Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет27/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Кекілбайұлы Ə. Ұстаз ұлағаты // Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми 
мақалалар жинағы / Жауапты ред. Е Жанпейісов. – Алматы: Ғылым, 1999. – 
568 б. – Б. 52-66. 
2. Имаханбет Р.С. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық 
ғұмырбаяны (мұрағат деректері негізінде): монография. – Астана: Педагогика 
Пресс, 2010. – 304 б.


136
А. Болатқызы,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университетінің студенті
(Қазақстан)
Ғылыми жетекшісі – А.Е. Айтбаева, Қорқыт ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, 
филология ылымдарының кандидаты
Ə. КЕКІЛБАЕВТЫҢ «БІР ШӨКІМ БҰЛТ» ПОВЕСІНДЕГІ 
АҚҚАЙМАҚ БЕЙНЕСІ
Ə.Кекілбаевтың прозасы өмір құбылыстарына, адам тағдырына ойлы 
көзбен, парасат пайыммен қарауға талпындырады, жетелейді. Өткен мен 
бүгінгінің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге ықпал етеді. 
Əр шығармасын оқып отырып, өз өміріңнің картиналары көз алдыңда өтіп 
жатқандай күй кешесің. «Бір шөкім бұлт» – Кекілбаевтың тырнақ алды ту-
ындысы, алғашқы өзін танытқан қолтаңбасы, «алуан қырлы, сансыз жұмбақ 
сырлы, алымы мол, асуы көп жанрдағы тұңғыш балаң дүниесі».
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі қиян бір шеттегі қазақ ауы-
лы өмірі, қазақ əйелдерінің,қарттар мен мүгедектердің құм қойнауындағы 
жанқиярлық тіршілігін жазушының «Бір шөкім бұлт» хикясынан көреміз. 
Талантты жазушы шығармашылық жолының бастау шағынан-ақ, əдебиеттегі 
белең алған өмір көріністерінің сұрқай жағын суреттеуден гөрі, жүрек жылуы 
мол, жанашыр қайырымы мен рақым-шапағаттары сатусыз келетін жандардың 
тірішілігін бейнелеуді мақсат тұтқан [1, 242 б.]. 
Кекілбаев əңгімелері көбіне ежелгі аңыз-əңгімелер мен халықтың басы-
нан өткен тарихи оқиғаларға құрылып, өмірде бар прототип арқылы беріледі. 
Сондай шығармасының бірі «Бір шөкім бұлт». Бұл шағын ғана повесть алғаш 
рет 1964 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарияланып, кейіннен «Бір шөкім 
бұлт» атты алғашқы прозалық жинағы болып 1966 жылы жарық көрген. 
Сағат Əшімбаев «Салиқалы сөз, соны іс» мақаласында: «Жинақтағы басты 
тұлға соғыс жылдарындағы оқиғалар негізінде жазылған. Оның обьектісінде, 
яғни тақырыптық шеңберінде қиын-қыстау, қысылшаң шақ, кірпіктеріне 
қан қатқан алапат соғыс уақытысындағы шалғай шеттегі қарапайым қазақ 
аулының өмір шындықтары адамдар арасындағы достық қарым-қатынас, 
бауырмалдық, жарқын қасиеттер сөз болады. Анығырақ айтсақ, қотандағы 
қойлары қатар жамырап, иттеріне дейін ырылдаспаған. Повестің бір ерекшелігі 
қарапайымдылығында, жай емес, көркем қарапайымдылғында» [2, 206 б.]. 
Шындығында шығарма арасына сыймай жатқан дау-дамай, талас-тартыс, 
шытырман шиеленіс, конфликт жоқ. Оқиға біртіндеп дамып өрбиді. Оқиға 
дамуында ойға орамсыз, логикаға қайшы жəйттер бой көрсетпейді. Повестке 


137
өзек болған сюжеттік ситуация өмір шындығынан алынған. Композициялық 
құрылымындағы ішкі-сыртқы гормониялық тұтастық толықтай сақталған. 
Расымен де повесть түсінікті, оқырманның оқуына жеңіл. Автордың негізгі 
идеясы – бір шөкім бұлттай шағын отбасының соғыс салған жарадан кейінгі 
тағдырлары реалистікпен суреттелген. Соғысқа кеткен əке, арқа сүйер азамат, 
жар, бала. Олардың қайта оралмауы. Ауылға келген қара қағаздың кейіпкерлер 
көңіліне қаяу салуы, бəрі де адамға психологиялық түрде əсер етеді. Мүмкін, 
бұнда талан-тараж, алауыздық, атыс-шабуыл мен талас-тартыс жоқ та шығар. 
Бірақ, ананың, баланың көңіліне түскен сызат, қаяу бұлардан асып түсетіндей. 
«Жаңылсын Түсіптің «Ожаннан қара қағаз келді» дегенде, көзі ұясынан 
шығып кете жаздап, көзіне жас та ала алмады. «Соғыстың өлімі осылай то-
сын келіп, тосын күйретіп кетеді екен. Жаңылсын осыдан қайтып, көңілі əбден 
жығылып, бір жола жүнжіп кетті. Қазір отыра қап ойға батады. Ауылға келген 
қара қағазды санап отырса, аман-есен елге оралды-ау дейтін азамат тіптен аз. 
Түтін түтеткеннің қара қағаз алмағаны кем де кем. Сонда күні кеше Қаратау 
жаңғырыққанша қарқылдап күліп, алшаң басып жүрген азаматтарсыз мына 
тірлік не болмақ? Хиссаның алып жалмауыздары да бұнша басты жұтпаған 
шығар? Сонда бұл не қылған апат?» [3]. Бұл хабар, Жаңылсынды күндіз 
күлкісінен, түнде ұйқысынан айырып, ақыры өлімге апарды. Осыдан кейін 
де қабырға қайыстырар трагедиялық өткір драмалық шиеленіске толы өмір 
эпизодтары көз алдыңнан өтіп жатады. Бұл тек Жаңылсынның басына түскен 
тауқымет емес, бүкіл ауылды азаматынан айырған зұлмат соғыстың тауқыметі. 
Шығармадағы Аққаймақ пен Шайзаданың өзіндік ішкі жан дүниелері, мінез 
ерекшеліктерін, сыртқы бітім-болмыстарын қазақ əйелдеріне тəн парасат 
пен пайымды, төзімділікті, ақылдылық пен ұятты ұялатқан ары таза жандар 
бейнесін берудегі жазушы шеберлігі тым өзгеше.
Аққаймақ мектеп бітіріп, бой жетеді. Мектепте мұғалім болып, қызмет 
етеді. Қалаға оқуға кеткен ғашығы Қаржауды, оқудан əрі соғысқа алып кеткен. 
Əкесінен айырылып, жетімдіктің дəмін татқан Аққаймақты тағдыр аямайды, 
соғыс енді Қаржауды да мерт қылады. «Капитан Қаржау Құттымов Отан үшін 
аса пайдалы қиын тапсырманы орындап, ерлікпен қаза тапты» – деген қара 
қағаз Аққаймақтың қолына да жетеді. «Қаржау өмірі келте ғұмырдай шолтаң 
еткен жалғыз сөйлем болып ауылға жетті. Ал, осы шын мəнінде 1945 жылы 
7 майда Берлиндегі aқырғы ұрыстардың бірінде штабқа кетіп бара жатқан 
жерінде қарсы алдынан тақылдай жөнелген пулемет оғынан шөк етіп оты-
ра кеткенде Қаржаудан қан-қан қып санитарлар жерден көтеріп алған сəтте 
таусылған екен...» [3]. Аққаймақ қатал тағдырдың қатыгездігіне бас имеген 
өршіл мінезді, өмірге барынша ғашық оптимист жан. 
Повестегі Шайзаданың нұрлы бейнесі де оқушы ойында «жаулығы 
қарқарадай» болып қалары сөзсіз. «Шайзаданың түсіне жаман түс кіреді. «Бұл 
қара қабақтың желкесінде тезек теріп жүр екен. Бір төбеден қылт етіп əлі танкі 
деген пəлесі шыға келді. Көрген бойда соңынан салып берді. Өзінде үн жоқ. 


138
Астындағы ирелеңдеген темірі буыршын түйенің тіс қайрағанындай шықыр-
шықыр етеді. Жетіп қалды. Енді құтыла алмайтын болған соң бұл етпетінен 
түсіп жата кетті. Танкісі тоқтар емес. Бұнның сүйек-сүйегін сытырлата сын-
дырып жон арқасына шығып барады. Баж ете қалды. Шошынып оянды» [3]. 
Байқайсыз ба, сұрапыл соғыс тіпті адамның миына кіріп, улап, одан түсінде 
көріп, шошып оянардай жағдайға жеткізеді. Сонымен бірге Тағы бір мысал: 
аулыдың ақсақалдары соғыста қаза тапқан ауыл азаматтарын еске алып: «Ата-
мекен», ата-су болатыны сияқты, ата қауым да болады екен. Күні кеше соғыста 
өлгендер жарық дүниемен қоштасып жатқанда, кімнің көз алдына не елестеп, 
əркім өзі үшін ең аяулы нəрсені еске алғанда, біздің ауылдың талай жігітінің 
көз алдына тап сол жермен-жексен ескі мола көрініп, «Дүние-ай, соның кебір 
топырағына да жеткізбедің-ау», – деп налымағанына кім кепіл, тірі адам ет 
жақын, ниет жақынынан жылы сөз дəметсе, өлген адам ыстық көз жасын 
дəмететін шығар», – деген ақсақалдардың жоқтауы соғыстың кесірі. Егер, осы 
соғыс болмаса, ауыл қарттары боздақтарын, азаматтарын жоқтап, еңірер ме 
еді? Қу соғысқа қарғыс айтқаннан басқа қолдан келер шара жоқ.
Қанша жерден барлық қиыншылық атаулыны тағдыр тартысы, заманның 
зұлматына жатқызсақ та, қаламгер Кекілбаев кейіпкерлерінің бойында 
адалдықтық, парасаттылықты, тазалықты əдемі сақтап жазған. Олардың 
ешқайсысын ластамаған. Кейіпкерлерінің бəрі таза. Жеңісті жақындату 
үшін бар күш жігерін аямайды. Сексеннен асқан сіңір қара шал Досан ауыл 
тіршілігін танбай істеп, көпке көмектесіп, соғысқа кеткен баласын зарығып 
күтіп отырмай, еңбек етуі, соғыс басталғалы ылғи қиын жұмыста жүріп 
қалған Шайзаданың əуелі колхоз орталығындағы күйбең-күйбең жұмысты 
мүсе тұтпай, Ержанмен бірге соқаның басын ұстап жер жыртуы, Орскіге 
етке қой айдап баруы, Оңдыға бір ай егін суаруы, Аққуыс-Шөжікке үш ай 
пішен шаба барғаны əйел адамының үлкен ерлігі. Аққаймақтың мектепте 
оқушыларға сабақ беріп, одан қалды екі үйдің шаруасы, соғыстағыларға ана-
сымен қолғап, киімдер тоқып салып жіберетіні шығарма кейіпкерлеріне адами 
құндылықтарды жинақтай білуі жазушының шеберлігі. 
«Бір шөкім бұлт», «Бір түп жиде», «Бір уыс топырақ» бұлардың барлығының 
«бір шөкім, бір түп, бір уыс» болып аталуының өз мəнісі бар сияқты. Мүмкін, 
кішкентай аз нəрсенің қадіріні біл деп, адамаға ғибрат беріп жатқан шығар. 
Көптің қадіріне жету үшін аздың қадірін білу керек дегендей. 
Шығармада тақырыптың болмысын ашатын мынадай үзінді бар: «Дөң 
үсті құрғақ еді. Ойда кешелі-бұрын жауын болыпты. Күшті қара нөсер құйып 
өткен-ау. Қарғын жүріп, жол бойын тіліп тастапты. Аспанның да жақында 
ғана ашылған түрі бар. Манадан бері шоқы-шоқының арасынан шеті қылтиып 
тұрған шөкім-шөкім бұлттар түс ауа ыдырап көше бастады. Алдарындағы 
шидің ішіндегі төрт-бес үйлі кішкене ауылдың үстінен де бір көлеңке бері 
жылжып келеді.Аққаймақтың екі көзі шеткі үйде. Көлеңкеде төрт-бес баланың 
ортасында Тайбағар отыр. Қолында гармоны. Əлгі жылжып келе жатқан 


139
көлеңке бұған да жетті. Айнала ап-ашық. Тек бұның үстінде ғана бір шөкім 
бұлт тұр. Əлгі жылжып Аққаймақтың үстіне төнген бір шөкім бұлт əр түрлі 
сыр шертетін тəрізді» [3]. 
Кемпірқосақ тек жауыннан кейін шығатынын ұмытпа. Аққаймақтың басы-
на төнген бір шөкім ғана бұлт ұзақ тұрмайды. Ол көшпелі. Одан кейін аспанда 
қанша жауын жауып, қанша бұлттар көшіп, қанша ашық аспаннан сəулелі күн 
шығары белгілі. Сондықтан бір жамандықтың да артында бір жақсылығы бо-
латынын еске салғандай.
Автор повестің басында: «Анау бір жылдары маңдайымыздан сипаған 
мейірбан жеңгелер, бұны сіздерге еншіледім. Əлі күнге көңілімнің бір 
түкпірінен сығалап тұрған, жадау иін, жыртық өкпе болсаң да, айрықша аяу-
лы балалық шағым, бұл – саған ескерткіш», – деп жазуы бекер емес. Себебі, 
шығармадағы кейіпкерлер өмірде болған адамдар, адам басынан өткен замана 
шындығы. «Бір шөкім бұлт» – бұл символды ұғым. Сұңғыла суреткер көктің 
бетіндегі ақбауыр бұлттың мəніне барып, оның бір үзігін адам тағдырымен 
байланыстыра отырып, бір адамның басындағы қасірет арқылы мыңның 
басынан өткен тағдырды меңзейді. Жазушының «Бір уыс топырақ», «Бір 
шөкім бұлт» дейтін кітаптарының өзі халықтық дүниетанымның айқын си-
паты болып табылады«Бір шөкім бұлт» – Ұлы Отан соғысы атты зұлматтың 
əр əйелдің басына түскен ауыр қасіреттің бір ғана сипаты болса, «Бір уыс 
топырақ» қан майданда қан кешіп, бір уыс туған топырағы бұйырмаған есіл 
ерлерге қаламгердің көз майын тауысқан қара сөзінің құдіретімен салынған 
бір уыс топырақты меңзейді. 
Жазушының «Бір шөкім бұлт» əңгімесі өзінің атауынан бастап-ақ, об-
разды ойға, терең тағлымға құрылғандығы аңғарылады. Шығарма оқиғасы 
Ұлы Отан соғысы тұсындағы тылдағы ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін таны-
тып, сол заманның шындығын бүгінгі оқырманның көз алдына мөлдіретіп 
əкеледі. Жас өскін балалық шағын соғыс зұлматы ұрлаған көп баланың бірі 
ретінде суреткердің де бұл тақырыпқа баруы тегін емес. Себебі, қалам тартқан 
алғашқы шақтарындасол санасына салмақ түсірген, əлі өшпеген естелігін 
көркем дүниеге айналдырды. Сондай əйел, ана бейнесін сомдауда өзіндік 
айшығын танытты. 
Жазушы Жеңге образы арқылы қазақтың əйелге құрметі мен дəстүрлі са-
насын қайта жаңғыртқан. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылының 
тұрмыс-тіршілігі мен түрлі адамдардың тағдырын көрсеткен. Айта кетерлік 
жайт, шығарманың кейіпкер атынан, бірінші жақтан баяндалуы «Бір шөкім 
бұлттың» лирикалық сипатын арттырса, екінші жағынан шығармадағы баянда-
лар оқиғаның өмір шындығымен тығыз байланысын танытады. Шығармадағы 
баяндау психологиялық пейзажбен қатар өріліп, баяндалып отырған кезеңмен 
оқырман арасын жақындата түседі. Соғыс кезіндегі тылдағы адамдардың ба-
сынан өтіп жатқан түрлі оқиғаларды кейіпкерінің ойы арқылы салмақтап, ауыр 
еңбек пен қайғы-қасіреттің салмағын көрсете отырып, адамдар арасындағы 


140
кейбір пендеуи мінездердің де бір қырын ашып тастайды. Оқырман баян-
далып отырған кезеңнің санаға салған салмағын безбендегенде жазушы 
кейіпкерінің қай-қайсына да кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Қорыта 
айтқанда, жазушының əр шығармасында адам жанына рухани азық боларлық 
сөз құдіреті, оқырманына рухани сезім сыйлайтын сəттер мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет