«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет25/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Бақылау сұрақтары:
1. Диальдегидтер негізінде дайындалған қандай дезпрепараттарды білесіз? 
2. Диальдегидті қосылыстармен жұмыс істеудің техника қауіпсіздігі. 
3. Диальдегидтердің микроорганизмдерге әсер ету механизмі 
4. ББЗ дезинфекцияда қолдану 
5. ББЗ қандай топтарға бөлінеді? 
№5-8 Зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Дезинфекциялық препараттардың антимикробтық белсенділігін 
анықтау
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі концентрациядағы препараттардың антимикробтық 
белсенділігін салыстырмалы түрде зерттеу 
Керекті құрал – жабдықтар: ЕПА, Дрегаль шпателі, Петри аяқшалары, термостат, 
физиологиялық ерітінді, пробиркалар, 18-24 сағаттық микроорганизм өсінділері.
Жұмысты жүргізу тәртібі 
Диффузды әдісі. Дезинфекциялық заттардың антимикробтық белседілігін анықтау 
үшін Петри аяқшааларына ЕПА құйып алдын ала салқындатып қатырады, онық үстіне 
миккроорганизмдердің 18-24 сағаттық микроорганизм өсіндісінің 2 млрд.-ты езіндісінен 1 
мл құйып Дрегаль шпателінің көмегімен жағады. Микроорганизмдердің 2 млрд.-ты 
езіндісін физиологиялық ертіндіде дайындайды және оптикалық тығыздығын ФЭК 
(фотоэлектроколориметр) арқылы бақылайды. 20-30 минут өткен соң микроорганизм 
егілген ЕПА бетіне диаметрі 8 мм болатын және арақашықтықтары 4 см-ден кем емес 
бірнеше ойықшалар ойылады. Ойықшаларға зерттелетін дезинфекциялық препараттың 
жұмыс ерітінділерінен 0,1 мл құяды. 24 сағат 37
0
температурада термостатталған соң


дезинфекциялық препараттардың антимикробтық белсенділігін ойықшалар маңындағы 
микроорганизмдердің өсуінің тежелу аймағының көлемімен бағалайды. 
Нәтижесін бағалау: 
Мироорганизмдердің 
өсуінің 
тежелу 
аймағының көлемі 
Дезинфекциялық 
препараттардың 
антимикробтық белсенділігі 
10 мм- ден төмен 
Белсенді емес 
11-14 мм 
Белсенділігі төмен 
15-24 мм 
Белсенділігі жоғары 
25 мм-ден жоғары 
Белсенділігі өте жоғары 
Сұйылту әдісі. Препараттардың бактерицидтік қасиетін анықтау үшін 9мл 
2млрд.микроорганизм езіндісіне 1мл алдын ала зерттелетін зарарсыздандырғыш ерітінді 
қосып, пробиркада араластырады. Микроорганизм езіндісіне араласқан зерттелетін 
препарат ерітіндісінен 1 мл алып 9 мл физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға құяды 
(10
2
), оны жақсылап араластырып келесі пробиркаға 1 мл ерітіндіні ауыстырады. 
Осылайша қоспаны 10
4
немесе10
6
- ге дейін сұйылтады. 
Сұйылтылған қоспаның соңғысынан 1мл суспензияны Петри аяқшаға құяды, оның 
үстіне алдын- ала ерітілген және 40
0
С- қа салқындатылған ЕПА құйып қатырады. Содан 
кейін Петри аяқшаларындағы себінділерді 48 сағатқа термостатқа қояды. 
Тәжірибемен қатар бақылау сынамасын жүргізеді. Ол үшін 9мл 2 млрд 
микроорганизм езіндісіне 1 мл физиологиялық ерітінді құйылады және сұйылту тәртібі 
жоғарыда айтылғандай жасалады. 
Петри аяқшасындағы колония санын есептеп, орташа арифметикалық көрсеткішін 
алады. Алынған нәтижені сұйылту дәрежесіне көбейтіп жалпы микробтар санын 
анықтайды. 
Микробтардың өмір сүру қабілетін төмендегі формуламен анықтайды: 
V=O/К*100 
Мұндағы: 
V- микробтардың өмір сүру қабілеттілігінің пайыздық көрсеткіші; 
О- бактерицидтік препараттармен зарарсыздандырғаннан кейінгі микробтар саны; 
К- бақылаудағы микроб саны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет