Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет56/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Өмірəлиев Қ. «Оғыз қаған» эпосының тілі. – Алматы: Ғылым, 1988. – 280 
б. 
Əбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 208 б.
2. Қасқабасов.С. Жаназық. Əр жылғы зертеулер. – Астана: Аударма, 2002. 
– 584 б.
3. Рамазан Айваллы Хазірет Мұхаммед алейһиссаламның өмірі –Алматы, 
2014.-586 б.
4. Ыбыраев Ш. Қорқыт жəне шаманизм. //Қорқыт ата – Алматы, 1899. – 601 б.
5. Алексеев Н.А. Ранние формы религии тюркоязычных народов Сибири. – 
Новосибирск, 1980 –103с.
6. Кастанье И. Из области киргизских веровании // ВОУО. –1992. – № 3. – С 
45.
7. Қыраубаева А. Ежелгі əдебиет. – Алматы: Ғылым, 1986. – 216 б.
М.М. Кожашев, 
Абай атындагы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің PhD докторанты 
(Қазақстан)
ЖАМБЫЛ ЖЫРЛАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІКТІҢ БАСТАУЫ
Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырла-
ды. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр 
алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, 
нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жан-
ды сүйсінтті. Жамбылдың үлгісі мен мектебі алыстан, халықтан, халықтық 
рухани қазынадан, халық даналығынан басталады. Жамбыл бабамыз – есімі 
қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, 
айдынды да айбынды жыр жампозы.
Жамбыл – ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, 
шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлділ ақын. Ол өзінен кейінгі 
ұрпақтың ат басына арнайы бұрылып, шөліркегенге тұнық жырларынан су-
сындар тұма бұлағы. Жамбылдың туған елі мен жеріне деген ыстық ықыласын 
төгіле жырлаған арнау-толғауларынан, хикаялары мен дастандарынан іздесек, 
онда ақынның шығармалары халық рухының қырмызы гүліндей екеніне көзіміз 


208
жетеді. Ол халықтар достығын, терезесі тең елдердің бірлігін, ынтымағын 
жырлап, шындық шуағын шарболаттай шыңдаған ақын. 
Жамбыл ақындық, жыраулық дəстүрдегі ауыз əдебиетінің мүмкіншілігі 
аясында-ақ жырлап, өзін, өзі арқылы күллі қазақ əдебиетін дүние жүзіне та-
нытты. Жамбыл үні əлемге əйгілі болды. Жырау халықтың көкейкесті көңіл 
күйін, ой –сырын толғады. Қиналғанды жебеді, қысылғанды демеді. Жамбыл 
жырлары болашақ ұрпаққа үлгі – өнеге беретін құнды мұра болып қалмақ. 
Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологи-
ясын, ата-бабаларымыздың салт-дəстүрімен сабақтастыра отырып, тəрбиелеу 
қазіргі күннің ең өзекті мəселенің бірі болып есептелінеді. Сондықтан жас 
ұрпақ тəрбиесіне Жамбыл жырларының берер тағылымы мен орнын зерделеу 
басты мақсатымыз.
Жас ұрпақ тəрбиесі-адамзаттың мəңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де, 
болашағы да тəрбиелі ұрпаққа байланысты. Халық алдындағы азаматтық 
міндетіміз – Мəңгілік Елдің туын биікке көтеретін саналы, тəрбиелі ұрпақ 
тəрбиелеу. Ата-бабаларымыздың өмір жолы мен жыр-дастандарын бойына 
сіңіріп өсірудің маңызы зор. Жаңаша көзқараспен қарай отырып, Жамбыл 
жырларын зерттеу көкейкесті мəселе.
Жыр дүлділі, халқымыздың талай-талай дүбірлі уақиғасына ұлы ақын куə 
болған. Жамбыл шығармашылығына саяси-əлеуметтік мəселелердің тереңдей 
қойылуына сол кездегі қоғамдық тартыстар қақтығыстар себеп болған. 
Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы 
жыраулардың дəстүрін қайта түлетіп, біздің дəуірімізге жаңа сапада, соны 
мазмұнмен байытып жеткізді. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне 
қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мəселелерді көтерді. 
2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дəрежесі, 
мəртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің əлемнің шартарабы-
на танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы əр ұлттан 
құралған жауынгерлердің бəрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. Оның 
үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен 
Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты 
суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді.
Жамбыл жырау жетпіске келіп қалған жасына қарамай, халқының көз жа-
сына, ыза-кегіне толы əйгілі «Зілді бұйрық», «Патша əмірі тарылды» сияқты 
шыншыл əрі елдің ауыр жағдайын ашық бейнелеген жырларын шығарады. 
Ақын:
...Аттандық ұлығыңның қонысына, 
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,
Көксеген азаттықтың соғысыда, – деп аяқтайды [1, 45-49 бб.].


209
Қазан төңкерісін Жамбыл халыққа жақсылық əкелер деген үмітпен қарсы 
алады.
Жамбыл өз тұсында небір бұлбыл, нелер дүлдүл ақындармен бетпе-бет 
келіп айтысып, тізе бүктірген. Айтыс –елге ежелден сүйікті де сүйкімді, 
найзағайдың жасынындай жарқ етіп, табан асытында жайнап шыға келетін зе-
рек сана, тапқыр көңіл, мəрттікті қалайтын жыр айдыны. Жамбылдың Айкүміс, 
Бақтыбай, Құлмамбет, Сарбас, Досмағамбет сынды жорға ақындармен айтысы 
кеңінен белгілі. Құлмамбетпен айтысында:
Құлманбет – менің атым, құлан аян,
Менің құлан екенім тəңірге аян.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп
Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі [1, 144-160 бб.].
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп Құлманбет дүлділ Жамбылға 
тиіседі.
Ақын – деп елі ардақтайды, кəне көрейін, ол «немені», – деп килігеді. 
Жамбылға кісі жіберіп, айтысуға шақыртып алады. Жамбыл келген соң бірінші 
айтқан жыр шумағы:
Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, – 
Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан – дейді Жамбыл.
Тіпті Құлманбет Жəкеңе «сəлемің мен аманың жоқ, үлгілі орта, тəрбие 
көрмеген «надан» деген сөгіс айтыды. Осы жерде омақасып орға түсіп, жеңілер 
жерің – деп екпіндейді. Айтулы Жəкеңді ақын емес, жай көп өлеңшінің бірісің 
– деп намысына тиеді. Тіпті Құлманбет былай деп ақындық шабыт шақырады:
Албан аға болғанда, Дулат іні,
Сөзінде Құлманбеттің барма міні.
Албан, Дулат бəрі кеп айқай салса,
Шапыраштының не болар көрген күні?!
Қасқарау Нұрқанның жылқысын қаптатсам,
Шапырашты, сенің бұзау, танаң қырылады, – 
деп қыр көрсетеді Құлманбет. Төрт түлік мал өргізген Көбікбай, Қарабай, 
Сатыбалды, Қанай есімді байларын атайды. Тіпті «алма таратқан кісіге ат 
берген» Тілеу – қабыл Үсенбайдай игі жақсыларын атайды. Осындай бай – 
бағыланың бар ма – деп Жамбылға дөң айбатын үдете түседі Құлманбет.


210
Жамбыл Құлманбетке алғашқы қақтығыста-ақ былай дейді:
Сөйлесем өдеңімді түптен бермен,
Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.
Мылтықта түтеп тұрған мен бір пыстан.
Осы бір шумақ жыр жолының өзінен-ақ Жамбылдың теңдесі жоқ сөз зергері, 
айтыс ақыны айқын байқалады. Шабыты шалқар Жамбыл Құлманбетке: 
«Ажалыңа асықпай кел!» – деп сөзбен іліп тастайды. Мына тірлікте ажалға кім 
асықпай барған?! Осы бір сөздің өзі Жамбылдың кемел айтыс ақыны екенін 
бұлтартпай дəлелдейді.
Ел таныған ақын болу үшін, əрине, сол өңірдің ақындарымен түгел таны-
сып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда 
үлкен табыстарға жетеді.
Байдың қойын бағып жүргенде он үштегі кезінде ұйықтап қалып, түсінен 
ақын болып оянған Сүйінбай ұстазы сияқты, Жамбылға да ақындық түсінде 
аян беріп қоныпты. Ол туралы Жамбылдың өзі: «Бір күні Жетісай жайлауын-
да жылқы бағып жүріп, түс көріппін. Түсімде ақсақалды қария келіп: «Өлең 
аласың ба, көген аласың ба?» – деген. Мен: «Өлең!» – деппін. Оянып кетсем, 
түсім екен, көкірегімді бір толқын кернеп, алқымыма тығылғандай, дереу үйге 
жетіп, домбыраны ала салдым да, оңды-солды төгіп-төгіп жіберіп едім, кеудем 
ашылып, орта түскендей болды», – деп еске алады.
Жамбыл жиырма жасында сол кездің атақты ақыны – Жаныспен айты-
сып, оны жеңеді. Əлгі «Менің пірім – Сүйінбай» деген өлеңін Жамбыл осы 
Жаныспен айтысқанда айтады. Жамбылдың «Жылқышы», «Пұшықтың 
ұрыға айтқаны» сияқты белгілі өлеңдері сол шамада шығарылады. Атақты 
«Айкүміспен айтысы» да осы тұста болады. Одан кейін «Сəт сайланарда», 
«Жалғызбын деп жүрмесін», Алматыда Абайдың баласы Əбдірахманның 
қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы, «Өсиет», «Əділдік керек халыққа», 
«Кəрібайдың төбеті» тəрізді белгілі өлең, толғаулары туады.
Табиғатынан ақындық дарыған жас талаптың көкірегін өлең кернеп, он 
төрт-он бес жасында біржолата ақындық жолына түседі. Əрине, жас ақынның 
алғашқы қадамы өзі қалаған өнердің оң-солын бағамдау, үйрену кезеңінен ба-
сталады. Жамбылдың туа бітті алғырлығы, тапқырлығы, өжет-өткірлігі, тілге 
шеберлігі мен əзіл-оспаққа бейімділігі, сондай-ақ бір естіген өлең-жыр, ұзақ 
толғауларды есінде сақтағыш зерделілігі ел өмірінің кез келген тақырыбына 
еркін баруына жол ашады.
Сондықтан арынды талант бұрқыратып өлең де шығарып, құйқылжытып 
күй де тартып, киіп-жарып айтысқа да түседі.
Алғашқы «Шағым», «Əкеме», «Сарыбайға» деген өлеңдері қайсар да батыл 
Жамбылдың ақындыққа барар жолдағы кедергілерді жеңуге деген жігерлі тал-
пынысын да, ақындық айтқыштығын да танытады. «Шағым» деген өлеңінде 


211
«бала келсе сабаққа, жем аңдыған дорбадан», «айтқаны ішке қонбаған», не 
оқытарын өзі де білмейтін молдадан құтқаруды əкесінен қиыла өтінеді, енді 
зорлаудан ештеңе шықпайтынын да ескертеді.
Шып-шып етіп молданың 
Қолындағы тобылғы, 
Қозғалтпайды жон жағым, 
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды [2, 38 б.], – 
деп шағынады «молдадан» күдер үзген жасөспірім. «Əкеме» деген өлеңде 
бала Жамбыл əкесіне: «Батаңды бер, ақын боламын», – дей отырып, əкесінің 
əлденендей іс-əрекетін астарлап сынап та өтеді. 
Батаңды маған бер, əке, 
Тіліме менің ер, əке. 
«Жапаның ұлы ақын боп, 
Жақсы істепті» дер, əке. 
Домбыра алып сөйлейін, 
Күнде жасап мереке. 
Мерекелі болған соң 
Елде болар береке.
«Ұрлық түбі – қорлық» деп, 
Болармыз құр келеке [2, 5 б.].
Екі өлеңдегі де он бес жасар баланың тауып айтқан шеберлігі, сөзінің 
суреттілігі, өлең құрылысының жатық, əуенділігі сүйсіндіреді. «Торсылдатып 
танадай» деген теңеу, «Ұрлық түбі – қорлық» – деген нақыл, соғылған дүренің 
сипаттамасы, «күн ұзаққа боздаған» – деген эпитет, «мереке», «береке», «ке-
леке» – деген ұйқастардың тілге жеңіл əдемілігі болашағы үлкен ақындықтың 
нышаны іспетті. Ал, он тоғыз жасында шығарған «Сарыбайға» – деген өлеңі 
ойлы сарынын, жиырма жасында айтқан «Жаныс ақынға» дейтін өлеңі төпеп 
айтатын арынын танытады.
Сарыбай – Сүйінбай мен Жамбыл шыққан Екей елінің атақты болысы. 
Кезінде қоқандықтарды жеңген ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен, кейін 
ел басқарған абыройлы кісі. Жас жігіттің осындай кісіге тілегін əдемі ойлы 
өлеңмен білдіріп, кішілік пен кісілікті қатар танытуы «осал ақын» еместігін 
көрсетеді.
Біреулер малмен бəрін бөктіріп жүр, 
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр. 
Көтеріп дүниенің кең-қоқырын, 


212
Апарып қай шұқырға төккелі жүр? 
Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,
Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылып, 
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қайсысын маған соның еп көресіз?
Əкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.
Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,
Өлең болсын серігің деп берерсіз [2, 40 б.].
Өлеңнен айналадағы өмір мен адамдар туралы түсінігі айтарлықтай терең, 
ойының өресі биік, ақындыққа төселген, тілі кестелі өнерпазды тану қиын 
емес. «Көңілі көкте, басы жердегі – жаман; өзі кішік, ойы биік – жақсы; 
Ұстауға күн мен айды жуықтау; қара сөзді қамшы қылып, қуды мініп, құланды 
құрықтау» сияқты нəрлі оралымдар анау-мынау өлеңшінің аузына түспесе 
керек. «Дүниенің кең-қоқырын апарып қай шұқырға төккелі жүр?» – деген 
риторикалық сұрақтың философиялық жауабы тіпті тереңде жатыр.
Жамбыл өлеңдері мен айтыстары əуелден халықтық арнадан бастау ала-
ды. Сондықтан оның туындыларынан əлеуметтік сарын молынан байқалады. 
Оның өмір қайшылықтарын ерте танып, олардың сырына ой жүгіртіп өсуі 
шығармаларын мəнді, салмақты етеді. Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдың 
үлгісімен кім болса да: мейлі болыс-би, мейлі бай, манап болсын, мінін бетіне 
айтып, кедей-кемтардың, əлсіздің жоқшысы болуды ақындық мұраты еткен 
ақын. Жамбыл ақындық өнер жайында:
Ақын деген ат болмас, Қытығын таппай сұратпай. 
Қандырмай мейір суаттай, Досың болса, күлдіріп,
Жыры болмай бұлақтай. Сүйсіндіріп жұтатпай.
Тұнығы болмай сынаптай. Жауың болса, бүлдіріп:
Алатаудан арындап, Домбыраң – берен,
Асқан судай құлатпай. Жырың – оқ,
Қыбыршыған көңілден Дəл тигізіп, сұлатпай [3, 168 б.], – 
дейді.
Жамбыл өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында осы ұстанымынан танған 
емес.
Ақынның көп жырлаған тақырыбы – «Туғалы сөзі өтпеген, қолы есеге жет-
пеген, құлшылықтан кетпеген» жарлы мен жалшының азапты өмірі, кедейдің 
күйі.
«Кедей күйі» – деген өлеңінде жоқшылық тауқыметін тартқан кедей 
балаларының аянышты халі, кедей басындағы жоқшылық, шарасыздық шы-
найы бейнеленген.


213
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас [2, 32 б.], – 
дейді ақын күйзеліп. Жамбыл қысы-жазы тыным көрмей, бай малының 
соңында жүрсе де, ауыр азап, жоқшылықта өмірі өтіп жатқан кедей туралы 
«Жылқышыға» деген өлеңінде де қабырғасы қайыса, ашына айтады.
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз-түні
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Əрідегі Дулат, Сүйінбай, берідегі ұлы Абай сияқты, Жамбыл да өз кезінің 
билік басындағыларының халық қамын ойламайтынын, əділетсіздігін, 
парақорлығын, екіжүзділігін əшкерелеп, көптің алдында беттеріне басады. 
Мұндай өлеңдерінің тілі уытты, мысқыл, сатираға толы болып келеді.
Жамбыл – халық ақыны. О баста суырып салма айтыстан басталған отты 
өлеңдерінде халықтық үн, халықтық зар басым. Жеке өз басының мұңын 
жырға қосса да жетіп артылатын еді. Алғадайдың өлімінің өзі Жамбылға оңай 
тиген жоқ. Алайда, əр жыры халық тағдырынан сыр шертеді. Екі ғасырдың 
көшінде бір ғасыр ғұмыр кешіп, сан түрлі оқиғаға куəгер болған Жамбыл 
ақынның қуатты жырлары күні бүгінге дейін өз сарынын жоймаған. Жой-
майды да. Өйткені, шындық жырланған, ақиқат ат үстінде айтылған өлеңдер 
өміршең келеді. Халықтық жырдың негізінде немесе жыраулар поэзиясының 
үлгісінде бүгінгі мен өткенді сабақтастыра жырлайтын ақындар сол кезеңде 
жоқтың қасы болатын. 
Жамбыл сол үрдісті қалыптастыра білді. Қазақтың қоңыр үніне салып 
жыраулық дəстүрді ұстанса, енді-енді өзгеше иірім танытып жүрген поэзияны 
да қалыс қалдырмады. Сонысыменде қымбат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет