арпалысы, сырттай аңдысу, көзбе-көз арбасу, ой-
мен ұстасып, сөзбен тоқтатысу, тағысын-тағы психологиялық ықпалдасудың 
барлық формасы бар. Əбіш философиясының ақиқаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет