дей боп тұрамын” деген жолдарды ақынның тың суреткерлік ізденісі ретінде
атап өтеміз. Ал ақынның “Бір ару” [6] деп аталатын өлеңінің бейненұсқасы
222
түпнұсқадағы суреткерлік сезімді толық жеткізе алмаған. Бейнеформат
автор(лар)ының шығармашылық ізденісі де байқалмайды. Өлеңді мəнерлеп
оқыған Ербол Молдажанов. Өлеңді оқушының даусы тыңдарман сезіміне аса
əсер етпесе де, өзінің эстетикалық талғам-тілегіне қарай белгілі бір деңгейде
жеткізуге тырысқан. Аталған бейнепоэзиялық туындыны дайындаған ұжымға
кəсіби тұрғыда актерлік, режиссерлік шеберлік жетіспейді.
Ақын Мұқтар Шахановтың “Ғайша” өлеңінің [7] негізінде режиссер Сəбит
Əбді қысқа метражды фильм түсірген. “Ғайша” қазақ тіліндегі кинопоэзияның
ішінде режиссердің, түсіруші ұжымның актерлік кəсіби шеберлігі айқын
көрінетін, қай қырынан болса да сапалы түсірілген поэтроника деп санаймыз.
Поэтикалық бейнеге түпнұсқа авторы М.Шаханов қатыспаған. “Ғайша” өлеңі
мəтіні:
Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға...
Сенген жүрек серттен оңай тайған ба? – деп басталатын еді. Ал
поэтикалық фильмнің сценарийі өзгеше құрылған. Поэзия оқиғасына
режиссердің шығармашылық көзқарасын айқындайтын қысқаша эпизод
қосылған. Ғайшаның жарын соғысқа аттандырмастан бұрын соғыс жай-
лы еш хабар тарамаған жайма-шуақ мезгілді көрсететін кадрмен басталады.
Қыз-жігіт ретінде табиғат аясында бірге қыдырыстап жүруі, Ғайшаны өзіне
жар етіп алуының белгісі ретінде басына ақжаулықты күйеуінің өз қолымен
байлауы жəне отбасылық шаңырақтың символы шырақты жағып, бірге қос
қолдап ұстап тұруы сынды көріністер режиссердің шығармашылық жемісіне
баланады. Кино-поэзияда қазақ халқындағы келінге, шаңыраққа қатысты
салт-дəстүрлер де көрініс тапқан. Бұдан кейінгі оқиғалар желісі мəтінге
сəйкес жүзеге асып отырады. Кадр сыртында баяу ырғақпен кідіріс жасап, по-
эзия мəтіні мəнермен оқылып тұрады. Өлеңді мəнерлеп оқыған сəтте қазақ
əліпбиіндегі төл таңбалардың дыбысталуы аз мөлшерде болса да бұзылған.
Осыған қарамастан, өлең жолдары мен дауыс ырғағы, түсіруші топтың деко-
рациясы, шығармашылық шешімі бір-бірімен үйлесім тапқан. Əлемдік үздік
бейнепоэзия түрлерімен тең дəрежеде тұратын туынды ретінде санаймыз.
Ең бастысы, режиссер түпнұсқа авторының идеясын жете түсініп, туынды
мəнмəтініндегі көркем ойларды, образдарды бейнеформат арқылы көрсетуге
ұмтылған.
Ақын Назгүл Сарыбаеваның “Қара түске ғашықпын...” [8] өлеңінің негізін де
“Мен қара түске ғашықпын” атты кинопоэзия түсірілген. Табиғаттағы түс терге
философиялық-танымдық мазмұн дарыту мотиві қазақ поэзиясының алыпта-
ры Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нəжімеденов өлеңдерінде көп кездеседі.
Назгүл Сарыбаева да қара түс реңінен қазақ болмысына, шаруашылығына
тəн өмірлік-пəлсапалық мəн іздейді. Кино-поэзияда актерлер ақын өлеңін
кезектесіп мəнерлеп оқып, тартымды даусымен тыңдарманды тамсанды-
рады. Кинопоэзияның басты кейіпкері ретінде көзі көрмейтін жас қыз бен
егде жастағы суретші ер адам таңдап алынады. Түстер палитрасы арқылы
223
əлемнің көркем бейнесін жасағысы келген ақын қара түсті қазақтың болмы-
сымен, шаруашылығымен, өмір сүру қалыбымен байланыстырады. Мысалы,
қазақтың қара домалағы, қаракер аты, қарашаңырақ, қара жер, қара шал, қара
домбыра, қара өлең, қаракөзді қара қыз, қою қолаң қара шаш, қараторы жігіт,
т.б. тіркестердегі жалқы жəне жалпы зат есімдерге ақын өзінше бояу дарыта-
ды. Қара бояуға телу арқылы қазақ дүниетанымындағы қастерлі ұғымдарды
жеке-дара ерекшелігісі келеді. Бұл тіркестер қазақ мəдениетінде ескіден бері
қалыптасқанымен, поэзия мəтіні арқылы кино тіліне еніп, мəнерлеп оқылғанда
тыңдарман/оқырманға ерекше, жаңа қырынан əсер етеді. Поэзия мəтінінде
соқыр қыз бен суретші тағдырын бейнелейтін көркем сюжеттер кездеспейді.
Екі кейіпкер кинематогтардың қиялынан өрбіген. Кино түсіру үшін таңдалған
үй интерьері де тыңдарманға соқыр қыздың хал-күйін тереңірек сезінуге
септеседі. Кино-поэзияда адамның көру мүшесінің соқырлығына қарағанда он
екі мүшесі түгел бола тұрып, адамның жаны, көңілі соқыр болса, сол өкінішті
деген идея алдыңғы планға шығарылған. Жарымжан қызбен кездесуге келіп,
гүл ұсынып тұрып, кері кеткен егде жастағы суретшінің сол сəттегі жағдайын
тыңдарман/оқырман өзінің эстетикалық талғамына қарай түрліше тəспірлеуі
мүмкін. Алғашқы кездескен сəтте суретші жарымжан қыздың болмысын
қабылдай алмағандай көрінеді. Немесе əдемілікке жақындамай, қыздың əсем
тұлғасына сырттай ғана сұқтанып жүруге бекінгендей. Қара көйлекті қыздың
қара ормандай шашы, мойылдай қасы-көзі егде жастағы суретшіні осын-
дай шешімге əкелгендей сезіледі. Өйткені қыздың қолынан ұстағысы келіп
тұрып, мəжбүрлі түрде өзін тежеп, орнын тұрып кетіп қалады. Жоғарыда
айтқанымыздай, оқырман өзінің таным көкжиегінің мүмкіндігіне қарай интер-
претациялауы немесе қабылдауы мүмкін. Реалды нақтылықта адам құндылығы
жайлы сансыз рет айтылып, жазылса да оның жанының мыңдаған қат-қабат
құпия қалтарысы сол күйі ашылмай келеді, керісінше уақыт ағынына қарай
күрделене түсуде. Қысқа метражды поэтикалық кино тудырушылар суретші
кейіпкердің бір мезеттегі əрекеті арқылы адамды толықтай түсінуге ұмтылыс
тек өнер əлемінде ғана жүзеге асуы мүмкін деген көркем ойды ұстанғандай
көрінеді. Түйіндеп айтқанда, ақын Назгүл Сарыбаеваның “Қара түске
ғашықпын” деп аталатын өлеңіндегі тұтас көркем мəнді кинопоэзия туындысы
өз деңгейінде жеткізген жəне мəтіндегі эстетикалық ойлардың философиялық,
əдеби бояуын қалыңдата түскен. Заманында Абай Құнанбайұлы баласы
Əбішті сынамақ болып ақ пен қара заттың (түстің) қайсысының асылдығы
жайында сұрақ қойған екен. Абай дүниені көретін көздің ағы емес, қарашығы
болғандықтан қара түсті асыл деп санаса, баласы Əбіш тіршіліктегі барлық
нəрсені адам миы арқылы танып білетіндіктен ақ түс асылырақ деп əкесінен
де асып түсіпті.
Ақын Қалқаман Сариннің “Қазақ – киік” өлеңіне [9] де видео түсірілген.
Екі шығармашылық тұлғаның жан-дүниесіне қазақ даласының байлығы мен
сəніне айналған киіктердің (ақбөкен) 2015 жылы жаппай қырылуы аса ауыр
224
тиеді. Деректерге сүйенсек, сол жылы 130 мыңнан астам киік ажал құшқан
екен [10]. Өлеңнің бейне түрін жасаған режиссер Ернар Алмабек. Визуалды
поэзия ақбөкендерге апат əкелген болжамдарды жан жақтап жеткізген теле-
арна жүргізушілерінің хабарларын пайдаланған. Бірнеше жүргізушінің ха-
барлап отырған сəтін қиып алып, экранға топтастырғанда тыңдарманға олар
бір мезетте ақбөкендердің жаппай қырылғанына жанұшыра дауыстап, дабыл
қаққандай естіледі. Бейне туындының осы кадры өте сəтті жасалған деуге
болады. Арықарай киіктердің сайын сахарадағы тіршілігін көрсететін түрлі
кадрлар фон ретінде алынып, Қ.Сариннің “Қазақ – киік” өлеңі өзгенің дау-
сымен мəнерлеп оқылады. Режиссердің басты мақсаты тыңдарманға өлеңнің
мəтінін жеткізу болған сыңайлы. Алайда түпнұсқадағы автордың қазақ пен
киік тіршілігінен ұқсастық тауып, əдемі бейнелі тіркестері мен жолдарын
экранда көрсете алмаған.
Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК!
....
Кеше көрген қайғым бар мəңгі ұмытпас,
Бір білерім, енді ешкім шаң жуытпас.
Көбеюге ешқашан қақысы жоқ,
ҚАЗАҚ пенен КИІКТІҢ тағдыры ұқсас.
Қыран құсап ұшпайды құзғын биік,
Өлексе жеп жетеді ол күзге ілмиіп.
Бір кездері нақақтан нақақ кеткен,
Жүз мың қазақ секілді жүз мың киік.
Ақын бірнеше мың жыл бұрын пайда болғаннан бері сəт сайын құрып кету
қаупі туса да өміршеңдігінің арқасында əлі өмір сүріп келе жатқан киіктер
тағдыры мен талай қиын-қыстау замандардан аман қалған қазақтың өмірінен
ассоциация табады. “Көбеюге ешқашан қақысы жоқ, ҚАЗАҚ пенен КИІКТІҢ
тағдыры ұқсас” деген жолдарда екі тіршілік иесінің қиын да күрделі тұтас та-
рихы мен бүгінгі жағдайына сілтеме жасайды.
Massaget порталының төл жобасы саналатын көптеген бейнепоэзиялық
туындылардың ішінде жас ақын Марғұлан Ақанның “Риясыз диалог” [11]
өлеңіне түсірілген визуалды шығарма да тартымды шыққан. Поэзия шумақтары,
ондағы көркем мазмұн тыңдарманның ұғуына жеңіл соғады. Кадр сыртында
өлеңді мəнерлеп оқыған қыз бен жігіт диалог поэзиядағы жұптардың махаббат
сезімін жеткізе білген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары поэзия мен музыка синтезінен тұтас туын-
ды жасап жүрген ақынның бірі – Мақпал Жұмабай. Музыкалық аспаптардың
сүйемелдеуімен өлеңдерін автордың өзі орындайды. Бірақ, Мақпал əнші емес.
Туындылары əуенге негіздегенімен, басты назарды поэзияға аударады. Ақын
225
сұқбаттарында [12] өзінің қазақ даласындағы ескіден келе жатқан ақындық
өнерді жалғастырушы екендігін алға тартады. «Мақпалдың мақамды жыр-
лары» деген атаумен ақын поэзиясы оқырман/тыңдарманға кеңінен таныс.
Сондай-ақ, музыкалық-поэтикалық туындыларының Мақпал шер деген атпен
төмендегі анимациялық кейіпкері де пайда болған. Мақпал шер – еркін ойдың,
азаттықтың символы.
1 сурет Мақпал шер 2 сурет
Суреттер Forbes.kz сайтынан алынды (https://forbes.kz/process/maqpalsher_almatyida_ayin_
muzyikant_mapal_jmabaydyi_animatsiyalyi_jobasyi_jaryi_krd/?fbclid=IwAR2f6KRxGEdppPjDt7
e9TrU-T6k0N-EDHns3IdVwep2R2dzc0rdmljmajhk).
Мақпал секілді туындыны өмірге келтіргеннен кейін де оның болашақ
тағдыры үшін аянбай еңбек ететін ақындар қатары көбейсе қазақ поэзиясының
əлемдік кеңістікте танылуына мүмкіндік аясы да кеңейер еді.
Massaget порталында орналасқан кейбір бейнепоэзиялық туындылардың
сапасы толық жетілмеген деп топшылауға болады. Қойылым немесе шағын
бейнероликтерден актердің, режиссердің, басқа да техникалық мамандардың
шығармашылық ізденісі, кəсіби шеберлігі көрінбейді. Түпнұсқа авторы
тудырған көркемдік əлемді бір қырынан ғана танытуға күш салған. Дегенмен
мұндай бейне туындылар да көркем шығарма оқудан алыстап бара жатқан
оқырманды қайта қауыштыруға белгілі бір деңгейде ықпал етуі мүмкін. Порталда
орналасқан бейне поэзиялық туындылар түсірілген кеңістікке назар салғанда
шығармашылық тұлғаның табиғатпен сырласатын: асқар таудың асқақтығына
тамсанып, сұлу қайыңға, сары күзге немесе тынық ағып жатқан мөлдір суға
мұңын шағатын, сырын ақтаратын мінезі айқын көрінеді. Видео түсіретін
орын ретінде көбінесе судың жағасы, демалыс саябақтары, елсіз-жерсіз ашық
кеңістік таңдалады. Болашақта қазақ авторларының туындыларына түсірілген
сапалы, шығармашылық жемісі мол сандық форматтағы шығармалар көбейе
түседі деп ойлаймыз. Өйткені Қазақстанда көркем əдебиеттің визуалды түрлері
соңғы жылдары ғана пайда болып, қалыптаса бастады.
Қазақстандық авторлардың əдеби туындыларының аудиотаспасы «Ade-
bietportal.kz», «kitap.kz», «madeniportal.kz» сынды портал, сайттарға орна-
ластырылған. Көркем шығармалардың аудио нұсқасын жасап, оқырманға
226
ұсыну үрдісі қазіргі кезде белең алған. Бұл үрдіс, ең алдымен, көркем туынды
оқудан алыстап кеткен оқырманға, əсіресе, көру мүшесіне зақым келген немесе
көру қабілетінен айырылған жандарға аудио кітаппен қауышудың таптырмас
құралын сыйға тартты. Оқырманның жалпы көркем кітап оқи алмауының
заман тудырған бұдан да көп себептері табылуы мүмкін.
Медиапоэзияның бейне жəне аудио түрлерін тыңдап, тамашалаудың кері
жағы бар екендігін де есте ұстағанымыз жөн. Мысалы, визуалды форматта
көріп, тыңдаған оқырман көркем шығарманың терең қабат-қатпарларына
бойлап, шығармадан өз бетінше көркем мəн іздеу үдерісін тоқтауы
мүмкін немесе керісінше. Бұған қоса, жоғарыда аталған шығармалардан
байқағанымыздай, автордың өзі экранда өлеңін мəнерлеп оқиды. Мұндай
жағдайда оқырман “дайын” нəрсеге ие болады, яғни өлеңді мəнерлеп оқу
техникасын автордың өзі көрсетеді жəне сан қырынан дамытылған, көпмəнді
образдар желісі қоса ұсынылады. Тыңдаушы/көрерменнің эстетикалық
ойлау жүйесі шектеле бастауы мүмкін. Ал, шын мəнінде, көркем əдебиеттегі
мəн-мазмұнды қабылдаушы орта өз тарапынан ұдайы дамытып, өз бетінше
интерпретациялап отыруы қажет.
Қорыта келгенде, цифрлы құрылғылар арқылы көркем шығарма тудыру
немесе жазба туындыны визуалды өнерге айналдыру құбылысы болашақта
белең алуы мүмкін. Өйткені қазіргі қоғамның белгілі бір бөлігі қолдағы
электронды гаджеттер көмегімен ақпаратты визуалды қабылдауға бейім
əрі қабілетті бола бастады. Əрине, кітап күйінде жарық көрген шығармалар
қоғамда сəннен қалуы мүмкін емес. Бірақ қазіргі оқырманға көлемді
туындыларды, мəтіндермен өрілген көркем кітапты оқуды адамның жыл-
дамдыққа үйренген болмысы толықтай қабылдай алмайтын жағдайлар да
кездесуде. Осындай себептермен көркем туынды оқудан алыстай бастаған
оқырманның қызығушылығын санмен өрнектелген, бейнеленген интернет
желісіндегі шығармалар оята алады деп топшылаймыз. Сонымен қоса, сандық
таңбалармен құрастырылған шығармалар шетелдік ортаға да таныла алады.
Өйткені онлай туындыларда мəтін көлемі азайтылады жəне шығарманың түпкі
мəнін мəтіннен басқа детальдер де бере алады. Бұған қоса, кибер шығармалар
республикадағы аз тиражбен басылып шығатын кітап тапшылығының орнын
толтыруға да септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |