Полиэтиология(гр. poly- көп+aetia- себеп) – бiр ауру көптеген себептермен шақырылуы мүмкiн деген көзқарасты мақұлдайтын этиологиядағы бағыт.
Монокаузализм (гр. monos – біреу, жалғыз, causa – себеп) – этиологиядағы бағыт; осы бағытқа сәйкес, әр ауруды бір себеп қана шақырады және де организм осы себеппен кездескенде міндетті түрде ауру дамиды.
Кондиционализм(лат. conditio – жағдай) – себеп туралы жоққа шығаратын және ауру пайда болуында жағдайлар кешендерінің маңыздылығын қолдайтын медицинадағы ағым.
Этиологиялық ем – ауру себебіне қарай (жою, әлсірету арқылы) бағытталған ем.
Гипобария(гр. hypo- төмен, аз+barys – ауыр) – төмен барометрлiк (сыртқы, атмосфералық) қысым
Декомпрессия белгiлерi (лат. de- жою, бас тарту+compressio- басу, қысу) – газдар көлемi ұлғаюымен, сұйықтықтардың қайнау температурасы төмендеуiмен, тiндерде ерiген азоттың газды түрге ауысуымен және гипобариямен байланысты симптомдар
Тау ауруы (morbus montanus) – жоғарғы биiкке көтерiлгенде дамитын және пайда болған гипоксиялық гипоксияға (атмосфералық қысым төмендеген жағдайда дем алатын ауада оттегiнiң парциалдық қысымының төмендеуi) байланысты ауру
Гипербария (гр. hyper- жоғары, үстем+barys- ауыр) -жоғары барометрлiк (атмосфералық, сыртқы) қысым
Сатурация (лат. saturatio- қанығу) – организм тiндерiнде және сұйық ортада газ еруiнiң жоғарылауы
Десатурация(лат. de- жою, бас тарту+saturatio- қанығу) – газдар еруiнiң төмендеуi және организмнің сұйық ортасынан, жасушаларынан газдардың шығарылуы.
Кессонды (фр. caisson – жәшік ) (декомпрессиялық) ауру –десатурацияға байланысты және жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты қысымға тез арада өткенде дамитын ауру.
Гипербариялық оксигенация- жоғары қысымда оттегiмен дем алу
Гипотермия(гр. hypo- төмен, аз + termia- температура) – дене температурасының төмендеуi.
Гибернация (лат. hibernus- қысқы, суық) – физикалық әсер және наркоз арқылы дене температурасын жасанды түрде төмендету.