Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет58/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Əбілқақұлы М. Əдеби жазушылық. – Бейжиң: Ұлттар баспасы, 2014.
2. Қазақ балалар əдебиетінің классикалық үлгілері. Бес томдық шығармалар 
жинағы. 1-2-том: Əңгімелер. – Алматы: Арда, 2011. 
3. Көрнекті ақын, тіл маманы, ұлағатты ұстаз жұнысқан Бақаевпен сұқпат // 
Іле. – 2015. – желтоқсан. 
А. Ахметова,
ҚР БҒМ М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының 
ғылыми қызметкері, PhD докторанты
(Қазақстан)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИА ПОЭЗИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖƏНЕ 
ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
Бейнепоэзияның пайда болу, қалыптасу, даму жағдайы. Қазіргі біз өмір 
сүріп жатқан дəуір белгілі бір деңгейде сандық, ақпараттық құрылғылардың 
қарқынды дамуымен сипатталады. Кез келген жаңалық интернетпен 
қамтылған жер бетінің əрбір нүктесіне технологиялық құрылғылар арқылы 
көз ілеспес жылдамдықпен таралуда. Əлем елдерінің кибермəдениетке аяқ 
басуы өнердің бір түрі саналатын сөз өнерін – əдебиетті де сан қырынан 
трансформациялауға көшті. Заманында əдебиеттану реформаторы Ахмет 
Байтұрсынов классификациялаған өнердің бес түрі бүгінде қайта синтезделу 
үрдісін бастан кешіруде. А.Байтұрсынов көрнекі өнерді: сəулет өнері (архи-
тектура), сымбат өнері (скульптура), кескін өнері (живопись), əуез өнері (му-
зыка), сөз өнері (қазақша асыл сөз, арабша əдебиет, европаша литература) [1, 
21-22 бб.] деп жіктеген болатын. Қазақ əдебиеттануының тұңғыш реформато-
ры А.Байтұрсынов қазақшалаған өнер түрінің соңғы үшеуіне бүгінде актерлік 
шеберлік, бейнетүсірілім, бейнеклип, монтаж, т.б. кинемотография, визуалды 


218
өнер салалары қосылып, өзара тұтастану құбылысы жаңа медиаəдебиет ата-
латын өнер түрлерін тудырды. Өйткені қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі 
ақпаратты визуалды түрде қабылдауға икемделіп келеді. Көркем əдебиетті оқу 
үрдісін ұдайы сəнге айналдырғымыз келсе, медиаəдебиет түрлерін тудыруға 
ынталы болуға тиістіміз. Бұл – бүгінгі қоғамда, əсіресе, жастар тарабы қажет 
ететін өнердің бір түрі. Көрнекі өнер түрлері мен сандық технологиялардың 
бірігуінен пайда болған медиаəдебиетті зерттеушілер қатары жаңа құбылыс, 
түр, жанр ретінде қарастыруда. Біз де өз тарапымыздан əдебиеттің жаңа 
түрі ретінде атап көрсеткен əдебиетші мамандардың пікірін қолдаймыз. По-
эзия немесе проза жанры электронды нұсқада да өзіне тəн көптеген дəстүрлі 
критерийлерді сақтаған. 
Жалпы еуропалық, америкалық кеңістікте медиаəдебиеттің проза, поэзия 
жанрлары қатар дамуды бастан өткізіп жатса, Ресей, Украина, Эстония сынды 
посткеңестік мемлекеттерде прозаға қарағанда визуалды, бейне, аудио атала-
тын медиапоэзияның жаңа түрлері көбірек дамыған жəне белгілі бір деңгейде 
кеңірек зерттелген. Ал Қазақстан əдебиетінде видеопроза кездеспегенімен, 
қарасөзбен өрілген көлемді туындылардың аудионұсқасы отандық əдеби пор-
талдар мен сайттарға орналастырылған. Жас жазушы Мерей Қосынның “Буве 
нүктесі” əңгімесінде ғана аудиотаспаны пайдалану секілді кибер əдебиеттің 
белгілері көрініс тапқан (қараңыз: https://massaget.kz/blogs/proza/19464/). 
Елімізде медиапоэзия түрлері соңғы бір-екі жылдар аясында ғана қалыптаса 
бастады. 
Бейнепоэзия – əуен ырғақтарымен, сан алуан графикалық, геометриялық 
пішіндердің сүйемелдеуімен экрандалған өнердің бір түрі. Бейнепоэзия-
ны экранда немесе түрлі фон аясында автор немесе актер, диктор, т.б. сала 
мамандары мəнерлеп оқиды. Кейде поэтикалық мəтін тек графикалық 
кескіндемелермен де ұсынылуы мүмкін. Мəтін мен өлеңнің мəнерлеп оқылуы, 
сан алуан техникалық амалдармен безендіріліп ұсынылған нұсқасы тұтас, 
аяқталған туынды саналады. “Поэтория” деп аталатын бейнепоэзия элек-
тронды журналының қорындағы шығармаларды саралай отырып, қос автор-
лы поэзиялық туындыларды ұшырастырамыз. Поэтикалық өнімнің мəтінін 
жазған алғашқы автормен қоса, оған режиссерлік шеберлікті, қойылымды 
кіріктірген, түрлі фонды араластырып, визуалды формалармен, музыкалық 
əуенмен əрлеген, яғни туындыны бейнеформатқа ауыстырған екінші автор 
пайда болады. Кейде алғашқы автор мəтін арқылы бере алмаған көркемдік 
атмосфераны екінші автордың көркем көзқарасы жетілдіре түседі. Түйіндеп 
айтқанда, екі автордың қиялынан туған көркем құрылымдар оқырманға 
тұтас поэтикалық мəтінді ұсынады. Осы уақытқа дейін кітап, журнал, газет 
бетіне басылып шыққан əдеби туындыларды оқырманның ондағы мəтінді оқу 
арқылы ғана бойға сіңіру дəстүрі қалыптасқан-ды. Яғни, оқырман тек мəтін 
аясында жүзеге асырылған шығармашылық қиялды қабылдап, өзінің таным 
көкжиегінің мүмкіндігі мен тəжірибесінің жеткенінше туындыны арықарай 


219
талдап, өз жанынан жаңа мəн, мазмұн үстеп, шығарманың өмірін ұзартуға үлес 
қосатын. Ал медиатуынды оқырмандары, кей жағдайда, шығарманың дүниеге 
келуі жəне оның арықарай өмір сүруі барысында автордан да артық үлес қосқан 
жағдайлар да кездеседі. Өте қысқа сөзбен көркем өнім жаратқан автордың 
əдейі айтпай, қалтарыста ұстаған ойларын оқырман өзінше жетілдіріп, 
мəтінін арықарай жалғастырып жазуы да мүмкін. Немесе шығарманы мазмұн, 
жанр, тақырып, идея, стиль тұрғысынан жан жақты түрлендіріп, автордан да 
артық шығармашылық қызмет атқара алады. Бейнепоэзияда, көп жағдайда, 
мəтін авторына қарағанда өлең жолдары мен видеоны біріктіріп экрандаған 
режиссердің шығармашылық көзқарасы алдыңғы орында көрінеді. Яғни 
поэтикалық туындыда бейнетүсірілім жасаған автордың эстетикалық шешімі 
басымырақ көрінуі де мүмкін. 
Видеопоэзия өзімен межелес өмір сүретін өнер салаларынан келесідей 
өлшемдері арқылы ажыратылады. “Бір қырынан алғанда, бейнепоэзия 
классикалық қысқа метражды фильмдермен байланысты, бірақ одан басты 
айырмашылығы бейнепоэзияда поэтикалық мəтін негізгі рөл атқарады. Екінші 
жағынан, бейнепоэзия музыкалық клиптермен де астастықта қарастырылады. 
Клипте поэзия əуенге негізделіп, əн ретінде айтылмайды, тек мəнерлеп 
оқылады жəне ол экранда бейнеленеді. Тағы бір қыры поэтикалық оқулардың 
бейнежазбасынан ажыратылып қаралатындығымен байланысты. Бейнепоэзи-
яда видеоқұрылымдарға қосымша мағына жүктеледі, туындыға ерекше мəн 
беріледі əрі (мазмұнын) молайтады, өзінше интерпретациялайды” [2, 185 б.]. 
Ал, поэтикалық оқулардың бейнежазбасы көпшілікке түсінікті, яғни автордың 
(немесе мəнерлеп оқушының) шығарманы оқыған сəтінен бейнекамераға 
түсіріп, жазбасын көпшілікке экран арқылы ұсынады. 
“Youtube” каналындағы [3] “Культура” телеарнасы мен “Магия кино” бағдар-
ламасының бейнепоэзия туралы сюжеті мен А.А. Сидякина зерттеуінде [4, 152 
б.] бейнепоэзия 1980 жылдары италияндық Джани Тоти шығармашылығынан 
бастау алатындығы айтылады. Аталған автор, сондай-ақ, бейнепоэзия 
терминінің атауы ретінде Poetronica деген терминді алғаш рет қолданады. Бей-
непоэзия атауы 1990 жылдары қолданыла бастаған [3]. Бүгінде бейнепоэзияға 
авторлармен қоса, оқырман/тыңдарман/көрермендер қатарының артқанын 
байқауға болады. 1998-2000 жылдардан бері видеопоэзияға арналған “Зря”, 
“Пятая нога” (Ресей), “Zebra” (Берлин), “CYCLOP” (Киев) сынды түрлі 
халы қаралық конкурс, шеберлік сыныптары, фестивальдер мен поэтикалық 
кештер ұйымдастырылып келеді. Ресейде бейнепоэзияның А.Радионов, 
Е.Троепольская, А.Гончуков, т.б. сынды белді өкілдері бар. 
Қазіргі уақытта отандық интернет платформалардың арасында Massaget 
порталы медиапоэзияның бейнепоэзия түрін қалыптастыруға үлес қосатын 
бірегей интернет кеңістік саналады. Аталған сайтта əлемдік поэтрониканың та-
лап, өлшемдеріне сəйкес келетін көптеген қазақтілді бейне жəне кино туынды 
орналасқан. Ондағы видео жəне кинотуындылар басқа да əлеуметтік желілерге 


220
таралған. Атап айтқанда, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Балалық күн”, 
Мұқағали Мақатаевтың “Қыздарға”, “Жігіттер, демалайық тауға барып!”, Ол-
жас Сүлейменовтің “Любая влага, влитая в кувшин”, Марфуға Айтқожинаның 
“Күллі түркі рухын ту көтерген”, Мұқтар Шахановтың “Ғайша”, Есенғали 
Раушановтың “Жаз не деп еді?”, “Намазшамда көлеңкелер өледі”, “Құлыншақ”, 
“Сүйдім мен іңір деген пері қызын”, Əмірхан Балқыбектің “Қатардағы өлең”, 
Қалқаман Сариннің “Қазақ – киік”, “Хат”, “Мақта қар”, Ерлан Жүністің “Бұл 
кім?”, Дəурен Берікқажыұлының “Сізді сүю”, Құралай Омардың “Жанардың 
хаты”, Айжан Табаракқызының “Күз”, Нұртас Тұрғанбекұлының “Ауылдың 
баласы едім...”, “Бір ару”, “Бақыт біздің қолымызда”, “Ауылға барып қайттым, 
Аға”, Айбол Исламғалидің “Күзгі рапсодия”, Назгүл Сарыбаеваның “Мен қара 
түске ғашықпын”, Марғұлан Ақанның “Риясыз диалог”, Еламан Хасеннің 
“Өлеңбаян”, Шерхан Талаптың “Күз” өлеңдерінің көркемдік қуатын, мəтінді 
бейнетілге көшірген екінші автордың көзқарасымен беруге тырысқан. 
Заман қажеттілігіне қарай, көркем туындылардың визуалды форматына 
сұраныстың өсіп келе жатқандығын ескерген шығармашылық топ өкілдері 
2017 жылдан бері шығыс жəне ортаазиялық ақындардың шығармашылығына 
арналған “Жібек жолы” халықаралық кино-поэзия фестивалін өткізіп келеді. 
Ақын А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, О.Сүлейменов, М.Шаханов, 
Н.Сарыбаеваның жоғарыда аталған өлеңдеріне кино немесе видео түсірген 
авторлардың кейбірі “Жібек жолы” фестивалінің финалына дейін қатысқан. 
Визуалды туындылардың бірқатарын талдауға тырысайық. 
Massaget порталы жас қазақ ақындарының бірі Нұртас Тұрғанбекұлының 
“Ауылдың баласы едім...”, “Бір ару”, “Бақыт біздің қолымызда”, “Ауылға ба-
рып қайттым, аға” атты төрт поэзиялық туындысына бейнетүсірілім жасаған. 
Ауылға қатысты екі бейнеөлеңінде автордың өзі қатысып, өлең оқиды. 
Режиссері – Ернар Алмабек. Қос шығармашылық адамының біріккен туын-
дысы сəтті шыққан. Бейнеөлеңге коммент қалдырған funfi ction (оқырмандар) 
тобы да ризашылықтарын білдірген. Өлеңнің мəтіні 2012 жылы ақынның 
туған ағасы ажал құшқанда жазылған. Режиссер Нұртас Тұрғанбекұлы 
дүниеге келген Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылына барып 
ағасының қазасына орай жазылған өлеңді соңғы жылдары ғана бейнетуындыға 
айналдырған.
Ақын “Ауылға барып қайттым, аға” [5] бейне-поэзиясында балалық 
шағының ізі қалған туған ауылындағы əрбір нысандарды сағынышпен еске 
алады. Ескі ауылдың ғажап картинасын қалыптастырған балалардың өткен 
жəне бүгінгі əрекеті салыстырмалы түрде еске алынады. Бейнетуынды-
да өлеңді ақынның өзінің оқуы өте тартымды шыққан. Мəтін арқылы өзі 
қалыптастырған шығармашылық көңіл-күйді өзінің қоңыр əсем даусымен 
тыңдарманды/көрерменді/оқырманды одан əрі тамсандыра түседі. Тыңдаған 
адамды іштей толқынысқа, əрі-сəрі күйге салады. Ақынның туындыда ескі 
балалық шағын, балалық кезеңнің əсем картинасын бірге жасасқан, алайда 


221
бүгінде қаза болған туған ағасын жоқтауы тыңдарманның көзіне жас үйіреді. 
Бейнетуынды фонындағы музыка да кез келген оқырманды сағынышқа 
жетелейді жəне ақынның ішкі əлеміндегі сан түрлі толқынысты жеткізуге 
септеседі. Ағасымен бірге өткен шақтан естелікке қалған, бүгінде тозығы 
жеткен тұрмыстық жəне мал шаруашылығына қажетті аулада дөңгелегі 
майысып, тозығы жеткен қоларба, таттанған сары бақыр сынды құралдар 
бейнетуындыға көркемдік деталь ретінде таңдалған. Туындыдағы ақынның 
ағасымен бірге өткізген балалық шағы мен туған ауылына сағынышын жеткізу 
үшін өзі оқыған мектеп, ауладағы алма бақ, қараусыз қалған ескі үй, қора, мал 
жайылған кең өріс, бұйрат таулар, таң шапағы мен кешкі ақшам кезеңі көркем 
хронотоп ретінде арнайы таңдап алынған. Бейнешығарманы безендіруге 
қатысқан кеңістік нысандары мен уақыт өлшемдері ақынның өлең оқыған 
сəттегі даусының құбылуы, тіркес немесе жолдарға арнайы екпін түсіруі, 
кідіріс жасауы сынды мəнерлеп оқуға тəн поэтикалық техникалық амалдар 
бір-бірімен əсем үйлескен. Сондай-ақ автор санасында жатталған ағасының 
балалық əрекеттерін: 
Сен бас киім кигізіп қуалайтын, 
Қойлардан да қалыпты бірді-екілі.
...
Сен бірде бір топ асық алып келіп,
Ит мүжіген, қалғанын мен ойнағам, – 
деп келетін жолдармен кескіндейді. 2012 жылы жазылған өлең мəтіні “Аға, 
енді ауылдың топырағын, Сенің бір күн басыңа себем келіп” деп аяқталған 
екен. Шығармашылық сəтте туған ақынның бұл арманы келесі кезектегі твор-
чество үстінде, яғни бейнепоэзия жүзеге асырылған уақыт ағымында орында-
лады. Режиссер мен ақынның бірлесіп ұсынған көркем туындысы тартымды 
шыққан деп түйіндейміз. 
Режиссер Ернар Алмабек ақын Нұртас Тұрғанбекұлының “Ауылдың бала-
сы едім...” [6] деп аталатын өлең мəтініне де бейнетүсірілім жасайды. Экран-
да өлеңді ақынның өзі оқиды, басты кейіпкерді де өзі сомдайды. Туындыда 
ауыл баласы тазалықтың, шыншылдықтың, əдептіліктің символы іспеттес 
елестейді. Мұнда да көрерменге туындыдағы эстетикалық атмосфераны ба-
рынша сезіндіруге, ақынның ішкі əлемін түсіндіруге ақшам мезгілі, күннің 
қызарып батып бара жатқан көрінісі, тау-таспен қоршалған табиғат аясы 
көркемдік тұрғыда белсенді қызмет етеді. Автор туған ауылының əр дөң-
сайымен, бұта-қамысымен үнсіз сырласады. Ауыл табиғаты ақынның бала 
шағына куə, жан əлемін, сырлы сағынышын ұғушы кейіпте көрініс табады. Бей-
не шығармадағы “Кірдің суын баспаймын деп жүргенде, Өзім кірлеп кеткен-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет