Гипертермиянемесе қызып кету (гр. hyper- жоғары, үстем, termia- температура) – қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене температурасының жоғарылауы.
Жылулық соққы-сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел қызып кетуi.
Күн соққысы- жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен болатын жедел қызып кету.
Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез –бұлшық еттердiң жиырылуы және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы.
Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез – тотығу-тотықсыздану процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы.
Кинетоздар(гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.
Кавитация (ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы.
Гипокинезия(гр. hypo- төмен, аз+kinesis- қимыл) – тiршiлiк жағдайларымен байланысты қозғалыс белсендiлiгiнiң төмендеуi, шектелуi.
Гиподинамия (гр. hypo- төмен, аз+dynamis- күш) – қозғалыс белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi.
Сәуле ауруы-организмдi сырттан 1 Гр және одан жоғары дозамен бiркелкi түрде сәулеленуден дамитын ауру.
Патогенез (гр. pathos-ауру,зардап шегу+genesis- туу, пайда болу) – аурулар, патологиялық процестер мен патологиялық жағдайлардың даму жолдары, ағымы, аяқталуы мен салдарлары туралы ілім.
Патогенездік факторлар– этиологиялық фактор әсер еткенде пайда болатын және мұнан былай ауру дамуында «себептiң» рөлiн атқаратын организмдегi өзгерiстер.
Функциялық элемент – ағзаның барлық тiндерiнiң жасушалық, талшықтық құрылымдарынан тұратын, белгілі ретке келтірілген құрылымдық-функциялық кешен бола алатын, сонымен қоса, осы кешеннің негізінде тіндік алмасу процестері қамтамасыз етілетін микрожүйе. Сайып келгенде, бұл жасушалардың, микроқанайналым бiрлiгiнiң, жүйке талшықтарының, дәнекер тiннiң жиынтығы.